Қоғам
Сайран көлін қайта құру 05.04.2025
Алматы қаласы Әкімінің Аппараты және Қалалық қоғамдық даму басқармасы әріптестерімен бірге Сайран көлінің шығыс жағалауына барып, жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстық. Қазіргі таңда жағалауда дамба салу, асфальт және брусчатка төсеу, сыртқы жарықтандыру мен бейнебақылау камераларын орнату, сондай-ақ понтон көпірлерін құрастыру жұмыстары аяқталу сатысында.Көгалдандыру жұмыстары да басталып кетті — ірі көшеттердің бір бөлігі отырғызылды. Көктемгі кезеңге жоспарланған жағалауды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/968311?lang=kk
Қазақстан мен Мажарстан медиа қызметтер саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі 05.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанның «Duna Media Service» коммерциялық емес жабық акционерлік қоғамның бас директоры Анита Алторьяимен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы, оның ішінде жаңалықтармен алмасу, ортақ медиа жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.Елші Абзал Сапарбекұлы сұхбаттасушыны Қазақстанда Астана халықаралық форумы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі сияқты ірі халықаралық деңгейде өтетін іс-шараларымен таныстырып өтіп, еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, сыртқы саяси және мәдени-ғылыми саласындағы жаңалықтарды мажар қоғамына сапалы жеткізу меселінде тоқталды. Қазақ дипломатының айтуынша осы бағыттағы ынтымақтастықта «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі мен «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының әлеуеті зор. Өз кезегінде Анита Алторьяи қазіргі таңда Мажарстан Түркі мемлекеттер ұйымының бақылаушы мүше елі ретінде жаңадан құрылған Түркі ақпараттық агенттіктерінің альянсы аясында қазақ БАҚ және телеарна мекемелерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін хабарлады.Айта кетері, 2015 жылы бұрынғы «MTV» Мажар телеарнасы, «MR» Мажар радио, «Duna TV», сондай-ақ «MTI» Мажар телеграф агенттінің қосылуымен «Дунай медиа қызметі» құрылды. «Duna Media Service» Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) мүшесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/968310?lang=kk
Афинада венчурлық инвестициялар саласындағы әріптестік пен тәжірибе алмасу талқыланды 05.04.2025
Афина, 2025 жылғы 2 сәуір – Грекиядағы Қазақстан Елшісі Тимур Сұлтанғожин «Hellenic Development Bank of Investments (HDBI)» Бас атқарушы директоры Антигони Лимперопулумен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықтың перспективалары, соның ішінде венчурлық инвестициялар мәселелері, IT индустрияны дамытуға бағытталған бірлескен бастамалар, сондай-ақ инновацияларды қаржыландыру тәжірибесімен алмасу талқыланды.Қазақстандық дипломат еліміздегі IT секторын дамытудың басым маңызын атап өтті, стартаптар экожүйесін қолайлы етуге, IT экспортын кеңейтуге және финтехті дамытуға бағытталған күш-жігерді ерекше атап өтті. Бұл бағытта Қазақстан айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, цифрлық қаржы технологияларын енгізуде және финтех-компаниялардың өсу саны бойынша өңірлік көшбасшы позицияға ие болды.Сондай-ақ, ол Astana Hub, Alem.AI, АХҚО (AIFC) және Neo Nomad Visa сынды бастамалардың маңызды рөлін атап өтіп, олардың халықаралық компаниялар мен стартаптарды тартуда, Қазақстанның технологиялық нарығын кеңейтуде және инновацияларды ілгерілетуде негізгі құралдарға айналғанын тілге тиек етті. Елші бұл жобалар кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін ерекше мүмкіндіктер ашатынын, қазақстандық стартаптардың жаһандық нарықтарға шығуын жеңілдететінін, шетелдік мамандардың келуіне жағдай жасайтынын және елдегі озық технологиялардың дамуына ықпал ететінін баса айтты.Тараптар Қазақстан мен Грекияда өтетін салалық форумдар мен конференцияларға қатысу, халықаралық сарапшыларды тарту және инновация саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері бойынша өзара қызығушылық білдірді. Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) негізінде жұмыс істейтін Венчурлық инвестициялар қорлар қордың (Qazaqstan Venture Group) қызметі бойынша тәжірибе алмасу тақырыбына ерекше назар аударылды.Анықтама: Грек инвестициялық даму банкі (HDBI) кәсіпкерлікті және орнықты экономикалық өсімді қолдауға бағытталған жобаларға инвестиция салады. HDBI портфелі 2 млрд еуродан асады және инновациялар мен технологиялар сияқты түрлі секторларды қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/968298?lang=kk
Қостанай облысында жаңа өндірістер: инвестициялар, технологиялар, жұмыс орындары 05.04.2025
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «KamLitKZ» ЖШС-не барып, өңірдегі ірі индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өткен жылы мұнда шойын құю зауыты іске қосылған болатын, ал қазір екінші зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл кәсіпорын жүк көліктеріне арналған жетекші белдік редукторларын шығаратын болады. «Бұл – өңірдегі машина жасау кластерін дамытудағы маңызды қадам. Өндіріс заманауи, жоғары технологиялық өнім шығаруға бағытталған. Ол тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болады. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі. Ірі инвестициялар және жаңа жұмыс орындары «KamLitKZ» жобаларына салынған инвестиция көлемі 238 млрд теңгеден асады:•78,2 млрд теңге – 2024 жылдың қарашасында іске қосылған шойын құю зауытына жұмсалды.•82,5 млрд теңге – 2025 жылы пайдалануға берілетін жетекші белдік редукторларын шығаратын зауыт құрылысына бағытталған.•78 млрд теңге – 2025 жылы жүзеге асырылатын «Балка локализациясы» жобасына инвестицияланды. Осы жобалар аясында 1150 жаңа жұмыс орны ашылады:✅ 500 жұмыс орны – шойын құю зауытында;✅ 550 жұмыс орны – жетекші белдік редукторларын шығаратын зауытта;✅ 100 жұмыс орны – «Балка локализациясы» жобасы бойынша. Кәсіпорында жұмысшылардың орташа жасы – 27 жас, негізінен жастар еңбек етуде. Кадрлар жергілікті оқу орындарының, соның ішінде Қостанай автожол колледжінің базасында даярланады. Заманауи технологиялар және халықаралық нарыққа шығу Жаңа зауыт жылына 74 мың жетекші белдік редукторын шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс прецизионды қалыптау технологиясына негізделген, бұл бөлшектердің беріктігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді. Барлық жабдық Италия, Испания және Германияның жетекші еуропалық өндірушілерінен алынған. «KamLitKZ» өнімдері ТМД және Еуропа нарығына бағытталған, бұл өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Машина жасау саласын дамыту – Қостанай облысы үшін басым бағыттардың бірі. Жаңа жобалар, жұмыс орындары және озық технологияларды енгізу өңірдің өнеркәсіптік қуатын арттырып, экономикалық өсімге серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/968286?lang=kk
Вестерноррланд аймағына сапар: Қазақстан мен Швеция арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту 05.04.2025
Сундсвалль, Остранд,2025 жылғы 1-2 сәуір – Қазақстанның Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменовтің Вестерноррланд (Швеция) аймағына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан мен Швеция арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өңір басшылығымен, жетекші компаниялар мен академиялық топтардың өкілдерімен нәтижелі кездесулер өтті.Вестерноррланд өңірінің губернаторы Карин Ямтинмен кездесу барысында орнықты дамудың ұлттық басымдықтарын іске асыру контекстінде Қазақстан үшін елеулі қызығушылық тудыратын өңірдің циркулярлық экономика саласындағы бастамаларына ерекше назар аударылды. Губернатор Қазақстанмен байланыстарды кеңейтуге қызығушылық білдіріп, орнықты даму, өнеркәсіп және «жасыл» энергетика саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар экотуризмді дамытуда тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.Сапар аясында ҚР Елшісі SCA AB – Еуропадағы қағаз, орау және ағаш өнімдерін өндіруге маманданған ең ірі ағаш өндіруші компанияның қызметімен танысты. Кездесу барысында Қазақстанда ағашты терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары, сондай-ақ елдің орман өнеркәсібі секторына озық экологиялық таза технологияларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды.Қорғаныс технологиялары мен қауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі BAE Systems өкілдерімен келіссөздер барысында киберқауіпсіздікті қоса алғанда, жоғары технологиялар саласындағы қазақстандық кәсіпорындармен бірлескен жобаларды және басқарудың автоматтандырылған жүйелерін іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.Сапар бағдарламасының бір тармағы жоғары сапалы біліммен, ғылыми зерттеулермен және онлайн оқытумен танымал Орта Швеция Университетіне (Mid Sweden University) бару болды. Ректор Андерс Феллстреммен кездесу барысында академиялық алмасу, ғылыми ынтымақтастық және қазақстандық студенттердің университеттің білім беру бағдарламаларына қатысу перспективалары талқыланды.Жұмыс сапары Қазақстанның Швециядағы Елшілігі өңірлік және салалық деңгейлердегі елдер арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында өткізетін іс-шаралар кешенінің бір бөлігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/968284?lang=kk
Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкеріне келісім берді 05.04.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Заман-Банк» Ислам банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымына Искаков Илья Архимедович келісіп мақұлдады (2026 жылғы 14 шілдедегі №52/БВУ/П хаттама).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1258532?lang=ru
Жаңаөзен қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды 05.04.2025
Бүгін, 2 сәуір күні Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің басшылары және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Отырыста қаладағы алаяқтық, соның ішінде интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мәселесі қаралды. Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Сағынов интернет арқылы жасалатын қылмыстардың көбейіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындарды алаяқтықтың жаңа әдістері туралы хабардар ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және алдын алу шараларын күшейту қажет.Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жай-күйі талқыланды. «Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Өсербай Табынчаевтың айтуынша, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ата-аналармен және оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ерекше назар аударылып жатыр.Жиын барысында комиссия мүшелері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шараларды күшейту қажеттігін атап өтті. Қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау – жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Ол құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берді.Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/968251?lang=kk
Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкері келісілді 05.04.2025
Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкері келісілді:Шухрат Ташмахамедович Батталов «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ атқарушы органының мүшесі лауазымына (2026 жылғы 30 маусымдағы №317/РЦБ/Т хаттамасы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1250459?lang=ru
Жаңаөзен қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті 05.04.2025
Бүгін Жаңаөзен қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев, мемлекеттік мекемелердің басшылары және мүдделі тараптар қатысты.Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды: 1. Жұмысқа қабылдау процесінің ашықтығы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша атқарылған жұмыстарБұл мәселе бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры Раушан Қазиева баяндама жасады. Ол 2019 жылдан бері жұмысқа қабылдау алгоритміне сәйкес, Жаңаөзен қаласының тұрғындарын және компания қызметкерлерінің отбасы мүшелерін жұмыспен қамту шаралары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында негізгі штатқа 2206 адам, ал аутстаффинг жүйесі арқылы 2361 адам жұмысқа орналастырылған.2. Халыққа қызмет көрсету сапасы мен ашықтықты арттыру бойынша жұмыстардың жай-күйіБұл бағытта Жаңаөзен қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Гүлзада Юсупова баяндама жасады. Ол қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын, қызмет сапасын арттыру шараларын және цифрландыру үрдісін баяндады. 2025 жылдың басынан бері 11 292 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті. Сондай-ақ, халықтың сұранысына ие қызметтердің ішінде электрондық цифрлық қолтаңба алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, әлеуметтік төлемдер мен анықтамалар беру бар екенін жеткізді. Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жетілдіру, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үдерісін одан әрі ашық ету мәселелері талқыланды. Қатысушылар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Қала басшысы алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту және қоғаммен кері байланысты нығайту қажеттігін атап өтті. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/968239?lang=kk
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар басталды 05.04.2025
Қазақтың әйгілі композиторы, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар Алматы облысында салтанатты түрде бастау алды. Биылғы мерейтой ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтпек.Осыған байланысты облыста арнайы жоспар бекітіліп, халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізу көзделген. 1 сәуір күні мерейтой аясындағы алғашқы шаралар Жамбыл ауылында ұйымдастырылды. Делегация Қонаев қаласынан шығып, Жамбыл ауданына жеткен соң, аудан әкімі Нұрлан Ертас бастаған жергілікті билік өкілдері мәртебелі қонақтарды құрметпен қарсы алды. Іс-шара Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінде жалғасын тауып, ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына Құран бағышталды. Тағзым рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ауданның Құрметті азаматы Серік Еркінбайұлы және облыстың бас имамы Мадияр Тағабайұлы қатысты.Бұдан кейін Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Алматы облысының әкімі мен өңірдің Құрметті азаматы Әбдіманап Абаев композитордың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Қонақтар сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейін аралап, ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысты. Мерекелік шаралар Ұзынағаш ауылында жалғасты. Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.Салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, мерейтойдың қазақ мәдениеті үшін маңыздылығына тоқталды: “Баршаңызды қазақ өнерінің жарық жұлдызы, күйші, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету – ұлттық бірегейлігімізді нығайта түседі», – деп атап өткен болатын.Бұл мерейтой – ұлы композитордың шығармашылығын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа насихаттаудың жарқын көрінісі. ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін бұл айтулы датаға орай, облысымызда арнайы жоспар қабылданып, халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлескен жобалар, ауқымды концерттер, сондай-ақ Іле ауданында еңселі ескерткіш орнату, мәдениет ошақтарына, көшелер мен білім беру мекемелеріне Нұрғиса Тілендиевтің есімін беру жоспарланған.Халқымыздың жүрегіне ән болып енген, рухын асқақтатқан дара перзентінің мұрасы мәңгі жасай бермек. Ұлы тұлғаның есімі мен еңбегі келер ұрпаққа үлгі болып, қазақ өнері өркендей берсін!” – деді өңір басшысы. Жиында қоғам қайраткері, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбек Қапалбекұлы да сөз алып, Нұрғиса Тілендиевтің ұлттық мәдениетке қосқан сүбелі үлесі жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, көрермендерге Нұрғиса Тілендиевтің мәңгілік шығармалары орындалған әсерлі кеш ұсынылды. Айта кетейік, ұлы тұлғаның 100 жылдығына арналған мәдени шаралар жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/967017?lang=kk
Қалдықтардан – ресурсқа: қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа жобалары 05.04.2025
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) – бүгінгі күннің өзекті экологиялық мәселелерінің бірі. Жыл сайын қоқыс көлемі ұлғайып, оны тиімді сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесі болмаса, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Алматы облысында бұл мәселенің шешімі табылды: алдағы жылдары өңірде жеке инвестициялар есебінен қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашылады.Өңірде жалпы төрт ауқымды жоба іске асырылады. Олар полигондарға түсетін қалдықтар көлемін азайтып қана қоймай, экономикалық тиімділік әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тіпті электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.Экология үшін заманауи технологиялар“Kaz Waste Conversion” ЖШС Айтей ауылындағы полигон аумағында заманауи кешен салуды жоспарлап отыр. Бұл нысан жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптауға қауқарлы, бұл полигондарға кететін қоқыс көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.✔ Жоба құны: 8,87 млрд теңге✔ Қаржыландыру көздері: 1,77 млрд теңге – жеке қаражат, 7,1 млрд теңге – қарыз қаражаты✔ Күйі: Жоба Өнеркәсіпті дамыту қорының қарауында Алатау қаласында “ADC Taza Al’em” ЖШС түрік “INEVA” компаниясымен бірлесіп қоқыс өңдейтін зауыт пен техноэкопарк салуды көздеп отыр. Бұл кәсіпорын қалдықтарды өңдеп, олардан электр энергиясын өндіреді.✔ Өндіріс қуаты: жылына 350 мың тонна✔ Энергия генерациясы: 16 мВт/сағат✔ Жоба құны: 32 млрд теңге (8,25 млрд – жеке қаражат, 24,35 млрд – қарыз)✔ Жұмыс орындары: 70✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар “Food Waste” ЖШС жобасы жылына 36,5 мың тонна азық-түлік қалдықтарын органикалық тыңайтқыштар мен ұн өндіруге бағытталған. Бұл тек полигондарға түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, фермерлерге сапалы табиғи өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.✔ Өнім көлемі: 2,3 мың тонна ұн, 14,6 мың тонна органикалық тыңайтқыш✔ Жоба құны: 1,78 млрд теңге✔ Жұмыс орындары: 116✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар4. Қытай инвестициясы және қалдықтарды қайта өңдеуЕңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылында Гуандун Сучунь қытайлық компаниясы жылына 400 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда. Қазіргі таңда жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.✔ Жоба құны: 3 млрд теңге✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар Бұл жобалар қалдықтардың қайта өңделуін арттырып, қоршаған ортаның ластануын азайтады және жаңа жұмыс орындарын ашады.Заманауи технологиялар қалдықтарды ресурсқа айналдыруға мүмкіндік береді: электр энергиясы, тыңайтқыштар, жаңа өндірістерге арналған шикізат. Осындай бастамаларды жүзеге асыру Алматы облысын экологияға жауапкершілікпен қарайтын және тұрақты дамуға ұмтылатын өңір ретінде көрсетеді.Болашақ – таза қалалар мен табиғатты аялауға мүмкіндік беретін технологияларда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/968157?lang=kk
KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІ - АЙНҰР 05.04.2025
KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІБүгін біз жоба менеджері Түймебекова Айнұр – халықаралық даму және ынтымақтастық саласындағы кәсіби маман туралы айтамыз!Айнұр "Болашақ" бағдарламасы бойынша Duke University (АҚШ) халықаралық даму саясаты магистрі және КИМЭП (Қазақстан) халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды. Ол сонымен қатар лингвистика бойынша бакалавр дәрежесіне ие.Айнұр бұған дейін ҚР СІМ мен БҰҰ (БҰҰДБ) жүйесінде жұмыс істеген және ЭЫДҰ-да тағылымдамадан өткен. Қазір ол KazAID серіктестік және өңірлік жобалар департаментінің жобалық менеджері және Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын белсенді дамытуда. Ол KazAID құрылуының бастауында тұрғандардың қатарында болды! Жоба менеджері ретінде Айнұр KazAID-тің негізгі бастамаларына жетекшілік етеді.Олардың ішінде:✅ "Достық: цифрландыру" жобасы✅ БҰҰ, ЭЫДҰ құрылымдарымен, халықаралық қаржы институттарымен, TIKA, TICA, Indonesian Aid агенттіктерімен және басқа да lаму ұйымдарымен өзара іс-қимыл.Осы жылдар ішінде Айнұр АҚШ, Швейцария, Франция, Түркия, Румыния, Чехия, Израиль және Жапонияда көптеген халықаралық курстар мен тренингтерден өтті.Тілге келетін болсақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдері еркін, сонымен қатар испан және француз тілдері – А2 деңгейде.Айнұр KazAID-тің дамуына үлкен үлес қосуда және біз осындай білікті кадрлардың бізде жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз! Айнұр өмірде келесі дәйексөзді басшылыққа алады:"Біз үлкен істер жасай алмаймыз - тек үлкен сүйіспеншілікпен кішкентай нәрселер" - Тереза Ана.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/968118?lang=kk
Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қарау тәртібі 05.04.2025
2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. Мұның нәтижесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау өзгерді - оны бақылау үшін «Е-Өтініш» электрондық жүйесі енгізілді. «Қостанай-Су» МКК «Е-Өтініш» электрондық жүйесімен жұмыс істейді. - Өтінішті, хабарламаны, үн қосуды, ұсынысты, сұрау салуды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды. (Көрсетілген мерзім әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен ұзартылуы мүмкін.)- Шағымды қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.- Адвокаттың заң көмегін көрсетуге байланысты сұрау салуына жазбаша жауап келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.Өтініштерді екі жолмен беруге болады: - Тұтынушы ХҚКО-ға, Әкімдікке немесе «Қостанай-Су» МКК-не Абай даңғылы, 19 (салыстырып тексеру) мекенжайы бойынша келіп, өз өтінішін қалдыра алады. - Өтінішті EGOV порталы, Е-Otinish, eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Өтініш келіп түскен күні тіркеледі. Егер өтініш жұмыс істемейтін күні келіп түссе, онда ол одан кейінгі келесі жұмыс күні тіркеледі. Әрі қарай өтініш беруші SMS-хабарлама алады және өтінішті қараудың қай кезеңінде екенін бақылай алады. Қараудың барлық кезеңдері жүйеде сақталады, мемлекеттік орган бұрын қабылданған шешімдерді көре алады және әкімшілік істі қалыптастырады. Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа 74-90-60 телефоны бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/968112?lang=kk
Интернет алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы 05.04.2025
Алаяқтық қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, яғни интернет алаяқтық болып отыр.Яғни бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады. Бүгінде интернет алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, әртүрлі интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып алаяқтардың арбауына түскен алданушылар саны күн санап өсуде.Интернет алаяқтар қазір елдің ақшасын интернет-мессенджерлер арқылы пайдаланып кетуге тырысады. Қаржы жобаларын ұсынып, өзін брокермін деп таныстыратын алаяқтар да қаптап кеткен. Қазіргі кезде инвестициялық жобаларға қатысты алаяқтық жиілеген. Азаматтар жинаған ақшаларын қаржы жобаларына саламыз деп сан соғып жатады. Одан өзге әлі алмаған тауарына немесе қызметке ақша жіберіп, алданып жатады.Интернет алаяқтықтың бір түрі – фишинг. Бұл – интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу. Қаскүнемдер алдымен танымал брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хаттар таратады.Негізі, айта кететін нәрсе, электрондық адресіңізге өзіңізге қатысты емес, сіз білмейтін мекенжайлардан келген хаттарды ашпаған жөн, ашқан күннің өзінде ол жерде көрсетілген сілтемелерге кірудің қажеті жоқ. Ондайларды мүмкіндігінше сол келген бойында жойып отыру керек және міндетті түрде вирусқа қарсы бағдарламаларды қолданған жөн.Еліміздің банктері мен байланыс операторлары алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеме жасап отырады.Төмендегідей қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік береді:- расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз:- кез келген жағдайда сіздің банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе интернет арқылы байланысқан кезде:- интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауының дұрыстығына назар аударыңыз;- әлеуметтік желілердегі өз профильіңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон номерлерін) көпшілікке қол жетімді етпеген жөн. мобильдік нөмерді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс номерлерін бөлу қажет, яғни жеке номерді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.- Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді парольдерді қолданыңыз;- браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларды пайда болатын түрлі терезелермен хабарламаларға қатысты абай болыңыз;- банк карталарының деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз, сондай-ақ банктен келіп түсетін СМС-кодты ешбір жағдайда бейтаныс адамға айтпаңыз;- интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fі-нүктелеріне сенбеңіз;- жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарды, банк карталарының көшірмелері мен фотосуреттерін ешкімге жібермеңіз және таратпаңыз;- интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз:- интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз:- төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз:- автомобильдерді, басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз.- бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз.Интернет-алаяқтық жаһандық мәселеге айналып отыр. Ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз. Үлкен Нарын ауданы әкімі аппаратыныңмемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысыЖанар Слямовна КатчубаеваАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/968103?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін құттықтады 05.04.2025
Екінші сәуірде Ұлы Отан соғысының қатысушысы Василий Иванович Долбня 98 жасқа толды.Бұл күні майдангерге Медеу ауданы қорғаныс жөніндегі басқармасының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері және «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Алматы филиалының өкілі отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин барды.Василий Ивановичке Қорғаныс министрінің құттықтау хаты оқылды. Әскери қызметшілер соғыс жылдарында көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ризашылығын білдіріп, оған зор денсаулық пен амандық тіледі. Василий Иванович Долбня 1927 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1944 жылы ол әскери қызметке шақырылып, Қиыр Шығысқа жіберілді, онда ол милитаристік Жапонияға қарсы шайқастарға қатысты.Соғыс аяқталғаннан кейін оның дивизиясы таратылды. Василий Иванович 207-ші жеке барлау ротасының құрамында барлау қызметін жалғастырды. 1951 жылы мамырда үйіне оралды.Ардагер жауынгерлік қызметі және сіңірген еңбегі үшін Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері» белгісімен және басқа да көптеген наградалармен марапатталды. Василий Ивановичтің үш баласы, олардан көрген 4 немере және 4 шөбересі бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968074?lang=kk
Жалағаш ауылының бас жоспарына енетін өзгерістер пысықталуда. 05.04.2025
Жалағаш ауылының бас жоспарына енетін өзгерістер пысықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/968053?lang=kk
Салық күнтізбесі 05.04.2025
Жанама салықтарды төлеу және СЕН тапсыру мерзімі 22 қыркүйекте аяқталады2025 жылғы 22 қыркүйектен кешіктірмей келесілерді орындау қажет:2025 жылғы тамыз айы үшін СЕН тапсыру:ф. 328.00 – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;ф. 851.00 – Жер учаскелерін пайдалану төлемақысының ағымдағы төлем сомаларын есептеу (егер жер пайдалану шарты жасалған немесе 2025 жылғы тамызда ҚПИ лицензиясы алынған жағдайда);ф. 870.00 – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы декларациясы (2025 жылғы тамызда рұқсат алынған жағдайда, төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін болған кезде);2025 жылғы тамыз айы үшін төлеу:ЕАЭО-дағы ҚҚС;акциз, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импорт бойынша;2025 жылға қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (төлем сомасы 100 АЕК-ке дейін болған жағдайда).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1071344?lang=kk
Құрметті салықтөлеушілер! 05.04.2025
комитеті, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 25.12.2017 жылғы №120-VI Кодексінің 93-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен сот тәртібімен салықтөлеушілерді мәжбүрлеп тарату үрдісі жүргізілетін хабарлайды.Көрсетілген бабтың шеңберінде, таратуға жататын салықтөлеушілердің әрекеттері кредиторлар мен басқа да тұлғалардың хұқықтары мен заңдық мүдделеріне әсер етпеген жағдайда және келесі көрсетілген шарттарға сәкес келген жағдайда, есептен шығарылады:күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:салықтық есептілікті ұсынбаған;экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.Осы тармақтың ережелері:1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.Сәйкесінше, мемлекеттік кірістер органдарымен мәжбүрлеп таратуға жататын салықтөлеушілердің тізімі, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz web – порталында, Шығыс Қазақстан облысы қосымша бетінде, Біз жайлы – «Халықпен жұмыс жасау» бөлімінде көрсетілгенін хабарлаймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/967992?lang=kk
«Аутизм саласындағы мамандардың шетелдік жұмыс тәжірибесі «Аутизм және психомоторлық терапия» облыстық ғылыми - әдістемелік дөңгелек үстел 05.04.2025
2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпараттандыру күніне орай, ШҚО Білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ШҚО ББ «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығымен бірлесіп «Аутизм саласындағы мамандардың шетелдік жұмыс тәжірибесі «Аутизм және психомоторлық терапия» тақырыбында, ППТК, ПМПК, РО мамандарына облыстық ғылыми - әдістемелік дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараға С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары, ШҚО бойынша «Өрлеу» кәсіптік даму институты директорының орынбасары, облыстық ПМПК меңгерушісі, АМАNАТ партиясының өкілі қатысты. Дөңгелек үстел барысында ШҚО ББ «Асыл Мирас» аутизм орталығының АСБ бар балалармен теориялық және практикалық жұмыс тәжірибесі көрсетілді.Іс-шара орталыққа экскурсия жүргізумен аяқталды. Кері байланыс кезінде қатысушылар сұрақтарға жауап алып, осындай маңызды және қажетті іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/967938?lang=kk
Мәжбүрлеп таратуға жататын субъектілердің бастапқы тізбесі 05.04.2025
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Салық кодексінің 93-бабына сәйкес мәжбүрлеп таратуға жататын субъектілердің алдын ала тізбесін жариялайды.Мәжбүрлеп таратуға жататын субъектілердің алдын ала тізімі Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында "мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің тізімі"бөлімінде орналастырылғанын қосымша хабарлайды.https://zko.kgd.gov.kz/ru/content/spisok-nalogoplatelshchikov-podlezhashchih-prinuditelnoy-likvidacii-soglasno-stati-93-0https://zko.kgd.gov.kz/ru/content/spisok-nalogoplatelshchikov-podlezhashchih-prinuditelnoy-likvidacii-soglasno-stati-93 сілтемелер бойыншаКредиторлардың немесе өзге де адамдардың өтінішін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қойылатын талаптардың заңдылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/967936?lang=kk