Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астана әкімі Есіл ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді 21.02.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Есіл ауданының тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелер жайлы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Есіл ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткіздім. Кездесу 5 сағатқа созылды. «Ашық микрофон» форматында ниет білдіргеннің бәрі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.Тұрғындар әлеуметтік нысандар (мектептер, емханалар), жол инфрақұрылымы, тұрғын үй кешендері құрылысының сапасы, аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыру, көлік, жарықтандыру, жылы аялдамалар орнату секілді т.б. мәселелерді көтерді.Мәселен, былтыр Есіл ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 мектеп салынды, 13 жылы аялдама орнатылды, 11,4 км сыртқы жарықтандыру кабельдері ауыстырылды және т.б.Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді: ботаникалық бақта, ЕХРО-ның іргелес аумағында, Достық, Қонаев, Ақмешіт көшелерінде, Мәңгілік ел даңғылының бойында; Ұлытау, Керуен және т.б. гүлзарлар салынды. Биыл Есіл өзенінің жағалауын жаңғырту, Пригородный елді мекенінің «ЮГ» ТК ауданында гүлзар салу және т.б. жоспарланып отыр. Аталған жұмыстың барлығы биыл да жалғасатын болады.Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды. Біз оларды қысқа, орташа және ұзақ мерзімді деп бөлеміз. Мұндай кездесулер қаланың барлық ауданында өткізіледі», – деп жазды Жеңіс Қасымбек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/941926
Белгілі молдавиялық әнші Қарағандыдағы «Мэрцишор» фестиваліне келеді 21.02.2025
Қарағандыда Мэрцишор көктемді қарсы алу мерекесін атап өту дәстүрге айналды. Биыл осы аттас румын мәдениетінің фестивалі он бірінші рет өткізіліп отыр. Өңірдің этноқоғамдарын біріктіретін мәдени шара Алғыс айту күніне орайластырылып, екі мерейтойлық күн – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және облыстық «Дакия» румын қоғамының 20 жылдығына арналған.«Мэрцишор-2025» фестивалі 28 ақпанда «Күш бірлікте» достық сабағынан басталады. Оқушылармен кездесу Қарағандыдағы № 2 лицейде өтеді.Бірінші наурыз Алғыс айту күні фестиваль ұйымдастырушылары қарағандылықтар мен қала қонақтарын Достық үйіне шақырады. Бағдарлама ауқымды: концерт, румындардың киімдері мен тұрмыстарын көрсету, кітап көрмесі және фотосушка. Фестивальдің қонағы – Молдова Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ленуца Георгицэ. Танымал молдавиялық әнші ширек ғасырдан астам сахнада түрлі елдерде гастрольдік сапар шегіп келеді.Гала-концертте түрлі халықтардың әндері мен билері орындалады. «Доруле» ансамблі және басқа да этно-ұжымдар, сондай-ақ «Волшебная страна» және «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді.Мерекеге кіру тегін.Қарағандыда «Дакия» облыстық румын қоғамы 2005 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді. Ұзақ жылдар бойы этнобірлестікті Николай Плушкис басқарған. Енді оның есімі «Мэрцишор» фестиваліне берілді.Ежелгі Мэрцишор мерекесі Молдова мен Румынияда атап өтіледі. Ол көп жағдайда Наурызға ұқсас және көктемнің басталуы мен жаңаруын білдіреді. Мерекеде бір-біріне ақ және қызыл түсті жіптен жасалған бутоньерлер тарту ету дәстүрге айналған. Қызыл түс өмір мен махаббатты, ақ түс – тазалық пен руханилықты білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941850
Көгалдандырылған кіреберіс пен жайлы жаяу жүргіншілер аймағы: Қарағанды қалай өзгереді 21.02.2025
Биыл Қарағандыда көгалдандырылған кіреберіс пайда болады және жаяу жүргіншілердің мобильдік картасы жасалады. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жобалардың аяқталуына баса назар аударылды.Биыл Қазыбек би атындағы ауданда үш маңызды нысанда абаттандыру жұмыстары аяқталады. Бұл К. С. Станиславский атындағы орыс драма театрының алдындағы алаң. Мұнда тірек қабырғасын қайта тұрғызып, ыңғайлы баспалдақ жасап, аялдамаларды алаңның шетіне ауыстыру арқылы ашық кеңістік жасалады. Тарихи көрінісі бар орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер мен шамдар орнатылып, ағаш егіледі.Аудан әкімі Ералы Оспанов атап өткендей, бұл нысан тәжірибелік алаң болып табылады: мұнда алғаш рет табиғи граниттен жасалған тротуар плиткасы пайдаланылады.Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыстағы Сарыарқа көшесіндегі жаңа саябақта да кемшіліктер жойылып, жұмыстар аяқталады. Ал ең маңызды жоба – Бұқар жырау даңғылын абаттандыру, ол қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі тартымды болмақ.Биыл жаяу жүргіншілердің жайлы жүруіне ерекше назар аударылды. Жаяу жүргіншілердің мобильдік картасы әзірленіп, оның негізінде Оңтүстік-Шығыстың ең көп жүктелген бағыттары туралы деректер жатыр. Бірінші кезекте Шахтерлер даңғылындағы гүлбақты («БУМ» сауда үйінен № 3 емханаға дейін), сондай-ақ «Норма» дүкенінің жанындағы Бөкетов гүлбағын абаттандыру жоспарлануда. Жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, жарықтандыру орнатылып, әлеуметтік маңызы бар нысандарға қол жетімділік қамтамасыз етіледі.Маңызды жобалардың бірі Алматы тас жолы жағынан - аркадан бастап православ шіркеуіне дейін қалаға көгалдандырылған кіреберіс салу болады. Жол бойында екі қатарға 2800 жуық ағаш егу жоспарлануда. Қазір топырақтың өсімдік егуге жарамдылығы туралы сарапшылардың қорытындысы күтілуде. Ағаш егу Үлкен Михайловка станциясындағы мектеп жанындағы ескі саябақта ағаштарды кесу үшін өтемдік көгалдандыру аясында да жүргізіледі.– Барлық өтемдік ағаш егулер қатаң бақылауда болады, – деп атап өтті аудан әкімі.Қазыбек би ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша биыл 61 жобаны іске асыпу жоспарланып отыр. Өтініштерді 10 наурызға дейін мына сілтеме бойынша беруге болады gov.kz/memleket/entities/karaganda-rayon-im-kazybek-bi. Бағдарлама бойынша аулалар мен гүлбақтарды жөндеу ғана емес, сонымен қатар жарықтандыру, тұрақ және субұрқақтарды орнату да қаржыландырылады. Билік тұрғындарды жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/941866
SATBAYEV UNIVERSITY ЖӘНЕ INDRIVE INVISION U ЖОБАСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ 21.02.2025
SATBAYEV UNIVERSITY ЖӘНЕ INDRIVE INVISION U ЖОБАСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫSatbayev University және InDrive Қазақстан мен Орта Азияның дарынды түлектеріне тегін жоғары білім беретін inVision U факультетін құрады. Барлық студентке ақысыз білім, ал аз қамтылған білім алушыларға оқу ақысымен қатар жатақханада тұру ақысы, тамақтану және жол шығындарын жабуға арналған стипендия қарастырылады.2024 жылғы қыркүйекте ҚР Премьер-министрімен кездесуде InDrive басшысы 400 студентке арналған inVision U университетін ашу бастамасын көтерді. Мұнда IT, маркетинг және медиа, ғылым, сондай-ақ басқа да салалар бойынша мамандар даярланады. Бұл жобаны іске асыру үшін Satbayev University Жобаларды басқару институтының жанынан әлеуметтік сала мен бизнестің болашақ көшбасшылары даярлайтын автономды факультет құрылады. Оқыту пәнаралық байланысқа, жобалық жұмысқа және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге негізделеді.InDrive жастардың әлеуетін ашып, олардың қоғамның өркендеуіне үлес қосуына мүмкіндік береді. Бағдарлама 2025 жылғы қыркүйекте басталады, студенттер дайындық пәндері циклінен (Foundation) өтіп, ағылшын тілі, математика және IT саласында білім алады.«InVision U инновациялық жобалар ұсынатын оқу орны болып, әлеуметтік жағдайына қарамастан талантты студенттерге тегін білім алу мүмкіндігін береді. Ауылдық жерлерден келгендер үшін дайындық жылы қарастырылған. Satbayev University-мен бірлесіп жұмыс істей отырып, Алматыда жеке кампус ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба еліміздің халықаралық беделін арттырады және болашақта басқа өңірлерге де таралуды көздейді», – деді InDrive негізін қалаушысы және inVision U бағдарламасының жетекшісі Арсен Томский. «Зерттеу университеті ретінде студенттерімізге болашаққа бағытталған инновациялық салаларда білім алу мүмкіндігін беру маңызды. Олар PennState және CityU қос дипломды бағдарламаларында оқиды, Қытайда логистика мен теміржол саласын меңгереді, сондай-ақ еліміздің өндірістерінде дуалды оқыту бағдарламаларынан өтеді. Бұл студенттерімізге Satbayev University-дің көшбасшылық дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді», – деп бөлісті Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев.InVision U түлектерге оқуын аяқтағаннан кейін де стартаптар мен әлеуметтік бастамаларды іске қосуға көмектесу арқылы қолдау көрсетіледі. Оқу үш тілде – ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.«Satbayev University-мен серіктестіктің арқасында академиялық тәжірибе мен инновациялық оқыту әдістерін біріктіру арқылы студенттер озық білім мен дағдыларға қол жеткізеді. inVision U оқу бағдарламасы ғылым, технология, қоғам, маркетинг және медиа, сондай-ақ мемлекеттік басқару салаларын қамтиды. Студенттер тек мәселелерді шешуді ғана емес, пәнаралық командаларда жұмыс істей отырып, тұрақты шешімдер табуға қажетті кәсіби және икемді дағдыларын дамытады», – деді inVision U президенті Эндрю Вахтель.Foundation Program бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылғы 15 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады. Бағдарлама 2025 жылғы 1 қыркүйекте іске қосылады. Undergraduate Program бойынша оқу 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталады. Толығырақ мәліметті inVision U ресми сайтынан алуға болады: www.invisionu.education.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/941688
Астанада «Бұрқасын-2025» фестивалі өтеді 21.02.2025
Астанада 23 ақпан күні «Бұрқасын-2025» фестивалі өтеді. Аталмыш іс -шара жыл сайынғы қысқы фестивалі бағдарламасы аясында спорттың 9 түрінен өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Фестивальге қатысушылар мына спорт түрлерінен сынға түседі:Шаңғы жарысы;гір тасын көтеру;қол күресі;белбеу күресі;арқан тартыс;пималы хоккей;қысқы футбол;автоспорт;мотоспорт.Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды барлық ниет білдіруші қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.Шаңғы жарыстарына тіркелу жарыс кестесіне сәйкес 30 минут бұрын, өткізу орнында ұйымдастырылады.Шаңғы жарысынан қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша 30 минут бұрын беріледі.Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.Фестиваль 23 ақпан күні «Триатлон саябағында» сағат 11:00-де басталады. Тіркеу уақыты: 09:00. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/941198
Астанада қыс мезгілінің басынан бері 6 млн текше метрден астам қар шығарылды 21.02.2025
Астанада қар күреу жұмысы тоқтаусыз жүргізіледі. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.19 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 557 жол жұмысшысы және 1 282 бірлік арнайы техника шықты.19 ақпанға қараған түні елордадан қар полигондарына 24 858 текше метр қар 1 929 рейспен шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 487 388 ауыр жүк рейсімен 6 025 262 текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/941318
Алаяқтардан қорғану жолы: полицейлер елорда тұрғындарына түсіндіру жүргізіп жатыр 21.02.2025
Астананың сауда ойын-сауық орталықтарында 18-20 ақпан күндері алаяқтыққа қарсы киберқылмыстардың алдын алу шаралары өтіп жатыр. Шараны елордалық полиция департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Полиция қызметкерлері халықты киберқылмыс түрлерімен таныстырып, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жүргізеді.Сарапшылар құрылғы қауіпсіздігін үнемі жаңартып отырудың, сенімдірек құпия сөздерді пайдаланудың және қорғалмаған интернет желілеріне қосылу кезінде абай болудың маңыздылығын атап өтті.Астананың полиция департаменті еріктілерді тарта отырып, алаяқтардан сақтандыратын кітапшаларды тарату бойынша түсіндіру жүргізіп жатыр.«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 5 алаяқтық схема, сондай-ақ бұрын жасалған 10 қылмыс ашылды. Алдын алу мақсатында ескерту материалдарын жаппай тарату ұйымдастырылды. Қала көшелерінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Науқанға волонтерлар, блогерлер, БАҚ өкілдері мен танымал тұлғалар жұмылдырылды», - деп атап өтті киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Талғат Бөлегенов.Сондай-ақ ол алаяқтық схемалардың жиі кездесетін түрлерін атады.«Ең көп кездесетіндер: банктердің, құқық қорғау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ұялы байланыс операторларының қауіпсіздік қызметі мамандарының атынан қоңыраулар. Олар сондай-ақ WhatsApp мессенджерінің аккаунттарын бұзады, содан кейін жәбірленушінің атынан қарызға ақша беруді өтінетін хабарламалар жібере бастайды. OLX.kz, Satu.kz сауда алаңдары арқылы тауар немесе қызмет сататындар алаяқтардың көзіне жиі түседі. Мұнда алаяқтар көбінесе тауар үшін аванстық төлемді аударуды немесе оны жеткізу сілтемесін орындауды сұрайды. Instagram, TikTok әлеуметтік желілері арқылы тауарларды сату алаяқтардың сүйікті орны екенін атап өткім келеді. Әдетте, аккаунттардың жалған нұсқалары ашылады, онда олар тауардың толық құнын төлеуді сұрайды. Алаяқтар жұртты криптовалюта мен бағалы қағаздарға инвестициялауға да жиі тартады», – деп ескертті Талғат Бөлегенов.Ол алаяқтарға тез арада полицияға хабарласуды ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/941590
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА 21.02.2025
Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында халықты тұрғын үймен қамтамсыз ету, тұрғын үй қоры мәселелері кеңінен сараланып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйі талқыланды.Аймақ басшысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді, баспана кезегіндегі заңсыздықтарға жол бермеуді қатаң ескертті.– Басты мақсат – қаржы мүмкіндігіне қарай халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Аудан, қала әкімдеріне тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жаңа механизм қарастыруды, өңірлік бағдарлама аясында ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Баспана шын мұқтаж отбасыларға берілу керек. Мемлекет қаржысын тиімді жұмсау – басты міндет. Сондықтан мониторинг жұмыстарын күшейту қажет. Тиімсіз жобаларды қаржыландырмай, қаржыны тұрғындар үшін қажетті жобаларға бағыттаған жөн. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін реттеу, жөндеу жұмыстарын жүйелеңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, тұрғын үй кезегі туралы есеп берді. Оның баяндауынша, бүгінде облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 67 400-ден астам адам тұр. Одан бөлек, кезекте тұрған азаматтарға түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 17 062 адам үй кезегінен шығарылды.Өңірде қарқынды жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде, 2018-2024 жылдар аралығында үй кезегінде тұрған 7766 азамат коммуналдық тұрғын үйлермен қамтылды. Одан бөлек, 11 500-ге жуық азамат ипотекалық тұрғын үй алған. Ал, өткен жылы 1 млн 153 800 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.Жергілікті әкімдіктер тарапынан тұрғын үй алуға басқа да мүмкіндіктер қарастырылған. Былтыр тұрғын үй сертификаттарына жергілікті бюджеттен 40,5 млн теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында 20 млн теңге, Отырар және Төлеби аудандарында 5 млн теңгеден, Сайрам ауданында 7,5 млн теңге, Сауранда 3 млн теңге жергілікті бюджеттен тұрғын үй алуға бөлінген. Бұл сертификат ипотекалық баспана алу үшін 10 % алғашқы жарнасын мемлекет тарапынан төлеуді көздейді.Мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үйді жалдау ақысының 50 %-ын субсидиялау тетіктері енгізілген. Белгіленген шарттарға сәйкес, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар мен көпбалалы отбасылар тұрғын үй субсидиясын ала алады. Бүгінгі таңда субсидия алушылардың саны 2 407 отбасыны құрайды. Қаржыны мақсатты пайдалану бойынша жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, субсидия алушылардың деңгейі 61 %-ға төмендеді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.Айта кетейік, биыл жалпы көлемі 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941091
ТҮРКІСТАН: КҮЛТӨБЕ ТАРИХИ ҚАЛАШЫҒЫН ЗАМАНАУИ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 21.02.2025
Түркістан қаласында «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қалашыққа барып, мамандардың жобаға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Жобаға жауаптыларға шетелдің осы бағыттағы тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын алуды, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.Бүгінде Күлтөбе қалашығының металл конструкциялары, күмбез жабындары орнатылған. Жан-жағына инфрақұрылым тартылған. Аталған жұмыстар ЮНЕСКО талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуда.Алдағы уақытта Күлтөбе қалашығында қабылдау орталығы, музейі бар ғимараттар салу ұсынысы енгізілген. Ол ғимараттарда Қаңлы дәуірі, Орта ғасырлар, Қазақ хандығы дәуірінің археологиялық ескерткіштерімен қатар сол кезең туралы мәліметтер жұртшылыққа ұсынылмақ. Сонымен бірге интерактивті қабырғалар орнатылып, технологияның соңғы үлгілері қолданысқа енгізілуі мүмкін.Жалпы бұл жобаның тұжырымдамасы әлі де талқыланып, тиісті шешім қабылданады. Болашақта Түркістан қаласы тағы бір тарихи және туристік орталықпен толығады деп күтіліп отыр. Тарихы тереңде жатқан қалашық көпшілікке дәріптеліп, осында табылған ежелгі тұрақтар, жәдігерлер туристер назарына ұсынылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941141
ТҮРКІСТАН: БИЫЛ САЙРАМДАҒЫ 8 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯЛАР ОРНАТЫЛМАҚ 21.02.2025
Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты елді мекендерді интернет желісімен қамту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.Өткен жылы аудандағы 21 елді мекенге «Билайн» және «Кселл» ұялы байланыс операторлары тарапынан базалық станциялар орнатылды. Нақтырақ айтсақ, 4 базалық станцияны «Билайн» операторы қойса, 21 базалық құрылғы «Кселл» тарапынан орнатылды. Атап айтқанда, Ақбұлақ, Арыс, Жібек жолы, Қарасу, Қарабұлақ, Қарамұрт, Қайнарбұлақ, Құтарыс, Көлкент және Манкент ауылдық округтерінің елді мекендеріне 4G техналогиясы қамтылған базалық станциялар орнатылды.Биыл Сайрам ауданындағы 8 елді мекенге жаңадан базалық станциялар орнату жоспарланған. Бүгінде Көлкент ауылдық округіне қарасты М.Оразалиев және Шапырашты ауылдарында ұялы байланыс интернетінің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылуда.Сонымен қатар аудан орталығы Ақсукент ауылдық округіне 5G желісі іске қосылды. Бұл желі аудан тұрғындарының сапалы интернетке қосылуына мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941296
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЗАҢДЫЛЫҒЫН САҚТАМАҒАН 14 ҒИМАРАТ СОТ ШЕШІМІМЕН БҰЗЫЛДЫ 21.02.2025
Түркістан қаласы күн санап дамып, жаңа нысандар бой көтеруде. Алайда кез келген құрылыс заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов жобалаушы ұйымдар, техникалық қадағалаушылар және мердігерлермен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.Құрылыс – тек қала көркі ғана емес, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі. Сондықтан заңсыз және рұқсатсыз салынып жатқан нысандарға қатаң бақылау жүргізілуде. Мониторинг және бақылау жұмыстарының нәтижесінде мына деректер анықталды:112 кәсіпкерлік нысан толық аяқталмай пайдалануға берілген. Олардың басым бөлігі Тәуке хан даңғылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, С.Қожанов, С.Ерубаев көшелері мен Қызылорда және Кентау тас жолдары бойында орналасқан. Сот шешімімен 14 нысан бұзылса, салынған әкімшілік айыппұл – 29 942 120 теңге (7475 АЕК)Құрылыс салу үшін қажет құжаттар тізімі:Жер телімінің құжаты – нысан салуға рұқсат беретін акт.Сәулет-жоспарлау тапсырмасы – қала құрылысына сәйкестігін айқындайтын жоба.Эскиздік жоба – ғимараттың бастапқы сызбасы.Сараптамадан өткен жұмыс жобасы – сапа мен қауіпсіздікті растайтын құжат.Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат – міндетті мемлекеттік рұқсат қағазы.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941298
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАРАФОН ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ 21.02.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында күні кеше Мырзакент кентінде басталған марафон бүгін Жаңажол ауылдық округінде жалғасын тапты.Тазалық іс-шарасына ауыл әкімі міндетін атқарушы Мырза Мұса, осы округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Жанболат Саттаров, ауыл билері Әбді Мұғалбеков пен Тіллә Файзиевтер және округтің тұрғындары қатысты.Марафон барысында 8 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, бұл қоқыстар аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға төгілді. Жолдар мен аяқжолдардың бойы ретке келтіріліп, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер тазаланды. Сонымен қатар шараға 2 техника мен 120 адам қатысты. Экологиялық акция жоғары дәрежеде өтті.Іс-шара барысында ауылдық округтің мәдениет үйінің қызметкері Ақтөре Құрманбай Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдайтынын айтып, бүкіл қазақстандықтарды отанымызды таза ұстауға, туған жерімізді қадірлеп-қастерлеуге шақырды. Сондай-ақ ол тазалық бойынша челленджді Жаңажол ауылдық округінен Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғындарына жолдады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941304
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 21.02.2025
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Файзулла Байдуллаев тағайындалды. Басқарма басшысын ұжымға облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.Файзулла Байдуллаев 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ол М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Банк ісі» мамандығы бойынша және Шымкент университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.Еңбек жолын 2005 жылы «Альянс Банк» АҚ – ЕҚДБ секторының маманы болып бастаған. 2007-2009 жылдар аралығында «Альянс Банк» АҚ – ЕҚДБ секторының бас маманы болып жұмыс істеді. 2009-2016 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ ОҚО бойынша филиалының КТ арқылы кредиттеу бөлімінің жетекші маманы, Кредиттеу бөлімінің бас маманы, Кредиттік серіктестіктерінің консультанты қызметтерін атқарған. 2016-2019 жылдар аралығында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары лауазымында қызмет етті. 2019-2022 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры болды. 2022 жылы Ордабасы ауданы әкімінің кеңесшісі, 2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Түркістан» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымында қызмет етті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941443
ТҮРКІСТАНДА ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖӘНЕ МҰЗДАТҚЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 21.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров укараиналық инвесторлармен кездесті. «UBC Group» компаниясының өкілдері Игорь Бурдиленко мен Юрий Светличныймен кездесіп, аймақта жүзеге асырылып жатқан жобаның жай-күйін талқылады. Украиналық инвесторлар қолайлы жағдай жасап, жұмысқа қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғыстарын білдірді.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әріптестікті нығайтып, зауыттың келесі кезеңдерін іске қосуға қолдау көрсетілетінін жеткізді.– Бұл инвестициялық жоба біз үшін өте маңызды. Өндіріс желілерін ашуға қажетті жер мен инфрақұрылым ұсынуға әзірміз. Индустриалды аймақ, арнайы экономикалық аймақтарымыз бар. Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осы ретте аталған кәсіпорындарға жергілікті жастарды тарту үшін білікті маман даярлауға да қолдауларыңызды күтеміз. Маман даярлау ісін бірлесе атқаруға, колледждерді қажетті гранттармен қамтуға дайынбыз, – деді облыс әкімі.Игорь Бурдиленко Кентаудағы колледжбен бірлесе іс атқарып, жастарды жұмысқа тартып жатқанын мәлімдеді. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыстар жалғаспақ.Бүгінде Түркістан облысындағы «Шағын өндірістік парк» аумағында тоңазытқыш құрылғылары мен мұздатқыш сөрелер шығаратын кәсіпорын жұмысын бастап кеткен. Өнімдерін Орталық Азия елдеріне импорттап келе жатқан «UBC Group» холдингі Түркістан облысында екі ірі өндіріс желісін ашу жөнінде шешім қабылдаған. Бірінші кезеңіне 5 миллион еуро көлемінде қаржы құйылып, 350-ге жуық жұмыс орны ашылса, алдағы уақытта бой көтеретін екінші зауытқа да инвестиция салынбақ. Нәтижесінде айына 10 мыңға дейін тоңазытқыш жабдығын шығарып, мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941447
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР 21.02.2025
Жетісай ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясындағы тазалықты жанына серік еткен аудан тұрғындарының санитарлық тазалықты сақтау, өздері өмір сүріп отырған аймақтарды көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер, тұрғындар бір кісідей атсалысуда. Әрбір ұжым бөлінген аумақтарды, көшелерді, саябақтар мен скверлерді, қала, кент, елді мекендердің кіреберіс аймақтары мен әлеуметтік нысандардың айналасын қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.Халқымыздың «Балаға тәрбие беруден бұрын өзіңді тәрбиеле. Өйткені, перзент саған қарап өседі, бой түзейді» деген дана сөзін ескерер болсақ, әрбір ата-ана ұл-қыздарының өздеріне қарап тәрбие алатынын естен шығармағаны жөн. Кез-келген адам тазалықты өз бойынан көрініс табатындай етсе, өзін және ортасын таза ұстай білсе, өзге адамдарға да сол тазалығын үлгі ете алатыны сөзсіз.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941761
ТҮРКІСТАН: «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА» ОРАЙ «БІР КОЛЛЕДЖ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ 21.02.2025
Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілді. Өңірлік жоспар 7 бағыт, 64 қадамнан тұрады. Бұл туралы Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.«Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында салалық басқармалар, аудандық және қалалық әкімдіктер мен техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстары жүзеге асырылмақ. Жалпы облыста 50 колледж жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі көпсалалы колледждер. Оның ішінде, ауылшаруашылық саласы мамандарын – 10, қызмет көрсету және туризм саласы мамандарын – 3, ал құрылыс саласы бойынша мамандарды – облыстағы 11 колледж даярлайды. Бүгінгі таңда 75 мамандық бойынша 45 студент білім алып жатыр. Сондай-ақ, 30 колледжде жұмысшы мамандар даярланады, студенттер саны 16 100-ді құрайды. 2024-2025 оқу жылында 15 525 мемлекеттік тапсырыс болса, оның ішінде 8 678-і – жұмысшы мамандықтар. Ал, 2025-2026 оқу жылына 15 500 мемлекеттік тапсырыс жоспарланған, оның ішінде жұмысшы мамандықтарының санын 9 500-ге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл «Бір колледж-бір өнім» деп аталатын жобаны енгізе отырып, 5 колледждің базасында цехтар ашып, кіші кәсіпорындарға айналдыру жұмысын жүргізудеміз. Білікті жұмысшы маман дайындаудың жолы - дуалды оқыту жүйесі қолға алынған. Бүгінгі таңда 35 колледжде дуалды оқыту жүйесімен 64 мамандық бойынша 10 353 білім алушы қамтылған»,- деді спикер.Айгүл Ерғалиқызының сөзінше, биыл «Мамандықтар атласы» даярланады. Сондай-ақ, инвесторлар мен кәсіпорындардың сұранысы негізінде жаңа мамандықтарды ашу бойынша жұмыстар жүргізілмек. Оның ішінде лифт және эскалатор, жылжымайтын мүлікті басқару, ет және ет өнімдерін өндіру, агрохимия, пилотсыз ұшу аппараттары, мақта шитін өңдеу және жіп иіру, вагон жөндеу слесары, жасыл энергетика, гидротехникалық құрылыс мамандықтары бар.Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашовтың сөзінше, өңірде еңбекке қабілетті 850 мың адам бар. Оның ішінде, 200 мың адам жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, бекітілген ұлттық кәсіби классификаторда 1 270 мамандық тобы және 12 185 мамандық пен қызмет түрлері енгізілген.«2025 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл «Ұлттық жобалар» аясында жүзеге асырылатын 375 жоба шеңберінде 4 074 жұмыс орнын ашу көзделуде. «Еңбек» бағытындағы бос жұмыс орындары бойынша ашылатын 57 221 жұмыс орны мен 32 448 субсидияланған жұмыс орны бойынша да жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, облыста биыл 125 инвестициялық жоба негізінде 2004 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінде жаңа жұмыс орындарына жолданатын азаматтарды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өткізу үшін жеке инвесторлармен меморандумдар түзіліп жатыр. Бұдан бөлек, 2025 жылы 32 448 адамды уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау жоспарлануда»,- деді спикер.Айта кетейік, облыста биыл бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен өндіріс орындарында ашық есік күндерін өткізу жоспарланған. Аталған жәрмеңкелерде 350-ге жуық жұмыс берушілерден 1500-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылуда. Бос жұмыс орындарының 57 пайызы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941764
ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ 21.02.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдар фестивалінің облыстық кезеңі өтті.Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, өнер ұжымдары қатысты.Фестиваль барысында өңірдегі аудан, қалалардан келген түрлі этностардың өнерпаздары жеке және топ болып халық әндерін орындау, би билеу және халық аспаптарында орындау бойынша сайысқа түсті.Мерекелік шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің «Алқоңыр» фальклорлық ансамблінің әртісі Аружан Әбдіқадір, «Жаңа леп» ұжымының дәстүрлі әншісі Бекболат Серік және «Самғау» би ансамблінің әртісі Ақжол Абибулла қазылық етті.Әділқазылардың шешімі бойынша топ болып халық әндерін орындауда Сайрам ауданының «Ғұнча» халықтық ән-би ансамблі топ жарды. Бұл сайыста Қазығұрт ауданының «Дониёр-Файз» тобы 2-орынды, Сауран ауданының «Достық» ансамблі 3-орынды иеленді. Би сайысында Кентау қаласының қос өнер ұжымы – «Рапсодия Жастары» би тобы 1-орынды, «Рапсодия» би тобы 2-орынға лайық деп танылды. Ал Төлеби ауданының «Жаңа толқын» жастар клубының «Грация» шығармашылық тобы 3-орын алды.Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ән байқауында саурандық әншілер биіктен көрінді. «Отан» әнін нәшіне келтіре орындаған Умида Эркинова жеңімпаз атанса, «Өкінбе сен» әнімен Ғиесиддин Рахмиддинов 2-орынды еншіледі. «Ұлы дала» әнімен қазығұрттық Муштарибану Хусниддин үздік үштікті түйіндеді.18 жастан жоғары әншілер сайысында 1-орын алған саурандық Мұратжан Атажанов «Қоғалы-ай» әнін әуелете орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бұл сайыста арыстық Роза Сейітқасымова «Ақерке ақжайық» әнімен 2-орынды, жетісайлық Руфат Ходжиев «Елім менің» әнімен 3-орынды иеленді.Этностар арасындағы татулықтың мызғымас алтын көпірін көрсеткен фестиваль барысында басқарма басшысының орынбасары іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан шығармашылық ұжымдарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Облыстық кезеңде жүлделі орын алған өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар енді республикалық байқауда бақ сынайды.Татулықты ту еткен фестиваль соңында этнос өкілдері «Атамекен» әнін қосыла шырқап, әдемі кештің әрін келтірді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/941779
Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлердің бұзылмауын болдырмау үшін «Smart Bridge» инновациялық жобасын әзірледі 21.02.2025
Қостанай ауданының Александров мектебінің 10 сынып оқушысы Виктор Рыжков өзінің мұғалімі Виталий Базаркиннің басшылығымен су тасқыны кезінде су деңгейі күрт көтерілген жағдайда көпірлердің бұзылуын болдырмау үшін «Smart Bridge» инновациялық жобасын әзірледі.Виктордың айтуы бойынша, бұл идея оған 2024 жылғы көктемде өзінің туған Қостанай ауданында және Қазақстанның басқа да өңірлерінде айтарлықтай шығындарға әкеп соққан су тасқыны кезінде туындаған.«Smart Bridge» - судың шекті деңгейіне жауап беретін датчиктер мен Arduino бағдарламаланатын микроконтролер арқылы көпірді көтеретін  автоматтандырылған жүйе болып табылады.«Менің мақсатым — адамдар мен инфрақұрылымның су тасқынына дайын болуына көмектесетін жүйені құру. Жоба бірнеше кезеңнен өтті, көтеру тетігін таңдауда қиындықтарға тап болдық, бірақ идеямызды сәтті жүзеге асыра алдық», деп атап өтті Виктор Рыжков.Жүйенақтыжағдайлардақолдануүшінжоғарыәлеуеттікөрсетіп отыр.БолашақтаВикторкөпірді кезең-кезеңімен көтерумүмкіндігін,сондай-ақ арнайықызметтергехабарламалардыавтоматты түрде жіберуүшінрадио модуль интеграциясынқосу арқылы модельдіжетілдірудіжоспарлап отыр,бұл арнайы қызметтерге жағдайдың өзгеруінежеделжауап беруге мүмкіндік береді деп күтілуде.Жоба қазірдің өзінде «Техническое конструирование в области промышленности» номинациясы бойынша «Первый шаг к великому изобретению» Республикалық инновациялық идеялар байқауында бірінші орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/941270
Қазақстан мен Мысыр арасындағы саяси консультациялардың тоғызыншы раунды туралы 21.02.2025
Астана, 2025 жылғы 19 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Мысыр Сыртқы істер министрінің Азия, Тынық мұхит өңірі және Жаңа Зеландия жөніндегі орынбасары Ахмед Шахиннің төрағалығымен Қазақстан-Мысыр саяси консультациялардың тоғызыншы раунды өтті.Консультациялар барысында тараптар Астана мен Каир арасындағы ынтымақтастықтың оң қарқынын жоғары бағалап, достық пен өзара тиімді серіктестік қағидаттарына негізделген екіжақты қарым-қатынастардың елеулі әлеуетін атап өтті.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылып, соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымы жоғарылағаны аталды. Бұл тұста сауда көлемін кеңейту, экспорттық-импорттық әлеуеті туралы ақпарат алмасу, өзара инвестициялардың көлемін ынталандыру бойынша алдағы қадамдар талқыланды.«2024 жылы Қазақстан мен Мысыр арасындағы тауар айналымы 70%-ға өсіп, 274 млн долларды құрады. Бұл көрсеткіштерге қарамастан, екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту үшін айтарлықтай әлеует бар», – деп қазақ дипломаты атап өтті.Осы тұрғыда екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстарды орнату және көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, минералдық ресурстар, фармацевтика, IT-технологиялар және басқа да өзара мүдделі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Сонымен бірге сұхбаттастар осы жылы Астанада өтуі жоспарланған Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясының алтыншы бірлескен отырысы шеңберінде ықпалдастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.Бұған қоса екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында тараптар сапарлармен алмасу тәжірибесін жалғастыру және екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту ниетін растады, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралардың күн тәртібін қарастырды.Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, оның ішінде Қазақстан мен Мысырдың әртүрлі алаңдарда БҰҰ, АҚИҰ, БРИКС, ШЫҰ және АӨСШК ұйымдар аясындағы ықпалдастықты белсендіруге келісті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты консультацияларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтіп, сыртқы істер министрліктері арасында тығыз диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/941805
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады 21.02.2025
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова азаматтарды қабылдады, оның барысында «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізуге, мұрагерлік құқықтарды ресімдеуге қатысты мәселелер қаралды.Кездесу барысында вице-министр азаматтарға қолданыстағы заңнаманың нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, келіп түскен өтініштердің әрқайсысы бойынша түсініктеме берді. Бірқатар мәселелер бойынша Әділет министрлігінің бейінді құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына оларды жедел қарау және қажетті шараларды қабылдау мақсатында тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/941689