Қоғам
Британ университетінің Астанадағы тұңғыш кампусы Coventry University Kazakhstan оқу орны «Келешек» жүйесінің қатысушыларына арнап ерекше шарттар ұсынбақ 21.02.2025
Британ университетінің Астанадағы тұңғыш кампусы Coventry University Kazakhstan оқу орны «Келешек» жүйесінің қатысушыларына арнап ерекше шарттар ұсынбақCoventry University Kazakhstan мен «Қаржы орталығы» АҚ келісімге қол қойып, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне тіркелген жастардың университетте 20%-ға дейінгі жеңілдікпен білім алуына жағдай жасауда.18 ақпан күні Coventry University Kazakhstan оқу орны мен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің операторы – «Қаржы орталығы» АҚ арасында екіжақты ынтымақтастық меморандумы жасалды. Құжатқа Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов пен «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов қол қойды. Меморандум аясында Астанадағы тұңғыш британдық университет кампусында білім алатындар үшін 20%-ға дейін жеңілдік түрі қарастырылған.«Келешек» жүйесіне сәйкес бала 5 жасқа толған кезде мемлекет бастапқы білім беру капиталы ретінде 60 АЕК (235 920 теңге), ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға 120 АЕК (471 840 теңге) көлемінде қаражат аударады. Сондай-ақ жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы, банк-қатысушының сыйақысы немесе өмірді сақтандыру компаниясының инвестициялық табысы төленеді. Аталған қаражатты жоғары білім алу мақсатында жұмсауға болады, яғни, бұл балаларға ерте жастан бастап болашақтағы оқуына қажетті қаражатты жинақтауға мүмкіндік береді.«Coventry University Kazakhstan сияқты әлемнің үздік университеттерінің «Келешек» жүйесіне қолдау көрсетуі қазақстандық жастар үшін ерекше мүмкіндік ұсынады. Бұл тек әлемдік деңгейдегі сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ студенттеріміздің халықаралық алаңда бәсекеге қабілетті болуына да ықпал етеді. «Келешек» жүйесі жас ұрпақтың әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік берсе, ал шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, Қазақстан мен әлемдік білім беру қауымдастығы арасындағы байланыстарды нығайтып, еліміздегі жастардың жан-жақты өсіп-дамуына жол ашады», – дейді «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов. «Coventry University Kazakhstan алғашқылардың бірі болып «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін құру бастамасына қолдау көрсетті. Университет талантты жастарды демеуге бағытталған әлеуметтік жоба ретінде әлемдік білім беру стандарттары мен оқу процесіне жаңашыл тәсілдерді біріктіріп, студенттерге сапалы әрі тиімді британдық білімге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынуда», – деп атап өтті Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/940459
МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК EURONEWS ӨКІЛДЕРІМЕН БІЛІМ БЕРУ БАСТАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ 21.02.2025
МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК EURONEWS ӨКІЛДЕРІМЕН БІЛІМ БЕРУ БАСТАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде министр Саясат Нұрбектің Euronews өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шараға Alpac Capital тең құрылтайшысы және басқарушы серіктес Луис Сантос, Alpac Capital директоры, Euronews Astana Ltd Бас директоры Питер Ваджай, DreamShaper тең құрылтайшысы және бас директоры Жоао Борхес, Euronews Astana Ltd өкілі Альмира Мақаш қатысты.Кездесу барысында министр Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымның ағымдағы реформалары туралы айтып өтіп, еліміздің ғылым мен білім саласындағы жетістіктерімен бөлісті. Ол жоғары білім беру жүйесін дамыту перспективаларына, сондай-ақ шетелдік әріптестермен терең халықаралық ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерге назар аударды.Луис Сантос Alpac Capital қызметі мен iSchoolar, e-Schooling және DreamShaper сияқты білім беру жобаларын ұсынды. Айта кету керек, Euronews тәулік бойы жұмыс істейтін жетекші еуропалық ақпараттық телеарнасы Alpac Capital құрамына кіреді.Сондай-ақ жақында 2024 жылы Астанада ашылған Euronews өкілдігіне ерекше назар аударылды. Euronews Astana Ltd Қазақстанның жаһандық жаңалықтарын жариялаумен ғана айналыспайды, сонымен қатар журналистика факультетінің студенттері мен БАҚ өкілдеріне арналған Euronews Academy білім беру жобасы бар. Alpac Capital Қазақстанмен білім беру және медиа жобалар саласында одан әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.Кездесу соңында екі тарап сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады және Қазақстанда білім мен ғылымды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру үшін нақты қадамдар белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/940782
Sumitomo Corporation компаниясымен кездесу 21.02.2025
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде Электр энергетикасын дамыту департаментінің қызметкерлерімен және Sumitomo Corporation (Жапония) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу барысында энергетикалық ауысу бағдарламасы аясында Министрлік пен Sumitomo Corporation арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/940862
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте көрсеткіштерін жоғарылатты 21.02.2025
Ookla аналитикалық компаниясы 2025 жылдың қаңтарына арналған елдер арасындағы жаңа интернет жылдамдығы рейтингін жариялады. Аталмыш рейтингте Қазақстан өз көрсеткіштерін айтарлықтай жоғарылатқан. Еліміз мобильді интернет бойынша 8 позицияға көтеріліп, 49-шы орынға тұрақтаған. Мобильді интернеттің жүктеу жылдамдығы 81,58 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 18,42 Мбит/с, ал кідіріс 18 мс деңгейінде тіркелді. Фиксирленген кеңжолақты интернет санатында Қазақстан +5 позицияға жоғарылап, 83-орынға шыққан, мұнда жүктеу жылдамдығы 77,93 Мбит/с, жіберу жылдамдығы 80,83 Мбит/с, ал кідіріс 5 мс болды.Бұл жетістік мемлекеттік бағдарламалар мен байланыс операторларының телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының нәтижесі. Атап айтсақ, 2024 жылы фиксирленген байланыс желілері жаңғыртылып, 4G желісінің қамту аймағы кеңейтілді, сондай-ақ ірі қалаларда 5G технологиясын енгізу басталды. Осы шаралардың арқасында интернет жылдамдығы едәуір артты, бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етті.«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2025-2027 жылдары келесі бастамалар жүзеге асырылады:3010 ауылда кеңжолақты интернет желісін дамыту мақсатында оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту;1120 ауылда интернетті әр үйге дейін жеткізу үшін «соңғы миля» жобасын субсидиялау;5G технологиясын республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) және облыс орталықтарында кеңейту;250-ден астам шалғай және сирек қоныстанған елді мекендерге спутник арқылы интернет қолжетімділігін қамтамасыз ету.Интернет жылдамдығының артуы еліміздің цифрлық дамуына, IT-индустрияның өсуіне, онлайн білім беру мен электрондық коммерцияны ілгерілетуге және экономиканың басқа да маңызды салаларына оң әсер етеді. Телекоммуникация саласын дамыту – Министрліктің басты басымдықтарының бірі. Ведомство бүкіл ел бойынша байланыс пен интернет сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастырады.Анықтама: Ookla – интернет жылдамдығы мен сапасын талдауға маманданған жетекші халықаралық компания. Ол пайдаланушыларға жүктеу жылдамдығын, сондай-ақ кешігуді өлшеуге мүмкіндік беретін Speedtest қызметімен танымал. Ookla ай сайын Speedtest Global Index рейтингін жасақтайды, онда нақты пайдаланушылардың тестілері негізінде түрлі елдегі мобильді және тіркелген интернеттің орташа жылдамдығы салыстырылады. Деректер Speedtest арқылы анонимді түрде жиналып, әлемдегі интернет инфрақұрылымының нақты жағдайын көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/940710
Астрахан ауданының қар тазалау жұмыстары: тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы 21.02.2025
Қыстың басынан бастап Астрахан ауданының аумағынан 31 мың текше метр қар шығарылды.Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды. Күн сайын арнайы техника шамамен 30 рейс жасап, 2000 текше метрден астам қарды шығарады.Қар тазалау және шығару жұмыстарына келесі кәсіпорындар атсалысуда: ЖК «Максимус», ЖШС «Нива», ЖШС «Зеленое», ЖК «Карпенко», ЖШС «Жалтырское АТП», ЖШС «Байду-Агро», ЖШС «СХП Кызылжар», ЖШС «Острогорский», ЖШС «Колутонский ХПП», ШҚ «Дюсекеев», ЖШС «Гранит Петровка», ЖШС «Орнек 2005», КТ «Федоренко», ЖК «Сагадатов», ЖШС «СХП Колутон-04», ЖШС «Избасаров и К».Ең алдымен, орталық көшелер, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылады. Күнделікті қар тазалау жұмыстары ауылдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға айтарлықтай үлес қосып, қоғамдық және жеке көліктердің қозғалысын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/940534
Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті 21.02.2025
Ақтөбе өңіріндегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.Отырысқа құқыққорғау органдары, прокуратура органдарының өкілдері, қала және аудан әкімдері, бірқатар басқарма басшылары қатысты.Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның атқарған жұмысы және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2023 жылы бекіткен Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарының орындалуы, Ақтөбе қаласы, Ойыл, Мәртөк және Қарғалы аудандары әкімдерінің құқықбұзушылықтың алдын алудағы қабылдап жатқан шаралары және тағы да басқа мәселелер қаралды.Аталған жиында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың 25%-ке төмендегенін, алайда, оң динамикаға қарамастан, бұл бағытта шешілмеген мәселелер де бар екендігіне назар аударды.Құқық бұзған балалардың тең жартысы бұрын-соңды бақылауға алынбаған, бұл білім беру ұйымдары тарапынан девиантты мінез-құлықты ерте анықтау жұмыстарының жеткіліксіздігін көрсетеді. Баяндамашы осыған байланысты тәуекел топтарымен жұмыс сапасын арттыру қажет екендігін алға тартты.Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары-полиция полковнигі Ардана Саймағамбетов өңірдегі ЖКО статистикасын келтіріп, былтырғы жылы болған апаттар санының артқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта облыста ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтайтын 130 автоматтандырылған кешен пайдаланылуда, ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автожолдардың апатты-қауіпті учаскелерінде күшейтілген полиция нарядтары қойылды, 15 – «Автоураган» мобильдік кешені және пилотсыз дрондар пайдаланылуда, олардың көмегімен 50 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.Қала әкімі Азамат Бекет құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ол қылмыс деңгейінің төмендегенін, дегенмен алдын алу шараларын одан әрі күшейту, кәмелетке толмағандар мен халықтың осал топтарын әлеуметтік бейімдеу қажеттігін атап өтті.Баяндамашыларды тыңдаған өңір басшысы жастар арасындағы қылмыстың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.«Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және құқықбұзушылық деңгейін төмендету үшін жасөспірімдер мен жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қосымша бағдарламалар әзірлеп, енгізу, сондай-ақ білім беру мекемелерінде құқықтық тәрбиеге арналған қосымша сабақтар ұйымдастыру қажет. Балаларды қылмыстық әрекетке тарту қаупі туралы олардың хабардарлығын арттыру үшін ата-аналармен кездесулер өткізу. Құқыққорғау органдары жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, осы мәселелерде өзара іс-қимыл жасауы тиіс. Сондай-ақ, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға, сондай-ақ ішкі істер органдарында немесе әлеуметтік қызметтерде есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерге қолдауды күшейту қажет. Біздің әрқайсысымыз қылмыстың алдын алуға және облыстағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға өз үлесімізді қосуымыз керек. Тек бірлескен күш-жігермен ғана өңірімізде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/940856
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын спорттық жарыстар 21.02.2025
🔹3 халықаралық жарыс🔹22 республикалық жарыс🔹83 облыстық жарыс🔹49 қалалық жарыс🔹46 аудандық жарыс✅ Барлығы 32 мыңнан астам спортшы қамтылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/940617
APEC Petrotechnic жаңартылатын энергетика және мұнай-газ саласында мамандар даярлайды 21.02.2025
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде APEC Petrotechnic Жоғары колледжі Батыс өңірінде алғашқы жаңартылатын энергетика цехының іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңа оқу-өндірістік орталық күн панельдерін өндіруге арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған, онда студенттер озық технологияларды және практикалық дағдыларды меңгереді. Колледж студенттері инновациялық жобаларға қатысудан бөлек ақылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Бұл мүмкіндік олардың кәсіби тәжірибесін нығайтады.«Біздің колледжде IWCF аккредитациялық орталығын ашу жоспарлануда, ол халықаралық мамандарды ұңғымаларды қауіпсіз басқару және бұрғылау бойынша даярлайтын болады. IWCF сертификаты бұрғылау процесіне қатысу үшін міндетті және тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де міндетті деп танылған. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі, бұл түлектердің халықаралық компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді», — деді колледж педагогы Айнұр Шакенова. Сонымен қатар, APEC Petrotechnic-те мұнай-газ саласында қолданылатын қондырғылардың шағын нұсқаларымен жабдықталған шеберхана цехы жұмыс істейді. Бұл студенттерге мұнай мен газды бұрғылау, пайдалану және өндіру технологияларын іс жүзінде үйренуге мүмкіндік береді. APEC Petrotechnic түлектері Теңізшевройл, Schlumberger, ҚазМұнайГаз және т.б. сияқты жетекші мұнай-газ компанияларында табысты мансап құруда. Колледж әр түрлі салалар үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/940864
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ӨТТІ 21.02.2025
Бауыр трансплантациясы – қазіргі заманғы хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі. Алайда профессор Б.Баймаханов басқарған А.Сызғанов атындағы ҰҒХО мамандарының жоғары біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі операция сәтті өтті..Науқас Нурметова Ульяна, 48 жаста, бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ауруы порталдық гипертензиямен, ісінумен, гиперспленизм синдромымен асқынып, науқастың жағдайын қиындата түсті. Ұзақ уақыт жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жағдайы нашарлап, оған бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі болды.Донор ретінде науқастың 19 жастағы қызы Сахавитдинова Эльвира жан-жақты медициналық тексеруден өтті.Бауыр трансплантациясы Түркістан облыстық клиникасының базасында ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары мен академик Б. Баймахановтың жетекшілігімен өткізілді. Бұл операция шеңберінде В.Мутагиров, М. Жұмабекова (анестезиологтар), М. Досханов, С. Тілеуов, Ж.Оспан (хирургтар) және облыстық клиникалық аурухананың мамандары белсенді жұмыс атқарды.Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең ауыр асқынуларсыз өтіп, трансплантацияланған органның қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.Бұл операция аймақ тарихындағы алғашқы бауыр трансплантациясы болды және Түркістан облысында трансплантология саласының дамуына жаңа мүмкіндік ашты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/940630
Түркістан облысында қуаттылығы жылына 48 000 тонна бройлер құс фабрикасы салынады 21.02.2025
"Қарқын Трейд" ЖШС Түркістан облысында қуаттылығы жылына 48 000 тонна ет шығаратын тігінен интеграцияланған бройлер құс фабрикасын салады. Бұл жоба құс етіне ішкі және сыртқы нарықтарда өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.Қазіргі уақытта кәсіпорын қуаттылығы жылына 12 000 тонна дайын өнім өндіретін ет өңдеу зауытын, 2000 басқа арналған бордақылау алаңын қамтиды.Өндіріс қуатын кеңейту жобасы 5 жылға есептелген.2026 жылы бірінші кезеңде 16 000 тонна құс еті өндірілсе, 2028 жылы өндіріс қуаты 32 000 тоннаға, ал 2030 жылға қарай-48 000 тоннаға дейін жеткізіледі. Жобаның жалпы құны: 52,9 млрд теңге.Қазіргі уақытта жобаны іске асырудың барлық аспектілерін қамтитын егжей-тегжейлі бизнес-жоспар әзірленді, қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін әлеуетті инвесторлармен және қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/940113
БҚО-да балықтың қырылуын болдырмау үшін мелиорациялық шаралар жүргізілуде 21.02.2025
Батыс Қазақстан облысында ұсақ су айдындарында мұз қабатының түзілуіне байланысты суда еріген оттегінің жетіспеуі салдарынан балықтың қырылу қаупі пайда болды.Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің тапсырмасы бойынша балықты құтқару мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте, әсіресе, тереңдігі аз су айдындарына ерекше көңіл бөлінуде.Қыстың салыстырмалы түрде жылы болуына қарамастан, өңірдегі көптеген су айдындарында мұздың қалыңдығы 40 см-ге дейін жетеді, бұл балықтардың жаппай қырылу қаупін тудырады.Қазіргі уақытта: 136 000 ойық бұрғыланып, оттегімен байытылған 5000 текше метрден астам су айдындарға айдалды, жұмыстарға 657 адам және 167 техника бірлігі жұмылдырылды.Балықтың қырылуын болдырмау жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/940276
Атырау облысында жер заңнамасының бұзылу фактілерінің алдын алды 21.02.2025
Тексеру барысында ҚР АШМ ЖРБК Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Атырау көлік прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп мемлекеттік жерлерді заңсыз пайдаланудың бірқатар фактілерін анықтады.Атап айтқанда, "К" АҚ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, осы ретте 2,6 млн теңге сомасына айыппұл салынды."К" шаруа қожалығына Махамбет ауданында орналасқан ауданы 100 га учаскені игеру туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес мәжбүрлі түрде алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/940684
Азиядан Еуропаға дейін: Екі бірдей байрақты бәсекеде үздіктер қатарынан көрінген шорт-трекшілер елге оралды 21.02.2025
Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 1 алтын, 2 күміс медаль және Италиядағы Әлем кубогінде қола медаль жеңіп алған ұлттық құрама спортшылары елордаға келді. Астана қаласының халықаралық әуежайынан оларды министрлік өкілдері, туыстары, жанкүйерлер, федерация өкілдері мен журналистер ыстық ықыласпен күтіп алды.Азия ойындарындағы жеңістен кейін құрамамыз бірден Италияға аттанып, Миланда өткен Әлем кубогі кезеңіне қатысты. 5000 метрлік эстафетада Қазақстан шорт-трекшілері қола медаль иеленді. Финалда Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев сынға түсті. Бұл – шорт-тректен 2024-2025 жылдар аралығында ұйымдастырылып жатқан Әлемдік тур кезеңіндегі екінші жүлдеміз. Бұған дейін 2024 жылдың желтоқсанында әйелдер құрамасы 3 000 метрлік қашықтықта қола медальді жеңіп алған.Миландағы жарқын жетістік – Харбиндегі жеңістің жалғасы. IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 5000 метрлік эстафетада алтын медаль олжалап, өздерінің аймақтағы үздік команда екенін дәлелдеген болатын.Азия ойындарындағы жеңіс те, Әлем кубогіндегі жүлде де – ұлттық құраманың жоғары деңгейін, жүйелі дайындығы мен шорт-тректегі әлемдік бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/940605
Көпшілік назарына 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ: Бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің «e-gov» интернет-порталында 2025 жылғы 14 ақпанда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15446265) орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/940415
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 21.02.2025
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасының «Таза қала» кезеңі аясында Созақ ауданында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға аудан ардагерлері, тұрғындар және белсенді жастар атсалысты. Шара барысында саябақтар, ішкі көшелер, ауыл маңындағы арықтар мен су өткізгіш құбырлар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.Шараға арнайы қатысқан ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Бүркіт Арынбеков тазалық жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, экологиялық жауапкершілікті арттыру қажеттігін атап өтті.– Тазалық тек қоршаған ортаны ғана емес, біздің өмірімізді де айтарлықтай жақсартады. Әрбір адам таза ортада өмір сүруге құқылы. Біз тазалықты сақтау арқылы өз денсаулығымызды жақсартып, экологияға оң әсерімізді тигіземіз. Сондықтан, баршамызға маңызды болып табылатын бұл бастаманы мен толық қолдаймын. Барлық тұрғындарды және жастарды «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсене қатысуға шақырамын, – деді Бүркіт Арынбеков.Сонымен қатар гір тасын көтеру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Баби Орынбасар да шараға қатысып, өз пікірін білдірді.– Спортшы ретінде таза ортада жаттығу жасаудың, таза ауада демалудың денсаулыққа өте пайдалы екенін жақсы білемін. «Таза Қазақстан» бағдарламасы арқылы еліміздің әрбір қаласы мен ауылын таза ұстауға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға үндейміз. Кішкентай әрекеттер, мысалы, қоқысты қоқыс жәшігіне тастау, жасыл алаңдарға зиян келтірмеу сияқты әрекеттер үлкен өзгерістерге әкеледі, – деді жас спортшы.Айта кетейік, тазалық жұмыстарына 4 мыңға жуық тұрғын мен белсенді жас қатысып, 28 техника жұмылдырылды. 36 шақырым көше бойы, 17 шақырым аяқжол, 28 балалар мен спорт алаңшалары, 38 көпір, канал және өзен арналарында тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 115 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/940240
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫНА БАСПАНА ТАРТУ ЕТІЛДІ 21.02.2025
Түркістан облысы, Созақ ауданының орталығында бір отбасы баспаналы болды. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қанат Нышанов көпбалалы отбасына баспана кілтін табыстады. Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов арнайы қатысып, аудан басшысының жылы лебізін жеткізді.«Соңғы уақытта ауданда көпбалалы және мұқтаж отбасыларға баспана тарту ісі тұрақты үрдіске айналуда. Ауданда баспана кезегінде тұрған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында бірқатар шара жүзеге асырылуда. Аудан басшысының атынан барлық жомарт жандарға, осы шараның ұйымдастырушыларына шынайы алғысымды білдіремін», деген аудан әкімінің орынбасары отбасыны құттықтады.Шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Есепенбетов, ауданның Құрметті азаматы әрі спорт ардагері Анарбай Шәдібеков, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ауданның Құрметті азаматы Мыңжасар Асқарұлы қатысып, ақ баталарын арнады.«Бүгінгі қуанышты сәтте сөзбен жеткізе алмайтын сезімдерді бастан өткеріп отырмын. Көпбалалы ана ретінде біз үшін баспана – ең маңызды қажеттілік. Бүгін жасалған осындай үлкен жақсылықты, қамқорлықты ешқашан ұмытпаймыз. Баршаңызға үлкен рақмет!», деген баспана иесі Гаухар Дүйсенбекқызы игі бастамаға арқау болған азаматтарға алғысын білдірді.Айта кетейік, тұрғын үй қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылып, тұрмысқа қажетті құралдармен жабдықталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/940243
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИРАН ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ 21.02.2025
Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыстар жалғасуда.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, облыстық делегация Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация құрамымен Тегеран қаласында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы экономикалық белсенділерінің форумына қатысты. Форумның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.Іссапар барысында ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация құрамы Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кен және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабеккпен кездесті.Форум аясында, Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысы Н.Мырзахметов Түркістан облысында 25 млн. АҚШ долларына «кілем өндірісі зауыты» жобасын іске асыру бойынша «Sorena Carpet Co» ЖШС басшысы Reza Mahmoudian және Iran Carpet Export Symposium басшысы Naser Seraji арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Форум барысында B2B форматында іскерлік кездесулер өтті. Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысы ирандық трактор шығарушы «Iran Tractor Co.Ltd» басшысы Наси Аббаси мырзамен, Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің балық шаруашылығы департаментінің директоры Мехди Шахоуримен, Иран сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Амир Абедимен және тағы басқа кәсіпорын басшыларымен трактор құрастыру, балық жемін өндіру, мал терісі мен жүнін қайта өңдеу салалары бойынша табысты келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Ирандағы кілем өндірісіне машықтанған Кашан қаласына барып, «Adet Carpet Co.Ltd», «Ektiban Carpet Co.Ltd», «Sorena Carpet Co.» кілем зауыттарын аралап, жұмыстарымен танысты.Түркістанда ирандық кілемдердің шоу-румын және кілем зауытын ашу туралы екі жақты талқылаулар жүргізді. Алдағы уақытта Ирандық кәсіпкерлер облысымыздың инвстициялық ахуалымен танысу мақсатында арнайы іссапармен келуді жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/940245
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 21.02.2025
Түркістан облысы әкімдігінде Түркістан қаласының Бас жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Жиында өңір басшысы мен қала сәулеті жөніндегі кеңеске Бас жоспардың жобасы таныстырылды.Жобаға шаһардың 2040 жылға дейінгі даму жоспары енгізілген. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту, туризм саласын дамыту, тарихи орындар мен ескерткіштерді сақтауға басымдық берілген. Сонымен бірге қаланың әрбір секторын дамыту, әлеуметтік нысандармен қамту, жылу және су жүйелерінің әлеуетін халық санына сай кезең-кезеңімен көтеру, шаһардағы автомобиль жолдарын оңтайландыру және өзге де мәселелер қамтылған. 2040 жылы Түркістан қаласы тұрғындарының саны 400 мыңға жетеді деп болжанып, қаланың Бас жоспары соған сай толықтырылған.Өңір басшысы Бас жоспарды зерделеп, толықтыруды тапсырды. Сала басшыларымен ақылдасып, жан-жақты талқылау керектігін, ұсыныстарды жетілдіру маңызды екенін жеткізді.– Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы Заң жобасы әзірленді. Ол назарға алынуы тиіс. Екіншіден, Түркістан облыстың ғана емес, Түркі әлемінің орталығы екенін назарда ұстаңыздар. Бас жоспар мен қаланың дизайн-коды заман талабына сай әрі ірі аглоремация деңгейіне көтеретіндей сапалы болуы тиіс. Қайта қарап шығып, нақты ұсыныстар енгізіңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте облыс аумағындағы аудан, қала орталықтарының дизайн-кодын әзірлеу, елді мекендердің сәулетін жақсарту, «Біркөлік» рекреациялық аймағын реттеу мәселелері де айтылды. Бұл жөнінде Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаевтың есебі тыңдалды. Салаға жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді. Ұсыныстар зерделеніп, қайта қаралатын болды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/940248
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ ІРІ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ 21.02.2025
Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірге инвестиция тарту, өнеркәсіп орындарын ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бастаған делегация Сиань қаласындағы Бас консулдықтың қолдауы және ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапарының алғашқы күні өңір делегациясы Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесті.Кездесу барысында тараптар Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Айта кетейік, өткен жылы қос өңір арасында бауырластық туралы меморандумға қол қойылған болатын.Шэньси провинциясы – Қытайдың жетекші экономикалық орталықтарының бірі және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда мен инфрақұрылымдық даму салаларында үлкен әлеуетке ие. Осыған байланысты тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, инновациялармен алмасу және сауда көлемін ұлғайту бағытында тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға мүдделі екендерін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі өңір арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту үшін өзара іс-қимылды жандандыруға уағдаласты.Сонымен қатар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков іссапар жоспары аясында су ресурстарын тиімді пайдалану және сумен жабдықтау жүйелерін дамыту бағытында маманданған «Shaanxi Water Development Group Co. LTD» компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді.«Shaanxi Water Development» компаниясы су шаруашылығы инфрақұрылымын салу, ауызсу жүйелерін жобалау, кәріз жүйелерін жаңғырту, суды тазарту технологияларын жетілдіру және осы салаға қатысты өнімдер өндірумен айналысады. Компания құрамында 19 мамандандырылған кәсіпорын бар. 2024 жылғы мәліметтерге сәйкес, компания активтері 150 млрд юаньды (шамамен 21 млрд АҚШ долларын) құрайды. Бүгінде компания мамандары 15 елде ірі жобаларды сәтті жүзеге асыруда.Кездесу барысында қытайлық компания өкілдері суды тазарту және ластанған суды қайта өңдеу, халықты үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету, су сапасының қауіпсіздігін бақылау саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ ауыз судың қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа технологияларды қолдану бойынша бірлескен жобаларға қатысу ұсынылды.Тараптар су ресурстарын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды енгізу және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, осы бағытта тығыз жұмыс істеуге ниетті екендерін білдірді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/940252
БҚО әкімі су тасқынына дайындық мәселелерін Ресей тарапымен талқылады 21.02.2025
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орынбор облысына жұмыс сапары аясында Орынбор облысының көктемгі су тасқынын өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының бірінші орынбасары Андрей Вязиковпен кездесті. Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті, Су шаруашылығы басқармасы және Росгидромет өкілдері де қатысты.Кездесудің негізгі тақырыбы су тасқыны туралы болжамдар және су тасқыны кезеңінде тараптардың өзара әрекеттесуі болды. Орынбор облысының мемлекеттік органдарының өкілдері облыстағы гидрометеорологиялық жағдай, көктемгі су тасқынына дайындық шаралары және басқа да негізгі аспектілер туралы баяндамалар жасады.«Батыс Қазақстан облысы үшін ең маңызды табиғи нысан әрі негізгі ауызсу және су қамтамасыз ету көзі – Жайық өзені бассейні. Оның бойында 87 елді мекен орналасқан, онда облыс халқының 75%-ына дейін тұрады. Сонымен қатар, Жайық өзенінен Орал қаласының шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін су алынады», - деді Нариман Төреғалиев.Ол сондай-ақ болжамдар мен су қоймасының көктемгі су тасқынына дайындық деңгейін ескере отырып, су қоймасының жұмыс режимін қалыптасқан гидрологиялық жағдайға сәйкес реттеу қажеттігін айтты. Бұл Жайық өзенінің төменгі ағысындағы су деңгейін көпжылдық орташа көрсеткіштерде ұстап тұруға мүмкіндік береді.Қазақстандық тарап су аз болған кезде суды ағызуды былтырғы көрсеткіштерден төмен болмау туралы ұсыныс жасады.Кездесу нәтижесінде тараптар су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ су тасқыны әрекетінің барлық кезеңінде үздіксіз ақпарат алмасу туралы келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/940136