Қоғам
Конституциялық Сот құқық қорғау органдарына қызметке кіру шарттары бөлігінде «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң нормасының Конституцияға сәйкестігін тексереді 05.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сот «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағы 9) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.Аталған норма заңда көзделген адамдардың жекелеген санаттары үшін құқық қорғау органдарында қызметке мерзімсіз тыйым салуды қоса алғанда, құқық қорғау қызметіне кіру шарттарын айқындайды.Өтініш берушінің пікірінше, дауланып отырған норма оның қызметке қайта кіру құқығын шектейді, сондай-ақ, 2023 жылғы 31 тамыздағы № 27-НҚ нормативтік қаулысына сәйкес келмейді, өйткені ол құқықтық шектеудің мөлшерлестігін қамтамасыз етпейді.Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдады.Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/965686?lang=kk
Облыстық «Daraboz» зияткерлік сайысы. 05.04.2025
Ағымдағы жылдың 27 наурызында Қарағанды қаласында облыстық «Daraboz» зияткерлік интеллектуалдық сайысының облыстық/қорытынды кезеңі болып өтті. Ауданымыздың атынан «№22 жалпы білім беретін» КММ мектебінің 10- сынып оқушысы Қалисәлім Аяулым қатысып, ІІ орынға ие болды!Құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/965685?lang=kk
Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 27 наурызда ауданның мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен ауылдық округтерінің мамандары үшін прокуратура органдары мен полиция бөлімінің қатысуымен семинар өткізілді 05.04.2025
Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 27 наурызда ауданның мемлекеттік мекемелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен ауылдық округтерінің мамандары үшін прокуратура органдары мен полиция бөлімінің қатысуымен семинар өткізілді. Бұл семинарда алаяқтық пен қаржы пирамидаларының алдын алу, атап айтқанда «Asar Baspana» фанан пирамидасының қызметінің алдын алу мәселелері қаралды. Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге қаржы пирамидаларына қатысуға, жаңа қатысушыларды тартуға, сондай-ақ тез пайда табуға уәде беретін тексерілмеген қаржы ұйымдарының оң бейнесін жасауға жол бермеу туралы ақпарат жеткізілді. Сондай ақ ауылдық округ әкімдеріне мүліктік құқық бұзушылықтарға төзбеушілік жасау мақсатында жергілікті тұрғындардың назарына алынған ақпаратқа нұсқау берілді және жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/965682?lang=kk
Антикор халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде 05.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың табысты шетелдік тәжірибесіне негізделген озық тәжірибелер мен стандарттар тұрақты негізде зерделенеді.Ағымдағы жылғы 26-28 наурыз аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және парасаттылықты арттыру мәселелері жөніндегі жаһандық форумына, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның Жария парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты (Париж қ.).Форум жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы өзекті үрдістер мен сын-қатерлерді талқылау үшін әлемнің 90-нан астам елінің сарапшыларын біріктіретін негізгі халықаралық алаң болып табылады.Іс-шарада жасанды интеллект және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үлкен деректерді талдау сияқты заманауи технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.Форум аясында Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағалидің ЭЫДҰ Қаржы және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі директоратының – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға жетекшілік ететін бөлімшенің өкілдерімен екіжақты кездесуі өтті.Келіссөздер барысында Қазақстанның ЭЫДҰ-ның парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобына кіру, сондай-ақ халықаралық коммерциялық мәмілелерде шетелдік лауазымды тұлғалардың пара алуына қарсы күрес жөніндегі ЭЫДҰ конвенциясына қосылу перспективалары талқыланды.Осы бастамаларға қосылу халықаралық ынтымақтастықты, шет елдердің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды кеңейтуге, адамдарды экстрадициялау және заңсыз активтерді қайтару тетіктерін күшейтуге мүмкіндік береді.Қазақстанның форум жұмысына белсенді қатысуы және ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылуы елдің парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық стандарттарына дәйекті міндеттемелігін растайды.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/965675?lang=kk
«Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды 05.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.Талдықорған қалалық соты «Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, «Қазпошта» АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығардыҚұрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды.Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/965643?lang=kk
«Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды 05.04.2025
Бұған дейін, ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментініңдиректоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.Ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңгежымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.Жолдыбаевқа5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.Сот залында сотталған адам қамауға алынды.Үкім заңды күшіне енді.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/965634?lang=kk
Алматы облысында газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр? 05.04.2025
Облыстық газдандыру схемасына сәйкес облыста газды қажет ететін 284 елді мекен бар. Қазіргі уақытта оның 157-сі (55,3%) газдандырылып, 1,2 млн адам (77%) газға қол жеткізді. Облысқа табиғи газ келетін ірі магистральдық газ құбырлары: Алматы-Талдықорған, Алматы-Байсерке-Талғар, 2 желілі Алматы-Байсерке-Талғар, Байсерке-Қапшағай, Ташкент-Бішкек-Алматы, Бұхара газ құбыры, Қазақстан-Қытай және «Шелек-Кеген-Нарынкол» газ құбырлары салынып жатыр. 2023 жылы «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбыры салынды (АБТ газ құбырының учаскесін жою жұмыстары 2025 жылға жоспарланды). Алдағы уақытта газ құбырын «Интергаз Орталық Азия» АҚ-на беру жоспарланып отыр. 2024 жылы 17 елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.Олар: Жамбыл ауданында – Бірлік, Ақтерек, Ақсеңгір, Көкдала, Жайсан, Б. Қыдырбекұлы, Беріктас, Дегерес, Қазыбек бек; Алатау қаласында – Жаңаарна ықшамауданы, Еңбек ықшамауданы, Талғар ауданында – Арқабай, Көктал, Қайнар, Төңкеріс; Ұйғыр ауданында – Бахар, Шарын. Осылайша, облыстың 40 мыңнан астам тұрғынының тұрмыс жағдайы жақсарды.Сондай-ақ, 18 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шықты. Олар: Балқаш ауданында – Береке, Еңбекшіқазақ ауданында – Талдыбұлақ, Сатай, Қаракемер, Нұрлы, Масақ, Достық, Лавар, Қорам, Қаратұрық, Дихан, Қаражота, Шелек-Кеген-Нарынкөл, Қарасай ауданында – Қарасай, Талғар ауданында – Дәулет ауылы. Қонаев қаласы бойынша – МКД, КПР, №19, №20, «Арна», «Спутник», «Рауан» ықшам аудандары. Бұл тағы да 100 мыңнан астам тұрғынды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылы 12 елді мекенді газбен қамту жүйесін жүргізуге бюджеттен 3,75 млрд теңге бөлінді. Олар: Балқаш ауданында – Бақанас, Ақжар, Бояулы, Миялы жаңа ықшамауданы; Жамбыл ауданында – Таңбалытас, Шилібастау, Арқарлы; Талғар ауданында – Еламан, Кіші Байсерке, Дәулет; Ұйғыр ауданында – Тасқарасу; Қарасай ауданында – Сауыншы (РБ – 250 млн теңге, МБ – 3,5 млрд теңге).Сонымен қатар, 29 жобаны дамытуға облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді. Оның 673,8 млн теңгесі Қонаев қаласын кешенді дамыту жоспарына сәйкес 8 шараны жүзеге асыруға жұмсалады. Балқаш ауданында – Бура, Үшжарма, Ақкөл; Еңбекшіқазақ ауданында – Ақши, Қайрат, Балтабай, Бөлек, Аймен, Алға, Қойшыбек, Базаркелді, Космос, Қызылшарық; Талғар ауданында – Өзтерім, Нұра, Туғанбай; Іле ауданында – Құйған; Ұйғыр ауданында – Кіші Дихан, Үлкен Дихан, Қолжат, Кетпен; КПР – «Конаев 2» АГТС, «Жаңа Іле» АГТС, аталған автоматты газ тарату стансаларынан газ құбырларын жүргізу. Қонаев қаласындағы газ магистральдарын кеңейту жұмыстары.Бұл ретте 2025 жылдың соңына дейін облысты газдандыру пайызын 59,8%-ға дейін ұлғайтып, 170 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қалған 114 елді мекен «Алматы облысының 2030 жылға дейінгі өңірлік газдандыру схемасына» сәйкес толық қаржыландырылған соң уақытылы газдандырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965632?lang=kk
2 "IQanat" республикалық олимпиадасының туры 05.04.2025
2025 жылдың 27 наурызында Қарағанды қаласының «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «IQanat» Республикалық олимпиадасының 2-туры болып өтті. Ауданымыздың атынаң 35 оқушы қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/965621?lang=kk
Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу 05.04.2025
2025 жылғы 15 мамырда «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Отбасы-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаны іске асыра отырып, Қостанай облысындағы ең ірі ұйымдардың бірі – «Соколов-Сарбай кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамының қызметкерлері арасында тренинг ұйымдастырды. Қатысушылар бұл іс-шараға үлкен қызығушылық танытты, ал тақырыптың өзі 15 мамыр – «Халықаралық отбасы күніне» орай аса өзекті болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/996883?lang=kk
"RoboLand 2025" Х Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне қатысу туралы 05.04.2025
2025 жылғы 28 және 29 наурызда "RoboLand 2025"Х-ші Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің жарыстары өтті. Осакаров ауданынан барлығы 36 оқушыны қамтитын 20 команда қатысты; Қатысушылар: Ә. Бөкейхан, №8, №9, № 12, Қ. Сәтбаев, Абай мектептері және "Жастар" БЖО.Фестиваль қорытындысы:"Fischertechnik" санатында 1 орынды "№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ "BitRobotics" командасы иеленді, оның құрамындағы оқушылар Бугаев Богдан, Альмухаметова Ильхама, жетекшісі Федоров Ю. В;"Fischertechnik" санатында 3 орынды оқушылар қатарында Нығманов Ілияс, Серікбай Нұрдәулет, жетекшісі Болат Б. "Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)" КММ "Ертемір" командасы иеленді.;"Кедергілер жолағы" санатында 3 орынды "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ "Falcon-9" командасы иеленді, оның құрамында оқушылар Абилов Берік, Ибраев Мирхат, жетекшісі Темірбай С. Т.;"Басқарылатын роботтар минифутболы" санатында 3 орынды Баттал Әбілмансұр, Қайрат Нұржігіт, жетекшісі С.Т. Темірбай "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ "Dragon" командасы иеленді.;"Кегельринг-Квадро Х2" санатында 3 орынды "№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ "BitRobotics" командасы иеленді, құрамында оқушылар Кацапов Илья, Жеңіс Жалгас, жетекшісі Федоров Ю. В.Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз! Халықаралық деңгейге қатысушыларды дайындаған педагогтарға үлкен алғысымызды білдіреміз және одан әрі жеңістер тілейміз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/965612?lang=kk
Өңірде 79 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде 05.04.2025
Өңірде 79 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілудеМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдардағы осал отбасының балалары мен бастауыш сыныптардың оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыру шарасы жүзеге асырыла бастады. Бұл бастама балалардың денсаулығын сақтау және оқу үдерісін қолдау мақсатында қолға алынды.Қазіргі таңда облыс бойынша 399 мемлекеттік мектепте тегін ыстық тамақтандыру қызметі ұйымдастырылған. Осы арқылы облыс мектептерінде 70 176 бастауыш сынып оқушысы, 5-11 сынып аралығындағы 8560 жекеленген санаттағы бала, барлығы 79 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Бұл мақсатта мемлекеттік бюджеттен жалпы 8 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы тамақтандыруды ұйымдастыру мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде облыс мектептеріне 93 өнім беруші қызмет көрсетіп келеді. Бұл жүйе балалардың сапалы әрі қауіпсіз тамақпен қамтылуын қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсету деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/965607?lang=kk
Биыл Ақтөбе облысында 56 ауыл мектебі жаңғыртылады 05.04.2025
Биыл Ақтөбе облысында 56 ауыл мектебі жаңғыртыладыҚазіргі таңда Ақтөбе облысындағы білім беру ұйымдары 100% интернетпен қамтылған. Бұл – өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. 2024 жылы облыстағы 45 мектепке «Starlink» спутниктік интернеті қосылып, осы мектептердің интернет жылдамдығы 4 Мбит/с-тан 150 Мбит/с-қа дейін артты. Бұл жаңашылдық оқушылар мен мұғалімдерге интернеттің жоғары жылдамдығын пайдаланып, білім алу мен оқыту процесін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің бірі – облыстағы мектептердің интернет жылдамдығы. Мысалы, 100 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы интернетке 249 мектеп (57,5%) қосылған болса, 50-80 Мбит/с жылдамдықтағы интернетті 184 мектеп (42,5%) пайдаланып отыр. Бұл көрсеткіштер білім беру процесін онлайн платформалар мен ресурстар арқылы жүргізу үшін қажетті инфрақұрылымның қалыптасқанын дәлелдейді.«Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында жүзеге асырылған шаралар өңірдегі ауыл мектептеріне де жоғары жылдамдықты интернет қызметін жеткізуге мүмкіндік берді.2025 жылға дейін Ақтөбе облысындағы шағын қалалар мен ауылдарда орналасқан 282 мектепті жаңғырту жоспарланды. Осылайша, 2021 жылы - 58, 2022 жылы - 56, 2023 жылы 56 мектеп жаңартылды, 2024 жылы тағы 56 мектеп жаңғыртылды. Ал 2025 жылы тағы 56 мектепті қайта жаңғырту жоспарланып отыр.Сонымен қатар, облыс бойынша барлық мектеп оқулықтары 100% цифрлық форматқа көшірілді. Бұл да білім беру процесін заманауи талаптарға сай дамыту үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Қазіргі таңда 704 электронды оқулық баспа платформаларында орналастырылып, барлық пәндер бойынша 100% қамтуды қамтамасыз етуде. Электронды оқулықтар 11 білім беру платформасында қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/965603?lang=kk
Ұландықтар боксшы Назым Қызайбайға құрмет көрсетті 05.04.2025
Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бокстан үш дүркін әлем чемпионы, Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға құрмет көрсетті.Ефрейтор Назым Қызайбай Ұлттық ұлан сапында 2014 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ол – ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының аға маманы.Ұландық спортшы жақында қазақ боксы тарихын жаңартты. Ол Сербияның Ниш қаласында бокстан өткен әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізген еді. Спортшының елеулі жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.Сонымен қатар ұландық боксшы қаруластарының құрметіне де бөленді. Кеш барысында әскери қызметшіге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әміреев алғыс хат пен гүл шоғын және естелік сый-сияпат табыстады. Сондай-ақ еліміздің және құқықтық тәртіп әскерінің намысын халықаралық деңгейдегі сайыстарда абыроймен қорғап жүргенін айрықша атап өтті.Чемпион қыз сарбаздар мен сардарларға көрсеткен ілтипаты мен жылы лебіздері үшін алғыс бірлдірді.— Бүгін әскери қызметшілермен қызықты кездесу өтті. Ұлттық ұлан әркез маған қолдау білдіріп келеді. Мен үшін бұл – үлкен демеу, әрі мәртебе. Алдағы уақытта да сіздерді жарқын жеңістеріммен қуантуға барымды саламын, — деді Назым Қызайбай.Назым Абайқызы Әскери бөлімнің құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырып, әскери қызметшілермен бірге фотоға түсті.Айта кетейік, Назым Қызайбай бұған дейін 2014 және 2016 жылдары да әлем біріншілігінің жеңіс тұғырынан көрінген еді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/965600?lang=kk
ҚХР-да ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесін өткізу мәселелері талқыланды 05.04.2025
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері құрылымдық бөлімшелері басшыларының бірінші отырысына қатысты. Халықаралық әскери ынтымақтастыққа жауапты ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кездесуі Циндао қаласында өтті. Тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің іс-шаралар бағдарламасын, күн тәртібін, хаттама жобаларын және бірлескен коммюникесін талқылады.Отырыста бұған қоса, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері ынтымақтастық жоспарының жобасы да қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965589?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 13 миллионнан аса қызмет көрсетті 05.04.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) халықпен қарым-қатынас деңгейін жақсарту мақсатында заманауи технологиялар мен сандық шешімдерді көптеп енгізуде. Биылғы 1-қаңтар мен ақпанның 28-і аралығында халыққа шамамен 13,7 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің 4,8 млн астамы электрондық форматта, 8,6 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 98,6% тең болды. Жүзбе-жүз көрсетілетін форматта шамамен 190,3 мың қызмет іске асырылып, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 184,7 мың қызмет жүзеге асырылған.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 529,2 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 5,4 млн үзінді көшірме берілді. Оның 4,4 млн астамы - электрондық, ал 865,0 мыңнан астамы автоматты түрде рәсімделді.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында деректемелерді өзгертуге 28,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 25,9 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 7,1 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 148,3 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 7,6 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 129,2 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/978085?lang=kk
Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүзеге асуда 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №782 Жарлығына және облыс әкімдігінің 18 ақпандағы №47 қаулысына сәйкес, елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүзеге асуда.Биыл көктемгі әскерге шақыру аясында Алматы облысынан 1 746 жас сарбаз Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдеріне аттанбақ. Қазіргі таңда олардың 192-сі ҰҚК Шекара қызметіне жөнелтілді.Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне барып, көктемгі әскерге шақыру науқанының ұйымдастырылу барысымен танысты. Өңір басшысына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Нұрбол Жұмашхан мен оның орынбасары Дулат Акишев шақыру жұмыстарының негізгі кезеңдері мен атқарылған шаралар жөнінде баяндама жасады.Сондай-ақ облыс әкімі «Мобилизациялық дайындықты, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-не барып, мекеме директоры Айдын Бекбосыновтың есебін тыңдады. Одан бөлек, ТОО «Гранит» компаниясының өкілдері өз өндірістері мен әскери мақсаттағы өнімдері туралы таныстырылым жасады.Жауынгерлік қабілет – басты назарда. Өңір басшысы көктемгі шақыру науқанының маңыздылығын атап өтіп, барлық жауапты құрылымдардың үйлесімді әрі ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.“Әскерге шақыру – тек формальды рәсім емес, бұл – еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне тікелей әсер ететін маңызды мемлекеттік процесс. Сондықтан барлық шаралардың заң аясында, әділ және ашық өтуі маңызды. Жас сарбаздар үшін барынша жайлы жағдай жасалып, медициналық тексеру мен дайындық жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс”, – деді облыс әкімі.Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында болашақ сарбаздар медициналық тексеруден өтіп, әскери бөлімдерге жіберілмес бұрын тиісті дайындық шараларынан өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965559?lang=kk
Өскеменде мәслихат депутатын сайлау өтуде 05.04.2025
Таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділігі байқалуда.Алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматтарға кішігірім сыйлықтар берілді.Көптеген тұрғындар ұлттық киім киіп келіп, дәстүрге деген құрметін білдіруде. Учаскелерде жылы атмосфера орнап, қонақтарға бауырсақ пен қазақтың түрлі тәттілері ұсынылуда.№116, №117, №118 сайлау учаскелері орналасқан №27 мектептің алдында жәрмеңке ұйымдастырылды.Қалалық мәслихат депутатын қосымша сайлау аясында 22-ші округ бойынша дауыс беру учаскелері келесі мекенжайларда орналасқан:📍 №112 сайлау учаскесі – Дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернат, Западный тұйық көшесі, 96.📍 №116 сайлау учаскесі – №27 мектеп, Бажов көшесі, 339/1.📍 №117 сайлау учаскесі – №27 мектеп, Бажов көшесі, 339/1.📍 №118 сайлау учаскесі – №27 мектеп, Бажов көшесі, 339/1.📍 №119 сайлау учаскесі – №10 ЦТУ, Бажов көшесі, 546.🕗 Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965551?lang=kk
Құрметті қостанайлықтар! 05.04.2025
Сіздерді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтаймын!Бұл – еліміздің дамуына жаңа жол ашқан маңызды тарихи оқиға.Жаңа Конституция әділдікке, заңның үстемдігіне, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігіне және ел бірлігіне негізделген.Бұл құжат Қазақстан халқы қуатты, заманауи әрі өркендеген мемлекет құруға ортақ мақсатын көрсетеді.Жаңа Конституциядағы нормалар еліміздің және әр өңірдің дамуына берік негіз болады деп сенемін. Оның толық іске асуы – еліміздің бірлігіне, жауапкершілігіне және белсенді азаматтық ұстанымына байланысты.Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір, татулық және Қостанайымыз бен Қазақстанымыздың игілігі жолындағы жаңа табыстарға жетуді тілеймін!М.ЖундубаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1251458?lang=ru
Өскемен қаласында сайлау учаскелері ашылды. 05.04.2025
Қалалық мәслихат депутатын қосымша сайлау аясында 22-ші округ бойынша дауыс беру басталды. Учаскелер сағат 7:00-ден бастап дауыс берушілерді қабылдауға кірісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965548?lang=kk
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы 2-ші дәрежелі ескерту № 45 30.03.2025ж. 05.04.2025
30 наурыздың сағат 20.00-ден 31 наурыздың сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965547?lang=kk