Enbekshi QazaQ

Қоғам

Білім беру саласындағы жасанды интеллект: қазақстандық жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларды енгізу 01.02.2025
Білім беру саласындағы жасанды интеллект: қазақстандық жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларды енгізуSatbayev University-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізуге арналған семинар өтті.Іс-шараға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарын цифрландыру жөніндегі проректорлары, ЖИ саласындағы сарапшылары және мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Іс-шараның модераторы ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов елдің цифрлық егемендігін қамтамасыз ету үшін үлкен тілдік модельдер сияқты цифрлық құралдарды енгізудің маңыздылығын атап өтті:– Біз қатысушыларға жасанды интеллект университеттің қызметін академиялық бөлімнен басқарушылық бөлімге қалай өзгерте алатынын жеткізгіміз келеді. Бұл бізге болашақта еліміздің цифрлық егемендігін қамтамасыз етуге көмектеседі, – деді ол.Жасанды интеллект жұмысының принциптері және студенттер мен оқытушылардың жаңа шындықтағы өзара іс-қимылы туралы түсіндірмелерден басқа шеберлік сабағында қазақ тіліндегі KazLLM үлкен тілдік моделі және қазіргі уақытта «Электрондық үкімет» порталы үшін чат-боттар әзірленіп жатқан Ұлттық мемлекеттік интеллект платформасы сияқты қазақстандық әзірлемелер ұсынылды.Семинар қатысушыларының назарына мәтіндерді өңдеу, талдау және генерациялау үшін әзірленген KazLLM үлкен тілдік моделін ұсынған Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) бас директоры Атакан Хусейнның таныстырылымы өткізілді. Модель қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдеріндегі 150 миллиард токендердің негізінде жасалған және интернетте https://oylan.nu.edu.kz/ мекенжайы бойынша қолжетімді.Сондай-ақ семинарда «AI-Sana» жасанды интеллект жөніндегі инновациялық бағдарламасы ұсынылды, ол білікті кадрларды даярлау және елдің ғылыми-технологиялық прогресіне жаңа серпін бере отырып, ЖИ технологияларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.Семинар «SIMKON» компаниясының директоры Олег Мециктің басқаруымен ЖИ білім беру үдерістеріне интеграциялау стратегияларын әзірлеуге бағытталған форсайт-сессиямен аяқталды. Қатысушылар іс жүзінде өз ЖОО-да жасанды интеллектіні енгізу жоспарларын құрды және Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беру сапасы мен басқару тиімділігін арттыру үшін цифрлық құралдарды пайдалану перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/928714
Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшы мен 1 800 арнайы техника қар тазалауға шықты 01.02.2025
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бір тәулік ішінде олар қаладан мыңдаған жүк көлігімен қар шығарады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.31 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 633 жол жұмысшысы мен 1 862 арнайы техника шықты.31 қаңтарға қараған түні елорданың қар полигондарына 50 мың текше метрден астам қар 3 735 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 353 998 рейспен 4,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928639
Лудоманиямен қалай күресуге болады: еріктілер Астана көшелерінде акция өткізді 01.02.2025
Елордалық еріктілер қала көшелерінде іс-шара өткізіп, өтіп бара жатқан адамдарға құмар ойындарға тәуелділіктің қаупі мен қолжетімді көмек туралы парақшалар таратты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Астана Жастары» еріктілері іс-шараны халық көп жүретін «Астаналық» базарында өткізді. Мақсаты – елорда тұрғындарын лудомания проблемалары, оның салдары және көмек алудың қолжетімді жолдары туралы ақпараттандыру.Өтіп бара жатқандарға құмар ойындарға тәуелділіктің белгілері туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылды.Патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктің түрлері және оның негізгі белгілері туралы айтылады. Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша ұсыныстар берілген. Парақшада құмар ойынға тәуелділердің ең көп бөлігі 18 бен 30 жас аралығындағылар екені атап өтілген.Ең маңызды бөлімдердің бірі лудоманияға тәуелділіктен көмек алу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Астаналықтарға қалалық психикалық денсаулық орталығына немесе республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының mentalcenter.kz сайтына хабарласу ұсынылады.Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл шараның қоғамды ақпараттандыруға, қайдан көмек алуға болатынын және тәуелділіктен қалай құтылуға болатынын білетін қоғам құруға бағытталған.«Бүгін біз адам көп жиналатын орындарда ақпараттық брошюралар тараттық. Акция барысында еріктілер ойынға тәуелділік, оның салдары және көмек алудың қолжетімді жолдары туралы 500 буклет таратты. Биыл құмар ойындарға тәуелділікпен күресу бойынша алғашқы акциямызды өткіздік, бұған дейін де «Жарқын болашақ» жобасы аясында осындай акцияларды өткізген болатынбыз, – дейді «Астана жастары» маманы Олжас Амангелді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928653
Қазақстан мен Татарстан аграрлық сектордағы ынтымақтастықты күшейтеді 01.02.2025
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаровпен кездесті.Кездесуге келген делегация құрамына Татарстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бас ветеринария басқармасының, «Красный Восток» МК», «Эдельвейс Групп», «Казанские деликатесы» компанияларының, Татарстан шаруашылықтарының өкілдері кірген. Олар Қазақстанға етті мал шаруашылығындағы, агроқұрылымдағы және жалпы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы тәжірибені зерделеу үшін келді.Вице-министр аграрлық сектордағы өзара іс-қимыл елдер арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша АӨК өнімінің Татарстанмен тауар айналымы 61,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға артық. Сонымен қатар, тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ұлғайтуға мүдделілігін атап өтті.Аманғали Бердалин етті мал шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары және агро саланы сақтандыру туралы хабардар етті.«Жемшөп дайындаудан бастап дайын өнімді сатуға дейінгі толық циклді ет кластерлері құрылуда. Австралиялық тәжірибе бойынша алдағы 2 жылда қуаттылығы 98 мың бас ІҚМ 6 бордақылау алаңын, 50 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау кешенін, сондай-ақ бірінші мамандандырылған мал биржасын салу жоспарлануда. Министрлік әрбір жобаны толық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу біз үшін басым бағыт болып табылады. Біз ҚР аумағында бірлескен өндірістер құруға мүдделіміз», - деді вице-министр.Өз кезегінде Марат Зяббаров барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты күшейтуге дайын екенін атап өтті.Жұмыс бағдарламасы аясында делегация мүшелері Қазақстанның Ет одағының қызметімен танысты, Абай облысындағы мал шаруашылығы нысандарына барды, сондай-ақ Ақмола облысының шаруашылықтарына бару жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/928371
Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады 01.02.2025
Career Enbek сайтында жұмыссыз азаматтардан кәсіптік біліктілігін тану үшін ваучерлер алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл бастама жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, азаматтардың кәсіби дамуын қолдауға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.Өтінімдерді өңдеуді және консультациялық қолдауды барлық кезеңдерде еңбек мобильділігі орталықтары жүргізетін болады.Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі.Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды, бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді.Ваучер алу үшін азаматтың ресми «Жұмыссыз» мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/928144
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды 01.02.2025
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды.Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның ер жеткеніне дейін мемлекеттің қолдауына сенімді бола алады. Айталық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жас азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылдан бастап жылма-жыл қазақстандық балаларға 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық табысты қоса алғанда, Ұлттық қордан қаражат аударылып келеді.«Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартып, балаларымызға кемел келешекті құрудың негізін қалап жатырмыз»,- Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.«Ұлттық қор – балаларға» жобасының басты миссиясы – келер ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу жолымен әр балаға ұлттық байлықтан тиесілі үлесті беруді көздейді.2024 жылы аталған бағдарламаға 6 919 131 адам қатысып (2006-2023 ж.ж. туған балаларды қоса алғанда), олардың әрбірінің шотына 100,52 доллар жіберілді. Аударылған ақшаның жалпы сомасы – 695,5 млн доллар. Тұтастай алғанда, осы бағдарламамен қамтылғандардың жалпы санынан 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға жалпы сомасы 30,6 млн доллар аударылды.2025 жылы әр балаға жаплы 129,38 доллар аударылды.Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың (инвестициялық кірісті қоса алғанда) жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды.«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 2025 ж. 1 ақпанда көрсетіледі.Төлем тетігі барынша қарапайым. Баланың бағдарламаға қатысуы мен есептелген ақша туралы ақпаратты баланың ЖСН енгізе отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, сол секілді өзекті сұрақтардың жауаптарын ала аласыз. Бұдан бөлек балаға арналған аударымдар туралы деректерді eGov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы да көруге болады.Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – білім мен баспана алуға баршаға тең мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы жас қазақстандықтар үшін айтарлықтай қолдауға айналды.Жинақталған соманы кез келген жас азамат 18 жасқа толғанда пайдалана алады. Жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға аударылады және жобаның ресонденттері уәкілетті операторлардың (Отбасы банкі және Халық банкі) қосымшасы арқылы өтініш бере отырып, тиісті соманы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға жұмсай алады.2025 жылдың 1 қаңтарында бұл мақсатқа 66 571 өтінім беріліп, оның ішінде жалпы сомасы 5 316,7 мың долларға 53 001 өтінім орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім берілді, оның ішінде 29 542-сі орындалып, 2 964 мың доллары төленді. Білім беру бойынша 32 183 өтінім жолданып, оның ішінде 23 459 өтінім қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.Биыл бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр (2007 жылдан 2024 жылға дейін туған балалар). Олардың ішінде 324 430 азамат 2025 жылы 18 жасқа толады.Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Аталған бастама өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпаққа болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/928482
«eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы «eOtinish»-ке қалай өтініш беруге болады 01.02.2025
eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы «eOtinish»-ке қалай дұрыс өтініш беруге болады«eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға өтінішіңізді сәтті жасау және жолдау үшін «eGov Mobile» қосымшасына кіру қажет.Әрі қарай, «Қызметтер» бөлімінде «eOtinish» бөліміне басу керек. Басқаннан кейін Сіз «eOtinish» ақпараттық жүйесінің басты бетіне өтесіз.Содан кейін «Өтініш беру» бөліміне басып, пайда болған терезеде электрондық форманы толтыру қажет.Тиісті бағандарды сәтті толтырғаннан кейін Сізге бар болғаны «Қол қою және жіберу» батырмасын басу ғана қалады.Бұл әрекет Сіздің өтінішіңіз мемлекеттік органға тіркеу үшін және одан әрі қарауға жіберілгенін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/928495
Алматыдағы сауда желілері отандық өнімге басымдық береді 01.02.2025
Бүгінде Алматыдағы ірі сауда желілерінде көкөніс қоры жеткілікті мөлшерде ұсынылған. Себебі өнімді қазақстандық фермерлерден тікелей сатып алып отыр. Қаланың бір сауда желісінің қоймасында 500 тоннадан астам көкөніс сақталса, ал осы желінің бір дүкенінде 7,5 тонна өнім бар.Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қаладағы ірі сауда желілерін аралап, сауда субъектілерінің өкілдерімен кездесті. Дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесін арттыру мәселесі талқыланды. Министр Алматыдағы сауда желілерінің жалпы ассортиментінің елеулі бөлігін қазақстандық өнімдер құрайтынын атап өтті. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар, әсіресе сүт өнімдері, жоғары үлеске ие. Мысалы, Алматы дүкендеріндегі сүт өнімдерінің 97%-ы Қазақстанда өндірілген.«Біз қазақстандық фермерлермен және өндірушілермен тығыз жұмыс істейміз, олардың өнімдерін сауда желілерімізге жеткізуге күш салып жатырмыз. Ірі сауда желілеріндегі көкөністердің барлығы қазақстандық фермерлердің өнімі. Сондай-ақ, құс еті мен өсімдік майы сияқты басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдердің үлесін арттыру маңызды қадам болып табылады», – деді министр.Отандық өндірушілерді одан әрі қолдау мақсатында министр бірқатар бекітілген міндеттемелер туралы айтты. Атап айтқанда, «Қазақстанда жасалған» деген арнайы белгілердің болуы міндеттелген. Сонымен қатар, ішкі сауданы қолдау функциясының заңнамалық түрде Сауда министрлігіне берілуі отандық өндірушілерге үлкен мүмкіндік болып отыр. Бұл шара мемлекеттік қолдау алған сауда объектілеріне сөре кеңістігін 20%-ға арттыруды міндеттейді. Енді дүкен сөрелерінің кемінде 50%-ы қазақстандық азық-түлік өнімдерімен, ал кемінде 20%-ы тұрмыстық тауарлармен толтырылуы тиіс. Бұл тауарлар тұтынушылар үшін көрнекі әрі қолжетімді жерлерге орналастырылуы керек.«Тұтынушыларды алдауға жол бермеу үшін біз тауарлардың сапасы мен орналасуына қойылатын талаптарды күшейттік. Мысалы, тауарлар дұрыс көршілестік қағидаты бойынша орналастырылуы тиіс: сүт өнімдері сүт сусындарымен, ал май – майдың балама түрімен қатар тұрмауы қажет», – деп қосты Арман Шаққалиев.Министр, сондай-ақ, Алматыдағы сауда орталықтарында отандық өндірушілердің тауар көрмелерін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл шара тұтынушылардың сапалы әрі қолжетімді қазақстандық өнімдерге деген сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматыда 11 ірі сауда желісі және 3500-ден астам шағын дүкен жұмыс істейді. Осы бастамалар жергілікті өндірушілердің өнімдерінің дүкен сөрелерінде кеңінен ұсынылуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/928141
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады 01.02.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады. Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда, пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын.Министрлік құрылғаннан кейін Қызылорда су торабының құрылысы қайта жанданды. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында гидравликалық тораптың бұзылған бөлшектері қайта жөнделіп, басқа да ақаулары дұрысталды.Айта кету керек, су торабы Сырдария өзенінің сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және шамамен 2 млн гектарға жуық шөлді аймақты ылғалдандыруға арналған.«Құрылысы тоқтап қалған немесе созылып кеткен жобаларды аяқтау мәселесі министрліктің жіті бақылауында. Мәселен, Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бүгінгі таңда Есқұла, Талап, Пресновский және Соколовский таптық су құбырларының құрылысын аяқтау бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобалар халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себепті аталған жобаларды іске асырып, межесіне жеткізу өте маңызды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/928272
Туризм және спорт министрі Sport Qory-ның отандық кәсіпқой спорт клубтарының басшыларымен жиналыс өткізді 01.02.2025
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» (Sport Qory) корпоративтік қорының және отандық кәсіпқой спорт клубтарының басшыларымен жиналыс өткізді. Атап айтқанда, жиынға Sport Qory-ның, «Астана» футбол клубының, «Барыс» хоккей клубының, «Астана» баскетбол клубының, Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас директорлары қатысты.Отырыста кәсіпқой клубтардың былтырғы есебі тыңдалып, спорт клубтарын дамытуға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ жиын барысында Министр клубтардың негізгі жұмыс бағыттарын айқындап, командалардың қызметін тиімді ету және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.Атап айтқанда, кәсіпқой клубтарға нақты көрсеткіштер арқылы 2025-2028 жылдарға арналған даму стратегиясын әзірлеу, бюджетті оңтайландыру және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес легионерлерге жалақыны бюджет есебінен емес, демеушілерді тарта отырып төлеу туралы нақты тапсырмалар жүктелді.Клубтар алдындағы тағы бір маңызды міндет – негізгі және жасөспірімдер құрамасына іріктеу жүйесін біріздендіру. Сондықтан кәсіпқой клубтар республикалық федерациялармен және аймақтық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға тиіс. Бұл халықаралық турнирлерде өнер көрсететін ұжымдардың сапында отандық спортшылардың санын арттыруға мүмкіндік береді.«Министрлік отандық спортты дамыту, жас таланттарды қолдау және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды одан әрі жалғастырады. Әсіресе, жасөспірімдер командаларын дамытуға және қолдауға ерекше көңіл бөлу қажет», – деді Министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928298
Кәсіпкерлерге аяқ киімді таңбалауға рұқсат болатын қоймалардың тізімі бекітілді 01.02.2025
Қойма нысандарының тізімі тоқсан сайын жаңартылып отырады, бұл үрдіс өз кезегінде бизнес үшін деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді. Компаниялар қоймасын тізімге кіргізу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін құжаттар пакетімен бірге өтініш жіберуі тиіс.Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, кәсіпкерлер аяқ киім өнімдерін шығарылғаннан кейін оны ішкі нарыққа немесе реимпорттаудан бұрын таңбалауға болатын қоймалардың тізбесін бекітті. Ережеге сәйкес компаниялар өз сұранымдарына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:қоймаға меншік құқығын немесе оны жалға алу құқығын растайтын құжаттар;көлік құралдарының кіруі мен шығуын, адамдардың кіруі мен шығуын бақылау жүйелері, сондай-ақ бейнебақылау жүйесі туралы ақпаратты қоса алғанда, қойманың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер.Бүгінгі таңда Аналитикалық платформаның мәліметтері бойынша таңбалау жүйесінде аяқ киім айналымының 4 418 қатысушысы тіркелген, оның ішінде: 1 759 импорттаушы, 88 өндіруші, 118 көтерме және 2 453 бөлшек сауда өкілі.Аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау енгізілген күннен бастап (2021 жылдың 1 қарашасынан) 130,65 миллион жұп аяқ киім таңбаланып, 40,42 миллион таңбалау коды айналымға енгізіліп, оның 39,3 миллионы айналымнан шығарылды. Жыл басынан бері 2,52 миллион жұп аяқ киім таңбаланып, 642 мың дана тауар айналымына шығарылып, оның 584 мың данасы тауар айналымынан шығарылды.Анықтама үшін: Үкіметтің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысымен «Қазақтелеком» АҚ Қазақстандағы тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор болып белгіленді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000095). Бүгінгі таңда темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмекке міндетті таңбалау енгізілді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035129). Келесі өнім топтары бойынша таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: мотор майлары, сыра қайнату өнімдері, зергерлік бұйымдар.Тауарларды таңбалау мен қадағалау бойынша бірыңғай оператордың баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/927802
Қазақстан мен Еуропалық Одақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды талқылады 01.02.2025
29 қаңтарда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі мен Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) және Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Қанат Шарлапаев халықаралық серіктестермен еліміздің коммуналдық секторын жаңғырту перспективаларын, соның ішінде Қазақстанның FELICITY II жобасына қатысу мүмкіндігін талқылады.Басты назар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту, оның ішінде заманауи тазарту құрылыстарын салу мәселелеріне аударылды. Коммуналдық инфрақұрылымның тозуы қомақты инвестиция мен озық технологияларды қажет етеді, сондықтан кездесу қатысушылары ресурстарды тиімді басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізу мен қаржыландырудың ықтимал нұсқаларын қарастырды.Еуропалық инвестициялық банк Қазақстандағы басым инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға дайын екенін растады, ал GIZ сарапшылары елдің FELICITY II бағдарламасына қатысуы энергияны үнемдейтін және экологиялық тұрақты технологияларды енгізуге көмектесетінін атап өтті.Нәтижесінде тараптар инфрақұрылымның ағымдағы жағдайына бірлескен талдау жүргізуге, қаржыландыру тетіктерін әзірлеуге және коммуналдық секторды жаңғырту бойынша пилоттық жобаларды дайындауға келісті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту мақсатында халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/928224
Ұйғыр ауданы: Газдандыру және аграрлық дамудағы серпіліс 01.02.2025
Алматы облысындағы аграрлық аймақтардың бірі – Ұйғыр ауданы, өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуында серпінді жетістіктерге қол жеткізуде. Аудан өткен жылы ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және әлеуметтік салаларда маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, даму қарқынын арттырды.Ауыл шаруашылығындағы жетістіктерАуданның аграрлық әлеуеті жыл санап нығайып келеді. 2024 жылы өңірде 12 829 тонна көкөніс жиналып, гектарына орташа өнімділік 278 центнерді құрады. Сонымен қатар, диқандар 31 мың тоннадан астам жүгері, 2 мың тоннадан аса картоп және 20 тонна майлы дақыл жинады.2025 жылы егістік көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізованың айтуынша, ауыл шаруашылық дақылдар егілетін жер 23 265 гектарға, ал азықтық дақылдар көлемі 14 997 гектарға дейін өседі. Жалпы егістік көлемі 2000 гектарға ұлғаймақ.Су үнемдеу технологиялары да қарқынды енгізілуде. Өткен жылы 1 386 гектар жер осындай технологиялармен суғарылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 500 гектарға дейін ұлғайтылады деп жоспарланған.Өңдеу өнеркәсібі мен инвестиция тартуӨңірдің ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 50 млрд 274 млн теңгені құрап, нақты индекс көлемі 95,5%-ға жетті. Өңдеу өнеркәсібі де дамып келеді – 2024 жылы өндірілген өнім көлемі 22 млрд 511 млн теңгені құрады.Аймақ инвестиция тарту бойынша көшбасшылар қатарында. Өткен жылы нақты индекс көлемі 107%-ға жеткен. Әкімнің айтуынша, аудан бойынша әзірленген арнайы жол картасына ең өзекті 87 мәселе енгізіліп, олардың 14-і толық шешімін тапты.Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар Ұйғыр ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы Шонжы ауылында 1500 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 40 үй сатып алынды. Сонымен қатар, 2019 жылы басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қайта жанданып, оған 617 млн теңге бөлінді.Автокөлік жолдарының жағдайын жақсарту жұмыстары да жалғасуда. Өткен жылы 21,2 шақырым жол жөнделсе, биыл Шонжы, Үлкен Ақсу, Ақтам, Кіші Ақсу және Рахат ауылдарындағы 25 шақырым ішкі көше жолдарын жөндеуге қаражат бөлінді. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға дейін артады деп күтілуде.Газдандыру: Болашаққа қадамАуданда газдандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қазірдің өзінде Шонжы ауылы толықтай газбен қамтылған, ал 2 815 жеке тұлға мен 126 заңды тұлға көгілдір отынға қосылған. Алдағы уақытта таулы аймақта орналасқан елді мекендерді газдандыру мақсатында автоматтандырылған газ тарату станциясы салынады. Бірінші кезеңде Кіші Дихан, Үлкен Дихан, Қалжат және Кетпен ауылдарына газ құбыры тартылып, басқа елді мекендерді газбен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.Қарадала өңірінің болашағыҰйғыр ауданының даму қарқыны оның әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және әлеуметтік инфрақұрылымдағы ілгерілеу өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуде. Газдандыру және жаңа технологияларды енгізу сияқты жобалар аймақтың болашағын жарқын етіп, экономикалық өсімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/928187
Құрметті мал өсірушілер! 01.02.2025
Ауа-райына назар аударуды және шалғайдағы малдың қыстауын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз.Ақпан айы мал өсірушілер үшін ең қиын айлардың бірі болып қала береді, өйткені оның климаттық сипаттамалары мен айналым ерекшеліктері қаңтарға өте жақын.«Қазгидромет» деректеріне сәйкес Қазақстанның басым бөлігінде орташа ауа температурасы -10 -16°С, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу облысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облысының оңтүстік - батысында, Түркістан облысының солтүстік жартысында -1 -9°С болады деп күтілуде, 0, +3°С Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Түркістан облысының оңтүстігінде.Ақпан айында жауын – шашын мөлшері елдің үлкен аумағындағы нормадан жоғары, Маңғыстау және Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қостанайдың солтүстігінде, Солтүстік-Қазақстанның солтүстік-батысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының солтүстік жартысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс жартысында нормаға жақын болады деп күтілуде.Осыған байланысты жануарлардың жылы және құрғақ қораларда орналасуын қамтамасыз етуді сұраймыз.Азық мөлшерін көбейтіңіз, өйткені суық мезгілде жануарлар дене температурасын ұстап тұру үшін көбірек энергияны қажет етеді. Азық-түлік қорын тексеріңіз, өйткені климаттың күрт өзгеруі жемнің қол жетімділігі мен сапасына әсер етуі мүмкін.Бұлақтардың қатып қалуын болдырмай, таза суға қол жеткізуді қамтамасыз етіңіз.Малдың денсаулығын үнемі тексеріп отырыңыз.Осы нұсқауларды орындау арқылы сіз жануарларға қыстауға ыңғайлы жағдай жасай аласыз және өлім қаупін азайта аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/927701
Жаңадан жиналған дәнді дақылдардың экспорты 4 млн тоннаны құрады 01.02.2025
ҚТЖ деректері бойынша 2024 жылдың қыркүйек – желтоқсан айларында жаңа егіннің астық экспортының көлемі 4 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 57%-ға артық.Өзбекстанға жаңа егіннің астық экспортының өсуі 45%, Тәжікстанға - 57%, Ауғанстанға - 51%, Қырғызстанға - 19%, ҚХР - 10% құрады.Иран мен Әзірбайжанға қазақстандық астық жеткізілімі едәуір ұлғайды: Иранға экспорт 30 есеге, 15 мың тоннадан 455 мың тоннаға дейін өсті, ал Әзірбайжанға 188 мың тоннаны құрады.2025 жылдың басынан бері 558 мың тонна астық экспортталды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 8%-ға артық. Иранға экспорттың өсуі 18,2%, Өзбекстан мен Түрікменстанға-4% құрады, ал Қырғызстанға жеткізілім 4,2 есе ұлғайды.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ 8,1 млн тонна астық экспортталды.Өзбекстанға жеткізілім 3,3 млн тоннаны, Тәжікстанға - 1,2 млн тоннаны, Қырғызстанға - 140 мың тоннаны, ҚХР - 1,7 млн тоннаны, Ауғанстанға - 289 мың тоннаны, Иранға - 526 мың тоннаны, Әзірбайжанға - 211 мың тоннаны құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/927917
Сарыағаш станциясындағы картоп партиясының жағдайы бойынша 01.02.2025
Жүк жөнелтушілер жалпы көлемі 2.7 мың тонна картоп партиясына фитосанитариялық сертификаттарды үшінші елдерге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салғанға дейін алғанын хабарлаймыз.Алайда, "Сарыағаш" станциясында шекарадан өту кезінде жүк жөнелтушілерге бірқатар бұзушылықтар, соның ішінде картоп құнының айтарлықтай төмендеуіне байланысты сұрақтар туындады. Құжаттарға сәйкес экспортқа сатылым, картоптың килограммына 40-50 тенгеден белгіленген. Осы себепті вагондар барлық жағдайлар анықталғанға дейін ұсталды.Құжаттаманы тексергеннен кейін 42 вагон картоп Өзбекстан Республикасының аумағындағы межелі жерге жіберілді. Сондай-ақ, тексеру кезінде кәсіпкерлер тауардың бүліну қаупі төнген жағдайда картопты ішкі нарыққа бәсекелестік бағамен сатуға мүмкіндігі болды.Айта кетейік, барлық 10 жүк жөнелтуші картоптың жай-күйіне қатысты мемлекеттік органдарға шағым түсірмеген.Туындаған жағдайды реттеу үшін ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2025 жылғы 18 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен картопты әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынғанын еске саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/928116
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Шығыс Қазақстан облысының халқымен кездесу өткізеді 01.02.2025
31 января 2025 года в рамках встречи руководителей центральных исполнительных органов с населением вице-министр сельского хозяйства РК Ербол Тасжуреков проведет встречу с населением, в том числе с сельхозтоваропроизводителями Восточно-Казахстанской области.На повестке дня – принятые меры по развитию агропромышленного комплекса региона.Встреча пройдет в 19.00 ч. по адресу Восточно-Казахстанская область, село Украинка, улица Клименко, 3/2, в Доме культуры.Приглашаем СМИ принять участие во встрече.Подробная информация по тел.: +7 775 837 8519 – Асия Нурпейсова.Вопросы и предложения по развитию АПК региона просим направить на почту dossov.t@minagri.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/928209
Астанада Оңайгүл Тұржанның «Ағаштар үнсіз өседі» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржанның «Ағаштар үнсіз өседі» атты кітабының тұсаукесері өтті.Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара ақынның 70 жылдық мерейтойына орайластырылды.Жиынға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен оқырмандар қатысты.Іс-шарада Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.«Өлеңсүйер қауым өзіңізді талғамы биік, тілі шұрайлы, ойы құнарлы, басқаға ұқсамайтын өзіндік көркем әлемі бар ақын ретінде жақсы біледі. Ғылым жолындағы баға жетпес еңбегіңіз, шәкірт тәрбиелеудегі ізденімпаздығыңыз әрдайым жоғары бағаланады. Танымы терең ғылыми еңбектеріңіз бен ақындық шеберлігіңіз арқылы ұлттық руханиятымызды байытып, өскелең ұрпаққа өшпес мұра қалдырып келесіз. Жан толғанысыңыздан жарық көріп, бүгін тұсауы кесілгелі тұрған «Ағаштар үнсіз өседі» атты жаңа еңбегіңіз де ойлы оқырманның жүрегіне жол табатынына сенімдімін», – делінген құттықтау хатта.Жаңа өлеңдер жинағы екі бөлімнен тұрады. Оған ақынның кейінгі жылдары жазылған шығармалары енген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928024
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба) қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.Жоба 2025 жылғы «30» қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15418720 орналастырылды.Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928054