Қоғам
Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі 05.04.2025
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 39-тарауында айқындалған. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлеріне сәйкес келесі тауарлар жатады, егер: 1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2 (екі) бірлік;планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса. Сонымен қатар, Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады. ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Шешіміне сәйкес құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар шегінде әкелінеді. Яғни, әуе тасымалынан басқа, жаяу және ілеспе немесе ілеспе емес багажбен әкелінетін тауарлар үшін норма 500 еуро және 25 кг құрайды.Ал тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жеткізілген тауарлар үшін норма 200 еуро және 31 кг. Егер тауардың құны мен салмағы көрсетілген нормалардан асып кетсе, тауар құнының 30 пайзы төленеді, бірақ ілеспе немесе ілеспе емес багажда әкелінетін тауардың асып кету бөлігінде 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес.Егер тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдерінде жеткізілген тауарлар нормадан асып кетсе, құн нормасынан асып кету бөлігінде тауар құнының 15 пайызы төленеді, бірақ салмақ нормасынан асып кету бөлігінде 1 кг салмақ үшін кемінде 2 еуро төленеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/970267?lang=kk
Salyqbot Telegram мессенджерінде 05.04.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына Telegram мессенджерінде сіздің банктік шоттарыңызды бұғаттау мәселелері, жергілікті салықтар бойынша есептеу және берешек мәселелері, жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша мәліметтерді жедел алуға мүмкіндігіңіз бар екенін жеткізеді, соның ішінде 250.00 және 270.00 нысанындағы есептілікті ұсыну бойынша, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттық мәселелері бойынша.«Кеден мәселелері бойынша жедел көмек көрсету» жаңа қызметі іске қосылды. Ақпарат алу үшін іздеуде Salygbot теріп, содан кейін чатқа өтіп, мәзірден сізді қызықтыратын сұрақ тақырыбын таңдау керек.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің сапасын анықтау және салық төлеушілердің салық/кеден органдары туралы пікірін білу мақсатында Salyqbot-та «МҚО қызметтерінің сапасы туралы» және «МҚО қызметі туралы пікір» сауалнамалары бар. #SalyqbotАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/967704?lang=kk
2025 жылғы 31 наурызында Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті 05.04.2025
2025 жылғы 31 наурызда Жақсы ауданы әкімінің орынбасары О. Әбжановтың төрағалығымен прокурордың орынбасары Е. Қ. Танатовтың қатысуымен Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар Комиссии және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.Бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:«Ерте жүктіліктің алдын алу және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Э. С. Бейсекова, Жақсы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ж. Б. Қажденбеков сөз сөйледі.«Мәдениет және спорт саласындағы жастарды қолдау жөніндегі жұмыс туралы» ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы З. Т. Байдусенова тыңдалды.«Кәмелетке толмағандар арасындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың жай-күйі туралы» Жақсы аудандық полиция бөлімінің инспекторы В. Л. Тимофеев айтып берді.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша сөз сөйлеушілердің ақпараты назарға алынды, тиісті ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/967699?lang=kk
Аудан әкімі электр желілерін ауыстыру жұмыстарымен танысты 05.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қалжан Ахун елді мекеніндегі электр желілерін ауыстыру жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ең алдымен халыққа қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарды атқаруды тапсырғанын атап көрсетті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен елді мекендерде электр желілері қайта жаңғыртудан өтіп жатқанын жеткізді. Қалжан Ахун елді мекенінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы тиісті сала басшылары мен мердігер компания өкілдері ақпарат берді. Электрмен жабдықтау жобасын жүзеге асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 57,3 млн. теңге, 2025 жылы 280,0 млн. теңге қаржы қаралды. Өткен жылы елді мекенде 150 электр бағаналары мен 2,3 шақырым электр желісі орнатылса, биыл тағы 200-ге жуық электр бағаналары орнатылу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 3 дана толық трансформаторлық қосалқы станция орналастырылуда. Қазіргі таңда елді мекенде әрқайсысында 3 бригада жұмыс жасауда. Аудан басшысы жауапты мекемелерге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды қатаң тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/967695?lang=kk
Түрмеге тыйым салынған заттар өткізбек болған азамат ұсталды 05.04.2025
Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің сарбаздары Семей қаласындағы №19 түзеу мекемесінде қызмет атқару барысында бес смартфон, бес SIM-карта, Wi-Fi роутері мен бес литр алкогольді ішімдіктің түрмеге кіргізілуіне тосқауыл болды. Заңсыз әрекетке барған азамат тыйым салынған заттарды эмульсия шелегіне жасырып, сыртын бірнеше қабаттап орап тастаған. Жедел мақсаттағы батальон бөлімшесінің командирі сержант Берік Акибаев құрылыс материалының тым көп оралғанынан күдіктенеді.— 30 литрлік эмульсияның сыртын скотчпен әбден оралғаны сезік тудырды. Тексеру кезінде шелек ішінде тағы бір ыдыстың барын байқадым. Сол ыдысқа тыйым салынған заттар жасырылған екен, — дейді сержант Акибаев.Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Табылған заттар тәркіленіп, Қызметтік-атқару жүйесінің өкілдеріне тапсырылды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/967694?lang=kk
Ақтөбе гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты 05.04.2025
30238 әскери бөлімінде өткен жылдың көктемінде әскерге шақырылған әскери қызметшілерді шығарып салу рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Әскери борышын өтеген 150-ге жуық сарбаз үйлеріне оралады. Жауынгерлік тумен қоштасу рәсіміне бөлімнің басшылығы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарбаздардың туған-туыстары қатысты. Салтанатты сәт әскери оркестр музыканттарының іс-шараны сүйемелдеуімен өтті.– Қызмет барысында сендер әскери дағдыларды меңгеріп, мықты әрі сенімді бола түстіңдер. Отан алдындағы борыштарыңды ойдағыдай аяқтадыңдар, алдағы уақыттағы барлық істеріңе сәттілік тілеймін, – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Елдос Бозғұлов запасқа шығарылған сарбаздарға арнаған сөзінде.Отан алдында борышын өтеген азаматтарды Сарбаздар аналары комитетінің өкілі Олеся Старых құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.– Жыл бойы біздің комитет ата-аналарға балаларымен байланыста болуға септігін тигізді. Әскерге жаңа келгендерге бейімделу кезеңі біраз қиындау болатыны анық. Сондықтан біз осы процестерді зерделеп, оларға көмектестік. Десе де бүгін біздің алдымызда шыныққан, шымыр жігіттер тұр, оларға ақ жол тілеймін, – деді ол.Запасқа шығару рәсімінде қызметте ерекше көзге түскен әскери қызметшілер грамоталармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Одан бөлек запасқа шығарылғаннан кейін жастар ҰБТ тапсырусыз жоғары оқу орындарына түсетінін, ал үздік деп танылғандар тегін білім беру гранты бойынша оқи алатынын айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/967608?lang=kk
«Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес 05.04.2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев «Eco Park Alatau» тұрғын үй кешені аумағында көшпелі кеңес өткізіп, құрылыс компаниясы және жергілікті атқарушы органдармен үлескерлер мәселесін шешу жолдарын талқылады.Жоспарланған төрт тұрғын үйдің екеуі әлі аяқталмаған. Құрылыс салушы мен үлескерлер арасында тек ниет хаттамаларына қол қойылғаны анықталды, бұл қосымша заңдық қиындықтар туғызады.Әсет Масабаев құрылыс жұмыстары заң аясында аяқталуы тиіс екенін атап өтті. Құрылыс компаниясы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, оларды пайдалануға беру міндетін өз мойнына алды. Әкімдік өз тарапынан инженерлік инфрақұрылым бойынша қажетті қолдау көрсетеді, алайда құрылысты аяқтау құрылыс компаниясының жауапкершілігінде қалады.2023 жылдың желтоқсанында бекітілген Жанатұрмыс ауылының Бас жоспарына сәйкес, кешен аумағы көпқабатты тұрғын үйлер, таунхаустар және мектеп салуға арналған.Жұмыс кездесуі барысында Әсет Масабаев құрылыс жұмыстарын орындау бойынша жол картасын әзірлеп, бекітуді, сондай-ақ олардың іске асырылу кестесін айқындауды тапсырды.Үлескерлермен ашық диалог орнатып, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әр апта сайын жиын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл кездесулерде жол картасының орындалу барысы мен жобаны іске асыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/967598?lang=kk
БКМ түбіртегі қай тілде жазылуы керек? 05.04.2025
Кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік кіріс органдарына мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге қатысты өтінішіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің назарына мыналарды жеткізеді.Министрлікке бақылау–кассалық машиналар (бұдан әрі – БКМ) арқылы жасалатын операциялар тіліне азаматтардан ауызша шағымдар жиі түседі, өйткені барлық сауда нүктелерінде, банктерде, әуежайларда және қоғамдық орындарда (асхана, кафе, мейрамхана, дәріхана, театр, кинотеатр және т.б.) БКМ арқылы берілетін түбіртек тек орыс тілінде басып шығарылады.«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 4–бабына сәйкес мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.Сондай–ақ, Заңның 6–бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ана тілін пайдалануға, қарым–қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқылы, яғни кез келген азамат мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап етуге құқылы.«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 170–бабына сәйкес уәкілетті орган бақылау–касса машиналарының модельдерін Мемлекеттік тізілімге (тізілімге) енгізу (Алып тастау) арқылы мемлекеттік тізілімді жүргізеді.Бақылау–касса машиналарының модельдерін Мемлекеттік тізілімге (тізілімге) енгізу (Алып тастау) тәртібін уәкілетті орган айқындайды.Мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау–касса машиналары «Бақылау–касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен айқындалған техникалық талаптарға сәйкестігіне тестілеуден өтеді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді техникалық талаптарға ауыстыру қарастырылған.Сонымен, БКМ техникалық талаптарына сәйкес БКМ басып шығаруға және индикациялауға шығарылатын ақпарат, клавиатурадағы белгілер және ақпаратты тіркеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.Мемлекеттік тізілімге енгізілген БКМ барлық модельдері техникалық талаптарға сәйкес келеді және мемлекеттік тілге аудару функциясын орындайды.Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында кәсіпкерлерден Қазақстан Республикасы заңнамасының жоғарыда айтылған нормаларына сәйкес қызметті жүзеге асыруды және азаматтардың талабы бойынша БКМ түбіртегін беру бойынша қызметті мемлекеттік тілде ұсынуды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/967592?lang=kk
Салықтар: сәуір айында нені жіберіп алмау керек 05.04.2025
2025 жылдың сәуір айында салық төлеушілерді есептілікті тапсыру және салықтарды төлеу бойынша бірқатар маңызды мерзімдер күтіп тұр. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті белгіленген мерзімдермен алдын ала танысып, міндеттемелерді уақытылы орындауға кеңес береді. Бұл өсімпұл мен басқа да салдарлардың алдын алуға мүмкіндік береді. САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ:2025 ж. 15 сәуір:2025 ж. ақпан айына 400.00 және 421.00 нысандары – акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.2025 ж. 21 сәуір:2025 ж. 2-4 тоқсандарына 101.02 нысаны – КТС бойынша декларация тапсырылғаннан кейін төленуге жататын КТС аванстық төлем сомасын есептеу;2025 ж. наурыз айына 328.00 нысаны – тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ТӨЛЕМДЕР:2025 ж. 1 сәуір:2024 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы.2025 ж. 10 сәуір:2024 жылғы декларация бойынша КТС – қорытынды есеп айырысу;2024 жылғы декларация бойынша ЖТС – табыс төлеу көзінен салық салынбайтын жеке тұлғалардың (резиденттер мен резидент еместердің) табыстары бойынша қорытынды есеп айырысу;2024 жылы шегерімге жатқызылған, бірақ төленбеген табыс сомалары бойынша, сондай-ақ 2024 жылдан кейін төленетін табыстар бойынша заңды тұлға-резидент еместің табысынан ұсталатын КТС;2024 жылғы декларация бойынша үстеме пайда салығы;2024 жылғы декларация бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салық;2024 жылғы декларация бойынша және 2024 жылғы 1 шілдеден кейін туындаған міндеттемелер бойынша заңды тұлғалардың көлік құралдары салығы;2024 жылғы декларация бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жер салығы – қорытынды есеп;2024 жылғы декларация бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы – қорытынды есеп;2024 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде бірыңғай жер салығын төлеушілермен есептелген бірыңғай жер салығы және жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.2025 ж. 21 сәуір:2025 ж. наурыз айына ЕАЭО-да ҚҚС;2025 ж. наурыз айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.2025 ж. 25 сәуір:2025 ж. сәуір айына КТС аванстық төлемдері;2025 ж. наурыз айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;Арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК-нің 2025 ж. наурыз айындағы табыстарынан ЖТС;2025 ж. наурыз айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны, радиожиілік спектрін, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/967574?lang=kk
Бизнестің әлеуметтікжауапкершілігіжөніндегі "Парыз-2025" республикалық конкурсына қатысыңыздар 05.04.2025
Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2025» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.Конкурс мемлекетіміздің тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша 2008 жылдан бері өткізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері» бекітілді. Бұл конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурсқа катысуға:1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот дептанылмаған;3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік жәнеқ айырымдылық қызметті жүзеге асыратын;6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлержіберіледі.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.Үміткерлерге конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Конкурс екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде. Үміткерлердің өтінімдері жергілікті уәкілетті орган қағаз және электронды тасығышта қабылдайды. Өтінімдерді қарастыру облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясыныңқорытындысы бойынша құжаттар республикалық комиссиясына жолданылады.Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;"Үздік ұжымдық шарт".Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады."Экологияға қосқан үлесі үшін".Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.Конкурсқа катысу үшін үміткерлер материалдарды екі данада жолдайды:1) өтінім;2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;Үміткердің есебінде:заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;ұйымдық құрылымы;өзге де қосымша ақпарат;3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.Құжаттарды қабылдау мерзіміа. ж. 1 тамызына дейін.Конкурс туралы толық ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайтынан, немесе, мына мекен-жайы бойынша: Переметный ауылы, Гагарин көшесі 82Б, 11 каб., байланыс телефоны 8(71130) 22-881, 8(71130) 22-070; baiterek_azhkab_bolimi. инстаграм, Бәйтерек Ажқжәб Бөлімі фейсбук әлеуметтік желілері арқылы алуға болады. Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/967557?lang=kk
Аранаулы мобильді қосымша 05.04.2025
арнайы мобильді қосымша – салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат негізінде осы тармақта белгіленген арнаулы салық режимін қолдану, дара кәсіпкер ретінде тіркеу (осындай тіркеу есебінен шығару) кезінде салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану мақсатында уәкілетті орган әзірлеген мобильді қосымша. Арнайы мобильді қосымшада арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер мен қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын сатып алушы (клиент), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы арасындағы есеп айырысу фактісін растайтын құжат ретінде арнайы мобильді қосымшаның тексеруі қалыптастырылады.Арнайы мобильді қосымша түбіртегі келесі ақпаратты қамтиды:1) салық төлеушінің атауы;2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;3) арнайы мобильді қосымшаның түбіртегінің реттік нөмірі;4) жұмыс орындалған, қызмет көрсетілген тұлғаның (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/967533?lang=kk
«AIQYN» газетінде ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың сұхбаты жарияланды 05.04.2025
«AIQYN» газетінде ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың сұхбаты жарияланды.Әңгіме барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов сот жүйесі үшін білікті кадрларды қалыптастырудағы Сот төрелігі академиясының маңызы туралы айтты.Ол Кеңестің Академияны дамытуға, магистранттарды оқыту әдістерін жетілдіруге және судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған негізгі бастамаларын атап өтті.Бұл шаралар сот жүйесін нығайтуға, сот төрелігінің сапасын арттыруға және елдегі әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз ете отырып, судьялардың кәсіби өсуіне жағдай жасауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/967513?lang=kk
01.04.2025 жыл. Ұлы жеңіс күнінен 80 жыл. 05.04.2025
01.02.2025 жыл. Ұлы жеңіс күніне 80 жылдығына орай Ақжар ауылы тұрғыны тыл ардагері Өнербекова Халида апайдың үйіне әкімшілік ,қоғамдық қызметкерлер ауласын тазалап сенбілік жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-akzhar/press/news/details/967483?lang=kk
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов волейболдан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Камила Тютеневаны жеңісімен құттықтады 05.04.2025
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов волейболдан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Камила Тютеневаны жеңісімен құттықтады. 20-26 наурыз аралығында Түркістан қаласында волейболдан 2012-2013 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті.Облыстық команда құрамында №1 Самар орта мектебінің оқушысы Камила Тютенева бірінші орынды иеленіп, волейболдан Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды.Аудан басшысы жас спортшы мен оның бапкері Ерасыл Құрманбаевқа алғыс хаттар және арнайы сыйлықтарды табыстап, спорт жолында сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/967477?lang=kk
Командалық-штабтық ойындар: ҰҚУ-нің магистранттары қауіпсіздік стратегияларын игеруде 05.04.2025
ҚР Ұлттық қорғаныс университетін бітіруші магистранттар мемлекеттің қоғамдық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жыл сайын өтетін командалық-штабтық әскери ойындарға қатысып жатыр. Ойындар профессорлық-оқытушылар құрамының тікелей қатысуымен екі кезеңде өткізіледі. Командалық-штабтық ойынның мақсаты – әскери басқару органдарының іс-қимыл алгоритмін пысықтау, әртүрлі стратегиялық бағыттардағы әскери іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында генералдар мен офицерлердің кәсіби деңгейін тексеру.Әскери ойын барысында қарқындылығы әртүрлі қақтығыстардағы міндеттерді орындау кезінде әскерлерді жедел және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерін ұйымдастыру мәселелері пысықталады.Алғашқы кезеңде дағдарыс жағдайында мемлекеттік органдар мен әскери басқару органдарының өзара іс-қимылы мәселелерінде теориялық білімді кеңейтуге баса назар аударылмақ.Бұл ретте магистранттар мемлекеттік және әскери басқару органдарының басшылары рөлінде әлемдегі, өңірдегі әскери-саяси жағдайды бағалап, министрліктер мен ведомстволардың қызмет бағыттарына байланысты оны тұрақтандыру жөніндегі шараларды ұсынады.Екінші кезеңде командалық-штабтық әскери ойынның жоспарына сәйкес магистранттар әскери басқару органдарының лауазымды адамдары ретінде қорғаныс сипатындағы әскери іс-қимылдарды дайындау мен жүргізу мәселелерін пысықтайды.Алынған тәжірибе ҚР Ұлттық қорғаныс университеті түлектерінің магистрлік жобаларын іске асыруға негіз болатынын атап өту керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/967470?lang=kk
Құрметті салық төлеушілер! 05.04.2025
Құрметті салық төлеушілер!Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 374 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес ұсынылатын есептер (оның ішінде ДСҰ бойынша) бұдан былай тек қана келесі электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданатынын хабарлайды:otchety_vto.mangystau@kgd.gov.kzАталған есептерді басқа байланыс арналары немесе өзге электрондық пошта мекенжайлары арқылы қабылдау жүргізілмейді. Көрсетілген тәртіпті қатаң сақтап, есептілікті уақытылы жіберуіңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1259712?lang=ru
Қостанайлық жас спортшылар әлемдік тұғырдан көрінді 05.04.2025
2025 жылдың 1 сәуірі күні облыс әкімі Калгари (Канада) қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Полина Омельчук, Анастасия Галечинамен кездесті. Кездесуге Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы да қатысты.Бұдан бөлек Анастасия Галечина Калгаридағы чемпионатта 2000 метрлік эстафетадан қола жүлдені иеленсе, Полина Омельчук 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада қола медаль алды. Осы жылы қысқы спорт түрлерінен облысымызда ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар көп. Оның қатарына Қытайда өткен IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен жүлдегер Глеб Ивченко мен шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған Наиль Башмаков, Владислав Ковалевты айта кету керек.Әкім спортшыларымыздың жаттықтырушылары Анатолий Галечин, Илья Коробейников, Николай Федоренкоға алғысын білдіре отырып, жас шорт-трекшілердің нәтижелерімен мақтанатынын айтты. «Соңғы жылдары жерлестеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүргендігі қуантады. Алда Миланда қысқы Олимпиада өтеді. Әрдайым лицензия мен жүлделерге таласуға мүмкіндігі бар спортшыларымызды қолдаймыз»,-деді әкім өз сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/967458?lang=kk
Жеңіспен оралу: Азия чемпионатының жүлдегерлері Алматыға келді 05.04.2025
Алматы️ халықаралық әуежайында еркін күрестен Қазақстанның ерлер құрамасын қарсы алды.Жүлдегерлер арасында – Ұлттық ұланның спорт командасын даярлау орталығының мамандары — аға нұсқаушылары Азамат Дәулетбеков және Болат Сақаев та бар.Әуежайда спортшыларды Ұлттық ұлан қолбасшылығы, туыстары, достары мен жанкүйерлері күтіп алды.Естеріңізге сала кетейік, ұландықтар мен олардың командаластары Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды.Жиналған көпшілік сөйлеген сөзінде ұландықтар олардың жетістіктері командалық және жанкүйерлердің үлкен қолдауының нәтижесі екенін атап өтті.Ұландық спортшылар рух, еңбек және антқа адалдық жоғары нәтижелерге әкелетінін дәлелдеуді жалғастыруда. Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы сайыстарда жаңа жетістіктер тілейміз! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/967452?lang=kk
Әскери-теңіз күштері: 32 жыл еліміздің теңіз шебінің сенімді күзетінде 05.04.2025
1993 жылдың екінші сәуірі – Қазақстанның әскери теңізшілері үшін ерекше күн. Бұл күні Қазақстан Президентінің Жарлығымен Әскери-теңіз күштері құрылды.Қарулы күштердің бұл түрі қалыптасу мен дамудың түрлі күрделі әрі даңқты кезеңінен өтті. Бүгінгі таңда елдің Әскери-теңіз күштері мемлекеттің теңіздегі қуаты, сенімді және жоғары технологиялық құрамдас бөлігі болып табылады. Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері мемлекеттік шекараны қорғау, Ақтау, Баутино, Құрық порттарын, жасанды аралдарды, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы құбырлар мен кен орындарын күзету міндеттерін орындайды.Әскери-теңіз күштері заманауи зымыран-артиллериямен, мина тартқыш корабльдермен, гидрографиялық кемелермен және десанттық катерлермен жабдықталған. Өткен жылы отандық десанттық «Шапшаң» қайығы іске қосылды. Жылдам жүзетін қайық теңізде операциялар жүргізуге, жағалауға десант түсіруге, оларды атыспен қолдауға, медициналық эвакуациялауға және апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуге арналған.Корабльдер экипаждарын шетелдегі жетекші әскери оқу орындарында оқыған офицерлер басқарады. Былтыр әскери теңізшілер Италия мен Түркия әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінде тағылымдамадан өтті. Оларға Үндістанда, Түркияда, Пәкістанда және Оңтүстік Кореяда тілдік курстар ұйымдастырылды.Әскери теңізшілер өздерінің кәсіби шеберлігі мен әскери-теңіз дағдыларын «Бірлестік» халықаралық оқу-жаттығуында, республикалық оқу-жаттығуларда және Каспий теңізі бойынша жиын-жорықтарда айқын дәлелдеп жүр.Жауынгерлік әзірлікті нығайту, теңіз машығын жетілдіру және озық технологияларды меңгеру міндеттерін орындай жүріп, әскери теңізшілер кәсіби деңгейін, жауынгерлік даярлықты, берік рухты және өз істеріне адалдықты көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/967448?lang=kk
Бразилиямен өңірлік ынтымақтастық кеңеюде 05.04.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 1 сәуір – Елші Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде «Basden Group and Freefaro» компаниясының Бас директоры Педро Энрике Гарсия Деморимен кездесті.Тараптар, келіссөздер барысында Қазақстан мен Бразилияның Парана штаты арасындағы экономика, инвестиция және сауда салаларындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылады. Педро Демори Елшіні Қазақстанға жұмыс сапарының қорытындыларымен таныстырып, Астана мен Алматыда қазақстандық серіктестермен талқылаған бірқатар бизнес жобаларымен таныстырды.Елші сұхбаттасушыға ағымдағы жылдың қаңтар айында Федералдық үкімет жанындағы Парана штаты миссиясының басшысы, хатшы Рубенс Буэно II-мен кездесуі жайлы хабардар етіп, Бразилия үкіметінің Қазақстанның Парана штатындағы Құрметті консулы лауазымына Педро Демори кандидатурасын қарау кезеңі жайында ақпаратпен бөлісті.Тараптар, штат басшылығы, экономикалық бірлестіктер және аймақтың іскер топтарымен кездесулер өткізу үшін биылғы жылы Елшінің Парана штатына жұмыс сапарын ұйымдастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/967444?lang=kk