Enbekshi QazaQ

Қоғам

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ 10.01.2025
Облыс орталығында мәдениет үйі мен жаңа медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығында бой көтеріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма жүктеді.– Өңірдегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Сапа басты назарда болу керек. Әлеуметтік нысандардың құрылысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, тапсырыңыздар. Жұмыс барысында кедергілер болмауы тиіс, – деді облыс әкімі.Түркістан қаласында Оңалту орталығы бой көтерді. Нысанның құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Жаңа орталық қажетті жабдықтармен толық қамтылады. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған. Жаңа нысан жақында ел игілігіне берілмек.Бұдан бөлек, облыс орталығында Мәдениет үйі салынуда. Ғимараттың жалпы ауданы – 10 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.Сонымен қатар облыс әкімі 570 төсек - орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысымен танысты. Заманауи үлгіде салынып жатқан ғимаратта тұрғындардың ем алуына барлық жағдай жасалады. Өңір басшысы Түркістан облысында 2 млн-нан астам адам тұратынын, сондықтан жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосу маңызды екенін атап өтті. Жұмыс қарқынын күшейтуді, құрылысқа сапалы материалдарды қолдануды тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914984
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады 10.01.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады✔️Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.❗️Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973232?lang=kk
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІС ДАМИДЫ 10.01.2025
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім байқалады. Өткен жылы облыс орталығының жалпы өңірлік өнім көлемі 421,7 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, жаңа жобаларды қолға алуды тапсырды.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен дайындалған «Түркістан қаласының Ерекше мәртебесі» туралы Заң жобасы жуырда Парламент Мәжілісінде мақұлданды. Бұл заң киелі Түркістан қаласының одан әрі дамуына оң ықпал етпек. Жұмысты күшейтіңіздер. Тиімді жобаларды қолға алған жөн, – деді Нұралхан Көшеров.Түркістан қаласында өндіріс орындарының саны артып келеді. Бүгінде қаладағы 180 гектар аумақта Арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Одан бөлек, 190 гектар жерде Индустриалды аймақ іске қосылған. Бұл аймақта 10,5 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Алдағы уақытта 19 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында бетон бұйымдарын жасау, есіктер шығару, битум өндіру, жұмсақ жиһаздарды жасау, әк өндіру сияқты жобалар бар.Облыс орталығында халықты жұмыспен қамту шаралары да қарқынды жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жоспар 116,2 пайызға орындалған.Тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасады. Өткен жылы 961 пәтер пайдалануға берілсе, биыл 944 пәтерді ел игілігіне беру жоспарланып отыр.Түркістан қаласын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914627
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.01.2025
Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев аудан аумағында әк өндіруге қызығушылық танытып отырған Қытай елінің «Fujian Yonghuan New Material Techology Co. Ltd» компаниясының өкілі Ван Жиангты арнайы қабылдап, келіссөздер жүргізді.Қытай елінен келген кәсіпкер аудан аумағында көп жылдан бері қызмет атқарып келген «ҮМІТ-СД» ЖШС-нің жұмысын жандандыру мақсатында кәсіпорынға инвестиция құйып, жаңа технологияларды енгізу арқылы жылына 150 мың тонна әк өндіруді көздеп отыр. Қазіргі таңда аудандық кәсіпорынның кен орнынан жер сынамасын алып, ондағы әк құрамын анықтау жұмыстарын жүргізуде.Асқар Сұлтанұлы шет елдік инвесторымен сұқбаттасу барысында аймақта туризм және ауыл шаруашылығының әлеуеті жоғары екеніне тоқталып, бұл бағытта қызығушылық танытқан жағдайда мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді. Сонымен қоса, аудан әкімі жоспарлар іске асқан жағдайда жаңадан ашылатын жұмыс орындарының 95 пайызын аудан тұрғындарынан қабылдау керектігін атап өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914821
ТҮРКІСТАН: ЖАС САПЕРЛЕР КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ 10.01.2025
Абай гарнизонының инженер-саперлері «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының далалық жаттығу полигонында жауынгерлік дайындық сабақтарын пысықтады. 54770 әскери бөлімі жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес жас сарбаздарға алғаш рет жарылысқа қатысты дайындықты іске асыртып көрді.Аталған шара алдымен тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен қауіпсіздік шараларын жеткізумен басталды. Инженерлер қалашығындағы оқу нүктелерінде жарылыс жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік ережелері, арнайы құралдарды қолдану мен тәсілдері жете түсіндірілді. Сондай-ақ оттық және электр тәсілдерімен жарылыс жұмыстарының барысы мен ерекшеліктері баяндалды.Сарбаздар осы уақытқа дейін алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырып, жару жұмыстарына қызығушылықпен және ыждағаттылықпен қатысты. Солардың бірі – мерзімді әскери қызметін өтеуші қатардағы жауынгер Жасұлан Нүсіпжан. Жас сарбаз жару жұмыстарына тікелей қатысып, өз көзімен көру басқаша әсер қалдыратынын айтты.– Отан алдындағы борышымды атқарып жатқаныма екі айдан астам уақыт болып қалыпты. Бүгін алғаш рет жару жұмыстарына қатыстық. Осыған дейін алған білімімізді іс жүзінде іске асырып көрдік. Барлығы ойдағыдай өтті. Білімімізді шыңдап, барлығын үйретіп жатқан офицерлер мен сержанттар құрамына алғысым шексіз. Алдағы уақытта да жауынгерлік даярлығымызды шыңдап, батылдығымызды баптаймыз, – дейді жас сарбаз Жасұлан Нүсіпжан.Жарылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды. Айта кетуіміз керек, жас сарбаздардың жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914822
КЕНТАУ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР 10.01.2025
Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығы қайта жаңғыртудан өтіп, қазіргі таңда қаланы толық жылумен қамтып отыр.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласындағы Жылу энерго орталығында болып, жұмысымен танысты. Жауапты тұлғаларға жылудан мәселе туындамау керек екенін ескертіп, жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау тұрғындарын және әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Кентау қаласы ЖЭО-ның «№7,8,9,10,11,12 қазандықтарын күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, жылу көздерін жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлінді. Жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмеген Жылу энерго орталығында қазандықтардың қайта құру жұмыстары қолға алынды.Нақтырақ айтқанда, 6 қазандықтың қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 5 қазандықта қайта құру жұмыстары аяқталды. Ал бір қазандық қайта құрудан соң жақын күндері іске қосылады. Бұдан бөлек, 2 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. №5 қазандық бюджет есебінен, №6 қазандық демеушілер есебінен жөнделді.Сонымен қатар облыс аумағындағы 300 шақырымға жуық жылу желілеріне толық техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жылу желілерінің тозуы 49 пайызды құрады. Кентау қаласындағы 6,6 шақырым магистральды жылу желілері қайта жаңартылды. Одан бөлек, 14,5 шақырым жылу желілерін реконструкциялау бойынша жоба әзірленіп, бюджеттік өтінім министрлікке ұсынылды.Айта кетейік, қаладағы 14 мыңға жуық абонент орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 108 бюджеттік мекеме, 2 мыңнан астам жеке сектордағы тұрғын үй, 347 көпқабатты тұрғын үй және 441 коммерциялық нысан бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/915251
ТҮРКІСТАНҒА ҚАТЫНАЙТЫН ӘУЕ РЕЙСТЕРІНІҢ САНЫ АРТАДЫ 10.01.2025
Ішкі туризмді дамыту мақсатында Қостанай –Түркістан және Қарағанды – Түркістан бағыттары бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуе рейстері ашылады.QAZAQ AIR әуе компаниясы әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай – Түркістан бағыты бойынша және 13 қаңтардан бастап Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуер ейстерін іске қосты. Сондай-ақ 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын бастау жоспарланған.Қостанай – ТүркістанРейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және сенбі күндері орындалады:IQ 361 Қостанай (15:00) – Түркістан (17:20)IQ 362 Түркістан (17:50) – Қостанай (20: 00).Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінің құны бір бағытта 31000 теңге.Қарағанды – ТүркістанРейстер аптасына 2 рет орындалады:Дүйсенбі күндері:IQ 441 Түркістан (09:50) – Қарағанды (11:40)IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14: 00)Сәрсенбі күні:IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14: 00)IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40).Субсидияланатын әуе рейстерінің құны бір бағытта 20 000 теңге.Астана – ТүркістанРейстер аптасына 2 рет орындалады:Дүйсенбі күндері:IQ 369 Астана (07:05) – Түркістан (09: 05)IQ 370 Түркістан (14:40) – Астана (16:55)Сәрсенбі күні:IQ 369 Астана (09:50) – Түркістан (11:40)IQ 370 Түркістан (17:20) – Астана (19:20).Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/915441
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді 10.01.2025
Биыл алғаш рет түркітілдес елдер арасында болашақ жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтетін негізгі іс-шаралардың біріне айналмақ. Бастама түркітілдес елдердің жастары мен студенттері арасында кәсіби шеберлікті дамыту мен ілгерілетуге, түрлі салалардағы үздік тәжірибелерді анықтауға, экономикасы өзара байланысқан елдермен инновациялық шешімдер бойынша тәжірибе алмасуға және оларды іске асыру үшін платформа құруға бағытталған. Чемпионат Түрксой ұйымының 2025 жылғы мәдени астанасы болып таңдалған Ақтау қаласында өтеді деп күтілуде. Анықтама үшін: WorldSkills қозғалысы кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды жетілдіру үшін бірлесіп жұмыс істейтін 89 елді біріктіретін әлемдегі жұмысшы кәсіптерінің беделін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Қазақстан 2014 жылдан бастап WorldSkills International халықаралық қозғалысының толыққанды мүшесі болып табылады. 10 жыл ішінде елімізде 30 құзыреттілік бойынша 200-ге жуық өңірлік және 8 республикалық чемпионат өткізілді. Өткен жылы ұлттық құрама WorldSkills Lyon 2024 әлем чемпионатында ел тарихында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, «Ұлттың үздігі» номинациясы бойынша 6 медаль мен марапатқа ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/915415
Облыстық мәслихаттың XIX сессиясы өтті 10.01.2025
Бүгінгі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың XІX сессиясының күн тәртібінде «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын беру, ономастика комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы мәселелер талқыланды. Сессияға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов қатысты.Облыс әкімі Жаңа жыл халқымыз, аймағымыз үшін берекелі жыл болуына тілектестік білдірді.«Өздеріңізге белгілі, жыл сайын Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосқан лайықты азаматтарымызды «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағына ұсынып, өздеріңізбен келісеміз. Аталған тұлғалардың барлығы өздеріңізге таныс. «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағына лайық деп есептейміз. Барлығы да мол тәжірибесімен, біліктілігімен Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, өңірдің дамуына ерекше үлес қосқан, еңбек сіңірген. Ұсынылған кандидаттарды қолдағандарыңызға алғысымды білдіремін», – деді Н.Нәлібаев.Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 63 шешімімен «Облыстың, (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидасы бекітілген. Аталған қағидаға сәйкес облыстың әлеуметтiк-экономикалық, ғылыми-мәдени, қоғамдық өмiрдiң басқа да салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметiнде, азаматтарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде, бейбiтшiлiк пен достықты, ұлтаралық келiсiм мен татулықты нығайтуға қомақты үлес қосқан азаматтарға «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы облыс әкімінің ұсынысымен, облыстық мәслихаттың шешімімен беріледі.Бүгінде осындай азаматтарды ардақтап, құрмет көрсету дәстүрге айналды. Осы уақытқа дейін 70 адам «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағына ие болған.Мәслихат сессиясында қоғамдық даму басқармасының басшысы Р.Каюпов облыстық ономастика комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы хабарлама жасады. Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережеге» сәйкес «Облыстық ономастика комиссиясының кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, комиссия құрамы жаңа редакцияда жазылып, оны бекіту ұсынылды.Сессияда Парламент мінберінде еліміздің өзекті мәселелерін көтеріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға аянбай еңбек етіп жүрген Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914844
Үкімет отырысында көтерілген мәселелер бойынша міндеттер айқындалды 10.01.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу шаралары мен Үкімет қаулыларының жобалары қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен аталған мәселелер бойынша міндеттер айқындалған мәжіліс өтті. Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, облыстық іс-шаралар жоспары мен комиссия құрамы бекітілді. Жоспарды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 899,9 млн теңге қаралды. Бұл қаржы колледждерді күрделі жөндеуге, материалдық-техникалық базаларын жабдықтауға, мектептерде кәсіби бағдар беру кабинеттерін ашуға, «Кәсіби бағдар беру педагогі» штат бірлігін енгізуге және жұмысшы мамандықтарын дәріптейтін түрлі шараларды жүзеге асыруға бағытталады.Колледждерге кәсіпорындардан өндіріс шеберлерін тартуды, шетелдіктерді жергілікті кадрлармен алмастыруды ұйымдастырыңыздар. Бөлінген қаражат мақсатты әрі тиімді жұмсалуы керек.Ірі кәсіпорындардың, орта бизнес өкілдерінің қатысуымен тоқсан сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізуді тапсырамын. Жұмысшы және орта буын мамандықтары бойынша білім алуға ниетті 9-сыныпты бітірушілерді 100 пайыз тегін кәсіптік біліммен қамту үшін 5 308 орын мемлекеттік тапсырыс бөлуге құжат әзірлеңіздер. Колледждерді үздік бітіруші 100 студентке тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама беру үшін өңірдің ірі кәсіпорындарымен арнайы келісімді үйлестіріңіздер.Қоғамда еңбек адамына деген құрметті дәріптеу, жұмысшы мамандықтарын насихаттау, беделін көтеру, жастардың қызығушылығын арттыру бағытында Мемлекет басшысының, Үкіметтің берген барлық тапсырмалары толық орындалуы қажет», – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, өңірде 28 колледж 97 мамандық, 158 біліктілік бойынша еңбек нарығына қажетті кадрлар, оның ішінде, 19 колледжде 45 мамандық, 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрлар даярлануда.Бүгінде жобалық кеңсе, аймақтық штаб құру, «Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында «Жұмысшы мамандықтар жылының» салтанатты ашылуын ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.Басты мақсат – техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау, колледждерді салаландыру, дуальды оқыту, модульдік білім беру, халықаралық стандарттарға сай, еңбек нарығына қажетті, сұранысқа ие жұмысшы мамандар даярлау. Бұл аймақтағы кәсіптік білім беру деңгейін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914859
«Ортақшыл» ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді 10.01.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданының "Ортақшыл" ауылында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасымен салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс, денсаулық сақтау салаларындағы жаңашылдықтарды атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамдағы денсаулық сақтау саласының маңызын айқындап, медицина мамандарының мәртебесі мен беделін арттыру үшін жағдай жасауды тапсырды.2024 жылы облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд. 200 млн.теңгеге жетті.Ұлттық жоба аясында барлық ауданда 10 млрд. 200 млн. теңгеге 27 медициналық нысан салынды. Оның ішінде, Шиелі ауданында 2023 жылы 3 дәрігерлік амбулатория Досбол би, Бала би, "Бұланбай бауы" ауылдарында бой көтерді. Тәуелсіздік күні "Тартоғай" және "Алмалы" елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар ел игілігіне табысталса, күні кеше Әбділда Тәжібаев және "Бестам" ауылдарындағы медицина мекемелері іске қосылды. Бүгін, "Ортақшылда" жаңа дәрігерлік амбулатория ашылуда. Ұлттық жоба аясындағы ғимаратты сапалы салып, мерзімінде аяқтаған «Бақ Береке – 2030» мекемесінің ұжымына Сыр жұртшылығы атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз!Жаңа амбулаторияда ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық көмек сапалы әрі дер кезінде көрсетіледі деп сенеміз. Егемен еліміздің еңсесі биік,Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Жаңа 2025 жыл құтты болсын!»,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында Сенат депутаты Руслан Рүстемов жиналған жұртшылықты құттықтады. Ауданның өсіп-өркендеуіне еңбек сіңірген аға буын ардагерлер мен құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914907
Облыс әкімі Арал ауданындағы Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты 10.01.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданындағы Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.ҚР Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігінің сәуір айындағы алқа кеңесінде бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қалалық және аудандық полиция бөліністерінде кіші жедел басқару орталықтарын қаржыландыру тапсырылған болатын.Осыған байланысты өңірдің 7 аудандық полиция бөлімінде Жедел басқару орталығын құруға облыс әкімдігінен қажетті қаражат бөлінді. Ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыратын, қоғамдық орындарда тәртіпті бақылайтын 77 бейнекамера, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 7 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы сатып алынған, «ЖБО 2.0» бағдарламасы да қамтамасыз етілген.Жедел басқару орталықтарындағы бейнекамералар пилоттық режимде жұмысын бастады, стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғылар мен «ЖБО 2.0» бағдарламасын іске қосу үшін мердігер мекеме тексеру жүргізуде.Аймақ басшысы орталықтың басты мақсаты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтіп, тексеруді толыққанды жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914911
Облыс әкімі «Қамқорлық» оңалту орталығындағы жұмыс барысымен танысты 10.01.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары кезінде «Қамқорлық» оңалту орталығындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бұл орталық А.Байтұрсынов ауылдық емханасының жанында, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен қайта жаңғыртылуда. Құрылысты «Жылу-ХХІ» серіктестігі жүргізуде. Жалпы ауданы 1060,7 шаршы метрлік, екі қабатты ғимарат толық жөндеуден өтуде. Орталықта Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңнан астам бала медициналық оңалтудан өтеді. Нысан биыл наурыз айында іске қосылады.Облыс әкімі жұмысқа қойылатын басты талап сапа мен мерзім екенін айтты. Жауапты басшылар жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі керек.Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 27 нысан салынды. Бұдан бөлек, 4 көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыс салу жоспарланған.Оның ішінде Шиелі ауданында 30 төсектік инфекциялық бөлімше, Шиелі көпбейінді ауруханасының қосымша құрылысы басталды. Қалған қосымша құрылыстарды биыл бастау жоспарға қойылған. 2022 жылы облыстық балалар ауруханасы базасында «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларының қолдауымен "Қамқорлық" оңалту орталығы жұмысын бастады. Мұндай орталық тамыз айында республикада алғашқы болып аудандық аурухана деңгейінде Жаңақорған ауданында ашылды.Орталықта заманауи, сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жағдай жасалған. Онда Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы 1,5 мыңнан астам бала ем алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/914915
Жұмысшы мамандықтарының жылы: қазақстандық мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады 10.01.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекітті. Іс-шаралар жоспары 7 бағыт пен 70 қадамды құрайды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, Жаңа мамандықтар атласын әзірлеу, кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасын жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, кәсіби білікті кадрлар даярлау, сапалы жұмыс орындарын құру, жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау, және мәртебесін көтеру қамтылған. Кәсіпорындармен бірлесіп мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады. «Кәсіптік бағдар берудің реформасы оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушылар толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. Бүгінде елімізде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда жарты миллионнан астам студент оқиды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынға ұлғайды, ал студенттердің стипендиясы екі есеге өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/914263
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаяды 10.01.2025
ҚР Үкіметінің отырысында Ғани Бейсембаев жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.Оның айтуынша, мемлекет колледждерді қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады. Қазіргі уақытта бір студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, келесі оқу жылынан бастап нақты көрсеткіштерге жеткен колледждер үшін ол 2 еседен артыққа өсіп, орташа есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.«Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау және педагогтердің біліктілігін арттыру біз үшін басты басымдық», – деді оқу-ағарту министрі.Дуальды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы негізінде мамандар даярлау үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды белсенді түрде тарту жоспарлануда. Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда, кәсіптік стандарттардың, МЖМБС және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын дайындайды, сондай-ақ өндірістік базада 1,5 мың педагогтің тағылымдамадан өтуі жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/914274
Қазақстанның 10 колледжі халықаралық тәжірибе үшін есігін айқара ашады – Ғани Бейсембаев кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау туралы 10.01.2025
ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу арқылы еліміздің 10 колледжін интернационализациялау туралы айтты.Шетелдік колледждермен тәжірибе алмасу педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық шеңберінде өз білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік береді.Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады.«Орталық студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру және WorldSkills чемпионаттарын өткізу базасына айналады», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Жұмысшы мамандықтар жылындағы маңызды шаралардың бірі - биылғы жылы Ақтау қаласында түркітілдес елдер арасында Turkiskills – 2025 алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/914283
Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты 10.01.2025
EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді. Жоғары билік органы жанындағы мұндай құрылымдар әлемнің бірқатар елінде бар. Мәселен, Ұлыбританияда Премьер-министрдің жобалық кеңсесі (Prime Minister`s Delivery Unit), Малайзияда PEMANDU, Біріккен Араб Әмірліктерінде Акселерация кеңсесі қызмет көрсетеді. Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады. Президентке фискалдық орнықтылықты арттыруға арналған платформалық шешімдер енгізу, Маңғыстау облысын өркендету, адами капиталды қалыптастыру және дамыту секілді стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды. Бұдан бөлек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлік-логистика, денсаулық сақтау, білім беру және ағарту ісі, энергетика, су, өнеркәсіп және құрылыс, цифрлық, инновациялық әрі өңірлік даму секілді бағыттармен шұғылданатын ведомствоаралық командаларды жасақтады. Бұл нақты саладағы белгілі бір міндетке баса назар аударып, анағұрлым жылдам әрі сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/915409
2024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 10.01.2025
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2024 жылы 642 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 263 мың адам пайдаланды.Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/915290
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс саласында кадрлық әлеуетті дамыту 10.01.2025
39 мыңнан астам адам – бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға деген қажеттілік. Бұл деректерді министр Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты.Оның айтуынша, ең үлкен тапшылық құрылыс пен сумен жабдықтауда (17 мыңнан астам маман қажет), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде (6,8 мың), металлургияда және тау-кен өндірісінде (4,6 мың) байқалады.Аталған мәселені шешу үшін Жаңа мамандықтар атласына 75 жаңа мамандық енгізілді. Мысалы, роботтандырылған тау-кен техникасының операторы, виртуалды прототиптеу жөніндегі маман және «Ақылды үй» жобалаушысы. Бизнес-процестерді автоматтандыру үдерісінде 40-тан астам мамандық түрлендірілді.Биыл индустрияландыру картасының 190 жобасы шеңберінде машина жасауда 8 жаңа мамандық пайда болады: 3D-басып шығару және дәнекерлеу жөніндегі инженер, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы және басқалары бар. Олар Алматы мен Қостанайдағы негізгі өндірістік жобаларда жұмыс істейтін болады.336 кәсіпті қамтитын сегіз салада жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, 60 кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілуде.Өнеркәсіп саласында дуальды оқытуды пайдалана отырып, кадр даярлау 284 колледжде жүргізіледі, 700-ден астам кәсіпорын жұмылдырылған. Шарттар мен меморандумдар шеңберінде олар 30-дан астам білім беру бағдарламасын іске асыруда. Жыл сайын 13 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.Геолог мамандығын дәріптеу мақсатында «Жас геолог» қоғамдық қоры құрылды, «Еңбек сіңірген геолог» наградасы ведомстволықтан мемлекеттік мәртебеге қайта ауыстырылды. Құрылыс саласында да жұмыс жүргізілуде.2019 жылдан бастап Отбасы банкі жұмысшыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік бағдарламаны іске асыруда. Соңғы 2 жылда кәсіпорындардың 122 қызметкері пәтер кілтіне ие болды. Ауылдан кадрлардың кетуін азайту үшін өз қызметкерлеріне тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындары субсидияланады. Сонымен қатар 400-ден астам маман «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» және BI University біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өткен жылы WorldSkills Kazakhstan чемпионатында 108 жеңімпаз еліміздің жетекші компанияларынан жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар алды.Ақпарат https://primeminister.kz/ сайтынан алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/914423