Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған 29.03.2025
     Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанКөлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік жаза көзделген.Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беруі өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Мас жүргізуші өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіпті екенін ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/961805?lang=kk
«Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде Ұлттық спорт түрлері күні атап өтілді» 29.03.2025
2025 жылдың 20 наурызында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде Наурыз мейрамы мен ұлттық спорт түрлері күнін мерекелеуге арналған мерекелік іс-шаралар өтті.Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің балаларына арналған қазақ мәдениетін насихаттауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған дәстүрлі ойындар ұйымдастырылды.Қызметкерлердің балалары жоғары спорттық рух пен командада жұмыс істей білуін көрсете отырып ұлттық ойындарға соның ішінде асық ату, бес тас, тоғызқұмалаққа белсенді қатысты. Ойындар өтетін жерде мерекелік атмосфера құрылды, ұлттық элементтер мен ою-өрнектермен безендірілген киіз үй орнатылды, қатысушылар үшін ұлттық тағамдар дайындалды, бұл оларды қазақ дәстүрлерінің атмосферасына батыруға мүмкіндік берді.Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов ұлттық дәстүрлерді жас ұрпаққа берудің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. Ол мұндай іс-шаралар ұжымның бірлігін нығайтуға ықпал ететінін және өскелең ұрпақты елдің мәдени мұрасына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелейтінін атап өтті.Мереке соңында ойын қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде мұндай іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналатынына және жастар арасында ұлттық спорт түрлерін танымал етуге ықпал ететініне сенімді.  #ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/961774?lang=kk
Жапониядағы тағылымдама: JICA-ның жобаларды басқарудағы тәжірибесін KazAID зерттеді 29.03.2025
Жапониядағы тағылымдама: JICA-ның жобаларды басқарудағы тәжірибесін KazAID зерттеді1-16 наурызда KazAID өкілдері Жапонияның жобалық басқару, даму мақсатында бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау жөніндегі тәжірибесін зерделеу мақсатында Токио қаласында Жапонияның Халықаралық даму агенттігінің (JICA) штаб-пәтерінде тағылымдамадан өтті. ЭЫДҰ стандарттары бойынша жобаларды құрылымдауға көмектесетін PDCA (plan-do-Check-Act) цикліне ерекше назар аударылды.Жеке секторды дамыту маңызды тақырып болды. KazAID Қазақстан мен Орталық Азиядағы шағын бизнес пен экспортты қолдау үшін OVOP ("One Village One Product") бағдарламасын бейімдеуді қарастырады.Сонымен қатар, тағылымдама шеңберінде Нагаока қаласында табиғи апаттар қаупін азайту (Disaster Risk Reduction) бойынша жұмыс саласындағы орталықтың тәжірибесі зерделенді.Негізгі кездесулер JICA Шығыс, Орталық Азия және Кавказ департаментімен, жеке сектормен жұмыс департаментімен, UNDP аймақтық бюросымен, сондай-ақ JICA Вице-президенттері С.Имото және К. Мацумотомен және Жапония СІМ Халықаралық даму өкілдерімен өтті.JICA тәжірибесі KazAID-ке жобалардың тиімділігін және халықаралық әріптестікті нығайтуға көмектеседі. JICA-ға тиімді ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/961766?lang=kk
ӘМШ рәсімі аясында Қазақстан қабылдаған ұсыныстар Сыртқы істер министрлігінде талқыланды 29.03.2025
Астана, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы (бұдан әрі – «АӨДА» ККО) кіші тобының кезекті отырысы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Төртінші мерзімдік Ұлттық баяндамасын Әмбебап мерзімдік шолу (бұдан әрі – ӘМШ) аясында қорғау қорытындысы бойынша алынған ұсынымдарды талқылауға арналды.«АӨДА» ККО отырысында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова тең төрағалық етті. Кездесу барысында 294 ұсыныс таныстырылды, оның 56-сы алғаш рет БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүше мемлекеттері тарапынан ұсынылды. Бұл ұсыныстар, атап айтқанда, отбасылық зорлық-зомбылық пен азаптауларға қарсы күресті жалғастыру, инклюзивтікті қамтамасыз ету, құқық қорғау институттарын және Ұлттық алдын алу механизмін нығайту, халықты, әсіресе осал топтарды әлеуметтік қорғау шараларын қамтиды.Қабылданған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін төрт жылдық мерзімге арналған Ведомствоаралық жоспар әзірлеу жоспарлануда. Бұл жоспар қабылданған міндеттемелердің орындалу барысын қадағалауға және олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жиынға қатысушылар ӘМШ ұсыныстарын келесі бағыттар бойынша құрылымдау туралы келісті: халықаралық конвенциялар мен келісімдерді ратификациялау; құқық қорғау тетіктерін күшейту және БҰҰ-мен ынтымақтастық; азаптаулар мен қатыгездікке қарсы күрес; гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдерді қорғау; балалар құқықтары; сөз бостандығы, БАҚ және азаматтық қоғам; ЛГБТИ+ құқықтары және кемсітушілікке қарсы күрес; мигранттар, босқындар және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары; экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар; білім беру мен денсаулық сақтауға қолжетімділік; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму; мүгедектігі бар адамдардың құқықтары; сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес және сот реформасы; этникалық және діни азшылықтардың құқықтары.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер ашық және сындарлы форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.Қазақстан бойынша ӘМШ Жұмыс тобының баяндамасы мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұсыныстары 2025 жылдың маусымында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 59-шы сессиясында бекітіледі.Анықтама: 2025 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімдік шолу жөніндегі Жұмыс тобының 48-ші сессиясында Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы міндеттемелерді орындауы және алдыңғы шолу бойынша ұсыныстарды жүзеге асыруы туралы кезекті баяндамасы ұсынылды. Бұл шолуға 100-ден астам мемлекеттің делегациялары қатысты. Олар жүргізіліп жатқан демократиялық реформаларға жан-жақты қолдау білдіріп, Қазақстанда іргелі құқықтар мен бостандықтарды нығайтуға бағытталған нақты қадамдарды қабылдауды құптады.«АӨДА» ККО 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде жұмыс істейді. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің (БҰҰ ДБ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961746?lang=kk
Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі! 29.03.2025
Наурыз мерекесінің басталуын Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері көңілді әндермен, шығыс билерімен және қазақтың халықтық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетумен қарсы алды.Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жаң бітіретін Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам, жаңғырту мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Наурыз – ағайынды баурмалдыққа, көрші-қоланды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі - деді құттықтау сөзінде Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин.  Бүгінгі күні мерекенің негізгі қағидалары өзгерсіз -  бұл адамдардың әл-ауқаты мен бірлгі, гуманизм мен ыңтымақтастық құңдылықтарын бекіту, бейбітшілік пен келісімді сақтау.Ұлыстың күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1186419?lang=kk
Наурыз құтты болсын! 29.03.2025
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің, ізгілік пен молшылықтың символы. Бұл күн – өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қадам басатын ерекше мереке.Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық пен өркендеу тілейміз!Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен қуаныш әкелсін!Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Наурыз құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1186209?lang=kk
Әскери оркестрдің үнімен: әуежайда шетелдіктерді Наурыз мерекесімен құттықтады 29.03.2025
Көктемгі күн мен түннің теңелу күніне орай ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда әуежайында өнер көрсетті.Дирижер капитан Нұрлан Кучкаровтың жетекшілігімен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың музыкалық ұжымы халықтық, классикалық әуендерді, танымал хиттер мен әскери марштарды орындады.Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасы мен «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарындағы әндер көрерменді ерекше таң қалдырды.– Маған әскери оркестрдің қойылымы өте ұнады. Мен өз Отанымда мұндай концертті ешқашан көрген емеспін. Әдемі пішін және әйгілі хиттердің керемет орындалуы керемет, – деді АҚШ-тың Калифорния штатынан келген оқытушы Робин Пирс.Жолаушылар мен шығарып салушылар музыканттармен қосылып ән айтып, оларды суретке түсіріп алып жатты. Ұлттық киімдегі ақ жаулықтылар шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді.– Мен Омбыға ұшып барамын. Әскери музыканттардың өнеріне тәнті болдым. Абайдың шығармалары әлемге танымал. Маған «Көзімнің қарасы» әні қатты әсер етті, - деді Светлана Сафонова.Әскери музыканттардың қойылымын құрмет қарауыл ротасы сарбаздарының дефилесі толықтырды. Сымдай түзелген жігіттер де саптық қимылдарымен көрермендерді бірден баурап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/961616?lang=kk
«Шаштараз өнері» мамандығы бойынша студенттер арасында «Golden hand» постижер бұйымдарының кәсіби шеберлігінің қашықтықтан өңіраралық конкурсы 29.03.2025
2025 жылғы 19 наурызда Өскемен технология және сервис колледжінің базасында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша студенттер арасында «Golden hand» постижер бұйымдарының кәсіби шеберлігінің қашықтықтан өңіраралық конкурсы өткізілді.Мақсаты - білім алушылардың шығармашылық қызметін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа білім беру технологияларын тарату, білім алушылардың кәсіптік шеберлігін арттыру.Конкурсқа Астана, Шымкент қалалары, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Ақтау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарынан 36 студент қатысты.Конкурс «Сәукеле сәні», «Шеберлік тәждері» номинациялары бойынша өткізілді.Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері және номинанттары анықталды.Жүлдегерлердің тізімі http://ctipo.kz/kz/ сайтында орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/961589?lang=kk
Батырларды еске алу - парыз: Жеңіс күніне 50 күн қалды 29.03.2025
29 қаңтардан бастап құқықтық тәртіп әскерлерінде өткенді еске алуға және патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған «Жеңіске 100 күн қалғанда» ауқымды акциясы өтуде. 20 наурызда, жарты жол еңсерілді - 9 мамырға дейін 50 күн қалды, ұландықтар белсенді жұмысты жалғастырып, оған оқушыларды, ардагерлер мен азаматтық қоғамды тартуда.Ұлттық ұланның әскери қызметшілері оқушылармен кездесулер өткізіп, батырлардың ерлігі мен әскери қызметтің маңыздылығы туралы баяндады. Мысалы, 37-ші мектепте олар оқушылармен кездесіп, батырларымыздың ерлік үлгілері туралы әңгімелерімен бөлісті және балалардың сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесулер өскелең ұрпаққа патриотизм мен әскери борыштың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.Ардагерлерге ерекше көңіл бөлінді. Ұландықтар майдангерлерге үнемі барып, оларға көмек көрсетті, олардың ерлігі мен батырлығы үшін алғыс білдірді. Бұдан бөлек республика бойынша салтанатты гүл қою рәсімдері, естелік акциялар және батырлармен жеке кездесулер өтуде. Атап айтқанда, әскери қызметшілердің Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған «Әлия» театрландырылған спектакліне қатысуы жарқын оқиға болды.Сонымен қатар, Жеңіс шеруіне белсенді дайындық жүріп жатыр. Әскери қызметшілер Ұлттық ұланды жылдың басты оқиғаларының бірінде лайықты көрсету үшін саптық машықтарын жетілдіруде. Сондай-ақ, ҚР күш құрылымдарының құрама оркестрі құрамындағы әскери қызметшілер Астанадағы Жеңіс шеруін музыкалық сүйемелдейтін болады.Бұдан басқа әскери-патриоттық акция азаматтық қоғамды да қамтиды. Қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында концерттер, көрмелер мен интерактивті іс-шаралар өтіп жатыр, азаматтар тарихтан сусындап, қазақстандықтардың батырлығы мен халық бірлігінің күші туралы көбірек біле алады.«Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясының әрбір күні бізді ұлы күнге жақындатып, тарихи ерлікті еске түсіреді. Ұландықтар осы маңызды міндетті  жалғастырып, жастарға және қоғамға батырларды еске алуға мүмкіндік сыйлайды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/961584?lang=kk
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің республикалық байқауының облыстық кезеңі 29.03.2025
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2025 жылғы 18-19 наурыз күндері «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.Байқауға аудандық/қалалық кезеңнен өткен еңбек өтілі 0-3 жыл аралығындағы 12 жас ұстаздар қатысты.Конкурстық комиссияның шешімі бойынша:І орын - Серікова Ботагөз Серікқызы, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі мұғалімі;ІІ орын -  Рамазанова Назлы Ержанқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ химия пәні мұғалімі;ІІІ орын - Ошай Бәйтолла, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І.Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені»  КММ география пәні мұғалімі.Ағымдағы жылдың 14-18 сәуір аралығында облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауда Шығыс Қазақстан облысының  намысын қорғайды.Жас мамандарға сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/961559?lang=kk
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен кездесу өткізу туралы 29.03.2025
2025 жылғы 19 наурызда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 33 қатысушы қатысты. Кездесу барысында қатысушылар бүгінгі күннің өзекті мәселесін – психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысы туралы.Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/961542?lang=kk
Алатауда Наурыз алғаш рет атап өтілді 29.03.2025
Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласында Наурыз мерекесіне арналған ауқымды шаралар алғаш рет өтті. Мерекеге шамамен 5000 тұрғын мен қонақ қатысты. Бұл шара бүкіл қала үшін жарқын әрі ерекше оқиғаға айналды. Қаланың ауқымдылығын ескере отырып, мерекелік іс-шаралар бірден екі шағын ауданда — Ынтымақ пен Жетігенде қатар ұйымдастырылды.Мұндағы мақсат — әрбір тұрғынның осы шуақты мерекенің атмосферасын сезінуіне мүмкіндік беру. Әр шағын ауданда киіз үйлер тігіліп, келген қонақтарға дәстүрлі тағамдар тегін ұсынылды. Мерекелік көңіл-күйді танымал әртістер мен жергілікті шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетулері толықтырды. Сахнада 5 музыкалық ансамбль, 5 жеке орындаушы, 3 би тобы, сондай-ақ дәстүрлі қазақ күйлерін орындаған 150 домбырашыдан құралған ансамбль өнер көрсетті. Қонақтар халық музыкасы мен билерден ләззат алып, жастар үшін арнайы ұйымдастырылған 7 спорттық жарыс пен 4 дәстүрлі қолөнер шеберлік сағаттарына қатысты.Мерекенің маңызды бөлігі ретінде қазақ халқының бай мәдени мұрасын айшықтайтын дәстүрлі рәсімдер ұсынылды: • Тұсаукесер — нәрестенің алғашқы қадамын білдіретін, жарқын болашаққа жетелейтін салт. • Бесікке салу — сәбиді бесікке бөлеу рәсімі, үлкендердің ақ батасымен қатар жүреді. • Қыз ұзату — қалыңдықты ұзатып салу рәсімі, ақ тілектер мен дәстүрлі әндермен өрнектеледі.Мерекенің ең әсерлі оқиғаларының бірі дәстүрлі қазақ ойыны — «Қой көтеру» болды. Бұл сайыста 20 күш иесі шыдамдылық пен төзімділікке сыналды. Жеңімпаз 45 келілік қошқарды иығында 3 минут 18 секунд бойы ұстап тұрды. Наурыз қарсаңында қалада ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, оған 1000-нан астам тұрғын белсенді қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында жалпы ауданы 25 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, көркейтілді.Алатау қаласының әкімі Аркен Утенов бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, өз сөзінде: «Қаламыздағы алғашқы Наурыз бірлік пен достықтың символына айналды. Көктемгі жаңару әр үйге бейбітшілік, бақыт және амандық әкелсін!» — деп жылы лебізін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/961538?lang=kk
Наурызнама: Қарулы күштердің 5 мыңнан астам әскери қызметшісі алыс қашықтыққа марш жасады 29.03.2025
«Наурызнама» онкүндігі аясында Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектерінде, әскери бөлімдер мен мекемелерде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, алыс қашықтыққа марш жасаулар мен спорттық ойындар өтті. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауылындағы 03811 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне ұйымдастырылды. Дәстүрлі киіз үйлер мен алтыбақан алыстан көз тартады. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылды. Қазақша күрестен өткен сайысқа әскери қызметшілер де, олардың балалары да қатысты.Абай гарнизонындағы 99280 әскери бөлімінің жеке құрамы Наурыз мейрамында ұлттық ойындар мен «Бата беру» байқауын өткізді. 27943 әскери бөлімінің жауынгерлері үшін қазақ күресінен, қол күресі мен арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды.Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент әскери колледжінде кадеттер гір көтеру, асық ату, бес асық, қол күресі және жеңіл атлетика эстафетасында бақ сынасты.  – Біздің ата-бабаларымыз осы ойындардың көмегімен саналы әрі дені сау ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Біз солардың дәстүрін жалғастырып келеміз. Бүгінде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу және сұңқар аулау (құсбегілік) сияқты ежелгі жарыстарға деген қызығушылық артуда. Тоғызқұмалақ, асық ойнау және садақ атудан өтетін турнирлеріміз көпке танымал, – деді Әскери колледж бастығы полковник Мақсат Ақшалов.Көптеген әскери бөлімдерде әскери қызметшілер мерекені алыс қашықтыққа марш жасау арқылы атап өтті. Бес шақырымдық жарысқа Гвардейск гарнизоны артиллериялық бригадасының 700-ге жуық әскери қызметшісі, оның ішінде офицерлер, сержанттар және мерзімді қызмет сарбаздары қатысты.Қарулы күштерде ұлттық спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өту керек. Биыл Қазақстанда әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өтетіні соның айқын дәлелі. Бұл халықаралық жарыс қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттауда маңызды рөл атқармақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/961535?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістанның астаналық сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту 29.03.2025
Исламабад, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасына барды.Жаңадан сайланған СӨП басшылығымен және мүшелерімен кездесу барысында, Елші Қазақстанда бизнес жүргізу үшін іскерлік мүмкіндіктер мен жоспарланған іс-шаралар, оның ішінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы айтып берді.Сондай-ақ, тараптар Астана мен Исламабадтың елордалық палаталары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Өз тарапынан Исламабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Насыр Куреши мырза елорданың бизнес-қоғамдастығының Қазақстанмен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ екіжақты іс-шараларға қатысу ниетін растады.Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға, сондай-ақ екі елдің астаналық сауда-өнеркәсіп палаталары арасында онлайн және офлайн кездесулер өткізуге уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/961532?lang=kk
Алматы облысында тұрғын үй бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда? 29.03.2025
Алматы облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Соңғы жылдары мыңдаған отбасы көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізді, ал тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай өсті.Бүгінгі таңда облыста тұрғын үй кезегінде 39 514 адам тұр, олардың ішінде:• Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 3 адам,• жетім балалар – 4 723,• көпбалалы отбасылар – 12 328,• әлеуметтік осал топтар – 15 003,• бюджет саласының қызметкерлері – 7 446,• жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар – 11.2024 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға облыстың әртүрлі аудандарында 442 жалдамалы пәтер берілді.2025 жылы тағы 147 пәтерді тапсыру жоспарлануда. 2019 жылдан бастап Алматы облысында ауқымды тұрғын үй бағдарламасы іске асырылуда. Егер 2019 жылы республикалық бюджеттен 605 пәтер сатып алуға 3,9 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы осы бастама аясында 1 281 пәтер сатып алынып, жыл соңына дейін тағы 369 пәтер беріледі.«2024 жылы әлеуметтік осал топтарға 1 281 пәтер 20,6 млрд теңгеге сатып алынды, ал жыл соңына дейін тағы 369 пәтер беріледі. Бұл – баспанаға мұқтаж азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудегі маңызды қадам», – деп атап өтті Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Құрманғалиев.Сатып алумен қатар, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Тек биылдың өзінде 276 пәтерлік 36 жалдамалы үйдің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 1 522 пәтерлік 28 несиелік үйдің құрылысы аяқталады.Барлық сатып алынатын және салынып жатқан үйлер қатаң талаптарға сай келеді. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің бұйрығына сәйкес, тұрғын үйлер III-IV класты, таза әрлеумен, сатып алынғанға дейін екі жылдан аспаған мерзімде салынған және су, электр жүйелеріне қосылған болуы тиіс.Тұрғын үйді сатып алу мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы ашық жүргізіледі. Әрбір нысан сатып алынбас бұрын бағалау рәсімінен өтеді, ал бағалар сметалық нормативтер мен нарықтық талдау негізінде белгіленеді.Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жергілікті билік органдарының басты міндеттерінің бірі болып қала береді. Қаржылық бақылауды өңірлік комиссиялар жүзеге асырады, ал пәтерлерді бөлу процесі ҚР Бюджет кодексіне сәйкес жүргізіледі.Мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерінің арқасында мыңдаған қазақстандық отбасы баспаналы болып, тұрғын үй бағдарламасы одан әрі дамып, кезектің қысқаруына және азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына ықпал етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-zkh/press/news/details/961515?lang=kk
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында республикалық #Күйкүмбірі челленджі 29.03.2025
⚜️ 2025 жылдың 20 наурызында сағат 11:00-де еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында республикалық #Күйкүмбірі челленджі өтті. Бұл шараға Шығыс Қазақстан облысынан 3500-ден аса оқушы қатысты. Өскемен қаласынан 120 оқушы қазақтың ұлттық күйлері «Ертұран» және «Тепенкөк» күйлерін орындады.📚 Бұл челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениеті мен патриотизмін тәрбиелеу, еліміздің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра тартуды насихаттау. Шара алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылып, содан бері маңызды мәдени оқиғаға айналды.Сонымен қатар оқушылар дауылпаз сияқты көне ұлттық аспаптарда танымал күйлерді орындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/961513?lang=kk
Ағымдағы жылдың 20 наурызында ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. 29.03.2025
Ағымдағы жылдың 20 наурызында ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.Депутаттар, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары әлеуметтік саласы бойынша, мемлекеттік мекемелердің басшылары, БАҚ қатысты.Сессияда 2 мәселе қаралды. «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.В. Тимашова сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109 - баптарына сәйкес, аудандық бюджетті сапалы атқару мақсатында осы шешімнің жобасына бекітілген бюджетке өзгерістер енгізу қажет.Екінші мәселе бойынша Меңдіқара аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Р. Рахметқалиев депутаттарға кадрлық өзгерістерге байланысты кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы дербес құрамына өзгерістер енгізілетінін таныстырды.Сессия қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды депутаттар қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/961434?lang=kk
Наурызнама: Қарулы күштердің әскери қызметшілері көкпар тартып, теңге ілді 29.03.2025
Жамбыл облысында тау қорықшысы полкінің әскери қызметшілері ұлттық спорт күнін ат спорты жарыстарымен атап өтіп, жауынгерлік дайындық сабақтарын ұлттық спорт түрлерімен сәтті ұштастыра білді. "Теріс Ащыбұлақ" оқу полигоны бір сәт көкпар мен бәйге алаңына айналды. Теңге алу, аударыспақ ойындарында әскери қызметшілер ептілігімен ерекше көзге түсті.- Ұлттық спорт түрлері күнін әскери стильде, бірақ Наурыз мерекесі рухында өткіздік. Ұлттық дәстүрлі ойындар дене шынықтыруды ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлерін терең құрметтеуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті "Оңтүстік" ӨңҚ тау қорықшысы полкінің командирі подполковник Алмас Отыншынов. - Осылайша біз жауынгерлік әрі халықтық дәстүрлерге құрмет көрсеттік.Қыз қуу жарысына, бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдарды дайындауға белсенді қатысқан қыздар да назардан тыс қалмады.Мерекелік іс-шараға белсенді қатысқан тау қорықшылары полкінің мерзімді қызмет сарбаздары осындай бірегей әскери бөлімшеде қызмет еткеніне қуанышты.- Әскерге дейін мен тек атқа мінуді білдім. Ал мұнда жауынгерлік техниканы игеріп, жорықтарға қатыстым. Менің қызметім негізінен ат спортына ұқсайды. Өзіме өте ұнайды, – деп бөлісті мерзімді қызмет сарбазы Диас Талғат. Ұлттық спорт күні жарысқа қатысушыларға ұмытылмас естелік сыйлады.Естеріңізге сала кетейік, тау қорықшысы полкі Қазақстан Қарулы күштеріндегі бірден-бір бөлімше. Олар елдің оңтүстік шекараларын қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды. Әскери қызметшілерге жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арнайы дайындалған жауынгерлік жылқылар көмектеседі. Ағымдағы жылдың ақпан айында бөлімшенің құрылғанына 25 жыл толды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/961417?lang=kk
ТҰРҒЫН ҮЙДІ ҚАЛАЙ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН 29.03.2025
2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"ҚР Заңына қол қойды.Тұрғын үйді жекешелендіру бөлігіндегі заң нормалары 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап күшіне енді, енді азаматтар жекешелендіру үшін әкімдіктерге жүгіне алады.Бұл ретте "тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес белгілі бір санаттардың тегін жекешелендіруге құқығы бар:1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;3) Чернобыль атом электр станциясындағы зардаптарды жоюға қатысушылар;4) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;5) Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендер;6) бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, оның ішінде Ауғанстанда қызмет өткеру кезінде мүгедек адамдар деп танылған әскери қызметшілер;7) Еңбек сіңірген жылдары бар әскери қызметшілер, МКҰ, ішкі істер органдарының қызметкерлері - 20 жыл, мүгедектігі бар бала болған кезде-10 жыл;8) қызмет өткеру кезінде қаза тапқан әскери қызметшінің, МКҰ, ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері;9) саяси қуғын-сүргін құрбандары;10) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер.Қалған азаматтар мұндай тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша, яғни тұрғын үйдің баланстық құнынан тұрғын үйдің физикалық тозуын шегергендегі құны бойынша сатып ала алады.Анықтама: тұрғын үйдің баланстық құны — бұл әкімдіктің бухгалтерлік есебінде тіркелген осы тұрғын үйді салуға немесе сатып алуға жұмсалған ақша сомасы.Физикалық тозу жыл сайын тұрғын үйдің баланстық құнының 2% құрайды.Бүгінгі күні өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Жекешелендіру қағидаларына (Үкіметтің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы) бастапқы жарнаны 10% - ға дейін төмендету және қалдық құны 2025 жылғы 3 ақпанда күшіне енген 15 млн.теңгеден асатын пәтерлер үшін бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізді.Айта кету керек, жекешелендіру – бұл міндет емес, құқық және ешкім адамдарды тұрғын үйді сатып алуға мәжбүрлемейді.Тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібімен меншікке сатып алу үшін өтініш беруші ХҚКО не арқылы ұсынадыЕ-ГОВ тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттар:- жалға алушының отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері қол қойған, тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш;- жалдау шарты;- меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтар санатына жататынын растайтын құжат.Тұрғын үй комиссиялары күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды жазбаша түрде шығарады.Сонымен қатар, заңда, егер осы құқық осы Заң күшіне енгенге дейін іске асырылған жағдайда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қайта жекешелендіру мүмкіндігі ұсынылған.Анықтама:Қолданыстағы "тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.Алайда, қолданыстағы заңнамада мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қайта алуға тыйым жоқ.Бұл ретте азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бір рет берілетінін атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/961402?lang=kk
22 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС! 29.03.2025
Күні: 22 наурыз.Басталуы: 12:00.Өтетін орны: «Шахтер» стадионы, «Жастар» спорт кешені. БАҒДАРЛАМА*Гір тасын көтеру (24 кг)*Армрестлинг (оң қол)*Қазақ күресі*Арқан тарту (командалық)*Асық ату*Тірі қошқармен отырып-тұру*Тоғызқұмалақ*Ләңгі тебуЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 500 000 тг ДЕЙІН!Мықтылар өз күшін сынайды! Кел, көр, қолда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/961401?lang=kk