Қоғам
Жайлы мектептерді дамыту бойынша семинарға 1500-ге жуық педагог қатысты 16.01.2025
Елімізде заманауи жайлы мектептер үшін педагогтердің жаңа лебін даярлау жұмыстары жалғасып жатқандығы туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды. «Жайлы мектептің педагогикалық ұжымы: ынтымақтастық, даму және қолдау» тақырыбында өткен бірінші семинар-тренингке Шымкент қаласы, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан жайлы мектептерде жұмыс жасайтын 1500-ге жуық педагог қатысты. «Оқыту - қолайлы білім беру ортасын құруға және жаңа ұжымдарды қалыптастыру процестерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін жайлы мектептердегі басшылар мен педагогтер арасындағы тиімді тұлғааралық коммуникацияларды дамытуға бағытталған. Оның аясында педагогтер қазіргі стереотиптерге талдау жүргізді, командалық өзара іс – қимылды оңтайландырудың негізгі бағыттарын анықтады және кәсіби міндеттерді шешуге өздерінің қатысу деңгейін арттырды», - деп атап өтті «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрағасы Айдана Шилибекова. Сонымен қатар семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді. Мұндай тәжірибе басқа өңірлерде де жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/919106
Ақмола облысының әкімі «KOKSHE» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында кеңес өткізді 16.01.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында (ӘКК) кеңес өткізді. Бұл корпорация өңір үшін маңызды «Кең дала 2» және «Ауыл Аманаты» бағдарламаларын, сүт-тауар фермаларын салу бойынша инвестициялық жобаларды, «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын, тұрғын үй қорын жаңғырту сынды ауқымды бастамаларды іске асырады.«KOKSHE» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Баяхметов 2024 жылы «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 11 млрд теңгеге 35 өтінім мақұлданып қаржыландырылғанын атап өтті. 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты бастау үшін жеңілдетілген несиелерге өтінім қабылдау өткен жылдың желтоқсан айынан басталды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «KOKSHE» ӘКК арасында 32 млрд теңгеге негіздемелік келісім жасалды. Фермерлер жеңілдетілген несиелер алып, егіс жұмыстарына дайындалуда.Сонымен қатар, ӘКК төрағасының орынбасары өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыру, сондай-ақ сүт-тауарлы фермалар құрылысына бағытталған жеті инвестициялық жоба туралы баяндады.Негізгі көрсеткіштер бойынша есептерді тыңдағаннан кейін Марат Ахметжанов мемлекеттік қолдау ретінде жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар алған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімділік пен сапа бойынша жоғары нәтижелер көрсетуі тиіс екенін атап өтті. Ол тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін аудан әкімдіктерінің аграрийлермен және «KOKSHE» ӘКК-мен үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін ескертті.«KOKSHE» ӘКК өңіріміз үшін маңызды міндеттерді шешуі керек. «Ауыл Аманаты» және «Кең Дала 2» несие беру бағдарламаларына ерекше назар аудару қажет. Бұл несиелеу бағдарламалары өз салаларында ауыл шаруашылығы мен жалпы экономиканың тұрақты дамуының негізі болып табылады. Сондықтан бағдарлама қатысушыларын белсенді ақпараттандыруды қамтамасыз етіп, несиелеуге өтінімдерді жедел беру мен қарау үшін барлық қажетті жағдайларды жасау қажет», – деп атап өтті М. Ахметжанов.Аудан әкімдеріне «Ауыл Аманаты» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларын анықтау үшін елді мекендерді скринингтен өткізу және әрбір қарыз алушыны сүйемелдеуді қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл бағдарламаны іске асыруға 1,8 млрд теңге бөлініп, 391 жаңа жұмыс орнын құруға жол ашатын кемінде 308 шағын несие беру жоспарлануда.Сонымен қатар, облыс әкіміне Көкшетаудағы тұрғын үй қорын жаңарту туралы баяндалды. Уәлиханов – Гоголь, Саин – Быковский көшелерінің шаршысында алты ескі үй сүріліп, екі көпқабатты үйдің іргетасы құйылып, мұнаралы крандар орнатылды.«Сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл бағдарламаны екі кезеңге бөлдік: бірінші кезең – 2025-2027 жылдар, екінші кезең – 2028-2030 жылдар. Нүктелі құрылысқа сәйкес келетін екі кварталды аймақты қарастыруды ұсынамыз. Вернадский 11 мекенжайындағы апатты үй мәселесі ескеріліп отыр. Екінші орын: Абай-Тәшенов-Әуезов-Пушкин көшелерінің шаршысы. Бұл жерде 66 пәтер бар, қазір меншік иелерімен жұмыс жүргізілуде, олар пәтерлерін сатуға дайын», – деп атап өтті ӘКК төрағасының орынбасары Әли Әлиев. Ол тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы халық арасында жақсы пікірлер туындатып қана қоймай, құрылыс компаниялары арасындағы әлеуетті инвесторларды да тартқанын тілге тиек етті.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кеңес қорытындысы бойынша аталған жобалар өңір экономикасын айтарлықтай жақсартуға қабілетті екенін атап өтіп, жұмысты белсенді жалғастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/919483
Жетісу облысында жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5%-ға жетеді 16.01.2025
Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% немесе 331 елді мекенге жетеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша қазіргі кезеңде өңірде 321 ауылды қоса алғанда, 358 елді мекеннің 327-сі немесе 91,3 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.- Өткен жылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 9 жаңа және 13 өтпелі жобаны қоса алғанда, 22 жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 7,7 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 267 шақырым желі салынды, 14 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. Сондай-ақ, Алакөл ауданындағы 2 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Бұл ретте 6 елді мекенде жобалар өтпелі болып табылады. Сонымен қатар, Алакөл ауданы Теректі, Қоңыр, Лепсі, Ескелді ауданы Жалғызағаш, Қаратал ауданы Ұмтыл, Кербұлақ ауданы Ақбастау, Тастыөзек, Панфилов ауданы Қырыққұдық, Шолақай, Керімағаш ауылдарында және Көксу ауданы Көксу станциясында, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларында 2025 жылға республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыру үшін осы кезеңде 3,4 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде 2604 адам тұратын Алакөл, Қаратал, Ақсу, Панфилов аудандарының 4 ауылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. 267 шақырым сумен жабдықтау желілері салынып, қайта жаңартылады, - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% немесе 331 елді мекенге жетеді.Айта кетсек, өңірдегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 3 935 шақырым. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттер архивтен алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/918734
Ақмола облысында Чаглинка өзенінің арнасы тереңдетіліп жатыр 16.01.2025
Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық белсенді түрде жүргізілуде, әсіресе су айдындарын тереңдету және тазарту жұмыстарына ерекше назар аударылуда.Зеренді ауданындағы Шағалалы (Чаглинка) өзенінде бірінші шұңқырды қазу жұмыстары аяқталып, топырақ пен құнарлы өсімдік қабаты алынды. Екінші шұңқырды қазу жұмыстары аяқталуға жақын. Жақын күндері мердігер үшінші шұңқырды қазуға кіріседі. Жұмыстарды осы жылдың наурызына дейін аяқтау жоспарлануда.«Qazaq Union» ЖШС директоры Ұлан Қабдиннің айтуынша, көктемгі су тасқыны кезінде құрылыс техникасының кезекшілігі ұйымдастырылады. Жұмыстар екі ауысымда жүргізіліп, шамамен 20 техника жұмылдырылған. Жұмыстардың жалпы орындалу көлемі 75%-ды құрайды.Жұмыстардың барысымен облыс әкімі Марат Ахметжанов танысып, құрылыс сапасы мен қарқынын жоғары бағалады. «Шағалалы өзені облыс орталығына жақын орналасқан. Сондықтан барлық жұмыстар сапалы және уақытында орындалуы тиіс», – деп атап өтті М. Ахметжанов.«Бұл бөгеттер – біздің ауылдық округіміздің ұзақ уақыт шешілмей келе жатқан ең өзекті мәселелерінің бірі. Өңір басшылығының қолдауымен бұл шараның жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бөгет құрылысы мен өзен жағалауын нығайту біз, ауыл тұрғындары үшін оң әсерін тигізеді», – деді Қабыкен Дүйсенов.Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде Жабай, Шағалалы және Колутон өзендерінің жағалауын нығайту және түбін тереңдету, Жібек Жолы ауылында қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары жүргізілуде, бұл су тасқыны суларын тасуын болдырмауға және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Шортанды ауданының Дамса ауылында және Жақсы ауданының Чапаевская бөгетінде су өткізу құрылыстарын олардың өткізу қабілетін арттыру және су басу қаупін азайту мақсатында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Іс-шаралар «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/919481
Ішкі істер министрі елорданың полиция департаментінде кеңес өткізді 16.01.2025
Ішкі істер министрі елорданың полиция департаментінде кеңес өткізді.Ішкі істер министрі Ержан Саденов Астана қаласы полиция департаментінің қызметтері мен бөліністерінің басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте жедел-қызметтік жұмыс нәтижелері қаралып, басым міндеттер айқындалды.Министр Астана – мемлекеттің бас қаласы және визиттік карточкасы ретінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселелеріне мұқият қарауды талап ететінін атап өтті.– Елорда тұрғындарының саны қазірдің өзінде бір жарым миллионнан асты, ал мегаполис өскен сайын полицияның жауапкершілігі де арта түседі. Заң және тәртіп – сіздердің жұмыстарыңыздың негізі. Тұрғындардың әл-ауқаты сіздердің кәсібиліктеріңіз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңізге байланысты, – деді Ержан Саденов.Кеңес барысында Ішкі істер министрі Астана қаласы ПД мен оның аудандық бөліністері басшыларының есептерін тыңдап, мемлекет басшысы әділдік қағидаттарын енгізу міндетін қойғанын және профилактиканы қызметтің басты бағыты ретінде айқындағанын атап өтті.– «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң қабылдануы жоспарлануда. Профилактика – барлық қызметтердің міндеті. Сіздердің алдарыңызға қылмыстардың алдын алу деңгейіне жету мақсаты қойылды, яғни қылмыстар олардың ойластырылу кезеңінде тоқтатылуы қажет. Бұл үйлесімділікті, бастамашылықты және нақты ұйымдастыруды талап етеді, – деді министр.Кеңес қорытындысы бойынша Ержан Саденов елордалық полицияның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылау қажеттігін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/918880
ІІМ: Заңсыз көші-қон арналары жойылды 16.01.2025
Ішкі істер министрлігі елге түрлі қылмыстық және террористік элементтердің енуіне жол бермеу мақсатында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерімен осындай бірнеше қылмыстық топ ұсталды.Түркістан және Жамбыл облыстарында қолдан жалған құжаттар жасау және оларды бұрмалау арқылы шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастыруға қатысы бар үш қылмыстық топтың жолы кесілді.Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында шетелдіктерді іргелес мемлекеттің аумағына шекараның қиылысқан жерлері арқылы заңсыз тасымалдауға ниет білдірген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істер тергелуде.Қызылордада ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, шетелдіктердің Қазақстан аумағында заңсыз болуы үшін жалған анықтамалар дайындау бойынша «делдалдық» қызметтер көрсетумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.– Барлық көрсетілген фактілер бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Заңсыз көші-қон арналарын жою жұмыстары жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/918890
Халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық: Қанат Шарлапаев жетекші компаниялармен кездесті 16.01.2025
Эр-Риядқа жұмыс сапары аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Future Minerals Forum» негізгі іс-шаралары – панельдік сессиялар мен көрмені аралап көріп, бірқатар халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізді.Сауд Арабиясының жетекші компанияларымен, мемлекеттік органдарының өкілдерімен Қазақстан мен Сауд Арабиясының Іскерлік кеңесінің өкілдері қатысқан негізгі кездесулер Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшілігінің көмегімен өтті.Қанат Шарлапаев «Xcalibur» бас директоры Андрес Бланкомен кездесті. «Xcalibur Smart Mapping» – әуедегі геофизика және карта жасау саласындағы әлемдік көшбасшы. Компания табиғи капиталды, жаңартылатын және қалпына келмейтін ресурстарды картаға түсіру және бағалау үшін кешенді және тұрақты шешімдерді ұсынады.Келесі кезекте министр Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі Халид Аль-Фалихпен кездесу өткізді.Қанат Шарлапаев «Біз ұлттық мемлекеттерді пайдалы қазбаларды қажетті көлемде жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге қалай тарта аламыз?» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты. Сессияның модераторы «CNN Abu Dhabi & Anchor», «CNN International» басқарушы редакторы Бекки Андерсон болды, сондай-ақ спикерлер ретінде Ұлыбританияның Өнеркәсіп министрі Сара Джонс, Малайзияның Табиғи ресурстар және қоршаған ортаның тұрақтылығы министрі Ник Назми Ник Ахмад, Пәкістанның Энергетика және мұнай министрі Мусалик Малик пен Финляндияның Экономика министрі Вилле Рюдман болды.Министр АҚШ Мемлекеттік хатшысының энергетикалық дипломатия жөніндегі көмекшісінің АҚШ энергетикалық ресурстар бюросының орынбасары Кимберли Харрингтонмен кездесті. Тараптар энергетикалық қауіпсіздікті, энергетикалық ресурстарды қамтамасыз ету және декарбонизация мақсаттарына қол жеткізу мәселелерін қозғады.Сондай-ақ, Қанат Шарлапаев «Vision Blue» бас директоры Мик Дэвиспен де кездесу өткізді. Бұл металдар мен минералдық ресурстарға стратегиялық инвестициялар портфелін әзірлейтін тау-кен инвестициялық компаниясы.Министр Мемлекеттік департаменттің Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялық серіктестік жөніндегі арнайы үйлестірушісінің м.а. Хелайна Маццамен кездесті. Кездесу барысында тараптар инфрақұрылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және тұрақты экономикалық өсуге жәрдемдесу мүмкіндіктерін талқылады.Қанат Шарлапаев «Hatch» бас директоры Джон Бьянкинимен кездесу өткізді. Бұл жаһандық, әртараптандырылған канадалық компания. 150 елде металл, тау-кен өнеркәсібі және инфрақұрылым салаларында кешенді инженерлік, консалтингтік және цифрлық қызметтерді ұсынады. Компанияның клиенттері арасында әлемдегі ең ірі тау-кен металлургиялық компаниялары бар.«Future Minerals Forum» іс-шарасы аясында «Құру немесе сатып алу: минералды шикізатқа деген сұранысты қанағаттандыру үшін капиталды бөлу және қаржылық тәртіп жеткілікті ме?» және «Инвестициялық тәуекелдерді азайту: бөлшектенген әлемде тұрақты минералды жеткізу тізбегіне апаратын жолдар»тақырыптарында сессиялар өтті.Сондай-ақ форум барысында ашық ауада көрме ұйымдастырылып, онда соңғы үлгідегі ауыр жүк көліктері мен техникалары, пайдалы қазбалар мен тау-кен өнімдерін тасымалдауға арналған инновациялық жол талғамайтын көліктер көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/918705
ӨҚМ «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін дамыту қоры» және «Қазақстан инжиниринг» құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу бойынша конкурс туралы хабарлайды 16.01.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін дамыту қоры» АҚ және «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеу бойынша конкурс туралы хабарлайды.Тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып табылатын акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорды конкурстық іріктеу Тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.Тәуелсіз директорды конкурстық іріктеу тәртібі және хабарландырулар «Құжаттар» бөлімінде орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/1?lang=ruҮміткерлердің конкурстық өтінімдерін қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылдың 30 қаңтары.Конкурстық комиссия жұмыс органының пошталық мекенжайы – Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық пошта – s.berdalina@mps.gov.kz, a.sereke@mps.gov.kz, тел. (7172) 983192, 983436.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/919199
2024 жылы Қарулы Күштерде 50-ден астам модульдік ғимарат пайдалануға берілді 16.01.2025
Қазақстан армиясында модульдік ғимараттарды пайдалануға беру бағдарламасы жалғасуда.Тек 2024 жылы 56 модульдік ғимарат пайдалануға берілді, оның ішінде 25 казарма, 4 асхана және 13 әкімшілік үй-жай.Бұдан басқа, жыл бойы "бірлік-2024", "шексіз бауырластық", "бұзылмайтын бауырластық" ауқымды оқу-жаттығуларына, "Айбын"әскери-патриоттық жастар жиынына дайындық кезінде оқу орталықтары мен полигондардың инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді.Әскери бөлімдер мен мекемелердегі дербес жөндеу 800-ден астам нысанды қамтыды.Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынудаҚазақстанның бес өңірінде әскери қалашықтардың құрылысы жалғасуда. Семей, Ақтөбе, Шымкент, Қонаев және Атырауда Қарулы Күштердің келісімшарты бойынша офицерлер мен әскери қызметшілерге арналған көппәтерлі модульді тұрғын үйлер салынуда. 7 әскери қалашықта 58 мың шаршы метрден астам алаңға асфальтбетон төселген.Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсарту үшін жаңа жөндеуден өткен тұрғын үйге ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қоныстанғанСонымен қатар, 2024 жылы әскери қызметшілермен Қазақстанның түрлі өңірлерінде 328 пәтер жекешелендірілді.Қонаев қаласында " Балдәурен "балалар сауықтыру орталығы үшін қасбеттерді жөндеу, футбол және волейбол алаңдарын, қоршауларды орнату жұмыстары жүргізілді, жазғы асхананы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жиһаздар мен қоршаулардың жеке өндірісі 100% қарулы күштерді қамтамасыз етедіҚарулы Күштердің аудандық пайдалану бөлімдерінде өз өндірісін ұлғайту жалғасуда. 2024 жылы ангарлар өндірісі 25% - ға ұлғайтылды (24 дана жасалды), 38 километр 3Д-қоршаулар, 1,5 километрден астам "Егоза" типті сымдар, 670 шаршы метр ПВХ-бұйымдар және 8 540 бірлік жиһаз, оның ішінде 400 асхана үстелі, 2400 төсек үстелі, 1100 оқушы партасы, 3800 табуретка, 40 көйлек шкафтар.Өзінің жиһаз өндірісінің арқасында өткен жылы ғана құрлық және десанттық-шабуыл әскерлерінің казармалық қоры 30% - ға жаңартылды. Астана әскери колледжінде және Қарағанды және Алматы қалаларындағы "Жас ұлан" республикалық мектептерінде казармалық жиһаз толығымен жаңартылды.2025 жылы қосымша станоктар, аралар, жиһаз жасауға арналған жабдықтар мен профильдер сатып алу жоспарлануда.Қарулы Күштер үшін қажетті тауарлардың өндірісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/918719
Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль белгіленеді 16.01.2025
Қорғаныс министрлігі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өзге де қатысушыларына салтанатты түрде құрмет көрсету мақсатында әзірленді.Жарлықтың жобасында «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» меретойлық медальмен марапаттау ережесі және медаль сипаттамасы нақтыланады.Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 29 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15401269 сілтемеге өтіп, таныса аласыздар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/918764
Десантшылар шаңғы жарысында өзара мықтыны анықтады 16.01.2025
Алматы облысы Талғар ауданының Солдат шатқалында орналасқан «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінің базасында шаңғы спортынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің чемпионаты өтті.Екі күн бойы Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарының сегіз командасы құрамында 40 әскери қызметші патрульдердің командалық жарысы мен эстафетада бақ сынасты.– Атыспен жүргізілетін шаңғы жарысы – бұл әскери-қолданбалы спорт түрі. Оны әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығының ажырамас бөлігі деуге болады. Әр командадан әр түрлі жастағы бір қыз бен үш ер адам қатысты, – деді жарыстың бас төрешісі майор Марат Ағамбаев. – Бұл жерде әдеттегі биатлон жарыстарынан айырмашылық әскери қызметшілер қашықтықты классикалық спорттық шаңғыларынан 2-3 сантиметрге кеңірек армия шаңғыларымен жүріп өтеді.Патрульдік командалық жарыстың бірінші күні командалардың ешқайсысы айыппұл айналымдарын жасауға мәжбүр болған жоқ. Бұл ретте десантшылар жақсы атыс дайындығын көрсеткенін айта кету керек.Мұнда дене шынықтыру, ынтымақ және өзара көмек маңызды. Негізі мәре уақыты команданың соңғы қатысушысы 10 шақырымдық қашықтықты аяқтағаннан кейін анықталады. Патрульдік эстафеталық жарыста әр шаңғышыға 5 шақырымдық қашықтықты жүріп ату керек болды.Жарыс қорытындысы бойынша алтын медальді Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов (Талдықорған қ.) атындағы 37-ші бригаданың командасы жеңіп алды. 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының (Қонаев қ.) шаңғышылары күміс, ал Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасы қола медальға ие болды.– Жол өте күрделі әрі бедерлі болды. Әйтсе де өте әдемі және қызықты өтті. Біз бәсекелестеріміздің мүмкіндігін ескере отырып, жарысқа бір айдан астам уақыт дайындалдық, – деді жарыс жеңімпазы кіші сержант Елена Кульнева.Дәстүр бойынша чемпиондар мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/918904
Астананың әскери музейінде Әлия Молдағұлованың өшпес ерлігі еске алынды 16.01.2025
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде Кеңес Одағының Батыры, қазақтың ержүрек мерген қызы Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған ерлік сабағы өтті. Шараға Астананың оқушылары, колледждердің және жоғары оқу орындарының студенттері, ардагерлер ұйымдарының, іздестіру топтарының өкілдері, музейдің әскери қызметшілері мен ғылыми қызметкерлері қатысты. Әскери-тарихи музейдің бастығы майор Дәулет Қадыров 2025 жылғы 25 қазанда Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толатынын еске салды. Осыған байланысты Қазақстанда ауқымды мерейтойлық іс-шаралар өтеді.– Биыл Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы аясында батыр қызымызды еске алып жатырмыз. Ерлік сабағына оқушылар мен студенттерді шақырдық. Жастар қан майданда шайқасып, жеңіске баға жетпес үлес қосқан қазақ жауынгерлерінің рухы қандай мықты болғанын білуі тиіс, – деп атап өтті Дәулет Қадыров. Іс-шараға қатысушылар Әлияның 1944 жылдың қаңтарында әпкесі Сапура Молдағұловаға жіберілген соңғы хатының аудиожазбасын тыңдауға мүмкіндік алды. «Мемориалдық аймақ» іздеу жасағының командирі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Майдан Құсайынов өткенді ұмыту – Отан үшін қаза тапқан адамдарды естен шығарғанмен бірдей екенін алға тартты. Ол батырлардың өшпес ерлігі мәңгі жадымызда қалатынын айтты.Іс-шара ХХ ғасырдағы әскери тарих залындағы экскурсиямен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/918919
Қызылордада кірпіш зауыты, ЖЭО және құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт іске қосылады 16.01.2025
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды. Өткен жылы жалпы құны 1,9 трлн теңгені құрайтын 86 инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі бес жылдық бағдарлама шеңберінде өңірде 411 жаңа жұмыс орнын құрумен 37 млрд теңгеге 21 жоба іске асырылды. Олардың ішінде: құрылыс материалдарын өндіру бойынша 6 жоба, агроөнеркәсіп саласында 10 жоба, көлік логистикасы саласында 1 жоба, қалғандары сауда және білім беру саласында. Ірі жобалардың қатарында Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы бар. 2025 жылы Қызылорда облысында құны 275,3 млрд теңге болатын 1 мың жұмыс орнын құрумен және шығарылатын өнім көлемі 30,8 млрд теңгеге 24 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ірі жобалардың қатарында қуаттылығы жылына 90 млн дана кірпіш шығаратын зауыт, қуаттылығы жылына 392 тонна түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, жолаушылар вагондарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және салу жөніндегі жобаның бірінші кезеңі, қуаттылығы 240 МВт жаңа ЖЭО бар. "Біз жалпы қуаты 141 МВт болатын 4 күн және 1 жел электр станциясының құрылысын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Облыстың электр энергиясына қажеттілігі тәулігіне 200 МВт құрайды, өңірде жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істейді. 5 жоба іске қосылған кезде біздің өңір толығымен жасыл энергетикаға көшеді", - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев.ҚР СІМ Инвестициялар комитеті кеңес қатысушыларына ұлттық цифрлық инвестициялық платформа – инвесторлардың, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың өзара іс-қимылы үшін бірыңғай терезе мүмкіндіктерін таныстырды. Бүгінгі таңда платформа пулында 836 жоба бар, оның 246 – сы 2025 жылы іске асырылуы жоспарланған.Кеңесте өңірдің екі ірі инвестициялық жобасын іске асырудың проблемалық мәселелері қаралды. Бұл "Шалқия" полиметалл кендері кен орнының тиімділігін арттыру және кальцийленген сода өндіретін зауыт салу. Атап айтқанда, тамақ және техникалық тұз, полипропилен қаптарын шығаратын "Аралтұз" АҚ қазіргі уақытта Қазақстанда кальцийленген сода шығаратын алғашқы зауыт құрылысының жобасын іске асыруда. Бұл шыны бөтелкелерді өндіруге қажетті шикізат компоненті. Қазіргі уақытта ол Қазақстанға толығымен импортталады. Жоба айтарлықтай инвестицияларды қажет етеді, несиелік қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын ұзарту бойынша сұрақтар бар. Министр тиісті қаржы институттарына жобаны қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді іздеуді тапсырды."Мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін кедергілерді жоюға барынша жәрдемдесу болуға тиіс. 2025 жылға арналған 246 жобаның мақсаты-бұл жақсы көрсеткіш және оған қол жеткізу үшін барлық кедергілерді мүмкіндігінше алып тастау, уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. Ол үшін қысқа уақыт ішінде инвестициялар жөніндегі комитет Өнеркәсіп министрлігімен және әкімдіктермен бірге жобаларды басым сала және жоғары қосылған құн қағидаты бойынша градациялауды жүргізуі қажет. Нәтижелерге сүйене отырып, оларды іске асыруға қолдау көрсету", - деп қорытындылады Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/919163
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапханалар орнатылды 16.01.2025
Алматы кітапхана саласына инновациялық шешімдерді белсенді енгізуді жалғастыруда. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің қоғамдық орындарында алғаш рет кітап беруге арналған заманауи автоматтар орнатылды. Осындай 24 дербес кітапхана тоғыз метро станциясында пайда болды: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Мұхтар Әуезов», «Алатау», «Сайран» және «Мәскеу», сондай-ақ Медеу және Әуезов аудандарының ХҚКО-тарында, «Спутник», «Атакент», «Азия паркі» сынды сауда орталықтарында, Медеу және Түрксіб аудандарындағы жастар комьюнити орталықтарында және Sail коворкингінде.Осы автоматты қондырғылардың көмегімен оқырмандар дәстүрлі кітапханаға бармай-ақ кітаптарды таңдап, ала алады, сонымен қатар әдебиеттерді 24 машинаның кез келгеніне немесе қалалық кітапханалар филиалына қайтара алады. Ол үшін оқу билеті болуы керек. Егер ол болмаса, сіз тіркеуден өтіп, «Қала оқырмандары клубына қосыла аласыз».Қажет болған жағдайда әрбір тілек білдіруші «Алматы кітапханалары» 28 филиалының бірінен оқырман билетін ала алады, оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Осыдан кейін кітап әуесқойлары almatylibrary.kz сайтты да пайдаланып, қажетті кітаптарды таңдап, тапсырыс беріп, оларды онлайн режимінде сақтай алады. Берешек пен борышкерлерді автоматты түрде есепке алу үшін қайтару мерзімдерін қадағалау жүйесі енгізілді.«Біз оқырмандар үшін жақсы жағдай жасаймыз, ең озық шешімдерді енгіземіз. Өткен жылы бірнеше жаңа кітапханалар ашылды, бұл жұмыс 2025 жылы да жалғасады. Жалпы, қазір қала тұрғындары үшін кітап беретін 28 кітапхана мен 24 дербес кітапхана-аппарат бар. Біз қаланың әрбір тұрғынының кітап оқығанын, оқығанды ұнататынын және білімді болғанын қалаймыз. Бұл үшін кітапханалар қолжетімді болды, соның ішінде жер астында – метро станцияларында. Кітапхана саласын дамыту мәселесі қала әкімінің ерекше бақылауында»,- деп атап өтті Алматы қаласының мәдениет басқармасы.Жалпы, Алматы мәдениет басқармасына қарасты кітапханалардың барлық жұмысы автоматтандырылған. 1,3 миллионнан астам кітапты құрайтын бүкіл кітап қорының бірыңғай есебі құрылды. Қызметкерлер электронды каталог жүргізеді, әдебиеттердің қозғалысын жедел қадағалайды, бұл қызмет көрсетуді едәуір жылдамдатады. Кітаптар мен олардың қол жетімділігі туралы барлық ақпарат бірыңғай мәліметтер базасында қол жетімді, ал қорларды пайдалану статистикасы қызметкерлерге әдебиетке деген сұранысты талдауға көмектеседі.Айтпақшы, 2024 жылы қалалық кітапханаларға 3 миллионнан астам келушілер тіркелген. Айта кетейік, қала кітапханаларының 95%-ы жаңғыртылған. Әр кітапханада жиһаз және материалдық-техникалық база жаңартылды, Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді, сондай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес шешімдер енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/918382
Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшы қар күреуге шықты 16.01.2025
Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы тоқтаусыз режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын қар тазалау жұмысына мыңдаған адам мен арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 16 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 600-ден астам жол жұмысшы және 1 300-ден астам арнайы техника шықты.16 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 871 рейспен 25 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 255 673 ауыр жүк рейсімен 3,2 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918698
Жұмысшы мамандықтары жылы: елордада 21 жоба іске асырылады 16.01.2025
Қазір елордада екі арнайы экономикалық аймақ (АЭА) жұмыс істейді. Бірі – «Астана – жаңа қала», екіншісі – «Астана-Технополис» экономикалық аймағы. Осы АЭА-тың басқарушы компаниясы – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы. Бүгінде орталыққа қарасты №1 Индустриялық паркте заманға сай түрлі өнім шығаратын көптеген кәсіпорын бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Әрі отандық және шетелдік инвесторлар қаржы құйған зауыт пен өндіріс орындары жыл сайын ашылып жатыр.«Бүгінгі таңда АЭА-тағы өнеркәсіптік объектілерінің инвестициялық портфелі 130 жобадан құралған. Оның ішінде бүгінге дейін 5 700-ден астам тұрақты жұмыс орнын қамтитын 70 жоба пайдалануға берілді. Ал алдағы 3 жыл ішінде 3 200 жұмыс орнын құратын 60 жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ осы №1 Индустриялық паркте локомотивтер, электровоздар шығаратын, арнайы киімдер тігетін, оптикалық құрылғылар, құрылыс материалдарын шығаратын үлкен зауыттар жұмыс істеп тұр. Аталған барлық кәсіпорында инженер-механик, слесарь, дәнекерлеуші, электрик, сандық бағдарламалық басқару операторлары, өндіріс менеджерлері сияқты өз саласына жетік мамандар жұмыс істейді», - дейді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының АЭА, өнеркәсіп және экспортты ілгерілету бөлімінің басшысы Айдын Қиылымбеков.Бөлім басшысының сөзінше, былтыр мұнда 770-тен астам жұмыс орнын құруға қауқарлы 13 жоба пайдалануға берілген. Ал осы жылы 1300-ден астам жұмыс орнынан тұратын 21 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.Айта кетейік, №1 Индустриялық парк республикалық көрсеткіштер бойынша елдегі барлық парк арасында елде көшбасшы болып отыр. Жұмыс істеу кезеңінде бұл парк *8,6* трлн теңге өндіріс көлеміне жетті. Сондай-ақ аталған парктің табысты тәжірибесі №2 Индустриялық паркті іске қосуды да жеделдететіні анық. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918735
Қоқысты қайта өңдеуге өткіз: елорда тұрғындары қаланың тазалығына қалай атсалысады 16.01.2025
Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы жалғасып жатыр. Елорда тұрғындары да шет қалмай, түрлі экологиялық шараларға қатысады. Қала тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосудың тағы бір жолы – тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге тапсыру. Бұл жұмыс туралы толығырақ «LS Astana» директоры Сәуле Тәжібаева айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Сәуле Тәжібаева қайталама шикізатты жинау және бастапқы өңдеумен айналысады. Оның айтуынша, соңғы жылдары тұрғындардың қаладағы экологиялық жағдайға көңілі артқан.«Күн сайын бір қабылдау пунктіне 1 тоннадан астам, айына 25-30 тоннадай шикізат келеді. Осы қоқыстардың барлығы полигонға араласқан қалпы жіберілуі мүмкін еді, бірақ енді ол қайтадан пайдаланылатын болды. Тұрғындарымыздың хабардарлығы қуантады. Қайта өңдеуге жарамды материалдарды тапсыратындардың 70-80 пайызы табыс табу үшін емес, қаланы таза ұстау үшін осындай қадамға барады», - деп атап өтті LS Astana басшысы.Оның айтуынша, елордада қалдықтарды бөлу жүйесі белсенді түрде дамып жатыр. Мысалы, астаналықтар қайта өңделетін материалдарды тапсыра алатын қалада 5 LS Astana пункті бар.«Біз қосымша материалдардың 17-ден астам түрін әрі қарай өңдеуге қабылдаймыз. Олардың негізгілері картон, полиэтилен, пластик бөтелкелер, алюминий банкалар, канистрлер, макулатуралар (кітаптар, газеттер, журналдар және т.б.). Қалдықтарды кәдеге жарату үшін Телжан Шонанұлы көшесі, 36/1а мекенжайында орналасқан негізгі базаға, сондай-ақ қаланың бірнеше жерінде орналасқан қабылдау пунктеріне әкелуге болады. Бұл пунктер тұрғындарға ыңғайлы болу үшін арнайы ашылған. Біз қабылдау кестесін барынша ыңғайлы етуге тырыстық», - деді Сәуле.Қайта өңдеуге болатын материалдарды таза түрде тапсыру керек екенін есте ұстаған жөн. Мысалы, майлы картон немесе сусын қалдықтары бар бөтелкелер қабылданбайды. Қайта өңделетін материалдар түрі бойынша алдын ала сұрыпталуы керек.«Біздің қызметкерлер пунктерге түсетін қалдықтарды қоймада әртүрлі түрге сұрыптайды. Көп мөлшерде жиналған кезде оларды негізгі қоймаға тасымалдаймыз. Қайта өңдеу зауыттары қайта өңделетін материалдарды белгілі бір формада қабылдайды. Мысалы, пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеу үшін біз оларды ашық және қаралау деп бөлу үшін сұрыптау таспасын қолданамыз. Содан кейін шикізат престеледі және қатты пластик ұсақталады. 20 тонна материал жиналып, отандық зауыттарға өңдеуге жіберіледі», - дейді ол.Қалдықтарды кәдеге жаратқаны үшін астаналықтар прайс-парақшаға сәйкес ақшалай сыйақы ала алады. Құны қайта өңделетін материалдың әрбір түріне 1 кг үшін анықталады. Қалдықтарды қабылдау кезінде пункттегі қызметкер оны өлшеп, есеп береді.Естеріңізге сала кетейік, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы жалғасуда. Экологиялық акция аясында қаланы, нөсер және суару арықтарының кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918953
Smart Astana қосымшасы арқылы балабақша кезегіне қалай тұруға болады 16.01.2025
Smart Astana мобильді қосымшасы көлік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және тіпті коммуналдық қызмет салаларындағы 70-тен астам қалалық қызметтің басын қосады. Осы арқылы астаналықтар үйлерінен шықпай-ақ балабақшаға кезекке тұруға өтініш бере алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі уақытта қосымшаны белсенді қолданушылардың саны 30 мыңнан асады.Білім қолданбасы қызметі бірқатар маңызды қызметті ұсынады, оның ішінде:- Балабақшаға кезек нөмірі. Бұл бөлімде ата-аналар өз баласының кезекте тұрған орнын көріп, мектепке дейінгі мекемеге қабылдауға жолдама (жолдама) бар-жоғын тексере алады.- Қосымшадағы «Балабақшалар» бөлімі қажетті мектепке дейінгі мекемені жылдам табуға және ол туралы толық ақпаратты, оның ішінде мекенжайды, байланыс нөмірлерін және картадан орналасқан жерін алуға мүмкіндік береді.- Балабақшаға орын алу кезегіне тіркелу. Мұнда мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердегі тегін орынға кезекке тұруға электронды өтініш беруге болады.- Баланы қорлаудың (буллинг) алдын алу ережелері. Ата-аналарға қорлау белгілерін тануға, мұндай жағдайда дұрыс әрекет етуге және баласын қорғауға көмектесетін 13 беттік презентация ұсынылады.- Университеттер мен колледждер. Бұл бөлім түлектерге және олардың ата-аналарына университеттер мен колледждерді көруге және табуға көмектеседі.Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша төтенше жағдайлар қызметі, жол жұмыстары, жоспарланған тоқтаулар және қаладағы басқа да маңызды оқиғалар туралы жедел хабарламаларды алу мүмкіндігін, жедел қызметтермен жылдам байланысты қамтамасыз етеді. Қалалық қызметтермен байланыс функциясы да енгізілді.Smart Astana қолданбасын App Store және Google Play арқылы тегін жүктеп алуға болады. Ыңғайлы болу үшін сіз әмбебап сілтемені пайдалана аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/919174
Елордада қариялар арасында скандинавиялық серуеннің танымалдығы артып келеді 16.01.2025
Астанада скандинавиялық серуенмен айналысу үшін Есіл және Нұра аудандарына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері күн сайын Ботаникалық саябаққа жиналып, таза ауада серуен құрады. Скандинавиялық серуеннен шеберлік сабақтарын спорт саласында 45 жылдан астам уақыт қызмет еткен ардагер-спортшы Туғанай Бейсембаева жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бүгінде білікті маманның жаттығу сабақтарына 152 зейнеткер қатысады, олардың арасында ең жасы үлкені – 86 жастағы Сабыржан ақсақал.«Біз скандинавиялық серуен секциясында 4 топқа бөлініп айналысамыз. Жаттығу сабақтары Ботаникалық саябақ пен «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық СК өтеді. Қысты күндері ауа райына байланысты -15 градусқа дейін суықта таза ауада 40-45 минуттай жүруге тырысамыз. Зейнеткерлердің бәрі белсенді, арамызда спорттың осы түрімен 4 жылдан бері айналысып келе жатқандар бар», - деп сөзін түйіндеді орталықтың дене шынықтыру нұсқаушысы Туғанай Қойшықызы.Бүгінде скандинавиялық серуен секциялары барлық аудандық филиалдарда бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/919192
Аттестатпен бірге жаңа мамандық: Астана оқушылары колледждердегі жұмысшы мамандықтарды қалай меңгереді 16.01.2025
Елордада арнайы жоба жүзеге асып жатыр, оның аясында мектеп оқушылары сертификатпен бірге жұмысшы мамандығын меңгере ала алады. Ол қазір Астанадағы үш мемлекеттік колледжде бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Жоба студенттерге техникалық және кәсіптік білім, сол сияқты жұмысшы мамандықтары бойынша тиісті дипломдар алуға мүмкіндік береді.Жобаға қатысушы оқу орындарының қатарында Астана қаласы әкімдігінің кәсіптік-техникалық колледжі де бар. Мұнда қазірдің өзінде жаңа бағдарлама бойынша елордадағы 10 мектептен 34 оқушы білім алып жүр.Қатысушылар – 10-сынып оқушылары. Таңертең олар өз мектептеріндегі сабақтарға қатысады, ал түстен кейін колледжге барады, онда олар үш бағыттағы мамандықтардың бірін игере алады: «Тамақтануды ұйымдастыру», «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киім дизайны» .«Жұмысшы мамандықтарына оқытудың бүкіл процесі 10-сыныптың басынан 11-сыныптың ортасына дейін өтеді. Соңында мектеп оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады, оның қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім меңгергені туралы диплом алады. Кәдімгі колледждегі білімнен айырмашылығы, бағдарлама екі есе тез өтеді. Дегенмен, біз автомобильдерді жөндеу мен пайдаланудың барлық процесін толық зерттейміз және мектеп бітірген кезде 18 жаста жұмысқа дайын білікті маман боламыз. Осы жобаның арқасында біз білім беруде қосымша артықшылыққа ие боламыз», - деп атап өтті жобаға қатысушылардың бірі Нұрәли План.Жоба елордалық жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған.Жобаға мектеп оқушылары ерікті түрде қатысады. Оған дейін мектептерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтеді. Сондай-ақ бағдарлама басталғанға дейін меңгеретін бағытты таңдау туралы шешім қабылдауға көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/919250