Қоғам
Қарудың барлық түрінен жауынгерлік атыс: десантшылар шеберліктерін шыңдауда 24.02.2025
Қонаев гарнизонының гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында взводтардың жауынгерлік атысы өтіп жатыр. Әскери қызметшілер бөлімшелердің атысын басқару, ұрыста қаруды шебер және тиімді қолдану дағдыларын пысықтайды. Қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмайды.Тактикалық әдістер ұрысқа барынша жақын жағдайларда меңгеріледі. – Жауынгерлердің дағдыларын шыңдау үшін оқу-жаттығу полигонында жердегі де, әуедегі де нысандарға қарудың барлық түрінен атыс жүргізуге мүмкіндік беретін жағдай жасалған. Қол гранаталарын лақтыру дағдылары да пысықталуда. Қараңғыда түнгі көру құрылғылар қолданылады, – деді 32363 әскери бөлімі 2-ші десанттық-шабуылдау ротасының командирі гвардия лейтенанты Мұхамед Сахан.Тактикалық дайындық барысында бөлімшеге жүктелген міндеттерді ескере отырып, взводтың шабуылдағы, қорғаныстағы, күндізгі және түнгі уақыттағы арнайы әскери маневрлердегі әрекеттерінің үлгілері жасалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943652
6,5 миллион теңгеге алаяқтық: СТҚҚД Талдықорғанда тендерлер бойынша коуч-тренердің ісін сотта жеңді 24.02.2025
Талдықорғанда Мемлекеттік сатып алудан түсетін табыс бойынша сапасыз курс бойынша аты шулы іске нүкте қойылды. Сот коуч-тренердің тендер арқылы «жылдам табыс» уәде етіп, бірақ үлкен соманы жоғалтып, зардап шеккен тұтынушылардың пайдасына шешім шығарды.Тұтынушы Жұлдыз Идрисова сапасыз оқыту қызметіне тап болып, адамдарға «миллионды пайда» уәде еткен коучтың іс-әрекетінен шағымдануы арқылы басталды. Ол бұл мәселе бойынша Жетісу облысындағы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Мәселені терең талдап, департамент ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялап, 2024 жылғы 11 қазанда азаматтарды қабылдау іс-шарасын ұйымдастырды. Осы күні тендер арқылы табыс табуға арналған серіктестік курстарды сатып алғаннан кейін көмек іздеген сегіз тұтынушының шағымы қаралды.Жетісу облысы бойынша СТҚҚД қызметкерлері жүргізген тексеру барысында коуч-кәсіпкер ресми келісімшарт жасамай, төлем кезінде фискалдық чек бермегені анықталды – бұл салық заңнамасын бұзған жағдай. Уәде етілген айлық курстар орнына тек 3-4 сабақ өткізіліп, содан кейін тренер өз «жағдайларына» сілтеме жасап оқытуды тоқтатқан, бұл тікелей ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 13-бабын бұзу болып табылады. Нәтижесінде, азаматтар білімсіз қалып, ақшасынан да айырылды. Тұтынушылардың кейбірі «пайдалы тендерлер» ұтамыз деген ниетпенен және ақша қайтарылуы үмітімен несиеге алуға дейін барған.«Департамент қызметкерлері осы кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі құжаттарын дайындауда тұтынушыларға құқықтық көмек көрсетіп, 10 күн ішінде жауап беруін талап етті. Наразылық хатқа жауап бермей, кәсіпкер заңды бұзып, сол себепті департамент тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді», – деп мәлімдеді СТҚҚД басшысы Айдос Дауешев.Тексеру кезінде сапасыз қызметтен зардап шеккендер саны 18 адамға жетіп, тек Жетісу облысы емес, сонымен қатар Алматылық, Костанайлық және Астана қаласының тұтынушылары да өтініш білдірді. Нәтижесінде, жалпы зиян сомасы 6 593 000 теңгеге артты. Департамент заңды мүдделерін қорғау мақсатында оннан астам тұтынушының атынан Талдықорған қаласының сотына талап арызын жіберді.Сот процесі барысында коуч-кәсіпкер кейбір зардап шеккен тұтынушыларға ақшаларын қайтарды: үш тұтынушыға толық көлемде 850 000 теңге, ал қалған екі тұтынушыға жартылай – әрқайсысына 450 000 теңге қайтарылды. Дегенмен, сот барлық талаптарды толық қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, істегі барлық тараптардың мүддесін қорғады.Қызығы, осы іс барысында тағы бір оқиға анықталды: коуч-тренер бұған дейін қалалық мектептердің бірінің жөндеу тендерін ұтып алып, құрылысшыларға төлем жасамаған. Әлеуметтік желілердегі дау-дамайдан кейін ол өз қарызын тез арада өтеді.Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті осындай «жеңіл табысқа» деген курстардың азаматтарға үмітсіздік пен шығын әкелетінін ескертеді. Мамандар тренерлер жайлы ақпаратты мұқият зерттеп, ресми келісім-шарт жасауды және фискалдық чек талап етуді міндетті түрде ұсынады. Күмәнді жағдайларда өз құқықтарыңызды қорғау үшін әрдайым құзырлы органдарға жүгініңіз.Жүгіну үшін байланыс:📞 Жедел желі: 8 (7282) 415 – 610🏢 Мекенжай: Талдықорған қаласы, Кабанбай батыр көшесі, 78Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/943784
Талдықорғанда жыл басынан бері әлеуметтік осал топтағы 102 отбасы үйлі болды 24.02.2025
Бүгін Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 30 отбасы жаңа үйлі болды. Талдықорған қаласындағы «Жастар - 3» жаңа тұрғын ауданынан берілген үйлердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында кезектегі 102 отбасы жаңа баспанаға кірді. Атап айтқанда, «Береке» коттедж қалашығының, «Жастар-3» тұрғын алабында әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар мен көп балалы отбасылар үйлі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Кілт беру салтанатына қатысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, баспанамен қамту бағытында өңірде атқарылып жатқан шараларға тоқталды:- Мемлекеттің қолдауымен қабылданып жатқан шаралардың арқасында Талдықорғанда биыл жыл басынан бері әлеуметтік осал топтар санатымен кезекте тұрған 102 көпбалалы отбасы үйлі болды. Солардың қатарда бүгін сіздер де өз үйлеріңіздің кілтін алып отырсыздар. Дәл осы жаңа тұрғын алабында 56 үй салынды, биыл біз 150 үй салуды жоспарлап отырмыз. Жалпы мұнда 700-ден астам үй болады. Жол жасалады, құжаттар дайын. Сондай-ақ биыл газдандыру жұмыстарын бастаймыз. Осылайша бұл аудан алдағы уақытта қаланың үлкен әрі әдемі заманауи шағын аудандарының бірі болады. Содан кейін біз мұнда әлеуметтік нысандарды салу мәселесін қарастыра бастаймыз. Жалпы өткен жылы Талдықорғанда тұрғын үй кезегі 8,3%-ға азайды, осы жылы тағы 1400-ден астам отбасына тұрғын үй беріледі деп жоспарлап отырмыз. Сөйтіп 2023-2025 жылдары облыс орталығында кезекте тұрған 5 мыңға жуық адам тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, - деген Б. Исабаев «Жастар-3» тұрғын алабындағы үйлердің кілттерін тапсыру рәсімін атқарды.Еске салсақ, осыдан 10 күн бұрын осы шағын ауданда алғашқы 23 отбасы жаңа қонысқа кірген болатын.Жалпы бүгінгі жаңа қоныс иелерінің арасында толық емес отбасылар, мүгедек балаларды асырап отырған отбасылар, кәмелетке толғанға дейін жетім қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер бар.Тұрғын үй кілтін алғандардың қатарындағы Шабельский отбасы қуанышын бөлісті. Жас отағасы Святослав Алексеевич:- Қазір 25 жасқа келдім. 2011 жылдан бастап тұрғын үйге кезегінде тұрамын. Мен кішкентайымнан әжемнің қолында өстім. Осы кезге дейін әйел, бала-шағаммен бірге әжемнің үйінде бірге тұрдық. Әрине, өз үйіміз болса деп армандадық, әсіресе екі қызым өз бөлмеміз болса дейтін. Енді, міне, үйімізге қол жеткіздік, қуанышымызда шек жоқ, - деді.Қаланың тағы бір тұрғыны Жанар Әбділманова да жаңа қоныстың қуанышына кенелді. Ол «толық емес отбасы» санатында тұрғын үйге кезегінде 13 жыл тұрған.- Бүгін біздің әулетімізде үлкен мереке. Жалдамалы пәтерде көшіп жүретін уақытымыз енді артта қалды. Балаларымның жайлы, әдемі, кең үйде еркін өсетініне қуанып отырмын, - дейді ол.Талдықорғандық Дана Демидова да өз жайынан қысқаша баяндап берді:- Менің екі балам бар, кіші ұлым 16 жаста. Ауыр жол апатының салдарынан күйеуім мерт болды, денсаулығым нашарлап, өзім мүгедектік алдым. Бүгін отбасымыз үлкен қуанышқа кенеліп, қоныстойын тойлап жатырмыз. Біз бұл күнді 14 жыл күттік. Бүгінгі қуаныш иелерін шын жүректен құттықтаймын, - деді денсаулық сақтау саласында фельдшер болып 25 жылдай жұмыс істеген Д.Демидова.Атап өтсек, әр үйдің жалпы ауданы 76 шаршы метр. Мұнда үш тұрғын бөлме, ас үй мен жуынатын бөлме бар. Үй электр қазандығы арқылы жылытылады, ал газ қазандықтары табиғи газ жеткізілгеннен кейін іске қосылады. Өңір басшысының айтуынша, жыл соңына дейін тұрғын үй алабына газ тарту жоспарда бар.Жалпы өткен жылы облыста 371,9 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, биыл тағы 380 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарлануда. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Дмитрий Ерофеев Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/943368
Облыс әкімі кәсіпорын жетекшілерін Семейді көркейтуге, қалаға инвестиция құюға шақырды 24.02.2025
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. «АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, Семей цемент зауыты, «Семей инжиниринг» АҚ, Семей машина жасау зауыты сынды өңірдегі іргелі өндіріс орындарында болды. Қызметкерлермен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.«АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС 2024 жылдан бері халал стандартына сәйкес шұжық өнімдерін өндірумен айналысады. Кәсіпорын 80-нен астам қайнатылған және ысталған шұжық түрлерін шығарады. Зауыт аумағында инновациялық жабдықтары бар орау желісі және үш өндірістік цех жұмыс істейді. Былтыр кәсіпорын базасында шұжық өнімдерін өндіру бойынша қосымша желі пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде жылына 1,8 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаруға қол жеткізілді. Бүгінде мұнда 120 адам еңбек етеді. Кәсіпорын алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.«СемАЗ» ЖШС - еліміздегі ауыл шаруашылығы және жүк техникасын құрастыратын ірі өндіріс орны. Мұнда 400-ге жуық адам еңбек етеді. Кәсіпорында жылына 3500 «Беларусь» маркалы тракторлар, 10 000 Shacman және «FOTON» жүк көліктері, 1200 түрлі автобус құрастырылады. Былтыр қаладағы автобус паркі осы кәсіпорыннан 60 қоғамдық көлік сатып алған. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі тозығы жеткен автобус паркін жаңғырту үшін алдағы уақытта «СемАЗ» ЖШС-нен жаңа автобустар сатып алынатынын жеткізді.«Қала тұрғындары қоғамдық көлікке жиі шағымданады. Сондықтан бұл мәселені жедел әрі жүйелі түрде шешуіміз керек», — деді аймақ басшысы.1958 жылы салынған «Семей цемент зауыты» жылына 1,1 миллион тонна цемент өндіреді. Кәсіпорын 2016 жылдан бастап толық жаңғыртуға бет бұрды. Зауыт өнімдері Қазақстан нарығында сатылып, шетелге экспортталады.Кәсіпорын жетекшілері облыс әкіміне жүзеге асырылған жобалар туралы баяндап, өндірісті кеңейтуге қатысты жоспарларымен бөлісті. Өз кезегінде аймақ басшысы жергілікті өндіріс орындарына мемлекет тарапынан тиісті қолдау болатынын айтып, кәсіпорын жетекшілерін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Семейді көркейтуге атсалысуға, қалаға инвестиция құюға шақырды. Жұмысшылардың жалақы мәселесіне де назар аударды. Облыс әкімі Семей машина жасау зауытының жұмысымен де танысып, кәсіпорын басшылығына қызметкерлердің орташа жалақысын көтеруді қарастыруды тапсырды.«Бүгін жұмысымен танысқан кәсіпорындардың өңір үшін, тұрғындар үшін маңызы зор. Олардың өндірістік әлеуетін ұлғайту бағытында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Оң бастамаларға, тың жобаларға облыс тарапынан қажетті көмек көрсетіледі. Алдағы уақытта жұмыс кестеме сәйкес өңірдегі басқа кәсіпорындарға арнайы баруды жоспарлап отырмын», — деді облыс әкімі.Аймақ басшысы өткен жылы жаңғыртылған қаладағы ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжінің жұмысымен де танысты. Бүгінде мұнда 750-ден астам студент заман талабына сай мамандықтар бойынша білім алуда. Облыс әкіміне студенттердің ғылыми жұмыстары, жетістіктері мен ІТ жобалар таныстырылды.«Мен бұл колледждің жұмысынан хабардармын. Студенттері халықаралық олимпиадаларда жүлдегер болып жүр. Өткен жылы облыс бюджетінен қаржы бөлініп, колледж толық жаңғыртылды. ІТ жобалардың әлеуеті зор. Жасанды интеллектті дамыту маңызды. Бұған Мемлекет басшысы да, Үкімет те ерекше назар аударып отыр. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек», — деді Берік Уәли.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/943765
Алматы облыстық ПД-да кезекті азаматтарды қабылдау өтті 24.02.2025
Алматы облысының полициясында кезекті апта сайынғы азаматтарды қабылдау өтті.Кездесуге бес азамат келіп, әрқайсысы қылмыстық істердің тергеу барысына қатысты сұрақтар қойды. Алыс аудандардың тұрғындары үшін онлайн-формат ұйымдастырылып, қашықтыққа қарамастан, әр адам өз сұрағына толық түсініктеме алу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай формат азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік беріп, уақыт пен қашықтыққа байланысты шектеулерді азайтады.Барлық өтініштер мұқият қаралып, әрбір жағдай бойынша түсініктемелер беріліп, бақылауға алынды. Белгілі бір мәселелер бойынша қосымша тексерулер тағайындалды, оның нәтижелері туралы азаматтарға тиісті мерзімде хабарланатын болады. – Халықпен ашық диалог біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі болып қала береді. Біз қылмыстарды тиімді тергеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қоғамның сенімінсіз мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан мұндай кездесулер тергеу барысын түсіндіруге ғана емес, құқық қорғау органдарының ерекше назарын қажет ететін проблемалық мәселелерді анықтауға да көмектеседі, – деп атап өтті ведомство бастығы Мейрам Әбікеев.Алматы облысының полицейлері ашық түрде жұмысын жалғастыруда. Азаматтармен тұрақты кездесулер олардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді, полицияға деген сенімді нығайтады және тергеу үдерістерінің ашықтығын арттыруға ықпал етеді. Естеріңізге сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін 8 700 770 70 93 нөміріне қоңырау шалуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/943224
Экология министрлігі 2024 жылдың қорытындысын шығарды 24.02.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы қызметінің қорытындылары туралы вице-министрлер Ж.Әлиев пен Н.Шәрбиев баяндады. Ж.Әлиевтің сөзінше: «2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең ірі 50 өнеркәсіптік кәсіпорындағы I-санаттағы объектілер арасында зиянды шығарындылардың 6% төмендеуіне қол жеткізілді. Алдағы уақытта ЕҚТ енгізе отырып, кешенді экологиялық рұқсаттарға көшуге байланысты эмиссиялардың одан әрі төмендеуі күтілуде».Ол сондай-ақ өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол карталарын іске асыру барысы, қоршаған ортаға эмиссияларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйелерін (АЖМ) орнату, климаттық саясат мәселелері, экологиялық заңнаманы сақтау жөніндегі тексерулердің қорытындылары, ЕсoQoldaý жаңғырту және пайдаланудан шыққан көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын бағдарламаларын (ВЭТС және ВЭССХТ) кәдеге жарату, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу туралы және т.б. турасында айтты.Вице-министр Н.Шәрбиев өз баяндамасында іс-шараға қатысушыларды еліміздің орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының іске асырылу барысы жайында, сонымен қатар Арал теңізінің құрғаған табанына (ОДАМ) жасыл желектерді отырғызу, алдағы жылға отырғызу материалымен қамтамасыз ету, ормандарды өрттен қорғау, табиғат қорғау мекемелерін техникалық жарақтандыру, өрттерді ерте анықтау жүйелерін орнату, экологиялық туризмді дамыту, жануарларды қайта жерсіндіру және қорғау сынды тақырыптарды қозғады.Сондай-ақ, спикерлер алдағы кезеңге арналған жоспарларын айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/943730
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы 24.02.2025
Бүгін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.Министрлік жетекшілік ететін салалардың өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы жоспарларын талқыланды.Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Скляр, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңір әкімдіктері, Министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері мен Министрлікке қарасты ұйымдар қатысты.Алқа отырысында Министрліктің 2024 жылғы жұмыс қортындылары аталып өтті: Президент Жарлығымен «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы өзектендірілді, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Үкімет қаулысымен бекітілді, Жасыл экономиканың 9 бағыты бойынша 103 іс-шара қарастырылды.Үкімет қаулысымен Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы бекітілді.Өткен жылы экологиялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қолдау күшейтілді.Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы өңдеуші өнеркәсіп саласында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін 120 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.Қалдықтарды жинау және қайта өңдеумен айналысатын арнайы кәсіпорындарға төлем жасауға арналған «EcoQoldau» бағдарламасы қайта іске қосылды.Орман шаруашылығы мекемелерінің машина-трактор паркін жаңарту жалғастырылды.2023-2024 жылдары шамамен 2 мың бірлік техника мен 4 мың бірлік жабдықты сатып алуға шамамен 68 млрд. теңге бөлінді.Мұндай ауқымды жаңарту тәуелсіздік жылдарында алғаш рет жүзеге асып жатқанын атап өткен жөн.2025 жылы да Министрліктің алдында маңызды міндеттер тұр.Біріншіден, Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы Қазақстан халқы тарапынан жоғары деңгейде қолдау табуда.Осы жылы 2024 жылдың қорытындысын салтанатты түрде атап өту мақсатында «TazaLike» фестивалін Астана қаласында өткізу жоспарлануда.Екіншіден, өткен жылғы кемшіліктерді ескере отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру күшейтіледі.Ағашты терең өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды жедел жүзеге асыру және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында биылғы қаңтар айында өткен Инвестициялық штаб отырысында аукцион өткізбей-ақ инвесторлармен шарт жасасу тәртібі қабылданды.Тағы бір маңызды бағыт – сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды сақтау.Өткен жылы Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жобалары басталды.Сондай-ақ, Ресей Федерациясымен шекарада киіктердің еркін қоныс аударуы үшін экологиялық дәліздер құру және көші-қон жолдарын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.24 мемлекеттік орман иеленушінің аумағында ерте анықтау жүйесін енгізу, жабық тамыр жүйесі бар отырғызу материалын өсіруді масштабтау жұмыстарын бастау, лизингтік қаржыландыру шеңберінде өртке қарсы техникаларды сатып алуды аяқтау, Семей Орманы резерваты үшін ағаш дайындау техникасын сатып алу, Ақкөл орман шаруашылығы базасында орман шаруашылығы қызметкерлері үшін өңірлік білім беру орталығын ашу бойынша жұмыстарды бастау, Қызылорда қаласында Қазақ орман шаруашылығы ғылыми институтын филиалын ашу, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда құру және кеңейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, 3 Ерекше қорғалатын аумақты 648 мың гектарға кеңейту.Сондай-ақ, «Жасыл даму» АҚ бірлесіп, 6 ұлттық паркте «Таза туризм» жобасын іске асыруды жалғастыру, 6 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда Бақылау өткізу пункті автоматтандыруды жүргізу, қолма-қол ақшамен төлеуді болдырмау.Келесі маңызды мәселе – Министрлік қадағалайтын бағыттар бойынша заңнаманы жетілдіру. Қазіргі уақытта Мәжілісте Парламент депутаттары мен Үкімет бастамашы болған ауқымды түзетулер қаралуда.Алқа отырысы аяқталғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына арналған Орталық коммуникациялық қызметінде брифинг өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/943749
Ақмола облысының әкімі Бурабай ауданына барды 24.02.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында Щучинск қаласындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, фильтр шығаратын кәсіпорынға барды.Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, аудан әкімдігі сатып алатын пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда екі тұрғын үй кешенінен әлеуметтік осал топтарға арналған 100 пәтерді сатып алу жоспарлануда.«Дайын пәтерлерді сатып алу арқылы баспанаға мұқтаж жандардың кезегін азайтуға бірегей мүмкіндік туды. Сонымен қатар, бұл тұрғын үйлер бюджет есебінен салынған үйлерге қарағанда сапалырақ. Бұл шара көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың және басқа да әлеуметтік маңызы бар санаттағы тұрғындардың баспана жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Үй қаланың ішінде орналасқан, барлық коммуникация тартылған, жанында әлеуметтік нысандар бар. Өткен жылы 200 пәтер сатып алынды, биыл да осы көлемнен кем болмайды», – деп атап өтті аймақ басшысы.Халық үшін ең маңызды мәселелердің бірі – тұрғын үйдің қолжетімділігі. Айта кетерлігі, өткен жылы Бурабай ауданында тұрғын үйлердің салынуы мен пәтерлердің сатып алынуы нәтижесінде 178 отбасының баспана жағдайы жақсарды. Жалпы өңір бойынша өткен жылы 850 пәтер сатып алынды.Аймақ басшысы сондай-ақ шаң-газ тазарту, желдету және сұйықтықты сүзу жүйелеріне арналған өнеркәсіптік сүзгілерді шығаратын «Asiafilter Inc» ЖШС кәсіпорнында болды.Коммерциялық директор Руслан Балмағамбетовтың айтуынша, кәсіпорын Қазақстандағы жалғыз өнеркәсіптік сүзгі өндірушісі болып табылады. Компания 2011 жылы жеткізуші ретінде құрылған, ал 2019 жылы 40 жергілікті қызметкер жұмыс істейтін өз өндірісін іске қосты.«Біздің өнімдер энергетика, металлургия, химия және азық-түлік өнеркәсібінде қолданылады. Барлығы төрт түрлі сүзгі шығарамыз: ғимараттарға кіретін ауаны тазартуға арналған сүзгілер (әкімшілік ғимараттар, ауруханалар, мектептер және т.б.); ауа рукавты сүзгілер (өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларын тазарту); сұйықтық сүзуге арналған қапшықты сүзгілер (азық-түлік өнеркәсібінде қолданылады); сұйықтықтан ұсақ қатты бөлшектерді бөлуге арналған сүзгі мата (қымбат металдар өндірісінде қолданылады). Яғни, біздің сүзгілер жеңіл өнеркәсіптен бастап ауыр өнеркәсіпке дейін әртүрлі кәсіпорындарда қолданылуы мүмкін», – деп түсіндірді Р. Балмағамбетов.Бұрын өнеркәсіптік сүзгілер негізінен Еуропадан сатып алынатын, жеткізу екі айға дейін созылатын. «Asiafilter Inc» компаниясының құрылуымен бұл жағдай өзгерді. Оның тұрақты серіктестері Қазақстанның көптеген кәсіпорындарына айналды. Мысалы, Ақмола облысында бұл – «RG Gold» ЖШС және «Altyntau Kokshetau» АҚ алтын өндіруші компаниялары. Өнімдер Қырғызстан мен Ресейге де экспортталады. Өткен жылы Өзбекстан астанасында өкілдік ашылды.Биыл кәсіпорында қосымша өндірістік желілер іске қосылып, азық-түлік өнеркәсібіне арналған сүзгілердің жаңа түрлерін шығару жоспарлануда.Марат Ахметжанов кәсіпорынның жоспарларын қолдап, оның қазақстандық үлесті дамытудағы маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/943764
Шалқар ауданында Балаларға арналған оңалту орталығы ашылады 24.02.2025
Балаларды оңалту орталығы Шалқар аудандық ауруханасының ғимараттарының біріне орналастырылған. Мұнда қайта жаңарту, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Асхат Шахаров оңалту орталығының ғимаратын аралап шықты. Аудандық аурухананың бас дәрігері Есенғали Көпеновтің айтуынша, «Әлихан Ойл» ЖШС орталықта жылу жүйесі мен электр сымдарын ауыстырған, ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа лифт орнатқан, ғимараттың қасбетін жаңартыпты.Орталықта түрлі аурулары бар балалар оңалтудан өте алады. Шалқар ауданы ғана емес, сонымен қатар жақын орналасқан Ырғыз ауданының балаларын қамтуға қауқарлы. Реабилитолог, невропатолог, логопед, травматолог, ортопед, психолог қызмет көрсетеді. Мұнда тыныс алу гимнастикасы, ойын терапиясы, аудиологпен сабақтар, электрофорез, тұз шахтасы және басқа да процедуралар қарастырылған. Барлық қажетті жабдықтар «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры және «Қазақстан Халқына» қайырымдылық қоры арқылы сатып алынды. «Оңалту 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі. Осындай қызмет көрсету спектрі бар ұқсас орталық Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасында жұмыс істейді. Біздің мамандарымыздан бөлек, телемедицина арқылы облыстық аурухананың дәрігерлері пациенттерге қашықтан кеңес береді. Медициналық қызметтерге және қызмет көрсетуге лицензия алынды. Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландыруды күтеміз», - деді аудандық аурухананың бас дәрігері. Бүгінгі таңда Шалқар ауданында 852 бала диспансерлік есепте тұр, 233 бала оңалтудан өтіп жатыр. Бұл орталық бір ауысымда 20 балаға дейін және жылына 450 кішкентай тұрғынды қабылдай алады. Штатта 12 медициналық қызметкер болуы тиіс. Облыс әкімі қысқа мерзімде қаржыландыру мәселесін шешуді және балалар үшін оңалту орталығын ашуды тапсырды. Оңалтудағы басты назар неврологиялық ауруларға аударылуы керек. Әкім атап өткендей, психикалық ауытқулары бар балалар әрдайым медициналық мекеменің тұрақты бақылауында болуы керек.«Бұл оңалту орталығын ашу – ел Президентінің балаларға, әсіресе тұрақты медициналық қолдауды қажет ететіндерге оңалту қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясындағы маңызды қадам. Біз балаларымызға өз ауданынан шықпай-ақ ыңғайлы жағдайда жоғары сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондықтан мен қаржыландыру процесін жеделдетуге және осы орталықты қысқа мерзімде ашуға бұйрық бердім. Бұл жоба азаматтарымыздың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту бағдарламасының маңызды бөлігі және өңірдегі осындай орталықтарды кеңейту жұмыстарын жалғастырамыз», - деді әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943754
ҰЛЫТАУЛЫҚ ШАХМАТШЫЛАР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ БОЙ КӨРСЕТТІ 24.02.2025
Жезқазғандық жас шахматшылар командасы халықаралық «Интеллект Академиясы» кубогінің сайысына тұңғыш рет қатысып, іс жүзінде тәжірибе алып қайтты. Шахмат фестивалі Ресейдің Новокузнецк қаласында өтті, оған біздің облыстан 7 жастан 13 жасқа дейінгі жас шахматшылар қатысты. Жерлестерімізден құралған команда турнирге дейін жалпы рейтинг бойынша 30-орында тұрса, тоғыз партия ойналғаннан кейін 18-орынға көтеріліп, оң нәтиже көрсете білді. Сондай-ақ жарыста Қазақстан атынан Жансая Әбдімәліктің Алматыдағы академиясының шахматшылары да өнер көрсетті. 43 команда арасында алматылықтар алдына жан салмады. Екінші орынды Өзбекстан шахматшылары, ал үшінші орынды Куба жеңіп алды. Осылайша, Алматы командасы қатарынан екінші жыл жеңімпаз атанып отыр. Айта кетейік, жерлестеріміздің турнирге қатысуы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қолдауымен жүзеге асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/943219
TOP-5: ЕЛІМІЗДЕГІ СУАРМАЛЫ АЛҚАПТАР 24.02.2025
1. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫТүркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өткен жылы 332 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті. Облыста филиалға қарасты 18 су қойма, 11 су бөгеті, жалпы ұзындығы 5733 шақырым болатын 1891 канал бар. 2024 жылғы суару кезеңінде Түркістан облысының су көздерінен шаруаларға 1,9 млрд текше метр су берілді.2. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫҚызылорда облысында 286 мың гектар суармалы жер болса, оның 178,6 мың гектары инженерлік жүйеге келтірілген ауыспалы егістіктер. Атап айтқанда, 159,3 мың га күріш ауыспалы егістігі, 19,3 мың га мал азықтық және көкөніс ауыспалы егістігі. 2024 жылы облыс бойынша барлығы 189,4 мың гектарға егiс егілді. Оның ішінде 85,6 мың га күріш алқабы. Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір дихандарын 3,7 млрд текше метр сумен қамтамасыз етті.3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫД.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы өткен жылы 51 мың гектардан астам егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Филиал шаруалармен 2768 келісім шарт жасап, 545 млн текше метр су берді. Алматы облысындағы 2 ірі су қоймасы: Бартоғай және Күрті су қоймаларының арқасында аймақта вегетациялық кезеңі сәтті өтті. Былтыр Бартоғай су қоймасына 1,4 млрд, ал Күрті су қоймасына 195 млн текше метрге жуық су келді.4. ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫЖетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 180 мың гектар суармалы жерге қызмет көрсетеді. Былтыр филиал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен 7329 келісімшарт жасап, суару кезеңінде шаруаларға 925 млн текше метрден астам су берді.5. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы былтыр 162 мың гектардан астам жерге су берді. 2024 жылы филиалдың барлық 10 өндірістік бөлімшесі 3836 шаруа қожалығымен су жеткізу бойынша келісімшарт жасап, 533 млн текше метр сумен қамтамасыз етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/942967
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су қоймалары мен кірме жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде 24.02.2025
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында су қоймалары мен кірме жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ филиал нысандарына инертті материалдарды жеткізуге келісімшарттар жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/942976
2024 жылғы мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау қорытындысы 24.02.2025
Өткен 2024 жылы ТЖМ инспекторлық құрамымен 24 038 объект тексерілді, оның ішінде профилактикалық бақылау шеңберінде 13 324 объект қамтылды, жоспардан тыс тәртіппен 10 714 объект тексерілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 24 560 жеке және заңды тұлға әкімшілік, оның ішінде 21 514-не ескерту түрінде жауапкершілікке тартылды. 2024 жылы ел бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты 5 870 объекттің жұмыс істеуі тоқтатылды. Осы жедел ден қою шаралары «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде қабылданды. Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 3378 объект өртке қарсы жағдайға келтірілді. 541 объект қайта тоқтатылды, бұл өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау үшін одан әрі күш салу қажеттілігін көрсетеді. Мемлекеттік инспекторлардың талаптарын орындамау фактілері бойынша сот органдарына ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 1682 әкімшілік іс жіберілді. 1434 істі қарау нәтижесінде сот органдары айыппұл салды. ТЖМ объектілердің иелеріне, меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі туралы еске салады. ТЖМ Өрке қарсы қызмет комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/943025
Қазақстан ТЖМ басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Мемлекет басшысының қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тапсырмаларын іске асыруға арналған жұмыс кеңесінде сөз сөйледі. Министр өз баяндамасында 2024 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 1 мыңнан астам тексеру жүргізгенін, 27 мыңнан астам бұзушылық анықталғанын, 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 424 тексеру жүргізу жоспарланған. Бақылаудағы объектілердің жалпы саны 217 мыңнан астам техникалық құрылғыларды қоса алғанда, 10 мыңнан асады. Соңғы үш жылда олардың саны 20%-ға өсті, ал инспекторлар саны өзгеріссіз қалды — бүкіл ел бойынша 381 құрайды. 2024 жылы жарақат алғандар санын 7 есеге және қаза тапқандар санын 6 есеге азайтуға мүмкіндік туды. Қауіпті өндірістік нысандарда барлығы 21 авария тіркелді, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Оқиғалардың ең көп саны мұнай-газ және тау-кен салаларына тиесілі. «Өткен жылы Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Оны іске асыру шеңберінде объектілерді цифрландыруды ескере отырып, барлық нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды күшейту, ғылымды дамыту және тиісті орталықтар құру, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жоспарлануда», - деді министр. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жекелеген талаптар қайта қаралуда. Азаматтық қорғау жөніндегі заң жобасы шеңберінде авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылуда, өндірістік бақылау жөніндегі талаптар күшейтілуде, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілер иелерінің жабдықтарды жаңарту және жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттері көзделген. Бұдан басқа, өнеркәсіптік қауіпсіздік объектілерінің паспорттарын құруға, аварияларды есепке алуды және басқа да процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Е-КПБ» ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарлануда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты мекемелерді бірыңғай бөлімше Төтенше жағдайлар департаментіне орталықтандыру аяқталды. Бұл артық басқару буындары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмай, төтенше жағдайлардан халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін қорғау және қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік басқару мен бақылаудың нақты вертикалын құруға мүмкіндік берді. Жалпы Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс тиімділігін арттыруға және азаматтар үшін тәуекелдерді азайтуға бағытталған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жақсарту бойынша шаралар қабылдауда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/943147
ТЖМ басшысы азаматтарды жеке қабылдады 24.02.2025
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жеке мәселелері бойынша Астана және Алматы қалаларының тұрғындарын қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар Целиноград ауданының Талапкер ауылында өрт сөндіру депосын салу және «Қазселденқорғау» ММ кадр жұмысының қызметіне қатысты мәселелермен жүгінді. Қабылдауға комитеттердің, құрылымдық бөлімшелердің басшылығы мен Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов та қатысты, бұл мәселелерді жедел қарауды және сол жерде шешім қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Министр азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің әрқайсысы бойынша түсініктеме берді. Қабылдау қорытындысы бойынша ол бұл мәселелер тұрақты бақылауда екенін атап өтіп, аталған мәселелерді шешуге дайын екенін айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/943446
ТЖМ XIV қысқы спартакиадасының қорытындысы 24.02.2025
Қарағандыда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XIV қысқы спартакиадасы аяқталды. Екі күн өткен жарыста қатысушылар күш, төзімділік, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Спартакиада аясында арқан тарту және волейболдан жарыстар өтті. Тартысты жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы арқан тарту жеңімпазы атанды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД командасы иеленді. Үшінші орынды Ұлытау облысының командасы жеңіп алды. Спартакиаданың екінші күні волейбол турнирі өтті. Әр команда техникалық және динамикалық ойын көрсете отырып, жеңіске ұмтылды. Нәтижесінде Астана қаласы ТЖД командасы волейбол турнирінің жеңімпазы атанды, екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД командасы, үшінші орынды Ақтөбе облысы ТЖД командасы жеңіп алды. «Үздік либеро» номинациясы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Азат Бектасов, ал «үздік ойыншы» атағын Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Асхат Қанатбеков иеленді. Спартакиаданың салтанатты жабылуы «Жастар» спорт кешенінде өтті. Қатысушыларды жетістіктерімен құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты медальдармен және кубоктармен марапатталды. Барлық спортшыларға, жаттықтырушылар мен төрешілерге жоғары дайындық деңгейі, адал күрес және спортқа берілгендігі үшін алғыс білдіреміз. Сіздің еңбегіңіз бен жеңіске деген ұмтылысыңыздың арқасында спартакиада жоғары деңгейде өтті, спорт пен бірліктің нағыз мерекесіне айналды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/943536
Қорғаныс министрлігінде үздік шаңғышылар анықталды 24.02.2025
Астананың орталық саябағында XV Спартакиада аясында Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында шаңғы спортынан командалық чемпионат өтті.Жаппай эстафеталық жарысқа 33 команда қатысты. Олардың әрқайсысының құрамында үш ер адам мен бір әйел болды. Сонымен қатар ерлер 2,5 шақырым, әйелдер – бір шақырым жүгірді.Жарыс екі топ бойынша өтті. Бірінші орынды Әскери өкілдіктер орталығының командасы жеңіп алса, күміс жүлдені Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының құрамасы еншіледі. Қоланы Жауынгерлік даярлық департаменті олжалады. Екінші топта Тыл бастығы басқармасының құрамасы жеңіске жетті, екінші орынды – Әскери полиция бас басқармасының командасы, үшінші орынды – Қару-жарақ бастығы басқармасының шаңғышылары еншіледі. Әйелдері арасындағы жеке жарыста бірінші топта Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының атынан қатысқан аға лейтенант Әсем Боқаева мәреге бірінші жетті. Екінші көрсеткіш – Зейнетақымен қамсыздандыру орталығынан шыққан 3-сыныпты сержант Алтынай Смағұловада, үшінші нәтиже – Жедел даярлық департаментінің намысын қорғаған майор Алена Ақымбекова еншісінде. Ерлер арасында алтын жүлдені Әскери өкілдіктер орталығының өкілі полковник Сергей Прохоров жеңіп алды. Күміс жүлде оның әріптесі майор Сергей Лободаға бұйырды, қола – Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының құрамасының атынан шыққан полковник Дархан Ахановтың қоржынында. Екінші топтағы әйелдер арасында жеке есепте Қару-жарақ бастығы басқармасының өкілі подполковник Ұлпан Талап үздік деп танылды. Тұғырдың екінші сатысын Тыл бастығы басқармасынан Қарулы күштердің қызметшісі Елена Ерастова, үшінші сатысын Әскери полиция бас басқармасының өкілі аға лейтенант Гүлжан Нүсіпова иеленді. Осы санаттағы ер адамдар ішінде үздік уақыт көрсеткішімен Тыл бастығы басқармасының офицері подполковник Евгений Ерастов мәреге бірінші келді. Екінші орында – ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің өкілі майор Мақсат Жұмағазин, үшінші орында – Тыл бастығы басқармасынан шыққан сержант Дамир Құнанбаев.Командалық және жеке есепте чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов құттықтады.Шаңғы жарысына қатысқандар және жанкүйерлер үшін шатырлар мен тамақтану орындары орнатылып, онда олар сарбаз ботқасынан дәм татып, шәй ішіп жылынғанын айта кету керек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943154
Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары өкілдерінің штабтық келіссөздері өтті 24.02.2025
ҚР Қорғаныс министрлігінде өзбек әріптестерімен штабтық келіссөздер өтті. Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының мақсатты топтары бейінді консультациялар өткізді. Екіжақты күн тәртібінің ағымдағы және перспективалық мәселелері бойынша тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ұстанымдарын нақтылап, өңірлік диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Делегация басшылары екіжақты әскери ынтымақтастықты сындарлы және өзара тиімді түрде ілгерілетіп дамытуға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943163
Көктемгі егіс жұмыстарына 171 млрд теңгеге жеңілдікті кредиттер берілді 24.02.2025
«Аграрлық несие корпорациясы» жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастыруда.2042 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 239,4 млрд теңге сомасына өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 1958 АШТӨ-ден 232,7 млрд теңге сомаға өтінімдер жұмысқа қабылданды. 171,6 млрд теңге сомасына 1396 АШТӨ қаржыландырылды.Ақмола, Қостанай және Түркістан облыстарының АШТӨ белсенділік танытуда.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жеңілдетілген кредит беруге өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қарашада басталды. Бұл шаралар фермерлерге барлық қажетті шараларды сапалы өткізуге, тұқымдар, тыңайтқыштар сатып алуға және техниканы дайындауға мүмкіндік беру үшін қабылданды.Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталатын болады, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында аграршылар өздері үшін барынша қолайлы жағдайларда қаржылық қолдау алады.Атап айтқанда, қарыздарды рәсімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды. Қаржыландыру екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және АНК арқылы қолжетімді болады.Кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қарыз сомасының 85% кепілдендіруді көздеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/943164
2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» фермерлерін 200 млрд теңгеге қаржыландырады 24.02.2025
24 ақпаннан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ 200 млрд теңге сомасына 5% мөлшерлемемен "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды. 2025 жылы "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру шарттары өзгеріссіз қалады: жылдық 5% мөлшерлеме, мерзімі - 7 жылдан аспайды, бірінші лизингтік төлем - 10% кем емес. «Бұл бастама қазақстандық фермерлерді қолдауға және елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қолжетімді қаржыландыру ауыл шаруашылығы секторының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы болып табылады. Бұл лизинг бағдарламасы аграршыларға техниканы тиімді жаңартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өндірістің жалпы деңгейіне оң әсер етеді», — деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ. «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін қамтиды. Өтінімдерді қабылдау 24 ақпанда сағат 10:00-ден бастап Telegram-бот арқылы мына сілтеме бойынша басталады: https://t.me/kaz_agro_finance_bot. клиент өтінім бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде "ҚазАгроҚаржы"АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет. Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты" ҚазАгроҚаржы " АҚ ресми сайтынан білуге болады www.kaf.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/943356