Enbekshi QazaQ

Қоғам

Татарстан делегациясы Абай облысының шаруашылықтарымен танысты 01.02.2025
Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров бастаған делегация облысымыздағы бірнеше шаруашылықты аралады. Алғашқы ат басын тіреген Жаңасемей ауданындағы «Агрофирма Приречное» ЖШС бүгінде ірі қара мал өсіру, көкөністерді өндіру, сату, өңдеу және сақтаумен айналысатын ірі кәсіпорын. Шаруашылық «Қазақ ақбас тұқымының республикалық палатасы» және «Әулиекөл тұқымы бойынша республикалық палатасының» мүшесі.100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық картоп өндірісі бойынша тұқым шаруашылығы, етті бағыттағы қазақтың ақбас тұқымды асыл тұқымды мал өсіру жөніндегі зауыт мәртебесіне ие.Сонымен қатар, өңіріміздегі егістік алқапты жаңбырлатып суғару әдісін енгізген алғашқылардың бірі. Бүгінде иеліктерінде 28 жаңбырлатқыш машина бар. Оның 19 -ы «Фрегат» жаңбырлатқыш машинасы, 2 - «Zimmatik» айналмалы суару қондырғысы, 3 - Рейнке айналмалы суару машинасы, 4 - «Valley» жаңбырлатқыш қондырғысы. Сыйымдылығы 14,0 мың тоннаға 7 картоп-көкөніс қоймасы бар.1993 жылы құрылғаннан бері кәсіпорында 12 инвестициялық жоба іске асырылды. Ағымдағы жылда 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын салу жоспарлануда.Қазандық қонақтар аялдаған тағы бір шаруашылық Бородулиха ауданында орналасқан «Лазарев и К» ЖШС асыл тұқымды шаруа қожалығы қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысады. Шаруашылық мал тұқымын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіп, селекциялық қызмет атқарады. Жетістіктерінің бірі - аналық малдың «Элита рекорды» санатын алу. Кәсіпорында күнбағыс тұқымын қайта өңдеу бойынша экстракциялық желісі (қуаттылығы 12,5 мың тонна), сондай-ақ ара өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі бар.Ал аудандағы «Зенковское» ЖШС дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды және ірі қара мал өсірумен айналысады. Шаруа қожалық қазақтың ақбас тұқымды бұқаларын қолдана отырып, ірі қара малдың селекциялық-асыл тұқымдық жұмысын жүргізеді.«Автоматтандыру, цифрландыру және мал басын қатаң есепке алу – бүгінде қалыптасқан үрдіс қана емес, қажеттілік. Бұл бордақылауды қадағалаудың тиімділігін арттырып қана қоймай, ветеринарлық қауіпсіздік тұрғысында да маңызды рөл атқарады. Біздің бағытымыз бір, тәжірибе алмасу, серіктестік, жаңа технологияларды енгізу – сүт және ет шаруашылығы дамуының кепілі. Ет нарығына сұраныс жоғарылап келеді, біз мұны қолдап, бірлескен жобалар мен инновациялық тәсілдер арқылы ары қарай дамытуымыз қажет» деді Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/926800
Ұлы ақынның 180 жылдығы Абай шаңырағында бастау алды 01.02.2025
Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталды.Биыл ақынның мерейтойы және Абай музейінің 85 жылдығы қатар келіп отыр.Осыған орай Абай музейінде «Абай әлемдік ойдың алыбы» мәдени-танымдық шарасы және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыбында көрме өтті.Шараға зиялы қауым өкілдері мен мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері қатысты.Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев мерейтой өңірде лайықты деңгейде аталып өтілетінін тілге тиек етті.«Біздің аймақ үшін Абайдың орны бөлек. Облысымыз ұлы ақынның есімін иеленгендіктен бұл мерейтой лайықты деңгейде өтетін болады. Мәдени-рухани және танымдық шараларға басымдық беріледі. Сонымен қатар, Италияда Абайдың ескерткішін ашу жоспарланып отыр», - деді ол.Сондай-ақ, шара барысында Абай әндері шырқалып, Абай атындағы музыкалы-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзінді көпшілік назарына ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/927029
Татарстан делегациясы өңірдің кәсіпорындарында болды 01.02.2025
Құрамында Татарстан Республикасы министрлігінің өкілдері, ауылдық кооперацияны дамыту жөніндегі мамандар, республиканың жетекші қайта өңдеу кәсіпорындарының басшылары кірген меймандар «АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС «Халал» стандартына сәйкес шұжық өнімдері мен ет деликатестерін өндірумен айналысатын ет комбинатына да барды.«Қазіргі таңда елімізде жылқы шаруашылығы жақсы дамып келеді. Жылқы саны да көп. Тек етті өткізуде ғана мәселелер бар. Татарстандық әріптестеріміз жылқы шаруашылығына қызығушылық танытып жатыр. Біздің түпкі мақсатымыз – Қазақстанның сапалы ет өнімін экспортқа шығару. Мал соятын пункттеріміз дайын. Егер Татарстан тарапынан сұраныс болса, тиісті меморандумдарға қол қоятын болсақ, жылқы мен сиыр етін экспорттауға дайынбыз» деді «Мәуліт» шаруа қожалығының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Қайырлы Хасенов.Кәсіпорын 100-ден астам қайнатылған және ысталған шұжық және өзге де шұжық өнімдері түрлерін шығарады. Зауытта инновациялық жабдықтары бар орау желісі және үш өндірістік цех жұмыс істейді. Былтыр «АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС базасында шұжық өнімдерін өндіру бойынша қосымша желі пайдалануға берілді. Қуаты жылына 1,8 мың тонна дайын өнім шығаруына жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/927042
Таза Қазақстан: Қайта өңделген тұрмыстық қалдықтардан бұйымдар жасалды 01.02.2025
Бүгін Ақтөбе қаласының №56 жалпы білім беретін орта мектебінде қайта өңделген экологиялық таза материалдардан бұйымдар жасау бойынша шара өтті.«Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла» шарасының негізгі мақсаты – оқушылар арасында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің және қайта өңделген материалдардан экологиялық таза бұйымдар жасаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.Сонымен қатар, байқау «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасында белгіленген әлеуметтік міндеттерді шешуге өскелең ұрпақты белсенді тартуға бағытталған.Байқауға Ақтөбе қаласының 52 мектебінен 8-11 сынып оқушылары қатысты. 90 оқушы ұсынған 24 топтық және 28 жеке жұмыс ұсынылды. Оқушылардың жобаларына мұғалімдер, психологтар және экобелсенділерден құралған қазылар алқасы бағасын берді. «Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу - бұл жай ғана сән үрдісі емес, болашағымызбен тығыз байланысты саналы қажеттілік. Экологиялық сананы қалыптастыру - бұл бір реттік акция емес, тұрақты жұмыс. Біздің педагог ретінде міндетіміз – балаларды экологиялық ойлауға шабыттандыру, олардың әр қадамы маңызды екенін көрсету. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз Отанымыз – Қазақстанды бағалайтын әрі қорғауға дайын ұрпақ тәрбиелей аламыз», - деп атап өтті №40 орта мектебі биология пәнінің мұғалімі Фарида Сүйін.Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың бірі №1 орта мектептің 8 «В» сынып оқушысы Кристина Созинова өз әсерлерімен бөлісті.«Біздің команда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тақырыбын таңдады, өйткені бұл – табиғат үшін өте маңызды мәселе. Біз қоқыстың қоршаған ортаны қалай ластайтынын жиі көреміз және оны азайту үшін не істей алатынымыз туралы ойладық. Мен бұл байқауға қатысуға қатты қызығушылық таныттым, өйткені экологияға қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін білдім. Менің ойымша, әрқайсысымыз кішкентай бір нәрседен бастасақ, табиғатқа көмектесе аламыз деп ойлаймын», - дейді ол.Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең үздік және ең креативті жобаларды атап өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.Іс-шара соңында қатысушылар мен олардың мұғалімдері мұндай жобалар экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, жауапкершілік пен ынтымақ сезімін нығайтуға ықпал ететінін алға тартты. Бүгінгі шара басқаларды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шабыттандыратынына және мұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/926752
«Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесіне – 10 жыл 01.02.2025
Орал қаласындағы «Зенит» зауытында жасалған «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесі Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне 2015 жылы пайдалануға берілген болатын.Заманауи қару-жарақ және навигация жүйесімен жарақтандырылуы Әскери-теңіз күштері флагмандарының біріне Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясын қорғау жөніндегі міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.– «Сарыарқа» кемесінің технологиялық мүмкіндіктері және жеке құрамды даярлаудың жоғары деңгейі абыройлы қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Кеме экипажы Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де өткізілген оқу-жаттығуларға қатысып, халықаралық Армия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері болды, – деп еске салды «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі 3 дәрежелі капитан Дамир Матаев. Кеме бортында Әскери-теңіз күштерінің дамуына елеулі үлес қосқан жүздеген әскери қызметшілер даярлықтан өтті. «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесін жасау елдің қорғаныс қабілетін нығайту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігіне айналды.Кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі және әскери теңізшілердің жанқиярлық қызметі әскери командаға дивизион құрамындағы ең жақсы әртекті кемелердің бірі мәртебесін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/926665
Әскери-дәрігерлік сараптама жөніндегі қағидалар мен ережеге өзгерістер енгізіледі 01.02.2025
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады. Қағидалар мен ережеге әскери қызметшілерді, сондай-ақ резервте әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыру тәртібі тәсілдерінің өзгеруіне байланысты түзетулер енгізіледі. Қорғаныс министрінің бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет»"порталында «Ашық НҚА»"бөлімінде 2025 жылғы 11 ақпанға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15416449 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/926671
Атырауда «Батыс» РҚК әскери бөлімдерінің мықты балуандары анықталды 01.02.2025
Облыстық ұлттық спорт түрлері клубында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен жеке-командалық чемпионат өтті. Оған теңіз жаяу әскерлері бригадасының, барлау полктерінің, аумақтық қорғаныс бригадаларының, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базаларының және байланыс батальондарының 60-тан астам әскери қызметшісі қатысты. Турнир бес салмақ дәрежесі бойынша жеке жарыс форматында және командалық есепте өтті. Жарысты «Батыс» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының директоры Асылбек Қалиев және Атырау облысындағы «Тарлан» қазақ күресі федерациясының вице-президенті Айбек Серғазиев бақылады. Жарыс қорытындысы бойынша төрт алтын медаль жеңіп алған Ақтау гарнизоны теңіз жаяу әскерлері бригадасының командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Орал гарнизонының аумақтық қорғаныс бригадасы, үшінші орынды Атырау гарнизонының барлау полкі меншіктеді.Үздік спортшыларға чемпиондық белбеу, кубоктар, медальдар, грамоталар табыс етілді. Ақпан айының ортасында олар қазақ күресінен Алматы облысында өтетін ҚР Қарулы күштерінің чемпионатына қатысатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/926689
Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін су ресурстары бойынша ақпараттық жүйе әзірлеуді жоспарлап отыр 01.02.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін су ресурстары бойынша ақпараттық жүйе әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл жүйеге Қазақстан аумағында 17 736 өзен мен 2 949 шағын көл, Каспий және Арал теңіздерінің шекарасы, 8 су шаруашылығы бассейні мен 77 су шаруашылығы учаскесі, 377 магистральды канал, 56 тоған, 297 су қоймасы және 548 бөгет цифрландырылып, енгізілетін болады.Аталған жұмысқа Су ресурстары және ирригация министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы – Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы да тартылып отыр. Мекеме су шаруашылығы саласындағы барлық деректерді жинау және өңдеу, қысқа және ұзақ мерзімді болжам, модельдеу және басқа да жұмыстармен айналысатын болады.Әзірленіп жатқан ақпараттық жүйе су шаруашылығын басқаруды жаңғыртуға, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және болжам жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың ағымдағы жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Жүйенің негізгі міндеті - су ресурстарын пайдалану мен қорғауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде ашықтықты, автоматтандыру және талдауды қамтамасыз ету.«Жүйені енгізу су ресурстарын есепке алу және басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа құруға, оларды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдайдың алдын алу үшін неғұрлым сапалы талдау мен болжам жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда суды есепке алу және су ресурстарының ағымдағы жай-күйін жедел мониторинг жасау үшін модульдерді әзірлеу аяқталуда. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін жүйені сынақтан өткізу және пайдаланушыларды оқыту жоспарлануда»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/926200
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ҚЫТАЙ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ 01.02.2025
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ҚЫТАЙ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті. Тараптар екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Министр елшіге Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту және нығайту үшін министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы айтып берді. Оның ішінде Орталық Азияда білім беру хабын құру жоспарлары туралы да айтылды. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев анықтаған ведомствоның негізгі басымдықтары таныстырылды.Кездесу аясында Саясат Нұрбек Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында және Астана Халықаралық университетінің базасында Пекин Тіл және мәдениет университетінің филиалында жұмыс істейтін Лу Бан шеберханасының бірегейлігін атап өтті. Министр қазақстандық және қытайлық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы студенттерге оқыту мен кәсіби өсу үшін бірегей мүмкіндіктер беретінін, тілдік дағдыларды, мәдениетаралық коммуникация мен ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.Өз кезегінде Қытай елшісі Хань Чунлинь мырза екі ел арасындағы білім беру саласындағы әріптестіктің қалыптасқан жоғары деңгейін атап өтіп, қазақстандық жастардың ҚХР-да оқуға деген қызығушылығын ерекше атап өтті, бұл олардың қытай тілі мен мәдениетін оқуға деген қызығушылығын көрсетеді.Талқылау барысында тараптар Орталық Азия және Қытай елдерінің білім министрлерінің алғашқы кездесуін өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін, сондай-ақ екі елдің жоғары және кәсіптік оқу орындарымен академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мақсатында және ҚР мен ҚХР уәкілетті ведомстволары арасында өзекті мәселелер бойынша тұрақты тікелей байланыстар орнату мақсатында жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитет құру перспективасын қарастырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қатынастарды дамытуға және жоғары білім мен ғылым салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылыстарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/926649
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді 01.02.2025
Ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі – АӘҚ) сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімі (бұдан әрі – тізілім) енгізілді.Тізілім – бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген мамандардың электрондық тізімі, онда әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпарат бар: жеке деректері, білімі, біліктілікті арттыру туралы мәліметтері, аттестаттаудан өту туралы мәліметтері, жұмыс тәжірибесі және т. б.Тізілім арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық мамандардың тізбесін тиімді қалыптастыруға, әлеуметтік қызметкерлер туралы ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1023 объекті бөлімшелерін ескере отырып, барлығы 502 мемлекеттік ұйым және 122 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, уақытша болу орталықтары және дағдарыс орталықтары бар.Әлеуметтік қызметкерлер бүгінде 8 қызмет түрін көрсетеді, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық қызмет.АӘҚ оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, олардың алушыларының жасын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ тұру жағдайларын ескере отырып тағайындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/926323
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы бар қазақстандықтар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады 01.02.2025
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап нысанасы жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету болып табылатын салық агенттерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. Жаңашылдық азаматтардың осы санатын әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді. Аталған жеке тұлғалар әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер ала алады.АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын салық заңнамасында айқындалған салық агенттері болып табылады.Әлеуметтік аударымдар ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде белгіленген.Осы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, АҚС шарты бойынша алынатын табыс сомасы болып табылады.Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі 7 ең төменгі жалақыдан (бұдан әрі – ЕТЖ) аспауға тиіс.Егер күнтізбелік айда бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ЕТЖ-дан кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ЕТЖ-дан негізге ала отырып есептеледі, төленеді.Егер тұлға бір төлеушімен жасалған екі және одан да көп АҚС шарттары бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдарды есептеудің ең төменгі және ең жоғары объектісі бір төлеушіден алынған жалпы табысқа қолданылады.Төлеушілер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.Осылайша, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі туындаған жағдайда әлеуметтік төлемдерді ала алады:- жұмысынан айырылу;- еңбекке қабілеттілігінен айырылу;- асыраушысынан айырылу;- жүктілікке және босануға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу;- бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысының жоғалуы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/926610
Үндістанға әуе қатынасы кеңейеді 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.Осылайша, туризмді дамыту мақсатында биылғы жылдың 20 сәуірінен бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады. Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.Анықтама:Қазіргі уақытта Алматы – Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы – Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана – Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/926572
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды 01.02.2025
«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді.Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады. Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті.Қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Олар дамуға қажетті ресурстарға ие болды.Нәтижесінде 2024 жылы Қазақстан соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 26,7 млн тонна өнім жинады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға және мал шаруашылығында 3,2%-ға өсуі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,7%-ға ұлғаюына ықпал етіп, 8,3 трлн теңгені құрады.Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы маңызды экономикалық секторға ғана емес әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторына айналуда.«Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,9% деңгейінде қалыптасты.Өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%-ды құрады. Мемлекет басшысының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2028 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Оның шеңберінде 2024 жылы 279,6 млрд теңге сомаға 286 жоба пайдалануға берілді. Өсімдік майы мен ұн өндірісін қоса алғанда, ішкі сұранысты қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.Кешенді жоспар өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге және жеңілдетілген несиелер беруге бағытталған. Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады.2023 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 тауар түрі бойынша ішкі нарық 100%-ға (бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз, қияр) қамтамасыз етілді. Ал 13 азық-түлік тауарлары бойынша қамтамасыз етілуі 80%-ды (тауық жұмыртқасы, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, пияз, асхана қызылшасы, ашытылған сүт өнімдері, май, алма) құрайды.Импортқа тәуелділікті азайту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайтын 570 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мен өмір сүру деңгейін көтеру үшін қосымша мүмкіндіктер береді.Соның ішінде мал шаруашылығы саласында – 152,1 млрд теңгеге 105 жоба, сүт-тауарлы фермалар салу бойынша – 263 млрд теңгеге 101 жоба, құс шаруашылығында – 397,7 млрд теңгеге 31 жоба, қайта өңдеу саласында – 582,6 млрд теңгеге 108 жоба жоспарланған.АӨК-ке инвестициялар тарту экономикалық өсуге ықпал етіп, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуды ынталандырады.Астық өндірісі мен экспортын ұлғайту аграрлық сектор өкілдерінің табысын арттырады.Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту туралы тапсырмасы шеңберінде дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау, экспортты әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.Қазақстан өңірдегі астықтың ірі экспорттаушысы және жыл сайын шамамен 8-9 млн тонна астық экспорттайды. Оның 6,5-7,5 млн тоннасы бидай құрайды. 2024 жылы 8,1 млн тонна экспортталды.Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия сияқты дәстүрлі нарықтар, барлығы 24 ел. Иран мен Әзірбайжанға жөнелтулер жандандырылды.Мемлекеттік саясаттың маңызды қадамдарының бірі - «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге арналған және жалпы әлеуметтік мультипликативті әсер береді: әрбір жаңа агрожоба жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ете отырып, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашады.Бағдарлама аясында 2023 жылдан бастап 16,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.2024 жылы 744 жаңа жұмыс орнын құрумен 6,5 млрд теңгеге 580 микрокредит берілді. 3,6 млрд.теңгеге 145 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.Азық-түлік қауіпсіздігі мен дәнді дақылдардың өнімділігі Қазақстан халқының экономикасы мен әл-ауқатына мультипликативті әсер етеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінің, әлеуметтік саланың, халықаралық сауданың, ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің дамуына серпін береді.Мемлекет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін, отандық өнімнің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/926439
Арнайы операциялар күштерінің командасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі беделді жарыстарға қатысады 01.02.2025
Арнайы күштердің басты сынағы мәртебесіне ие «The UAE SWAT Challenge» арнайы бөлімшелердің халықаралық жарыстары 1-5 ақпан аралығында Дубайда өтеді.Оған 70-тен астам елден 121 команда қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 1300 адамнан асады. Қазақстан Қарулы күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан барлығы 12 команда қатысады. Жарыс арнайы күштердің халықаралық топтары арасында тәжірибе алмасуға, дағдыларын арттыруға, бөлімшелердің білімдерін көрсетуге бағытталған.Қатысушы командалар әр түрлі тактикалық категорияларда бес қиын сынақтан өтуі керек. Онда дәлдік пен командалық жұмысты көрсету қажет. Олардың барлығы Дубай арнайы күштерінің мамандандырылған оқу орталығының базасында өтеді. Ұйымдастырушылар жаһандық деңгейде барлық SWAT командалары арасындағы ынтымақтастықты жолға қою және қатысушыларға арнайы бөлімшелердің кәсіби стандарттарын жетілдіруге мүмкіндік беру міндетін қойып отыр.Бүгінгі таңда Қазақстан Арнайы операциялар күштерінің «Жаубасар» командасы Шарджа қаласында жарысқа дайындықтың белсенді кезеңінен өтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/926436
«Отан дауысы» байқауы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды 01.02.2025
Алматыда әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілерінің, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен «Отан дауысы» әскери-патриоттық ән байқауы өтті.Іс-шараны Алматы қаласы білім басқармасының қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-практикалық орталығы, «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысы және ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ұйымдастырды.Қазылар алқасы байқауға қатысушыларды орындаушылық, әртістік шеберлігі, актерлік және хореографиялық деректері, композицияның өзіндік ерекшелігі мен сахналық костюмі бойынша бағалады. Сонымен бірге авторлық әндерге ерекше назар аударылды.Қазылар алқасын аты аңызға айналған генерал-майор Иван Панфиловтың немересі, Ұлттық әскери-патриоттық орталық бастығының орынбасары – Алматы қаласы Жауынгерлік даңқ мұражайының әскери-тарихи құндылықтар бөлімінің бастығы Алуа Байқадамова басқарды.№ 27 гимназияның оқушысы Юлия Макс Бас жүлде иегері атанды. Оған X-Factor шоуының жаттықтырушылары Бек Оралбеков пен Гүлжиан Оспанованың вокал бойынша 10 сабаққа сыйлық сертификаты, ақшалай сыйақы және кубок табыс етілді. Бірінші орынды сол гимназияның өнерпазы Алуанай Сапи иеленді. Екінші орын № 118 мектеп-гимназияның оқушысы Тимур Кириловқа, үшінші орын № 78 гимназияның оқушысы Алсу Алухановаға бұйырды. Байқау жүлдегерлері «Отан дауысы» мүсіншелері мен вокалды оқытуға сертификаттар алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/926485
Таразда ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуларын басқаруды ұйымдастыру бойынша курс өтті 01.02.2025
ҚР Әуе қорғанысы күштерінің мамандарды даярлау және ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік пайдалану оқу орталығы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан қызметкерлерін оқытудан өтті. Дрондарды пайдалану барлық қауіпсіздік органдарының жұмысының ажырамас бөлігіне айналуда. Шектеулі ресурстар мен уақыт жағдайында мәселелерді тез және сауатты шеше білу олардың сәтті аяқталуының кілті болуы мүмкін. Мамандардың оқу барысында алатын білімі ұшқышсыз ұшақ жүйелерін қолдану арқылы әртүрлі операциялардың тиімділігін арттырудың кілті болады.– Оқудан кейін мамандар ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуларын басқара алады, сонымен қатар оларды пайдалануды жоспарлай алады. түрлі салаларда – құқық қорғау органдарынан бастап төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуді қамтамасыз ету үшін», - деп атап өтті мамандарды дайындау және ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік пайдалану оқу орталығының бастығы, полковник Шохан Мұсабеков. - Бұл Қазақстанның күш құрылымдарының жауынгерлік және жедел дайындығын арттыру жолындағы тағы бір қадам.Оқу курсы күрделі жағдайларда және аэродромдардан тыс жерлерде ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуын ұйымдастыру және басқару бойынша теориялық және практикалық сабақтар кешенін қамтыды. – Тренинг дрондармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және оларды әртүрлі жағдайларда жылдам пайдалануды үйренуге бірегей мүмкіндік береді. Алған біліміміз кәсіби қызметіміздің аясын кеңейтеді», - деді Әскери-әуе күштері жауынгерлік даярлық басқармасының офицері, подполковник Ерлан Сүйкімбаев. Мамандардың жаңа біліктіліктері студенттер оқу бағдарламасына сәйкес сынақтардан өткеннен кейін берілген сертификаттармен расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/926494
ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ 01.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы Түркістан облысында жүйелі жалғасуда.Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс аумағында 7 300-ге жуық сенбілік ұйымдастырылып, 34 ауқымды іс-шараны қамтитын жоспар бекітілмек. Тазалық шарасы аясында қолға алынатын жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жиында сараланып, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.Облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау мәселесін түбегейлі шешуді міндеттеді.– Бұл – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған өте маңызды шара екенін білесіздер. Өткен жылы облыс көлемінде жақсы жұмыстар атқарылды. Дегенмен, жұмыстарды күшейте түсуіміз керек. Жалпылама тапсырмалар мен жұмыстар қажет емес. Нақты іске көшіңіздер. Сауда орындарын реттеу, тазалық жұмыстарына кәсіпкерлерді жұмылдыруға да басымдық берілсін, – деді Зұлпыхар Жолдасов.Жиында Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл ауыл-аймақтарды абаттандыруға аса көңіл бөлінбек. Демеушілер есебінен ауыл көшелерін жөндеу, тратуарлар салу, ойын алаңшалары мен стадиондарды ретке келтіру, орындықтарды орнату, шатырларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру сияқты игі істер ұйымдастырылмақ. Одан бөлек, тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары күшейтіле түседі. Аудан, қала әкімдіктерінің жұмыстары 10 көрсеткіш бойынша бағаланады. Жұмысты тиісті деңгейде орындамаған басшылардың жауапкершілігі қаралады.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауына алынған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/925673
ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ 01.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді.Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады. Жауапты тұлғалармен бірге мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй және жұмыс мәселелерін көтерді. Мәселен, қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру жайын қозғаған азаматшаға заң талаптарына сай баспананы жекешелендіруге мүмкіндік бар екені түсіндірілді. Одан бөлек, көпбалалы ана жұмыс орнын ауыстыруды, жұмыс уақытын өзгертуді қарастыруды сұрады. Азаматшаға еңбек шартына сәйкес жұмыс уақыты қысқартылмайтыны ескертілді. Сонымен қатар жұмыс орнын ауыстыру бойынша өтініші қанағаттандырылды.Еркебұлан Дауылбаев жауапты тұлғаларға тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескерусіз қалдырмауды тапсырып, көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуі қатаң бақылауында болатынын жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/925893
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНІМ ЛАТВИЯНЫҢ НАРЫҒЫНА ШЫҚТЫ 01.02.2025
Түркістан облысы, Сайрам ауданында өндірілетін «Altyn bala», «Oh,Diapers» жөргектері Латвия мемлекетінің нарығына сатылымға шықты.«Capable group» отандық жөргек өндіретін компанияның құрылтайшысы Баянсұлу Оразалиева Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріповпен кездесіп, отандық өнім әлеуетін арттыру жайын талқылады. Елші қазақстандық өнімнің Европа нарығына шығуы мақтаныш екенін атап өтіп, нарықта өз орнын алуына қолдау білдіретінін жеткізді.«Capable group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі – елімізде балаларға арналған бір реттік жаялықтар өндіретін бірінші және жалғыз кәсіпорын. Қазіргі уақытта өндіріс орны 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бір ерекшелігі, жұмысшылардың 60 пайызын мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды.ТМД елдерінде өзіндік орны бар жөргек өндіруші компания еліміздің және шетелдің тұтынушыларына сапалы әрі қолжетімді өнімдер ұсынады. Өндіріс орнының өнімдері жапон технологиясымен, Еуропа стандарттарына сай өндіріледі және толық сертификатталған. Заманауи технологиялар минутына 1000-нан астам жөргек шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ зауыт толық автоматтандырылған. Одан бөлек, Siemens автоматтандыру жүйесі орнатылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926322
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ 01.02.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.Мемлекет басшысы жиын барысында Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру, цифрлық технологияны жан-жақты енгізу, энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру, салық-бюджет саясатын реформалау, маңызды жобаларды қаржы көздерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік қолдау ісін реттеп, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласын одан әрі дамыту жөніндегі нақты міндеттер мен жоспарларға тоқталды.Президенттің пікірінше, алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек.– Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек. Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздің өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Үкіметтің биылға арналған жоспарлары туралы баяндады. Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздің фискалдық жүйесін, яғни салық және бюджет саласын реформалауға қатысты ұстанымдарды таныстырды. Ақша-несие саясатына қатысты мәселелер бойынша Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов сөз сөйледі. «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қордың қызметі туралы есеп берді.Бұдан бөлек, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926326