Enbekshi QazaQ

Қоғам

Катонқарағай ауылында алғашқы "Жас сақшы" кадет сыныбы ашылды 21.02.2025
Кадет сыныбы С.Ластаев атындағы орта мектепте салтанатты түрде ашылып, 7-сыныптың 20 оқушысы қабылданды. Сыныпқа осы ауданның тумасы, Катонқарағай аудандық ішкі істер бөлімінің милиция жүргізушісі аға сержант Бағыбек Тікебаевтың есімі берілді. Ол 1994 жылы 3 қыркүйекте тергеу-қамауға алынған қылмыскерлерді айдауылдау барысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан.Кадет сыныбының ашылуы өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге, құқық қорғау органдарында қызмет етуге қызығушылықты арттыруға және оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған.Оқушылар үшін полиция қызметкерлерінің киім үлгісіне сай форма дайындалды. Сынып қажеті құралдармен жабдықталды.ШҚО Білім басқармасының келісімімен кадеттердің оқу бағдарламасына құқық қорғау қызметінің негіздері, алғашқы әскери дайындық, алғашқы медициналық көмек көрсету сынды қосымша пәндер енгізілді. Оған полиция қызметкерлері мен тиісті сала мамандары тартылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/940597
ШҚО-да дуалды оқыту жүйесі аясында 44 мамандық бойынша 5000-нан астам студент білім алады 21.02.2025
Жұмысшы мамандықтар жылында жоғары білікті кадрларды даярлауға баса назар аударып, практикаға бағдарланған білім беруді дамыту қажет.Осы мақсатта Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы оқу орындары, әлеуметтік серіктес саналатын кәсіпорындар, «Атамекен» өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері дуальды оқытудың маңызын талқылады.- Дуальды оқыту – елдің тұрақты дамуының маңызды бөлігі. 2024 жылы 4936 студент оқу бітіріп, оның 4275-і жұмысқа орналасты. Дуальды оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлау түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға әсер етеді, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, дуальды оқыту 44 мамандық бойынша 27 колледжде жүзеге асырылады. Яғни, 5000-нан астам студент білім алады. Дуальды оқытуға шамамен 448 кәсіпорын мен әлеуметтік серіктес компаниялар қатысады.- Дуальды оқыту жүйесін дамытуда тәлімгерлік маңызды рөл атқарады деп санаймыз. Білім алушылар уақытының 60%-ын тәжірибе алаңында өткізеді, - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Әсет Әділхан.Семинарға қатысушылар дуальды оқытуды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, осы бағыттағы өзекті мәселелерді шешу әдістерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/940637
ШҚО-да есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты басталды 21.02.2025
Өскемен қаласында есту қабілеті бұзылған жеңіл атлеттер арасында Қазақстан чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – спортшылардың шеберлігін арттырып, біліктілігін көтеру.– Чемпионатқа еліміздің 13 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс барысында бірнеше медаль жиынтығы сарапқа салынады, сондай-ақ қараша айында Токиода өтетін Сурдлимпиада ойындарына алдын ала іріктеу жүргізіледі, – деп атап өтті Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Богдан Весельский.Жарыс бағдарламасына бірнеше жеңіл атлетика түрлері енген:Спринтерлік жүгіруОрта және ұзақ қашықтыққа жүгіруҰзындыққа және биіктікке секіруНайзаны сермеп секіруЭстафеталық жарыстар және басқа да дисциплиналар– Чемпионатқа Петропавл қаласынан 11 спортшыны алып келдік: 10 ересек спортшы мен бір қыз бала. Бұл жарыстан жоғары нәтижелер күтеміз. Себебі, чемпионат – 2025 жылдың қарашасында өтетін Сурдлимпиада ойындарына іріктеудің маңызды кезеңдерінің бірі, –деді "UNIT" спорт клубының жаттықтырушысы Рустам Шаке.Чемпионатқа Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарынан және басқа да аймақтардан спортшылар қатысып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/940836
ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады.Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.Байқау аясында ҮЕҰ бірнеше басым бағыттар бойынша жобаларды ұсына алады:- Инклюзивті қоғамды дамыту;- Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;- Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;- Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;- «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;- Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;- Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;- Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;- Зооволонтерлікті дамыту.Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/940375
Жетісу облысында үшінші қант зауытын салу жоспарда бар 21.02.2025
Жетісу облысында үшінші қант зауытының құрылысын жүргізу туралы инвесторлармен келісімдер жасалуда. Соның нәтижесінде 1 млн. тоннаға дейін қант қызылшасын өңдеуге мүмкіндік туады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Биыл Көксу қант зауытына 60 млн евроға модернизациялық жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сол арқылы зауыттың жылдық қуаттылығы 500 мың тоннаға жетеді. Ал Ақсу қант зауытының қуаттылығы - 350-400 мың тонна. Сонда қазірдің өзінде 800-900 мың тонна қызылша өңдеуге қабілетіміз бар. Жетісу жерінің құнары жеткілікті. Оған қоса суару жүйелерін жаңғыртып, суармалы жерлердің көлемін арттырамыз. Сол кезде қант қызылшасының көлемін 1 000 000 тоннаға жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Мұндай мол өнімді үшінші қант зауытын іске қоссақ, өзімізде толықтай өңдей аламыз, - деді Б.Исабаев.Еске салсақ, былтыр Жетісу облысында 13 мың гектар жерден 630 мың тонна қант қызылшасы жиналды. Бұл - тәуелсіздік алған жылдардан бергі алғашқы мол өнім. Орташа көрсеткіш гектарына 450-500 центнерден айналды. Облыс әкімінің айтуынша, мұндай үлкен көрсеткіштің артында өте ауқымды жұмыс жатқанын анық. Ал өткізудегі уақытша қиындық Жамбыл облысындағы диқандардың жағдайына байланысты туындаған. Жамбыл облысынан 100 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, Ақсу қант зауытына өңдеуге алынған.Биылғы жылдың жоспарларына тоқталған өңір басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге көп көңіл бөлінетінін атап өтті. Осы мақсатта облыста құс фабрикасын және жүгері өңдейтін зауыт салу туралы инвесторлармен жұмыс жүргізіліп жатыр.Жалпы өңірде өндірілетін қант қызылшасы, жүгері, бидай, ет, сүт сияқты ауыл шаруашылығы тауарларының 65%-ы өзімізде өңделеді. Өткен жылы ауыл шаруашылығындағы өсім 3% болды.Фотограф: Жеңіс Ысқабай, сол сияқты фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/940667
«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда 21.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ақсуат ауданында жүріп жатыр. Тазалық шаралары тек қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға да ықпал етуде. Мәселен, 2024 жылы аудан бойынша жиі ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясындағы қайырымдылық акциялары биылда жалғасын таппақ. Атап айтқанда, жыл басынан бері ерікті жастар әр ауылдағы жалғыз тұратын қарияларға көмек көрсетіп, үйлерінің айналасын қардан тазартуда. «Үлкендерге қамқор болу – біздің парызымыз. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу – біздің қалауымыз», – дейді акцияға қатысушы белсенді жастар. Тазалыққа бей-жай қарамайтын аудан тұрғындары «Таза Қазақстан» акцияға белсенді қатысып, қыс басталғалы жолдардың шеттері мен көрікті орындары қардан тазалауға атсалысуда. Ауданда желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында эко-акция аясында 4250 текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстарға 2 жүк көлігі, 2 автогрейдер, 1 зил, 1 экскаватор тиегіш, 2 маз, 1 Shacman техникалары жұмылдырылған. Сонымен қатар, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында аудандық «Аманат» партиясы филиалының ұйытқы болуымен Ақсуат ауылында көше бойындағы, саябақ ішіндегі тротуарлар қардан тазартылды. Оған аудан орталығындағы мекеме бөлім қызметкерлері, партия мүшелері қатысты. Акцияға 50 адам қамтылып, 452 шаршы метр жер қардан тазартылды. Қосымша коммуналдық кәсіпорын тарапынан 2 техника тартылды. Сондай-ақ, қыстың күні қырауда тазалық жұмыстарын жүргізіп жүрген адамдарға мекеме-бөлім қызметкерлері ыстық шай мен ыстық бәліш таратып үнемі қолдау білдіруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/940366
Су тасқынына қарсы шаралар қолға алынуда 21.02.2025
Үржар ауданы бойынша көктемгі су тасқынына қарсы шаралар қолға алынды. Күні бүгінге дейін елді-мекендерден 5424 мың текше метр қар шығарылды. Жұмыс әлі де жалғасуда. Су соруға арналған жиыны 20 дана мотопомпа дайын.Бензин қоры 5,6 тонна, дизельдік отын қоры 3,6 тонна. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына байланысты қосымша 14 тонна дизельдік отын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.«Ауданда төтенше жағдай орын алған жағдайда 205 адам, әртүрлі 80 техника жұмылдырылады. Мекемелер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен азық-түлік, тамақтандыру, жатын орындар, көлікпен тасымалдау қызметі және жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге қатысты 23 келісім-ниет шарт және 43 меморандум жасалған. Ауылдық округтерге су тасқыны қаупі төнген жағдайда уақытша бөгеттер жасау мақсатында қаптар таратылып берілді. Сондай-ақ, 270 тонна инерттік материал алуға аудан әкімі аппаратымен «КазспецМонолитСтрой» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық келісім меморандумы жасалды», -дейді аудан әкімінің орынбасары Серік Тілемісов.Егінсу су қоймасына 2016 жылы күрделі жұмыстар жасалып, пайдалануға берілген. Су қоймасының қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Қарақол су қоймасында су транзиттік режимде ағады. Судың көлемін үнемі бақылау үшін қоймаларда кезекшілік қойылды.Аудан бойынша 15 көпір, 159 су өткізгіш құбырлар бар. Күз айларында олар қоқыс пен шөптерден 100 пайыз тазартылды. 2025 жылғы көктемгі тасқын суды қалыпты жағдайда өткізу мақсатында былтыр 5 ауылда су тасқына қарсы іс-шаралар жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/940448
Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде 21.02.2025
Семейде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталық, яғни Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Салынып жатқан ғимараттың жалпы аумағы – 2,1 га, ал ауданы – 9 800 шаршы метр.Оқушылар сарайы бір мезгілде 500 адамды қабылдай алады. Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың сөзіне қарағанда, негізгі құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталған. Монолит жұмыстар, кірпіш қалау, металл конструкциялары толық орындалды. Ал, шатыр және қасбетті әрлеу жұмыстары да аяқталуға жақын.«Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 54 маман және 2 техника жұмыс істеуде», -дейді басқарма басшысы.Жобаға сәйкес Оқушылар сарайы ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық,спорттық-сауықтыру, гуманитарлық, психологиялық, тарихи-өлкетану сынды алты негізгі бағытқа бөлінген. Осы бағыттарда робототехника, бағдарламалау, шығармашылық студиялар, театр және музыка үйірмелері, денешынықтыру және спорт, білім беру курстары, әдебиет және тіл, тұлғалық даму, өңір арихы мен мәдениет зерттеу бойынша алаңдар жұмыс жасайтын болады. Әр бөлім өз тақырыбына сәйкес жабдықталады. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жақын арада барлық әрлеу және абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/940695
Tasqyn су тасқынын болжау жүйесі өндірістік қолданысқа берілді 21.02.2025
Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді.Бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді.«Су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз. Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/940762
Брифинг.«Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жұмыстары» 21.02.2025
2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберіледі. Су ресурстары және ирригация министрлігі Орталық Азия мемлекеттеріндегі әріптестерімен осы жөнінде келісімге келді.Айта кету керек, 2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл осыған дейін жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық.«Солтүстік Арал су тасқыны немесе жаңбыр есебінен толып жатыр деген пікірдің қате екенін айта кету керек. Мәселен, еліміздің оңтүстігінде ауқымды су тасқыны болған жоқ. Аралға су жіберу – су ресурстарын сауатты бөлу, оны үнемдеу және су дипломатиясының нақты нәтижесі»,- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева. Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдағы судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрден асады. Өсу динамикасын салыстыру үшін: 2022 жылдың басында бұл көрсеткіш 18,9 млрд текше метр еді. 2025 жылдың соңына дейін теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін жетеді деп күтілуде. Ал 2030 жылдың соңына қарай Солтүстік Аралдағы су көлемін 27 млрд текше метрге жеткізу жоспарланып отыр.Солтүстік Аралдың көлемімен бірге ауданы да ұлғайып келеді. Бүгінгі таңда теңіздің ауданы 3065 шаршы шақырым. Бұл 2022 жылдың басындағыдан 111 шаршы шақырымға көп. Солтүстік Арал теңізінің көлемі мен ауданының ұлғаюы судың тұздылығын азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті.Министрлік жыл соңына дейін Солтүстік Аралды Үлкен Арал теңізінен бөліп тұрған Көкарал бөгетін реконструкциялау жұмысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Дүниежүзілік банкпен бірге 39 жобаны қамтитын Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңін әзірледі. Бұл 2000 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы мен балық аулау кәсібін дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңірдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.Су үнемдейтін технологияларды пайдалану және күріш алқаптарын тегістеу 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Арал теңізіне жіберуге мүмкіндік берді.«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, шаруа қожалықтарын, дихандарды белсенді түрде су үнемдейтін технологияларды қолдануға шақырамыз. Шаруаларды ынталандыру үшін бұрын-соңды болмаған іс-шаралар қабылданды. Министрлік су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Мұндай мемлекеттік қолдау аз ғана елде бар. Су үнемдейтін технологияларды орнатқан шаруалар суармалы су үшін де аз төлейді. Елімізде суармалы суға субсидия мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды»,- деді Мөлдір Абдуалиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/940860
Біріккен күрес әлемі (UWW) басшысының елімізге жасаған сапарының маңызы 21.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесуінде халықаралық спорт ұйымдарымен әріптестікті күшейтуді, спортшыларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және әлемдік жарыстарды Қазақстанда өткізуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында елімізге беделді халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылып, келіссөздер жүргізілуде.Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Соның аясында осы аптада елімізге Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling – UWW) ұйымының президенті Ненад Лалович келді. Бұл сапар отандық күрес үшін аса маңызды оқиғалардың бірі болды.Ненад Лалович Астанадағы спорт нысандарын аралап, инфрақұрылыммен танысты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның Біріккен күрес әлемімен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейтінін айтты. Спорт инфрақұрылымын жетілдіру, заманауи әдістерді енгізу және халықаралық жарыстарды елімізде ұйымдастыру күрес спортының дамуына серпін беріп, оны әлемдік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасайды. Ненад Лалович Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, Қазақстанды UWW-дің маңызды серіктесі деп атады. Ол сондай-ақ ұлттық күрес мектебінің жетістіктеріне жоғары баға беріп, еліміздің бұл спорт түрінен әлеуеті зор екенін атап өтті.Халықаралық федерациялармен ынтымақтастық Қазақстан спортының дамуына тың серпін беріп отыр. Бұған дейін Қазақстанда Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер де келіп, Мемлекет басшысымен кездескен еді. Келіссөздер нәтижесінде Астанада IJF (International Judo Federation) академиясын ашу туралы шешім қабылданды. Бұл жоба жоғары санатты жаттықтырушылар мен төрешілер даярлауға бағытталған. Сонымен қатар еліміз 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.Бұдан бөлек Қазақстанға Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд Әл-Шаммари мен Халықаралық су спорты федерациясының президенті, Азия Олимпиадалық Кеңесінің Бас директоры Хусейн Әл-Мусаллам да келген еді. Халықаралық спорт басшыларымен кездесуде тыйым салынған препараттарға қатаң бақылау орнату және спортшылар үшін білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері, елімізде су спорты түрлерін дамыту және қазақстандық мамандарды World Aquatics ұйымына тарту мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды.Қорыта айтқанда, Ненад Лаловичтің сапары – Қазақстанның күрес спортындағы ықпалын арттыруға және халықаралық аренада жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта осындай кездесулер еліміздің спорттық әлеуетін нығайтуға, халықаралық жарыстарды өткізуге және спортшыларымыздың шеберлігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/940903
ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды 21.02.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады.Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.Байқау аясында ҮЕҰ бірнеше басым бағыттар бойынша жобаларды ұсына алады:- Инклюзивті қоғамды дамыту;- Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;- Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;- Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;- «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;- Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;- Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;- Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;- Зооволонтерлікті дамыту.Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/940321
ТЖМ басшысы Ұлытау облысындағы оқиға орнына барды 21.02.2025
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Үкіметтік комиссия құрамында Ұлытау облысында болған төтенше жағдай орнына барды. Шыңғыс Әрінов қайғылы оқиғаның орнын жеке өзі тексеріп, штаб отырысына қатысты. ТЖМ басшысының назары оқиғаның салдарын жоюға тартылған барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге бағытталды. Үкіметтік комиссияның құрамына төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов және ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев кірді. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 17 ақпанында Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде тау-кен массасы опырылып құлады. Қайғылы оқиға салдарынан жеті қызметкер қаза тапты. Олардың денелері сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полицияға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/940679
Жалғыз акционердің шешімімен "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы лауазымына Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы тағайындалды 21.02.2025
Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ Еуразия гуманитарлық институтын тәмәмдаған. Жалпы жұмыс өтілі 26 жылдан асады - еңбек жолын 1997 жылдан бастаған. Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар, әр кезеңде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармасының басшысы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары, "ҚазМұнайГаз" БӨ АҚ және "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ, "Қазагромаркетинг" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ "Жасыл даму" АҚ Басқарушы директоры қызметтерін атқарған, соңғы аталған мекемеде «Жылыжайлар мен климаттың өзгеруі» блогына жетекшілік етті, оның ішінде: парниктік газдарды түгендеу; шығарындылармен сауда жүйесі; Климаттық саясат пен халықаралық ынтымақтастықты модельдеу.Оның жетекшілігімен халықаралық қоғамдастыққа транспаренттілік туралы екі жылдық баяндама (BTR1) әзірленді және ұсынылды, сол арқылы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (СОР29, Баку қ.) тараптарының 29-шы конференциясында еліміз Париж келісімінде белгіленген Климаттық мақсаттарды іске асыруда Орталық Азия көшбасшысы болып танылды.Бұдан басқа, Сәкен Амангелдіұлы "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне" бірқатар түзетулер әзірледі, аталмыш өзгертулер болашақта шығарындылар саудасының жүйесін жақсартуға және Қазақстан Республикасының аумағында офсеттік жобаларды іске асыруды бастауға мүмкіндік береді. Сәкен Қалқаманов "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/940532
«EcoQolday» ережесіне өзгерістер жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары 21.02.2025
2025 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп, өндірушілерден және оның банктік шотына түскен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының ақша жіберу қағидаларына ұсынылған түзетулерді түсіндіру бойынша қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 60-тан астам кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен онлайн-кеңес өткізді. Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға импорттаушылар, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 332 бұйрығымен (бұдан әрі – «EcoQolday» ережесі) бекітілген төлемдер жолымен қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын тауарлардың (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болады.«EcoQolday» ережесіне ұсынылған түзетулер 2024 жылдың қорытындысы бойынша «EcoQolday» жүйесінің жұмысына, сондай-ақ қалдықтарды жинаушылардың, тасымалдаушылардың және қайта өңдеушілердің өтініштеріне жүргізілген талдауды ескере отырып әзірленді.Кеңес барысында Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Р.К. Тукенов және «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Н.К. Қабдолданов ағымдағы жұмыс және «EcoQolday» ережесіне жоспарланған өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «EcoQolday» ережесіне ұсынылған түзетулерді қабылдау кәсіпкерлік субъектілері үшін қалдықтармен жұмыс істеу процесін оңтайландыруға ықпал ететін болады.Мәселен, уәкілетті органның өкілі айтқан «EcoQolday» ережесіне түзетулер арасында:- қалдықтарды темір жол көлігімен тасымалдауға рұқсат беру;- «EcoQolday» жүйесіне қоқыс шығаратын ұйымдарды жалпы шарттармен қатысуға жіберу;- бір қайта өңдеушіге қалдықтардың бірнеше түрін қайта өңдеу құқығын беру мүмкіндігі;- қалдықтарды қайта өңдеу кезіндегі шығын нормативтері алынып тасталсын.Сондай-ақ, кеңес барысында жеке және заңды тұлғалар үшін қайталама шикізатты тапсыру процесін жеңілдететін, сондай-ақ елдегі қалдықтарды қайта өңдеу саласына қосымша қолдау көрсетуге ықпал ететін «EcoQolday» мобильді қосымшасының іске қосылуы туралы айтылды.Ұсынылған түзетулерді түсіндіргеннен кейін кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық түсініктемелер алды.Жақын арада «EcoQolday» қағидаларына түзетулер жобасы заңнамада көзделген тәртіппен келісу және одан әрі бекіту үшін мүдделі тараптарға жіберілетін болады.Бүгінгі таңда «EcoQolday» жүйесінде 60 компаниямен келісімшарттар жасалды, оның ішінде 35 құрастырушы, 17 қайта өңдеуші және 8 толық циклді кәсіпорын.2024 жылы «EcoQolday» жүйесі арқылы 20,1 мың тонна қалдық (қағаз – 17,1 мың тонна, шыны – 1,4 мың тонна, пластик – 1,6 мың тонна) жиналды. Кәсіпкерлік субъектілері төлемдерді ала бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/940814
ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ СӘБИДІҢ БҮЙРЕГІН САҚТАП ҚАЛДЫ 21.02.2025
Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға түскен.Антенаталды кезеңнен бақылауда болған балаға толық тексеруден кейін күрделі отаға дайындық жүргізілді. Сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі нашарлағаны анықталған.Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар- түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша зәр жолдары пластикасы жасалды. Ота сәтті өтті, сәби үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.Айта кетейік, осыған дейін балалар мұндай оталарға Астана, Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға жолданатын. Бір жылдан бері қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері урологиялық оталарды сәтті жасап, балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуде. Ауруханада бүгінге дейін урологиялық 60-қа жуық операция жасалды.Қазір балалар арасында жоғарғы зәр жолдарының тума ақауы жиі кездеседі. Ерте жаста қалыпқа келтіру шаралары баланың бүйрегін сақтап қалуға мүмкіндік береді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/940747
ЖОСПАР 2025: ТҰРАН АУДАНЫНДА 59 КӨШЕ АСФАЛЬТТЕЛЕДІ 21.02.2025
Былтырғы жылы ауданда инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 42 көше асфальттеліп, тағы 49 көшеге шағал тас төселді. Сондай-ақ, 39 көшеде 21,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды.Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Жоспар бойынша 59 көше (42,8 шқ) жол асфальттеліп, 23 көшеге 20 шақырым шағал тас төселеді. Сонымен қатар, 35 көшеде 21,1 шақырым жаңа аяқ жол салу жоспрарлануда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/940751
2025 жылғы 1 ақпанда 169 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді 21.02.2025
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 31,9 мың отбасындағы 169,1 мың адамға 2,3 млрд теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды.Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.АӘК мыналарды көздейді:- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 ақпанда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 52 мың балаға 305,1 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінен 70% - дан төмен емес деңгейде айқындалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/939965
Облыс әкімдігінде Кендірлі курорттық аймағын дамыту мәселесі талқыланды 21.02.2025
Бүгін, 17 ақпан күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында «Кендірлі» курорттық демалыс аймағын дамыту мәселесі қаралды. Жиында Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.Оның айтуынша, Кендірлі ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарды түзету жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады.Кендірлінің туристік және экономикалық әлеуетін арттыру үшін көлік қатынасын жақсарту мақсатында «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түркіменстан шекарасы» бағыты бойынша автожолды қайта жаңарту жұмыстары басталады. Жалпы ұзындығы 156 шақырымды құрайтын бұл жол IV техникалық санатқа жатады. Жөндеу жұмыстары аясында жол төсемін нығайту және жаңарту жоспарланған.Аймаққа қолжетімділікті арттыру үшін Кендірліде жаңа әуежай құрылысы басталды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, әуежай үшін 599 гектар жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта жоба әзірленуде. Болашақ әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200 жолаушыны құрап, жылына 30 мыңнан 60 мың жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жобаның сәтті іске асуы өңірге туристер легін арттыруға ықпал етеді.Кендірлідегі тағы бір маңызды жоба – тәулігіне 50 000 текшеметр су тұшытатын зауыт құрылысы. Кешенді іске қосу 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған.Сондай-ақ, Кендірліден аймақтың тарихи-мәдени орындарына баратын жаңа туристік маршрут әзірленуде.Курорттық аймақты дамыту аймақ экономикасына да оң әсер етпек. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жылына 600 мыңнан астам отандық және шетелдік турист тарту жоспарланған. Сонымен қатар, бұл бастама 15 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Кендірлі курорттық аймағын дамытуда инфрақұрылымды жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды күн тәртібінен түсірмеуді тапсырды.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кендірлі демалыс аймағын дамыту жұмыстарын жеделдетуді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда басты мәселе – инфрақұрылым жүргізу. Одан кейінгі қадам – туристерді тарту. Осы мақсатта барлық шараларды уақтылы әрі сапалы орындаңыздар, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/940256
Облыс әкімінің орынбасары Маңғыстау облысының балық шаруашылығындағы инновациялық жобалармен танысты 21.02.2025
17 ақпанда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Балық шаруашылығы басқармасына қарасты мекемелердің қызметімен және саладағы инновациялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.Маңғыстау өңірі Каспий теңізі жағалауында орналасқандықтан, балық шаруашылығы бұл аймақ үшін стратегиялық маңызға ие. Дегенмен, аймақта негізінен бекіре тұқымдас балықтарды өсіру қалыптасқан. Ал балық түрлерін көбейту және аквашаруашылық әлеуетін кеңейту мақсатында жаңа жобалар қолға алынуда.Соның бірі – Ақтау қаласындағы «Сұлтан Агро» ЖШС жылыжай кешенінде іске асырылып жатқан «Каспий албырт (Каспийский лосось) тұқымдас балығының аналық үйірін қалыптастыру және инкубациялық цех құру» жобасы. ҚҚЭА қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл бастама өңірдегі акваөндірістің дамуына серпін беріп, балық шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.Әрі қарай Асқар Қаныбеков Маңғыстау облысы Балық шаруашылығы басқармасының «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет» коммуналдық мекемесіне барды. Бұл мекеме балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің резервтік қорын қорғау, сондай-ақ жануарлар дүниесін сақтау және тиімді пайдалану шараларын ұйымдастырумен айналысады. Олар экологиялық тұрақтылықты сақтау бағытында түрлі іс-шараларды жүзеге асыруда.Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары сала мамандарымен кездесіп, өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/940259