Қоғам
22 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС! 29.03.2025
Күні: 22 наурыз.Басталуы: 12:00.Өтетін орны: «Шахтер» стадионы, «Жастар» спорт кешені. БАҒДАРЛАМА*Гір тасын көтеру (24 кг)*Армрестлинг (оң қол)*Қазақ күресі*Арқан тарту (командалық)*Асық ату*Тірі қошқармен отырып-тұру*Тоғызқұмалақ*Ләңгі тебуЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 500 000 тг ДЕЙІН!Мықтылар өз күшін сынайды! Кел, көр, қолда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/961401?lang=kk
Таиландта Наурыз мейрамы атап өтілді 29.03.2025
Бангкок, 2025 жылғы 20 наурыз – Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі «Kazakh community» қолдауымен Наурыз мейрамын атап өтті. Іс-шараға Таиландта тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтар, сондай-ақ тай қонақтары қатысты.Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов барлық қатысушыларды осы маңызды мерекемен құттықтап, Наурыз мейрамы адамдар арасындағы үйлесімділік пен бірлікті білдіретінін атап өтті. Ол Қазақстан Үкіметі мен Президенті Қ. Тоқаев талантты жастарға ерекше көңіл бөлетінін, өмір сүру сапасын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер жасап, кез келген сынақтарға жауап беретін мықты ұлт қалыптастыратынын атап өтті . Бұл шаралардың барлығы болашақ ұрпақ үшін табысты, әділ және өркендеген Қазақстанды құруға бағытталған.Іс-шара барысында Елшілік дәстүрлі қазақ киіз үйін орнатып, ұлттық киімдер ұсынылды . Қонақтарға қазақтың халық аспабы – домбыраның сазын тыңдауға мүмкіндік берілді. Кештің кульминациясы ретінде «Катюша» ансамблінің жарқын қойылымы болды, оның қатысушылары - тай қыздары танымал қазақ билерін орындап, көрермендерді ұлттық мәдениет атмосферасына бөледі.Сонымен қатар, мереке қатысушылары мен балалар қазақтың ұлттық ойындарында – "тоғыз құмалақ" және "асық ату" сайыстарына қатысып, көңілді әрі қызықты атмосфераға еніп кетті.Кеш соңында қонақтар қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татып, Қазақстан мәдениетіне тағы бір рет тәнті болды. Ең белсенді қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/961357?lang=kk
Қазақстан Елшісі Мексика Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.03.2025
Мехико, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Президенті Клаудия Шейнбаумға сенім грамоталарын табыс етті.Тапсыру рәсімі мексикалық мемлекет басшының ресми резиденциясы – Ұлттық сарайда өтті.Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында Елші А. Тұрғанбеков Президент К. Шейнбауммен қысқа сұхбаттасып, мексикалық тарапқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қошеметі мен ізгі тілектерін жеткізді.Қазақ дипломаты еліміз Мексикамен Латын Америкасындағы негізгі серіктес ретінде жан-жақты өзара іс-қимылды ілгерілетуге ерекше мән беретінін атап өтті.Өз кезегінде Президент К. Шейнбаум Мексиканың Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ниетін растады.Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Мексика Сыртқы істер министрі Хуан Рамон де ла Фуэнте де қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961344?lang=kk
Афины жүрегіндегі Наурыз: Акрополь маңындағы қазақ Жаңа жылын тойлау 29.03.2025
Афины, 2025 жылғы 18 наурыз – Афины қаласының тарихи орталығында, Акрополь етегінде қазақ халқының ең маңызды мейрамдарының бірі – табиғаттың жаңаруын, достық пен бірлікті бейнелейтін Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қарсы алды.Биыл Грекиядағы Наурыз мерекесі «Наурызнама» атты жаңа тұжырымдамасы аясында өткізілді, бұл оған ерекше мән-мағына мен жаңаша мазмұн берді. Осы тұжырымдамаға сәйкес, мерекенің әр күні өзіндік мағынаға ие болып, белгілі бір тақырыпқа арналды. Іс-шараның негізгі сәттерінің бірі ұлттық киім күні болды. Ұлттық киім – қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды символы әрі ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі ретінде әлемдік деңгейде танылған құндылықтардың бірі.Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин өз сөзінде биылғы мерекенің жаңартылған форматта өткенін атап өтті. Ол ұлттық бірегейлік нышандарын кеңінен насихаттаудың маңыздылығын және олардың халықтың мәдени тамырларына оралуында ерекше рөл атқаратынын баса айтты.Мерекенің басты ерекшеліктерінің бірі – дәстүрлі қазақ дастарханы болды. Қонақтар бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ халқының бай аспаздық мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, шара барысында Қазақстаннан келген студенттер домбырада халық күйлерін орындап, мерекенің ерекше әрі шынайы атмосферасын қалыптастырды.Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық қазақ киімдерінің көрмесі ұйымдастырылды, оған қазақстандықтармен қатар Италия, Америка Құрама Штаттары, Иран, Қытай, Түркия және басқа да елдерден келген қонақтар қатысты. Қатысушылар дәстүрлі қазақ киімдерін киіп көріп, Ұлы Даланың бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысты.Сонымен қатар, іс-шара қонақтарына Наурызға арналған естелік ашық хаттар мен Қазақстанның жалаушалары таратылды. Бұл ұлттық мәдени алмасу мен халықтар арасындағы достықтың белгісі ретінде ұсынылды. Қазақтың дәстүрлі тағамдары мен шынайы құттықтаулар мерекенің адамзат үшін ортақ рухани құндылыққа айналғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған құттықтауында: «Бұл мейрам – біздің ежелгі тамырымыз, бай мәдени мұрамыз бен халықтарды біріктіретін құндылықтарымыз туралы маңызды еске салу» екенін атап өтті. Наурыз бейбітшілік пен достықтың, ынтымақтастық пен жаңарудың символы ретінде халықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қызмет етіп келеді.Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, Наурызды әлем бойынша 300 миллионға жуық адам атап өтеді. Бұл мейрам көптеген елдерде мемлекеттік мәртебеге ие және 2010 жылдан бері оны сақтау мен дамыту мақсатында халықаралық деңгейде БҰҰ-ның Наурыз күні деп жарияланды. Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/960946?lang=kk
«Жанару» күні ағаш отырғызу: жаңару мен адал болашақтың символы 29.03.2025
Бүгін Қазақстанда «Жанару» күні аталып өтуде. Бұл күн жаңару мен қайта өрлеудің символы болып табылады. 2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Наурызнама» форматы аясында мерекелік іс-шаралар он күнге созылады, және әрбір күн белгілі бір құндылықтарға арналады.Осы күннің басты дәстүрлерінің бірі – ағаш отырғызу. Бұл шара экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, жастардың табиғатқа ұқыпты қарауын, еңбексүйгіштігін және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастырады.Мереке қарсаңында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі антикоррупциялық еріктілермен бірге қаланы көгалдандыру акциясын өткізді. Ағаш отырғызу – тек экологиялық емес, сондай-ақ тәрбиелік маңызы зор шара, оның мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін еске салу.Ағаш отырғызу – тазалықтың, өсіп-өркендеудің және адалдықтың символы. Жас көшет ерекше күтімді қажет ететіндей, құқықтық мемлекет те әділдік пен заңдылық қағидаларын сақтайтын азаматтарды қажет етеді.«Жанару» күніне орай көгалдандыру жұмыстары қоршаған ортаға қамқорлық жасаумен қатар, қоғамның жаңаруына деген ұмтылысты білдіреді. Бұл күні адалдық, заң үстемдігі және әділеттілік негізгі қағидалар ретінде насихатталады.Жастар экологиялық және моральдық тұрғыдан таза болашақты қалыптастыру арқылы елдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосуда. #ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/960612?lang=kk
Хунань провинциясы мен Алматы облысының роуд-шоуы: туристік және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту 29.03.2025
2025 жылғы 17 наурызда Алматы облысында Қытай Халық Республикасының Хунань провинциясы мен Алматы облысы арасындағы туристік және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған роуд-шоу өтті. Іс-шараға екі өңірдің мемлекеттік органдарының өкілдері, іскерлік орта мен туристік индустрия мамандары қатысты.Қытай делегациясының жетекшісі, Хунань провинциясы Мәдениет және туризм басқармасының ілгерілету, коммуникация және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Сяо Чжэнху мырза және Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Мирамбекұлы Қуанышбек құттықтау сөз сөйледі.Өз сөздерінде олар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, туризм саласындағы бірлескен жобаларды дамытуды және инвестиция тартуды атап өтті. Іс-шараның негізгі бөлімінде Хунань провинциясының туристік әлеуеті таныстырылды. Қатысушылар өңірдің табиғи және мәдени көрікті жерлері туралы бейнематериалдармен танысты. Хунань провинциясы Мәдениет және туризм басқармасының өкілдері негізгі туристік бағыттарды егжей-тегжейлі ұсынды, оның ішінде Чжанцзяцзе ұлттық паркі, Аватар тау сілемі, Фэнхуан ежелгі қаласы және Дунтин көлі бар.Иян қаласының тарихи және мәдени мұраларымен танымал туристік маршруттарына ерекше назар аударылды. «Хунань әуежайлары» компаниялар тобының өкілдері провинцияның ең ірі авиациялық хабы болып табылатын Чанша халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін таныстырды. Қазақстандық тарап Алматы облысының туристік әлеуетін ұсынды. Өңірдің Туристік ақпараттық орталығы директорының орынбасары Қайрат Садық облыстың табиғи көрікті жерлері, соның ішінде Шарын шатқалы мен Көлсай көлдері туралы, сондай-ақ туристік саланы мемлекеттік қолдау шаралары жайлы баяндама жасады.Іс-шара барысында Алматы облысының инвестициялық әлеуеті де таныстырылды. Қатысушыларға туристік инфрақұрылым, қонақ үй бизнесі және туристік кластерлер құру саласындағы перспективалы жобалар ұсынылды. Көліктік қолжетімділік мәселелеріне, соның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. SCAT әуе компаниясының өкілдері екі өңір арасындағы туристік ағынды арттыруға ықпал ете алатын қолданыстағы және жоспарланған бағыттар туралы баяндады.Роуд-шоу аясында туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және мәдени алмасу мәселелері талқыланды. Хунань провинциясы мен Алматы облысының роуд-шоуы серіктестік қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Екі тараптың өкілдері бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуға, туристік алмасуды кеңейтуге және екі өңір экономикасына инвестициялар тартуға дайындығын білдірді. Іс-шара қатысушыларға Хунань провинциясы мен Алматы облысының әлеуетімен танысуға ғана емес, сонымен қатар өзара тиімді нақты жобаларды жүзеге асыруға алып келуі мүмкін жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-energy;almobl-alatau;almobl-zkh/press/news/details/960275?lang=kk
Наурыз жұмыскер: өтінім қабылдау басталады! 29.03.2025
17 наурыздан бастап «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды! Өтінімді қалай беруге болады? Жұмыс орнынан алынған анықтамамен және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтамамен аймақтағы кез келген Банк бөлімшесіне (кеңес беру орталықтарынан басқа) алдын ала квалификациядан өту үшін жүгіну қажет. Кімдер қатыса алады? Бағдарлама келесі салалардағы қызметкерлерге арналған: ауыл, орман және балық шаруашылығы, тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, энергиямен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, қалдықтарды жою, құрылыс, көлік және қоймалау. Өз баспанаңызға бір қадам жақындаңыз! Наурыз Жұмыскер Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/961316?lang=kk
Кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау хабарламалары 29.03.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 20–26 наурызда ағымдағы жылдың 5–6 ақпанында қалыптастырылған камералдық бақылау хабарламаларын орындау бойынша мерзімдер аяқталатынын хабарлайды.Салық кодексінің 24–бабы 19–тармағы шеңберінде, салық органдары екінші деңгейлі банктерден (ЕДБ) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың ағымдағы шотына төлем карточкалары (POS–терминалдар) және мобильді төлемдер (QR төлемдері) арқылы түскен қаражаттар туралы мәліметтерді алады.Аталған мәліметтерді 2023 жылғы бақылау–кассалық машиналардың (БКМ) көрсеткіштері мен салық декларацияларымен салыстырылып талданды.Анализ нәтижесінде кірістерді төмендету фактілері анықталып, мемлекеттік кірістер органдарымен камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырылды.Талдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары «Кірісті төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырды.Хабарламаны орындау үшін: 1) егер салық төлеуші көрсетілген бұзушылықтармен келіссе – хабарламаға сәйкес салықтық есептілікті ұсыну қажет;2) келіспеген жағдайда – растайтын құжаттарды (шот бойынша банктен үзінді) қоса бере отырып, қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беруге қажет.Мұндай хабарламаларды белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 118–бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғатынын атап өтеміз. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтар мен кәсіпкерлерге ақшалай есеп айырысуларды жүргізу кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ міндетті қолдану қажеттілігі туралы еске салады (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166–бабының 1–тармағы). Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес БКМ қолдану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (бірінші бұзушылық – ескерту, қайталап бұзған жағдайда – 15–тен 50 АЕК–ке дейін айыппұл салу).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/961303?lang=kk
«Алматы-КРО» кеден бекетінде СЭҚ қатысушыларымен және кеден өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді 29.03.2025
2025 жылғы 18 наурызда «Алматы-КРО» кеден бекетінде СЭҚ қатысушылары мен кеден өкілдерінің қатысуымен «2025 жылғы 1 сәуірден бастап КЕДЕН АЖ-де «транзиттік декларацияны беру, тіркеу және шығару» функционалын іске қосу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Келесі мәселелер қарастырылды:- 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағы Комиссиясының № 289 шешімімен бекітілген транзиттік декларацияны толтыру тәртібі;- Кеден органдарының транзиттік декларацияны беру, тіркеу және кедендік транзит рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібі;- Транзиттік декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтер;- 2017 жылғы 13 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 170 шешіміне сәйкес кедендік транзит рәсімін қолдану мәселелері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/961250?lang=kk
Cardiff университеті 2025 жылы Қазақстанда жаңа кампус ашады 29.03.2025
Cardiff университеті 2025 жылы Қазақстанда жаңа кампус ашадыCardiff университеті Астана қаласында 2025 жылы жаңа кампусын ашатынын жариялады. Бұл маңызды қадам университеттің жаһандық дамуын жалғастырып, Орталық Азияда әлемдік деңгейдегі білім беруді қамтамасыз етуге деген ұмтылысын білдіреді.Үздік білім беру дәстүрі: Russell тобы ҚазақстандаҰлыбританияның жетекші зерттеу университеттерін біріктіретін беделді Russell тобының мүшесі ретінде Cardiff университеті Астана қаласындағы жаңа кампусына 140 жылдан астам академиялық тәжірибе, инновациялық зерттеулер мен әлеуметтік әсерін алып келеді.Cardiff университеті Қазақстанда 2025 жылы STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) және бизнес бағыттары бойынша дайындық бағдарламаларын іске қосады, ал 2026 жылы бакалавр бағдарламалары ашылады. Студенттер Cardiff университетінің білікті оқытушылары мен зерттеу тәжірибесіне қол жеткізе отырып, жаңа салаларда және жаһандық еңбек нарығында қажет дағдыларды игереді.Астана кампусы коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Qualified Centre of Education» (QCEF) Қоғамдық қорымен бірлесіп дамуда.Cardiff университеті сондай-ақ Қазақстан үкіметімен тығыз жұмыс істеп, алғашқы үш жылда 500-ге дейін толық қаржыландырылатын шәкіртақы бөлуді қамтамасыз етеді. Бұл бастама қазақстандық дарынды студенттердің жаңа кампуста жоғары сапалы білім алуына мүмкіндік береді.Жаһандық білім беру орталығыҚазақстанның қарқынды дамып келе жатқан экономикасы оны жоғары білім берудің маңызды орталығына айналдыруда. Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру жөніндегі бастамалары Cardiff университетінің жаһандық әріптестікті дамыту және жоғары сапалы білім беру мүмкіндіктерін ұсыну миссиясымен үндеседі.Cardiff университеті Қазақстан үкіметінің әртүрлі білім беру мүмкіндіктерін кеңейту стратегиясына айтарлықтай үлес қосады, әлемдік деңгейдегі академиялық бағдарламаларды қазақстандық және халықаралық студенттерге ұсынбақ. Кампус толық іске қосылғаннан кейін жылына 2500-ден астам студентті қабылдайды, бұл аймақтың білікті кадрларын даярлауға және экономикалық дамуына ықпал етеді.Бұл туралы Cardiff университетінің президенті және вице-канцлері профессор Венди Ларнер:«Қазақстандағы Cardiff университетінің кампусы ашылатын мүмкіндіктерге қуаныштымыз. Қазақстан үкіметімен, инвесторлармен және басқа да мүдделі тараптармен кең көлемде жүргізілген талқылаулар негізінде бұл бастама екі жаққа да тиімді болатыны айқын көрініп отыр».Сондай-ақ «Qualified Centre of Education» (QCEF) Қоғамдық қорының директоры Қуаныш Күчекбаев бұл жобаның стратегиялық маңыздылығын атап өтті:«Cardiff университетінің Астанадағы филиалының ашылуы – жоғары білікті мамандарды даярлауға және өңір мен ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін стратегиялық маңызды жоба».Cardiff университетінің Қазақстандағы кампусы Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы білім беру, инновациялар мен зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жоғары білім беру саласындағы маңызды бастамаға айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/961236?lang=kk
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк стратегиялық әріптестікті нығайтуда 29.03.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға Орталық Азия бойынша өңірлік директор Татьяна Проскурякова, Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін инфрақұрылым жөніндегі өңірлік директор Чарльз Кормье, Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Андрей Михнев, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бойынша ХҚК өңірлік менеджері Зафар Хашимов қатысты.Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстанмен 2026-2030 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа стратегиясы, Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (ӘНК) ратификациялау, талдамалық қолдауды кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру. Серік Жұманғарин Қазақстан Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын жоғары бағалайтынын айтып, құрылымдық реформаларды іске асыруда және инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз етуде әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Әріптестіктің 2020-2025 жылдарға арналған қолданыстағы стратегиясы шеңберінде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді және Қазақстан 2026-2030 жылдарға арналған жаңа құжатты әзірлеуге дайын.«Еліміз үшін экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту және негізгі салаларды жаңғырту басым міндеттер болып қала береді. 2025 жылы ЖІӨ-нің өсуі – 5,6%-дан жоғары болуы тиіс. Банкпен бірлескен бастамалар орнықты экономикалық дамуға қол жеткізуге көмектеседі», — деп атап өтті вице-премьер.Жиын барысында Дүниежүзілік банкпен қазіргі және келешектегі жобалар талқыланды. Оның ішінде: Қамбарата ГЭС-1 құрылысы, «Жезқазған–Қарағанды» жобасын қосқанда, автожолдарды жаңғырту, өнімді инновацияларды ынталандыру және ғылым мен технологияны дамыту, Солтүстік Арал теңізі жобасы, энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртуды қолдау және тағы да басқалары бар.Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова ұйымның даму саласындағы ең ірі халықаралық құрылым болып саналатынын және ондаған мемлекетпен жұмыс істейтінін айтты. Ол Қазақстандағы жобалар портфелі $2,5 млрд екенін жеткізді. Дүниежүзілік банк инвестициялық қарыздан бастап нәтижеге негізделген бағдарламаға дейін қаржыландыру құралының кең ауқымын ұсына отырып, ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отыр.Татьяна Проскурякова Арал теңізін қалпына келтіру жобасын қоса алғанда, басым міндеттер арасында экологиялық бастамаларды бөліп көрсете отырып, орнықты дамудың маңыздылығын атап өтті.«Әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау процесін аяқтауды ұсынамыз. Осыған ұқсас уағдаластықты басқа да халықаралық институттар қолдануда. Бұл бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндік туғызады. Біз диалогқа ашықпыз әрі Қазақстанды оның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде қолдауға дайынбыз», — деді ол.Дүниежүзілік банк Қазақстанның халықаралық негізгі әріптестерінің бірі болып қала береді. Оның сараптамалық және қаржылық қолдауы экономиканы жаңғыртуға және стратегиялық бастамаларды іске асыруға ықпал етеді.«Біз Дүниежүзілік банкке Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Ынтымақтастығымыз жаңа стратегиялық шеңберде одан да нәтижелі болатынына сенімдіміз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Вице-премьер Қазақстан Үкіметі бірлескен жобаларды іске асыруды жеңілдету үшін Дүниежүзілік банк ережелері мен рәсімдерін қолдануға мүмкіндік беретін ӘНК-ге қол қоюды және ратификациялауды қарастырып жатқанын айтты. Келісімге қол қойылғаннан кейін квазимемлекеттік компаниялар халықаралық стандарттар бойынша қаржыландыруды тарта алады.https://primeminister.kz/news/kazakstan-ukimeti-men-duniezhuzilik-bank-strategiyalyk-ariptestikti-nygaytuda-29831 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/961228?lang=kk
Аудан әкімі "Аmanat" партиясының аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді 29.03.2025
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.Қабылдауға келушілердің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу мен тұрғын үй кезегі мәселесін қозғады. Мұнан бөлек ауылдық округтерден жер алу мәселесі, көшелерді асфалттау, Әйтеке би кентінің тазалығы және әлеуметтік көмек сұраған тұрғындарда болды.Аудан басшысы жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір азаматтарға қоғамдық жұмыс арқылыда жұмыс жасауға мүмкіндік барын жеткізді. Басқа мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатынын айтып, бұл бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/961221?lang=kk
Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасы 29.03.2025
Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік басқармасымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен және кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2025–2027 жылдарға арналған инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді жоспар әзірледі. Бұл жоспар экономиканың басым секторларына тікелей инвестицияларды ұлғайтуға, бизнес-ортаны жақсартуға және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.Ақтөбе облысының экономика салаларында 13 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынатын, инвестиция көлемі 3,3 трлн теңгені құрайтын 74 инвестициялық жоба іске асырылуда.2025 жылы облыс аумағында инвестиция көлемі 491 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны (тау-кен өнеркәсібі – 2, өңдеу өнеркәсібі – 6, ауыл шаруашылығы – 1, энергетика – 1) іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларды іске қосу 1,2 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/961218?lang=kk
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! 29.03.2025
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/961120?lang=kk
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде Наурыз мерекесіне орай әскери-спорттық эстафета өтті 29.03.2025
20 наурызда Наурызнама онкүндігі шеңберінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімі Ұлттық спорт күніне арналған әскерилендірілген эстафета өткізді.Жарысқа қатысушылар классикалық әскери және ұлттық спорт түрлерінде күш, ептілік пен командалық рух көрсетті.Эстафета бағдарламасына АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау, улы газдан қорғайтын шлемде жүгіру мен топтық сайыстар кірді. Сондай-ақ шыдамдылыққа баулитын арқан тартыс, қол күрес, кір тасын көтеру сынды спорт түрлері енді.Тартысты бәсекеде «Қайсар» командасы (жедел мақсаттағы 3-ші батальон) жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Қалқан» командасы (қамтамасыз ету батальоны) иемденсе, ал қола жүлдені «Арлан» командасы (жедел мақсаттағы 1-батальон) жеңіп алды.Жарыстың соңғы нүктесін чемпиондық жүгіру қойды, онда барлық қатысушылар жауынгерлік рух пен бірлік танытты.Мұндай іс-шаралар ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында дене төзімділігі мен жауынгерлік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/961055?lang=kk
Ұлттық киім кию "Ұлттық киім" мерекесінде ғана емес, күнделікті өмірде де 29.03.2025
«Самар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Закирьянова Р.К. мен әдіскерлерІ «ҰЛТТЫҚ КИІМ» мерекесінде ғана емес, жалпы күнделікті өмірде ұлттық киім киюді қолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/961046?lang=kk
Тиранада Қазақстан мен Албанияның СІМ арасында алғашқы саяси консультациялар өтті 29.03.2025
Тирана, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан мен Албания Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың алғашқы раунды Албания астанасында өтті. Қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал албан тарапын Еуропа және сыртқы істер жөніндегі министрдің орынбасары Эндрит Юзейрай басқарған топ келіссөздер жүргізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, оның ішінде саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және өзара инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Сұхбаттастар қазақ-албан қатынастарының оң динамикасы мен сенімді сипатын атап өтіп, оған Албания Президенті Байрам Бегайдың 2023 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға болған тарихи сапары және 2024 жылы Тиранада Қазақстанның Елшілігінің ашылуы жаңа серпін бергеніне назар аударды.Р.Василенко Қазақстан Албанияны Балқан өңіріндегі маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ өзара шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің және бейінді ведомстволар, оның ішінде «Kazakh Invest» АҚ мен Албанияның Инвестициялар және даму агенттігі (AIDA) арасындағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Өзара іс-қимылды тереңдету мақсатында қазақ тарапы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес құруды ұсынды. Олар екіжақты өзара қатынастарды кеңейтуге және жаңа бизнес-бастамаларды тартуға ықпал ететін тиімді құралдардың бірі болады.Өз кезегінде Э.Юзейрай екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының тұрақты кездесулері, оның ішінде қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының «алаңында», ақпанда Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 55-сессиясының Жоғары деңгейдегі сегменті және БҰҰ-ның басқа да өткен жаһандық кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, Албанияда жаңа Қазақстан Елшілігінің ашылғаны Астана мен Тирана арасындағы қарым-қатынастардың барлық спектрін нығайту жолындағы ерекше қадам болды.Консультациялар барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша, оның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ мен басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды.Тараптар алдағы уақытта түрлі деңгейдегі өзара сапарларды жандандыру арқылы екіжақты диалогты қарқынды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда биыл мамыр айында Қазақстанда өтетін Астана халықаралық форумына Албания Премьер-Министрі Э.Раманың сапарын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.Келіссөздердің қорытындысы бойынша дипломаттар барлық қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды тиімді іске асыру мақсатында алдағы жоспарланған кестені белгілеп, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың әлеуетін толық ашу үшін жұмыс байланыстарын қолдауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-albania/press/news/details/962052?lang=kk
Елімізде ЖІӨ құрылымының бестен бір бөлігі саудаға тиесілі 29.03.2025
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында сауда көлемін арттыру мүмкіндіктері, Шымкент пен Жамбыл облысының экономикалық даму көрсеткіштері және инвестициялық жобаларды іске асыруды қиындататын мәселелер қаралды.Сауда Қазақстан экономикасында екінші орын алады. Оның ЖІӨ құрылымындағы үлесі 19,1%. 2025 жылдың алғашқы екі айында сауданың нақты көлем индексі жоспарланған 4,7%-дан 6%-ды құрады. Сауда НКИ-іне бес өңір ең көп үлес қосты, олардың үлесіне тауар айналымының жалпы көлемінің 73,6%-ы тиесілі (қаңтар-ақпанда – 3,5 трлн теңге). Бұл Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстары.Көтерме сауда мұнай өнімдері, автотехника, фармацевтика өнімдері, астық, қант және сусындар есебінен 6,6%-ға (6,1 трлн теңге), бөлшек сауда мұнай өнімдері, құрылыс материалдары, машиналар мен жабдықтар, кондитерлік, ет және балық өнімдерінің өсуі есебінен 4,7%-ға (2,8 трлн теңге) артты.Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, саудада негізінен микро және шағын бизнес жұмыс істейді (99%), олардың үлесіне жалпы тауар айналымының 66%-ы тиесілі. 2025 жылы сауданың нақты көлем индексін 113% деңгейінде қамтамасыз ету үшін тауар айналымын 87 трлн теңгеге жеткізу қажет (2024 жылы – 70 трлн теңге). Бұл негізінен саланың 67,5%-ын құрайтын көтерме сауданың есебінен жүзеге асырылады. Мұндай өсімге шикі мұнай өндіруді және оны қайта өңдеуді, газды ұлғайту, өңдеу өнеркәсібі мен АӨК дамыту, тұрмыстық техника желісін кеңейту, фармацевтика өндірісін ұлғайту есебінен қамтамасыз етіледі.Шикізаттық емес экспортты ұлғайту мақсатында Қытай, Ресей, Өзбекстан, БАӘ, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан және Пәкістанға экспорттық жеткізілім географиясын кеңейту жұмысы жүргізілуде. Осы нарықтарда тұрақты болу үшін қосымша 10 сауда үйі мен серіктестік кеңселерін ашу жоспарлануда. Халықаралық маркетплейстер арқылы халықаралық электрондық саудаға интеграция жүргізілуде.Бөлшек сауда айналымның 32,5% құрайды. 2025 жылы бөлшек сауда көлемі 28 трлн теңге (2024 жылға қарай +5,5 трлн теңге) деңгейінде болжанып отыр. Бөлшек сауда нарығын ынталандыру үшін Халық Банкімен бірлесіп «Digital Bazar» жобалары енгізілуде, таңбаланатын тауарлардың тізбесі кеңейтілуде, тұтынушылық кредит беру дамуда.Сонымен қатар еліміздегі электрондық сауданың қарқынын арттыру шаралары талқыланды. Бұл сала тұрақты өсіп келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы оның көлемі 3,2 трлн теңгені құрап, 14%-ға ұлғайды. 2025 жылы бұл көрсеткіштің 4,5 трлн теңгеге дейін өсуі күтілуде. Жедел мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында нарықтың 85%-ын қамтитын ірі маркетплейстердегі тауар айналымы 0,7 трлн теңгеге жетті. Электрондық коммерция мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Instagram арқылы жасалатын сатылымдарды e-commerce санатына жатқызу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ Kaspi.kz және Қазпоштамен бірлесіп, көтерме сауданы дамыту үшін қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлерге арналған B2B платформасы тестілік режимде іске қосылды. Бұл платформада негізгі тауар санаттары тұрмыстық техника, үйге арналған тауарлар және жеңіл өнеркәсіп өнімдері болмақ. Аталған бастамаларды жүзеге асыру еліміздегі тауар айналымын жыл сайын қосымша 1 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.Шымкентте биылғы жылдың алғашқы екі айында негізгі экономикалық көрсеткіштердің сенімді өсуі байқалады. Инвестиция көлемі 102,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 68%-ға артық, өнеркәсіп – 195,5 млрд теңге (13,4%-ға өсу), ауыл шаруашылығы (7,4 млрд теңге, 2,7%-ға өсу). Қысқа мерзімді экономикалық өсу 15,7%-ға жетті, бұл қалаға елдегі көшбасшы үштік қатарына кіруге мүмкіндік берді. Өңірдің 2025-2029 жылдарға арналған инвестициялық портфелі жалпы сомасы 1,9 трлн теңгені құрайтын 190 инвестициялық жобадан тұрады, олардың аясында 25,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 2025 жылы жалпы құны 181,9 млрд теңгені құрайтын 51 жобаны іске қосу жоспарланған.Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 2024 жылы қаладағы 19 кәсіпорын 61,1 млрд теңге көлемінде фармацевтикалық өнім өндіргенін мәлімдеді. Бұл елдегі фармацевтика саласының жалпы өндірісінің 35,7%-ы. Алайда Dentafill Kazakhstan компаниясының өнімін нарыққа шығару үшін Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеу қажет, бұл процесс 270 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған ұқсас қиындықтарға 2024 жылы дәрі-дәрмектерді тіркеуге 75 өтінім берген және 2025 жылы тағы 35 өтінім тапсыруды жоспарлап отырған тағы бір басқа кәсіпорын тап болған.Вице-премьер Денсаулық сақтау министрлігіне барлық ұсынылған дәрі-дәрмектер бойынша келісу рәсімдерін жеделдетуді тапсырды. Осылайша кәсіпорындар кіріс алуы тиіс және өңірдің ЖҚҚ-на үлес қоса алады.Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың айтуынша, биылғы жылдың екі айында өңірдің экономикалық өсімі 12,5%-ды құрады. Өнеркәсіп көлемі 21,6%-ға (188 млрд теңге), инвестициялар жартысынан астам (54,4%-ға артып, 62 млрд теңге), ал сауда саласы 1,9%-ға (120,6 млрд теңге) өсті. Облыстың инвестициялық жобалар пулы жалпы құны 3,6 трлн теңгені құрайтын 82 жобаны қамтиды. Оның ішінде 2025 жылы 175,2 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, 1,1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Сондай-ақ спикер жекелеген ірі жобаларды іске асыруды қиындататын проблемалық мәселелерді айтты.Бірінші кезекте – өңдеу өнеркәсібін қосу үшін «Жібек Жолы» АЭА-да қызмет түрлерінің тізімін кеңейту мәселесі. 15-тен астам жоба осы тізімге енгізілуі тиіс. Кальций қосылған сода өндіруге арналған «Qazaq Soda» ЖШС-нің тағы бір ірі инвестициялық жобасы іске қосылуы үшін шикізат жеткізу және дайын өнімді тасымалдау мақсатында қосалқы аймаққа теміржол желісін тартуды күтіп отыр.Вице-премьер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сәуір айының соңына дейін арнайы экономикалық аймақтардағы басым қызмет түрлерінің тізіміне өзгерістер енгізуді, сондай-ақ кальций қосылған сода өндіретін кәсіпорын үшін қажетті инфрақұрылым құрылысына қаржылық қолдау көрсетуді тапсырды. https://primeminister.kz/news/elimizde-zhio-kurylymynyn-besten-bir-boligi-saudaga-tiesili-29829 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/961013?lang=kk
Агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық бағыттары Еуропалық Парламентте талқыланды 29.03.2025
Брюссель, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Еуропалық Парламенттің Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің (AGRI) төрайымы, чехиялық еуродепутат Вероника Вреционовамен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Еуропалық Парламенттің салалық комитеттері (AFET, DROI, DCAS) мен Қазақстан Парламентінің Мәжілісі және Сенаты арасындағы белсенді ынтымақтастық пен өзара сапарлардың маңыздылығы атап өтілді.Сонымен қатар, тараптар агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, атап айтқанда сауда байланыстарын кеңейту, қазақстандық агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттауды ілгерілету және Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру мақсатында еуропалық тәжірибе мен технологияларды тарту мәселелерін қарастырды.Санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттарды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕО нарығына экспорттау көлемін арттыруда маңызды рөл атқарады.Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің атынан Еуропарламенттің AGRI комитетіне Қазақстанға сапармен келуге ресми шақыруын тағы да растады. Бұл сапар салалық комитеттер арасындағы диалогты кеңейтуге және Қазақстан-ЕО агроөнеркәсіптік ынтымақтастығына қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белсенді байланыстарды қолдауға және Еуропалық Парламент AGRI комитетінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.Қазіргі таңда қазақстандық балық өнімдері ЕО нарығына жеткізілуде. Сонымен қатар, ү.ж. 24 ақпанда Еуропалық Одақ Қазақстанды бал экспортына рұқсат етілген ел ретінде ресми түрде бекітті. Сонымен қатар, 2024 жылғы 27 мамыр мен 1 маусым аралығында Еуропалық Одақтың ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Януш Войчеховский Қазақстан Республикасына (Алматы, Астана қалалары) сапармен келіп, құрамында ЕО-ның 16 елінен 40-тан астам агроазық-түлік компаниялары өкілдері бар делегацияны басқарды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/961012?lang=kk
Лудомания-қоғамның әртүрлі салаларына әсер ететін маңызды мәселе. 29.03.2025
Лудомания-қоғамның әртүрлі салаларына әсер ететін маңызды мәселе. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметкерлер арасында құмар ойындарға тәуелділік жағдайларының көбеюі байқалды. Бұл құбылыс елеулі алаңдаушылық туғызады, өйткені ол мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі мен сенімділігіне тікелей әсер етуі мүмкін.Лудомания (Уикипедиядан) - құмар ойындар, ойынға тәуелділік, құмар ойындарға тәуелділік (ағылш. gambling-ақша ойыны) – құмар ойындарға патологиялық бейімділік, адам өмірінде үстемдік ететін және әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін құмар ойындарға қатысудың жиі қайталанатын эпизодтарынан тұрады: мұндай адам осы салалардағы өз міндеттеріне тиісті назар аудармайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл бұзылысқа "құмар ойындарға патологиялық тарту"атауын береді.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі лудомания (құмар ойындар) әдеттер мен құмарлықтардың бұзылуы деп танылғанын, алайда диагноз азаматтар медициналық ұйымдарға жүгінген кезде ғана жүзеге асырылатынын атап өтті.Құмар ойындарға деген қажеттілігі бар бұл зиянды ауру қазіргі қоғамда жиі кездесетін мәселеге айналуда. Алайда, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы лудомания туралы сөз болғанда, бұл ерекше алаңдаушылық тудырады. Құмар ойындарын ойнайтын мемлекеттік қызметкерлер тек жеке мәселелермен ғана емес, сонымен бірге олардың жұмысы мен қоғам алдындағы міндеттерімен де ауыр зардаптарға тап болады.2022 жылы лудомандардың саны 350 мыңнан асты және бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Сол жылы прокуратура ойын мекемелерін тексерген кезде 300-ге жуық мемлекеттік қызметшілер анықталды, олар құмар ойындарға 500 млн. теңгеден астам қаражат жұмсады.Мемлекеттік қызметкерлер арасында лудомания қандай проблемаларды тудырады?Біріншіден, бұл мемлекеттік қызметшілердің өнімділігі мен тиімділігіне әсер етеді. Екіншіден, лудоманияға байланысты мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық қаупі бар. Лудомания мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасыларына психологиялық және қаржылық әсер етеді.Мемлекеттік қызметшілердің алдында тұрған сын-қатерлер: лудомания проблемасы туралы тиісті ақпараттың және түсініктің болмауы; мемлекеттік қызметшілер үшін лудоманияны емдеу бойынша алдын алу шаралары мен бағдарламаларының шектеулі қолжетімділігі; мемлекеттік қызметшілер арасында лудомандарды анықтаудағы және көмекті қамтамасыз етудегі қиындықтар.Мемлекеттік қызметкерлер арасында лудоманияны тудыруы мүмкін себептер қандай:- Мамандықтағы стресс және жоғары талаптар: мемлекеттік қызметкерлер үлкен жүктемелерге, белгісіздікке және маңызды шешімдер қабылдау қажеттілігіне тап болуы мүмкін. Лудомания шиеленісті жеңілдетудің және шындықтан аулақ болудың тәсілі болады.- Құмар ойындардың қол жетімділігі: пайда болған бос уақыт мемлекеттік қызметкерлерді казиноға, онлайн құмар ойындарға немесе құмар ойындардың басқа түрлеріне баруға итермелеуі мүмкін, әсіресе олар жұмыс орнына жақын болса.- Әріптестердің әсері: егер әріптестер арасында құмар ойындарды қолдау мәдениеті болса, бұл мемлекеттік қызметкерлер арасында лудоманияға қатысу деңгейін арттыруы мүмкін. Лудомания тудыруы мүмкін салдарлар:- Өнімділіктің нашарлауы: лудомания мемлекеттік қызметкерлерден уақыт пен энергияны алады, нәтижесінде олардың өнімділігі мен тиімділігі төмендейді. - Қаржылық мәселелер: патологиялық құмар ойындар қарыздар, жинақтаудың жоғалуы және қаржылық төлем қабілетсіздігі сияқты күрделі қаржылық мәселелерге әкелуі мүмкін. - Психологиялық жағдайға теріс әсер ету: Лудомания стрессті, мазасыздықты, депрессияны тудырады және мемлекеттік қызметшілердің жалпы психикалық жағдайын нашарлатады.Осы патологиялық бейімділіктің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында алдын алу және оңалту шараларын жүргізу қажет. Оларға мыналар жатады:- Білім беру бағдарламалары және ақпараттық жұмыс: бұл Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты негізде жүргізетін мемлекеттік қызметкерлер арасындағы лудоманияның қауіптері мен салдары туралы семинарлар.- Белсенді азаматтық ұстанымы бар жұртшылықты осы жұмысқа тарта отырып, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердің мониторингі.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, 2023 жылы "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне интернет-казино белгілері бар 1780-ден астам интернет-ресурстар бойынша ақпарат енгізілді. - Саясат пен ережелерді құру: жұмыс орнында лудоманияға тыйым салатын қатаң ережелерді әзірлеу, сондай-ақ Мемлекеттік мекемелердің жанында құмар ойындардың болуын шектеу.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Президентінің 02.11.2023 № 396 Жарлығымен "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығының 3-тарауының 6-тармағына 10-тармақша енгізілді, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарының бірі - "қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну ".- Алдын алу шараларының бірі – кеңес беру және терапия. Лудоманиядан зардап шегетін мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек пен терапия қол жетімді болуы керек.- Әріптестерді қолдау: әріптестер бір-біріне тәуелділікпен күресуге көмектесу үшін жұмыс орнында қолдау және ақпараттандыру ортасын құру.Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы лудомания мемлекеттік қызметшілердің жеке өміріне және мемлекеттік ұйымдардың жұмысына теріс әсер етуі мүмкін күрделі проблема болып табылады. Алайда, дұрыс алдын алу шаралары, білім беру және жәрдемдесу арқылы лудоманияның әсерін азайтуға және мемлекеттік қызметкерлерге бұл мәселені жеңуге көмектесуге болады.Лудомания туралы хабардарлықты арттыру, қолдау ортасын құру және осы аурудан зардап шегетіндердің барлығына көмек көрсету қажет. Қоғамның, ұйымдардың және жеке тұлғалардың бірлескен күш-жігерімен ғана бұл мәселені шешуге және мемлекеттік қызметшілердің салауатты және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге болады. Федоров ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Кизима В.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1024275?lang=kk