Қоғам
Қазақстан қоршаған ортаға СО2 шығарындыларын азайту жөніндегі Ұлттық жоспарды қабылдап, Орталық Азиядағы ИКАО бастамасын қолдаған бірінші мемлекет болды 10.01.2025
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын іске асыру, сондай-ақ авиацияның жаһандық климатқа әсерін азайту жөніндегі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) бастамасын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының авиациялық билік органдары авиация секторындағы көмірқышқыл газының (СО2) шығарыдыларын азайтудың ұлттық жоспарын қабылдады.Ұлттық жоспар климаттың өзгеруімен және тұрақты дамумен байланысты өсіп келе жатқан міндеттерді ескере отырып, авиацияның қоршаған тортаға әсерін айтарлықтай төмендетуге бағытталған.Жоспар шеңберінде энерготиімді технологияларды қолдана отырып, әуежайлардың инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі шараларды қоса алғанда, бірқатар бастамаларды енгізу, сала субъектілерін орнықты авиациялық отынға (SAF) көшіру жөніндегі келісілген шараларды әзірлеу, ИКАО-ның көміртегі шығарындыларын өтеу жөніндегі бағдаламасын қолдау жөніндегі заңнамалық түзетулер көзделген. Жоспардың қабылдануы Қазақстанның климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық келісімдерді сақтау жөніндегі міндеттемесінің бір бөлігі болып табылады.Ұлттық жоспар барлық мүдделі тараптардың, сондай-ақ азаматтық авиация саласы субъектілерінің белсенді қатсуымен жүзеге асырылатын болады.Іс-шараларды түзету және олардың тиімділігін арттыру үшін оны іске асыру нәтижелеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/915744
Ауыл мектептерінен 1 мыңға жуық оқушы зияткерлік байқауларға қатысу үшін арнайы дайындықтан өтуде 10.01.2025
Ауыл мектебінің оқушыларын зияткерлік олимпиадалар мен байқауларға дайындау мақсатында «Дарын» онлайн мектебі өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда оған II Республикалық ауыл олимпиадасының 940 финалисті сырттай қабылданып, білімін жетілдіруде. «Дарын» онлайн мектебінде республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдер сабақ береді. Олар пәнді тереңдетіп оқытудан бөлек, пәндік олимпиадаларға дайындалу стратегиялары мен әдістерін үйретеді және пайдалы ресурстарды жеңіл қолдану тәілдерін түсіндіреді. Сабақтар қашықтықтан өтуде. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге бейімделген оқушылар сабақтарын 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастаса, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қатысушылар үшін сабақ 18 желтоқсанда басталды. «Алдағы уақытта ауыл мектебінің оқушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, еліміздің мерейін үстем ететініне сенімдіміз», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев. Еске сала кетейік, 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ауыл олимпиадасы Астана қаласында қараша-желтоқсан айларында 13 пән бойынша төрт кезеңде өткен болатын. Мақсат - ауылдық жерлердегі дарынды әрі қабілеті жоғары балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету. Биыл мектепішілік кезеңге 113 мыңнан астам бала тіркелді, бұл 2023 жылға қарағанда бала санының 35 мыңға көбейгенін көрсетеді. Олардың ішінен ақтық мәреге жүлдемен жеткен 940 бала болашақ зияткерлік жарыстарға дайындалу мақсатында «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/915872
Нұра ауданында жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагері ашылады 10.01.2025
Нұра ауданында биыл жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагерін салу жоспарлануда. Оған жер телімі бөлінген.Лагерьде бір уақытта әр түрлі жастағы 300 бала демалады. Олар үшін жылытылатын корпустар мен барлық қажетті инфрақұрылым салынады.– Лагерьді жеке инвестициялар есебінен салу жоспарланған. Бұл астаналық кәсіпкерлер. Олар ауданымызға келіп, біз олармен жобаның егжей-тегжейін талқыладық, құрылыс басталатын орынды анықтадық. Лагерь өзеннен алыс жерде орналасады, өйткені бізде су тасқыны қаупі бар. Мұны ескеру керек. Лагерьде барлық қажетті спорттық және ойын-сауық нысандары болады, – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Мұқанова.Лагерьде балалар қол жетімді бағамен жолдамалар арқылы демала алады деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915672
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі 10.01.2025
Авиациялық жобаларҚазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі таңда бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Автомобиль жолдары2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.2025 жылы келесі ауқымды жобалар жүзеге асырылады:Қызылорда – Жезқазған (208 км)Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)Қарағанды – Жезқазған (572 км)Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)Қызылорда – Сексеуіл (470 км)Атырау – Доссор (86 км)Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км)Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)Атырау – Шапай (136 км)Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)Алматы – Үшқоңыр (48 км)Бейнеу – Сексеуіл (736 км)Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)Бұл жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге инвестиция көзделген. Қазір инвесторлар тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.Темір жол және су көлігіТемір жол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланған. 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.«Достық – Мойынты» жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, тәулігіне 12–60 пойыз жұбының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Алматы айналма жолы» жобасы жүзеге асырылады.Сондай-ақ «Достық – Бескөл» және «Мойынты – Балқаш» учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған. Бұл шешім көрсетілген учаскелердегі пойыз қозғалысын жақсартуға және жүк тасымалы мәселелерін шешуге көмектеседі.Теңіз көлігі және Ақтау портыТеңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды, бұл порттың өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттырады. Бұл Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар портта тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл оның терминалдық қуаты мен контейнерлерді тасымалдаудың тиімділігін арттырады.primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/914929
Қарағанды колледждері мен кәсіпорындары жұмысшы мамандықтарын қолдау және дамыту жөніндегі шараларды қолдайды 10.01.2025
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды. Қарағанды облысында, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кадрлар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі шараларды қамтитын жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жоспары әзірленді.— Қарағанды облысының колледждері 2024 жылдың соңында дайындықты белсенді түрде бастап кетті. Жұмысшы мамандықтары жылы жоғары білікті жұмысшы кадрларды даярлаумен айналысатын колледж ұжымдарын жандандырып қана қоймай, біздің бүкіл қоғамды жалпы білім беретін мектеп түлектерін жұмысшы мамандықтарын белсенді таңдауға итермелейтініне сенімдімін, — деп атап өтті Қарағанды технологиялар және сервис колледжінің директоры Меруерт Мамирова.Өңірдің колледждерімен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты облыс кәсіпорындары дамытады, тәжірибе мен тағылымдама үшін база ұсынады. Сондай-ақ дуальды оқыту жүріп жатыр: ірі компаниялар кейіннен жұмысқа орналаса отырып, қажетті мамандарды даярлауға қатысады.— Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Біздің зауыт Саран қаласында әрі білікті қызметкерлер тапшы аймақта орналасқанын ескере отырып, біз алғашқы қадамды қуана қабылдаймыз. Студенттер бізде тағылымдамадан, практикадан өтуі үшін колледждермен және университеттермен жұмыс істейміз. Қазіргі қызметкерлер тәжірибе жинау үшін біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, — деді Саран қаласындағы «Silk Road Electronics» ЖШС тұрмыстық техника зауыты директорының кеңесшісі Шахадад Әшірбек.— Мамандықтар атласы жасалды. Олардың ішінде ІТ мамандықтары басым, бірақ біз металлургия, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс саласы үшін мамандар даярлау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту үшін біз ерте кәсіптік бағдар береміз. Сондықтан бізде Қарағанды облысының оқушылары арасында чемпионаттар өткізілуде, сондай-ақ балабақшалар арасында Baby Skills жобасы бар, — деді Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің директоры Әсел Сапарова.— Бізге білікті кадрлар, жоғары білікті операторлар өте қажет. Сондықтан біз Үкіметтің 2025 жылы және одан кейінгі жылдары да жұмысшы мамандықтарын даярлауға көбірек көңіл бөлуіне мүдделіміз. Себебі қазір сатып алынатын жабдық автоматтандырылған. Нақты білікті кадрлар қажет, — деп атап өтті Саран қаласындағы «Tengri Tyres» ЖШС шина зауытының директоры Александр Уставщиков.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915295
Қарағандыда ескірген кәріз мәселесі шешімін табатын болады 10.01.2025
Қарағандыда кәріз желілері тозған. 50 жыл бұрын салынған коммуникациялар жаңартуды қажет етеді. Төрт коллекторды қайта құру және жаңа кәріз-сорғы стансасын салу үшін жобалар дайын. Биыл олар іске асырыла бастайды.Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте өзекті мәселе талқыланды.– Бізде су тарату жүйесіне қатысты проблемалар бар. Нысандардың салынғанына 50 жылдан астам уақыт өтті. Бұл мәселемен тыңғылықты айналысатын кез келді, – деп атап өтті облыс әкімі. – Сондай-ақ, биыл қала тұрғындарын жүз пайыз орталықтандырылған су беру жүйесімен қамтамасыз ету міндеті тұр.Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов бюджет қаражаты есебінен № 19 кәріз коллекторларын және Совхозная көшесін қайта жаңарту жоспарланып отырғанын хабарлады. Тағы екі жобаны – бас коллектор мен КСС-13-тен келетін қысымды коллекторды жаңартуды "Қарағанды Су" ЖШС қаржыландырады. Сонымен қатар, бюджет қаражатына "Панель-Орталық" ықшам ауданында КСС салу жоспарлануда.Қала әкімі сумен жабдықтау жобалары туралы да айтты. №22 су таратқышты қайта жаңарту жалғасады. Жаңа және ескі Тихоновкада су құбыры желілерін, сондай-ақ қаланың 16 жергілікті су құбыры желілерін салу жоспарланған.Тұрақты жылумен жабдықтау мәселесі де өзекті. Облыс орталығында белсенді түрде құрылыс жүргізілуде, жаңа нысандарды жылу энергиясымен қамтамасыз ету қажет. Өткен жылы үшінші жылу шығарғыштың құрылысы аяқталды, сондай-ақ жылумен жабдықтау бойынша бес ауқымды жоба іске асырылды.Жиналыста бұл жұмыс жалғасатыны хабарланды. "Жалғаушы" жылу магистральдарын және ЖЭО-3-тен ОТТБ-1-ге дейінгі 1-ші кезекті қайта жаңарту жоспарлануда. Жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге қаржыландыру ұлғайтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915319
Қарағандыда тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты басталды 10.01.2025
Қарағандыда тоғызқұмалақтан ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында облыстық чемпионат басталды. Жарысқа 160 спортшы қатысты.Қатысушылар арасында екі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, он спорт шебері және отыз спорт шеберіне үміткер бар. Қазір бұл ұлттық спорт түрі өте танымал, деп атап өтті Қарағанды облысының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Сәуле Қаратай.– Шамамен болжам бойынша, қазіргі уақытта 15 мыңға жуық оқушы тоғызқұмалақ ойынымен айналысады. Ойын мектептерде, аула клубтарында танымал. Сондай-ақ тоғызқұмалақтан түрлі деңгейдегі көптеген жарыстар өтуде. Мысалы, ақпан айында Ақтөбеде тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында классикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Ал сәуір айында Қарағандыда блиц пен рапидтен чемпионат өтеді. Ташкентте Азия чемпионаты, ал Пардубицте (Чехия) әлем чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, биыл Қытайда оқушылар арасында чемпионат өтеді, – деді Сәуле Қаратай.Қарағанды облысының чемпионатына 14 жастан 75 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Олардың кейбіреулері әр түрлі жас санаттарында жеңіске жету үшін барлық отьасымен қатысады. Мысалы, 70 жастағы Юлия Фалик жарысқа немересімен келген.– Тоғызқұмалақпен 1980 жылдан бастап ойнаймын. Сол кезде мен тоғызқұмалақтан чемпион Балтабай Қасқырбаев директор болған пионер лагерінде аға тәрбиеші болып жұмыс істедім. Сөйтіп кейін ол тәрбиешілерді, тәлімгерлерді жинап, тоғызқұмалақ ойнауға үйретті. Жалпы, мамандығым бойынша мен еңбек және сызу мұғалімімін, бірақ қазір балалармен тоғызқұмалақтан жаттықтырушы ретінде жұмыс істеймін. Менің үйірмемде 12 бала айналысады, алты студент бар, олар қазір жаттығып жатқан жоқ, бірақ жарысқа келеді. Мен немерелерімді де жаттықтырамын. Үлкен немерем ересек, үйленген. Бірақ кенжем қазір осында, жарысуда, – дейді спортшы.Облыстық жарыстың қорытындысы 14 қаңтарда жарияланады.Айта кетейік, бұл чемпионат – "Қайрат" ұлттық спорт түрлері бойынша мектептің спорт кешенінде жөндеуден кейін өтетін алғашқы ірі іс-шара. Ғимарат өткен жылы ретке келтірілді: сыртынан оқшауланған және қапталған, спорт залы, душ кабиналары жөнделген және жылу жүйесі жаңартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915338
Қарағандыдағы балалар темір жолының бойында алма бағы пайда болады 10.01.2025
Қарағандыда көпшіліктің жақсы көретін саябақ аттракционы – балалар теміржолы жаңартылмақ. Бұл жоспар туралы қала әкімі Мейрам Қожухов өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте айтып берді.– Сіздің тапсырмаңыз бойынша маршрутты кеңейте отырып және хайуанаттар бағы ауданында қосымша аялдама пунктін ұйымдастыра отырып, балалар темір жолын жаңғыртуға, кондиционерлермен және оқшаулаумен жабдықталған вагондарды жаңартуға бюджеттен шығыстар көзделген. Сондай-ақ, теміржол бойында бес мыңға жуық алма ағашы отырғызылады, – деді Мейрам Кожухов.Оның айтуынша, арнайы тапсырыс бойынша жаңа вагондар шығаратын кәсіпорын табылды.Ермағанбет Бөлекпаев маршрутты хайуанаттар бағына дейін ұзарту қажеттігі туралы көптен айтылғанын еске салды.Сондай-ақ, Орталық мәдениет және демалыс саябағының дамуына жалпы тоқталды. Облыс әкімі ескірген аттракциондар мен олардың қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Ол саябақ аумағында жұмыс істейтін бизнестің жоғары бағасына да назар аударды. Мұны кәсіпкерлермен бірлесіп шешу керек, деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915356
Қарағандыға қарасты Оңтүстік-Шығыс және Майқұдықта бірқатар аймақтар жақсара түседі 10.01.2025
Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты абаттандыру схемасы Урбанистика орталығымен бірлесіп әзірленді. Қала әкімі Мейрам Қожухов өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте алдағы жоспарлар жайлы айтты.– Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты абаттандыру схемасы Урбанистика орталығымен бірлесіп әзірленді. Осыған байланысты жаяу жүргіншілер жолдары, ретке келтіруді қажет ететін бос орындарды абаттандыру – орындықтар, урналар, шағын архитектуралық нысандар орнату, тротуарлар салу, – деді Мейрам Кожухов.Сонымен қатар, аулалар мен гүлзарларды абаттандыру, сондай-ақ көгалдандыру жалғасады.Абаттандыру жоспарында өзінің тиімділігін көрсеткен "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасына баса назар аударылды. Биыл оны қаржыландыру үш есеге ұлғайтылды, жалпы қала бойынша тұрғындардың өздері ұсынған және таңдаған 65 жобаны іске асыру көзделген.Оңтүстік-Шығыста "Сары-Арқа" гүлзарын абаттандыру жалғасады. Кеншілер даңғылындағы гүлзарды ағымдағы жөндеу жоспарланған.Әлихан Бөкейхан ауданында Күзембаев және Сталелитейная көшесінің гүлзарлары ретке келтірілетін болады.Қала орталығы да назардан тыс қалмайды. Бұқар жырау даңғылындағы жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыруды, К. Станиславский атындағы театр алдындағы алаңды қайта жаңартуды аяқтау қажет.Мейрам Кожухов сонымен қатар субұрқақтағы жаңа музыкалық шамды ауыстыра отырып, каскадты алаңды қайта құру жоспарлары туралы айтты.Жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін "Ақылды бағдаршам" жүйесін енгізу жалғасады. Қала әкімі қажетті құрал-жабдықтар күтіліп, жүйе биыл толық көлемде іске қосылатынын айтты.– Біздің міндетіміз – облыс орталығына демалу және серуендеу үшін көбірек аймақтар қосу. Жол бойындағы, аулалардағы, орталық көшелердегі бос жерлерді де абаттандырыңыздар. Тұрғындардың үміттері зор және біз оларды ақтауға міндеттіміз. Біз бірге қаланы жайлы, заманауи және өмір сүруге ыңғайлы етуге тиіспіз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915392
Ермағанбет Бөлекпаев: "Қала тұрғындар үшін қолайлы болуы тиіс" 10.01.2025
Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының екі аудан әкіміне қар тазалау бойынша ескерту жасады. Ол қала таза әрі көгалданған болуы үшін "Таза Қазақстан" бастамасын іске асыру бойынша бірқатар ойымен бөлісті.– Өкінішке қарай проблема бар. Әлеуметтік желілерде қар шығару және тазалау бойынша шағымдар шығып жатыр. Мен мұны өзім де көріп отырмын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығын дамыту жөніндегі кеңесте.Тәртіп барлық жерде болуы керек: орталықта да, шетте де, деп атап өтті ол. Бұл аудан әкімдерінің жауапкершілік аймағы, тәртіпті үнемі қадағалап отыру қажет екенін өңір басшысы тілге тиек етті.Ол қала басшылығына автомобиль жолдарын, сондай-ақ тротуарларды, гүлзарларды, саябақтарды сапалы тазалау және күтіп ұстау бойынша жұмысты үзбей ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ барлық меншік нысандарындағы ұйымдардың санитарлық нормаларды сақтауын қадағалау үшін полицияға жүгінді.Ермағанбет Бөлекпаев қоқыстарын жинамайтын құрылыс компанияларына назар аударды. Ол Пришахтинскідегі Оқушылар сарайын енгізгеннен кейін қоршаған аумақты ретке келтіріп қана қоймай, көгалдандыруға үлес қосқан мердігерді үлгі ретінде келтірді.Қала әкімі Мейрам Кожухов тұрғын үй салушылардың көгалдандыруға қатысуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оларға пәтер саны бойынша үйдің жанына ағаш отырғызып, содан кейін оларға күтім мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/915461
Жаңа маусымда «Астана Опера» театры бірнеше премьера ұсынады 10.01.2025
2025 жылы «Астана Опера» театры көрермендерін мазмұнды бағдарламамен қуантпақ. Жоспарда төрт премьера бар.Жыл Ролан Петидің балет премьерасымен ашылады. Бағдарламаға әйгілі француз хореографының үш үздік туындысы «Кармен», «Арлезианка» және «Бозбала және өлім» енген. Бұл драматургия мен айқын экспрессияға толы туындылар әлемдік балетте ерекше орын алады.Көптен күткен оқиғалардың бірі – Петр Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы. Классикалық балеттің символы саналатын шығарманы Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың балет труппасы жаңаша сахналайды. Сәнді костюмдер, тамаша декорация және таңғажайып музыка көрерменді ертегі әлеміне жетелейді.Опера өнерін сүйіп тыңдайтын көрерменді түрлі стильдегі қойылымдар күтуде. Олардың бірі – Джузеппе Вердидің атақты «Риголетто» операсы. Махаббат туралы қайғылы оқиға керемет сюжеті мен шебер арияларымен танымал. Туынды әлем көрермендерінің жүрегін баурап келеді.Репертуардан ерекше орын алатын туындылардың бірі – Серікжан және Әліби Әбдінұровтардың «Қыпшақ қызы Аппақ» операсы. Сюжетте Низами есімімен белгілі ұлы әзербайжан ақыны мен 17 жасар қыпшақ қызы Аппақтың кездесуі баяндалады.Әр қойылым «Астана Опера» театрының режиссерлері, хореографтары, сценографтары, костюм суретшілері және әртістерінің үлкен еңбегінің нәтижесі болмақ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/914304
Солтүстікте Азия чемпионы Наталья Богдановаға құрмет көрсетілді 10.01.2025
Бүгін өңірдің спорт сүйер қауымы Азия чемпионы Наталья Богдановаға құрмет көрсетті. Тайландта өткен финалда біздің спортшы турнир қожайынын сенімді жеңіп, Азия құрлығында ең үздік атанды. "Бұл үлкен еңбек, тәртіп пен жеңіске деген ерік-жігердің жарқын дәлелі. Өткен жылы Наталья Қытайда өткен Азия ойындарында қола медаль алғанын еске сала кетейін. Боксшының бапкері Дастан Кабденовқа бірлескен жұмыс пен спорттық жетістіктері үшін зор алғысымды білдіремін. Біздің атлеттердің арқасында облыс бен еліміздің халықаралық аренадағы беделі өсуде. Алда көптеген жеңістер мен жарқын сәттер болсын, рингте жаңа шыңдарды бағындыруға жазсын", - деп атап өтті облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов. Мемлекет біздің спортшыларға әрдайым қолдау көрсетуде. Өңірде спорт инфрақұрылымы дамытып жатыр. Былтыр 4 спорт кешені, 3 жабық хоккей корты, 23 мини-футбол алаңы салынды. Қазір бір спорткешені, 2 хоккей корты мен және жабық жүзу бассейнінің құрылысы жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/914277
Абай гарнизонында жас сарбаздар алғаш рет жарылыс жұмыстарын игерді 10.01.2025
Қарулы күштердің «Шығыс» түраралық оқу-жаттығу полигонында инженерлік-саперлік полктің әскери қызметшілері жарылыс жұмыстарының алгоритмдерін тәжірибеде алғаш рет пысықтады.Алдымен тәжірибелі нұсқаушылар жас жауынгерлерге қауіпсіздік ережелері мен оларды өткізу ерекшеліктерін жеткізді.– Жақсы теориялық дайындық – қойылған міндеттерді сәтті орындаудың кепілі. Тәжірибелік бөлімнің алдында әрбір сапер жауынгерлік жарылғыш заттардың жіктелуін, дайындау тәсілдері мен олардың құрамдас бөліктерін пән бойынша зерделеді, – деп түсіндірді инженерлік-саперлік батальон командирі майор Қуатбек Мәулетқажин.Жарылыс жұмыстары отпен және электрлік тәсілмен жүргізілді. 54770 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Жасұлан Нүсіпжан практикалық сабақтар туралы өз әсерімен бөлісті.– Мен екі айдан астам уақыт қызмет етіп келемім. Бүгін жарылыс жұмыстарын жүргізудегі алғашқы тәжірибені алдым. Мұқият дайындықтың арқасында бәрі жақсы өтті. Іс жүзінде командирлеріміздің нұсқауларын орындаудың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздім, – деді ол.Қауіпті кәсіп өкілдерінің жауынгерлік оқуы жалғасуда. Болашақта бөлімшелер құрамында сарбаздар әртүрлі инженерлік оқ-дәрілерді орнату, түрлі конструкциялардың элементтерін жою немесе бұзу үшін есептоптар жасау ережелерін игеруге кіріседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/914613
Астанада соғыс ардагері Раиса Сафоничеваны соңғы сапарға шығарып салды 10.01.2025
Елорда әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері ғасыр жасаған Раиса Егоровна Сафоничева өмірден озды. Аза тұту жиынына Қорғаныс министрлігінің, қалалық мәслихаттың, ардагерлер ұйымдарының, «Шарапат» әлеуметтік мекемесінің өкілдері және марқұмның шөбересі Виталий Смирнов қатысты. Келгендер Раиса Егоровнаны бір минут үнсіздікпен еске алды. Мәслихат депутаты Асқар Смағұлов, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуба, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов және «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Астана филиалының төрағасы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов естеліктерін айтты.Естеріңізге сала кетсек, Раиса Сафоничева 1943 жылы Минскіде қысқа мерзімді байланыс курсын аяқтағаннан кейін 2-ші Украина майданына барды. Жауынгерлік жолы Киевтен Будапештке дейін жалғасты, сол жерде Жеңіс күнін қарсы алды.Раиса Егоровна Сафоничеваның жауынгерлік еңбегі «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Украинаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен атап өтілді. Өткен жылы өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін ол ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.Раиса Егоровнаға Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери қызметшілері мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері үнемі келіп тұратын. Онымен қоштасу рәсімі әскери рәсімдерді сақтай отырып, құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен өтті. Жеңіс күні Раиса Егоровна үшін басты мереке еді. Өкінішке орай, соғыс ардагері мерейтой күніне жетпеді, дегенмен ол өзін білетіндердің жадында сақталары анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/914853
Әскери-теңіз күштерінде үздік бөлімшелер анықталды 10.01.2025
Ақтау гарнизонының 29011 әскери бөлімінде Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары 1-ші дәрежелі капитан Данияр Хайрушевтің басшылығымен қорытынды шара өтті. Оған Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының өкілдері, әскери бөлімдердің командирлері, тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі командирлердің орынбасарлары, сондай-ақ жекелеген батальондар мен дивизиондардың командирлері қатысты.1-ші дәрежелі капитан Данияр Хайрушев өткен оқу жылында жауынгерлік дайындықты сақтауға бағытталған бірқатар шаралар өткізілгенін атап өтті. Әскери-теңіз күштері халықаралық стратегиялық жаттығуларға белсенді қатысты. Одан бөлек Ресей Федерациясының Каспий флотилиясымен екіжақты оқу-жаттығу өткізілді.Сонымен қатар, әскери қызметшілер үшін Түркия, Әзербайжан, Ресей, АҚШ, Үндістан, Италия және Бахрейнде оқу-жаттығу жиындары да ұйымдастырылды. Жедел дағдылануды нығайтуға және қойылған міндеттерді орындау тиімділігін арттыруға Каспий теңізінің қазақстандық секторының айлағында өткен жорық-жиын ықпал етті. – 2024 жылы Әскери-теңіз күштері жаңа заманауи кемемен – елімізде шыққан жылдам жүзетін «Шапшаң» көлік-десанттық катерімен толықтырылды. Сатып алынған жарақтар біздің алға қойған міндеттерді орындаудағы ұтқырлығымыз бен жылдамдығымызды айтарлықтай арттырады, – деп атап өтті Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары.Жыл қорытындысы бойынша үздік бөлімшелер мен әскери қызметшілер анықталды. Әскери бөлімдер мен мекемелердің арасында әр текті корабльдер дивизионы жеңіске жетті. Келесі санатта бірінші орын 2-ші дәрежелі капитан Шахрах Абдуразаков басшылық ететін «Орал» зымыранды-артиллериялық корабліне берілді. Майор Нұржан Жүсіпов басқарған материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальоны да үздік деп танылды. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының атынан көзге түскен әскери қызметшілерге грамоталар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шара соңы көркемөнерпаздар ұжымы мен Әскери-теңіз күштері оркестрі дайындаған концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/914963
Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне шеберлік сабағын өткізді 10.01.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының нұсқаушы спортшысы Нариман Құрбанов Әуе қорғанысы күштерінің 78460 және 97617 әскери бөлімдерінде болды. Нариман Құрбанов әскери бөлімдердің қызмет ерекшелігімен, сарбаздар үшін жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысты. Сонымен бірге олардың дене шынықтыруын ұйымдастыруға да ерекше қызығушылық танытты. Танымал спортшы әскери қызметшілерге гимнастикалық жаттығулардан шеберлік сабағын өткізді. Нариман Құрбанов Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарында табысқа жетуге мүмкіндік берген бірегей әдістерді көрсетті. Сарбаздар көп жылдық жаттығулардың арқасында керемет нәтижеге қол жеткізген гимнастың өнерін үлкен қызығушылықпен тамашалады.Армия спортшысы әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын қалыптастырудағы әскери тәртіптің маңыздылығына тоқталып, дене шынықтырудың жоғары жауынгерлік дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.Емен-жарқын жүздесу барысында сарбаздар Нариман Құрбановтың спорттық мансабының қалай қалыптасқаны, төрт жылдық ойындарға дайындық барысы туралы білді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/914995
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскерилердің балаларын «Балдәурен» демалыс лагеріне шығарып салды 10.01.2025
Жыл басынан бастап әскери қызметшілердің балаларының алғашқы легі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарына аттанып жатыр.Оқушылардың демалысы мен оқуы 2030 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасын іске асырудың бірлескен жоспарын қабылдаған Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы келісім шеңберінде жүзеге асырылуда.ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Балдәурен» орталығының филиалына демалысқа баратын балалармен кездесті.Оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталған әлеуметтік бастаманың маңыздылығына тоқталған ол демалыс жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Сол күні Қарағанды қаласының теміржол вокзалында да әскери қызметшілердің балаларын «Балдәурен» лагерінің Балқаш қаласындағы филиалына шығарып салу рәсімі өтті.– Лагерьде балалардың демалуы мен сауығуына барлық жағдай жасалған. Жаңа маусымда түрлі спорттық жарыстар, шеберлік сыныптары, экскурсиялар мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ауысымның өте қызықты өтетініне сенімдімін, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ерболат Шерімбетов.«Балдәурен» орталығының филиалдарында балалардың демалысын ұйымдастыру әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асады. Соның арқасында оқушылар табиғаты көркем жерде уақыт өткізіп, шығармашылықпен және спортпен айналысады. Бұл ретте өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.Өткен жылы «Балдәурен» орталығы мен оның филиалдарында әскери қызметшілердің мыңнан астам балалары демалғанын айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/915009
Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды 10.01.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітілді, сондай-ақ Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.Атап өту керек, еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары қамтылған Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған жоспарлар әзірленді.Бүгінде Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынды құрады, ал студенттердің стипендиясы екі есеге өсті.Іс-шаралар жоспарында өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып жасалған Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, халықаралық деңгейдегі сертификатталған мамандарды дайындау, жұмысшы орындарын құру, жұмысшы мамандардың құқықтарын қорғау және мәртебесін көтеру қамтылған. Кәсіпорындармен бірлесіп еліміздің мектептерінде 1000 бейінді сынып ашылады.«Кәсіптік бағдар берудің реформасы оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушылар толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.Мемлекет колледжерді жан басына шаққандағы қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады. Қазіргі уақытта бір студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, келесі оқу жылынан бастап нақты көрсеткіштерге жеткен колледждер үшін ол орташа есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.«Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау және педагогтердің біліктілігін арттыру біз үшін басты басымдық», – деді оқу-ағарту министрі. Дуальды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы негізінде мамандар даярлау үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды белсенді түрде тарту жоспарлануда.Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда, кәсіптік стандарттардың, МЖМБС және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын дайындайды, сондай-ақ өндірістік базада 1,5 мың педагогтің тағылымдамадан өтуі жоспарлануда.Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау барысында Қазақстанның 10 колледжі интернационалдандырылады.Шетелдік колледждермен тәжірибе алмасу педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық шеңберінде өз білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік береді.Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады.«Орталық студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру және WorldSkills чемпионаттарын өткізу базасына айналады», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев. Жұмысшы мамандықтар жылындағы маңызды шаралардың бірі - биылғы жылы Ақтау қаласында түркітілдес елдер арасында Turkiskills – 2025 алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914489
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ 10.01.2025
Облыс орталығында мәдениет үйі мен жаңа медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығында бой көтеріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма жүктеді.– Өңірдегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Сапа басты назарда болу керек. Әлеуметтік нысандардың құрылысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, тапсырыңыздар. Жұмыс барысында кедергілер болмауы тиіс, – деді облыс әкімі.Түркістан қаласында Оңалту орталығы бой көтерді. Нысанның құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Жаңа орталық қажетті жабдықтармен толық қамтылады. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған. Жаңа нысан жақында ел игілігіне берілмек.Бұдан бөлек, облыс орталығында Мәдениет үйі салынуда. Ғимараттың жалпы ауданы – 10 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.Сонымен қатар облыс әкімі 570 төсек - орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысымен танысты. Заманауи үлгіде салынып жатқан ғимаратта тұрғындардың ем алуына барлық жағдай жасалады. Өңір басшысы Түркістан облысында 2 млн-нан астам адам тұратынын, сондықтан жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосу маңызды екенін атап өтті. Жұмыс қарқынын күшейтуді, құрылысқа сапалы материалдарды қолдануды тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/914984
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады 10.01.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады✔️Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.❗️Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973232?lang=kk