Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ақтау гарнизонының теңізшілері парадқа дайындалу үшін Астанаға жолға шықты 05.04.2025
Ақтау гарнизонындағы Әскери-теңіз күштерінің офицерлерінен, старшиналары мен матростарынан құралған 150-ден астам әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық үшін Астанаға шықты. 7 мамырда Астанада өтетін салтанатты парадқа қатысатын теңізшілерді туған-туыстары вокзалда зор ықыласпен және мақтанышпен шығарып салды.– Ұлымды мақтан тұтамын, – деді матрос Әли Битевтің анасы Гүлмира Қалмұратова, – ол алты айдан бері әртекті корабльдер  дивизионында әскери корабльде қызмет етіп келеді. Парадқа қатысу – бұл үлкен мәртебе және мұндай мүмкіндік бәріне бірдей беріле бермейді. Барлық теңізшілерге осы жауапты миссияны орындауда сәттілік тілеймін. Әскери парадқа әртүрлі бөлімшелердің теңізшілері, соның ішінде әртекті корабльдер дивизионы, десанттық-шабуылдау батальоны, гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі, коменданттық рота және Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу орталығы қатысады.Шеруге дайындық қарқынды жүріп жатыр және әскери қызметшілердің әрқайсысы бұл күннің ел үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Олар өздерін машығын және Астанадағы Жеңіс парадында Қазақстанның Әскери-теңіз күштерін лайықты деңгейде көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965543?lang=kk
Әскери теңізшілер Жеңіс парадына дайындалуда 05.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге Ақтау гарнизонынан 150-ге жуық теңізші қатысады.Әскери теңізшілер елордада өтетін салтанатты шараға дайындығы қарқынды жүріп жатыр. Әртекті кемелер дивизионының жеке құрамынан 30-ға жуық теңізші, десантты-шабуылдаушы батальонынан 40 теңіз жаяу әскері, гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің 25 жауынгері және әскери-теңіз базасы басқармасының 30 әскери қызметшісі қатысады.Олар қазір әскери-теңіз базасы мен әскери пирсте саптық дайындық элементтерін жетілдіруге жаттығып жатыр.– Бүгін біз саптық байқау өткіземіз. Содан кейін жеке құрамның күшейтілген дайындығы жалғасады. Көп ұзамай парадқа қатысатын әскери қызметшілер елордаға жол жүреді, – деп атап өтті әскери-теңіз базасының командирі полковник Есенғали Байботаев.Дайындық әскери қызметшілерден қатаң тәртіп пен ұйымшылдықты талап етеді. Өйткені әр элемент жетілдірілуі керек. Теңізшілердің жаттығуы елордада Әскери-теңіз күштерінің сап дайындығын лайықты паш ете аларлық нақты жоспарға сәйкес ұйымдастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965537?lang=kk
Ұлттық ұлан самбодан Қорғаныс министрінің чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді 05.04.2025
Алматы қаласында орналасқан Армияның орталық спорт клубының базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған самбодан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ашық чемпионаты өтті.Бәсекеге толы күрестің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:1 орын –  АОСК, 2 орын – Ұлттық ұлан, 3 орын – Арнайы операциялар күштері.Командалық жетістіктерден бөлек, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жекелей сында да жоғары нәтижелер көрсетті:71 кг дейінгі санатта қатардағы Нұрсейітов Нұрсұлтан (6654 әскери бөлімі)  3 орын;98 кг жоғары санатта қатардағы Санжар Жабборов (5573 әскери бөлімі) 3 орын;88 кг дейінгі санатта қатардағы Қуанов Азат (6655 әскери бөлімі) 1 орын;98 кг дейінгі санатта қатардағы Болат Сапар (5451 әскери бөлімі) 1 орын иеленді.Жеңімпаздар жарыс туралы әсерімен де бөлісті.- Чемпионатқа дайындық өте қарқынды болды, соның нәтижесін көрдік. Бұл турнир мен үшін күш пен рухтың сынағы ғана емес, сонымен қатар Ұлттық ұланның намысын қорғауға мүмкіндік берді. Мен Бас қолбасшылық пен жаттықтырушыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын!  - деді чемпион Азат Қуанов.Еске салайық, турнирдің құрметті қонақтары қатарында ҚР Парламентінің депутаттары, күш құрылымдарының басшылары мен танымал спортшылар болды. Жарысқа еліміздің күштік ведомстволарының түрлі құрылымдарынан 28 команда қатысты.Ұлттық ұлан өкілдері жауынгерлік рух пен мызғымас ерік-жігер көрсетіп, әрқашан жеңіске жетуге дайын екендіктерін байқатты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/965533?lang=kk
Ұлттық ұлан әскери қызметшісі жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті 05.04.2025
Астана – Степногорск автожолында Hyundai Creta және Chevrolet Niva көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.Осы сәтте Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 3517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі  Ақкөл ауылынан  Степногорск қаласына бара жатқан еді.Оқиғаны байқаған қатардағы Бауыржан Ахметов бірден зақымдалған көліктерге жақындап, жарақат алған жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.— Мен тек өзімнің міндетімді орындадым. Қиын сәттерде әскери қызметшілер әрдайым адамдарға қол ұшын созуы керек, — деді аға санитарлық нұсқаушы Бауыржан Ахметов.Әскери қызметшінің жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендердің жағдайы медицина қызметкерлері келгенге дейін тұрақталды.Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ұландықтың кәсібилігін жоғары бағалап,  оның әрекеттерінің дұрыс болғанын атап өтті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/965532?lang=kk
Аудан әкімі жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке қабылдады. 05.04.2025
Бүгін аудан әкімі жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.Қабылдауға жиыны 5 тұрғын қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелері бойынша сауалдарын жеткізді.Аудан басшысы әр мәселе бойынша заң аясында түсіндірме беріп, тиісті сала басшыларына шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/965517?lang=kk
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы тиісті сала басшыларымен бірге Шәкәрім көшесінде жүргізілетін жаяу жүргіншілер жолы құрылысының жобасын талқылады. 05.04.2025
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы тиісті сала басшыларымен бірге Шәкәрім көшесінде жүргізілетін жаяу жүргіншілер жолы құрылысының жобасын талқылады.Жұмыс барысын егжей-тегжейлі қарастыра отырып, құрылыстың сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын ескере отырып, жаяу жүргіншілер жолын салу кезінде заманауи стандарттар мен талаптарды сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/965516?lang=kk
Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті 05.04.2025
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев терроризмге қарсы орталық пен облыстық комиссияның хаттамалық шешімдерінің, ақпараттық қажеттілік тізбесінің орындалуы туралы баяндады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков тәуекел топтармен жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды. Этносаралық қарым-қатынастар мен этностар арасындағы қақтығыстардың алдын алуда атқарылған жұмыстарды облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов айтты.Жиында облыс әкімі көтерілген мәселелерге қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы терроризмге қарсы орталық пен облыстық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қатаң бақылауға алып, шараларды толық әрі сапалы жүзеге асыруы тиіс. Профилактикалық шаралардың сапасын арттыруда Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері, жауапты мемлекеттік органдар әдістемелік көмек көрсетуі керек. Облыстық дін істері басқармасына тәуекел топтармен жүргізілетін профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру үшін ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын жетілдіру жүктелді.Аймақ басшысы этносаралық қарым-қатынас ерекше бақылауды қажет ететін маңызды мәселе екенін атап өтті. Өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының көмегімен этнос өкілдері көп шоғырланған жерлердегі профилактикалық және мәдени-көпшілік іс-шараларға оларды кеңінен тарту, этносаралық достық пен татулықты насихаттау әрдайым назарда болуы керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965497?lang=kk
Жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде 05.04.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен республикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде жаңа энергетикалық қуат көздерін ұлғайту, батыс өңірінің желілерін бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу, оңтүстік өңір желілерінің қуатын күшейту, энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайызы аяқталды.Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді. Биыл 4 тоқсанда аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігіне пайдалануға беріледі. Жаңа орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге газ құбыры тартылды.Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін Катар еліне іссапар кезінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу-газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағынан берілген 280 гектар жерге салынады. Аталған мегажобаны 2028 жылы толығымен іске қосу жоспарланған.Қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» 500 киловольттық жоғары қуатты электр желісі тартылады. Аймақта 10 мыңнан аса шақырым электр желісі мен 2 000 аса қосалқы станция бар.Олардың тозу деңгейі 62% құрайды. Энергия үнемдеудің жаңа технологияларын қолданып, тозған желілерді азайту үшін өткен жылы 741 шақырым электр желісі мен 127 қосалқы станция жаңғыртылды. Биыл 15 млрд. теңгеге 3 ірі қосалқы станция, 314 шақырым әуе желісі және 127 қосалқы станцияны қайта жаңғыру қолға алынбақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965493?lang=kk
Ұлыстың Ұлы күніне арналған концерт Эстонияда жалғасты 05.04.2025
Сыр елі өнерпаздарының Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын түсіндіру, тәжірибе алмасу мақсатындағы өнер сапары жалғасуда. Халқымыздың ұлттық мұрасын әлем жұртшылығына таныстыратын «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» концерті бұл жолы Эстонияның Таллин қаласында өтті. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен өнерін ұлықтаған Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары қазақтың ән-жырын әуелетіп, көрермен ықыласына бөленді.Концерттің ашылуында сөз алған Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Күлгінов өнер ұжымына қолдау көрсеткен аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевқа алғысын айтты.Шараны 30 мемлекеттің елшілері мен дипломаттары, жергілікті қазақтар мен таллиндіктер барлығы 200-ден астам көрермен тамашалады. Келуші қонақтарға қазақтың түрлі ұлттық тағамдары ұсынылып, наурыз дәмі үлестірілді.Эстон фольклоры қазақ ауыз әдебиеті секілді ұрпақ бойына сан ғасырлық тағылым сіңіретін мұраға бай, яғни біздің халықтың мәдениетімен мазмұндас келеді. Терең тәрбие мен сыйластыққа шақырады. Сол себепті жиналған қауым өнер сапарымен келген шығармашылық ұжымды зор қошеметпен қолдады. Мерекелік концерт «Жарапазан» жырымен басталып, қазақ дәстүрімен шашу шашылды. «Тойбастар» шырқалып, Наурыз-думанға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары, диаспора мүшелері мен шетелдік студенттер қазақ музыкасы және дәстүрлері жайлы мол мағлұмат алды.Ұлттық музыканың ұлы жауһарларын төрткүл дүниеге танытып жүрген «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің (Жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), Сыр мәдениетінің майталмандары Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Самал Байсейтова, Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бағдәулет Қарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Тоқтар Ағыраев, Ақнұр Аманбаева, Сәбит Ділдабаев, Алмас Әлжанов, Заманбек Нысанбаев, Арман Төлештің өнерін таллиндік талғампаз көрермен жоғары бағалады.Концертке келушілерге ұлттық нақышта жасалған сый-сияпаттар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965492?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагері Василий Зинченконы құттықтады 05.04.2025
29 наурызда Ұлы Отан соғысының қатысушысы Василий Иванович Зинченко 101-ші туған күнін атап өтті. Қарияны Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары, әкімдік пен ҚР Қарулы күштері ардагерлер кеңесі филиалының өкілдері құттықтады.Ардагердің қаһармандық жолына терең құрмет көрсете отырып, оған Ұлы Жеңіске, бейбітшілікке қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтып, Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын табыс етті.Мерейтой иесі шын жүректен жылы лебізін білдіріп, майдан жылдары мен соғыс уақытындағы ауыр сынақтар туралы естеліктерін әңгімелеп берді.Василий Иванович Ленинград, 2-ші Украина және Беларусь майдандарында шайқасты. Ол Сталинградты қорғауға, Польша мен Украинаны азат етуге және Берлинге шабуыл жасауға қатысты. Германия астанасында фашистік Германияны жеңді.Соғыстан кейін Алматыға оралып, көп жылдар бойы жергілікті сүт комбинатында еңбек етті. Жұбайымен бірге үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан жеті немере, он үш шөбере және екі шөпшек сүйді.Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Василий Зинченко Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және "Сталинградты қорғағаны үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965465?lang=kk
Алматыда күштік құрылымдар арасында ең мықты самбо спортшылары айқындалды: Армия орталық спорт клубы үздік атанды 05.04.2025
Армияның орталық спорт клубында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған күштік құрылымдар арасында самбодан чемпионат өтті.Турнирдің құрметті қонақтары қатарында Халық қаһарманы генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, күш құрылымдарының басшылары және белгілі спортшылар болды.– Сіздерді Армияның орталық спорт клубында көргеніме қуаныштымын. Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті ретінде біз бейінді министрлікпен бірлесіп самбоны дамыту жүйесін жетілдіру және оны өңірлерде қаржыландыруды ұлғайту үшін қадамдар жасап жатқанымызды атап өткім келеді. Спорттың осы түрімен жаппай қамту үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған самбо секцияларын ашамыз, – деді Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов федерация қызметінің бағытын нақтылай түсіп.Чемпионатқа Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, өзге де құрылымдардан 26 командадан 140-тан астам спортшы қатысты. Татами шеберлері жеті салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы құрамасы Ұлттық ұлан мен Арнайы операциялар күштерінен басым түсіп, жеңіске жетті.58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеке есепте Айбек Қалимов (Десанттық-шабуылдау әскерлері), 64 келіге дейін – Жандос Бейсенбаев (Арнайы операциялар күштері), 71 келіге дейін – Арнұр Қуатай (АОСК), 79 келіге дейін – Санжар Нұрсейіт (АОСК), 88 келіге дейін – Азат Қуанов (Ұлттық ұлан), 98 келіге дейін – Болат Сапар (Ұлттық ұлан), 98 келіден жоғары – Әділ Оразбаев (АОСК) чемпион атанды.Жарыс алдындағы іс-шарада қатысушылар үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қазақ күресінен әлем чемпионы капитан Ғұмар Қырғызбаев, қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы қатардағы жауынгер Жұмажан Қожамбеков, самбодан әлем чемпионы қатардағы жауынгер Есентай Имаханов және самбодан әлем чемпионатының жүлдегері сержант Арнұр Қуатай аудару, партерде ұстау және тепе-теңдіктен шығару элементтері бар техникалық әдістерді көрсетті.Айта кету керек, қазақ күресінен жарыс 30 наурызда басталады. Бұл осы жылдың 12-16 тамызы аралығында Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен өтетін әлем чемпионатына Қазақстан командасын қалыптастыру үшін іріктеу кезеңдерінің бірі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965462?lang=kk
Егістіктен – сөреге: Көкшетауда алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті 05.04.2025
Бүгін Көкшетаудағы «Тәуелсіздік» алаңы нағыз гастрономиялық мерекеге айналды – биылғы жылдың алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл шара Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген тауар өндірушілерді бір шаңырақ астына жинады. Ет, сүт өнімдері, бал, жаңа ауланған балық, ұн, көкөністер, жарма, кондитерлік тағамдар – барлығы 70-тен астам өнім түрі, жалпы салмағы 82 тоннадан асатын тауар қала тұрғындары мен қонақтарына нарықтағы бағадан 10-15% төмен ұсынылды.Жәрмеңке аумағында 45 павильон құрылып, әрқайсысы белгілі бір өнімге арналды: бірінде – ет, екіншісінде – сүт өнімдері, үшіншісінде – ұн, ал төртіншісінде – көкөністер. Самауыр қайнап, әсем әуен шырқалып, балалар концертті тамашалап жатқанда, ересектер арбалары мен сөмкелерін толтыра бастады. Жәрмеңке аясында қарт адамдарға еріктілер көмектесіп, ауыр сөмкелерін көтеріп берді.«Алдағы Ораза айт мерекесі қарсаңында облыс орталығында биылға алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырдық. Бұл – әр отбасы үшін ерекше дайындық кезеңі. Жәрмеңке – халыққа қажетті азық-түлікті тиімді бағада сатып алуға, ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өнімдерін тиімді өткізуге де тамаша мүмкіндік», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Жәрмеңкеге Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Шортанды, Сандықтау, Біржан сал аудандарының, сондай-ақ Көкшетау, Степногорск қалалары мен «СПК Көкше» акционерлік қоғамының өндірушілері қатысты.«Біздің халық үшін жәрмеңке тек сауда орны емес, ол – бірлік пен берекенің көрінісі. Адамдар азық-түлік алып қана қоймай, концерт тамашалап, би билеп, бір-бірімен қауышып жатады. Бұл – біздің мәдени кодымыз. Оның үстіне, мұндай шараның қасиетті Рамазан айының соңғы күні ұйымдастырылуы ерекше мәнге ие. Бұл – көктемнің, молшылық пен мейірімнің жаршысы іспетті», – дейді көкшетаулық тұрғын Әлия Ахметова.Жәрмеңкеде өнім ұсынғандардың арасында тәжірибелі кәсіпкерлер де бар. Солардың бірі – Біржан сал ауданындағы «Шәріпов» шаруа қожалығының өкілі Әлия Оразова.«Біз жәрмеңкелерге жыл сайын қатысамыз, өзім осында 13-рет келіп тұрмын. Біздің аудан, ең алдымен, сүт өнімдерімен танымал. Май, ірімшік, құрт, сүзбе – бәрін әкелдік. Әрине, ет те бар. Ақмолада сиыр еті сапасымен ерекшеленеді, сұранысқа ие. Көпшілік бізді таниды, арнайы іздеп келетіндер де аз емес», – дейді ол.Жәрмеңке тек азық-түлікпен ғана емес, мәдени шаралармен де есте қалды. Сахна төрінде аудан өнерпаздары ән шырқап, ұлттық билер орындалды. Сауда қатарларында бал, жаңа піскен нан, жұмыртқа, өсімдік майы сынды өнімдер ұсынылды. Жалпы, 100 мыңнан астам жұмыртқа, 30 тонна ет өнімдері, 16 тонна көкөніс, 2,6 мың литр май сатылымға шығарылды.Ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңкелердің тұрақты түрде өтетінін айтты. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, осындай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табады.«Өтетін күндері туралы алдын ала хабарлап отырамыз. Басты мақсат – жергілікті аграршыларды қолдап, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету», – делінген ұйымдастырушылар ақпаратында.Жәрмеңкеге жиналған халықтың көңіл күйіне қарап, бұл шара сауда алаңынан гөрі дәстүр мен жаңашылдық, адамдар мен көктемнің тоғысар мекеніне айналғанын аңғаруға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/965448?lang=kk
Үкіметте өңірлердегі инвестициялық жобаларға қажетті инфрақұрылымның тізімі әзірленеді 05.04.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қаралды.Қазақстанның ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 3,9%-ды құрайды. Саланың биылғы экономикалық өсімінің міндеті – өткен жылдың көрсеткішіне +2%-ды қамтамасыз ету. Биылғы екі айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,2%-ға ұлғайып, 434,1 млрд теңге болды. АӨК субъектілерін ұзақмерзімді мемлекеттік қолдау тәсілдерін іске асыру есебінен жоспарланған индикаторға қол жеткізу қарастырылып отыр.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың дерегінше, көктемгі егіс жұмысын жеңілдікпен несиелендіруге қол жеткізудегі маңызды фактор – 2024 жылы несиені ӘКК арқылы алудың мүмкіндігі. Енді шаруалар көктемгі егіс жұмысына алты арна арқылы жеңілдігі бар несие ала алады: Аграрлық несие корпорациясы, ӘКК, екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, өңірлік инвестициялық орталықтар және МҚҰ. Бүгінде жалпы сомасы 367,3 млрд теңгеге 5 мыңға жуық өтінім келіп түсті. Берілген несие көлемі бойынша ӘКК көш бастап тұр (берілген қаражаттың жалпы көлемінің 39%-ы).Сонымен қатар кепілдік базасы жеткіліксіз фермерлер үшін көктемгі дала жұмыстарына арналған қарыз сомасының 85% мөлшерінде кепілдік беру бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Осы жылы жалпы кепілдік сомасы 85,9 млрд теңгеге 502 кепілдік берілді. Қарыз сомасы 101,1 млрд теңге. Өткен жылы 80 млрд теңге кепілдік сомасына 401 өтінімге кепілдік берілді. Несие сомасы 94,2 млрд теңге.Азық-түлік өнімін өндіру саласында биылғы екі айда қант өндірісі (15,2 мың тоннадан 65,6 мың тоннаға дейін), өсімдік майы 26,7%-ға, шұжық өнімі 12%-ға, сары май 11,2%-ға, ұн 6,8%-ға және ашытылған сүт өнімі 3,5%-ға өсті. Азық-түлік өндірісін одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Жоспар шеңберінде 2024 жылы 30 млрд теңгеден астам сомаға 37 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Бұл ірімшік, ет өнімі, өсімдік майы, жарма және басқа да өнімдер өндіретін кәсіпорындар. Алдағы үш жылда 176 млрд теңгеден астам сомаға 58 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.«Өңдеу кәсіпорындарына көктемгі егіс жұмысын несиелендіруге ұқсас айналым қаражатын толықтыруға жылдық 5%-бен 48,5 млрд теңге бөлу көзделіп отыр», — деді Азат Сұлтанов.Ауыл шаруашылығы министрлігін тыңдағаннан кейін вице-премьер өңірлердің алдына АШМ ұсынымдарын ескере отырып, егіс алқаптарын әртараптандыруды жалғастыру міндетін қойды.«Сұранысқа ие және жоғары маржалық дақылдарды өсіруге көшу керек. Бұл ауыл шаруашылығының экономикалық өсуін қамтамасыз ету бойынша қойылған индикаторды орындауға қол жеткізудің жалғыз жолы ғана емес. Үкіметтің инвестицияларға тапсырысы шеңберінде азық-түлікті қайта өңдеу және өндіру жөніндегі жобаларға өтінімдерді жинау бойынша жұмыс әлсіз жүргізіліп жатыр. Барлық өңірлер кәсіпкерлерге Аграрлық несие корпорациясы арқылы несиеге қол жеткізудің мүмкіндігі туралы хабарлауы қажет», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Павлодар облысында қаңтар-ақпанда қысқамерзімді экономикалық өсім өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда – 5,9%-ды құрады. 2030 жылға дейін 12 370 жұмыс орнын ашатын, құны 6,8 трлн теңге болатын 85 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Олардың ішінде 5 ірі металлургиялық жоба бар. Олар 2028 жылға қарай өңірдің металлургия саласы өндірісінің көлемін 29,4%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл қуаты 160 мың тонна және 240 мың тонна екі ферроқорытпа зауытының, қуаты 89,6 мың тонна Ақсу электр металлургия зауытының, көлемі 35 мың тонна техникалық кремний өндіру зауытының құрылысы. Сонымен қатар Екібастұзда 60 мың тоннаға ферроқорытпа өндірісін ұйымдастыру жобасы бар.Металлургиялық кәсіпорындар өнімінің өзіндік құнының құрылымында электр энергиясы елеулі үлесті алады. Штаб отырысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбек бүгінгі таңда қолданыстағы электр энергиясының бірыңғай тарифі аумақтың қашықта орналасуына және қосылу нүктесіне қарамастан өнімнің өзіндік құнының айтарлықтай өсуіне және осы жобалардың өндірістік шығындарының артуына әкелетінін атап өтті. Аса ірі жобаларға инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңінде бірыңғай жеңілдігі бар инвестициялық тарифті енгізу мүмкіндігі мәселесі көтерілді. Сонымен қатар әкімнің орынбасары «Kazferro Limited» ЖК жобасын іске асыру үшін Екібастұз индустриялық аймағына және «Павлодар» АЭА-ға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) жүргізуді қаржыландыру қажеттігін атап өтті. Вице-премьер Табиғи монополияларды реттеу комитетіне электр энергиясының тарифі бойынша мәселені қарауды, ал ИКИ жүргізуге арналған өтінімді өңірлердің қажеттіліктерінің жалпы парағына енгізуді тапсырды. СҚО-да өткен екі айдағы экономиканың өсу қарқыны 11,1%-ды құрады. 2024-2028 жылдары 7193 жұмыс орнын ашатын 51 инвестициялық жобаның пулы әзірленді. Оның 15-і 2024 жылы іске асырылса, биыл 1119 жұмыс орны құрылатын 87 млрд теңгеге тағы 11-ін пайдалануға беру жоспарлануда.СҚО әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындаған бірқатар мәселені көтерді.Бірінші кезекте, қажетті инженерлік инфрақұрылымды субзоналарға жеткізу және 21 қатысушы тіркелген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы қызметінің басым түрлерінің тізбесін кеңейту. Екіншісі – Петропавлда тұрмыстық қатты қалдықты көмуге арналған полигон салу. Биыл қолданыстағы полигонды пайдалану мерзімі аяқталатындықтан, жаңасын салу қажет. Өңірден берілген өтінімді қаржыландыруға қаржы бөлу үшін оны келісуді жеделдету қажет.Отырыс қорытындысы бойынша вице-премьер Ұлттық экономика министрлігіне бірінші тоқсан қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды дамытуды тежейтін өңірлердің инженерлік-инфрақұрылымдық тізімін және бюрократиялық кедергілерді Үкімет деңгейінде жедел шешу үшін дайындауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/965416?lang=kk
Десантшылар үйіне оралды: Астанада запасқа шыққан әскерилерді қарсы алды 05.04.2025
Елордалықтар мен қала қонақтары елорда теміржол вокзалында Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет өткерген сарбаздарды қарсы алды.Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында өткен қала әкімдігінің бұл іс-шарасы әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталды. Десантшыларды Қарулы күштердің ардагерлері, ауған жауынгерлері мен ата-аналары қарсы алды.– Бүгін біз Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 32363 әскери бөлімінде қызмет еткен 27 сарбазды қарсы алдық. Өткен жылы үздіктердің үздігі ғана  іріктеуден өтіп, осы әскери бөлімге жолдама алған болатын, – деді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов. – Маусым айының соңына дейін Астанаға өткен жылдың көктемінде шақырылған 1000-нан астам жас оралады. Наурыз-маусым айларында олардың орнына 1200-ге жуық жас әскерге жіберіледі.Әскери қызметтен өткен азаматтар үшін жұмысқа орналасу мен жоғары білім алуда жаңа перспективалар ашылғанын атап өткен жөн. Олар жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсуге құқылы. Ал жауынгерлік дайындық үздіктері грантпен тегін жоғары білім ала алады.Кіші сержант Қуаныш Ибрагимов өз болашағына сенімді.– Бұл кезең менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Күн сайын қиындықтарды жеңуге тура келді. Әрбір тапсырма, жаттығу мені келесі деңгейге көтеріп, жауапкершіліктің, тәртіп пен серіктестіктің мағынасын түсінуге көмектесті. Алған тәжірибем өмірде тез шешім қабылдауға және жауапкершілікті сезінуге көмектеседі, – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965414?lang=kk
Гвардейск гарнизонының артиллеристері Астанадағы Жеңіс парадына қатысады 05.04.2025
54-ші артиллериялық құраманың жүзге жуық әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындыққа қатысу үшін елордаға аттанды.Жеке құрам өздерімен бірге шеру өтетін жерге Шпагин пситолет-пулеметтерін, 7,62 мм калибрлі «Максим» пулеметтерін, Орал-4320 базасындағы «Прима» реактивті жүйесінің жауынгерлік машиналарын және 2А65 152 мм гаубицаларын әкелуде.– Біздің әскери қызметшілер қарқынды дайындықтан өтті және Гвардейск гарнизоны мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы атынан шеруге қатысуға дайын, – деді құрама командирі полковник Дәулет Жорғатаев.54-ші артиллериялық құраманың тарихы 1941 жылы Барнауыл қаласында құрылған 828-ші артиллерия полкінен басталады. 1942 жылы 3 наурызда бір бөлігі Батыс майданға аттанып, онда 51-ші армияның 298-ші атқыштар дивизиясының құрамында ірі жауынгерлік операцияларға қатысты.1942 жылғы 23 қарашадан 1943 жылғы 3 ақпанға дейінгі Сталинград шайқасы кезінде полк жау тобын қоршауға алып, жою шайқастарына қатысты. Көрсеткен ерлігі үшін бөлімге құрметті гвардиялық атағы берілді. Кейін171-ші гвардиялық артиллериялық полк болып өзгертілді. 1946 жылы маусымда құрама Самарқандқа, ал 1970 жылы Жамбыл облысының Гвардейск кентіне көшірілді. – Жеңіс шеруіне қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Үлкен атам Нұрмұхан Есімов пен оның бауыры Нұрғазы Ұлы Отан соғысы майданында соғысқан. Елордада өтетін осы маңызды оқиғаға қатысу құрметіне ие болғанымды мақтан тұтамын, – деп атап өтті гвардия қатардағы жауынгері Ілияс Есімов.Аға буынның жауынгерлік дәстүріне адал артиллериялық құрама әскери қызметшілерінің Жеңіс шеруіне қатысуы – фашистік басқыншылармен болған қанды шайқаста бейбітшілік үшін қан төккен қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне көрсеткен құрмет болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965411?lang=kk
Танзания Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуде 05.04.2025
Дар-эс-Салам, 2025 жылғы 27 наурыз – Біріккен Танзания Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі және Танзаниядағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы Еркін Ахинжановтың Танзания Сыртқы істер министрінің орынбасары, Парламент депутаты Денис Лондомен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды, білім беруді және гуманитарлық өзара іс-қимылды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, визалық мәселелерге ерекше назар аударылды. ҚР азаматтары келгеннен кейін алдын ала өтінішсіз виза ала алатын елдердің қатарына қосу туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақ тарапы бұл қадамды екі ел арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосылған үлес ретінде бағалап, ризашылығын білдірді.Елші Танзания тарапына елімізде жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Қазақстанда жоспарланған ірі халықаралық іс-шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Астана халықаралық форумы (AIF2025) – әлемдік сын-тегеуріндерді талқылауға арналған жаһандық платформа және діни мен саяси көшбасшылар арасындағы диалогқа ықпал ететін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі ұсынылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/965400?lang=kk
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша алматылықтардан түскен өтінімдер саны 18 есе өсті 05.04.2025
Алматының дамуындағы маңызды бағыт «Халық қатысатын бюджет» жобасы (ХҚБ) болып табылады, онда қала тұрғындары өтінім береді және іске асыру үшін тиісті жобаларды таңдайды. 2024 жылы ХҚБ аясында 18,8 млрд теңге сомасына 364 жоба іске асырылды, деп хабарлайды қалалық қаржы басқармасы.Бұл ретте алматылықтардан берілген өтінімдер саны «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы іске қосылған 2019 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 18 есеге өсті. Содан кейін тұрғындардан барлығы 333 жобалық ұсыныс келіп түсті, ал 2024 жылы – 6118 өтінім. Оның ішінде өткен жылы дауыс беруге 1402 жоба және іске асыруға – 316 жоба жіберілді.Айта кетейік, үш жыл ішінде Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында 39,1 млрд теңгеге 938 жоба іске асырылды. ХҚБ жобаларына 2025 жылға арналған қала бюджетінде 17 млрд теңге қарастырылған.Естеріңізге сала кетейік, осы бағдарлама аясында тұрғындардың өздері абаттандыру идеяларын ұсынады, оларды жоба деңгейіне дейін пысықтайды, содан кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдайды. ХҚБ бағдарламасының арқасында Алматыда жаңа саябақ-жағалау аймақтары, қоғамдық кеңістіктер құрылуда, ескі аулалардың келбеті жақсаруда, жаяу жүргіншілер аймақтары, балалар алаңдары, аллеялар және басқа да нысандар абаттандырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/965384?lang=kk
Қазақстан мен Марокко парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда 05.04.2025
Рабат, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан-Марокко парламентаралық достық тобының төрағасы, Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының Қаржы және экономикалық даму комитетінің мүшесі Абделқадер Тахармен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келуін қошеметтеп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Екі ел парламент төрағаларының саяси диалогын дамыту және олардың өзара сапарларын ұйымдастыру үшін маңызды қадам ретінде Қазақстан мен Марокко парламенттері арасында достық тобының кезекті отырысын Астанада өткізу жөнінде сөз қозғалды.А. Тахар ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Мароккоға ресми сапарының нәтижелерін жоғары бағалап, 2025 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық төлқұжаттардың иелері үшін визасыз режим туралы келісім күшіне енуімен екі бауырлас ел арасында байланыстарға жаңа серпін беретіндігіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/965377?lang=kk
Қазақстан Елшісі Танзания Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 05.04.2025
Дар-эс-Салам, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі, Мозамбик Республикасындағы және Біріккен Танзания Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы Еркін Ахинжанов Танзания Президенті Самия Сұлуху Хасанға сенім грамоталарын табыс етті.Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында өткен сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасына тоқталды. Саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жан-жақты нығайтуға бағытталған дәйекті саясатты жалғастырудың маңыздылығы аталып өтті.Танзания Президенті Қазақстанның осы елдегі тұңғыш Елшісі Е. Ахинжановқа дипломатиялық миссиясында табыс тілеп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту өзара өркендеу мен дамуға ықпал ететініне сенімін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/965401?lang=kk
Колледжде «Заң және тәртіп: Әділеттіктің басты шарты» тақырыбында дәріс өтті 05.04.2025
Ағымдағы жылдың 28 наурызында Алматы технология және флористика колледжінде «Заң және тәртіп: Әділеттіктің басты шарты» тақырыбында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымовпен кездесу өткізілді.Өз сөзінде Жарқын Ғалымов құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы жастардың маңызды рөлін ерекше атап өтті. Ол елдің болашағы жастардың азаматтық белсенділігіне, құқықтық санасы мен жауапкершілігіне, сондай-ақ әділдік және парасаттылық қағидаттарына деген адалдығына тікелей байланысты екенін айтты.Сонымен қатар, академиялық адалдық тақырыбы қозғалып, жоғары және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әділдік пен ашықтықты сақтау қажеттілігі талқыланды. Студенттерге плагиат, парақорлық, жалған құжат жасау сияқты теріс әрекеттердің құқықтық және моральдық салдары туралы түсіндірілді.Студенттерге тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, содан кейін ашық пікірталас өтті, онда студенттер сұрақтар қойып, шақырылған спикермен құқықтық тәртіптің өзекті мәселелерін талқылай алды.Іс-шараға қатысушыларға құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және қоғамдағы адалдық пен заңдылық құндылықтарын таратуға ықпал етеді. # Заң_мен_жоғары тәртіп# Заң мен тәртіп           Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/965350?lang=kk