Қоғам
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ ІРІ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ 21.02.2025
Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірге инвестиция тарту, өнеркәсіп орындарын ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бастаған делегация Сиань қаласындағы Бас консулдықтың қолдауы және ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапарының алғашқы күні өңір делегациясы Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесті.Кездесу барысында тараптар Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Айта кетейік, өткен жылы қос өңір арасында бауырластық туралы меморандумға қол қойылған болатын.Шэньси провинциясы – Қытайдың жетекші экономикалық орталықтарының бірі және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда мен инфрақұрылымдық даму салаларында үлкен әлеуетке ие. Осыған байланысты тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, инновациялармен алмасу және сауда көлемін ұлғайту бағытында тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға мүдделі екендерін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі өңір арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту үшін өзара іс-қимылды жандандыруға уағдаласты.Сонымен қатар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков іссапар жоспары аясында су ресурстарын тиімді пайдалану және сумен жабдықтау жүйелерін дамыту бағытында маманданған «Shaanxi Water Development Group Co. LTD» компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді.«Shaanxi Water Development» компаниясы су шаруашылығы инфрақұрылымын салу, ауызсу жүйелерін жобалау, кәріз жүйелерін жаңғырту, суды тазарту технологияларын жетілдіру және осы салаға қатысты өнімдер өндірумен айналысады. Компания құрамында 19 мамандандырылған кәсіпорын бар. 2024 жылғы мәліметтерге сәйкес, компания активтері 150 млрд юаньды (шамамен 21 млрд АҚШ долларын) құрайды. Бүгінде компания мамандары 15 елде ірі жобаларды сәтті жүзеге асыруда.Кездесу барысында қытайлық компания өкілдері суды тазарту және ластанған суды қайта өңдеу, халықты үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету, су сапасының қауіпсіздігін бақылау саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ ауыз судың қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа технологияларды қолдану бойынша бірлескен жобаларға қатысу ұсынылды.Тараптар су ресурстарын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды енгізу және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, осы бағытта тығыз жұмыс істеуге ниетті екендерін білдірді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/940252
БҚО әкімі су тасқынына дайындық мәселелерін Ресей тарапымен талқылады 21.02.2025
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орынбор облысына жұмыс сапары аясында Орынбор облысының көктемгі су тасқынын өткізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының бірінші орынбасары Андрей Вязиковпен кездесті. Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті, Су шаруашылығы басқармасы және Росгидромет өкілдері де қатысты.Кездесудің негізгі тақырыбы су тасқыны туралы болжамдар және су тасқыны кезеңінде тараптардың өзара әрекеттесуі болды. Орынбор облысының мемлекеттік органдарының өкілдері облыстағы гидрометеорологиялық жағдай, көктемгі су тасқынына дайындық шаралары және басқа да негізгі аспектілер туралы баяндамалар жасады.«Батыс Қазақстан облысы үшін ең маңызды табиғи нысан әрі негізгі ауызсу және су қамтамасыз ету көзі – Жайық өзені бассейні. Оның бойында 87 елді мекен орналасқан, онда облыс халқының 75%-ына дейін тұрады. Сонымен қатар, Жайық өзенінен Орал қаласының шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін су алынады», - деді Нариман Төреғалиев.Ол сондай-ақ болжамдар мен су қоймасының көктемгі су тасқынына дайындық деңгейін ескере отырып, су қоймасының жұмыс режимін қалыптасқан гидрологиялық жағдайға сәйкес реттеу қажеттігін айтты. Бұл Жайық өзенінің төменгі ағысындағы су деңгейін көпжылдық орташа көрсеткіштерде ұстап тұруға мүмкіндік береді.Қазақстандық тарап су аз болған кезде суды ағызуды былтырғы көрсеткіштерден төмен болмау туралы ұсыныс жасады.Кездесу нәтижесінде тараптар су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ су тасқыны әрекетінің барлық кезеңінде үздіксіз ақпарат алмасу туралы келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/940136
800 мектеп кітапханасы модернизациядан өтіп, кітап қоры жаңартылды 21.02.2025
Қазақстанда 800 мектеп кітапханасының модернизациясы аяқталып, 280 мыңнан астам бала жаңартылған ресурстарға қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту 1000 ауыл мектебін модернизациялау бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. «Мемлекет жыл сайын мектеп инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Биыл модернизация аясында 800 мектеп кітапханасы жаңартылып, олардың қоры жаңа көркем әдебиетпен толықтырылды. Сонымен қатар, кітапханалардағы жиһаздар жаңартылды», — деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева. Бұдан бөлек, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларын дамыту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты. Сондай-ақ, мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы 1 775 маман арнайы курстан өтті, оның ішінде 1 239-ы мектеп кітапханашысы, 536-сы колледж кітапханашысы. Бұл шара кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеріп, олардың жұмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/940443
МАРШРУТ СЫЗБАСЫ ӨЗГЕРТІЛІП, ҚОСЫМША АВТОБУС ҚОСЫЛДЫ 21.02.2025
Шымкентте №171 А маршрутының сызбасы өзгертіліп, қосымша автобус қосылды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңадан ашылған №146 мектепке қоғамдық көлікпен қатынауды қамтамасыз ету мақсатында кесте жаңартылды. Маршрутқа қосымша автобус қосылғандықтан, қазіргі уақытта тасымалдаушылар 11 кестемен және 15 минуттық жиілікпен тұрақты түрде қызмет көрсетуде.Айта кетейік, биыл қаламызда жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын қайта әзірлеу жоспарлануда. Осы жұмыс шеңберінде барлық тұрақты маршруттың сызбалары қайта қаралып, оңтайландырылатын болады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/939993
ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕРКӘСІП ТОҒЫСЫ: «САРЫАРҚААВТОПРОМ» ДЕЛЕГАЦИЯСЫ МЕХАНИКА ЖӘНЕ МАШИНАТАНУ ИНСТИТУТЫНДА 21.02.2025
ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕРКӘСІП ТОҒЫСЫ: «САРЫАРҚААВТОПРОМ» ДЕЛЕГАЦИЯСЫ МЕХАНИКА ЖӘНЕ МАШИНАТАНУ ИНСТИТУТЫНДААкадемик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС делегациясы барып, ғылыми зерттеулермен танысып, өнеркәсіптік автоматтандыру және роботтандыру саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың келешек бағыттарын талқылады.Сапар барысында делегация институттың алдыңғы қатарлы әзірлемелерімен танысты, оның ішінде жасанды интеллектімен жабдықталған мобильді көлік роботы, коллаборативті және декарттық роботтар, жүретін роботтар және басқа да озық технологиялар көрсетілді. Атап айтқанда, Қазақстанның автомобиль өнеркәсіптеріндегі роботтар, ғылыми-техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде икемді роботтандыру және өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерін әзірлеуге бағытталған BR24992947 ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаға ерекше көңіл бөлінді.Талқылау барысында тараптар бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, роботтандыру мен цифрландыру саласындағы серіктестік болашағын, сондай-ақ «СарыарқаАвтоПром» ЖШС базасында роботтандырылған технологияларды енгізу мәселелерін қарастырды.Институттың ғылыми жетекшісі Амандық Төлешов ғылым мен өндірісті интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.«СарыарқаАвтоПром» сияқты өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастық инновациялық шешімдер әзірлеу жолындағы маңызды қадам, ол Қазақстан автопромының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді», – деді ол.«СарыарқаАвтоПром» ЖШС тарапынан жоба жетекшісі Камила Наурызбаева:«Бүгінде институт – автоматтандыру мен роботтандыру жобаларын іске асырудағы негізгі серіктесіміз», – деп ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысында тараптар BR24992947 бағдарламасын қолдау, роботтық технологияларды енгізу үшін жол картасын әзірлеу, тағылымдамалар мен бірлескен зерттеулер ұйымдастыру жөнінде келісімге келді. Сапар нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екені және өнеркәсіптік роботтандыруды дамыту мен Қазақстанның жоғары технологиялы өндірістегі позицияларын нығайту жолындағы маңызды қадам екені анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/940094
МИНИСТР ЮСТИЦИИ РК ЕРЛАН САРСЕМБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ПОСТОЯННЫМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕМ ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ ООН В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН КАТАРЖИНОЙ ВАВЬЕРНИА 21.02.2025
2025 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министріЕ.Ж. Сәрсембаевтың БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты Өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесуі өтті.Кездесу барысында Министр Әділет министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арасындағы жемісті ынтымақтастық туралы, оның ішінде Әмбебап кезеңдік шолудың үшінші циклі шеңберіндегі ұсынымдардың орындалу барысын талқылауға арналған бірқатар маңызды іс-шаралар туралы атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткізілген кездесудің нәтижелілігін және сындарлы ынтымақтастық пен әріптестік өзара іс-қимылды одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/938693
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру туралы хабарлама 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – бiрлестiктер мен ұйымдар) аккредиттеу жүргізуді жариялайды.Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) Министрлікте аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады. Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Министрлікке электрондық нысанда (kanc@adilet.gov.kz электронды поштаға):1) жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.Сонымен бірге, аккредиттелген бірлестіктер мен Министрлік жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргiзу құқығына ие болады.Сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің бас сарапшысы Ж.Б. Абилхайровқа мына телефон номермен хабарласа аласыз: 8(700-552-54-57 WhatsApp).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/939908
2025 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Заң «қоғамдық жұмыстар» әкімшілік жазасының жаңа түрін регламенттеуге, оны орындау тетігін айқындауға және әкімшілік-деликттік заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Заңның нормалары (кейінге қалдырылған кейбір ережелерді қоспағанда) ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Толық ақпарат алу үшін келесі сілтемелер бойынша өтуіңізге болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2500000155 http://adilet.zan.kz/rus/docs/R2500000011 21.02.2025
Заң «қоғамдық жұмыстар» әкімшілік жазасының жаңа түрін регламенттеуге, оны орындау тетігін айқындауға және әкімшілік-деликттік заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Заңның нормалары (кейінге қалдырылған кейбір ережелерді қоспағанда) ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Толық ақпарат алу үшін келесі сілтемелер бойынша өтуіңізге болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2500000155 http://adilet.zan.kz/rus/docs/R2500000011Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/939976
Қосымша ақпарат 21.02.2025
Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнында.Кенiштегi ТЖ салдарын жоюға көмек көрсету үшін қосымша «АСС Сериктес» ЖШС құтқарушылар тобы жіберілді.ТЖМ командалық орталығының, Ұлытау облысы ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штабтар жұмыс істейді. Ақпарат алу үшін «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды: 8 (7172) 55-96-21.ТЖМ Командалық орталығында бейнеконференциялық байланыс арқылы авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жедел штабтардың іс-қимылдары үйлестірілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев оқиға орнындаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/940077
Алматы облысының әкімдігі өңірлік нышан жобасын әзірлеу бойынша байқау жариялайды 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 3 ай мерзімде (2025 жылғы 17 ақпан - 2025 жылғы 17 мамыр аралығында) қабылданады: Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар: Жобаны әзірлеу:- қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,- геральдикалық белгілерді сақтау,- өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:- жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;- жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;- жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;- жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына (электронды көшірмесі zhumash.ibrayva.64@mail. daurenbaevmarat78@gmail.com почталарына) қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!.Сұрақтар туындаған жағдайда 87773717606 (Ибраева Жұмаш Шыныбековна), 87776883792 (Дауренбаев Марат Өмірбекұлы) номеріне хабарласуға болады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/940045
Ұлытау облысындағы оқиғаға байланысты жедел ақпарат 21.02.2025
2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде шахтада тау массасының құлауы орын алды. Құлау аймағының артында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары жіберілді. ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7172) 55-96-21. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/940060
Жетісу облысына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есе өсті 21.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша аймақ экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,4 есеге артық. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 394 миллиард теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдан 1,7 есеге өсті. Жалпы өткен жылдың қорытындысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша көрсеткіш облыста 114,8 % құрап, республикада 2-ші орыннан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласында 200 жұмыс орнын ашқан «Asma Industrial» өндірістік аккумуляторлар зауыты іске кірісті. Сонымен қатар біраз жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған майлы дақылдар өңдейтін «Жетісу Мажико» агрокешені былтыр қайта іске қосылды. - Ал биылғы жылдың жоспарына келсек, Талдықорғандағы «Қайнар АКБ» зауытының өнеркәсіптік аккумулятор батареяларын шығаратын жаңа жобасы іске асырылады. Жобаның құны 10 миллиард теңгеден асады, 150 жұмыс орнын ашу межеленген. Бұдан бөлек, биыл Кербұлақ ауданында ең ірі инвестициялық жоба тау-кен металлургия комбинаты іске қосылады. Құны 1,3 триллион теңге. Комбинатта 2000 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтиды. Өткен жылы осы жоба бойынша теміржол желісі, қойма ғимараттары салынған болатын. Ал биыл құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Талдықорғандағы «Басқуат» жылыту қазандығының аумағында тұрмыстық қалдықты қайта өңдеуден өткізетін зауыттың құрылысы жүреді, келесі жылы құрылысты аяқтау жоспарда бар, - деді Б. Исабаев.Өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті жайына тоқталған өңір басшысы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы облыстың экономикалық өсу нүктесі екенін атап өтті.Мысалы, жыл басында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын заманауи зауыт салу жобасы іске асырыла басталды. Жобаның құны - 40 млн АҚШ доллары, 300-ден астам жұмыс орны ашылады.Биылғы жылдың соңына қарай арнайы экономикалық аймақ аумағында «SKYHANSA» ЖШС-ның заманауи үлгідегі әуежайдың құрылысы басталады деп күтілуде. Жүк және жолаушылар терминалын қамтитын жоба қолға алынады. Оның құны 250 миллиард теңгеге тең.Қысқаша айтқанда, 2025-2027 жылдары Жетісу облысында 120-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.Облыс әкімі атап өткендей, ел Президентінің тапсырмаларын ескере отырып, өңірді дамытудың осы жылға арналған бірнеше негізгі бағыттары айқындалды. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өнеркәсіп секторын дамыту, туризм, цифрландыру салалары бар. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуретті түсірген: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/939527
АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 21.02.2025
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте кәсіпорындарда еңбек заңмасының сақталуы, тұрғын үйлерді басқаруды қалыптастыру, азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар баяндалды.Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ж. Мақұлбаев жалақы қарызы бойынша қалыптасқан жағдайды жеткізді. Қала әкімі бұл ретте халықтың сауатталығын арттыру арқылы еңбек нарығындағы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етіп, барлық сала басшыларына мердігерлердің мұндай келеңсіздіктерге жол бермеуін қадағалауды тапсырды.Қалалық орта сапа және бақылау басқармасының басшысы М. Керімжанов тұрғын үй қорын, лифттерді күтіп ұстауда жүргізілген жұмыстарды баяндады. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының реформасы іске асырылуда. Бұл ретте көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп-ұстау үшін жаңа басқару нысандарына көшу көзделген. Қала аумағында 2570 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. Оның ішінде 155 мүлік иелері бірлестігі тіркелген. Ғ.Әбдімәжитұлы аудан әкімдері мен басқарма басшысына жаңа басқару нысандарын жасақтауды тездетуді тапсырды.Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т. Мекамбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын баяндады. Тұрақтандыру қорының «Айналым механизміне» тиісті қаржы бөлініп, басым бөлігі ұн, нан, жұмыртқа, күнбағыс майы, көкөніс және ет өнімдерін өндіретін тауар өндірушілерге бағытталған. Бұдан бөлек, ірі сауда желілері және дистрибьюторлармен келісім-шарттар түзіліп, қалада 87 сауда орнында ең қажетті тауарлар әлеуметтік бағада сатылуда. Бұл орайда аудан, сала басшыларына бағаны тұрақтандыру шараларын күшейту, әлеуметтік сауда нүктелерін көбейту бойынша тапсырмалар берілді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/939989
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА 21.02.2025
Түркістан облысында елді мекендерді инфрақұрылым, сапалы электр, ауыз сумен қамту бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Аталған салалардағы көрсеткіштер мен жоспарлар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға жұмысты жандандыруды тапсырды.– Біздің алдымызда Түркістан облысын ауыз сумен толық қамту міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды сапалы қорытындылау керек. Су көздерін зерттеп, тиімді жолдарын ұсыныңыздар. Экономикалық тиімділігі ескерілгені жөн. Екіншіден, өңірдің инвестициялық әлеуетін көтеру үшін электр қуаты қажет. Осы салаға жауапты компаниялар да жұмысты ширатып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға көмектесуі тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбеков Сарыағаш және Келес аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндады. Сарыағаш ауданында жалпы 63 елді мекен (221,4 мың тұрғын) бар, оның ішінде 52 елді мекен (205,1 мың тұрғын, 82,5%) ауыз сумен қамтылған. Ал Келесте 83 елді мекен (134,1 мың тұрғын) бар, оның ішінде 66 елді мекен (121,5 мың тұрғын, 79,5%) ауыз сумен қамтылған. Екі ауданда қалған елді мекендерді ауыз сумен толық қамту жолдары қаралып жатыр. Ұсыныстар беріліп, мәселе бақылауға алынды. Зерделеу жүргізіледі.Жиында электр қуатына берілетін техникалық шарттар туралы «Кегок» өкілдері баяндаса, «Қазсушар» РМК-ның «Оңтүстікауызсу» филиалы басшылығының да есебі тыңдалды. Сонымен бірге Сарыағаш, Сайрам аудандарының ауыз су жүйелерін автоматтандыру пилоттық жобасы талқыланды.Айта кетейік, Түркістан облысында 2024 жылдың қорытындысымен 807 елді мекеннің 767 елді мекені (7 қала, 760 ауылдық елді мекен) немесе 95,0 % ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2025 жылы бюджет есебінен 47 ауыз су нысанының құрылысы іске асырылуда. Электрмен қамту бойынша 41 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жыл қорытындысымен 18 елді мекендегі 22,3 мың тұрғынды сапалы электр энергиясымен қамту жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939863
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ 21.02.2025
Түркістан облысында 1 мыңнан астам мектеп директоры бар. Әрқайсысы мектептің абыройын асырып, бала тәрбиесіне, білім беру ісіне жауапкершілікпен қарап, үнемі еңбектеніп жүрген, жаңашыл көшбасшылар. Солардың бірі де, бірегейі – Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №61 жалпы білім беретін мектебінің директоры Әсел Арапова. Үздіксіз ізденіс жолы мен өмір бойы оқуды мақсат тұтқан ол 2024 жылы 23 желтоқсандағы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясын жеңіп алды.Сарыағаштық мектеп директор 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлемнің үздік жоғары оқу орны АҚШ-тың California State University Chico университетінде білім алып, 1 жыл ғылыми тағылымдамадан өтеді.Айта кетсек, Әсел Әбдірахымқызы Сарыағаш ауданында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Ең алғаш еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық академиясында оқытушы болып бастады. 22 жыл бойы педагогика саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз 2016 жылдың 10 қазан күні аудандағы №3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне тағайындалады. Сондай-ақ «Білім-инновация лицейлерінің» құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысын және олимпиадалық резерв тобымен жұмыс істеу жүйесін, 20-дан аса ұлт өкілдері оқитын мектеп оқушылары арасында толеранттылықты және ата-аналарымен ынтымақтастықты арттыру мақсатында НЗМ-нің «Шаңырақ», «Әке өндірісіндегі бір күн», «TEDx» тағы басқа жобаларын мектептің оқу-тәрбие жұмысына ендірді. Мектеп оқушыларының аудандық пән олимпиадасы қорытындысы бойынша «№3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» ең үздік мектептер қатарынан көрініп, әр жылы 20-ға жуық олимпиада жүлдегерлерін дайындады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939868
Түркістан облысының әкімдігі өңірлік нышан жобасын әзірлеу бойынша конкурс жариялайды! 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Түркістан облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 3 ай мерзімде (2024 жылғы 30 желтоқсан - 2025 жылғы 30 наурыз арылғында) қабылданады.Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар:1. Жобаны әзірлеу:- қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту,- геральдикалық белгілерді сақтау,- өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді.2. Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады.3. Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді:- жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады;- жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар;- жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;- жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.4. Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады.5. Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады.6. Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі.Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық қоғамдық даму басқармасына (электронды көшірмесі russ_pl4@mail.ru почтасына) қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 30 наурыздан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!Сұрақтар туындаған жағдайда 87775581553 (Айгуль Рустемова) номеріне хабарласуға болады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939869
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАЙТЫН РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІ ӘЗІРЛЕНДІ 21.02.2025
Түркістан облысының аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың жұмысын бағалау мақсатында арнайы рейтингті есептеу жүйесі әзірленді. Сонымен бірге мемлекеттік сатып алу саласындағы жоспарлардың орындалуына да қадағалау күшейтіледі. Аталған мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға өз міндеттерін уақтылы әрі сапалы атқару міндет екенін қаперлеріне салды.– Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының жұмыс қарқыны тұрақты түрде қадағаланады. Индикаторлардың орындалуын аппарат мәжілістерінде жүйелі талқылаймыз. Сондықтан аудан, қала әкімдері осы мәселені назарда ұстап, индикаторлардың толық орындауға күш салсын. Индикаторларды тағы да зерделеп, қажетті тармақтарды қосыңыздар. Барлық сала түгел қамтылуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу процестерін уақтылы жүзеге асыруды тапсырамын. Сылбырлыққа жол бергендердің жауапкершіліктері қаралады. Бюджеттің мүмкіндігін, құрылыс жұмыстарының маңыздылығы мен экономикалық тиімділігін ескеріп, әр жобаны әділ әрі нақты бағалау қажет. Артық қаржы жұмсауға жол берілмейді, – деген Нұралхан Көшеров экономикалық көрсеткіші төмен әрі мемлекеттік сатып алу процесінде кемшілік анықталған басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.Мәжілісте Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек пен Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұловтың есептері тыңдалды.Өңірде негізгі экономикалық көрсеткіштер жақсарған. Оң динамика бар. Осы қарқынды түсірмеу үшін аудан қала әкімдері қызметінің тиімділігін бағалайтын 67 көрсеткіш әзірленді. Көрсеткіштердің маңыздылығын ескеріліп, ол 9 блокқа жинақталған. Бағалау жүйесіндегі 67 көрсеткіштің 2-еуі облыс деңгейінде қалыптасады. Әсіресе, өндіріс орындарын ашу, өнеркәсіпті дамыту, ішкі кірістерді ұлғайту бағыттарына басымдық беріледі. Экономикалық даму индикаторы ай сайын есептелетін болса, барлық 9 индикатор бойынша аудан қала әкімдерінің рейтингі тоқсан сайын шығарылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939887
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АҒАШ ЕГІЛЕДІ 21.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар баяндалып, қыс мезгілінде жолдардағы қауіпсіздік пен жолдардың сапасы, жылыту маусымының өту барысы сараланды.Аймақ басшысы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бағдарламалардың іске асуы қатаң бақылауда тұр. Әрбір істі аса жауапкершілікпен орындау керек. Өткен аптада 6 ауданды аралап шығып, тазалығын да зерделедік. Алдағы уақытта да тұрақты түрде қадағалап тұрамыз. «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы үйлестіре алмаған басшылардың жауапкершілігі қаралады. Тәртіп пен жауапкершілікті күшейтіп, экологиялық сауаттылықты көтеру қажет, – деді Нұралхан Көшеров.Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың баяндауынша, қыс мезгілінде жолдардың қауіпсіздігі мен жүріс сапасы тұрақты бақылауда. Облыс аумағындағы 4669 шақырым жолға 145 арнайы техника, 382 жұмысшы тартылып, 6 мың текше метрден астам құм мен 4 мың тоннадан астам тұз қолданылды. Қосымша техникалар мен жұмыс күшін жұмылдыру арқылы қиын жағдайларда тез арада әрекет ету шаралары қолға алынды.Биыл облыс аумағында «жасыл белдеу» құру, елді мекендерді көгалдандыру бағытында 1 257 700 түп ағаш отырғызу көзделуде. Оның ішінде, көктем мезгілінде 631100 түп және күз мезгілінде 626 600 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Ағаш отырғызу жұмыстары ақпан айының соңында басталмақ. Жалпы, өңірде Сирия розасы, өрік, тұт, ива, айлант, қарағаш, катальпа, қаратал, терек, шаған, үйенкі, арша ағаштарын егу көзделіп отыр.«Таза Қазақстан» бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару, санитариялық тазарту, абаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын беру тапсырмасы берілген болатын. Тапсырма аясында тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде, қауіпсіз қалдықтарды жинау бойынша толық келісім алынды. Бүгінгі таңда 5 аудан, қала әкімдіктері тарапынан Жарғыға өзгерістер енгізіліп, 8 ауданда тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған аудандарда бұл жұмыстар енді басталмақ.Айта кетейік, өңірде «Taza Qazaqstan» платформасы сәтті іске асырылуда. Тазалық жұмыстарына қатысты өтінімдер @TazaQazBot telegram-бот арқылы қабылданып, тұрғындармен кері байланыс орнатылуда. Бүгінгі күнге платформаға 1 125 өтінім түскен. Оның ішінде, 1 104 өтінім орындалса, 21 өтінім орындалу барысында.Аппарат мәжілісінде «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылу барысы, көктемгі дала жұмыстары мен орындаушылық тәртіп жөніндегі есептер тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілдіТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939891
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА 21.02.2025
Бүгін 17 ақпан күні Түркістан қаласында облыстық жастар ресурсттық орталығында «Жасыл ел» жастар ұйымы мен, жастар ісі белсенділері бас қосып жылдық жоспарды талқылады. 17 аудан, қала жастар орталықтарының басшылығы ZOOM жүйесі арқылы қосылды.Түркістан облысында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істейтін жастардың саны 1300-ден асады. Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында 2025 жылы «Жасыл ел» студенттік жастар жасақтары 1300 жас жұмыс атқарады деп күтілуде. Аталған жастар тек жазғы демалыс маусымында ғана емес, Наурыз айынан бастап ағаш, гүлдер көшеттерін отырғызуға белсенді араласатын болады. Сонымен қатар, Түркістан облысының аудандарындағы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандумға отыру жұмыстары талқыланды.Жылдағы дәстүр бойынша жастарды ынталандыру, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып еңбек жасақтарының белсенділігін арттыру мақсатында «Жасыл ландшафт», «Үлгілі ауыл», «Туған жер», «Үздік түлек» байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталатын болады. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан өңірінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға облыс жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда.Жастар ресурстық орталықтардың басшыларына өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, тұрғындардың экомәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстау бойынша түрлі тиімді жобалар жасап, тазалық шарасы аясында жұмыстарды, өскелең ұрпақты мектептерде, бала бақшаларда ашық сабақтар арқылы тәрбиелеуді тапсырды.Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясының ұйымдастырумен «Бұл сенің туған өлкең» акциясы негізінде 1000 жастың қатысуымен экологиялық акция ұйымдастырылу көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939912
Ақтөбе әуежайы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда 21.02.2025
Өңір басшысының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде авиация саласын цифрлық трансформациялау және халықаралық әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қаралды.«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дастан Малиев жолаушылар ағынын арттыру, инновациялық шешімдерді енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.Оның сөзінше, жыл сайын Ақтөбе әуежайының жолаушылар ағыны орта есеппен 10%-ке артып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны іс жүзінде 1 млн-ға жетіп, 985 мың адамды құрады, ал өңделген жүк көлемі 11 мың тоннадан асты.Әуежай Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан, Шымкент, Стамбул, Анталья, Шарм-Эш-Шейх, Доха, Пхукетке тұрақты және маусымдық рейстерді қоса алғанда, 11 бағыт бойынша жолаушылардың саяхаттауына мүмкіндік бере отырып, негізгі қалалар және елдермен байланысты дамытуды жалғастыруда.Атап айтқанда, 2024 жылы Air Cairo және FlyArystan әуе компанияларының жаңа жиіліктерді қосуы арқасында Шарм-Эш-Шейхке рейстер саны артты. Келер жылы Антальяға аптасына 12 рейске дейін көбейту жоспарланып отыр.Сонымен қатар, биылғы жылдың 2 мамырынан бастап SCAT әуекомпаниясы Ақтөбеден Шымкентке аптасына 4 рет жиілікпен рейстер ашады, ал FlyArystan әуе компаниясы осы бағыттағы рейстерді 1 маусымнан бастап қайта бастайды. Барлығы Шымкентке аптасына 6 рейс қолжетімді болмақ. «Ақтөбе әуежайы жүк ағынының өсуін қамтамасыз ету және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын белсенді түрде іске асыруда. Басым жобалардың қатарында отын кешенін жаңғырту, заманауи қойма инфрақұрылымын салу және объектінің аумағын қамтитын арнайы экономикалық аймақ құру бар. Бұл қадамдар әуежайдың маңызды жүк хабы ретіндегі позициясын нығайтуға және болашақ кеңейту үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Дастан Малиев.Қазіргі уақытта әуежайда ішкі рейстер жолаушыларына арналған цифрлық құжаттар сервисі жұмыс істейді, жолаушыларға жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін CUTE жүйесі орнатылды, сондай-ақ былтыр төлқұжат пен жеке куәліктерді оқу құрылғылары сатып алынды, соның арқасында жолаушыларды тіркеу процесі жеделдетілді. Жүктермен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында әуежай мұнай өнімдерінің қоймасын жаңғыртуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен бақылау аспаптарын енгізді. Жүк тасымалын рәсімдеу және сүйемелдеу үшін қазір E-Freight ақпараттық жүйесі пайдаланылады, ол жүк авиациялық тасымалдау процесін автоматтандырды және жүктерді өңдеуді жеделдетті.Отырғызу талондарын және «E-Gate» бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу әуежайдың 2025-2026 жылдарға арналған жоспарында бар. Бұл ұшатын және ұшып келетін жолаушыларды автоматты шекаралық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Облыс әкімі Ақтөбе халықаралық әуежайын өңірдің негізгі көлік торабы ретінде одан әрі дамытудың маңыздылығын алға тартты. Асхат Шахаров ел Президентінің тапсырмасымен Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайды халықаралық әуе торабына айналдыру қажеттігін атап өтті. Осы тапсырмаға байланысты әуежай аумағында логистикалық орталық құру және отын-жанармай құю станциясын ашу бойынша екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта ұшу-қону жолағы жабындысының сапасы мен пайдалану қауіпсіздігін жақсарту үшін ПАГ 18 тақтасы сатып алынды. Сондай-ақ, арнайы техника сатып алу жұмыстары жүргізілуде.«Халықаралық аренада әуежайды дамыту үшін бізге инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастырып, цифрландыру саласында жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу қажет. Әуежайдағы барлық процестер мүмкіндігінше автоматтандырылған және жолаушыларға ыңғайлы болуы маңызды. Біз жүк ағынының өсуіне, әсіресе жүк хабы жобасын іске асыру аясында заманауи жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ, әуежайды облыстың логистикалық инфрақұрылымының маңызды элементі ғана емес, сонымен қатар туристік тартымдылық орталығы ету үшін маршруттық желіні кеңейту, ішкі және халықаралық жаңа рейстерді ашу қажет», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/939716