Enbekshi QazaQ

Қоғам

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА 21.02.2025
Бүгін 17 ақпан күні Түркістан қаласында облыстық жастар ресурсттық орталығында «Жасыл ел» жастар ұйымы мен, жастар ісі белсенділері бас қосып жылдық жоспарды талқылады. 17 аудан, қала жастар орталықтарының басшылығы ZOOM жүйесі арқылы қосылды.Түркістан облысында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істейтін жастардың саны 1300-ден асады. Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында 2025 жылы «Жасыл ел» студенттік жастар жасақтары 1300 жас жұмыс атқарады деп күтілуде. Аталған жастар тек жазғы демалыс маусымында ғана емес, Наурыз айынан бастап ағаш, гүлдер көшеттерін отырғызуға белсенді араласатын болады. Сонымен қатар, Түркістан облысының аудандарындағы орман және көгалдандыру мекемелерімен меморандумға отыру жұмыстары талқыланды.Жылдағы дәстүр бойынша жастарды ынталандыру, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып еңбек жасақтарының белсенділігін арттыру мақсатында «Жасыл ландшафт», «Үлгілі ауыл», «Туған жер», «Үздік түлек» байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталатын болады. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Түркістан өңірінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға облыс жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда.Жастар ресурстық орталықтардың басшыларына өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, тұрғындардың экомәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстау бойынша түрлі тиімді жобалар жасап, тазалық шарасы аясында жұмыстарды, өскелең ұрпақты мектептерде, бала бақшаларда ашық сабақтар арқылы тәрбиелеуді тапсырды.Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жас Түркістан» еріктілер ассоциациясының ұйымдастырумен «Бұл сенің туған өлкең» акциясы негізінде 1000 жастың қатысуымен экологиялық акция ұйымдастырылу көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/939912
Ақтөбе әуежайы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда 21.02.2025
 Өңір басшысының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде авиация саласын цифрлық трансформациялау және халықаралық әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қаралды.«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Дастан Малиев жолаушылар ағынын арттыру, инновациялық шешімдерді енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.Оның сөзінше, жыл сайын Ақтөбе әуежайының жолаушылар ағыны орта есеппен 10%-ке артып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны іс жүзінде 1 млн-ға жетіп, 985 мың адамды құрады, ал өңделген жүк көлемі 11 мың тоннадан асты.Әуежай Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан, Шымкент, Стамбул, Анталья, Шарм-Эш-Шейх, Доха, Пхукетке тұрақты және маусымдық рейстерді қоса алғанда, 11 бағыт бойынша жолаушылардың саяхаттауына мүмкіндік бере отырып, негізгі қалалар және елдермен байланысты дамытуды жалғастыруда.Атап айтқанда, 2024 жылы Air Cairo және FlyArystan әуе компанияларының жаңа жиіліктерді қосуы арқасында Шарм-Эш-Шейхке рейстер саны артты. Келер жылы Антальяға аптасына 12 рейске дейін көбейту жоспарланып отыр.Сонымен қатар, биылғы жылдың 2 мамырынан бастап SCAT әуекомпаниясы Ақтөбеден Шымкентке аптасына 4 рет жиілікпен рейстер ашады, ал FlyArystan әуе компаниясы осы бағыттағы рейстерді 1 маусымнан бастап қайта бастайды. Барлығы Шымкентке аптасына 6 рейс қолжетімді болмақ.  «Ақтөбе әуежайы жүк ағынының өсуін қамтамасыз ету және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын белсенді түрде іске асыруда. Басым жобалардың қатарында отын кешенін жаңғырту, заманауи қойма инфрақұрылымын салу және объектінің аумағын қамтитын арнайы экономикалық аймақ құру бар. Бұл қадамдар әуежайдың маңызды жүк хабы ретіндегі позициясын нығайтуға және болашақ кеңейту үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Дастан Малиев.Қазіргі уақытта әуежайда ішкі рейстер жолаушыларына арналған цифрлық құжаттар сервисі жұмыс істейді, жолаушыларға жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін CUTE жүйесі орнатылды, сондай-ақ былтыр төлқұжат пен жеке куәліктерді оқу құрылғылары сатып алынды, соның арқасында жолаушыларды тіркеу процесі жеделдетілді. Жүктермен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында әуежай мұнай өнімдерінің қоймасын жаңғыртуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен бақылау аспаптарын енгізді. Жүк тасымалын рәсімдеу және сүйемелдеу үшін қазір E-Freight ақпараттық жүйесі пайдаланылады, ол жүк авиациялық тасымалдау процесін автоматтандырды және жүктерді өңдеуді жеделдетті.Отырғызу талондарын және «E-Gate» бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу әуежайдың 2025-2026 жылдарға арналған жоспарында бар. Бұл ұшатын және ұшып келетін жолаушыларды автоматты шекаралық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Облыс әкімі Ақтөбе халықаралық әуежайын өңірдің негізгі көлік торабы ретінде одан әрі дамытудың маңыздылығын алға тартты. Асхат Шахаров ел Президентінің тапсырмасымен Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайды халықаралық әуе торабына айналдыру қажеттігін атап өтті. Осы тапсырмаға байланысты әуежай аумағында логистикалық орталық құру және отын-жанармай құю станциясын ашу бойынша екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта ұшу-қону жолағы жабындысының сапасы мен пайдалану қауіпсіздігін жақсарту үшін ПАГ 18 тақтасы сатып алынды. Сондай-ақ, арнайы техника сатып алу жұмыстары жүргізілуде.«Халықаралық аренада әуежайды дамыту үшін бізге инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастырып, цифрландыру саласында жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу қажет. Әуежайдағы барлық процестер мүмкіндігінше автоматтандырылған және жолаушыларға ыңғайлы болуы маңызды. Біз жүк ағынының өсуіне, әсіресе жүк хабы жобасын іске асыру аясында заманауи жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ, әуежайды облыстың логистикалық инфрақұрылымының маңызды элементі ғана емес, сонымен қатар туристік тартымдылық орталығы ету үшін маршруттық желіні кеңейту, ішкі және халықаралық жаңа рейстерді ашу қажет», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/939716
Астанада Қонаев көшесіндегі жөндеу жұмысына байланысты бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді 21.02.2025
Астанада 19 ақпан мен 30 қазан аралығында Дінмұхамед Қонаев көшесімен жүретін №№ 12, 29, 29А, 35, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Осы кезеңде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Дінмұхамед Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі бөлігі жабылады.Өзгертілген қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген. Сапарыңызды жоспарлау кезінде бұл өзгерістерді ескерген жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/940049
JOLTAP жобасы елорда тұрғынының сүйікті ісін табысты кәсібіне айналдыруына қалай көмектесті 21.02.2025
Астанада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасы елорда тұрғындарына жаңа мамандықтарды игеруге, білімдерін жетілдіруге және табыстарын арттыруға ерекше көмектеседі. Жоба түлегі Ақбаян Болат JOLTAP оның хоббиін тұрақты табысқа айналдыруға қалай көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Ақбаян өз мамандығы бойынша 10 жылдан астам еңбек етті. Бірақ үш декреттік демалыс пен ұзақ үзілістен кейін ол кәсіпке қайта орала алмады. Осы жылдар ішінде – 12 жылдан астам – ол тігіншілікпен айналысып, бірте-бірте хоббиін кәсіби қызметке айналдырды.«Мен хобби ретінде тігін тігумен айналыстым және арасында шағын тапсырыстар алып тұрдым. Уақыт өте келе бұл салада дамығым келетінін түсіндім, сондықтан тігінші, сәнгер мамандығын меңгеруді жөн көрдім», – дейді Ақбаян.Ол JOLTAP жобасы туралы SMM оқып жүрген көршісінен білген. Осыдан кейін Ақбаян «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктіне барып, тігін және киім дизайны курстарына жазылды.«Бұған дейін онлайн шеберлік сабақтарына қатысқанмын. Тікелей жаттығудың пайдалырақ екендігі дәлелденді. Мұғалімдерге сұрақ қою маңызды, олар өз кезегінде материалды барынша жақсы меңгеруіміз үшін бәрін жасайды», - дейді астаналық.Ақбаян оқытушылардың жоғары кәсібилігін және оқудың ыңғайлы форматын атап өтті.«Тіпті курстар аяқталғаннан кейін де мұғалімдер бізге көмектесуді тоқтатқан жоқ. Сабақта біз қажетті, нақты білім алдық. Екі сағаттық сабақ әп-сәтте зымырап өтіп, екі апталық жаттығу керемет қарқынды болып шықты. Бірде-бір сабақтан қалмадым, әйтпесе барлық материалды меңгеру қиынға соғатын еді. Бар назарым оқуға бөлінді», - деп есіне алды ол.Оқуын бітіргеннен кейін Ақбаян тігін өндірісінде белсенді жұмыс істей бастады, барған сайын үлкен тапсырыстар қабылдайтын болды. Қазір түрлі көйлектердің дизайнын жасап, үйден тапсырыс қабылдайды. Жақында керекті техникаларымды толықтай жаңарттым: тұрмыстық машиналарды өнеркәсіптік машиналарға ауыстырдым, бұл көтерме тапсырыстарды орындауға мүмкіндік берді.Қазір ол өзінің жеке студиясын ашуды жоспарлап отыр.«Курстар маған күшті серпін берді. Бар болғаны 15 күн ішінде болашағымды түбегейлі өзгерткен білім алдым. Бұл жоба тек Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстанда дамиды деп сенемін», - деді Ақбаян.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939505
Есіл ауданында заңсыз салынған 32 дүңгіршек бұзылды 21.02.2025
Елорданың Есіл ауданында заңсыз салынған 32 дүңгіршек бұзылды. Олардың иелері жер заңнамасы талаптарын көбінесе осындай сауда орындары бұзады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Заңсыз қойылған сауда нысандары тек жер заңнамасын бұзу ғана емес, сонымен қатар аудан тұрғындары үшін де бірқатар қолайсыздықтар тудырады. Мәселен, қоғамдық кеңістіктердің бірінде орналасқан көкөніс дүңгіршегі жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, тұрғындар үшін қолайсыз жағдай тудырған болатын. Бұған қоса, мұндай нысандар қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізеді, санитарлық талаптарға сәйкес келе бермейді және кейбір жағдайларда қауіпсіздік нормаларын өрескел бұза отырып орнатылады.2024 жылы әкімдік мамандары тұрғындар шағымымен мониторинг жүргізу барысында мемлекет меншігіндегі жер телімдерін заңсыз иемденген 32 нысанды анықтады. Жыл соңына дейін олардың барлығы да алынып тасталды.Дегенмен, бұл мәселенің толық шешімін тапқанын білдірмейді:«Есіл ауданы әкімдігі ретсіз құрылысқа жол бермеу және кәсіпкерлерге заң аясында жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Басты міндетіміз – жер қатынастарын ретке келтіріп, қаланың қолайлы әрі заманауи келбетін қалыптастыру. Десе де, кейбір кәсіпкерлер білместікпен заңға қайшы әрекеттер жасайды. Оларға айыппұл салынып, заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі», – деп атап өтті аудан әкімінің кеңесшісі Құралай Слямбекова.Есіл ауданының әкімдігі уәкілетті органдармен бірлесіп, аумақты тұрақты түрде тексеріп, заңсыз нысандарды анықтайды. Сол уақытта меншік иелеріне нысандарды өз еркімен алып тастау туралы нұсқама беріледі, ал талап орындалмаған жағдайда тиеп алып кетеді.Еске сала кетейік, мемлекеттік жер телімдерін заңсыз иелену – әкімшілік құқықбұзушылыққа жатады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес, заңбұзушылық үшін:• жеке тұлғаларға – 75 АЕК,• шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК,• ірі кәсіпорындарға – 700 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.Сауда нысанын орнатуды жоспарлап отырған кәсіпкерлер алдымен тиісті рұқсат құжаттарын алуы қажет. Ол үшін «СПК Astana» АҚ-ға жүгінуге болады.Аудан әкімшілігі заңсыз құрылыстардың алдын алу, шағын және орта бизнеске заң шеңберінде жұмыс істеу үшін жағдай жасау бағытында өз жұмысын жалғастыра береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939573
Аялдаманың терезесін сындырып, бөтеннің мүлкіне зиян келтірді: елордада вандалдар қалай жазаланады 21.02.2025
Елорда прокуратурасының үйлестіруімен «Заң және тәртіп» шарасын іске асыру аясында полиция және жергілікті атқарушы органдар вандализмге қарсы күрес жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.2024 жылы бөтеннің мүлкін қасақана жою және бүлдіру бойынша 337 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 139-ы қамауға алынды, сол сияқты 198 адамға жалпы сомасы 17,8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.Мәселен, 26 қарашаға қараған түні есірткіге мас күйінде автобус аялдамасының терезесін темірмен ұрып, әдейі сындырған Астана тұрғыны 30 тәулікке қамауға алынды.Тағы бір жағдайда, 37 жастағы қала тұрғыны 12 маусым күні түс ауа подъездің пластикалық есігін сындырған. Ол 25 тәулікке қамауға алынды.Осыған ұқсас тағы бір оқиға 16 қазан күні сағат 14:30 шамасында Әуезов көшесінде болды. 50 жастағы қала тұрғыны ЖШС кеңсесінің турникетін қасақана бүлдіріп, 60 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Ол 25 тәулікке қамауға алынып, келтірілген шығын өтелді.Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарына егер әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылатынын ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/939745
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды 21.02.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939513
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкімді таныстырды 21.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Шығыс Қазақстан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.Жиналыс барысында депутаттарға Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына екі кандидат – ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен ШҚО Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосыновты ұсыну туралы хаты оқылды.Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша депутаттар Нұрымбет Сақтағановтың кандидатурасын қолдады, оған 148 депутаттың 104-і дауыс берді, Арман Бекбосыновты 41 депутат жақтады.Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановты тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.ШҚО әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939514
Облыс активімен кездесуде Олжас Бектенов Ермек Көшербаевқа нәтижелі жұмысы мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді 21.02.2025
Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысына шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылғаны атап өтілді. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыста инфрақұқрылымдық және әлеуметтік жаңа нысандар іске қосылды.Жаңа әкімді таныстырған Премьер-министр Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстан облысы басшылығы алдына қойған міндеттерге тоқталды. Іске асыру халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, өңір экономикасының дамуына серпін беретін перспективалы бағыттар айқындалды. Басым жобалар қатарына шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, цифрлық шешімдерді енгізу жатады. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939515
Әкімдік отырысы туралы 21.02.2025
2025 жылғы 20 ақпанда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысы Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, №108 залда өтеді.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Онлайн, оффлайн түрде қатысуға ниет білдіргендер отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, қағаз немесе электрондық түрде өтініш беруге болады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 440 кабинетте, тел.71-31-53 бойынша қабылдайды, электрондық түрде r.balapanova @akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа қатысуға жіберілгендер объект ішіндегі және ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939883
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді 21.02.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдері, басқарма басшыларымен жиын өткізді.Жиналыс барысында өңір басшысы шағын индустриялық аймақтарды дамытуға ерекше назар аударды. Ол жергілікті кәсіпкерлерге көңіл бөліп, қандай мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларының бар екенін нақты түсіну қажет екенін айтты.- Әріптестер, біз сіздермен көптен бері таныспыз. Бүгін мен берген ант - ол менің ғана емес, барлығымыздың ортақ антымыз деп қабылдаңыздар. Онда айтылған әрбір сөздің жауапкершілігін сезініңіздер. Халыққа адал қызмет ету деген ұғымның астарында терең мағына бар. Бірінші кезекте Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы орындауға көңіл бөлу маңызды. Осыған дейін жоспарланған жобалар іске асырылуы тиіс, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.Сондай-ақ аймақ басшысы су тасқынына дайындық шараларына тоқталып өтті. Ол облыстағы ТЖ бойынша жедел штаб өз жұмысын жалғастыратынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/939925
Қазақстан мен Венгрия мұнай жеткізуге және энергетика саласындағы бірлескен жобалар бойынша келісті 21.02.2025
2025 жылғы 17 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев пен Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сияртоның кездесуі өтіп, оның барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Кездесу барысында министрлер екі елдің энергетика саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. «ҚазМұнайГаз» мен MOL Group компаниялары арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар екі компания қатысатын Рожковское газ конденсаты кен орнын тиімді игерудің маңыздылығын атап өтті. «Дружба» құбыры арқылы Венгрияға қазақ мұнайын жеткізу мәселелері көтерілді. 2025 жылға дейін сынақ жеткізілімдері туралы келісімге қол жеткізілді.Қазақстандық тарап венгриялық әріптестердің атом электр станцияларына, атап айтқанда, MVM Group компаниясына арналған құрғақ салқындату мұнараларын өндірудегі тәжірибесіне қызығушылық танытты.«Қазақстан Венгриямен стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайды. Біз мұнай-газ секторында да, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында да энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен потенциалын көріп отырмыз. Бірлескен жұмыс елдеріміздің энергетикалық жүйелерінің тұрақты дамуына және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Кездесу соңында тараптар энергетика саласындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін айтып, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарларын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/939977
Өңірлердегі су тасқынына қарсы жұмыстар: су тасқынынан қорғау шаралары 21.02.2025
Еліміздің әртүрлі өңірлерінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл іс-шараларды ТЖМ бөлімшелері республикалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде үйлестіреді. Орындалған жұмыстардың қатарында қорғаныш бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, сондай-ақ дренаж жүйелерін жөндеу және салу бар. Жолдардың астындағы жаңа су өткізу құрылыстары ауыстырылды және орнатылды, сондай-ақ каналдар мен арықтар жабдықталды. Қауіпті аймақтарда жағалауларды тереңдету және нығайту жұмыстары жүргізілуде, өзен арналары тазартылуда. Бұл шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын зиянды азайтуға бағытталған. Абай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық тексерілуде. ТЖД және облыс әкімі аппаратының қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеруде. Аралау шеңберінде инженерлік және арнайы техниканың болуына, жарамдылығына, уақытша орналастыру пункттерінің жай-күйіне, жүргізілетін қар тазалау жұмыстарының сапасына, сондай-ақ ЖЖМ, инертті материалдар мен қапшықты қоса алғанда, қажетті материалдарды дайындауға ерекше назар аударылады. Ақмола облысында мемлекеттік инспектор бастаған жұмыс тобы су тасқыны қаупі төнген бірқатар аудандарды аралады. Топ мүшелері айналма арналарды орнату, бөгеттер мен үйінділер салу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқан объектілерде болды. Шағалалы, Жабай, Қалқұтан өзендерінің арналарын тереңдету және тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алты шақырымдық бөген салынып жатқан Аршалы ауданына барды. Жұмыс учаскелеріне бару барысында су тасқынына қарсы іс-шаралар бір мезгілде талқыланды. Облыс ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов ТЖ департаментінің күштері мен құралдарының су тасқынына дайындығы туралы баяндады. Сондай-ақ ол алдын алу шаралары туралы айтты. Жұмыс тобы көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатқан әрбір учаскеде болды. Мемлекеттік инспектордың айтуынша барлық ескертулер мен қорытындылар бақылауға алынады. Ақтөбе облысында құрамында мемлекеттік инспектор бар ТЖ министрлігінің және басқа құзыретті уәкілетті органдар қызметкерлерімен, облыс әкімінің орынбасарымен бірлескен жұмыс тобы Ойыл, Қаратал, Қобда, Ақтөбе елді мекендеріндегі ықтимал қауіпті учаскелерде аралау жұмыстарын жасады, бөгеттердің жағдайы да қаралды. Сонымен қатар жұмыс тобы облыс орталығының негізгі Елек және Қарғалы өзендерінің бойындағы ықтимал қауіпті учаскелерді және Сазды су қоймасын аралады. Қазіргі уақытта ұзындығы 1300 метрді құрайтын Елек өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа қауіп-қатер аймағына түскен Ақтөберентген-14, 16, Урожайный, Зеленстрой бау-бақша ұжымдарында еріген қар суын бұру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жерлерде Заречный көпірінен Кірпішті көпіріне дейін Елек өзенінің бойымен үйінді жасалады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев пен ТЖД бастығы Рашид Блялов Алтай ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен танысты. Биылғы жылы өңірде қардың көп болуына қарамастан, топырақтың қату деңгейі өткен жылдан төмен, бұл су басу қаупін азайтады. Мамандар толассыз судың кедергісіз өтуі үшін өзендерде 19 мұз жару жұмысын жүргізу орнын анықтады. Әрбір елді мекен және су тасқыны қаупі бар учаске бойынша іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Осыған ұқсас аэровизуалды мониторинг су басудың алдын алу бойынша жедел шараларды уақтылы қабылдау үшін өңірде жалғасатын болады. Сондай-ақ Рашид Блялов Зайсан ауданында болып, Кенсай, Шалқар, Қаратал және Дайыр елді мекендерінде, Зайсан қаласында орналасқан су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады. Аудандағы ағымдағы жағдаймен танысты. Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ТЖД бастығының орынбасары Ернар Жалеловпен, сондай-ақ комиссиямен бірге Шыңғырлау және Бөрлі аудандарында болып, су тасқынының алдын алу шараларымен танысты. Бірінші кезекте Сегізсай ауылы ауданындағы су өткізу сақинасы және Шыңғырлау және Бөрлі аудандары ауылдарындағы су қорғау бөгеттері қаралды. Сондай-ақ арық жүйесімен, инертті материалдар мен қаптардың қорларымен, уақытша эвакуациялық пункттердің дайындығымен танысты. Елек және Шыңғырлау өзендерінен ықтимал қауіпті азайту мақсатында Шыңғырлау ауданының үш ауылында және Бөрлі ауданының 5 ауылында арнайы қорғаныш бөгендері салынды. Сонымен қатар қосымша су өткізгіш құбырлар орнатылды. Қарағанды облысында мемлекеттік инспектор су басу қаупі жоғары елді мекендердің дайындық деңгейін тексеруде. Тексеру барысында қорғаныш бөгендерінің, гидротехникалық құрылыстардың жағдайы, инженерлік жұмыстар жоспары аясында атқарылған шаралардың орындалуы, инертті материалдардың, қаптардың, жанар-жағармай мен азық-түліктің қоры, елді мекендерден қар шығару жұмыстарының ұйымдастырылуы, халықты хабардар ету жүйелерінің бар-жоғы мен жарамдылығы қарастырылады. Қызылорда облысында су тасқыны қаупін бағалау үшін өзен мен гидротехникалық құрылыстарға кешенді тексеру жүргізілді. ТЖД бастығы Руслан Қайрақбаев облыс әкімі басқаратын делегация құрамында су ресурстарын басқарумен айналысатын ұйымдардың мамандарының қатысуымен өзеннің жай-күйін су тасқыны қаупіне кешенді тексеру және тікұшақпен әуе тексеруді және жер үсті инспекциясын қоса алғанда, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін бағалау жүргізді. ТЖД басшылығы Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Серік Батырғожиновпен бірлесіп өңірдің бірқатар елді мекендерін аралап шықты. Іс-шара барысында мамандар су тасқыны салдарын жоюға арналған техниканың жай-күйін, сондай-ақ ықтимал су тасқынынан қорғау үшін кедергілерді нығайту және жасау үшін пайдаланылуы мүмкін инертті материалдардың болуын тексерді. Азаматтық қорғау қызметтерін ықтимал төтенше жағдайларға дайындауға ерекше назар аударылады. Тексеру шеңберінде су тасқынының алдын алу және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел ден қою үшін инфрақұрылымды жақсарту бойынша қажетті шаралар белгіленді. Ұлытау облысында су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді. Кеңгір су қоймасындағы жеті шлюз толық дайын. Өзен арналары мен жағалаулар тазартылып, стратегиялық объектілер бақылауға алынды. Құтқарушылар су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды бақылауда ұстап, жағалауларды тазарту және қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Сонымен қатар стратегиялық объектілердің жұмысы қадағалануда, коммуналдық қызметтермен және «Қазақмыс» корпорациясымен өзара әрекеттестік нығайтылды. Шымкент қаласында су басу ықтимал учаскелерді партиялық бақылау комиссиясымен бірлескен аралау жұмыстары жүргізілді. «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің өкілдері, көктемдегі су тасқынына қарсы атқарылып отырған іс-шаралармен танысу жұмыстарын жүргізді. Аралау барысында су тасқыны қауіпі бар кезеңнің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайларға дайындықты арттыру бойынша алдын алу шаралар талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/939810
Нұрдәулет Қилыбай: Аудандық ау­­ру­хананы қолданысқа беру ке­­зек күттірмейтін мәселе 21.02.2025
15 ақпан, сенбі күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданының орталығында салынып жатқан 150 орындық көпсалалы жаңа аурухананың құрылыс жұмыстарымен танысты.Жұмыс барысында ғимараттың жалпы құрылысы мен жабдықтарды орналастыру жұмыстары талқыланды.Бүгінде медициналық орталықтың құрылыс жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтар толық жеткізіліп, оларды бөлмелерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, медициналық жабдықтар кезең-кезеңімен жеткізіліп бөлмелерге қондырылуда.Құрылыс алаңында 300-ден астам құрылысшы еңбек етуде. Мұнайлы ауданының орталығында салынып жатқан 3 қабатты аурухананың жалпы ауданы 28 500 шаршы метр, 6 корпустан тұрады.Нұрдәулет Қилыбай аудандық ау­­ру­хананы қолданысқа беру ке­­зек күттірмейтін мәселе екенін айтып, құрылыстың сапасына мән бере отырып, жұмысты тез арада аяқтауды тапсырды. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/939276
Маңғыстауда әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бастау алды 21.02.2025
Бүгін, 17 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен сайланған аудан, ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бастау алды.Іс-шараның ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов, «AMANAT» және елдегі өзге де саяси партиялардың өкілдері видеобайланыс арқылы қатысты.Әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес орындалып жатыр. Оқыту 17 модуль арқылы жүргізіледі. Нақтыласақ, жергілікті бюджетті тиімді пайдалану, мемлекеттік сатып алулар мен салық, коммуналдық меншікті басқару, экология мен қоршаған ортаны қорғау, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау, аймаққа инвестиция тарту, мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар, жасанды интеллект құралдарын қолдану, тиімді коммуникациялар және өзге де дағдыларды дамыту бойынша білім беріледі.Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай кәсіби біліктілігін арттыруға келген әкімдерге сәттілік тілеп, алған білімі мен тәжірибесін өңірді өркендету жолына жұмсауды тапсырды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдердің біліктілігін арттыруды тапсырған болатын. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігін нығайтып, тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік береді. Республика деңгейінде өткізіліп жатқан жоба елдің дамуы мен өркендеуіне жол ашатыны анық. Сондықтан берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланыңыздар. Бұл өз кезегінде жергілікті басқаруда жаңа серпін әкеледі деген сенімдемін», - деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, бағдарлама практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар, тренингтер, экономика, мемлекеттік басқару, құқықтану салалары бойынша сарапшылармен кездесу және оффлайн, онлайн форматта 240 академиялық сағат оқытуды қамтиды. Оқыту соңында әкімдер өңірлерді экономикалық дамытуға қатысты жобасын қорғайды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/939951
Теміртауда ірі бизнестің айналасында өнеркәсіптік кластер құрылуда 21.02.2025
Теміртауда ірі компаниялар мен шағын және орта бизнесті біріктіретін Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіптік кластер құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Qarmet креативті технологиялар орталығының алаңында «Өнеркәсіптік кластерді және ел ішіндегі құндылықтарды дамыту» бизнес-форумы өтіп, онда ішкі нарықты күшейту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, өндірістерді оқшаулау және ШОБ-ты ірі бизнес құрылымдарға біріктіру мәселелері талқыланды.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев форумның ашылуында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытудың маңыздылығын атап өтті.– Біздің облыс – үлкен мүмкіндіктер аумағы. Біз бизнестің өсуіне және инвестиция тартуға жағдай жасаудамыз. 2025 жылы 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз, оның 90%-ға жуығы – жеке меншік инвестициялар, – деді облыс әкімі. – Qarmet-пен бірге металлургиялық кластерді дамытуға, соның ішінде қалдықтарды қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлеміз. Компаниямен бірге мәселелерді жедел шешу үшін жобалық офис құратын боламыз. Ал біздің ең басты байлығымыз – адамдар. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз жаңа салалар үшін кадрларды белсенді дайындап жатырмыз. Қарағанды техникалық университетінің базасында өңірлік инновациялық-индустриялық хаб құрып жатырмыз.Qarmet индустриялық кластерді дамыта отырып, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге офтейк-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді шарттарды ұсынады. Облыс әкімдігі Qarmet-пен бірлесіп бастама аясында 20 мың шаршы метр дайын үй-жайға арналған шағын өнеркәсіптік аймақ құрады. Жаңа жұмыс орындары құрылады, сондай-ақ өндірістік тізбектер нығайтылады және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділік қысқарады.– Біз барлық өндірілген құндылықтар Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істейтіндей етіп жұмыс жасауымыз керек. Ол үшін бізде барлық ресурстар бар. Көптеген дамыған елдер осылай жұмыс істейді, – дейді Qarmet компаниясының бас директоры Вадим Басин. – Жергілікті атқарушы билік тарапынан әлеует пен қолдау бар.Өнеркәсіптік кластерді дамыту өндірістің өсуін ғана емес, сонымен қатар цифрлық шешімдерді енгізуді, өнімнің өзіндік құнын төмендетуді және бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын оңтайландыруды көздейді.– Форум – Qarmet сияқты бір ірі кәсіпорынның айналасында ШОБ ынталандыру және дамыту үшін маңызды сәт, – деп атап өтті ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан. – Министрлік ірі компаниялардың жергілікті жеткізушілермен өзара іс-қимылы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Біз бұл өнеркәсіптің тұрақты өсуінің кепілі екеніне сенімдіміз.Форумда Қарағанды облысының әкімдігі мен «Qarmet» АҚ арасында ел ішіндегі құндылықтарды дамыту бойынша меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өңірдегі шағын және орта бизнестің ұстанымын күшейтуге бағытталған бастамаларды қолдауға кепілдік береді.Сондай-ақ, Qarmet орналасқан басқа да қалаларда шағын өнеркәсіптік аймақтар құру жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939032
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жаңа басшысы тағайындалды 21.02.2025
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасын Айсұлу Ерниязова басқарды.Айсұлу Ерниязова еңбек жолын 2015 жылы әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі жетекші маманы болып бастаған, содан кейін сол жерде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі комитетті басқарған.Әр жылдары Алматы халықаралық бизнес университетінің жастар саясаты орталығының басшысы, «Алматы еріктілер лигасы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, Халықаралық білім корпорациясының әлеуметтік даму департаментінің директоры, Jas Otan (Астана) жастар қанаты төрағасының орынбасары болған.2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі болды.Осы уақытқа дейін Астанадағы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС директоры болып жұмыс істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939033
Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын Елнар Уахитов басқарады 21.02.2025
Елнар Уахитов Қарағанды облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.Елнар Уахитов еңбек жолын 2003 жылы «Қарағанды Жылу» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің маркетинг және сапа жөніндегі менеджері болып бастаған. Содан кейін «Қарағанды Тех Сервис» ЖШС директоры, «Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдігінің консультанты, Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасарының бас маман-кеңесшісі болып жұмыс істеді.Әр жылдары Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік және байланыс бөлімінің басшысы, Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.2017 жылдың қаңтарынан бастап осы күнге дейін Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939034
«Инвестиция орнына тариф»: Қарағанды ЖЭО-3-те биыл ескі қазандықты жаңарту жоспарланған 21.02.2025
Қарағанды ЖЭО-3-те биыл үш қазандық агрегаты мен екі турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Едәуiр сома 1977 жылы станция негiзi қаланғаннан бері жұмыс iстеп келе жатқан № 1 қазандықты жаңартуға көзделген. ЖЭО-1-де екі қазандық және бір турбина күрделі жөндеуден өтпек. Сондай-ақ, энергия көздерінде негізгі және қосалқы жабдықтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.«Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы туралы «Қарағанды Энергоцентр» компаниясында айтылды.2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жылу және электр энергиясын өндіруге арналған жаңа тарифтер күшіне енді. Өзгерістерді тиісінше Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен ҚР Энергетика министрлігі бекітті.Өндірістік шығындардан басқа тарифтер күрделі жөндеулерге, инвестициялық бағдарлама бойынша жабдықтарды жаңғыртуға арналған шығыстарды қамтиды.– 2025 жылы жөндеу науқанының құны 23,8 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз етуге, экологиялық тазалықты жақсартуға және қуаттылық бойынша шектеулерді алып тастауға жұмсалады. Барлығы екі станцияда шамамен 26 бірлік жабдық жөндеумен қамтылады, – деп хабарлады «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС бас директоры Флюр Гарипов.Ол бұған дейін «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған ірі жобаларды еске салды. 2012 жылы ЖЭО-3 жаңа турбина іске қосылды, 2016 жылы жаңа энергоблок салынды. Жыл сайынғы күрделі жөндеулермен қатар бұл станцияның тозуын төмендетуге мүмкіндік берді.Компания басшысының айтуынша, соңғы бес жылда қызметкерлердің жалақысы 100%-ға өсті. ЖЭО-3-те 900 адам, ЖЭО-1-де 300 адам жұмыс істейді. Кадрлар тапшылығы мәселесін ЖЭО-3 базасында оқу орталығын ашу және өңірдің колледждерімен дуальді оқытуды дамыту арқылы шештік, деп атап өтті Флюр Гарипов.ЖЭО-3 директоры Константин Пятков ескі қазандықтың алдағы күрделі жөндеуі туралы толығырақ айтып берді.– Жөндеу жұмыстарының ең үлкен көлемі осы қазандық бойынша. Қазандықтарды үлгілік жөндеу кезеңділігі төрт жылды құрайды. Ал биыл аса күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазандықтың оттық камералары толығымен ауыстырылады – бұл шамамен 150 тонна металл. Сондай-ақ жылыту беті мен су экономайзері жаңартылады - бұл тағы 40 тоннаға жуық. Бұдан басқа, газ тазарту жабдықтарын қайта жаңарту көзделген. Екінші буын эмульгаторы үшінші буын жабдығына ауыстырылады. Бұл тазарту дәрежесін арттырады, сәйкесінше қоршаған ортаға шығарындыларды азайтады. Ал жалпы күрделі жөндеу нәтижесінде жабдықтардың сенімділігі, жұмыс тұрақтылығы артады, – деп түсіндірді ол.Спикерлер қажетті жабдықтарға шетелде тапсырыс берілетінін және оны жасау 90 күннен бастап жарты жылға дейін созылатынын айтты. Сондықтан барлық жөндеу науқанын бір жыл бұрын қалыптастырған. Биылғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін 2026 жылға арналған бағдарлама дайындалады.Бұдан басқа, энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін ЖЭО-3-те кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру басталды. 2028 жылға дейін жаңа энергоблок орнату жоспарлануда. Бұл станцияның электр қуатын 140 МВт және жылу қуатын 180 Гкал/сағ арттырады.– Барлық шарттарға қол қойылды: жобалау, жабдықтарды жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстары. Құрылыс үшін жер телімін дайындадық. Жобаны іске асыру нәтижесінде қосымша 55 жұмыс орны құрылады, – деді Флюр Гарипов.Сондай-ақ, 2027 жылдан бастап іске асырылатын турбиналық жабдықтарды жөндеу бағдарламасы әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939040
Қарағанды облысында кезекте тұрған 40 отбасы қоныс тойын тойлады 21.02.2025
Қарағанды облысының екі ауданының тұрғындары пәтер кілттерін алды. Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында он отбасы жаңа баспанаға ие болды, ал Абай ауданында кезекте тұрған 30 адам қоныс тойын тойлады.«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен Көкпекті ауылында екі пәтерлі бес үй салынды. Әр пәтер үш бөлмелі. Жалпы ауданы - 84 шаршы метр.Кілттерді халықтың әлеуметтік осал топтарынан төрт отбасы, төрт көп балалы отбасы және үйлері апатты деп танылған екі отбасы алды.Екатерина Ақтұқашева үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.– Пәтерлер өте жақсы: жылы, едендер тегіс, жөндеу де сапалы жасалған. Мен бәрі соншалықты заманауи болады деп ойламаған едім. Көшіп келіп, тұра беруге болады! Жеке бөлмедегі тәуліктік қазандық - бұл керемет ыңғайлы. Пәтерде шаң да, түтін де болмайды, – дейді Екатерина Ақтұқашева. – Әсіресе балаларым бақытты! Менің екі оқушы балам және екі жастағы кішкентай балам бар. Енді олардың жеке үлкен бөлмесі болады.Тағы бір қоныс иелері – Батима Наскейдің көп балалы жанұясы. Он жыл бойы Сарытөбе мектебінде медбике болып жұмыс істеді, содан кейін көп балалы ана ретінде зейнетке шыққан. Отбасында бес бала бар.– Тұрғын үйді ұзақ уақыт жалға алып тұрып келдік. Енді пәтер кілтін алдық, – дейді Батима Наскей. – Үй өте жақсы, кең. Жақын арада көшеміз. Көп балалы аналарға қолдау көрсеткені үшін рахмет – бұл мемлекет тарапынан үлкен көмек!Жыл бойы Бұқар жырау ауданында кезекте тұрған 100-ден астам адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.Сондай-ақ, Абай ауданының 30 тұрғыны жаңа пәтерлердің кілтін алды. Олардың арасында толық емес отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, қандастар мен зейнеткерлер бар. «Халық Билдинг» ЖШС салған жаңа бес қабатты үйдегі пәтерлерді Мемлекет басшысының бастамасымен жергілікті атқарушы органдар сатып алды. Үйде 12 бір бөлмелі, 8 екі бөлмелі және 10 үш бөлмелі пәтер бар.Кілттерді тапсыру барысында Абай әкімі Сәбит Оспанов дайын тұрғын үйді жеке құрылыс салушылардан сатып алу кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселесін шешуде айтарлықтай ілгерілеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.– Өмірлеріңізде жаңа тарау басталады, – деп құттықтады Сәбит Оспанов. – Сіздердің пәтерлеріңіз тек қабырға мен шатырға ғана емес, әрқашан жылы, қуаныш пен отбасылық игілік болатын нағыз жайлы ошаққа айналсын!Қоныс иелерінің арасында Ауғанстандағы соғыс ардагері Қайрат Борашев те бар.– Ардагерлер мен тұрмысы төмен адамдарға қамқорлық көрсетіп отырғаны өте қуанышты, – деді Қайрат Борашев. – Тамаша пәтер.Сонымен қатар, таяу арада Абайда өткен жылы құрылыс салушылардан сатып алынған тағы 10 жаңа пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр.Биыл құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді сатып алу бағдарламасы жалғасады. Абайда бұл жоба бойынша 90 отбасы, ал Топарда 40 отбасы пәтер алуы тиіс.2025 жылы Абайда 30а орамында бес қабатты кредиттік үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 80 пәтерлі үй 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы бойынша бюджет қаражаты есебінен салынуда. Пәтерлер кезекте тұрғандарға «Отбасы банк» тетіктері арқылы беріледі.Сондай-ақ, Абайда тағы бір бес қабатты үй мен екі пәтерлі бір қабатты үйлер салынып жатыр, Топарда екі көппәтерлі үй қалпына келтірілуде.Абай ауданының тұрғындарына пәтерлер кезек тәртібімен беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939475