Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қостанайдың дамуы: экономика, инфрақұрылым және қолайлы қалалық орта 15.02.2025
Қостанай облыстың экономикасында жетекші орын алып, өмір сүру сапасын арттыру бағытында қарқынды дамып келеді. Қалада тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру, көлік жүйесін дамыту және цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.Экономикалық даму және жұмыспен қамтуҚостанай облыс өнеркәсібінің 57%-ын қамтамасыз ете отырып, өңір экономикасының көшбасшысы болып табылады. Мұнда облыстың шағын және орта бизнес субъектілерінің 50%-ы шоғырланған, бұл кәсіпкерліктің дамуына және жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізуде.2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,7 мың жаңа жұмыс орны ашылып, оның 88%-ы тұрақты жұмыс орны болды. Қаланың 2025 жылға арналған бюджеті 154,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артты. Бұл қаражат қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, бизнесті қолдауға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталмақ.Тұрғын үй құрылысы және абаттандыру2024 жылы Қостанайда 332 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 4 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Облыс бойынша салынған тұрғын үйлердің 67%-ы Қостанай қаласына тиесілі.Қаланың сәулеттік келбеті мен жайлылығына ерекше назар аударылуда. Жаңа аудандарда жолдардың кеңейтілуі мен автотұрақ орындарының көбеюі қарастырылуда. 2024 жылы 40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Триатлон паркі, «Шағала» жағалауы, Орталық саябақ қайта жаңартылуда. Теміржол вокзалы, ауыл шаруашылығы институты (СХИ), Орталық стадион аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Құнай шағын ауданында жаңа саябақ салынады.Инфрақұрылым және көлік жүйесі2024 жылы жол жөндеу жұмыстарына 6 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Жалпы ұзындығы 40 шақырымды құрайтын 66 көше жөндеуден өтеді. Биыл Сьянов көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Нариманов, Фролов және Баймағамбетов көшелерін жөндеу жоспарланған.Қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары жалғасуда:• Соңғы жылдары 113 жаңа автобус сатып алынып, тағы 28 автобус лизингке алынды.• 71%-ы – 7 жылға дейінгі жаңа автобустар.• Барлық автобустар электрондық билеттеу және GPS-трекерлермен жабдықталған.• 82%-ында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар орнатылған.Қала тұрғындары үшін көлік күту жағдайын жақсарту мақсатында 2023 жылы 26 жаңа аялдама павильоны, оның ішінде 11 жылы аялдама орнатылды. 2024 жылы тағы 35 жаңа аялдама, оның ішінде 3 жылы аялдама орнатылады.Әлеуметтік салаҚостанайда білім беру инфрақұрылымы кеңейіп келеді. Аэропорт және Береке шағын аудандарында 2 жаңа мектеп ашылды. 2024 жылдың соңына дейін тағы 2 мектеп ашылып, қосымша 1 880 оқу орны қамтамасыз етіледі.Соңғы екі жылда қалада 5 балабақша іске қосылып, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қолжетімділік арта түсті.Дене шынықтыру және спорт саласында жаңа нысандар салынып жатыр. Юбилейный шағын ауданында жүгіру жолдары мен сквері бар спорттық-сауықтыру кешені ашылды. «Еңбек резервтері» спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, аквапарк пен үстел теннисі орталығының құрылысы басталды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы әзірленуде.ЦифрландыруИнтернетке қолжетімділікті кеңейту – басты басымдықтардың бірі. 2025 жылы Beeline Қазақстан компаниясымен бірлесіп, халық тығыз орналасқан аймақтарда 10 жаңа байланыс мұнарасы орнатылады. Бұл Береке, Юбилейный және жаңа тұрғын аудандарда мобильді байланыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.5G желісін дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Қостанайда 26 базалық станция іске қосылған, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 48-ге дейін артады.Даму келешегіҚостанайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарлы түрде жүзеге асуда. Қаладағы экономикалық өсім, инфрақұрылымды жаңарту, жайлы қалалық орта қалыптастыру және цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/935961
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты 15.02.2025
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты. Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935894
Туризм саласының жұмысшы мамандықтары Астанадағы ірі фестивальде таныстырылды 15.02.2025
Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі — жұмысшы мамандықтар жылын ресми түрде ашып берген алғашқы іс-шара. Қала аумағында сегіз тақырыптық көше ашылып, 40 шығармашылық үй ұсынылған. Туризм үйінде еліміздің екі ірі туристік ұйымы өз өнімдерін ұсынуда. Олар: сыртқы туризм саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі — «Туристік Қамқор» және «Kazakh Tourism ҰК» АҚ.Фестиваль 5 күнге жалғасады. 15 ақпанда іс-шара алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің, туризм, меймандостық және қоғамдық тамақтану саласындағы сарапшылардың қатысуымен панельдік сессия өтеді. Сонымен қатар фестивальде күн сайын түрлі семинарлар мен мастер-класстар, инновациялық сессиялар, кәсіптер шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтеді.Фестивальді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936000
Ақ Азиада: Ұлттық құрамадағы ең жас спортшының нәтижесі қандай? 15.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындары мәресіне таяп қалды. Қазіргі таңда шорт-трек және тау шаңғысы спортының өкілдері жарыстарын аяқтады. Шорт-трекшілер ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс медаль салса, өкінішке қарай тау шаңғысы құрамасы жанкүйерлерді жеңістерімен қуанта алмады.Сондай-ақ бүгін конькимен жүгіру және фристайл-акробатика спортшылары соңғы бәсекелерін өткізді. Акробаттар ақырғы жарыс күнінде құрамында Олимпиада жеңімпазы бар Қытай құрамасының спортшыларын шаң қаптырып, алтын медаль еншіледі. Сонымен қатар Азия рекордын жаңартты. Бұдан бөлек, жерлестеріміз 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.Фристайл-акробатика спортында Қазақстан құрамасының ең жас спортшысы — Асылхан Асан өнер көрсетеді. 15 жастағы отандасымыз кеше командалық аралас сында күміс медаль жеңіп алды. Бұл — Асылханның халықаралық деңгейдегі алғашқы медалі.«Қысқы Азия ойындарында жүлде алғаныма өте қуаныштымын. Бұл - менің халықаралық жарыстардағы алғашқы медалім. Маған сенім артқан бапкерлеріме алғыс айтамын», — деді Асылхан марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.Асылхан фристайл-акробатикамен бес жасынан бері айналысады. Ол бұл спортқа әпкесінің ықпалымен келгенін айтады, себебі оның үлкен әпкесі бұрын осы спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданған.Жерлесіміздің ендігі мақсаты — FIS рейтингінде ұпай жинап, келесі жылы Италияда өтетін қысқы Олимпия ойындарына лицензия алу.«Спортқа келгендегі ең үлкен арманым — Олимпиада жүлдесін алу. Бұл арманымды жүзеге асырып, қазақ елін жүлдемен қуантқым келеді. Сондықтан алдағы уақытта дайындықты арттырып, жоғары нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерімді саламын», — дейді Асылхан Асан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936001
ІХ қысқы Азия ойындары – 2025: 11 ақпандағы жарыс нәтижелері 15.02.2025
Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы синхронды секіруде қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Аяна Жолдас пен Ардана Маханова жұбы қола жүлдеге ие болды.Биатлон: Ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте Владислав Киреев топ жарса, тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдегер атанды.Сонымен қатар ерлер сайысында Әсет Дүйсенов мәре сызығын 6-шы, Александр Мухин 7-ші болып кесті.Әйелдер бәсекесінде Арина Крюкова 4-ші, Ольга Полторанина 5-ші, Дарья Климина 7-ші және Полина Егорова 13-орынға табан тіреді.Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 1000 метрге жарыста Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Роман Биназаров 11-ші, Артур Галиев 14-ші, Никита Важенин 16-орынға ие болды.Әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 7-ші, Дарья Важенина 10-шы, Кристина Шумекова 14-ші, Арина Ильященко 16-шы нәтиже көрсетті.Ерлер және әйелдер арасында командалық өкшелеп қуу жарысында Қазақстан құрамасы 4-орын алды.Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші кездесуінде Филиппин спортшыларын 5:4 есебімен жеңсе, екінші матчта Қатар құрамасынан 11:2 нәтижесімен басым түсті.Ал ерлер құрамасы Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды. Есеп: 2:12.Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсіп (24:0), жартылай финалға шықты.Мәнерлеп сырғанау: Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров 76.75 ұпай жинап, 4-орынға табан тіреді. Ал Диас Жиренбаев 65.56 ұпаймен 8-орында тұр.Мұздағы би жарысында Бойсангр Датиев пен Гаухар Наурызова 5-орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936002
ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 12 ақпан 15.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936011
Көлік министрлігі «Жұмысшы мамандар қаласы»фестиваліне қатысуда 15.02.2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастарды экономиканың нақты секторына тартуға баса назар аудара отырып, «Жұмысшы мамандар жылы» деп жариялады. Осы бастама аясында елордада болашақ сала мамандарын, жұмыс берушілерді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын біріктіретін ауқымды фестиваль өтуде.Бұл фестиваль алаңында көлік-логистика саласының теміржолшы, авиация, автокөлік жүргізуші, теміржол құрылысы және автомобиль жолдары құрылысы мамандықтарымен танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/935931
Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін 30-дан астам тұлға жауапқа тартылды 15.02.2025
2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті 18 кәсіпорында тексеріс жүргізді. Еске сала кетейік, өткен жылы министр Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушар» филиалдарын тексеру басталды. Бұл жұмыстар судың «көлеңкелі» нарығымен күресуге бағытталған.Тексеріс қорытындысы бойынша 30-дан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Мәселен, Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалына жүргізілген тексеріс барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі мен шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заң бұзушылықтарға жол берілгені анықтаған болатын. Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Бұдан бөлек, «Қазсушар» мекемесінің Алатау филиалында бұрын жұмыстан босатылған қызметкерлердің алаяқтық фактілермен айналысқаны анықталды.«Аудит барысында азаматтарды ауыз сумен және суармалы сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігі анықталды. Барлық заң бұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Сондай-ақ министрліктің құзыретті құрылымдары мен ведомстволарына ұсыныстар мен тапсырмалар берілді»,- деді Ішкі аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/935979
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен колледж өкілдері болашақ талапкерлерге су мамандықтары туралы айтып берді: Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтіп жатыр 15.02.2025
Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі басталды. Іс-шараға еліміздегі су мамандарын дайындайтын оқу орындары және су саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері қатысуда.Фестиваль аясында болашақ талапкерлер су саласындағы жұмысшы мамандықтар және өздері қызығушылық танытқан оқу орындары туралы толық ақпарат ала алады. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Бұдан бөлек, фестиваль қонақтары су ресурстарын үнемдеу және басқару саласындағы жаңа әзірлемелермен, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысады.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, елімізде жұмысшы мамандықтардың тартымдылығы мен беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылып жатыр.Бүгінгі таңда Қазақстанның су саласында 10 мыңға жуық маман еңбек етеді. Су шаруашылығы және ирригация саласына кадрларды 10 жоғары оқу орны мен 8 кәсіптік колледж дайындайды. 2024-2025 оқу жылы 523 талапкер су мамандықтары бойынша грантқа түсті.«Еліміздің су саласына жастарды тартумен қатар, жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктілігін арттыру да маңызды. Былтыр су саласының 500-ден астам өкілі мамандандырылған орталықтарда біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға көп. Биыл мыңға жуық маман біліктілігін арттырады, оның 105–і Қытайда оқиды»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Айта кету керек, «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі 15 ақпанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/935981
Астананың жоғары оқу орындарында қайырымдылық пен волонтерлік тақырыбында дәріс басталды 15.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі студент жастардың қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық пен гуманизм құндылықтарын қалыптастыруға және дамытуға арналған ашық дәрістер циклін бастады.Осы бастама аясында еліміздің жоғары оқу орындарында қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың басшылары дәріс оқиды. Олар өз тәжірибелерін бөлісіп, волонтерлік істің маңызы туралы әңгімелейді.Дәріс Астанада басталып, оқу жылының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.Айта кету керек, Қазақстанда 755 волонтерлік ұйым, 2 мың бастамашыл топ және 275 мың белсенді волонтер жұмыс істейді. Олардың ішінде 3,5 мың «күміс» волонтер яғни, 55 жастан асқан ерікті бар.Өткен жылдың өзінде «Игі істер марафоны» жобасы аясында 7 000 игі іс жасалып, оған 50 мыңға жуық адам қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/935782
Қазақстанда киножобаларды іріктеу конкурсының ережелері талқыланды 15.02.2025
Бүгін, 11 ақпан күні Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің жаңа құрамымен кездесу өткізді.Биыл Ұлттық киноны қолдау орталығы жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылды. Оған кино, әдебиет, мәдениет саласындағы мамандар, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары кірді.Кездесудің негізгі тақырыбы киножобаларды конкурстық іріктеу ережелерін талқылау болды.Министр Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сараптама кеңесі мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Өткен жылы қабылданған іріктеу конкурсының ережелеріндегі өзгерістер іріктеудің ашық әрі жеңіл өтуіне бағытталғанын да атап өткен жөн.Жаңа ережелерге сәйкес, іріктеу екі кезеңге бөлінген. Бұл өзгеріс Қазақстандағы кино өнерінің дамуына жаңа серпін береді.Бірінші кезеңде сараптама кеңесі тек сценарийлер мен сценарий жоспарларын саралайды. Бірінші кезеңнен сәтті өткеннен кейін таңдалған сценарийлердің авторлары екінші кезеңде құжаттардың толық пакетін ұсынуы керек. Үміткерлер қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін анықталған қателерді түзетуге үш күн уақыт беріледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң, Орталық сараптама кеңесінің қарауына өтінім жібереді. Содан кейін питчинг күні белгіленеді.«Кеңес мүшелері жауапкершілікті терең сезініп, конкурстың барлық кезеңдерінде әділ шешім шығарып, ашық конкурс өткізуге тиіс. Киножобалардың белгіленген талаптарға сәйкес болуына баса назар аударылады. Бұл шаралар отандық кино саласын дамытуға, сондай-ақ ұлттық мүдде мен идеологияға сай келетін жобалар санын арттыруға көмектеседі», - деп атап өтті Аида Балаева.2025 жылы «ұлттық құндылықтар», «отбасы», «қоршаған ортаны қорғау», «заң мен тәртіп», «тарихи елеулі оқиғалар», «дос қадірі», «әйел құқығы, бала қауіпсіздігі»,«қазіргі заманның қаһармандары», «ел бірлігі» және т.б. басым тақырыптарда киножобалар дайындауға болады.2025 жылы Министрліктің және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 10 жаңа фильм жарық көреді. Биыл «Капитан Байтасов», лудомания тақырыбын қозғайтын «Игроманка» атты драма, футбол туралы «90+1» спорттық драмасы, сондай-ақ «Күзгі самал», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Хош иісті жүрек» және «Авель» фильмдері жарыққа шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/935982
Алматыда Ғылымдағы әйелдер мен қыздар мерекесіне орай ғылыми конференция өтті 15.02.2025
Алматыда Ғылымдағы әйелдер мен қыздар мерекесіне орай ғылыми конференция өттіБүгін Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай ғылыми конференция өтті. Іс-шараны QyzPU-дың «Тұрақты даму» және «Ғылым» студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары ұйымдастырды.Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен ғылымға қызығушылық танытқан барша студент-жастарды құттықтады.«Бүгін халықаралық ғылымдағы әйелдер күні. Осы айтулы күнмен барлық ғылымдағы студент-жастарды құттықтаймын! Бүгінгі шарада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыммен айналысып, зертханаларда жұмыс істеп жатқан жас ғалымдарының көрмесімен таныстық. Еліміз үшін, жалпы инженерлік-техникалық бағыттағы ғылымды дамыту, сондай-ақ өндірісті жетілдіру – аса маңызды. Осы орайда, жастарымыздың қолмен жасаған сабын өнімдерін көріп, технологиялық процестерді тиімді жүргізу арқылы оның пайдалы тұстарын арттыруға арналған зерттеу жұмыстарымен таныстық. Жастарға, әсіресе ғылым жолында жүрген қыздарымызға айтарым – ғылымды жалғастыру қажет. Басталған ғылыми ізденісті тоқтатуға болмайды. Сол себепті бакалавриатта оқып жатқан студенттерге табыс тілеймін! Олардың болашақта магистратура мен докторантурада білімін жалғастырып, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде еліміздің ғылыми кадрларын даярлау ісіне өз үлестерін қоса берулеріне тілектеспін», – деді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.Конференцияға экология магистрі, «Ecology Consulting» компаниясының басшысы, эко-этно-дизайнер, экотренер және экологиялық белсенді Ботакөз Садыбекова, Yokogawa Electric Kazakhstan компаниясының инженері Дүйсенбек Инкар Дәуренқызы, сондай-ақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD докторлар құрамы арнайы шақырылды. Сонымен қатар конференция қонақтары ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ-Британ технологиялық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Спорт және туризм академиясы, М.Тынышпаев атындағы ALT University студенттері қатысты.Ғылым саласындағы әйелдердің рөлін дәріптеу және жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында өткен ғылыми конференцияда жаратылыстану, физика, математика және цифрлық технологиялар бағыттарында жүргізіліп жатқан заманауи зерттеулер мен инновациялық жобалар талқыланды.«Алматы қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратына қош келдіңіздер! Бүгін біз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірлесіп, ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай үлкен мерекелік шара өткізіп отырмыз. Жастардың ғылымға деген қызығушылығын және өз білімдерін тәжірибеге айналдыра алғанын көріп, ерекше қуанып отырмын. Осындай маңызды шараны бірлесіп ұйымдастырғанымызға өте қуаныштымын», – деді БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі, Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық орталығының басшысы Властимил Самек.Іс-шара аясында ғылыми жәрмеңке ұйымдастырылып, онда студенттер өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Әр қатысушы өз зерттеуінің мақсаты мен нәтижелерін жан-жақты түсіндіріп, ғылыми қауымдастықпен пікір алмасты.«Біздің жобамыздың атауы – «Ақылды автотұрақ». Қазіргі таңда көптеген сауда және сауықтыру орталықтарында автотұрақ мәселесі жиі кездеседі. Жүргізушілердің көліктерін дұрыс қоймауы салдарынан басқа жүргізушілерге бос орын табу қиынға соғады. Біздің жобамыз дәл осы мәселені шешуге арналған. Болашақта жобаны дамытып, оны іске асыруды мақсат етіп отырмыз», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жарқынай Бахытжан.Шарада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Студенттік Ректорат құрамы «Ғылымдағы әйелдер» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Конференцияның негізгі бөлігі ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарының қорғалуына арналды. Қатысушылар өз зерттеулерін жан-жақты таныстырып, инновациялық шешімдер ұсынды. Панельдік пікірталас барысында ғылым мен технология саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар университеттің PhD докторлары құрамынан тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болды.Конференция соңында БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және ҚР БҰҰ Ақпараттық орталығының басшысы Властимил Самек пен Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Джумакулов Закир Даниярович белсенді студенттер мен қонақтарға алғысын білдіріп, ғылым мен білімге қосқан үлестері үшін Алғысхаттар табыстады.«Бүгінгі шарада біздің докторанттарымыз, студенттеріміз және зерттеушілеріміз өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Сонымен қатар әйелдердің тарихтағы және қазіргі ғылымға қосқан маңызды үлесі туралы да айтылды. Шараның басты мақсаты – студент қыздарды ғылымға тарту», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Джумакулов Закир Даниярұлы.Бұл іс-шара ғылым саласындағы әйелдердің рөлін айқындап қана қоймай, жас ғалымдарды жаңа жетістіктерге жетелеуге және олардың ғылыми ізденістерін қолдауға бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/935994
Атырауда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті 15.02.2025
Жәрмеңке «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Шараға облыстағы 50 мекеме қатысып, 600-ге жуық ваканттық жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Атырау-Жарық» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «NCOC» ЖШС, «Стамгазстрой», «Orion Group KZ», «КазТурбоРемонт», «АтырауНефтеМаш», «GPS Investment», «Силлено», «КPI», «Атырау мұнай өндеу зауыты», «Атырау жылу жүйелері», «Спецавтобаза», «Шлюмберже», «Карат», «Ақжайық Автопарк», «Атырау Автопарк», «Infinity Mall», «Идеал Трейд Маркет», «Эйр Энерджи Каспиан», «WOOD KSS» және басқа да компаниялар бар. Ұсынылған мамандықтар: көлік жүргізуші, экономист, фельдшер, инженер, аспаз, даяршы, менеджер, бухалтер, заңгер, электрик, электромонтер, тас қалаушы, сылақшы, тазалаушы, дәнекерлеуші, сатушы-кеңесші, инженер-электрик, бақылау-өлшеу аспаптары инженері, техника қауіпсіздігі инженері, жобалау инженері, инженер-конструктор, супервайзер, құрылыс менеджері, экономист, т.б. -Тұрғындардың қатысу белсенділігі жоғары, бүгін 500-ден аса адам келді. Мақсат – халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Мекемелер жұмысқа қабылдаған жағдайда басқармаға ескертеді. Сондай-ақ бүгін алимент өтемеген борышкерлер, жазасын өтеу орындарынан босап шыққан, пробациялық есебінде тұрған азаматтар қатысып отыр, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов. Айта кетейік, жәрмеңкеге қатысушыларға мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары туралы ақпараттар берілді. Олар: «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас жобасы».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/935718
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЛАПКЕРЛЕР ЕЛІМІЗДЕ ШЕТЕЛДІК ДИПЛОМ АЛУ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ 15.02.2025
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЛАПКЕРЛЕР ЕЛІМІЗДЕ ШЕТЕЛДІК ДИПЛОМ АЛУ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫТүркістан облысының мектеп бітіруші түлектері үшін «Study in Kazakhstan» көрмесі өтті. Ахмет Ясауи университетінде ұйымдастырылған шараға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстандағы 20 филиалы қатысып, жалпы саны 10 мыңға жуық оқушыға жан-жақты ақпарат берді.Қазақстандық жастардың халықаралық деңгейде білім алуына жаңа мүмкіндіктер ұсынған көрмеге 9-11 сынып оқушылары мен ата-аналары белсенді қатысты. Түркістан облысының алыс-жақын аудандары, сондай-ақ Түркістан және Кентау қалаларының талапкерлері университеттердің білім беру бағдарламалары, академиялық мүмкіндіктері мен оқу шарттары туралы тың мәліметтер алды.ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев:«29 қаңтар күні Қарағанды қаласында бастау алған көрме Түркістанда жалғасын тапты. «Study in Kazakhstan» – қазақстандық талапкерлерге өз елімізде оқи отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес білім алып, халықаралық деңгейдегі дипломға ие болу мүмкіндігін ұсынады. 2022-2024 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 23 стратегиялық серіктестік орнатты. Соның нәтижесінде 23 шетелдік жоғары оқу орнының филиалдары мен қосдипломдық бағдарламалары Қазақстанда іске қосылды», – деді.«Study in Kazakhstan» көрмесі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, қазақстандық студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Талапкерлерге шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына түсу мүмкіндігін ұсынатын көрменің жұмысы Қызылорда қаласында жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/935834
Жұмысшы мамандықтар фестивалі: Министрлік металлургия, машина жасау мен құрылыс саласындағы тақырыптық үйлерді ұсынды 15.02.2025
Бүгін, а.ж. 11 ақпанында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің ашылуы өтті. Іс-шара Президент жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «EXPO» көрме орталығында өтіп жатыр.Бұл балалар мен жасөспірімдерге арналған білім фестивалі. Шара қонақтары мамандықтардың тақырыптық көшелерімен танысып, түрлі сессиялар мен шеберлік сабақтарына қатыса алады.ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі фестивальде 13 тақырыптық үйді ұсынды. Бұл Тау-кен металлургия көшесіндегі геологтар, тау-кен өнеркәсібі, байытушылар, қара металлургтер, шахта құрылысшылары, түсті металлургтер, асыл металдар үйлері. Машина жасаушылар көшесіндегі автомобиль өндіруші және токарьлар үйлері. Сондай-ақ, Құрылысшылар көшесіндегі тас қалаушылар, плиткашылар мен безендірушілер, шатыршылар мен ағаш ұсталар, ландшафты дизайнерлер, сантехниктер үйлері. Үйлердің аумағында интерактивті тақталар мен симуляторлар, практикалық алаңдар, ұқсатқыш тренажерлар, құрал-жабдықтар және жұмыс процесі көрсетіледі.Іс-шара барысында металлургия және мұнай-газ саласы бойынша инновациялық сессия, «Самұрық-Қазына» қорының тұсаукесер сессиясы өтті, колледждерден кәсіптік бағдар беру бейнероликтері мен кәсіпорындардан таныстыру бейнебаяндары көрсетілді.Сондай-ақ «Болашақ көлігі: 5-10 жылдан кейін қандай мамандар сұранысқа ие болады» тақырыбында конференция өтеді. Конференцияға «Қазақстанның Автокөлік Одағы» ЗТБ президенті Анар Мақашева модератор ретінде, спикерлер қатарында «Allur» қазақстандық автомобиль компаниясының R&D-жобаларының жетекшісі Айгүл Ахметова, ҚР Көлік министрлігі Автокөлік және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Бақытжан Качаков, ALT Univercity құрылтайшысы Гульзана Серикова, «Қазақстан жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» ӨРҰ» ЗТБ бас директоры Рамия Сараева, «QazTehna» ЖШС корпоративтік университетінің жетекшісі Айдос Айтбаев қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/935663
Жұмысшы мамандықтар қаласы —экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша өндірістік көрмелер 15.02.2025
Астанада Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында алғашқы ауқымды «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. Фестивальдің бірінші күнінде-ақ оған 200-ден астам жұмысшы мамандықтарының өкілі қатысып, 10 мыңға жуық адам тамашалады.Фестивальге келушілер техникалық білім беру саласындағы жаңа технологиялармен, оқу бағдарламаларымен танысып, отандық колледждер ұсынатын жаңа және сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды, сондай-ақ әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті. Әсіресе жоғары сынып оқушылары ерекше қызығушылық танытып, көрмені белсенді түрде аралады, жұмысшы мамандықтары бойынша мансаптық перспективаларды талқылады.Фестиваль кәсіби білім беру жүйесі мен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың көрінісіне айналды. Өндірістік көрмелер экономика үшін стратегиялық маңызы бар 15 бағытты қамтиды: машина жасау, ақпараттық технологиялар, құрылыс, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, көлік және ел экономикасының болашағын айқындайтын басқа да салалар.Мұндағы әрбір көрме нарық талаптарына бейімделген жаңа технологиялар, жабдықтар және білім беру бағдарламалары бойынша жетекші кәсіпорындар мен кәсіптік білім беру ұйымдарымен ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/935932
Биыл Жетісуда ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға себіледі 15.02.2025
 Биыл Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 510,7 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөнінде облыстық жедел штаб құрылып, жұмыс жасауда. Көктемгі егіске дайындық барысында тұқым, дизель отыны мен техниканы дайындау жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, жоспар бойынша көктемде 247 мың гектар жер жыртылады, 127 мың гектар сүдігердің ылғалы жабылады, сонымен қатар 137 мың гектар өткен жылғы көпжылдық шөптер мен күздік дақылдар тырмаланады, жалпы 374 мың гектар жаздық дақылдар себіледі. Оған қажетті 52,1 мың тонна жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы толық көлемде даярланған, оның 31,6 мың тн - дәнді дақылдар, 9,5 мың тн – майлы дақылдар, 0,6 мың тн - азықтық дақылдар, 10,4 мың тн -  картоп.Бүгінгі күнге, 5 мыңға жуық тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды. Қоймаларда 1,3 мың тонна минералды тыңайтқыш бар. Осы жылы тыңайтқыштарды субсидиялауға 2,7 млрд. теңге бөлінген. «Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 510,7 мың гектарға жеткізіледі деген жоспар бар. Соның 295,3 мың га дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 89,7 мың га майлы дақылдар, 6,8 мың га картоп, 8,9 мың га көкөніс-бақша дақылдары, 97,3 мың га  мал азығы дақылдары себіледі. Ал қант қызылшасын қант зауыттарының өндірістік қуатын ескере келе, 2025 жылға жалпы 12,2 мың гектарға егеміз, яғни өткен жылдан 1,5 мың гектарға кем себіледі. Жалпы осы алқаптан 550,0 мың тонна қант қызылшасын аламыз деп межелеп отырмыз. Жоспарланған қант қызылшасын себуге 17,1 мың себу бірілігі көлемінде тұқымы Көксу қант зауыты және «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қамтамасыз етілетін болады», - делінген басқарманың хабарламасында.Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы техникаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бүгінге дейін көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 20,6 мың бірлік техниканың, яғни трактор, соқа, сепкіш, қопсытқыш, пен жер тырмаларының 75% жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары 15 наурызға дейін толығымен аяқталады деп жоспарланады деп жоспарланып отыр. Осы орайда көктемгі дала жұмыстарына 5,5 мың тонна дизель отыны бөлінген. Операторды анықтау жұмыстары жүргізілуде.Көктемгі егіске дайындық аясында «Аграрлық несие корпорациясы» 104 шаруашылықтан 3,0 млрд.теңгеге өтінімдер қабылдап, бүгінгі күнге 35 шаруашылыққа 942 млн.теңге несие берілді.Атап өтсек, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау бойынша мемлекеттік қызмет түрлері 100 пайыз электронды форматта субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, өткен жылы өңірде 11 мемлекеттік қызмет түрі бойынша аталған порталы арқылы 15 183 өтінімдер түсіп, мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Сол сияқты былтырдан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасы Amanatnesie.kz порталы арқылы жүзеге асырылуда. 2024 жылы осы порталға 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға 342 өтінім енгізілген.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттер Жетісу облысы әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/935756
«Жарайсың, балам!»: Қорғаныс министрі сарбазды Азиададағы жеңісімен құттықтады 15.02.2025
Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Армия орталық спорт клубының мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Владислав Киреевті Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтады.Қорғаныс ведомствосының басшысы телефон арқылы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы спортшыларының жетістіктеріне мақтанатынын айтты.– Сенің жетістігің – тәртіптің, табандылық пен тынымсыз еңбектің спорттық аренада да, Отанға қызмет етуде де жеңіске жетудің кепілі екендігінің айқын дәлелі. Азиада алтынын алу – керемет нәтиже, дегенмен әр спортшының арманы – Олимпиада алтыны. Алда ол асуға да жетуіңе тілектеспін, – деді Қорғаныс министрі.Министр осындай лайықты ұл, спортшы және Отан қорғаушы тәрбиелегені үшін Владислав Киреевтің ата-анасына да алғысын білдірді. Қорғаныс ведомствосының басшысы одан бөлек шаңғы жарысында қола медаль иеленген шаңғышы Олжас Климинді және биатлоннан үздік ондыққа іліккен әскерилерді, рейтингтің алтыншы және жетінші қатарында тұрған Қарулы күштердің қызметшілері – Әсет Дүйсенов пен Александр Мухинді де құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/935877