Enbekshi QazaQ

Қоғам

ІІМ заңсыз қару мен оқ-дәрілерді тәркілеуді жалғастыруда 29.03.2025
Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда.- Жыл басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіледі.Жалпы қабылданған шаралардың арқасында соңғы үш жылда 8 541 түрлі қару, сондай-ақ 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында еліміздің әртүрлі өңірінде 2 316 қару сақталған 772 схрон табылды.Бүгінгі таңда 1 263 қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды.Тәркіленген қалған 7 278 қарудың тіркеу нөмірлерін қаскөйлер қасақана жойған. Осыған байланысты олар бойынша қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/960701?lang=kk
Жұмыс берушілер назарына! 29.03.2025
Жұмыс берушілер назарына!Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы 2025 жылдың   11 тамызында сағат 17:30-де Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжай бойынша орналасқан Басқарманың мәжіліс залында (3-ші қабат, 311-кабинет) өткізілетіні туралы хабардар етеді.Комиссияның әр отырысы барысында жұмыс берушілердің өтініштерін қараудың бейнежазбасы жүргізіледі.Жұмыс беруші немесе оның өкілі, олардың қалауы бойынша Комиссия отырысына қатыса алады.Барлық сұрақтар бойынша 8(7112)51-28-66 телефон немесе lu.zhadenova@bko.gov.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/1047386?lang=kk
«Ұлыстың ұлы күні – ұлы той» 29.03.2025
Наурызнама аясында ШҚО музей-қорығында №35 орта мектеп оқушыларына арналған «Ұлыстың ұлы күні – ұлы той» атты іс-шара өтті. Балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлері, «12 жылдық күнтізбе» – «12 жыл-мүшел» «Жыл қайыру», яғни 12 жыл бір айналым туралы мағлұмат алып, «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін тыңдады. Оқушыларға ұлттық ойындар, байқаулар мен викториналар өткізілді.«Шабыт» жастар театрының орындауында «Қыдыр ата» театрландырылған қойылымы және О. Бөкейдің «Мезгіл әуендері» шығармасы бойынша қойылым көрсетілді.Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының «Ақниет» ансамблі мен «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Қарлығашым» би ансамблі мерекенің қадірлі қонақтары болып, концерттік бағдарламаға қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/960680?lang=kk
Курсанттары «Жақсы істердің жаршысы бол!» акциясына қатысып 29.03.2025
110-оқу тобының курсанттары «Жақсы істердің жаршысы бол!» акциясына қатысып, Қайырымдылық күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Шелудяковтың ауласын қардан тазалап, көмек көрсетті. Кездесу барысында Виктор Андреевич курсанттарға соғыс жылдарындағы өмірі, майдандағы күндері мен сол кезеңнің ауыр сынақтары туралы әңгімелеп, бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын айтты. Оның әңгімелері жастар үшін нағыз ерлік сабағы болып, бейбіт өмірдің қандай қиындықпен келгенін еске салды.Мұндай шаралар ардагерлерге көмектесіп қана қоймай, болашақ полиция қызметкерлерінің бойында тарихқа деген құрметті, аға буынға қамқорлықты және кез келген жағдайда көмекке келуге дайын болуды қалыптастырады.Жақсылық жасай отырып, әлемді мейірімді етеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/960671?lang=kk
Қостанайдағы су тасқынына қарсы іс-шаралар 29.03.2025
Қостанайдағы жағдай тұрақты болып қалып отыр, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. 14 наурыздан бастап 90 өтініш келіп түсті, оның 83-і шұғыл түрде қаралды, 7 өтініш расталмады. Өтініштер қаланың көшелерінде судың жиналуы мен аулаларға жақындауы мәселесімен байланысты.Қала сыртындағы егіс алқаптарындағы қар қабаты 90% еріді, тек қана төмен жерлер мен орманды алаптарда қалды.Қалада тәулік бойы гидропосттар жұмыс істейді: «Костанай-2», «Дружба» тұрғын алабы, СО «Дорожник», «Текстильщик» және «Садовод» аймақтарында. Қалалық қызметтер күшейтілген режимде кезекшілікте тұр. Негізгі күш-жігер су басу қауіптерін болдырмауға және паводокқа қауіпті аймақтарды тұрақты бақылауға бағытталған.Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді қорғау үшін 1700-ден астам құм салынған қапшықтар төселді. 216 арнайы техника бірлігі тартылды, аулалар мен көшелерден еріген суды сорып алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 18 км болатын 3 су өткізгіш арналар мен 44 су өтетін құрылғы тазартылды — еріген су бөгетсіз, ешқандай тосқауылдарсыз өтуде. Су сондай-ақ 6 арық жүйесі бойымен қозғалып жатыр: «Костанай – Сай», «Абиль-Сай», «Таун-Сай», «Конай» тұрғын алабы, «Амангелды» және «Текстильщик» — ешқандай бөгеттер мен кедергілер жоқ. 100,6 км ливневтік жүйелер тазартылып, су еш кедергісіз өтуде.Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда — коммуналдық қызметкерлер, құтқарушылар, волонтерлер мен ІІМ Академиясының курсанттары аулалар мен үй маңындағы аумақтарды тазартуға көмектесуде. Барлығы 660 адам осы жұмыстарға тартылған.Паводоктың салдарын жою үшін 400-ден астам адам мен 396 бірлік техникадан құралған күштер мен құралдар топтамасы құрылды, оның ішінде 22 мотопомпа, 7 су сорғыш насос, 21 «андиджанец», 138 самосвал, 38 ассенизатор, 71 трактор, 58 тиегіш, 25 экскаватор, 14 кран және 31 автогрейдер бар.Қыс басталғалы бері 637,9 мың текше метр қар шығарылды (2024 жылы — 832,5 мың текше метр).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/960664?lang=kk
ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ 29.03.2025
        Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 - баптарына  сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:  Сайлау комиссиясының атауы және нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріКурчатов қаласының № 151 учаскелік сайлау комиссиясы Курчатов қаласы, Абай көшесі 12, «ҚР ІІД Абай облысы полиция департаменті Курчатов қаласы полиция бөлімі» ММ ғимаратыКурчатов қаласының № 154 учаскелік сайлау комиссиясы Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі 10, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің    «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимаратыКурчатов қаласының № 157 учаскелік сайлау комиссиясы Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі 3, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ ғимаратыСайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2025 жылдың 20 наурызынан бастап 2025 жылдың 6 сәуіріне дейін қабылдайды.Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 26/163-VIII шешіміКурчатов қалалық мәслихатының төрайымыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/960662?lang=kk
Назар аударыңыз! АЯТ ӨЗЕНІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ҚҰРМЕТТІ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! 29.03.2025
Жарылыс жұмыстарын жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес көпірлердегі, бөгеттердегі мұзды қопсыту және ауданның су объектілеріндегі кептелістерді жою бойынша 2025 жылғы 20 наурызда осы іс-шараларды Аят өзенінде өткізу жоспарланған.Осыған байланысты, Сіздерден дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз, бұл іс-шаралар кептеліс құбылыстарын азайту және тасқын суларды кедергісіз өткізу мақсатында жүргізіледі!Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында саяжай учаскелерінде және олардың маңында жарылыс жұмыстарын жүргізгеннен кейін мұзға шығуға тыйым салынады!Ата-аналардан балаларды және олардың орналасқан жерін бақылауды күшейтуді сұраймыз. Балаларды ересектердің бақылауынсыз өзенге жібермеңіз, сондай-ақ оларды Западная көшесінде орналасқан логаға жақындатпауларыңызды сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/960643?lang=kk
«Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды адамдарына қатысты тергеу аяқталды 29.03.2025
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды адамдарының өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.Бас директор мен филиал қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында Тараз қаласындағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмендетілген құны бойынша мемлекетке 460 млн теңгеден астам сомаға залал келтіре отыра іске асырды деп күдіктенуде.Қабылданған шаралармен жылжымайтын мүлік объектісі мемлекеттік меншікке берілді.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/960639?lang=kk
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы 29.03.2025
2025 жылғы 28 наурызда сағат 16.00-де Қарабалық аудандық мәслихатының 8-ші шақырылымының 9 кезекті сессиясы өтедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/960624?lang=kk
Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлімінің басшысы сотталды 29.03.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Қабылданған шаралар мен тетіктер кешені қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға және заңдылықтың бұзылуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.Мәселен, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлім басшысы Б.Қ. Базарбекке қатысты үкім шығарды.Ол Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорының 103 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылдыҮкім заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/960603?lang=kk
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық 29.03.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.Ол мемлекеттік аттестаттаудан өтуге жәрдемдескені үшін білім беру мекемелерінің басшыларынан бірнеше рет пара алды деп күдіктенеді.Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда қаласының білім бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.Ол өзінің туысын ведомстволық бағынысты ұйымның педагогы ретінде жұмысқа орналастырғаны үшін қала тұрғынынан 1 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласының білім бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.Ол өзіне артық белгіленген норманың жалақысын негізсіз аудару арқылы 4,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.Тергеу жалғасуда.Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты Балқаш ауданының білім бөлімінің басшысы Д. Ақмолдаеваға және осы бөлімнің 8 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.Олар 129,6 млн теңге сомасында бюджет қаражатын өзіне артық жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.Ақмолдаева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 3 жылдан 10 жылға дейін қызмет атқаруға тыйым салынып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және шектеу жазасы тағайындалды.Талдықорған қалалық соты «Талдықорған қаласының №12 орта мектебі» КММ бас бухгалтері Г. Салпиноваға және осы мектептің бухгалтері Н. Юсуповқа қатысты үкім шығарды.Олар 24,5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын өзіне белгіленген нормадан жоғары жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.Салпинова мен Юсуповқа тиісінше 8 және 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды.Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.Жымқыру тәуекелдерін азайту мақсатында барлық дерлік өңірлерде тәуекелдерді басқару жүйелері бар бухгалтерлік бағдарламаларға бірыңғай техникалық талаптар көзделген, олар жоғары жалақы мен «Өлі жандарды» есептей отырып, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, «Бұлтты бухгалтерия» жобасы іске асырылуда, ол бухгалтерлік есептің барлық жүйелерін орталықтандыруды және мемлекеттік органдардың, оның ішінде қазынашылықтың дерекқорларымен интеграциялауды көздейді.Жоба бюджетті жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем құжатына жалған деректерді енгізу тәуекелдерін және басқа да қаржылық бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отырады. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексеріледі.Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық департаменттері ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жалақыны негізсіз аудару тұрғысынан төлемдерді камералдық бақылауды жүзеге асырады.Барлық күдікті операциялар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, білім басқармасына және аударым жасаған ұйымның өзіне талдау жасау үшін түседі.Бұл барлық күдікті операцияларды бақылауға және құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Ақшалай төлемдерді алушылардың дербес деректерінің дұрыстығына төлем құжаттарын автоматты тексеру тетігін енгізу инновациялардың бірі болып табылады.Мәселен, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Жол картасының 9-тармағын іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесін интеграциялау жүргізілдіМәселен, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Жол картасының 9-тармағын іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйесін Әділет министрлігінің жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау жүргізілді. Енді мұғалімдерге төленетін барлық төлемдер - жалақы, іссапар, сыйлықақылар және демалыс ақысы ЖСН және ТАӘ бойынша ресми деректерге сәйкестігі автоматты түрде тексеріледі.Қосымша, екінші деңгейдегі банктер ЖСН бойынша түскен төлемдерді банк шотының деректерімен салыстырады. Бұл үшінші тұлғаның банктік шоты қазіргі жұмысшының атымен көрсетілген кезде жалған мәліметтер бойынша қаражат аудару мүмкіндігін толығымен жояды.Енгізілген тетік тек білім беру ұйымдарына ғана емес, қазынашылық жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік мекемелерге де қолданылатынын атап өткен жөн.Қазірдің өзінде біз үлкен өзгерістер туралы айта аламыз және қабылданған шаралардың әсерін көреміз.Егер 2023 жылы осы саладағы жымқыру 17 млрд теңгеден асса, 2024 жылы жаңа жымқыру шараларының арқасында 22 миллион теңгеге дейін айтарлықтай азайтылды.Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/960593?lang=kk
Қолма-қол ақшасыз төлемдер ережелеріндегі өзгерістер туралы 29.03.2025
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда төлем жүйелері үшін ISO 20022 халықаралық стандарты енгізілді, бұл қолма-қол ақшасыз төлемдер ережелеріне өзгерістер енгізуге алып келді.Енді төлем тапсырмаларында "нақты төлеуші" және "ақша жөнелтуші"деген жаңа бағандар пайда болды.Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ және СБ МӘСҚ-ға өзінің жеке бөлімшесі үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеген кезде "нақты төлеуші" бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның жеке бөлімшесінің атауы, ал «ЖСН (БСН)» бағанында көрсетіледі)» - оның БИН.Қағидаларда сондай - ақ сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), сондай-ақ «ЖСН (БСН)» бағанында-оның ЖСН көрсетілетіні көзделген.Маңызды: ақпаратты толтыру кезінде төлемдерді дұрыс тарату үшін төлем құжаттарында ЖСН/БСН дұрыс көрсетілуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/963221?lang=kk
Алматыда Наурыз мейрамы ауқымды түрде тойланады: дәстүр мен жаңаның үйлесімі 29.03.2025
Биыл Алматы тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын кең көлемде тойлайды, қаладаы іс-шараларда дәстүр мен жаңашылдық үйлесім табады.Ашық аспан астындағы ауқымды концерттер, спорттық жарыстар, жәрмеңкелер мен түрлі іс-шаралар «Көктөбе» саябағында, Абай алаңында, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Арбатта және Астана алаңында өтеді. Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар шаһардың барлық ауданында ұйымдастырылады. Қала театрлары мен цирк қайырымдылық қойылым ұсынса, ірі концерт залдарында қазақстандық және шетелдік жұлдыздар өнер көрсетеді. Жалпы, Алматыда Наурызнама аясында 100-ден астам іс-шара өтеді.Астана алаңы21 наурыз күні сағат 11:00-де Астана алаңында «Алматы – Наурыз құшағында» атты негізгі салтанатты концерт өтеді. Сахнада әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов, Жазира Байырбекова, Игорь Благородный, Төлеген Рахымбаев, «КешYou» тобы, Диная, AyaFunk және басқа да артистер өнер көрсетеді.«Алатау» дәстүрлі өнер театрының және «Жаңа ғасыр» театрының артистер, «Алматы әуендерінің» солистері, «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі де концерттік бағдарлама ұсынады.Сонымен қатар, 21-22 наурыз күндері сағат 18:00-де осы алаңда танымал әншілер қатысатын екі күндік Juldyzdy Almaty кешкі фестивалі өтеді.Астана алаңында спорттық ойындар, қолөнер жәрмеңкесі және отбасы мүшелерімен қатысып, қызықтайтын басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Мұнда мерекелік көңіл-күй сыйлайтын түрлі фотозоналар мен арт-нысандар да орнатылады.Абай алаңы21-25 наурыз күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Абай алаңында мәдени мұра мен заманауи технологияны біріктіретін NauryzFest фестивалі өтеді.Республика сарайының алдында ерекше безендірілген киіз үйлер тігіледі. «Рухани мұра» киіз үйінде Абай, Жамбыл және Дина ойнаған музыкалық аспаптардың көшірмесі қойылып, концерт өтеді. «Алматыға саяхат» киіз үйінде қонақтар қаланың көрікті жерлерін виртуалды форматта тамашалай алады. Сондай-ақ, шебер Марат Бексұлтановтың қолынан шыққан небәрі 20 минут ішінде құрастыруға болатын «Инновациялық киіз үй» орнатылады.Абай алаңында алтыбақан орнатылады, ұлттық ойындар мен түрлі жарыстар өткізеді. Сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған арт-нысандар да бой көтереді. 21-22 наурыз күндері кешкі уақытта алаңда белгілі әншілер концерт қояды.Фестиваль аясында бірнеше күн бойы ауқымды қолөнер жәрмеңкесі жұмыс істейді. Қонақтар ағаш ою, зергерлік бұйым жасау, былғары өңдеу және киіз басу өнерін тамашалай алады. Киіз үйлерде шеберлік дәрістері ұйымдастырылып, қонақтар тоқыма тоқу, ұлттық ою-өрнекпен әшекей бұйым дайындау және қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарын жасау өнерін үйрене алады.Роботтар, кинетикалық туннель және виртуалды аватарПанфилов жаяу жүргіншілер көшесі (Қабанбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін) заманауи технология мен мәдени кеңістікке айналады. Кіреберісте ерекше әсер беретін LED-экранды арка орнатылады, ал Ғалымжан атты виртуалды аватар мерекелік бағдарлама туралы айтып береді.Мұнда халық мультимедиалық қондырғы арқылы өзін ұлттық киім киіп тұрғандай көреді, цифрлық субұрқақта жүрекжарды лебізін жолдап, VR арқылы ежелгі дәуірге саяхат жасап, садақ ату сайысына қатысады, виртуалды шайқасты тамашалайды және Наурыз мейрамының тарихына үңіледі.Бұл алаңда кинетикалық туннель орнатылып, онда ұлттық ою-өрнектер қонақтардың қимылына сай қозғалады. Гастрономиялық аймақта робот даяшылар, аспаздар мен баристалар жұмыс істейді, ал интеллектуалдық «Ой-Думан» ойыны алматылықтар мен қонақтардың Наурыз туралы білімін тексереруге мүмкіндік береді. Панфилов көшесінде «ғарыштық киіз үй», қайта өңделген материалдардан жасалған арт-инсталляциялар мен қазақстандық инженерлер әзірлеген робототехника көрмесі жұмыс істейтін болады. Бұл алаң 21 және 22 наурызд жұмыс істейді.Кітап жәрмеңкесі, жазушылармен кездесулер және ұлттық ойындар21-25 наурыз күндері Алматының Арбатында «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім – берекем» атты ірі кітап жәрмеңкесі өтеді. Қонақтар жазушылармен, публицистермен кездесіп, ақындар мен дәстүрлі өнер шеберлерінің өнерін тамашалай алады. Жаяу жүргіншілер аймағының ортасында шатыр орнатылып, шеберлік дәрістері, ұлттық ойындар бойынша турнирлер және көрсетілімдер ұйымдастырылады.Абайдың әндерін 5000 адам хормен орындайды22 наурыз сағат 9:30-да Алматыда Наурыз мейрамы мен ұлы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ақынның әндерін орындау бойынша ауқымды хор перформансы өтеді. Оған белгілі солистер, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының артистері, музыкалық оқу орындарының студенттері және қала тұрғындары, жалпы саны 5 мынан асатын алматылық қатысады. Олар Абай даңғылы бойында жиналып, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» және «Айттым сәлем, Қаламқас» әндерін орындайды. Іс-шара Абай даңғылы бойында (Назарбаев пен Достық даңғылдарының арасында) өтеді.Бұл перформанс жаңару мен бірліктің символына айналып, қаланы ұлттық мұра рухына бөлейді. Мыңдаған қатысушының дауысы үйлесім тауып, қазақ мәдениетінің рухани қуатын бейнелейтін ерекше музыкалық туынды тудырады. Бұл іс-шара Рекордтар кітабына енуі мүмкін.Алматыда Nauryz Fashion Day өтеді18 наурыз күні Алматыда сағат 14:30-да Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киімдер күніне арналған Nauryz Fashion Day ауқымды сән көрсетілімі өтеді. Қызыл кілемнен жүріп өтетін модельдер арасында «Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері» жобасының қатысушылары, «Мисс Қазақстан» жобасының жеңімпаздары болады, сондай-ақ іс-шараға AtelierRaushan ательесі мен Aida KaumeNOVA сән үйі қатысып, ұлттық стильдегі әдемі топтамаларын көрсетеді.Айта кетейік, Nauryz Fashion Day-ге қатысушы модельдердің арасында бұған дейін Италияның Милан қаласында өткен сән апталығында өнер көрсеткен, енді Нью-Йорк пен Париждегі Fashion Week-ке қатысуды жоспарлап отырған, қазақ ұлттық киімдерін әлем елдерінде дәріптеуші апалар бар.Сондай-ақ, ұйымдастырушылар барша қала тұрғындарын аталмыш іс-шарана тамашалау үшін этностильде киініп келуге шақырады. Сол арқылы Наурызнама аясында Ұлттық киімдер күнін қолдап, Nauryz Fashion Day-дің қатысушысы болуға мүмкіндік бар.Өтетін орны: Жібек жолы көшесі, АрбатТүркі әлемінің танымал жұлдыздарыТүркітілдес елдердің белгілі артистері алматылықтар мен шаһар қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтайды. 22 наурыз күні сағат 20:00-де «Almaty Arena» сахнасында «Түркі әлемінің мега жұлдыздары» концерті өтеді. Оған Sadraddin, Mustafa Sandal, Roza Zergerli, Алексей Чумаков, Burak Özçivit және «Tynda Music» оркестрі қатысады.20-25 наурыз аралығында метро бекеттерде музыкалық перформанстар мен музей көрмелері өтеді.Сондай-ақ, қалада Наурызнама күнтізбесіндегі әр күннің идеологиясы мен мәнін көрсететін бірқатар тақырыптық іс-шара өтеді. Бағдарламада сенбіліктер, қайырымдылық акциялары, қойылымдар, ойындар және түрлі іс-шара бар. Толық кесте Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/960563?lang=kk
Қазақстан мен Чехия парламентаралық диалогты нығайтуда 29.03.2025
Прага, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан – Чехия» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Руслан Қожасбаев бастаған делегациясы жұмыс сапарымен Чех Республикасына барды. Қазақстандық делегация құрамында Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева және Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев те болды.Сапар аясында Чехия Парламенті Депутаттар палатасындағы «Чехия – Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшелерімен келіссөздер өтті. Бұл топқа Конституциялық-құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы Радек Вондрачек жетекшілік етеді. Тараптар саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты жандандыру қажеттігін атап өтіп, екіжақты парламентаралық өзара іс-қимылдың даму перспективаларын талқылады. Заңнамалық тәжірибе алмасуға, халықаралық парламентаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылға, сондай-ақ білім беру және мәдени бастамаларды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Депутаттар екі елдің салалық парламенттік комитеттері арасындағы ынтымақтастықты күшейту жөнінде уағдаласты.Қазақстандық делегация сондай-ақ Чех Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Йиржи Козакпен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық серіктестікті нығайту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.Тараптар энергетика, машина жасау және жоғары технологиялар саласындағы өзара инвестицияларды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту және екіжақты бизнес байланыстарын жандандыру перспективасы атап өтілді.Чех тарапы Қазақстанда демократиялық институттарды дамыту және заң үстемдігін нығайту мақсатында жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді. Өз кезегінде, қазақстандық делегация машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, білім беру және өзге де салалардағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетіне назар аударды.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және барлық деңгейде диалогты дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Парламентшілер екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайту мақсатында тұрақты кездесулер өткізу және тәжірибе алмасу жөніндегі өзара мүдделерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/960560?lang=kk
Елімізде креативті индустрия субъектілері мен осы салада жұмыс істейтіндер саны 15%-ға артты 29.03.2025
Үкімет отырысында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республикадағы креативті индустрияны дамыту жұмыстары туралы баяндады. Ол 2021 жылдан бері Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел экономикасында осы сектордың үлесін арттырудың маңызын бірнеше рет атап өткеніне тоқталды. Республикада арнайы жобалық кеңсе жұмыс істейді, саланы дамыту тұжырымдамасы қабылданды, оны институционалдық тұрғыда қалыптастыру және осы саладағы бизнесті ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Бүгінгі таңда Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт бойынша дамып, 43 экономикалық қызмет жіктеуіші түрін қамтиды. Қазақстанда креативті индустриямен айналысатын тіркелген субъектілерінің саны 45,5 мыңнан асады, еліміздің ЖІӨ-дегі жалпы қосылған құнның үлесі 1%-ды құрайды. Барлық субъектілердің 50%-дан астамы Алматы мен Астанада шоғырланған, олардың 70%-ы жеке кәсіпкерлер», — деді Аида Балаева.Еліміздің креативті секторларында барлығы 143,6 мың адам жұмыспен қамтылғаны атап өтілді. Олардың ішінде IT, сәулет және сән өнері, мәдени-демалыс мекемелері, кітапханалар мен музейлер, сондай-ақ халықтың қолөнері еңбекті көп қажет ететін салалар болып саналады. 2024 жылдың ақпан айынан бастап креативті саладағы кәсіпкерлерге арналған кешенді қолдау шаралары аясында оларға бөлшек салықтың арнайы салық режимі енгізілді. Нәтижесінде 1 жыл ішінде креативті индустрия субъектілерінің саны 15%-ға артып, жұмыспен қамтылғандар саны 15%-ға өскен. Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, 2024 жылғы Global Innovation Index (Жаһандық инновация индексі) нәтижелері бойынша Қазақстан «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткішінде 93-орыннан 65-орынға көтерілген. Сондай-ақ еліміз «Ұлттық фильмдер өндірісі» көрсеткіші бойынша 60-орыннан 31-орынға жоғарылады.«Осылайша, салықтық жеңілдіктердің креативті экономика салаларына оң әсер еткенін көріп отырмыз. «Астана хаб» резиденттеріне арналған жеңілдетілген салық режимін, сондай-ақ IT саласы мен креативті индустриялардың өзара тығыз байланысын ескерсек, бұл саланың болашағы зор екені анық. Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексі жобасы талқыланып жатқанын ескере отырып, біз креативті индустрияға арналған бірқатар ынталандырушы салықтық шараларды қарастыруды сұраймыз. Олар «бөлшек салық» арнайы салық режимін сақтаумен қатар, қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығына жеңілдетілген мөлшерлемелер белгілеуге қатысты», — деді Аида Балаева.Жыл басында Мемлекет басшысы креативті индустрияны қолдауға бағытталған заңға қол қойды. Аталған заңнамалық өзгерістер институционалдық негіздерді қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту және басым салаларды қолдау шаралары секілді үш негізгі бағытқа шоғырланған.Бұл заң креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша түзетулерді қамтиды. Атап айтқанда, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту, Үкіметтің креативті индустрияларды дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлғаны айқындауы, мемлекеттік қолдау мен креативті индустрияларды ынталандыру ережелерін әзірлеу және бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыретін бекіту.Сонымен қатар түзетулердің екінші пакеті әзірленіп, Мәжілісте қаралуда.Бұдан бөлек, сенбі күні Мемлекет басшысы Бюджет кодексіне және оған ілеспе заңдарға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Осы түзетулер аясында ұлттық лотерея операторы өткізген лотерея билеттерінің 3%-ын креативті индустрияны дамытуға бағыттау көзделген.«Енді қолданыстағы заңнамалық өзгерістердің әр бағытына жеке-жеке тоқталып өтсем. Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында креативті индустрияны қолдауға арналған арнайы институт құруды тапсырды. Осылайша, заңға сәйкес, креативті индустрияны дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлға – Креативті индустрияларды дамыту қоры болады», — деп мәлімдеді министр.Қор Қазақстанның жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады және негізгі 4 бағыт бойынша қызметті жүзеге асырады:Таланттарды анықтау (конкурстар, креатондар, мобильді продюсерлік орталықтар ұйымдастыру, өңірлерде таланттарды іздеу).Жобаларды дамыту (стартаптарды акселерациялау және инкубациялау, коммерцияландыру, инвестиция тарту).Инфрақұрылымды дамыту (хабтар желісін кеңейту, тұрақты арт-алаңдар құру, мемлекеттік мүлікке қол жеткізуді қамтамасыз ету).Экспортқа қолдау көрсету (шетелдік аудиторияға шығу, маркетинг және PR, авторлық құқықты қорғау). Мәдениет және ақпарат министрінің айтуынша, мұндай құрылымдар әлемнің жетекші елдерінде де бар. Ұлыбританияда – Creative England қоры, Оңтүстік Кореяда – Creative Korea қоры жұмыс істейді, бұл қор корей мәдени толқынын (халлю) ілгерілетудің негізгі операторы саналады.«Еліміздегі Креативті индустрияларды дамыту қорының бюджеті ұлттық лотерея операторы қызметінен бөлінетін 3% аударым есебінен қалыптастырылады. Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі – креативті индустриядағы венчурлық инвестицияларды дамыту. Осыған байланысты АХҚО базасында басқарушы компаниялардың пулын тарта отырып, жедел және қайтарымды негізде ақшалай қаражатты тиімді орналастыруға мүмкіндік беретін венчурлық бөлімше құрылатын болады», — деп толықтырды Аида Балаева. Келесі заңнамалық жаңалық – жергілікті атқарушы органдарды креативті индустрияны дамыту бойынша құзыреттермен қамтамасыз ету. Бұл норма ел өңірлерінде креативті хабтар құру және дамыту мақсатында қабылданды. «Бүгінгі таңда республика бойынша 12 креативті хаб ашылды. Алайда, Ақмола, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Креативті хабтар – өңірлердегі креативті индустрияны дамытудың негізгі инфрақұрылымы болуға тиіс. Олар өңірлік экожүйенің орталығына айналып, таланттарды тарту және олармен жұмыс істеу бойынша маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті Аида Балаева. Сонымен қатар бұл жүйеге мектеп оқушыларына арналған қосымша білім беру орталықтары, колледждер мен жоғары оқу орындары, сондай-ақ жекеменшік хабтар мен шығармашылық алаңдар тартылатын болады.Аида Балаева мәлімдегендей өңірлердегі креативті экожүйе толық қалыптасқаннан кейін, аймақтық хабтар Креативті индустрияларды дамыту қорының жергілікті бөлімшелері ретінде жұмыс істейді. Олар креаторларға Қордың барлық қызметтер пакетін ұсынады, бірыңғай әдістеме бойынша жұмыс істейді, Қордың ресурстары мен өзге де хабтардың мүмкіндіктерін пайдаланады. Осылайша, «экстерриториалдық» қағидат іске асырылады, яғни, креативті индустрия субъектілері елдің қай өңірінде болса да, бірдей деңгейде қызмет пен қолдау ала алады.Тағы бір заңнамалық жаңалық – Мәдениет және ақпарат министрлігінің креативті индустрияны мемлекеттік қолдау және ынталандыру ережелерін әзірлеу және бекіту құзыретін айқындау.«Министрлік саланы қолдауға бағытталған қаржылық және қаржылық емес құралдарды әзірлейді. Осы шараларды жүзеге асыратын негізгі операторлар – Креативті индустрияларды дамыту қоры, өңірлік креативті хабтар және жергілікті атқарушы органдар. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, креативті индустриядағы барлық қызмет түрлерін бірден қамту тиімсіз. Сондықтан бастапқы кезеңде мемлекеттік қолдау шаралары нақты басым бағыттарға шоғырландырылатын болады», — деді спикер.Жоспарланған жұмыстарды іске асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай келесі көрсеткіштерге қол жеткізіледі:Бірінші. Креативті индустрияларда жұмыспен қамтылғандардың санын жыл сайын 5%-ға арттыру (2025 жыл – 143 600 адам, 2026 жыл – 150 780 адам, 2027 жыл – 158 319 адам, 2028 жыл – 166 235 адам, 2029 жыл – 174 546 адам)Екінші. Креативті индустриялардағы кәсіпкерлік субъектілерінің санын жыл сайын 5%-ға арттыру (2025 жыл – 45 500 бірлік, 2026 жыл – 47 775 бірлік, 2027 жыл – 50 163 бірлік, 2028 жыл – 52 672 бірлік, 2029 жыл – 55 305 бірлік)Үшінші. Креативті өнімдер мен қызметтердің экспортын жыл сайын 5%-ға арттыру (2025 жыл – 96 млн доллар, 2026 жыл – 100 млн доллар, 2027 жыл – 105 млн доллар, 2028 жыл – 111 млн доллар, 2029 жыл – 116 млн доллар)Төртінші. Креативті индустриялардың еліміздің жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) үлесін 2029 жылға қарай 2%-ға дейін ұлғайту (2025 жыл – 1,3%, 2026 жыл – 1,5%, 2027 жыл – 1,7%, 2028 жыл – 1,9%, 2029 жыл – 2,0%)«Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін өңірлік әкімдіктер креативті индустрияны дамытуға қолайлы жаңа жағдайлар жасауы қажет. Креативті индустриядағы барлық нысандар тікелей Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретінде болмағандықтан, жергілікті атқарушы органдардың қолдау шараларын күшейтуі аса маңызды. Қазіргі таңда саланың толыққанды жұмыс істеуі және дамуы үшін кинотеатрлар, арнайы ғимараттар мен инфрақұрылым жеткіліксіз. Сондықтан жергілікті әкімдіктер бұл мәселеге ерекше назар аударуға тиіс», — деп атап өтті Аида Балаева.Министрдің айтуынша, инвесторлар креативті индустрияның ауқымды әрі болашағы зор әлеуетіне назар аударып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттары негізінде жобаларға қаражат салуы қажет.«Әсіресе, ірі концерт залдары, креативті хабтар, кинотеатрлар және басқа да шығармашылық кеңістіктер салуға баса назар аудару керек. Бұл нысандар креативті тұлғалар мен көрермендерді тартатын орталықтарға айналып, бүкіл саланың дамуын ынталандыратын болады. Министрлік осы бағытта барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын», — деді ол.Мемлекет басшысы барлық саланы цифрландыруды стратегиялық міндет ретінде айқындады. Осыған байланысты, Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа отырысында мәдениет пен өнер саласын цифрландыру бойынша алдағы шаралар қарастырылды. Министрлік мәдениет, архив және кітапхана ісі, кино саласы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар деректерін есепке алу бағыттарында цифрлық жобаларды іске асыруда.Бүгінгі таңда Министрлікте келесі ақпараттық жүйелер жұмыс істейді: «е-Архив» ақпараттық жүйесі.«Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры» ақпараттық жүйесі.«Ұлттық цифрлық кітапхана» ақпараттық жүйесі.«Кино көрсететін және фильмдер өндіретін ұйымдардың бірыңғай мониторингі» (е-Кино) ақпараттық жүйесі.«Әрбір жүйе туралы толығырақ тоқталып өтсем. «е-Архив» ақпараттық жүйесі ведомстволық және мемлекеттік архивтердің қызметін автоматтандыруға бағытталған. Бұл жүйе 2021 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Қазіргі таңда «е-Архив» жүйесіне 2269 мемлекеттік мекеме қосылған, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігіне қарасты мемлекеттік органдар да бар. Сонымен қатар жүйе мемлекеттік органдардың 20 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған», — деп түсіндірді Аида Балаева.Жүйе арқылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:Архивтік анықтамаларды апостильдеу.Архивтік анықтамалар беру. Елемізде 2024 жылдың қорытындысы бойынша «е-Архив» арқылы 672 375 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан мәдениетін жаһандық цифрлық ресурстарда көрсету мақсатында Ұлттық цифрлық архив құру жоспарланып отыр.Бұл жоба келесі міндеттерді шешуге бағытталған:Архивтік құжаттарды цифрлық форматта сақтау,Архив материалдарына, мәдени құндылықтар мен өнер туындыларына қолжетімділікті кеңейту,Ғылыми зерттеулер жүргізуге және Қазақстан азаматтарының сұраныстарын қанағаттандыруға жағдай жасау. 2024 жылдың қаңтар айында 15 орталық мемлекеттік органның 2 млн-нан астам құжаты Мемлекеттік органдардың Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінен «е-Архив» жүйесіне көшірілді.«Биыл “е-Архив” жүйесін одан әрі дамыту көзделген. Жүйенің функционалы кеңейтіледі. Әртүрлі форматтағы құжаттарға қолжетімділік артады. Атрибутивтік іздеу жүйесі іске қосылады, бұл пайдаланушыларға қажетті құжаттарды оңай әрі жылдам табуға мүмкіндік береді. «е-Кітапхана» ақпараттық жүйесі – ұлттық мәдени баспа мұрасын сақтау және насихаттау, оған қол жеткізуді арттыру және тиімді пайдалану, сондай-ақ кітапханалық-ақпараттық жүйені автоматтандыруға бағытталған», — деді министр.Бұл жоба халық арасында кітап оқу деңгейін арттыруға, кітапхана қызметтерінің сапасын жақсартуға, кітапхана ресурстарына қолжетімділікті жеңілдетуге мүмкіндік береді.Мәдениет және ақпарат министрінің айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің Ұлттық электронды кітапханасы (ҚазҰЭК) жүйесінде 80 мыңнан астам электронды кітаптың көшірмесі бар. 2024 жылы бұл порталға 400 мыңнан астам пайдаланушы кірген. «Алдағы уақытта ҚазҰЭК базасында «Бірыңғай автоматтандырылған кітапханалық жүйе» (БАКЖ) әзірленіп, кеңейтілетін болады. Бұл орталықтандырылған цифрлық платформа. Оның мақсаты – кітапхана қорларын басқару процестерін автоматтандыру, каталогтау және оқырмандарға қызмет көрсетуді оңтайландыру, еліміздегі кітапханалар арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру», — деді Аида Балаева. БАКЖ жүйесінде «электрондық оқырман билеті» енгізіледі, ол арқылы еліміздегі кітапханалардың электрондық ресурстарын пайдалану, қағаз кітаптарды да оқырманның орналасқан жеріне қарамастан, бірыңғай кітапхана желісі арқылы алуға мүмкіндік беріледі. Қазіргі уақытта бұл жүйе Ұлттық кітапхана базасында пилоттық режимде тестіленуде. Кейін облыстық, университеттік және басқа да деңгейдегі кітапханаларға кеңейтіледі.Сонымен қатар «Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры» жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, семлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыруды реттеу, гранттар беру және сыйақылар тағайындау, Қазақстандағы белсенді ҮЕҰ-ларды түгендеу және есепке алу мақсатында әзірленген.Жобаның қосымша мүмкіндіктері:ҮЕҰ-ларға өтінім беру және қаржылық есептілік тапсыру рәсімдерін жеңілдету,ҮЕҰ-лардың бірлескен жобалар жүргізу үшін серіктестерді іздеуін,Донорлар мен қаржыландыру көздерін табуды қамтамасыз ету.2024 жылдың желтоқсан айында «ҮЕҰ дерекқоры» жүйесі ҚР ЦДИАӨМ «Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен» бірлескен жұмыс нәтижесінде жаңартылған цифрлық платформаға (esep.govtec.kz) көшірілді.2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық ҮЕҰ-лар есептерін осы жаңа платформа арқылы тапсыруда.«Биыл “ҮЕҰ дерекқоры” жүйесін мемлекеттік мәліметтер базаларымен біріктіру жоспарлануда. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорлар, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері, Сот органдарының “Төрелік” жүйесі және басқа да мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау жүргізіледі», — деп атап өтті министр.Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында берген тапсырмасын орындау аясында, Мәдениет және ақпарат министрлігі Бірыңғай кино мониторинг жүйесін («е-Кино») әзірледі. Бұл жүйе киноиндустриядағы ашықтықты арттыру, елімізде кассалық түсімдерді әділ бөлу міндеттерін атқарады. «е-Кино» жүйесіне деректер кинотеатрлардың билет сату жүйесінен нақты уақыт режимінде түседі. Жүйе жекелеген сеанс және фильм көрсетіліп жатқан өңір бойынша көрермендер саны мен кассалық түсімдерді бақылауға, билеттерді жүктеу үрдісін мониторингтеуге, кино көрсетілімдері мен түсімдерін жанр, тіл және өндіріс елі бойынша талдауға мүмкіндік береді.Аида Балаеваның айтуынша, қазіргі уақытта «е-Кино» жүйесі сынақ режимінде пайдалануда. Жүйеге 103 кинотеатрдың 68-і қосылған. 30,4 млн теңге кассалық түсім есепке алынды. 20 310 билет тіркелді.Қазіргі таңда жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тестілеу мәселесі қарастырылуда. Бұл оның өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуіне мүмкіндік береді.«Айта кетейік, “е-Кино” – креативті салаларды цифрландырудың алғашқы қадамы. Сондай-ақ биыл Қазақстан музейлерінің виртуалды желісін – “E-Museum” веб-порталын іске қосу жоспарлануда. Жаңа платформа визуалды және интерактивті технологияларды пайдалана отырып, еліміздің мәдени мұрасын бүкіл әлемге қолжетімді етуді көздейді», — деді спикер.Порталдың ерекшеліктері:3D-модельдеу технологиялары енгізіледі,Кез келген елден пайдаланушылар Қазақстанның мәдени мұрасымен таныса алады,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік музей қорының каталогын жүйелі түрде электронды форматта жүргізу қамтамасыз етіледі.Бұл жоба аясында еліміздегі барлық музейлерден ақпаратты сапалы және толық жинау жүргізіледі, озық әлемдік тәжірибе негізінде музей қорының цифрлық платформасы жасалады.Сонымен қатар Министрлік жасанды интеллектті қолданатын 4 цифрлық бастаманы жүзеге асыруда:1. «Контентті мемлекеттік тілде цифрлық дыбыстау» және «Есту қабілеті төмен және естімейтін азаматтар үшін мемлекеттік тілде ым-ишара аудармасы». Аталған бастамалар видеоконтентті мемлекеттік тілге аудару және дыбыстау процесін, фильмдер мен сериалдарды аудару және бейімдеу процесін жеделдетеді, сондай-ақ бұл саладағы инклюзивтілікті арттырады.2. «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын цифрландыру»Жобаны кеңейту аясында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы, құнды экспонаттар мен сирек кездесетін жәдігерлер цифрландырылатын жеке модуль іске қосылады.Негізгі мақсат – үйден шықпай-ақ Қазақстан музейлері мен театрларын, көрмелерін тамашалау, Қазақстандық телевизияның алтын қорымен танысу.3. «Жасанды интеллект элементтері бар Ұлттық цифрлық білім базасы»Жасанды интеллект элементтері бар Ұлттық білім базасы – бұл біріктірілген платформа құруға арналған жоба.«Жоба «е-Кітапхана» және «е-Архив» жүйелерімен біріктіріледі, қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдардың жүйелерімен де интеграцияланады», — деді Аида Балаева.Министрдің баяндамасында айтылғандай ІІ дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығын атап өту аясында, Министрлік майдангерлердің және тыл еңбеккерлерінің ерліктерін мәңгі есте қалдыру бойынша жұмыстар жүргізуде.Қазіргі таңда «Батырларға тағзым» ақпараттық порталы жұмыс істейді, онда 100 мыңнан астам майдангер туралы мәліметтер орналастырылған.9 мамырға арнайы жаңартылған «Батырларға тағзым» порталы іске қосылады. Қазақстанның архивтік қорларында сақталған барлық мәліметтерді біріктіру мақсатында бұл портал «е-Архив» жүйесімен интеграцияланады. Осылайша, әрбір қазақстандық сол кезеңнің бірегей архивтік деректеріне қол жеткізе алады. Министрлік мәдениет, ақпарат, креативті индустрия және кітап ісі салаларын цифрландыруды тек жоғарыда аталған бастамалар мен жүйелер аясында ғана емес, сонымен қатар IT саласындағы жетекші компаниялармен әріптестік негізінде де жүзеге асырады.«Алдымызда қойылған міндеттер мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау баршамызға ортақ маңызды іс. Креативті индустрия мен цифрландыру саласы бүгінгі таңда экономика мен қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды бағыттар саналады. Бұл екі саланың үйлесімді дамуы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді сөзін министр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-nadezhdin/press/news/details/960334?lang=kk
«Оқушылардың құқықтары мен міндеттері», «Буллинг» тақырыбындағы сынып сағаты 29.03.2025
   2025 жылдың 19 наурызында зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Д.С. Хусаинова және Қостанай қаласы ПБ, СПБ, ЖПҚБ, ЮПТ, УПИ инспекторы Ш.Т. Серменова Қостанай қаласындағы №122 негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушыларына құқықтық ақпарат беруде мемлекеттің проактивті рөлін жүзеге асыру, өскелең ұрпақты құқықтық тәрбиелеу мақсатында «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері», «Буллинг» тақырыптарында сынып сағатын өткізді.   Сабақ барысында заңнаманы, ҚР азаматтарының және Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес балалардың құқықтары мен міндеттерін білуге арналған блиц-сұрақтар ойын түрінде жүргізілді.   Іс-шара қорытындысы бойынша оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін жинақтап, заңға қайшы әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыру, басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал ету жөнінде шешім қабылданды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/960554?lang=kk
Төлемдер жаңа тәсілмен: 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда не өзгерді? 29.03.2025
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда төлем форматтары үшін ISO 20022 халықаралық стандартына көшуге байланысты негізгі өзгерістер күшіне енді . Бұл қадам қолма-қол ақшасыз төлемдер процесіне, атап айтқанда төлем тапсырмаларын қалыптастыру ережелеріне айтарлықтай әсер етеді.1. Төлем тапсырмаларында жаңа бағандардың пайда болуы• "Нақты төлеуші": енді төлем тапсырмаларында міндетті түрде ақша жөнелтуші ғана емес, нақты төлеуші де көрсетіледі. Бұл дегеніміз, егер төлемді өз құрылымдық бөлімшесі жасаса, олардың нақты деректерін көрсету маңызды.• "Ақша жөнелтуші ": бұл бағанда төлемді кім бастайтыны туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл жаңарту дәл есепке алу үшін өте маңызды, әсіресе төлемдер сот орындаушылары немесе заңды тұлғаның өзінің құрылымдық бөлімшелер арқылы жүзеге асырылса.2. Заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелер* Заңды тұлға өзінің жеке бөлімшесі үшін төлемдерді төлеген кезде "нақты төлеуші" бағанында енді ұйымның өзі емес, осы бөлімшенің БСН көрсетіледі. Бұл төлемдер бас компанияның шотына емес, бөлімшенің жеке шотына дұрыс аударылуы үшін қажет.3.  Сот орындаушылары арқылы төлемдерЕгер сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке ақша төлесе, "нақты төлеуші" бағанында борышкердің өзі — Тегі, Аты, Әкесінің аты және оның ЖСН деректерін көрсету қажет. Бұл төлемдерді борышкердің жеке шотында көрсетіледі.4. Төлемдерді шоттар бойынша тарату Енді барлық төлемдер "нақты төлеуші"бағандарында кім көрсетілгеніне байланысты салық төлеушілердің немесе төлем жүйесінің басқа қатысушыларының жеке шоттары бойынша бөлінеді:• Юридические лица будут платить за свои обособленные подразделения, указывая БИН подразделения, и платежи будут разнесены на лицевой счет подразделения.• Судебные исполнители будут перечислять платежи за должников, и средства будут зачисляться на лицевой счет должника.Дәлдік пен ашықтық: Төлем тапсырмаларындағы Жаңа бағандар төлемдерді дәл есепке алуды және есепке алуды қамтамасыз етеді, бұл қателерді азайтады және қаржылық операциялардың ашықтығын жақсартады.Төлемдеріңіздің жаңа талаптарға сай екеніне көз жеткізіңіз!.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/960537?lang=kk
«KazAID» Басқарма Төрағасы Арыстанов А.К. «kzaif.kz» басылымына «Қазақстаннан көмек келеді» тақырыбында сұхбат берді 29.03.2025
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Арыстанов А.К. «kzaif.kz» басылымына «Қазақстаннан көмек келеді» тақырыбында сұхбат берді.Сілтеме: https://kzaif.kz/politic/pomoshch-idet-iz-kazahstana?ysclid=m8896br8e7299776822Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/960524?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру және дамыту платформасы ретінде ШҚО комплаенс-офицерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өтті 29.03.2025
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі «Заң мен тәртіп» нарративін нығайту, сондай-ақ комплаенс-бақылау саласындағы мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті өңірдің комплаенс-офицерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп ұйымдастырды. Іс-шараға квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 150-ден астам өкілі қатысты.Мектеп жұмысын аша отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков өңірдегі комплаенс-қызметтің ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасады. Өз сөзінде ол қол жеткізілген нәтижелерді де, комплаенс-қызметтер жұмысының тиімділігіне әсер ететін мәселелерді де атап өтті. Атап айтқанда, көптеген ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау процесі стандартты ұсыныстармен шектеліп, оның практикалық маңыздылығын төмендететін ресми сипатта болатыны атап өтілді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді тетіктерді енгізу және комплаенс-офицерлердің парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысу қажеттілігіне назар аударылды.Сонымен қатар, А.Ашиков комплаенс-офицерлердің корпоративтік этика және құқық қолдану практикасы қағидаттарын нығайтудағы рөліне, атап айтқанда, Құрылтайда Президент ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру контекстінде ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік және құқықтық бөлімінің бас маманы Е.Карпова баяндама жасап, ТБН4 жобалық басқару шеңберінде комплаенс-қызметтер жұмысының негізгі аспектілерін атап өтті.Мектеп жұмысының маңызды бағыты комплаенс-офицерлердің біліктілігін арттыру болды. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалының профессоры С.Ковалев комплаенс-офицерлердің функционалдығы, олардың квазимемлекеттік сектордағы міндеттері мен мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.Комплаенс-бақылау мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың практикалық аспектілерімен «Үлбі-ТВС» компаниясының комплаенс-офицері В.Натдочий бөлісті. Өз сөзінде ол тәуекелдерді бағалаудың тиімді құралдары мен әдістерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын енгізу жолдарын ұсынды.Іс-шараның соңғы кезеңі ҚАЕУ Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Ф.Искендерованың сөз сөйлеп, ұйымдарда корпоративтік мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық аспектілері туралы баяндама жасады.Мектеп жұмысы аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға комплаенс-офицерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп шеңберінде оқудан өткенін растайтын сертификаттар табыс етілді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/960523?lang=kk
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы 29.03.2025
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі міндеттерінің бірі.Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында «follow the money» қағидаты бойынша жүргізілуде және мемлекеттік институттарға деген қоғамның сенімін нығайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,12 трлн теңгеден астам актив қайтарылды.Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат пен мүлікті іздеу жұмыстары ел ішінде де, шетелде де жүргізілуде.Бұл мақсатта Қаржы мониторингі агенттігінің қаржылық барлау бөлімшесімен, сондай-ақ халықаралық әріптестермен тығыз ынтымақтастық орнатылған. «GlobE», «CARIN», «ARIN» және басқа да бейресми байланыс арналары пайдаланылып, активтерді жедел анықтауға және қайтаруға мүмкіндік беруде.Осыған ұқсас жұмыстар өңірлік департаменттер тарапынан да жүргізілуде.Мысалы, Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іске қатысты күдіктінің үйінде тінту жүргізу барысында шетелдік банктің реквизиттері көрсетілген қаржылық құжаттарды анықтады.Қаржы мониторингі агенттігінің қаржылық барлау бөлімшесімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде ұрланған қаражаттың бір бөлігі көрсетілген шетелдік банктегі шоттарға аударылғаны туралы ақпарат алынды.Кейіннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің байланыс офицері «GlobE» халықаралық желісі арқылы шетелдік әріптестерімен байланыс орнатып, күдікті мен оның туысына тиесілі шоттар мен қаржылық операциялардың бар екенін растады.Олар сондай-ақ ақша қаражатын алушы болған ҚР-ның резиденті емес тұлғаға қатысты деректерді ұсынды. Ақшалай қаражатқа тыйым салу және оларды кейін ықтимал тәркілеу мақсатында шет мемлекеттің құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды.Өзара іс-қимыл жалғасуда.Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.Жалпы, қаржылық тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің туыстарына, сенімді адамдарға және жиі номиналды меншік иелері ретінде пайдаланылатын басқа тұлғаларға рәсімделген активтер тексеріледі. Әдетте, олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды шығу тегін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен.Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті тұлға қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген.Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға зайыбына электромобиль сатып алған.Жетісу облысында жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде ақша қаражаты, алты автокөлік және бір пәтер анықталып, тәркіленді.Бұл – бірегей жағдайлар емес.Мұндай барлық активтерге тыйым салынып, олардың тәркіленуі бойынша шешімді сот үкім шығарған кезде қабылдайды.Активтерді іздеу, тыйым салу және қайтару бойынша жұмыстарды жүргізу барысында олардың түпкілікті меншік иелерін анықтау, қажетті мәліметтер мен дәлелдерді алу бойынша Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитетімен және басқа да құқық қорғау органдарымен, соның ішінде шетелдік құқық қорғау органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.Мысалы, Активтерді қайтару комитетімен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен мемлекет пайдасына 5 млрд теңгеден астам қаржы, зергерлік бұйымдар және қымбат мүліктер қайтарылды.Жүргізілген тергеу іс-шаралары мен жиналған материалдарды талдау барысында бұл активтердің сатып алыну көздерінің заңдылығына негізді күмән анықталды. Сондай-ақ олардың құны заңды табыс көлеміне немесе өзге де заңды қаржы көздеріне сәйкес келмейтіні анықталды.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлардан тәркіленген барлық қаржы әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталуда.«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы қайтарылған 153,3 млрд теңге есебінен 89 мектептің құрылысына қаржы бөлініп, нәтижесінде елдің түрлі өңірлері мен ірі қалаларында 100 мыңға жуық оқушы орны жасақталды.Осы 89 мектептің 61-і (74,4 мың орын) салынып, пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық жерлерде орналасқан.Бұл шара 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 тозығы жеткен мектептің мәселесін шешуге мүмкіндік берді.2024 жылы 25 жаңа мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, сондай-ақ Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалған.Ағымдағы жылы 22 мың оқушыға арналған тағы 28 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған.Қаржыландырудың өзге көзі «Арнаулы мемлекеттік қор» болып табылады, ол мемлекет меншігіне қайтарылған мүлікті сатудан алынған түсімдер мен қаражат есебінен, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күштерімен толықтырылады.Ақшаның бір бөлігі ауылдық жерлердегі 7 мектепті (Атырау, Түркістан облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында), 2 спорт кешенін (Ақмола және Алматы облыстарында), 1 жатақхананы (Шымкент қаласында) және 2 балабақшаны (Ақтөбе және Петропавл қалаларында) қоса алғанда, 12 нысан салуға бағытталды.Сонымен қатар, елордада Арнайы мемлекеттік қор қаражатына Қ. Мұнайтпасова атындағы 3598 орындық жаңа стадион салынады.Сондай – ақ денсаулық сақтау саласындағы 105 объект (Риддер қаласындағы көпфункционалды аурухана кешені, жедел жәрдем станциялары, медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, зертханалар), 162-сумен жабдықтау жүйелері (су құбыры және тарату желілері, су тарту және қысым-реттеу құрылыстары) мақұлданды.Арнайы мемлекеттік қордан еліміздің әртүрлі өңірлерінде 223,9 млрд теңгеге 280-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандарды инвестициялауға қолдау көрсетілді.Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/960517?lang=kk