Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ақтөбе облысында 160 мың га пайдаланылмаған жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда 15.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде суармалы жерлерді ұтымды пайдалану және ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселелері қаралды.Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Ержанов айтып өткендей, биыл мемлекет меншігіне 160 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерді қайтару жоспарланып отыр. Былтыр 219,063 мың га жер қайтарылды. Мұның есебінен облыстағы жайылымдық жерлердің көлемін кеңейту жоспарлануда. Қазіргі уақытта мал басының көбеюіне байланысты елдімекен жерлерінде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі 97,0 мың га құрайды.Сондай-ақ, 100 метрлік шекара белдеуінде орналасқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қолға алынған. Әйтеке би, Қобда, Хромтау және басқа да бірқатар ауданда учаскелерді ерікті түрде беру үшін шаруашылық құрылымдарымен келіссөздер жүргізілуде.Айта кету керек, жер учаскелері конкурс арқылы беріледі. Мысалы, 2024 жылы мемлекеттік сатып алулар арқылы жалпы ауданы 467,7 мың га құрайтын 376 учаске, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен коммерциялық мақсаттарға арналған учаскелер берілді. Бюджетке 161,1 млн теңге түсті.Бұдан өзге, өңірде 125 қалпына келтіру жобасы аясында 3 млн 903,1 га жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Топырақ құнарлылығын арттыру жөніндегі Жол картасына сәйкес биыл Мәртөк және Қобда аудандарында 7 мың гектар жерге геоботаникалық зерттеулер жүргізу жоспарланған.Асхат Шахаров аудандар мен облыс орталығының әкімдері суармалы жерлердің ұтымды пайдаланылуына жауапты екенін атап өтті.«Жер мәселесі өте маңызды және жауапты. Кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілері жер учаскелерін алу процесі нақты рәсіммен реттелетінін нақты түсінуі тиіс. Біз жерді мақсатсыз бере алмаймыз, ол үшін конкурстар мен аукциондар бар. Аудан әкімдері жергілікті жерлерде осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек, яғни тұрғындар қайда және қандай конкурстар өткізілетіні, сондай-ақ жер учаскелерін бөлу қалай жүргізілетіні туралы хабардар болуы қажет. Біз үшін ең алдымен көкөністерді, жем-шөптерді өсіру және мал шаруашылығына жайылымды қамтамасыз ету үшін жерді тиімді пайдалануға назар аудару маңызды. Сонымен қатар, жерді қалпына келтіру және оны мемлекеттік қорға қайтару жұмыстарын жалғастыру қажет. Жер бар, алайда біздің міндетіміз – оны барлық көзделген нормалар мен рәсімдерді сақтай отырып, мақсаты бойынша пайдалану», - деп атап өтті әкім жиын барысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/936098
Үкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылау үшін жұмыс топтарын аймақтарға жібереді 15.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің салық заңнамасына жаңа түзетулер ұсынылды.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін салалар бойынша саралаумен 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайту, арнаулы салық режимдерін реформалау, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-ның 30%-ын төлейтін. Енді олар төлемейтін болады.Бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қоғамдастықпен Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобының жұмысы басталады. Қазіргі уақытта топтар өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде бизнеспен кездесулер өткізуде. Жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулерді осы жылдың 20 ақпанына дейін Мәжіліске енгізу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/935853
Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан, республикалық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтарды, материалдарды, реагенттерді, шикізатты) қатысушылар мәлімдеген баға бойынша сату өткізу жөніндегі конкурстың нәтижелері туралы хабарландыру 15.02.2025
Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан, республикалық меншікке берілген қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтарды, материалдарды, реагенттерді, шикізатты) қатысушылар мәлімдеген баға бойынша сату жөніндегі конкурс өткізілген жоқ деп танылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935767
Ғылымдағы әйелдер күні 15.02.2025
Аталмыш мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылдың желтоқсанында әйелдердің ғылымға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өту мақсатында құрды. Қазіргі таңда әйелдер қауымы инновациялық технологияларды әзірлеуге, экологиялық зерттеулерге, сондай-ақ тұрақты даму және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге белсенді түрде қатысуда.Экономика ғылымдарының докторы, академик Гүлбазар Медиева Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығындағы білім беру және ғылым бағытын, сондай-ақ ғылыми-қоғамдастықтың жұмысын үйлестіруші. Гүлбазар Ақылқызының негізгі жетістіктерінің бірі жасыл технологиялар саласындағы 98 жетекші сарапшыны біріктірген ғылыми-техникалық кеңесті (ҒТК) құруы болды.Оның кәсібилігінің арқасында ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) салалық анықтамалықтарын сараптау процесі ұйымдастырылды. Бұл Қазақстанда жасыл экономиканы дамытудың ғылыми негізделген тәсілдерін қалыптастырудағы маңызды қадам.Ботаника және фитоинтродукция институтындағы 102 ғылыми қызметкердің 75-і әйелдер. Аталмыш Институтты биология ғылымдарының докторы – Ситпаева Гүлнар Тоқбергенқызы басқарады.10 жыл бойы ол Тянь-Шань флорасын зерттеу бойынша "Орталық Азияның жасыл жолы" жобасының жетекшісі болды, оған бірнеше Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ Гүлнар Тоқбергенқызы түрлі экспедицияларға, соның ішінде халықаралық экспедицияларға да қатысады.Ал Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Надежда Чеботько орман ғылымының дамуына елеулі үлесін қосты. Ол қарапайым қарағайды сұрыптаумен және сорттық сынаумен, сондай-ақ селекцияны, интродукцияны және биотехнологияны қолдана отырып, ағаш-бұта түрлерінің биоәртүрлілігін сақтаумен айналысады. 40 жылдық ғылыми қызметі барысында 90-нан астам ғылыми еңбектер жариялап, 5 патент және 4 авторлық куәлік алды. "Аракарагайская" және "Чебаркульская" кәдімгі қарағай популяцияларының сорттарының соавторы, сондай-ақ - "Боровская-22", "Боровская-44" клондарының және "Төзімді қарағай" гибридінің авторы.Басқа әйел ғалым Тамара Стехареваның зерттеулері Қазақстанның ормандылығын арттыруға және бірегей экожүйелерді сақтауға ықпал етті. Биология ғылымдарының кандидаты, профессор орман экожүйелерін геоботаникалық зерттеуге, орман түрлерін, оның ішінде сирек кездесетін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтауға айтарлықтай үлес қосты.Қазіргі таңда елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысатын ғалым әйелдердің үлесі 10 мыңнан астам адамды құрайды. Бүгінгі мереке ғылымның жетістіктері әйелдердің белсенді қатысуынсыз мүмкін еместігін және ғылымдағы әйелдерді қолдау бүкіл адамзаттың алға жылжуына ықпал ететіндігін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935817
АТҚТ-дағы орман мелоиоративтік жұмыстар жүргізу бойынша 15.02.2025
Арал теңізінің құрғаған табанының жалпы ауданы шамамен 6 млн.гектарды құрайтыны баршаға мәлім, оның ішінде 2,8 млн. га Қазақстанға тиесілі.Біздің еліміздегі Арал теңізінің құрғаған табаны құмды және сортаңды шөлдердің аумағы болып табылады, мұнда фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу үшін аумақтардың орман жарамдылығын ескеру қажет.2021 жылы Мемлекет басшысы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында АТҚТ 1,1 млн га аумағына орман мелиорациялық жұмыстарды жүргізу міндетін қойды.4 жыл ішінде 475 мың га алаңға сексеуіл отырғызылды, оның ішінде:- 2021 жылы-73,5 мың га (ЖАО — 20,9 мың га, ЭТРМ-52,6 мың га);- 2022 жылы-108,5 мың га (ЖАО-44 мың га, ЭТРМ-64,5 мың га);- 2023 жылы — бөлінген қаражат аясында 166 мың га (ЖАО-100 мың га, ЭТРМ-66 мың га).Сонымен қатар, 2021-2023 жылдары табиғи жаңаруға жәрдемдесу 197,0 мың га алаңда жүргізілді.2024 жылы — 127 мың. га (ЖАО-100 мың га, ЭТРМ-27 мың га).Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобаны іске асыру аясында АТҚТ – дағы жұмыстарды отырғызу материалымен қамтамасыз ету үшін Қазалы қаласында ауданы 33 гектар питомниктің құрылысы аяқталды. Жоба бойынша сексеуіл және галофитті бұталардың көшеттері одан әрі Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызу үшін өсірілетін болады. Питомниктің қуаттылығы жылына 3 млн. дана көшет.Сондай-ақ, Арал теңізінің құрғаған табанында жаңа орман питомнигін құру жоспарда бар. Ол питомниктен алынған отырғызу материалы құрғақ жағдайларға бейімделеді, бұл отырғызу материалдарының сапасын арттырады.Бұдан басқа, жұмыстардың сапасын арттыру және тұрақты ғылыми көмек көрсету үшін Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының Қызылорда қаласында филиалы ашылмақ.Институт мамандары АТҚТ-дағы күзгі-көктемгі орман өсіру жұмыстары кезінде агротехникалық іс-шараларды сақтау (егу және отырғызу схемаларын дұрыс жүргізу, орман тұқымдарын жинау және өңдеу, өсімдік көшеттерін қазу және тасымалдау), Арал теңізінің құрғаған табанында орман екпелерін құруды ғылыми мониторингілеу және талдау бойынша жұмыстар жүргізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935847
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс 15.02.2025
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі-Кәсіпорын) мекен-жайы:010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 11/1.Кәсіпорын қызметінің мәні: Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу.Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның даму және жұмыс, бюджеттеу жоспарын әзірлейді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметінің мәселелерін шешеді. Кәсіпорынның міндеттемелері мен функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлер орындайтын есептердің, хаттардың, ақпараттардың уақытылы ұсынылуын және сапасын бақылайды. Қызметкерлердің жоспарларды орындауын ұйымдастырады. Ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Жұмыстың жаңа және қазіргі заманғы әдістерін жетілдіру, жоспарлау және енгізу жөніндегі жұмысты талдайды және ұйымдастырады. Мемлекеттік билік және басқару органдары мен басқа да мүдделі ұйымдардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтері бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кәсіпорын қызметінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және бақылайды. Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігі алдындағы кәсіпорынның барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді бақылайды.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (химия және/немесе экология).Мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.Мүмкіндігінше «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы.Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидалары негізінде өткізіледі.Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 4 қабат, 435 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7172)74-12-19, e-mail: me.alipbaeva@ecogeo.gov.kz Меруерт Бердібайқызы Алипбаева, мекенжайы бойынша тапсырылуы тиісАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935892
Астанада су тасқынының алдын алу үшін қандай іс-шаралар орындалып жатыр 15.02.2025
2024 жылдың қыркүйегінде қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелері комиссиялық тексерілді, 18 учаске бойынша аудан әкімдеріне қажетті шараларды қабылдау туралы ұсынымдар берілді, яғни каналдарды тазалау және төсеу, арық-науа жүйесін орнату және т.б. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Қуаныш Тоқсарин мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Қаңтар айында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды, тұрғын үй секторының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт материалдарын тапсыра отырып, ықтимал қауіпті учаскелерде 51 рейд жүргізілді.Бүгінгі таңда коммуналдық қызметтер қала аумағынан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарды, 16,4 мыңнан астам метр арық-науа желісі, 10 522 метр коллекторлар, 573 дана жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды», - деді Қуаныш Тоқсарин.Спикердің айтуынша, су тасқыны құбылыстарына уақтылы ден қою мақсатында жеке құрамның 581 адамынан, 505 бірлік техникадан, 131 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылды.Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қалың қар еріген кезде сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді. Ведомство тез арада үйдің айналасын қардан тазартып, көшенің жол жиегіне қарай шығаруды ұсынады.Су тасқыны болған жағдайда дереу 109 iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына немесе 112 құтқару қызметіне хабарласу керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935896
Астанада тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандарды аралады 15.02.2025
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аудандарын аралап, МИБ төрағаларымен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Тексеру барысында қазіргі мәселелер талқыланды, олар – қарды уақытылы шығару, іргелес аумақтарды тазалау, санитарлық нормаларды сақтау, сондай-ақ газ ұстағыштар мен аулалардың газбен жабдықтау желілерінің жағдайын қадағалау. «Біз тұрғындарға әркім өз үйінің айналасындағы тазалыққа жауапты екенін үшін түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз», - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік. Ол бейнебақылау камералары санитарлық нормаларды бұзушыларды анықтауға көмектесетінін баса айтты. «Барлық жерде камера бар және ол бақыланады. Тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілік бар», - деп қосты ол. Ведомствоның мәліметінше, қала тұрғындары жаңа талаптарға бейімделіп, тазалық олардың күнделікті өмірінің маңызды бөлігіне айналуда. Белгіленген нормалар мен заңдарды ұстанатындар көбейіп келеді. «Таза Қазақстан» акциясы таза және қауіпсіз қала ортасын құруға ықпал етеді. Елорда тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жалғастыру ең маңызды міндет болып қала береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/935882
Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақыру 15.02.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) барлық мүдделі тұлғаларды жаңартылатын генерация объектілерін салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.Министрлік жаңартылатын энергетика жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға қатысуға инвесторлардың жобаларын дайындау және егжей-тегжейлі пысықтау мақсатында 2025 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлеп, бекітті.Мүдделі тараптар Министрліктің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының» ЖШС (https://rfc.kz/ru/res-sector/auctions/selection-of-res/) және «KOREM» АҚ (https://www.korem.kz/rus/linksts/) ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады.Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген) Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/795552?lang=kk).2025 жылға арналған аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат1 810 МВт құрайды және мынадай электр станцияларының түрлері бойынша бөлінеді:- күн электр станциялары (КЭС) – 90 МВт;- жел электр станциялары (ЖЭС) – 1200 МВт;- гидроэлектр станциялары (ГЭС) – 500 МВт;- биогаз электр станциялары (БиоЭС) – 20 МВт.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/935909
Шымкентте полицейлер 74 есірткі сайтын бұғаттады 15.02.2025
Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері осы жылдың бірінші айында есірткіге байланысты 47 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 10 синтетикалық есірткі сату жайты. Департамент бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың айтуынша, заңсыз айналымнан 35 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 1 келіден астамы синтетикалық есірткі бар.Бейсенбаев ішкі істер министрі 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялағанын еске салды. Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі қылмыстарының алдын алу шаралары күшейтілді.Рейдтер барысында полицейлер есірткіге масаң күйінде көлік тізгіндеген 18 жүргізушіні анықтады, олар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.Қала аумағындағы ғимарат қабырғаларында граффити түрінде есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, нәтижесінде есірткі заттарын сататын сайттарды жарнамалайтын 500-ге жуық жазба жойылды.Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 74 есірткі сайтын бұғаттады.Полиция есірткі заттарын сақтау және сату қылмысы үшін заңмен қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/935608
Еңбекмині әрекетке қабілетсіз тұлғалармен байланысты екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрландырды 15.02.2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» және «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерін «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетуді іске асырдыБұған дейін сот әрекетке қабілетсіз деп таныған кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуге, сондай-ақ қорғаншылықтағы немесе қамқорлықтағы адамдардың мүлкіне билік етуге рұқсат беру үшін құжаттарды қабылдау тек қағаз түрінде жүзеге асырылған болатын.Жоғарыда көрсетілген қызметтерді «Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі өтініштер мен құжаттарды қағаз жеткізгіште беру қажеттілігін болдырмайды, сонымен бірге қызмет көрсетудің бизнес-процестерін жеңілдетуге ықпал етеді, әрі көрсетілетін қызметті алушылардан дәйексіз деректерді ұсыну бойынша тәуекелдерді азайтататын болады. Бұл оларды көрсету үшін қажетті мәліметтер (цифрландырылған деректер болған жағдайда) мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен келіп түсетіндігіне байланысты болып отыр.Қорғаншылықты/қамқоршылықты белгілеуге не әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамның мүлкіне билік ету бойынша рұқсат беруге арналған өтініштерді қарау қорытындылары бойынша «Электрондық үкімет» порталында өтініш берушінің жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында тиісті бұйрық не болмаса дәлелді бас тарту түріндегі хабарлама жіберіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/935710
ҚАЗАҚСТАНДА В ЖӘНЕ С ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН СКРИНИНГ ЕНГІЗІЛУДЕ 15.02.2025
Қазақстанда вирустық гепатиттермен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С гепатиттерін анықтауға толық скрининг жүргізу жоспарлануда.В және С вирустық гепатиттерімен инфекцияны ерте анықтау жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыру қорытындылары, сондай-ақ елдегі сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ауруларды талдау орталығы (CDAF) қорының директоры доктор Хоми Разавимен кездесуі барысында талқыланды.ДДҰ-ның 2030 жылға дейінгі вирустық гепатиттерді жою бағдарламасының негізгі және маңызды мақсаттарының бірі - оларды уақтылы диагностикалау болып табылады.В және С вирустық гепатиттері негізінен жасырын (асимптоматикалық) болғандықтан, 65% жағдайда олар цирроздың немесе бауыр обырының дамуымен аяқталады, бұл өз кезегінде жұқтырған халықтың өліміне және мүгедектігіне әкеледі. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларын ерте сатысында анықтауды және емдеуді қамтамасыз ету маңызды, өйткені олар айналасындағылар үшін вирустық гепатит көзі болып табылады.Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша Қазақстанда тиімді диагностикалық шешімдердің көмегімен 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған жалпы скринингті бастау туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/935924
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КАРДИОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ 15.02.2025
Бүгін Шымкентте балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында жаңа кардиохирургия бөлімшесі ашылды.Қалада балалар санының көптігін ескере отырып, бөлімшенің ашылуы операцияларды күту уақытын қысқартуға және жақын маңдағы өңірлерден күрделі диагнозы бар балаларға көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Бүгінде Шымкентте 500 мың бала тұрады, оның 1400-і жүрек кемістігі бар диспансерлік есепте тұр. Биыл 67 балаға операция жасалды, 43 балаға шұғыл хирургиялық түзету қажет.«Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы білікті мамандарды даярлауға, жаңа бөлімшелер ашуға, клиникалық хаттамаларды әзірлеуге бағытталған 2024-2026 жылдарға арналған балалар кардиохирургиялық көмегін жетілдіру жөніндегі Жол картасын» бекітті. Біз жүрекке немесе медициналық көмектің басқа түрлеріне операция жасауды қажет ететін әрбір баланың оны уақтылы және толық көлемде алуына ұмтылуымыз керек», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін Шымкент қаласында ашылған кардиохирургиялық және онымен байланысты қызметтер жөніндегі халықаралық конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.Ақтөбе және Түркістан облыстық балалар ауруханаларының базасында өңіраралық балалар кардиохирургиясы орталықтарын құру жоспарлануда. Бүгінде балалар кардиохирургиялық көмегі еліміздің 6 өңірінің 10 бөлімшесінде, ал облыстық деңгейде Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстық балалар ауруханаларында көрсетіледі.Қазақстан - Орталық Азиядағы туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз ел. 2024 жылы республикада 2474 операция, оның ішінде 317 жаңа туған нәрестеге жасалды. Барлық операциялардың жартысы бір жасқа дейінгі балаларға тиесілі.Оң жақ жүрекшенің құлақшасынан өкпе артериясының неоқақпақшасын жасауды қоса алғанда, озық технологияларды енгізу арқылы біздің мамандар Фалло тетрад және өкпе атрезиясы сияқты ең қиын жағдайларды сәтті шешуде. Биыл осындай 23 операция жасалды.Халықаралық конференцияның жұмысына Беларусь Республикасының, Өзбекстанның, Ресей Федерациясының, Қырғызстанның мамандары, ғылыми және республикалық орталықтар, практикалық дәрігерлер қатысады.Форумның шеңберінде қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында мастер-класс өтеді, онда бүгін кадр ресурстарын дайындап, медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алғаннан кейін кардиохирургия бөлімшесі өзінің кардиореанимациясымен және операциялық блогымен ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/935985
Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны ел игілігіне берілді 15.02.2025
Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт кешені және 103 спорт алаңшасы бар. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде айтылды.Жиында спорт саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер талқыланды.Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимовтың хабарлауынша, 2024 жылы 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілді. Оның 9-ы қолданысқа беріліп, биыл қалған 6 спорт нысаны табысталады.Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен аудандарда 103 спорт алаңшасы ел игілігіне тапсырылды. Демеушілердің есебінен 3 ауылдық елді мекенде спорт кешені ашылды.Нәтижесінде облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 68,3 пайызды құрады.Жалпы облыста 2 353 спорт нысаны бар.Биыл 8 жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқын алады деп күтілуде.Өткен жылы спорт саласының шығындарына 15,8 млрд. теңге бөлінсе, биыл 17,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.Ағымдағы жылы бұқаралық спортты дамытуға 460, 9 млн. теңге жұмсалады.Бүгінде 28 872 спортшымен 1 195 жаттықтырушы тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.18 спорт түрі бойынша 6 871 бала (5-17 жас аралығындағы) спорт секцияларына тегін қатысып жүр.Бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беру, тұрғындарды дене шықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында облыста 285 спорт нұсқаушысы жұмыс істейді.2024 жылдың қорытындысы бойынша 4 034 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 363 мың жамбылдық қамтылды.503 мың адам немесе облыс халқының 41,2 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.Облыс спортшылары 1 797-і медальді қанжығасына байлады (алтын - 658, күміс - 570, қола - 569).Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан Елдос Сметов чемпион атанса, XVII жазғы Паралимпиада ойындарында пара жүзуден Нұрдаулет Жұмағали күміс жүлдеге ие болды.V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 17 жамбылдық спортшы сегіз спорт түрі бойынша ел намысын қорғады. Нәтижесінде қоржынға 7 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль түсті.Сондай-ақ басқарма басшысы баяндамасында спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау, байрақты бәсекелерді жоғары нәтижеге қол жеткізу, бәсекелестікті арттыру, олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелеріне кеңінен тоқталды.Облыс әкімі бұқаралық спортты дамыту мәселесіне көңіл бөліп, спортпен шұғылданушылар санын және халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін одан әрі арттыру бойынша жұмысты жандандыруды жүктеді. Спорт нысандары халыққа қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс.Ербол Қарашөкеев өңірдегі спорт нысандарының жай-күйіне ерекше назар аударды. Ол дене шынықтыру және спорт басқармасына құрылысы жүріп жатқан және қолданыстағы спорт нысандарын жүйелі түрде зерделеуді, ондағы анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, сондай-ақ 2028 жылы өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындықты қазірден күшейтуді тапсырды.Басқосу барысында Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің спорт саласын дамыту туралы есебі тыңдалды.Сондай-ақ облыс әкімінің Шу ауданы халқымен кездесуде және жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуы барысы қаралды.- Халық көтерген мәселелерге құлақ асып, шешу жолдарын қарастыруды қатаң бақылауға алуды тапсырамын, – деп облыс әкімі кеңесті түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/935998
ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР БҰЗЫЛДЫ 15.02.2025
Еңбекші ауданында жер учаскелерін заңсыз иеленген және уақытша алынған мемлекеттік жерді уақытылы қайтармаған тұлғалардың нысандары бұзылды.Құзырлы мемлекеттік органдардың келісімінсіз, әрі жол бойында салынған құрылыс нысандары қала тұрғындары үшін қолайсыздық туғызады. Сондықтан қазіргі таңда заңсыз нысандар жаппай сүріліп жатыр.Қала тұрғындарын жер учаскелерін пайдалану кезінде меншік құқығын құрметтеуге және заңнаманы сақтауға шақырамыз. Бизнесті жүргізу үшін жер учаскелерін басып алу заңды бұзып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздікке, әлеуметтік тәртіпке және аймақтың дамуына да қауіп төндіреді.Барлық кәсіпкерлерді өз қызметін адал, жауапкершілікпен және заң шеңберінде жүргізуге, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге және бизнес пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге шақырамыз.Жерді пайдалану үшін қажетті рұқсат пен келісімдерді ресімдеу қажет екенін ескерген жоқ.Шымкент қаласы әкімінің баспапөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935917
ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ТАРИХИ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ 15.02.2025
ІХ Қысқы Азия ойындары, Харбин (Қытай)Қазақстан құрамасы қоржынға екінші алтын медальді салды!Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы командалық сайыста чемпион атанды. Бұл сында ел намысын Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қорғады.Шымкент қаласының спортшысы Шерзод Хаширбаев жұптық сайыста 97.92 ұпай жинап, тарихи нәтижеге қол жеткізді.Бұл Қазақстан фристайл-акробатика тарихындағы ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлде болды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935922
ХАБАРЛАНДЫРУ! 15.02.2025
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің азаматтарды қабылдау күні өтеді. Қабылдау әкімдіктің фронт-офисіне келіп, арнайы жазылған тұрғындардың тізімі бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ азаматтар әкімдік ғимаратының 1-қабатында басқарма басшылары немесе орынбасарлары мен аудан әкімдері немесе орынбасарларына ұсыныстар мен өтініштерін білдіре алады. Мекен жайы: Назарбаев даңғылы, № 10 Күні: 12.02.2025ж Уақыты: 11:00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/935925
📢 Қостанай қаласын дамыту жөніндегі жиынның тікелей эфирі! 15.02.2025
Құрметті қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері!Сіздерді Қостанай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиынның тікелей эфиріне қосылуға шақырамыз. Жиында тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған негізгі жобалар, жоспарлар мен бастамалар қарастырылады.📅 Күні: 11 ақпан⏰ Уақыты: 11:30📍 Тікелей эфир сілтемесі: YouTube LiveМаңызды шешімдерден хабардар болыңыз және туған қалаңыздың дамуына үлес қосыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/935259
Қостанайдың дамуы: экономика, инфрақұрылым және қолайлы қалалық орта 15.02.2025
Қостанай облыстың экономикасында жетекші орын алып, өмір сүру сапасын арттыру бағытында қарқынды дамып келеді. Қалада тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру, көлік жүйесін дамыту және цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.Экономикалық даму және жұмыспен қамтуҚостанай облыс өнеркәсібінің 57%-ын қамтамасыз ете отырып, өңір экономикасының көшбасшысы болып табылады. Мұнда облыстың шағын және орта бизнес субъектілерінің 50%-ы шоғырланған, бұл кәсіпкерліктің дамуына және жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізуде.2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,7 мың жаңа жұмыс орны ашылып, оның 88%-ы тұрақты жұмыс орны болды. Қаланың 2025 жылға арналған бюджеті 154,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артты. Бұл қаражат қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, бизнесті қолдауға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталмақ.Тұрғын үй құрылысы және абаттандыру2024 жылы Қостанайда 332 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 4 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Облыс бойынша салынған тұрғын үйлердің 67%-ы Қостанай қаласына тиесілі.Қаланың сәулеттік келбеті мен жайлылығына ерекше назар аударылуда. Жаңа аудандарда жолдардың кеңейтілуі мен автотұрақ орындарының көбеюі қарастырылуда. 2024 жылы 40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Триатлон паркі, «Шағала» жағалауы, Орталық саябақ қайта жаңартылуда. Теміржол вокзалы, ауыл шаруашылығы институты (СХИ), Орталық стадион аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Құнай шағын ауданында жаңа саябақ салынады.Инфрақұрылым және көлік жүйесі2024 жылы жол жөндеу жұмыстарына 6 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Жалпы ұзындығы 40 шақырымды құрайтын 66 көше жөндеуден өтеді. Биыл Сьянов көшесінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Нариманов, Фролов және Баймағамбетов көшелерін жөндеу жоспарланған.Қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары жалғасуда:• Соңғы жылдары 113 жаңа автобус сатып алынып, тағы 28 автобус лизингке алынды.• 71%-ы – 7 жылға дейінгі жаңа автобустар.• Барлық автобустар электрондық билеттеу және GPS-трекерлермен жабдықталған.• 82%-ында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар орнатылған.Қала тұрғындары үшін көлік күту жағдайын жақсарту мақсатында 2023 жылы 26 жаңа аялдама павильоны, оның ішінде 11 жылы аялдама орнатылды. 2024 жылы тағы 35 жаңа аялдама, оның ішінде 3 жылы аялдама орнатылады.Әлеуметтік салаҚостанайда білім беру инфрақұрылымы кеңейіп келеді. Аэропорт және Береке шағын аудандарында 2 жаңа мектеп ашылды. 2024 жылдың соңына дейін тағы 2 мектеп ашылып, қосымша 1 880 оқу орны қамтамасыз етіледі.Соңғы екі жылда қалада 5 балабақша іске қосылып, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қолжетімділік арта түсті.Дене шынықтыру және спорт саласында жаңа нысандар салынып жатыр. Юбилейный шағын ауданында жүгіру жолдары мен сквері бар спорттық-сауықтыру кешені ашылды. «Еңбек резервтері» спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, аквапарк пен үстел теннисі орталығының құрылысы басталды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы әзірленуде.ЦифрландыруИнтернетке қолжетімділікті кеңейту – басты басымдықтардың бірі. 2025 жылы Beeline Қазақстан компаниясымен бірлесіп, халық тығыз орналасқан аймақтарда 10 жаңа байланыс мұнарасы орнатылады. Бұл Береке, Юбилейный және жаңа тұрғын аудандарда мобильді байланыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.5G желісін дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Қостанайда 26 базалық станция іске қосылған, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 48-ге дейін артады.Даму келешегіҚостанайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарлы түрде жүзеге асуда. Қаладағы экономикалық өсім, инфрақұрылымды жаңарту, жайлы қалалық орта қалыптастыру және цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/935961
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты 15.02.2025
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты. Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/935894