Enbekshi QazaQ

Қоғам

Анонсирование на интернет-ресурсе УПИИР о начале проведения внутреннего анализа коррупционных рисков 05.04.2025
2025 жылғы 16 сәуірден бастап "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінде және оның ведомстволық бағынысты ұйымында "Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы" КММ нормативтік актілерді қолдануға, Мемлекеттік қызметтер көрсетуге, іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады рұқсат беру және бақылау функциялары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ өзге де мәселелер, ұйымдық-басқару қызметінен туындайтын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/press/news/details/967441?lang=kk
Қазақстан СІМ жанындағы диалог алаңында гендерлік теңдік және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері талқыланды 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надірқұлованың төрағалығымен «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының отырысы өтті. Отырыста күн тәртібіндегі екі негізгі мәселе – гендерлік теңдік пен ерлер мен әйелдер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес талқыланды.Іс-шараға Парламент Мәжілісі депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың (Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының), мүдделі мемлекеттік органдардың (Мәдениет және ақпарат министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және т.б.), әйелдердің құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) мен БҰҰ-Әйелдер секілді халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысты.Отырыс Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисованың баяндамасымен ашылды. Ол Қазақстанның әділеттілік пен инклюзивтілік қағидаттарына берік ұстанымын және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетіп отырғанын атап өтті. Халықаралық серіктестер Қазақстанның «Теңдік ұрпағы» форумының Іс-қимыл коалицияларын жүзеге асыруға және «Пекин+30» процесіне қосқан жаһандық үлесін жоғары бағалайтыны айтылды.Қатысушылар Қазақстанда әйелдердің мүддесі үшін ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгені туралы хабардар етілді. 2024 жылғы 16 маусымда «Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша» ҚР Заңы күшіне енгені аталып өтті. Осы заңның арқасында Қазақстан ТМД-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы озық шараларды енгізген алғашқы ел болды.Күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылау барысында Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Саят Кенебаев әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша негізгі шараларды таныстырды. Оның ішінде мемлекеттік қатысы бар компаниялардың басқару органдарында әйелдердің үлесін кезең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыру көзделген. Басқарушылық деңгейде әйелдердің өкілдігін арттыруға бағытталған нысаналы көрсеткіштер айқындалды – бұл тек атқарушы лауазымдарда ғана емес, сондай-ақ компаниялардың директорлар кеңесінде де жүзеге аспақ. 2024 жылдың соңында шағын және орта бизнес субъектілеріндегі әйелдердің үлесі 48,1%-ды құрағаны айтылды, бұл олардың ел экономикасына қосып отырған үлесінің артып келе жатқанын көрсетеді.Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі Ажар Сүлейменова Омбудсмен кеңсесі дайындаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы баяндама туралы хабарлады. Ол шалғай өңірлерде дағдарыс орталықтарының жеткіліксіз қамтылу мәселесіне назар аударды. Сондай-ақ қолайсыз отбасыларды жедел анықтау және оларға мақсатты көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту ұсынылды. Бұдан бөлек құқық бұзушылармен жұмыс істеудің маңыздылығы аталып өтіп, агрессорларға арналған түзету бағдарламаларын кеңейту және жалғастыру қажеттігі айтылды.Отырыста Ішкі істер министрлігінің өкілі Әсемгүл Алибаева жаңа заңнамалық шараларды іске асыруына жан-жақты тоқталды. 2024 жылғы сәуірде қабылданған заңның тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктерін едәуір күшейткені айтылды. Қылмыстық кодекске қайта енгізілген өзгерістердің ішінде көмекке мұқтаж немесе материалдық тұрғыдан тәуелді адамдарға қатысты жасалған ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру үшін жауапкершілік қарастырылған баптар бар – олар көбінесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында қолданылады. ІІМ мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы полиция бөлімшелерінің жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар жыныстық қылмыстарды тергеу үшін әйел-тергеушілер институты енгізілуде.Отырыс барысында Мемлекет басшысының Қылмыстық кодекске адаммен некеге тұру мақсатында ұрлауға («қыз алып қашу») байланысты жеке бап енгізу туралы бастамасы ерекше қызығушылық тудырды. Осы ұсыныс Бас прокуратураның қолдауына ие болды және қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тиісті түзетулер әзірленіп жатыр.Жалпы, отырыс ашық және конструктивті түрде өтті. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері пікір алмасып, бар мәселелерді айқындап, оларды жүйелі деңгейде шешу бойынша нақты ұсыныстар ұсынды.«Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде өз жұмысын атқаруда. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің (БҰҰ ДБ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/967420?lang=kk
Словения Президенті Nazarbayev University студенттеріне дәріс оқыды 05.04.2025
Словения Президенті Nazarbayev University студенттеріне дәріс оқыды31 наурызда Қазақстанға ресми сапары аясында Словения президенті Наташа Пирц-Мусар ханым Nazarbayev University-ге келіп, онда «Жан-жақтылықтың төмендеуі – аңыз ба, әлде шындық па?» тақырыбында дәріс оқыды. Шараға университеттен 200-ден астам студент, оқытушылар және қызметкерлер қатысты.Қонақты Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, NU вице-президенттері Кадиша Дайырова мен Әсел Увалиева, сондай-ақ вице-провост Лоретта О’Доннелл күтіп алды. Дәріс басталғанға дейін Пирц-Мусар ханым университеттің құрметті қонақтарына арналған арнайы кітапта жазба қалдырды.Словения Президенті өз сөзінде бітімгершілік саясат, су ресурстары, адам құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жасанды интеллект және гендерлік теңдік сияқты маңызды жаһандық тақырыптарды қозғады. Президент гендерлік әділеттіліктің ерекше маңызын атап өтіп, аталған мәселелердің барлығын шешу үшін халықаралық деңгейде ұжым ретінде бірігіп күш-жігер жұмсау қажет екенін атап өтті.«Гендерлік теңдік пен гендерлік әділеттілік туралы сөз еткім келеді. Олардың арасындағы айырмашылық мынада: теңдік – барлығына бірдей аяқ киім беру, ал әділдік – әркімге өзіне сай келетін аяқ киім беру. Сол үшін гендерлік әділеттілік көптеген саяси қадамды қажет етеді. Словения әйелдердің құқықтарын белсенді түрде қорғайды, сондай-ақ олардың көшбасшылық позицияларда болуын қолдайды. Мен – Словенияның алғашқы әйел президентімін, оған қоса Словения Парламентінде әйелдердің үлесі – 36%. Бұл көрсеткіштер біртіндеп өсуде, бірақ әлі де жұмыс көп», – деп атап өтті Пирц-Мусар ханым.Сонымен қатар Словения Президенті Қазақстан мен Словения арасындағы, әсіресе жасанды интеллект және су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне сенім білдірді.«Қазақстан мен Словения – мүмкіндіктер көп елдер. Біздің бизнес-қауымдастықтар бұл сөздерді растайды деп үміттенемін», – деді ол.Дәрістен кейін студенттер Словения Президентіне сұрақтар қойып, халықаралық саясат пен әлеуметтік дамудың маңызды аспектілерін талқылай алды.NU-ға барар алдында Словения Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізді, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне арналған брифингке қатысты. Онда Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев Йозеф Стефан атындағы словениялық институт NU-мен әріптестік орнатуға мүдделі екенін, өз кезегінде Қазақстан Словенияның жоғары оқу орындарымен және зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/967412?lang=kk
Бейімбет Майлиннің 2025 жылға арналған ауылдар кенттер және аудан әкімдерінің халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі 05.04.2025
Қостанай облысы ауылдары, кенттері және а/о әкімдерінің халықпен кездесулерінің 2025 жылға арналған икемді күнтізбесі №Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, ауданның және қаланың атауыЕлді мекенӨтетін күні мен уақыты2 тоқсан 1234Бейімбет Майлин ауданы1.                Асенкритов а/о Асенкритовка а.17.04.2025 ж.сағат 11.00.Баталы а.15.04.2025 ж.сағат 11.00.Николаевка а.16.04.2025 ж.сағат 11.00.Варваринка а.15.04.2025 ж.сағат 10.00.Қызылжар а.15.04.2025 ж.сағат 15.00.Майлин а.16.04.2025 ж.сағат 12.00.2.                Белинский а/оҚайыңдыкөл а.01.04.2025 ж.сағат 12.00.Мақсұт а.31.03.2025 ж.сағат 12.00.Ысмайыл а.31.03.2025 ж.сағат 14.00.3.                Калинин а/оБереговой а.09.04.2025 ж.сағат 17.00.Нагорный а.09.04.2025 ж.сағат 15.00.Юбилейный а.09.04.2025 ж.сағат 13.00.4.                Майский а/оМайский а.09.04.2025 ж.сағат 18.00.Приреченский а.09.04.2025 ж.сағат 15.00.5.                Байшуақ а/оБайшуақ а.01.04.2025ж.сағат 15.00.Набережный а.25.04.2025 ж.сағат 15.00.6.                Новоильин а/оАқсуат а.23.04.2025 ж.сағат 11.30.Богородский а.22.04.2025 ж.сағат 12.00.Валерьяновка а.23.04.2025 ж.сағат 15.00.Козыревка а.22.04.2025 ж.сағат 13.30.Мирный а.22.04.2025 ж.сағат 11.00.Новоильиновка а.24.04.2025 ж.сағат 15.00.Притобол а.23.04.2025 ж.сағат 13.00.Увальный а.23.04.2025 ж.сағат 10.00.7.                Павлов а/оАпановка а.02.04.2025 ж.сағат 10.00.Павловка а.02.04.2025 ж.сағат 12.00.Евгеновка а.02.04.2025 ж.сағат 14.00.8.                Әйет а/оӘйет а.25.04.2025 ж.сағат 16.00.Красносельский а.23.04.2025 ж.сағат 16.00.Щербиновка а.22.04.2025 ж.сағат 10.00.Орынбор а.22.04.2025 ж.сағат 15.00.Журавлевка а.22.04.2025 ж.сағат 11.30.9.                Тобыл к.Тобыл к.04.04.2025 ж.сағат 15.00.Приозерный а.09.04.2025 ж.сағат 15.00. Ескерту:а. – ауыл;а/о – ауылдық округ;к – кент.        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/967403?lang=kk
Аудан әкімі Бейімбет Майлиннің 2025 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі 05.04.2025
Аудан әкімі Бейімбет Майлиннің 2025 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі №Елді мекенӨтетін күні мен уақытыII тоқсан123Бейімбет Майлин ауданы1.     Асенкритов ауылдық округіАсенкритовка а.05.05.2025 ж.сағат 16.00.2.     Байшуақ ауылдық округіБайшуақ а.12.05.2025 ж.сағат 15.00.3.     Калинин ауылдық округі Береговой а.12.05.2025 ж.сағат 17.00.4.     Белинский ауылдық округіҚайыңдыкөл а.14.05.2025 ж.сағат 12.00.5.     Павлов ауылдық округіАпановка а.15.05.2025 ж.сағат 12.00.6.     Новоильин ауылдық округіНовоильиновка а.15.05.2025 ж.сағат 14.30.7.     Майский ауылдық округіМайский а.16.05.2025 ж.сағат 13.00.8.     Әйет ауылдық округіӘйет а.16.05.2025 ж.сағат 16.00.9.     Тобыл  кенті19.05.2025 ж.сағат 15.00. Ескерту:а. – ауыл;а/о – ауылдық округ;к – кент.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/967402?lang=kk
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ДАМЫТУ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ 05.04.2025
       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамытуды Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындады. Бүгін осыған орай, цифрландыру басқармасының қызметкерлері ЖИ технологияларын жұмыс процесіне енгізу және оны тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған оқыту семинарына қатысты.       Семинар барысында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, оны мемлекеттік басқаруда қолдану тәсілдері және жұмыс үдерістерін оңтайландыру бағыттары талқыланды. Қатысушылар ЖИ-ді тиімді пайдалану дағдыларын меңгеріп, озық тәжірибемен танысты.       Цифрлық технологияларды дамыту және оларды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу – Қазақстанның цифрлық трансформация жолындағы маңызды қадамдарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/967361?lang=kk
Жер ресурстары – өңірдің өркендеуінің кілті: Ақмола облысында жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтілді 05.04.2025
Бүгін Көкшетауда жерге орналастыру, геодезия және картография күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, онда мемлекеттік билік өкілдері мен сала мамандары жер ресурстарын басқарудың негізгі мәселелерін талқылап, осы маңызды саладағы жетістіктері үшін үздік қызметкерлерді марапаттады.Мерекелік іс-шараны Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан ашты, ол тұрақты экономикалық өсу мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жерге тиімді орналастырудың маңыздылығын атап өтті. Өңірлік ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов негізгі баяндама жасады. "Қазақстан көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында және сауатты басқаруды талап ететін бірегей табиғи ресурстарға ие. 2024 жылы біз ауыл шаруашылығы айналымына 14 мың гектар жерді тартып, жер аукциондарының арқасында өңір бюджетін 433 миллион теңгеге толықтыра алдық", - деп атап өтті Н.Б. Бадыраков.Баяндамашы сондай-ақ мемлекетке 105 мың гектар пайдаланылмайтын жердің қайтарылуын және халыққа 40 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетуді атап өтті. Оның айтуынша, бұл нәтижелер жерге орналастыру қызметі қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында мүмкін болды.Әкімнің орынбасары сала қызметкерлерінің өңірдің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, ең ерекшеленген қызметкерлерге ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Құрметті дипломдарын табыс етті. Марапатталғандардың арасында 20 жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар: Эльвира Абдрахманова, Рүстем Төкенов, Гүлжан Жатаева бар.Облыс әкімінің I және II дәрежелі "Еңбек Озатты" төсбелгілерімен Жұмажан Бейсембаева, Инеш Қарашина, Аслан Таймассов, Гүлім Қажкенова, Нұрғали Әубәкіров, Жадра Әбілқасымова, Нұрбол Қабдинов, Әсет Қасымжанов сияқты 10-15 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар мен басшылар марапатталды.Сонымен қатар, жер саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен 16 қызметкер марапатталды."Бүгінгі марапаттар - сіздің маңызды еңбегіңізді мойындау. Біздің ауылдық аумақтардың дамуы және бүкіл облыстың экономикалық өсуі Сіздің жұмысыңыздың сапасына байланысты. Сіздің қолыңызда міндеттерді табысты орындау үшін барлық қажетті тетіктер мен өкілеттіктер бар", – деп атап өтті әкімнің орынбасары.Кеңес соңында Мұрат Балпан жиналғандарға кәсіби өсу, отбасылық амандық және олардың жауапты қызметінде одан әрі табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/967346?lang=kk
Жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған лицей-интернаттардың 9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан облыстық жарыстар. 05.04.2025
2025 жылғы 25-29 наурыздан бастап мектеп-лицейде. А. Ермекова Қарағанды қаласы "Ұлттық Мектеп лигасы" аясында жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-лицей - интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан облыстық жарыстар өтті. № 12 Тірек мектебі (РО) КММ командасы құрметті үшінші орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/967328?lang=kk
Жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында баскетболдан облыстық жарыстар 05.04.2025
2025 жылдың 25-29 наурызынан бастап Қарағанды қаласының № 86 мектебінің базасында "Ұлттық Мектеп лигасы" аясында жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-лицей - интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында баскетболдан облыстық жарыстар өтті. Барлығы 19 команда және 190 оқушы қатысты. Біздің "тірек мектебі (РО)" КММ қыздар командасы. Ә. Бөкейхана екінші орынды иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/967323?lang=kk
«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты ақпараттық сағат өтті. 05.04.2025
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында көрнекті қазақ сазгері, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты ақпараттық сағат өтті.Шара барысында қонақтарға ұлы тұлғаның ғұмыры жайлы толығырақ ақпаратпен танысу үшін «Ғасыр сазын тербеген» атты кітап көрмесі мен Нұрғиса Тілендиевтің қалыптастырған дара жолы жайлы бейнеролик ұсынылды. Шарада Нұрғиса Тілендиев атындағы саз мектебінің «Домбыра» сыныбының оқытушылары Республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Свурбаева Асем Илмуратовна мен ұлағатты ұстаз Базарбаева Ғаниса Ахметжановна  ұлы тұлғаның өмірі мен өнеріне тоқталып, ұлы тұлғаның жалпы өнері мен өмір жолдарынан сыр шертіп, композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» және «Ата толғауы»  күйлерін тарту етті.Шараға Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Свурбаева Асем Илмуратовна және Базарбаева Ғаниса Ахметжановна және №4 орта мектеп оқушылары мен жетекшісі  қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/967258?lang=kk
Өзін-өзі қорғау өнері: самбо Қазақстанның өңірлерінде жаппай дамитын болады 05.04.2025
Бұл жайлы Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының кезектен тыс конференциясында оның президенті Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов мәлімдеді. Іс-шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының Армия үйінде өтті. Мұнда жекпе-жектің осы түрінің дамуына байланысты ұйымдастырушылық және басқа да мәселелер қарастырылды.Конференцияда федерацияның бас хатшысы Дияс Үкімет самбоны дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын ұсынды, онда қоғамдық ұйым қызметінің стратегиялық мақсаттары мен негізгі бағыттары айқындалды. Өңірлерде самбоны жаппай дамытуға ерекше назар аударылды.Генерал-полковник Руслан Жақсылықов самбо федерациясының құрылтайшылары мен жаттықтырушыларына спорттың дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.– Көптеген жылдар бойы қазақстандық самбо мектебі халықаралық аренада жетекші орынға ие болды. Әлем және Азия чемпионаттарындағы спортшыларымыздың жеңістерінің құрметіне еліміздің туы талай мәрте желбіреп, көкке көтерілді. Бұл өңірлік федерацияларды қолдаудың, жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің және спортшылардың өз істеріне адалдығының нәтижесі, – деп атап өтті ол.Іс-шара барысында Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Р. Жақсылықов 2024 жылы әлем чемпионатында медаль еншілеген спортшыларды марапаттады.Бұдан өзге федерация президентінің бұйрығымен Арман Әбеуов - бірінші вице-президент, Еркебұлан Түсіпханов күш құрылымдарымен жұмыс жөніндегі вице-президент және Дина Кудеринова-Балтабай спорт директоры болып тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/967242?lang=kk
Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің “Өз елім” атты концертіне шақырамыз! 05.04.2025
Құрметті Талдықорғандықтар мен қала қонақтары!Сіздерді 1 сәуір күні сағат 19:00-де өтетін композитор, дирижер, КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің “Өз елім” атты концертіне шақырамыз!Өтетін орны:Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театры, Көктем ш/а 24Кіру тегінАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/967227?lang=kk
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар. Зейнетақы капиталыңызды ЕЗЖ есебінен қалай көбейтуге болады? 05.04.2025
Ерікті зейнетақы жарналарын қалай аударсам болады? Оны жұмыс беруші аудара ала ма?Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке және заңды тұлғалар аудара алады. Жеке тұлғалар қаражатты өз табысы есебінен жеке бас пайдасына және (немесе) жақындары үшін аударса, заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына аудара алады.Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады. Өтініш негізінде қаражатты жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) көрсетілген тұлғаның пайдасына аударады.ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ – шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есебі жүргізілетін ЖЗШ:   -  агенттер ЕЗЖ аударған кезде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;   - жеке тұлға өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына алғашқы жарна аударған кезде өтінішсіз ашылады. 2) Айтыңызшы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді қашан және қалай алуға болады?ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар, олар мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.  Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алуға өтінішті БЖЗҚ-ға тапсыру қажет. Өтініш беру тәсілдері: enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне келіп жүзеге асыруға болады.Барлық жарна түрлері есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде қадағалауға болады. БЖЗҚ сайтында оларды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның "Төлем құжаттарын алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады."БЖЗҚ" АҚ салымшының ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару туралы уақытылы шешім қабылдауы оған зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары төлемдер алуға септігін тигізетіндігін еске салады.3) Ерікті зейнетақы жарналары мұраға беріле ме? Зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын мұраға беру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған кезде немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда мұрагерлік заң күшіне енеді.4) Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы неде?Азаматтар ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз қалауы бойынша төлейді, олардың мөлшері мен кезеңділігін дербес белгілейді. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін де алушы БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды. Бұл жарналардың осы түрінің көп артықшылықтарының бірі ғана. Сондай-ақ, салық заңнамасында жеке тұлғаның ЕЗЖ-ны өз табысы есебінен төлеген кезде төленетін сомаға салық шегерімі көзделген.Жұмыс берушілерге келетін болсақ, олар да салықтық жеңілдіктерге ие болады. Мәселен, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салықтық жеңілдіктерге ие болады.5) Ерікті зейнетақы жарналары инвестицияланады ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға бола ма?Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады.Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу - ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/967223?lang=kk
Көгалдандыруға арналған тегін көшеттер: алматылықтар акцияға қалай қатысады? 05.04.2025
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жасыл аула» акциясына қатысу үшін қала тұрғындарынан өтінімдер қабылдау басталды.Жыл сайынғы акция аясында қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін ала алады. Акцияның негізгі мақсаты-жасыл қорды көгалдандыру және сақтау бағдарламасын жалғастыру, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Акцияның көктемгі кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1-11 сәуір аралығында жалғасады.Қатысу үшін zhasyl_aula_2025@mail.ru электрондық мекенжайға мына деректертерді жіберу қажет:Бастамашыл тұлғаның аты-жөні және байланыс деректері, көшет отырғызылатын нақты мекенжай;Жоспарланған отырғызу алаңының бірнеше фотосуреті (мамандар орналасқан жерді бағалай алатындай панорамалық фотосурет);Көшеттердің қажетті санын көрсетіңіз.Акцияға қатысатын қала тұрғындары болашақта көшет отырғызу туралы фоторепортаж ұсынуы қажет.Акция бойынша қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны басқару басқармасының жасыл қор мониторингі және басқару бөліміне мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 771 894 34 57.«Жасыл аула» акциясы — Алматының барлық тұрғындары үшін қаланы көгалдандыруға өз үлесін қосып, оны одан да жасыл әрі жайлы етуге бірегей мүмкіндік. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/967217?lang=kk
Дөңгелек стол өткізілді 05.04.2025
"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 22 шілдесінде "Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі" филиалы әкімшілік материалдарды жасау кезіндегі проблемалық мәселелерге арналған дөңгелек стол өткізді. Іс-шара барысында жалпы мәселелер, сондай-ақ оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды.Талқылауға жеке сот орындаушыларының, әкімшілік полиция басқармасының және Қостанай қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1039137?lang=kk
Қостанай облысында әкімдік отырысы өтті: инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды 05.04.2025
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, онда екі басым бағыт – сумен жабдықтау және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.Сумен жабдықтау: 100% қамтуға бағытОблыс әкімі халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Соңғы бес жылда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 90,2 млрд теңге бөлінсе, оның ішінде тек 2024 жылы – 20,7 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде ауыл халқының таза ауызсуға қолжетімділік деңгейі 91,3%-ға жетті.Биыл сумен жабдықтауға 22,6 млрд теңге қарастырылып, 65 жоба жүзеге асырылады. Бұл қосымша 24,7 мың адамды таза ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық жобаларды іске асыру кезінде үйлерді су жүйесіне қосу басты талап болып отыр. Әкімнің тапсырмасы бойынша, бұл – міндетті шарт. Соңғы екі жылда 55 мың үй су жүйесіне қосылып, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін облыста 259,4 мың үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.Сонымен қатар, өңір басшысы жергілікті мердігерлік ұйымдарды жұмыспен қамту қажеттігін айтты. Олардың үлесі 2023 жылғы 26%-дан 2025 жылы 60%-ға дейін артады. Бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, жергілікті бизнестің дамуына ықпал етеді.Көлік инфрақұрылымы: оңтүстік аудандар мен халықаралық маршруттарға басымдық беріледі2024 жылы жол саласының бюджеті 106,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға артты. Өңірде 1 580 шақырым жол мен 103 елді мекендегі 382 көше жөнделеді.Оңтүстік аудандарға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Торғай – Ырғыз автожолының жөндеу жұмыстары басталады. Бұл батыс аймақтар мен елдің орталығын оңтүстік арқылы тікелей байланыстырады. Бұл жоба Арқалық қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің дамуына серпін береді.Тағы бір маңызды жоба – Арқалық әуежайын қайта жаңғырту. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Қостанай мен Астанаға тұрақты рейстер ашу жоспарланып отыр, бұл өңірдің көлік қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.2025 жылы Жезқазған – Петропавл автожолының Арқалықтан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі 87 шақырымдық бөлігі жөндеуден өтеді. Бұл солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын жолды 400 шақырымға қысқартып, көлік ағынын тәулігіне 10-нан 2 500 автомобильге дейін арттыруға мүмкіндік береді.Оңтүстік аудандардың транзиттік маңызының артуына байланысты облыс әкімі жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын – қонақүйлер, санитарлық тораптар, дәмханалар мен сауда орындарын халықаралық стандарттарға сай салуды тапсырды.Өңір – транзиттік ағындардың орталығындаҚұмар Ақсақаловтың айтуынша, кешенді көзқарас пен Үкімет деңгейіндегі қолдаудың арқасында Қостанай облысы алдағы жылдары еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын негізгі транзиттік хабқа айналып, Қазақстан, Орталық Азия елдері және Ресей Федерациясы арасындағы жаңа бағыттарды қалыптастырады.Әкімдік отырысының қорытындылары инфрақұрылымды жүйелі дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өңірдің тұрақты экономикалық өсіміне жағдай жасауға бағытталғанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/967192?lang=kk
Комплаенс-бақылау қызметі: қауіптерден сақтау 05.04.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруда.Комплаенс-бақылау қызметі Мемлекеттік корпорацияда 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сүйене отырып, қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған құралды енгізу.2023-2024 жылдары Комплаенс-бақылау қызметіне азаматтардан 400-ден астам өтініш келіп түсті, олардың барлығы мұқият зерттелді. Сонымен қатар, 230-дан астам серіктес ұйым тексеріліп, сенімділігі бағаланды. Мемлекеттік корпорацияның 2000-ға жуық қызметкерін мүдделер қақтығысына тексеру өткізілді. Бұл өз кезегінде 120-ға жуық ықтимал құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік берді.Сыбайлас жемқорлық пен беделге нұқсан келтіру қаупін болдырмау мақсатында корпоративтік бағдарламалар енгізіліп, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерін азайту мақсатында тұрақты түрде ішкі талдау жүргізілуде. Бұл тәуекелдердің алдын алуға, бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметкерлер мен клиенттер арасында адалдық пен сенімділік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.Комплаенс-бақылау қызметіндегі қолданыстағы жобалар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында құқықбұзушылықтарға деген нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастырады, ал қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика нормалары бойынша тұрақты оқыту мен ішкі арналардың, соның ішінде анонимді өтініштерді қабылдайтын арнаның болуы компанияда жоғары моральдық стандарттарды сақтауға ықпал етеді.Комплаенс-бақылау қызметі ішкі ортаны сыбайлас жемқорлық пен беделдік тәуекелдерден қорғаудың маңызды құралына айналды. Ол мемлекеттік қызметтерді тұрақты әрі сенімді көрсетуге кепілдік береді.Егер сіз қызметтерді алу барысында Мемлекеттік корпорация мамандарының тарапынан болған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және әдепті бұзу фактілерінің куәгері болсаңыз, 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/968164?lang=kk
Қазақстанда қарыз бен несие алудан бас тартудың баламалы тәсілі пайда болды 05.04.2025
Енді қазақстандықтар банктен қарыз алу мен микронесиені рәсімдеуді Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өз еркімен тыйым сала алады. Бұл үшін 1414 нөміріне қоңырау шалу жеткілікті.Қарыз алу мүмкіндігін бұғаттау үшін Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірінен 1414 нөміріне хабарласу қажет. Тіл таңдалғаннан кейін (қазақ немесе орыс тілі), интеллектуалды дауыстық көмекші абоненттен қандай қызмет қажет екенін анықтайды, қызмет алушы өзіне керек қызметті кез-келген нысанда сипаттай алады. Сұранысты дұрыс тану үшін «қарыздардан бас тарту», «несиелер алуға тыйым салу», «несиелерден бас тарту өтінімі», «несиелерді онлайн жабу», «несиелерді бұғаттау өшіру» сияқты сөз тіркестерін қолдану ұсынылады. Әрі қарай, дауыстық көмекші банктік қарыздардан/несиелерден ерікті түрде бас тарту қажеттілігін нақтылауды сұрайды. «Иә» деп оң жауап бергеннен кейін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізіп, телефонға келген SMS-код арқылы өз әрекетін растау қажет.Осы қадамдарды орындағаннан кейін азаматтың атына несие немесе қарыз рәсімдеу мүмкіндігі болмайды.Егер болашақта шектеуді алып тастау қажеттілігі туындаса, 1414 нөміріне қайта хабарласу керек. Қызмет тәулік бойы қолжетімді және 1414 нөміріне қоңырау шалу тегін.«Азаматтарымыздың өтініші бойынша біз 1414 нөмірі арқылы несиелер мен қарыздардан бас тартудың баламалы сервисін іске қостық. Қазір жүйе тестілеуден өтуде. Қызметті алудың басты шарты - Мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма Төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.Еске сала кетейік, қазіргі таңда Бірыңғай байланыс орталығының дауыстық көмекшісі арқылы азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін анықтау, салықтар мен әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың бар-жоғы жөнінде мәліметті алу, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы ақпарат алу және басқа да қызметтер көрсетіледі.Айта кетейік, бұған дейін несиеден бас тарту тек электронды үкімет порталы немесе eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/968153?lang=kk
"Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті, онымен күресу – біздің міндетіміз" 05.04.2025
   2025 жылдың 1 сәуірінде сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы "Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті, онымен күресу – біздің міндетіміз" тақырыбында А. Байтұрсынұлы атындағы университеттің 3-курс студенттеріне семинар өткізді.   Іс-шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың түрлері, оның алдын алу шаралары және қоғамдағы жемқорлық көріністерін жою жолдары туралы ақпарат алды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/967169?lang=kk
МОДОға енген мектептердің 9-сынып пән мұғалімдеріне арналған оқыту семинарлары 05.04.2025
Ағымдағы жылдың 29 наурызында «Ауыл-қала» жобасы аясында Қарағанды қаласының «IT» арнайы мектеп-лицей интернаты мен аудандық білім бөлімінің ортақ жоспарына сәйкес ББЖМ түскен мектептердің 9-сыныпта білім беретін пән мұғалімдері арасында оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Бұл шараға ЖМБ мен ҚГБ пәні мұғалімдері қатысты. Іс-шарада өте пайдалы ақпараттар, әдістемелік көмек көрсетілді, өзара ауыл мен қала байланысы нығайтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/967153?lang=kk