Қоғам
«Игі іспен бөліс» республикалық флешмобы басталды 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлердің фронт-офисімен бірлесе отырып «Игі іспен бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды.Бастама әлеуметтік желілерде мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуды көздейді.Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын ілгерілетуге бағытталған.Қатысушылар #ИгіІспенБөліс #ПоделисьДобром хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде фотосуреттерін немесе видеоларын бөлісуі қажет.Флешмоб шарттары жайлы толық ақпаратпен Qazvolunteer.kz сайтынан танысуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928100
Қазақстанның жетекші музейлеріне ұлттық мәртебе берілді: Президент Жарлыққа қол қойды 01.02.2025
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлыққа қол қойды.Бұл шешім елдің мәдениет саласы үшін маңызды оқиға болып, өнер, ғылым және музей ісі өкілдерінің кең қолдауына ие болды.Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Жұмабекова музейге «Ұлттық» мәртебе берілуінің оның 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысына алғыс білдірді:«Өнерді қадірлейтін барша жанның, бейнелеу өнері мен музей ісінің дамуына үлес қосқан мәдениет қайраткерлерінің атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа осы тарихи шешімі үшін шынайы алғыс білдіреміз».Орталық мемлекеттік музей директорының міндетін атқарушы Ғалия Теміртон жаңа мәртебенің музейдің тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дәріптеудегі ұзақ жылғы еңбегінің лайықты бағалануы екенін атап өтті.Мемлекет басшысының Жарлығын ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағамбетов те қуанышпен қабылдап, музей қызметкерлерін құттықтады:«Орталық мемлекеттік музей өзінің жоғары кәсібилігімен бұрыннан-ақ «Ұлттық» деп аталуға лайық еді. Осы маңызды оқиғамен барлық қызметкерлерді құттықтаймын және музей ісі мен ғылыми қызметте жаңа жетістіктер тілеймін!»Этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Тәттігүл Қартаева елдің жетекші музейлеріне ұлттық мәртебе берілуінің маңыздылығын ерекше атап өтті:«Бұл музейлер – жай ғана артефактілер жинақталған орын емес, Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен мәдени мұрасының байлығын дәлелдейтін негізгі орталықтар. Оларға ұлттық мәртебе беру – музей ісінің дамуы жолындағы маңызды қадам. Біз археология, этнология, антропология, музей ісін бірге дамытып келеміз. Осы мәртебе біздің ғылыми зерттеулеріміз бен практикалық жұмысымыздың музейлер қызметінде көрініс тапқанын көрсетеді. Бұл мекемелер – нағыз ғылыми орталықтар», – деп түйіндеді ол. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928138
Алматыда «Birlik» ансамблінің гала-концерті өтті 01.02.2025
Бүгін, 30 қаңтар күні, Almaty Theatre сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Birlik» ансамблінің концерті өтті.Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған гала-концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясындағы 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болды.Концерттік бағдарламада Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Татарстанның танымал хореографтарының қойылымдары ұсынылды.Концертті Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлері тамашалады.Іс-шараға Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Достлуқ» ұйғыр халық аспаптар ансамблі, «Рухсара» би ұжымы, «Нава» ансамблі және «Бахар» кавказ би ансамблі қатысты.Белгілі өнер шеберлері мен жас орындаушылар жаппай және жеке хореографиялық композициялар, аспаптық және вокалдық нөмірлерді орындады. Олардың қатарында «Күй шашу» биі, халық әндерінен попурри, ұйғыр, корей, татар билері және басқа да қойылымдар болды.Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан шығармашылық ұжымға ықылас гүлі тарту етілді.Айта кетейік, «Birlik» ансамблі 2024 жылдың 1 наурызында құрылды. Бұл – Қазақстан мен ТМД-дағы алғашқы көпұлтты ән мен би ансамблі. Ұжымның бірегей репертуары қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928208
Оқу-ағарту министрлігінде білім беру саласындағы негізгі міндеттердің орындалу барысы қаралды 01.02.2025
Оқу-ағарту министрлігінде Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Кеңес министрліктің аппараттық жиыны қарсаңында өңірлік білім басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен өтті. Күн тәртібінде білім беру сапасын арттырудың негізгі бағыттары қаралды. Министр Ғани Бейсембаев ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағытта Тараз, Шымкент, Түркістан, Орал және Астана қалаларында жүзеге асқан тәжірибелер негізге алынбақ. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы мен 1300 мектепті реновациялау мәселесі талқыланды. Кеңесте техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауға ерекше көңіл бөлінді. Жиын қорытындысы бойынша министр мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтардың өтініштерімен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/928202
Шабуылдау батальонының мерзімді қызмет сарбаздары шартты қарсыластың көзін жойды 01.02.2025
«Мәтібұлақ» полигонында өткен практикалық сабақтар барысында БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының қару-жарағынан шартты қарсыластың сауытты техникасы мен тірі күштері жойылды.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 6-механикаландырылған құрамасының шабуылдау батальоны Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында бақылау ату жаттығуларын өткізді.Жауынгерлік іс-шараның мақсаты мерзімді қызмет сарбаздарының тактикалық-арнайы дайындық дағдыларын пысықтап, ұрыс қимылдарына барынша жақын жағдайда штаттық қарудан ату машығын жетілдіруге бағытталған.Әскери қызметшілер БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасының штаттық қару-жарағынан шартты қарсыластың 1500 метр қашықтықтағы сауытты техникасы мен тірі күштерін имитациялайтын нысандарды жойды. Бұдан бөлек, сабақ барысында әскери қызметшілер атыс даярлығы, жауынгерлік машинаның ұрыстық жиынтығын жартылай жүктеу, оқжатар мен таспаларды жабдықтау нормативтерін орындады.Әскери қызметшілер жауынгерлік дағдыларды ғана емес, нақты ұрыс жағдайында аман қалу тәсілдеріне де жаттықты. Атап айтқанда, қираған техникадан экипаждарды эвакуациялау және жараланған жауынгерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәжірибесін пысықтады. – Практикалық атыс сабақтарын сауатты орындау үшін әрбір жауынгер атыс ережелерін, қару-жарақтың материалдық бөлігін және жаяу әскер жауынгерлік машинасын қолдану тактикасын мұқият білуі қажет. Бір сабақ кезінде сарбаздар климаты қатал қысқы жағдайда табандылық танытып, қойылған барлық міндеттерді сәтті орындады, – деп атап өтті шабуылдау батальонының сержанты Әнуар Молдабеков.Жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейі әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл жасау дағдылары мен нақты жауынгерлік жағдайда тактикалық тәсілдерді қолдану қабілетін көрсетті.Практикалық сабақтарға барлығы тоқсанға жуық әскери қызметші қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/927775
Қазақстанда 22,7 мыңнан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген 01.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында елімізде 22 777 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі толық бейімделді.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20%-ы бейімделуге жатады. Осылайша, 2023 жылы – картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%.2024 жылдың соңына дейін еліміз бойынша 17 325 нысанды бейімдеу жоспарланған болатын, өңірлерде бұл жоспар асыра орындалды, 22 777 нысанда бейімдеу жүргізілді.Мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 22 777 объекті қол жетімді, олар:- денсаулық сақтау объектілері – 3 385;- білім беру объектілері – 7 577;- мәдениет нысандары – 1 819;- сауда және қызмет көрсету объектілері – 3 943;- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 3 367;- спорт нысандары – 397;- көлік инфрақұрылымының объектілері – 108;- әлеуметтік қорғау объектілері – 140;- қоғамдық тамақтандыру ұйымдары – 529;- ойын-сауық және демалыс нысандары – 74;- басқалары – 1438.«Жыл сайын мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімділік жағдайлары жақсарып келеді. Нысан иелері мен кәсіпкерлердің ерекше қажеттіліктері бар адамдар алдындағы жауапкершілігі көңіл қуантады. Астанадағы жаңа нысандарда мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді жағдай жасалғаны байқалады: пандустар, баспалдақтардағы тұтқалар, тактильді құралдар, лифттер бар. Бұрын жұмыс істеп тұрған нысандар да клиентке бағдарланған, біз үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген. Мысалы, 2024 жылы MEGA Silk Way сауда орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілді, егер бұрын кіру мүмкіндігі шектеулі болса, қазір мүгедектігі бар адамдар сауда орталығына, тіпті екінші қабатқа да көтеріле алады. Жалпы, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуде деп санаймын», – деп бөлісті бірінші топтағы мүгедектігі бар Дастан Раушанбеков. Бұдан басқа 2024 жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өңірлік департаменттері мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 2 695 тексеру жүргізді.Оның ішінде: 741 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 751-жоспардан тыс тексеру, 1203 – прокуратура органдарының талабы бойынша.Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1087 ұйғарым берілді, 230,3 млн теңгеден астам сомаға 973 әкімшілік айыппұл салынды.Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оны жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/927368
САЙРАМ СУ ЖАҒАЛАУЫНДА СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 01.02.2025
Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ.Базарбаев, Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә.Оңғар және жауапты мекеме қызметкерлері Сайрам су өзені жағалауындағы үйлерді су басу қаупін алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді. Атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар бекітіліп, алдағы жоспарлар пысықталды.Сонымен қатар Базарқақпа тұрғын алабы, Қарсақбай көшесіндегі Сайрам су өзенінің жағалауын абаттандыру мәселелері талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/927313
ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА 01.02.2025
Елімізде оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмыспен қамту мақсатында «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы көптеген жас маманның алғашқы еңбек жолын бастауына сеп болуда. Шымкентте былтыр 7 166 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы еңбекақысы субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алса, оның ішінде 2 456 жолдама «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі.Мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Динара Ахимбаева. Ол Петропавл қаласындағы жоғары оқу орнында «Тәрбиеші» мамандығы бойынша білім алып, өткен жылдың тамызында Еңбек мобильділігі орталығына жұмыс іздеп жүгінген. Нәтижесінде, «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы «Бес Арыс» балабақшасына жолдама алған. Қазіргі уақытта балабақшада мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жетілдіруде.– Балалармен жұмыс істегенді ұнатамын. Әр баланың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан осы мамандықты таңдап, білім алдым. Жұмыс іздеу барысында Еңбек мобильділігі орталығына жүгінгенімде, мамандар «Жастар практикасы» бағдарламасын түсіндіріп, осы балабақшаға жолдама берді. Өзім таңдаған мамандық бойынша тәжірибе жинақтап жатқаныма және осындағы тәжірибелі тәрбиешілермен әріптес болғаныма өте қуаныштымын. Оқу орнын аяқтаған жас түлектерді мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға шақырамын, – дейді Д.Ахимбаева.Жыл басынан бері қалада 793 тұрғын мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа жолдама алды. Оның 89-ы «Жастар практикасы» бағдарламасына тиесілі. Сонымен қатар, 15 адам «Әлеуметтік жұмыс» орындарына, 634 тұрғын «Қоғамдық жұмыс» орындарына, 55 тұрғын зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасына жолданды.Сонымен қатар, бос жұмыс орындарына 1 364 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осы ретте, еңбек нарығындағы жағдайға сәйкес 2024 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болса, 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1%-ды құрады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/927312
Сандықтау ауданында Жабай өзенінің жағасын бекіту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде 01.02.2025
Ақмола облысында су ресурстарының жағдайын жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар аясында Сандыктау ауданы Балкашино ауылының жағалауы бойында Жабай өзенінің жағасын бекіту және арнасының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда өзен арнасының бойында құнарлы өсімдік қабатын алу жұмыстары аяқталды. Өзеннің үш учаскесін түзеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар екі ауысымда жасалып, 25 техника жұмылдырылған. Жоспар бойынша жұмыстар осы жылы аяқталады.«Жоба жағалаудағы аумақтарды қорғауды күшейтіп, экожүйенің тұрақтылығын арттырады. Біз экологиялық және техникалық стандарттарды қатаң сақтай отырып, өзен маңындағы елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудеміз», – деді «Целингидротех» ЖШС учаске бастығы Қайролла Жақсылықов.Жабай өзенінің арнасын түзеу бойынша негізгі жұмыстар осы жылдың наурыз айына дейін аяқталады, ал каналдарды жетілдіру, дамбалар салу көктемгі тасқын қаупі бар кезеңнен кейін жалғасады. Көктем уақытында құрылыс техникасының кезекшілігі ұйымдастырылады.Айта кетейік, Ақмола облысында гидротехникалық нысандарды реконструкциялау және салу бойынша алты жоба жүзеге асырылуда. Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінің жағаларын бекіту және түбін тереңдету, Жібек Жолы ауылында қорғаныс дамбаларын салу жұмыстары жүргізілуде, бұл тасқынның таралуын болдырмауға және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Шортанды ауданының Дамса ауылында және Жақсы ауданындағы Чапаевская бөгетінде су өткізу құрылыстарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл олардың өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупін төмендетеді. Іс-шаралар «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/927935
Ақмола облысының аңшылық алқаптарында жабайы жануарларды қысқы азықтандыру 01.02.2025
Ақмола облысы өзінің кең аңшылық алқаптарымен танымал, олардың жалпы ауданы 12 млн 343 мың га. 12 млн 114 мың га аумақта 161 аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда оның ішінде 10 млн. 278 мың гектар алқапта 82 түрлі меншік нысанындағы заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы 139 шаруашылық белсенді жұмыс істеуде.Қыс мезгілінде жабайы жануарлар табиғи тағамның жетіспеуіне байланысты әсіресе қиынға соғады. Жануарлар популяциясын қолдау үшін аңшылық шаруашылықтары қажетті азық-түлік жинап, қыста алдын-ала дайындалады. Бұл мұқият жоспарлау мен күш-жігерді қажет ететін маңызды және жауапты жұмыс.Суық ауа райының басталуымен жануарларды қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін азықтандыру жұмыстары басталды. Ол үшін арнайы жабдықталған тамақтандыру алаңдарына қойылады:- жануарлардың денсаулығын нығайту үшін қажет тұз;- энергия мен қоректік заттарға бай астық пен шөп;- қосымша жем көзі ретінде қызмет ететін ағаш бұтақтарының тал жапырақтары.Мұндай шаралар жабайы табиғат популяциясын тұрақты ұстауға, әсіресе қатал қыс пен шектеулі табиғи жем жағдайында көмектеседі. Айта кету керек, жабайы табиғатты азықтандыру тек табиғатты күту ғана емес, сонымен қатар биоәртүрлілік пен экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған әрбір аңшылық шаруашылығының міндеті. Осындай күш-жігердің арқасында Ақмола облысының аңшылық алқаптары өз байлығын сақтап, аймақтың жабайы табиғатының алуан түрлілігіне таңдануға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928163
Ерейментау ауданында сиыр етін өндіретін агроөнеркәсіптік кешен құрылысы бойынша шетелдік инвесторлармен жұмыс кездесуі өтті 01.02.2025
Ерейментау ауданында арнайы инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында «BIG FARM» ЖШС өкілдері Франция және Испаниядан келген жабдық жеткізушілермен кездесті. Жұмыс кездесуіне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов пен Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов қатысты.Кездесу барысында «BIG FARM» ЖШС құрылтайшысы Оралбай Әбуов халықаралық жетекші компаниялармен бірқатар стратегиялық маңызды келісімшарттарға қол қойды. Олардың ішінде Испаниялық ROSAL MABRIK компаниясымен сағатына 20 тонна өнім өндіретін құрамажем зауытын салу туралы келісім; Франциялық GLOBAL GRAIN SOLUTION GROUP компаниясымен 50 мың тонна сыйымдылығы бар элеватор салу жөніндегі келісім; Испаниялық APISA компаниясымен сағатына 3 тонна жем-шөпті дегидрациялайтын (кептіру) желісін жеткізу туралы келісім.Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов бұл жобаның өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, агроөнеркәсіптік сектордағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық ел мен аймақтың тұрақты дамуына ықпал ететінін жеткізді.Айта кетейік, бұл жоба сиыр етін өндіру мен қайта өңдеудің толық циклді технологиясын қамтиды. Жобаның жоспарланған ең жоғары қуаты 20 000 бас малды құрайды және ол жоба Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928186
Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды 01.02.2025
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Новобратск ауылында 600-ге жуық адамға қызмет көрсететін заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Жаңа ғимарат, 282 шаршы метр, негізгі медициналық қызметтерді көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен, ыңғайлы жиһазбен және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шақыру түймесімен жабдықталған.«Мен зейнеткермін, туғаннан бері осында тұрамын. Менің ата-анам да осында дүниеге келген. Бүгін біз осындай керемет фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылғанына куә болдық. Біз келіп, құрылыс кезінде қарадық, бірақ бәрі жоғары деңгейде болады деп күткен жоқпыз. Мұнда барлығы, жаңа жабдықтар, емдеу бөлмесі, ультрадыбыстық аппарат және тағы басқалар бар. Біз тұрғындар құрылысқа қызығушылық танытқандарға және, әрине, мемлекет басшысына өте ризамыз», - деп атап өтті Новобратск ауылдық округінің тұрғыны Людмила Шалго.Айта кетейік, бүгінгі таңда Бұланды ауданында 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 23 медициналық пункт бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Партизанка және Алтынды ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы аяқталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928192
Қазақстан және Ұлыбритания СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 30 қаңтар – Британ тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы, Достастық және даму істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Дэвид Лэмми телефон арқылы сөйлесті.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік рухында дәйекті түрде нығаюын құптады. Саяси диалог пен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға, инвестиция, сондай-ақ білім беру жобаларына ерекше назар аударылды.Бұған қоса министрлер алдағы өтетін 8-ші қазақ-британ Стратегиялық диалогының маңыздылығын атап өтті. Бұл алаң – екіжақты және көпжақты күн тәртібінің негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ Астана мен Лондон арасындағы өзара тиімді серіктестікті тереңдетуге бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу үшін тиімді механизм.Сыртқы саяси ведомстволар басшылары қазақ-британ қатынастарын одан әрі дамыту үшін күш-жігерді біріктіруге өзара мүдделілік білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/928136
Қазақстан метан шығарындыларын реттеуді нығайтуда: алғашқы консультациялық семинар басталды 01.02.2025
Елордада ең қуатты парниктік газдардың бірі — метан шығарындыларын реттеу бойынша алғашқы екі күндік консультациялық семинар өтуде. Президент Кеңесшісі-Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Сүлейменованың басшылығымен іс-шараны Энергетика министрлігі, Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар Министрлігі және халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA), Clean Action Task Force (CATF) және басқа серіктестердің қолдауымен ұйымдастырды. Үкімет, бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Президенттің кеңесшісі-Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Сүлейменова: «2012 жылы енгізілген газды күнделікті алау жағуға тыйым салудың арқасында Қазақстан газды жағуды 70% - дан астамға қысқартты. Енді біз метанның ағып кетуін және желдетілуін жоюға дайынбыз. Бұл жай экология емес-бұл тұрақты даму. Біз пайда әкелетін құнды ресурсты жоғалтып жатырмыз: электр энергиясын өндіру, газ импортына тәуелділікті азайту және тіпті экспорттық әлеуетті арттыру».Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов: «Газ ресурстарын ұтымды пайдалану және экологиялық жүктемені азайту мақсатында заңнамалық базаны жетілдіру және әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды, бұл жер қойнауын пайдаланушылардың шикі газды кәдеге жарату мәселелерін шешудегі жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.Семинардың басты нәтижесі – мұнай-газ және көмір секторларында метан шығарындыларын реттеу бойынша "Жол картасын" әзірлеу. 2023 жылы метан бойынша Жаһандық уәдеге (GMP) қосылған Қазақстан ойын ережелерін өзгертуге дайын: шығарындыларды азайту, инвестициялар тарту және энергия секторының тиімділігін арттыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/928005
«Мұздықтардан фермаларға» бағдарламасына арналған семинар 01.02.2025
2025 жылғы 30-31 қаңтарда Астана қаласында Жасыл климаттық қордың қолдауымен Азия даму банкі іске асыратын «Мұздықтардан фермаларға» (G2F) бағдарламасына арналған семинар өтуде.Бағдарлама Су ресурстарын кешенді басқару, ауыл шаруашылығында тұрақты суару әдістері мен инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін қамтиды.Семинар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Пәкістан және халықаралық ұйымдардың өкілдерін аймақтық деңгейде фермерлерді қорғау, тұрақты сумен жабдықтау және азық-түлік қауіпсіздігі үшін сенімді негізді қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін жинаған басты оқиға болды.Е. Нысанбаев семинар шеңберінде аймақтық кеңестер өткізудің маңыздылығын атап өтті, ол халықаралық ұйымдармен және қатысушы елдермен өзара іс-қимыл арқылы 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен Өңірлік Климаттық саммитке апаратын жолға негіз болады.Министр сонымен қатар мұздықтарды мониторингілеу және бейімделу стратегияларын әзірлеу мәселелері бойынша ЮНЕСКО қамқорлығымен Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының шешуші рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/928145
Абай облысында АӨК дамыту: өндірістің өсуі, инвестициялар және импортты алмастыру 01.02.2025
Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс. Бұл бизнес үшін де, мемлекет үшін де басымдық болып табылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді.«Ең алдымен, бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауыл тұрғындарының өмірі мен әл-ауқаты да саланың жай-күйіне тікелей байланысты», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жалғасуда. 2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 760,2 мың га құрады. Бұған су үнемдеу технологияларын әртараптандыру мен енгізудің нәтижесінде қол жетті. Атап айтқанда, жемшөп дақылдарының ауданы 17,1 мың гектарға, картоп – 2,3 мың гектарға ұлғайтылды.Дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі гектарына 12-ден 15 центнерге дейін өсті. 2024 жылы суармалы жердің көлемі 30,1 мың га, оның ішінде 13,8 мың га жаңбырлатып және тамшылатып суаруды пайдаланды. Бұл жемшөп көлемін арттырып қана қоймай, мал шаруашылығының дамуына да ықпал етті.Өткен жылы облыста мал басы айтарлықтай өсті: ірі қара мал – 42,1%, қой – 21,4%, ешкі-40,7% - ға артты. Жылқы саны бұрынғы деңгейде қалды-350 мың бас.Мал шаруашылығы өнімдерінің (ет өнімдері) өнімділігінде оң динамика байқалады. 2024 жылы сиыр еті 1,1%, құс еті 1,1%, сүт 2,5%, тауық жұмыртқасы 3,1%-ға өсті.Өңірде көкөніс өнімдерін сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 51,8 мың тонналық 13 қойма жұмыс істейді. Бұл жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттіліктерін өтейді.«2024 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына инвестициялар тарту жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. Болжам бойынша 40,5 млрд теңге, іс жүзінде 43,2 млрд теңге салынды. 2025 жылы кемінде 48 млрд теңге тарту көзделген. Аймақта 2 ет комбинаты, 1 етті бағыттағы тауық фабрикасы мен 10 мың басқа арналған өндірістік бордақылау алаңын салу мен 5,4 мың гектар егістік алқапқа суару жүйесі орнатылмақ. Аграрлық секторды қолдауға мемлекет 14,4 млрд теңге субсидия бөлді. Импортты алмастыру бойынша жұмыс жалғасуда. Өңір өзін негізгі азық-түлік тауарларының 14 түрімен қамтамасыз етеді», - деді облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов.2024 жылы өңірде 76,7 мың тонна ұн, 2,5 мың тонна макарон өнімдері, 122,8 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы, 4,6 мың тонна өңделген сүт, 320 тонна ірімшік пен сүзбе, 179 тонна сары май және 1 254 тонна шұжық өнімдері өндірілді.Маңызды жобалардың бірі - 2025 жылы қуаттылығы жылына 72 мың тонна болатын «Qazaq Astyq Group» ЖШС кәсіпорнында тазартылған өсімдік майын өндіру желісін іске қосу. Жобаның инвестициясы 7,2 млрд теңгені құрайды.Әкім орынбасары бұл шаралардың барлығы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығын дамытуға және импорттық тауарларға тәуелділікті азайтуға бағытталғанын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/927766
Ақсуат ауданында шағын және орта бизнес дамып келеді 01.02.2025
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізетін 1 аудандық және 9 мобильдік топ жұмыс істеуде. Дүкен иелеріне атқарушы билік органдарымен арада жасалған меморандумда көрсетілген талаптарды сақтау, негізсіз бағаны өсірмеу туралы түсінік жұмысты үнемі жүргізіледі.Бүгінде сауда дүкендері иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне үстемені 15 пайыздан асырмау туралы екі жақты 92 меморандум жасалды.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында жыл бойы жәрмеңке өткізілді. Былтыр 18 жәрмеңке өткізіліп, жергілікті жерде өндірілген өнімдер халыққа қолжетімді бағада ұсынылды. Сондай-ақ, ауданның тауар өңдірушілері екі мәрте Семей қаласындағы «Северный» сауда базарындағы жәрмеңкеге қатысып, сиыр, қой, жылқы етін бекітілген бағада саудалады.Шағын және орта бизнес те дамып келеді. 2024 жылы ауданда 8 жаңа шағын бизнес нысаны іске қосылды. «Ағайынды» сауда үйі, «Қамбар» мини-маркеті, «Дос» мейрамханасы, Құмкөл ауылынан «Кенжеғали» мини-маркеті сияқты бірнеше нысан ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/927988
Бесқарағай ауданындағы жолдар қардан тазартылуда 01.02.2025
Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 240 шақырымға жететін елді мекендер мен аудандық жолдарды қардан тазарту үшін 20-дан астам техника жұмылдырылған.Олардың қатарында 2 автогрейдер, 15 трактор, 5 тиегіш және екі К-700 тракторы бар.Қардың көп түсуіне байланысты тазарту жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан орталығындағы барлық саябақтар да қардан тазартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/928004
Жетісулықтар ақын Жұматай Жақыпбаевқа арналған әдеби-сазды кеш өткізді 01.02.2025
Бүгін жыр қағаны атанған ақын Жұматай Жақыпбаевтың 80 жылдығына орай Талдықорғандағы Д. Рақышев атындағы филармонияда «Жыр жұлдызы Жұматай» атты әдеби-сазды кеш өтті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық филармония ғимаратының фойесінде С.Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапхана ақынның өлең жинақтарынан, оның шығармашылығы туралы жазылған зерттеу кітаптарынан және ақынның әр кезеңдегі фотосуреттерінен көрме қойды.Әдеби-сазды кеш Б. Римова атындағы драма театры актерларының орындауында шайыр өлеңдерінен қойылған прологпен ашылды.Рухани шарада облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов көпшілікке тілегін жеткізді:- Биыл - ұлт поэзиясында өзіндік орны бар қазақтың көрнекті ақыны Жұматай Жақыпбаевтың мерейлі жылы. Жұматай ақынның жерлесіміз болғаны - біз үшін мақтаныш. Қазақ барда ақынның рухы асқақтай береді, - деді Д. Есдәулетов.Аталған әдеби кешті ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Жұматай Әміреев жүргізді.Алматыдан арнайы келген ақындар Әбубәкір Қайран, Сайлаубай Тойлыбаев, Маралтай Райымбекұлы, Бақыт Беделхан, сол сияқты жетісулық қаламгерлер Әміре Әрін, Жомарт Игіман сахнада Жұматай шығармашылығына қатысты ой-пікірлерін білдіріп, өлең оқыды. Жыр қағанының көзін көріп, жанында жүрген аға буын ақындар естеліктерін айтты. Осы кеште Д. Рақышев атындағы облыстық филармония әншілерінің орындауында ақынның сөзіне жазылған "Айыбым болса кеше гөр", "О, Ләйлә" әндері, сонымен қатар басқа да концерттік нөмірлер көпшілікке ұсынылды. Атап өтсек, ақынның мерейтойы биылғы қаңтардан облыстың әрбір аудан-қаласында өткізіле бастады.Еске салсақ, Жұматай Жақыпбаев 1945 жылы Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында туған. «Саратан» (1979 ж.), «Ләйлә» (1981 ж.), «Шұғынық-гүл төркіні» (1988 ж.) және басқа да жыр жинақтарының авторы. Және соңына бірнеше күй шығарып қалдырған. Көзі тірісінде Жақыпбаевтың маңайына топтасқан әдеби ортаның аты аңызға айналып, «Жұматайдың қағанаты» деген атпен қазақ әдебиетінің тарихында қалды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттерді түсірген: Жұмабай МұсабековАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/928222
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР 01.02.2025
Келестік шаруалар қырыққабаттың алғашқы өнімін жинауға кірісті. Атап айтқанда, Біртілек ауылдық округіне қарасты Жолбасшы ауылының тұрғыны Шералы Тәжібаев 2 гектар аумаққа қырыққабат өнімін егіп, бүгінде 38 тонна өнім алып отыр. Былтыр қара күзде егілген көкөніс қазір пісіп жетілген. Шаруа ақпан айында тағы 100 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Жиналған өнімнің алғашқы легі еліміздегі үлкен қалаларға жөнелтілуде.– Биыл қар аз түсті. Қыс суық бола қойған жоқ. Жеңіл жамылғының астына егілген көкөніс көшеті тез тамыр байлады. Жиналып жатқан қырыққабаттың әрқайсысының салмағы 4 келіге дейін барады. Қырыққабатты ертерек ексек, мұнан кейін сәуір, мамыр айынан бастап екінші өнім егеміз. Ерте шықса бағаға да әсер етеді. Қанша ерте шықса, сонша қымбат болады, – дейді Шералы Шырынбайұлы.Жыл он екі ай тыным көрмейтін келестік диқандардың дені қазір қырыққабат егіп жатыр. Өңірдегі шаруашылықтар мың гектарға жуық жерден астам жерге көкөністің осы түрін егуде. Бір маусымда егістіктен үш рет өнім жиып алу аграрлық сала үшін де, шаруаға да тиімді болды.Айта кетсек, өткен жылы Келес ауданы бойынша 2 400 гектарға қырыққабат өнімі егіліп, шаруалар 35 мың тонна өнім алды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927677