Enbekshi QazaQ

Қоғам

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ 23.01.2025
Шұбар ауылының іргесіндегі «Арыс» өзенінің жағасында жұмыс істей бастаған «АҚ ОРДА Б» ЖК-нің өңірде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді.Жалпы аумағы 4,5 гектар. Оның ішінде 1,3 га жерге тоған қазылып, 20 мың сазан шабағы жіберілген. Жоба құны – 20 млн теңге. Жылына 60 мың тонна сазан шабақтарын өсіріп отырған шұбарлық кәсіпкер Бақытжан Бекбосынов осы кәсіпке ден қойған. Келесі жылдан бастап өз өнімін нарыққа шығаратын ол жергілікті үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Кәсіпкердің айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылуда. Бүгінде кәсіпкер тағы 3,0 га жерге тоған қазуды жоспарлауда.Айта кетсек, қазіргі таңда Ордабасы ауданында балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922933
Тазалық тұрғындардың күнделікті өмір салтына айналуы керек 23.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті, онда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын іске асыру, IT-экспортты дамыту мәселелері қаралды.Оған селекторлық режимде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. ҚР Үкіметінің отырысынан кейін өңір басшысының төрағалығымен өткен кеңесте мәселелер талқыланып, қалалар, аудандар әкімдеріне және сала басшыларына тапсырмалар берілді.Облыс әкімі атап өткендей, Мемлекет басшысы өз Жолдауларында барлық салаларда цифрлық трансформацияның маңыздылығын үнемі атап өтеді. 2025 жылы жасанды интеллектке баса назар аударылады. Азаматтар оны пайдалану тетіктерін енгізу жөнінде нақты шаралар қабылдау қажет. Дайын қызметтерді халықтың тез игеруіне мүмкіндік беру. Жасанды интеллект тақырыбын білім беру олимпиадаларына және басқа да іс-шараларға қосу қажет. Біздің аймақтың технопарктерінде жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуден басқа, оның мүмкіндіктерін пайдалану үшін халықты оқыту және насихаттау қажет.Қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру, туған жерді абаттандыру тұрғындардың күнделікті әдетіне, өмір салтына айналуы керек. "Таза Қазақстан" порталының басты мақсаты-халықпен жылдам және ашық кері байланыс. Келіп түскен ескертулерге, шағымдар мен ұсыныстарға уақтылы жауап беру қажет.Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында халықтың санитарлық тазалығы, абаттандырылуы, жайлы тұруы үшін жағдай жасалуда. Тұрғындар, жастар ұйымдары мен кәсіпорын қызметкерлері бағдарламаны қолдап, оған белсенді қатысты. Елді мекендердегі скверлер мен саябақтар, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіптік, кәсіпкерлік қызмет объектілері, аулалар мен көшелер қоқыстан тазартылды. Бұл жұмыстарға 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Өңірді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акция аясындағы іс-шаралар республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандырылды. Жұмысты одан әрі жалғастыру үшін экологиялық мәдениетті дамытудың 2029 жылға дейінгі өңірлік жоспары бекітілді. Жыл сайын ауылдарды дамытуға бағытталған "Үлгілі елді мекен" конкурсы өткізіледі. Соңғы екі жылда үздік елді мекендерге 48 бірлік арнайы техника табысталды. 2024 жылы коммуналдық мекемелерге 106 бірлік арнайы техника сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/922819
Алматы облысының Ұйғыр ауданы туризм саласынан 1 миллиард теңгеден астам табыс тапт 23.01.2025
Ұйғыр ауданы туризмді дамытуда жалғастыруда, 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында ауданның қонақ үйлері мен басқа да орналастыру орындарында 91 481 адам демалған, бұл облыс туристерінің жалпы санының 24%-ын құрайды. Орналастыру қызметтерінен түскен табыс 1 миллиард теңгеден асты.Ұйғыр ауданында 84 туристік нысан жұмыс істейді, олардың арасында табиғат аясында демалуға арналған жайлы демалыс аймақтары, бір қабатты бунгалолар, ауылдық үйлер бар.Туристерді тартатын басты фактор – ыстық су бұлақтары. Мұнда денсаулықты жақсартатын процедуралар ұсынылады. Геотермалдық сулар өздерінің емдік қасиеттерімен танымал, ал жақсы дамыған инфрақұрылым, бассейндер мен тамақтану пункттері жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз етеді. Демалыс аймақтарында тұрақты негізде 700 адам жұмыс істейді, маусымдық қызметкерлерді есептемегенде.Шарын шатқалы облыстың басты көрнекі жерлерінің бірі болып қалуда және мыңдаған туристерді, оның ішінде шетелдік қонақтарды тартуда.«Біздің өңір табиғи ресурстарға бай және демалысқа өте қолайлы жағдайлар ұсынады. Біз инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып, туристерді тартуға тырысамыз», — деді Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/922746
Қазақстан Сыртқы істер министрі Беларусь Елшісін қабылдады 23.01.2025
Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Беларусь Республикасының Елшісі Алексей Богдановты қабылдады.Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-беларусь ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын жан-жақты талқылады. Биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.Сұхбат соңында алдағы іс-шаралар мен бірлескен жобалар аясында сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындық білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1135247?lang=kk
Қазақстан мен ЕО жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 23.01.2025
Астана, 2024 жылғы 21 қаңтар – Еуропалық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан Республикасында тіркелген Еуропалық одақ елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары үшін шолу брифингін өткізді.Іс-шара барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары туралы толыққанды баяндап, Орталық Азиядағы және өңір мен Еуроодақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және көлік байланысын кеңейту бағытына ерекше назар аударды. Сондай-ақ ол еуропалық елшілерді еліміздің Ресей, Қытай және АҚШ-пен қарым-қатынастарының басымдықтары туралы хабардар етті.ЕО-мен ынтымақтастық туралы айта келе, Р.Василенко саяси диалогтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-инвестиция, көлік-логистика, жасыл энергетика, маңызды шикізат ресурстары сияқты ынтымақтастықтың басым бағыттары, сондай-ақ ҚР азаматтары үшін Еуропалық одақтың визалық режимін жеңілдету мәселесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.«Өткен жыл Еуропалық одақпен және оған мүше мемлекеттермен қарым-қатынасымызды дамыту үшін өте жемісті болды. Жаңа күш-жігерді жұмсау арқылы 2025 жылы қарым-қатынастарымыз үшін бұдан да үлкен табыстарға жетіп, достық және өзара тиімді байланыстарымызды одан әрі нығайта алатынымызға сенімдіміз», – деді ҚР СІМ басшысының орынбасары.ЕО елдерінің елшілерін Қазақстанның экономикалық даму серпінімен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық нұсқауларына сәйкес қабылданып жатқан инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту шараларымен егжей-тегжейлі таныстыра отырып, Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара байланысты нығайтуға және Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуына ықпал ететін инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салуға шақырды.Сонымен қатар тараптар алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі аса өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Брифинг соңында қатысушылар екіжақты және көпжақты бағыттағы ынтымақтастықтың оң динамикасына қанағаттанушылық білдіріп, өзара мүдделі мәселелер бойынша өзара іс-қимылды арттыруға келісті.Анықтама: Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі. Ағымдағы жылғы қаңтар-қараша аралығында тауар айналымы 44,2 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты (ҚР-дан экспорт – 34,6 млрд долл., ҚР-ға импорт – 9,6 млрд долл.). 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына еуропалық инвестицияның көлемі 180 млрд долларға жетті. Қазақстанда еуропалық қатысуымен 3000-нан астам компания қызмет етуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922066
Қазақстан мен ШЫҰ арасындағы көпсалалы ынтымақтастығы Бейжіңде талқыланды 23.01.2025
Бейжің, 2025 жылғы 21 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесті.Сұхбат барысында Министрдің орынбасары Н.Ермекбаевты ШЫҰ Бас хатшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, Ұйым аясындағы көпсалалы ынтымақтастықты қолдау жөніндегі Қазақстанның тұрақты және белсенді ұстанымын тағы растады. Тараптар ШЫҰ ағымдағы қызметінің мәселелерін және 2025 жылға жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындығын талқылады.Ә.Бақаев 2024 жылғы 4 шілдедегі ШЫҰ Астана Саммитінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды үдемелі іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Ұйымды тиімді және мобильді көпжақты құрылымға одан әрі трансформациялау мақсатында ШЫҰ қызметін жетілдіру жөніндегі нысаналы жұмыстың маңыздылығына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде ШЫҰ Бас хатшысы Ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтіп, алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары туралы хабардар етті.Сонымен қатар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларында өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бойынша пікір алмасу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922076
Шет мемлекеттердің елшілері Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 23.01.2025
Астана, 2025 жылғы 21 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы ретінде жаңадан тағайындалған Буркина-Фасоның елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсобадан, Лаостың елшісі Сипхандон Ойбуабуддиден, Жаңа Зеландияның елшісі Марк Трейнерден, Данияның елшісі Йеспер Варданнан, Словенияның елшісі Аленка Сухадолниктен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жағдайы мен перспективаларын талқылады.Дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын салаларда одан әрі өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922098
Қазақстан және Ресей СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 23.01.2025
Астана, 2025 жылғы 22 қаңтар – Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.Министрлер мемлекет басшыларының тапсырмаларын уақтылы іске асыруға баса назар аудара отырып, 2024 жылғы екіжақты өзара іс-қимылды қорытындылады, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасын жоғары бағалады және түрлі салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту жоспарларын талқылады.Сонымен қатар халықаралық күн тәртібі мен көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922932
Алматыда ЮНЕСКО-ның Жаһандық жастар форумына дайындық барысы талқыланды 23.01.2025
Алматы, 2025 жылғы 17 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан үшін Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры Амир Пиричпен кездесу өткізді.Тараптар 2024 жылғы ынтымақтастықты қорытындылай отырып, су мәселелерін шешу және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша маңызды жетістіктерді атап өтті. Сонымен қоса өңірдің барлық елдері мен БҰҰ Бас хатшысының қолдауына ие болған Қазақстанның Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру бастамасы ерекше назарға алынды.ЮНЕСКО өкілі серіктестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын ескере отырып, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуленің 2023 жылғы сапарын екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Сонымен қатар 2025 жылғы 19-20 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін ЮНЕСКО-ның Жаһандық жастар форумына ерекше назар аударылды. Аталмыш форум өңір жастары арасында білім, ғылым және мәдениет саласында пікір алмасу және шешімдер әзірлейтін платформа болатыны аталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922948
Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылды 23.01.2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті.Мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнер саласындағы 75 адамға берілді.Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.Мемлекеттік стипендия Асанәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Нұрғали Нүсіпжан, Меруерт Өтекешова, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Юрий Аравин, Сержан Шәкірат, Амандос Ақанаев, Татьяна Тарская, Гүлвер Разиева секілді әдебиет пен өнер майталмандарына табысталды.Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, балерина Татьяна Тенге, опера солисі Мақсат Саматовқа және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.Стипендия иегерлері мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында шығармашылықпен алаңсыз айналысуға мүмкіндік алады. Бұл стипендия еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді. АқордаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/921317
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне 90 жыл: мерейтойдың басты іс-шаралары 23.01.2025
2025 жылы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейі өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді.Музейде 26 мыңнан астам өнер туындысы бар. Онда қазақ халқының өнері мен рухани мұрасын қамтылған. Туындылар қатарында кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер жауһарлары ұсынылған. Олардың ішінде Қазақстан өнерінің алтын қорына енген түпнұсқа жауһарлар бар.Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері – ежелгі дәуірден келе жатқан және біздің заманымызға дейін сақталған руханият пен дәстүрдің ұлттық бастауы саналатын маңызды бөлімді ұсынады.90 жылдыққа орай музейдің бай тарихы мен көпқырлы қызметін айшықтайтын кең ауқымды бағдарлама әзірленді.Айтулы оқиғалардың бірі – «Қазақстанның заманауи өнері» атты жаңа залдың ашылуы. Бұл экспозиция еліміздің жетекші суретшілерінің шығармаларын қамтиды.Сондай-ақ, музей тарихы мен өркендеуіне арналған ретроспективті фотокөрме өткізу жоспарлануда. Көрмеде бірегей мұрағаттық құжаттар көшірмесі, фотосуреттер ұсынылады. 1935 жылдан басталған ғылыми, қор сақтау, көрме ұйымдастыру және экскурсиялық қызметтерге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, осы күнге дейін өткізіліп келе жатқан көптеген көрме жобалары мен ауқымды іс-шаралардың фотосуреттері көрсетіледі. Бұл көрме музейдің бүгінге дейінгі тарихы пен өркендеу жолына арналған.Тағы бір көрме Қазақстанның бейнелеу өнері тарихында есімдері қалған суретшілердің мерейтойларына арналады.Бұдан бөлек, «Қазақстанның заманауи сәндік-қолданбалы өнері» атты екі томдық каталог шығару жоспарлап отыр. Каталогта металдан, тастан, ағаштан, былғарыдан жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар, керамика, фарфор, шыны, гобелендер, киізден, жүннен және шиден жасалған сәндік панельдер бар. Туындылар 1938-2020 жылдар аралығын қамтиды.Ал «Жанданған жауһарлар» көрмесінде 100-ге жуық реставрацияланған туынды ұсынылады. Кескіндеме, графика, мүсін және қолөнер, тоқу, зергерлік, киізден жасалған бұйымдар және т.б. реставрация жұмыстары сипатталған төлқұжаттарымен, «дейін» және «кейін» фотосуреттерімен бірге жүреді. Көрмеге көптеген жұмыстарға экспозициялық көрініс беріп, көп күш жұмсаған, елеулі еңбек сіңірген аға буын реставраторлары шақырылады.Мерейтойлық жылда Қазақстан мен әлем арасындағы мәдени диалогты нығайтуға бағытталған бірқатар ірі халықаралық жобалар жүзеге асырылады.Жылдың маңызды жобаларының бірі – Мемлекеттік Третьяков галереясында өтетін музей қорындағы Әбілхан Қастеев жұмыстарының көшпелі көрмесі. Онда шебердің 50 графика және акварель жұмыстары ұсынылады. Ретроспективалық көрмеде ресейлік көрермен суретшінің шығармашылық дамуының барлық кезеңдерін тамашалай алады.Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған Өзбекстан мәдениет және өнерді дамыту Қоры ұйымдастырған халықаралық жоба Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші музейлерінің коллекцияларын біріктіреді.Қытай Ұлттық музейінің халықаралық көрмесінде қытайлық ерекше кескіндеме, мүсін, гравюра, композициялық материал, акварель, гуашь және лак кескіндемесі секілді 50-ден астам туынды ұсынылады.Маңызды ғылыми оқиға – жыл сайынғы «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы. Дәстүрлі іс-шарада музей ісін зерттеушілер мен өнертанушылар бас қосады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/921812
Adebiportal.kz жаңа аудиокітаптармен толықты 23.01.2025
Кітап шығару саласындағы соңғы тенденциялар мен оқырман сұранысын ескере отырып, adebiportal.kz отандық әдеби порталы авторлардың аудиокітап форматындағы жаңа шығармаларымен толығуда.Порталдың жаңалығы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» аудиокітабы. Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолына арналған.Автор әкесінің өмірі мен шығармашылығы туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, Кемел Тоқаевтың қиындыққа толы балалық шағы, оның майдандағы жастық кезі мен соғыстан кейінгі шығармашылық жолы туралы әңгімелейді. Автор анасы – Тұрар Шабарбаеваға арнайы бөлім арнаған. Анасы жазушының өмірлік адал серігі, отбасының ұйытқысы болғанын айтады. Өзінің ата-анасына және жақындарына деген сүйіспеншілік сезімін терең жеткізеді.Президенттің отбасы құндылықтары, борыш пен жауапкершілік, аға ұрпақтың мұрасы туралы ой-толғаулары кітапта айқын көрініс тапқан. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл туындыда баяндаған шынайы толғаныстары жас ұрпақ тәрбиесі үшін мәні терең, маңызы зор.Кемел Тоқаев ХХ ғасырдағы отандық әдебиетте жарқын із қалдырды. Шығармалары қаламдастары, сыншылар мен оқырман тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстан мен Кеңес Одағында бестселлерге айналды.Президенттің аудиокітабы Kitap.kz, Topiq.kz, Kazneb.kz қосымшаларында да қолжетімді болады.Жақын уақытта Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында adebiportal.kz порталында қазақстандық майдангер-жазушылардың аудиокітаптары орналастырылады: Бауыржан Момышұлы «Артымызда Москва, Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер», Әбдіжәміл Нұрпейісов «Күткен күн», Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», Кемел Тоқаев «Солдат соғысқа кетті», Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» және т.б.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/922532
Хабарландыру 23.01.2025
2025 жылғы 20 қаңтарда сағат 11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ТЖМ-нің қысқы кезеңдегі авариялық-құтқару жұмыстары және қабылданып жатқан шаралар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикер болып ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уакишев сөз сөйлейді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/920242
ТЖМ құтқару бөлімшелері қар құрсауынан 1 мыңнан астам адамды құтқарып эвакуациялады 23.01.2025
2025 жылғы 20 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ТЖМ-нің қысқы кезеңдегі авариялық-құтқару жұмыстары және қабылданып жатқан шаралар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикер болып ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уакишев сөз сөйледі. ТЖМ қысқы кезеңге дайындық бойынша ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар кешені өткізілді. Азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын бағалау мақсатында 2024 жылғы 21-22 қараша аралығында Ақмола облысының Көкшетау қаласынан басшылық штабымен «Қыс-2024» РКШОЖ өткізілді. Өткен жылдардағы төтенше жағдайларды талдау негізінде сумен жабдықтау, жылыту, энергиямен жабдықтау жүйелеріндегі ықтимал аварияларға, сондай-ақ автожолдардағы кептелістерге іс-қимылдарды пысықтауға баса назар аударылды. Өңірлердің жедел топтары жергілікті климаттық ерекшеліктеріне қарай кіріспе әзірленді. 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында ТЖМ бұйрығымен 37,4 мың адам және 13,6 мың бірлік техникадан тұратын күштер мен құралдар топтамасы бекітілді, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың міндеттері айқындалды. Көлік министрлігінің ақпараты бойынша 1 437 бірлік қар тазалау техникасы дайындыққа келтірілді, 174 бірлік жаңа жол-пайдалану техникасы сатып алынды және жолдарды тазалау үшін қосымша 241 бірлік техника жалға алынды. Қыс мезгілінде зардап шеккен адамдар үшін жолдарда 1 548 жылыту пункті дайындалды. Қыс басталғалы 1 300 рет дауылды ескерту жарияланды, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар 390 рет жабылды. 1 468 адам, оның ішінде 149 бала құтқарылды және эвакуацияланды, қар құрсауынан 208 техника шығарылды. Төтенше жағдайлардың туындау қаупі, ауа райының нашарлауы, республиканың автожолдарының жабылуы және басқа да шұғыл хабарламалар туралы халықты хабардар ету мәселелері ерекше бақылауда. Мәселен халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 1 800 мың СМС-хабарлама жіберілді. «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы ескерту сипатындағы 1 700 мың хабарлама жіберілді. Шұғыл ақпаратты жеткізу үшін 70-тен астам рет теле радио ұстап қалу жүзеге асырылды. ТЖМ азаматтарға қысқы кезеңдегі ұсыныстарды еске салады. Елді мекеннен тыс жерге шығар алдында алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа-райы болжамын зерттеу керек. Көлік қозғалысы үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «ҚазАвтоЖол» ҰК сайтында жабық учаскелердің егжей-тегжейлі картасынан көруге немесе1403 бірыңғай телефоны немесе 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады; «112» қызметінен ресми дауыл туралы ескерту алған кезде елді мекендерден шықпаған жөн. иЕгер қандай да бір елді мекенге шұғыл түрде бару қажеттілігі болса, теміржол көлігін пайдаланыңыз, бұл қар кептелісі мен апатқа ұшырамау мүмкіндігін бірнеше есе арттырады. ТЖМ жеке көлікті қыс мезгіліне қалай алдын ала дайындау керектігін еске салды. Көлікті төтенше жағдайда аман қалуға мүмкіндік беретін қосымша, бірақ өте қажет багажбен жабдықтаңыз: - жанармай қоры бар канистр (кем дегенде 20 л) және жанармай құюға арналған құйғы; - кем дегенде 4*3м көлікке арналған шатыр немесе корпус (барынша ашық түсті, бұл сіздің көлігіңізді үлкен қашықтықта көрінетін етеді. Оның көмегімен сіз көлікті қардан жауып жақын жерде шағын кеңістік жасай аласыз); - қарапайым құрал (күрек міндетті, балта және темір ара); - сүйреу кабелі; - шай қосылған термос және азық-түлік қоры (пісіруді қажет етпейтін - бұқтырылған ет, консервілер, шикі ысталған шұжықтар, 10-15 литр су, шай пакеттері, қант, печенье және т. б.); - газ оттығы немесе үрлегіш; - фонарь және оған қосалқы батареялар; - GPS навигаторы (болмаған жағдайда смартфонды пайдалануға болады); - жылы киімнің қосалқы жиынтығы. Ең бастысы автомобиль техникалық жарамды күйде болуы керек. Құтқарушылардың кеңестері: егер боранды күні жолда қалсаңыз және көріну нашарласа. Егер боранды күні жолда қалсаңыз және көріну нашарласа, сізге қажет: 1. Тұманға қарсы шамдарды, сондай-ақ дабылды қосыңыз. 2. Кедергілер пайда болған жағдайда ең қауіпсіз тежеуді қамтамасыз ету үшін жылдамдықты біртіндеп төмендету керек. Алда келе жатқан көліктің алдында қашықтықты сақтаңыз және басып озу маневрлеріне жол бермеңіз. 3. Бұрқасын, боран кезінде, шектеулі көріну жағдайында, мүмкіндігінше ең жақын қауіпсіз жерге (жанармай құю бекеті, дәмхана, шина монтаж пункті, кемпинг) жеткен дұрыс. Тікелей жол жиегінде тоқтамаңыз. 4. Егер қозғалу мүмкін болмаса және көмексіз шықпауды түсінсеңіз, дүрбелең болмаңыз, дереу «112» немесе «102» жедел телефондарына қоңырау шалыңыз. Егер шұғыл қызметтер автомобильдерді колоннамен алып жүру шешімі қабылдаған жағдайда: - жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз; - шұғыл қызмет көрсетушілермен белгіленген жылдамдық режимін сақтаңыз; - колоннамен қозғалып, тек өткізу пунктінен шыққан көлікті ұстаңыз; - уақытында қолдануға мүмкіндік беретін алда келе жатқан көліктен қашықтықты сақтаңыз; - алда келе жатқан көліктерді басып озбаңыз; - жан-жағыңызда не болып жатқанын бақылаңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/920849
Қазақстан ТЖМ курсанттары халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары атанды 23.01.2025
М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 2-курс курсанттары халықаралық онлайн олимпиадаға қатысты. Іс-шара Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің «Сібір өрт сөндіру-құтқару академиясы» федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының базасында өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь Республикасы және Ресей жоғары оқу орындарының студенттер қатысты. Курсант Максим Гитляин «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінде 1-орын алды, курсанттар Анастасия Крюкова мен Марғұлан Жұмағали «Өрт сөндіру-құтқару ісіндегі жаратылыстану» пәнінде 3 орынға ие болды. Академияның ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жалпы техникалық пәндері кафедрасының ғылыми жетекшісі, оқытушысы Әліби Молдахметов курсанттарды олимпиадаға дайындағаны үшін ұйымдастырушылардың алғыс хатымен марапатталды. «Курсанттарымыздың халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін көру біз үшін үлкен мәртебе. Олардың жетістігі – қажырлы еңбек пен білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Бұл жетістіктер академиямыздың жоғары деңгейін және азаматтық қорғау саласындағы болашақ мамандарды оқытуға деген көзқарастың маңыздылығын растайды», - деп Әліби Молдахметов атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/921980
«Үйде отырғым келмейді – көмегім тигенін қалаймын»: Қарағанды облысында зейнеткерлерге жұмыс табуға көмектесуде 23.01.2025
Жыл басынан бері Қарағанды облысында «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылды. Бұл – өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың бастамасы. Оның жеке қабылдауына егде жастағы адамдар жиі шағымданып, жұмыс таба алмай жатады. Бағдарлама сұранысқа ие. Бір айдан аз уақыт аралығында жүзге жуық адам жұмысқа орналастырылды.Бағдарлама облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Оның ерекшелігі – өз командасына зейнеткерді қабылдаған жұмыс берушілерге оның жалақысының жартысы субсидияланады, бірақ бір ең төменгі жалақыдан артық емес (2025 жылы – 85 мың теңге). Алайде бұл шектеудің өзінде де зейнетақының өсімі жаман емес, себебі жұмыс беруші де осынша қосады.Алғашқылардың бірі болып зейнеткер мұғалімдерді қабылдап алған жекеменшік білім беру орталықтары болды.Дәрия Нұрекина 44 жыл ауылдық мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Сегіз жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан. Шет ауданының Ақжал ауылынан балаларымен бірге қалаға көшіп келді.– Үйде отырғым келмейді, көмегім тигенін қалаймын. Инстаграмнан осындай бағдарлама туралы хабарламаны көріп, байқап көруге шешім қабылдадым. Мансап орталығына бардым. 8 қаңтардан бастап осында, даму орталығында жұмыс істеймін. Балалармен айналысамын, олардың мектепке дайындалуына көмектесемін. Бәрі ұнайды: сүйікті жұмысым, орталық үйдің жанында – жаяу келемін, – дейді Дәрия Нұрекина.Орталықтың әкімшісі Аида Өтеуованың айтуынша, күн сайын оларға 50-ге дейін бала келеді. Көптеген ата-аналар жасы егде, тәжірибесі бар педагогтарды қалайды, сондықтан жаңа пайдалы қызметкер тапқандарына қуанышты. «Алтын жас» бағдарламасы бойынша ақпан айынан бастап орталыққа тағы бір зейнеткер – университеттің бұрынғы оқытушысы жұмысқа келеді. Ол балаларға ағылшын тілін үйретеді.Ләззат Асылбекова 40 жылдан астам Қарқаралы ауданының Томар ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Өткен жылы зейнетке шығып, Қарағандыға көшкен. Қаңтар айында бағдарлама бойынша Оңтүстік-Шығыстағы жаңа көпқабатты үйлердің бірінде ашылған жаңа шағын орталыққа орналасты. Күн сайын жұмысқа Майқұдықтан келеді.– Бағдарламаны құрғандарға рахмет! Зейнеткерлер үшін бұл жақсы қолдау. Балаларды жақсы көремін. Денсаулығым жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Реті болса, үйде отырмаңыздар! Төрт қабырғаға қамалып отыра берсеңіздер, тез қартайып кетесіздер. Ал бұл жерде өзімді қажет сезінемін, баршаға пайдасы бар: біз өз тәжірибемізді жастарға береміз, ал олардан жаңа нәрсе үйренуге болады, – деп Ләззат Асылбекова құрдастарын бағдарламаға қатысуға шақырады.Зейнеткер қосымша табысын жинап, Қазақстанды аралағысы келеді.– Егде жастағы адамдарды ресми жұмысқа орналастыру үшін «Алтын жас» арнайы бағдарламасы әзірленді. Ол зейнеткерлікке шыққан, бірақ күш-қуаты мол және табысын арттырғысы келетін өңір тұрғындарына арналған. Қарағанды облысында 180 мыңнан астам зейнеткер тұрады, – дейді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы Нұржан Сыздықов. – Бүгінгі таңда бағдарламаға қатысуға 146 жұмыс беруші ниет білдірді. Жұмысқа 96 адам жіберілді. Негізінен олар бастауыш сынып мұғалімдері, бухгалтерлер, менеджерлер, күзетшілер. Мамандықтар бойынша ешқандай шектеу жоқ, түрлі мамандықтар бойынша жұмыс таба аламыз.Биыл «Алтын жас» бағдарламасы бойынша 400 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, ал келесі жылдары олардың саны артатын болады.Бағдарламаға қатысуға өтінімдер барлық қалалар мен аудандардың Мансап орталықтарында қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922555
Қостанай облысы: азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету және өнеркәсіпті дамыту өңір басшысының бақылауында 23.01.2025
Бүгін Рудный қаласында маңызды оқиға болды – көппәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді. 122 жаңа пәтердің кілтін көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар алды. Облыс әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтап, оларға бақыт, денсаулық және жаңа үйлерінде жайлылық тіледі.Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруАзаматтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету – бұл Мемлекет басшысының негізгі бағыттарының бірі. Қостанай облысында тиісті тапсырмалар табысты жүзеге асырылуда. Нәтижелер көз қуантады:2024 жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 5 мыңнан астам отбасының жаңа пәтер алуына мүмкіндік берді.Жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға қомақты қаражат бөлінді. Өткен жылы 940 пәтер сатып алынды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,7 есе көп.Биыл тағы 1500 пәтер сатып алу жоспарланған, бұл одан да көп мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, Рудный қаласында ескі ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 2023 жылдан бастап жалпы ауданы 28 мың шаршы метрден асатын 11 көппәтерлі үй қалпына келтірілді. Қала инфрақұрылымына жаңа тыныс беру үшін бұл жұмыс жалғасуда.Өнеркәсіптік әлеуетті дамытуРудный қаласындағы тағы бір маңызды нысан – «Қазөртөк-2015» зауыты, ол өнеркәсіпке арналған отқа төзімді материалдар өндіреді. Зауыт өнімдері Қазақстанда ғана емес, халықаралық нарықтарда да сұранысқа ие: өнімнің шамамен 70%-ы экспортталады.Кәсіпорын белсенді жаңғыртылуда. Өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда:Қайта құру мен дамуға жалпы инвестиция көлемі 6,9 млрд теңгені құрайды.2023 жылы 1,7 млрд теңге, 2024 жылы – 3,2 млрд теңге салынды, ал 2025 жылы тағы 2 млрд теңге инвестициялау жоспарланған.Жаңа өндірістік желілерді іске қосу өнім көлемін 2 есе арттыруға мүмкіндік береді.Мемлекеттік қолдау кәсіпорынның дамуына маңызды рөл атқаруда. 2024 жылы шикізат бағасының тұрақтандырылуы арқасында зауыт өндірісті тұрақтандырып, жоғары табысты өнім көлемін арттыра алды.Өңір басшылығының бақылауындаБұл жобалардың әрқайсысы – азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуден бастап өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға дейін – облыс әкімінің жеке бақылауында. Мұндай тәсіл мәселелерді жедел шешуге, міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етуге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Қостанай облысы ауқымды жобаларды жүзеге асыра отырып, сенімді түрде алға жылжуда. Бұл жобалар тұрғындарға жайлы жағдайлар жасап, өңір экономикасын нығайтады. Тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіптік нысандарды жаңғырту – өңірдің одан әрі дамуына негіз болатын негізгі бағыттар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/922919
Құтқарушылар Қарағанды облысының тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады 23.01.2025
Қарағанды облысында дауылды ескерту жалғасуда. Өңірдің басым бөлігінде қатты жел соғып, боран сақталуда. Сонымен қатар, 22–24 қаңтарда облыс аумағында ауа температурасы -34 градусқа дейін төмендейді.Осындай ауа райында жылыту аспаптарын дұрыс пайдаланбау, электр желілерін артық жүктеу және осыған байланысты өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан өрт шығу қаупі артады, деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.– Үйлерін жылыту үшін біздің тұрғындар кейде өрт қауіпсіздігі ережелерін елемей, бір желіге бірнеше электр аспабын қосады, бұл қысқа тұйықталуларға және одан әрі өрттің туындауына алып келеді, – дейді Қарағанды облысы бойынша ТЖД бастығының орынбасары Думан Далешев. – Осыған байланысты тұрғын үйде қарастырылған жылыту көздерін ғана пайдалануға кеңес береміз.ТЖ департаментінің мәліметінше, жылыту маусымы басталғалы облыс аумағында тұрғын секторында 139 өрт тіркелді, онда тоғыз адам зардап шегіп, 11 адам қаза тапты. Сонымен қатар, алты адам улы газбен уланған.Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды сұрайды:- өшірілмеген темекі мен сіріңкелерді қалдырмау;- жарамды пештерді, газ және электр аспаптарын ғана пайдалануға;- мұржаларды күйеден уақтылы тазарту (үш айда бір рет);- пешті қыздырмау және жылыту пештерін қыздырмау;- балаларға пеш жағуды тапсырмау керек.Сонымен қатар, ТЖ департаменті тұрғындардан тұрмыстық газ құралдарын пайдалану ережелерінің сақталуына баса назар аударуды сұрады:- газ баллондарын жылыту аспаптарының жанына орналастырмауға, әсіресе оларды салқын жерден жылы үй-жайға кіргізген кезде;- жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмауға;- газдың шығуын анықтау үшін ашық отты пайдаланбауға;- балалардың газ аспаптарын пайдалануына қатаң тыйым салуды өтінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/921833
Қарағандылықтарды Петр Чайковскийдің 185 жылдығына арналған концертке шақырады 23.01.2025
26 қаңтарда Қарағандыдағы «Шалқыма» концерт залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтырғұзов өнер көрсетеді. Музыкалық кеш сағат 17:00 басталады.Ұлы композитор Петр Ильич Чайковскийдің шығармаларын қарағандылықтар үшін баритон Азамат Желтырғұзов орындайды. Ол Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның және К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисі. Соңғысында Азамат Желтырғұзов Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Иоланта» операларындағы партияларды тұрақты түрде орындайды.Бұл кеште қарағандылықтар үшін танымал пианиношы Роза Шотқалиева фортепианода ойнайды. Ол да Азамат Желтырғұзов сияқты Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі. Роза Шоткалиева – республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы әрі лауреаты.Концертке Е. Рахмадиев атындағы филармонияның солисті Фируза Рахметова мен Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің вокалисті Рысты Рахымжан қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922125
Қарағандылықтар футзалдан республикалық турнирдің күміс жүлдегерлері атанды 23.01.2025
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Политех» командасы Екібастұзда өткен футзалдан республикалық турнирде екінші орынды иеленді. Жарысқа Қазақстанның түрлі қалаларынан 30 спорттық ұжым қатысты.«Политех» турнирді «А» тобында бастады, онда ол «Арлан» (Павлодар), «1994» (Екібастұз) және «Самғау» (Павлодар) командаларын жеңіп, 1/4 финалға шығуын қамтамасыз етті.Ширек финалда қарағандылықтар Павлодар облысының «Номадын» 5:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда олар мықты қарсылас - павлодарлық «Әлім» командасымен кездесті. Бұл матч оңай болмады және бірінші таймда пенальтиден соққан жалғыз гол «Политех» пайдасы үшін шешуші болды.Ақтық сайыс команда үшін нағыз сынаққа айналды. Соңғы минутқа дейін созылған шиеленіскен ойында «Политех» «Әлім» командасынан 2:4 есебімен жеңіліп, екінші орынды иеленді.Финалда есе жіберіп алғанына қарамастан, команда тамаша ойын көрсетті.Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/922198