Қоғам
Астанада 1600-ден астам арнайы техника мен 2,6 мың жол жұмысшы қар күреуге шықты 24.12.2024
Астанада бірнеше күннен бері толассыз қар жауып тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.23 желтоқсанда күндізгі ауысымға 1600-ден астам арнайы техника мен 2,6 мыңнан астам коммуналдық қызметкер қар күреуге шықты.23 желтоқсанда түнгі ауысымға қар күреу жұмысына 366 жол жұмысшы мен 1509 арнайы техника жұмылдырылды.Астанадан түнде 4000-ға жуық ауыр жүк рейсі немесе 54390 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 108 993 рейс арқылы 1,38 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/907171
Заң және тәртіп: Астанада прокурорлар еңбек құқығын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізді 24.12.2024
Елорданың Байқоңыр ауданы прокуратурасының қызметкерлері аудан әкімдігі және еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп, жұмысшыларға еңбек құқықтарын түсіндіру мақсатында жергілікті ұйымдар мен кәсіпорындарды аралады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара барысында қала тіршілігін қамтамасыз ету және санитарлық жағдайына қатысты «Астана Тазалық» ЖШС, «Стройконструкция» АҚ, «12 ай – Астана» ЖШС жұмысшылар ұжымдарымен кездесу өткізілді.Жиын барысында жұмысшыларға бейбіт жиналыстар мен митингілерді өткізу тәртібі, еңбек дауларын заңнамалық негізде келіссөздер арқылы шешу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі түсіндірілді.Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс ұжымдарымен байланыс орнатылып, қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан заңдылықты қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданатыны баса айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/907520
«INDIGO» ақпараттық жүйесіндегі кезекті жаңарту қашан жүргізіледі 24.12.2024
Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ваучерлік қаржыландыруды жүзеге асыру кестесіне сәйкес, Астана қаласы жаңартылған әдістемеге көшуді 2025 жылдың қаңтарында жүзеге асырады. Бұл туралы елорданың өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифингте Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Ваучерлік қаржыландыру жүйесінде кезек баланың жасы және әлеуметтік мәртебесіне қарай 18 санат бойынша бөлінеді. Әрбір санаттың өзінің кезегі болады. Ваучер итерация (қайталану жолымен) беріледі. Кезек автоматты түрде жылына 2 рет өзектендіріледі.«Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ваучерлік қаржыландыруды жүзеге асыру кестесіне сәйкес, Астана қаласы жаңартылған әдістемеге көшуді 2025 жылдың қаңтарында жүзеге асыруы тиіс. Осыған байланысты Білім басқармасы 2024 жылдың қарашасынан бастап ваучерлік қаржыландыруды енгізуге дайындық шараларын қабылдап, оның аясында басқарма қызметкерлері мен басшылығы Шымкент және Тараз қалаларына тәжірибе алмасу мақсатында жіберілді. Бүгінгі таңда Білім басқармасымен келісіліп, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен ортақ жол картасы бекітілді», - деді Қасымхан Сенғазыев.Сондай-ақ биылғы 17 желтоқсаннан бастап Білім басқармасы «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп, жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік білім беру тапсырысын алу, ваучерлік қаржыландыруға көшу, әдістемелік және техникалық өзгерістерге үйрету бойынша жоспарлы іс-шараларды өткізуде.Іс-шара негізінде «Астана қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың ваучерлік қаржыландыруға көшу» тақырыбындағы оқыту-семинарына 600 мектепке дейінгі ұйымның басшылары және жауапты мамандары қатысқан.«INDIGO» ақпараттық жүйесіндегі кезекті жаңарту және оны санаттарға бөлу жұмыстары осы жылдың 26-30 желтоқсан аралығында өткізіледі. Аталған күндері жүйедегі қызметтер қолжетімсіз болады.24-27 желтоқсан аралығында қаланың 6 ауданында бекітілген келесі мекенжайларда ата-аналар және баланың заңды өкілдері үшін «Ашық есік» күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі:Алматы ауданы: Әл-Фараби атындағы «Оқушылар сарайы», Б. Момышұлы даңғылы, 5.Байқоңыр ауданы: №8 мектеп-лицей, С. Сейфуллин көшесі, 50.Есіл ауданы: Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей, Д.Қонаев көшесі, 33/1.Нұра ауданы: №79 мектеп-лицей, М. Нәрікбаев көшесі, 3.Сарыарқа ауданы: М. Өтемісұлы атындағы «Оқушылар сарайы», Ә. Мәмбетов көшесі, 1.Сарайшық ауданы: №93 мектеп-лицей, Ж.Нәжімеденов көшесі, 24.Сондай-ақ әдістемелік көмек алу үшін ата-аналарға мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жанындағы консультативтік пункттерге баруға немесе туындаған сұрақтар бойынша Астана қаласы Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміне хабарласуға болады: 55-68-64, 55-72-49, 55-68-74.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/907627
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі несімен тиімді 24.12.2024
Елордадағы өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тиімді тұстарын атады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру жобасы Қазақстан аумағы бойынша іске асырылып жатыр. Соның аясында кезекке тұрудан бастап, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге дейінгі барлық процедура толық қайта қаралуда.«Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тиімді тұстары: Біріншіден, ваучер алған ата-аналар тізімге енгізілген кез келген балабақшаға орын алады. Бұл ата-аналарға таңдау еркіндігін береді және балабақшаларға келушілерді тарту және ұстап тұру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсартуға күшті ынталандыру жасайды. Нәтижесінде біз «әділдік» қағидасына қол жеткіземіз. Екіншіден, ең маңызды өзгеріс – балабақшалардың жұмысын бағалаудың қайта ойластырылған тәсілі. Ата-аналар білім беру қызметінің сапасын тікелей бағалайтын болады. Бұл субъективтілікті жойып, қызмет көрсетудің жалпы деңгейін арттырады. Сонымен қатар жоба салауатты бәсекелестік тудыратын және сапаны айтарлықтай жақсартатын нарықтың жаңа құрылтайшыларына есік ашады. Тиісінше, бұл қадам «сапа» принципіне жетелейді. Үшіншіден, жергілікті атқарушы органдардың әрбір балабақшаға мемлекеттік тапсырыс көлемін бекіту функционалдығы жойылады және ваучерлік қаржыландыруға толығымен көшу жүзеге асырылады, яғни енді қаражат балаға беріледі. Егер бала басқа балабақшаны таңдап, ауысқан жағдайда, ваучер сол баламен басқа балабақшаға ауысады. Осылайша, «ашықтық» принципіне қол жеткізіледі», - деді басқарма басшысы.Ваучерлік қаржыландырудың негізгі қағидаттары:- балабақшаға орын үшін кезекке тұрса, қазір ваучерге кезекке тұрады.- балабақшаны Білім басқармасы анықтаса, қазір балабақшаны ата-ана таңдайды.- мемлекеттік тапсырыс балабақшаға бекітілсе, қазір ваучер баланың соңынан ереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/907631
МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 24.12.2024
МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ21 желтоқсан күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласының тұрғындарымен кездесіп, ғылым мен жоғары білімнің дамуына бағытталған бастамаларды талқылады. Кездесу барысында «Келешек» бағдарламасының жүзеге асырылуы, шетелдік университеттердің филиалдарын ашу, ғалымдарды әлеуметтік қолдау және жатақхана мәселесі сияқты тақырыптар қозғалды.Министр өз сөзінде Қазақстандағы ғылым, жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы негізгі жетістіктер мен нәтижелерге шолу жасап, «Келешек» бірыңғай білім беру жинақтау жүйесін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, бұл жүйенің ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.«ҚР Парламенті Сенаты жақында «Келешек» жинақтау жүйесінің қызметін реттейтін түзетулерді мақұлдады. Жинақтау жүйесі Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру үшін әзірленген. Бұл жүйе ата-аналарға балаларының сапалы білім алуын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Мемлекет бастапқы білім беру капиталын және жыл сайынғы сыйақыны қамтамасыз етеді», - деді министр.Сондай-ақ министр шетелдік университеттердің филиалдарын ашу және технологиялар трансферті үшін жағдай жасау арқылы Қазақстанды ірі академиялық орталыққа айналдыру жөніндегі министрліктің жоспарларын атап өтті. Саясат Нұрбек шетелдік университет филиалдарының ашылуы – трансұлттық білім беру саласындағы қарқынды дамып келе жатқан үрдіс екенін айтты. Сонымен қатар елордада іске қосылып жатқан беделді шетелдік университеттердің филиалдарына тоқталды.«Мемлекет басшысының тапсырмасы және жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізілуде. Биыл Астанада бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астана халықаралық университеті базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты. Сонымен қатар инновациялық білім беру тәсілдерімен танымал британдық Coventry University-дің жаңа кампусы іске қосылды. ЕҰУ базасында «Лу Бань шеберханасының» Қазақстандағы екінші шеберханасын ашу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ведомство басшысы.Министр өз баяндамасында ғалымдарды әлеуметтік қолдау шараларының ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру, ғылымға жас кадрларды тарту – министрліктің басты басымдықтарының бірі. Ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған жоспарлар мен міндеттерге ерекше назар аударылды.Кездесу барысында ведомство басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындардың бірі жоғары оқу орындарына түлектердің қаржылық көмек көрсетуіне қатысты сұрақ қойды. Саясат Нұрбек бұл мәселе бойынша қазіргі таңда Министрлік арнайы «Эндаумент-қорлар туралы» Заң жобасы жасақталғанын, бұл құжатта эндаумент-қорлардың жұмысын реттеуге қатысты нормалармен қоса салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. Шетелде эндаументтер бұрыннан бар. Осындай қорлардың арқасында көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Қоғам мен бизнестің азаматтық белсенділігін қолдау мақсатында жаңа Заң ЖОО-ға меценаттардың, түлектердің, басқа да азаматтардың материалдық қолдау көрсетуін реттейді.Министр кездесуге қатысушыларды тыңдап, маңызды мәселелерді белсенді талқылағаны үшін ризашылығын білдіріп, халықпен ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.Кездесуден кейін министр тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ғылым мен білімге қатысты сұрақтарға толық жауап берді. Барлық көтерілген мәселелер жеке бақылауға алынып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/907288
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Амангелді Нұрзада. 24.12.2024
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Амангелді Нұрзада.Амангелді Нұрзада – ЕҰУ Жасанды интеллект технологиясы кафедрасының зерттеушісі.2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түсіп, "Информатика" мамандығы бойынша білім алды. Университетті бітіргеннен кейін, ол ғылыммен айналысуға шешім қабылдап, магистратураға оқуға түсті. Содан бері Нұрзада ғылым саласында белсенді жұмыс істеп келеді. Университеттегі барлық білім деңгейлерін сәтті аяқтап, 2007 жылы "Информатика" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2009 жылы Информатика магистрі дәрежесін иеленді. 2018-2021 жылдар аралығында "Информатика" мамандығы бойынша докторантураны тәмамдап, 2024 жылы PhD дәрежесін алды.Еңбек жолы ЕҰУ "Ғарыштық техника және технологиялар" кафедрасында оқытушылық қызметтен басталды. Қазіргі уақытта Нұрзада Жасанды интеллект технологиясы кафедрасында зерттеуші қызметін атқарады және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде постдокторант ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Ол көптеген табысты ғылыми жобаларға қатысып, бірқатар гранттық бағдарламалардың жеңімпазы атанды. Олардың қатарында JANA ASU 2022, JANA ASU 2023 және "Жас Ғалым" сияқты гранттар, сондай-ақ "Инклюзивті инновациялар консорциумы" бағдарламасының гранты бар.Нұрзада Амангелді "Естімейтін пайдаланушылар үшін қазақ ым тіліндегі веб-ресурстардың виртуалды аудармашысын әзірлеу" және "Қазақ ым тілін автоматты түрде сурдоаудармалаудың жаңа үлгілері мен әдістерін әзірлеу" жобаларының жетекшісі. Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру арқылы ол инклюзивті инновациялар саласында елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/907439
СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ПАНЕЛЛЕРІН ӨНДІРУГЕ БАСТАДЫ. 24.12.2024
SATBAYEV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ПАНЕЛЬДЕРІН ӨНДІРУДІ БАСТАДЫСәтбаев университетінің Физика-техникалық институтының ғалымы Николай Чучвага бастаған ғалымдар тобы күн энергиясын баршаға қолжетімді ету мақсатында «Ғылым қорының» қолдауымен және «ТехноГруппСервис» компаниясымен бірлесе отырып, «Гетероқұрылымды күн элементтері негізіндегі күн модульдерін өндіру бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік цех» ашты.Бұл – күн панельдерінің жаңа буынын өндіретін ерекше цех. Мұнда ғимараттардың қасбеттері мен терезелерінің элементтері ретінде пайдалануға болатын жаңа панельдер өндіріледі.Панельдердің дизайнын тапсырыс берушінің талғамына қарай өзгертуге болады. Бұл әдіс ғимараттың эстетикасын сақтай отырып, энергия өндіретін панельдерді сәулет элементтерімен үйлестіруге мүмкіндік береді. Ғалымдардың айтуынша, цехтың іске қосылуы – Қазақстанның күн энергетикасын дамытудағы маңызды қадам, ол еліміздің тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/907598
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 24.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады.Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Мемлекеттік құрылымдар деңгейінде де, еріктілер мен жеке ұйымдарды қоса алғанда, жұртшылық арасында да белсенді түрде жұмыс жүргізілді. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен және ауаның ластануымен күрес «Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. Аумақтық экология департаменттерімен және жергілікті билік органдарымен бірлесіп көптеген қоқыс орны жойылды. «Таза ауа» рейдтері барысында 482 автокөлік тексеріліп, экологиялық стандарттарды бұзудың 105 фактісі анықталды. 96 жүргізушіге айыппұл мен ескерту түріндегі әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды. Бұл шаралар экологиялық нормаларды сақтаудың маңызды екенін көрсетеді, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттырды. Экологияны цифрлық қолдау Жобаның ерекше жетістігі – азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға және оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасының құрылуы болды.Осылайша, бір жыл ішінде чат-бот арқылы 7 929 өтінім келіп түсті. Олардың ішінде 7 061 өтінім орындалды, 168-і орындалу сатысында, 23-і өңделуде және 674 өтінім жойылды. Олардың арасында ең жиі келіп түскен өтінімдер: аумақтарды тазалау – 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқысты шығару – 668 өтінім, көшелерді абаттандыру – 648 өтінім, жолдарды жөндеу бойынша – 595 өтінім. Өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр – 2 014 өтінім. Одан кейінгі орында Астана тұр – 1 587 өтінім. Үшінші орында Қарағанды облысы – 757 өтінім. Чат-бот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың тиімді құралына айналды. Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы Қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және экологиялық сананы ұзақмерзімді перспективада қалыптастыру мақсатында «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл құжат экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. Тұжырымдаманың басымдықтарының бірі – жастарды экологиялық жобаларға тарту болды. Жыл бойы лекциялар, эко-сағаттар және экологиялық зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Осылайша, биыл 90 мыңнан астам ерікті азамат абаттандыру және көгалдандыру акцияларына қатысты. Халықтың экологиялық сауатын арттыру мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу, ластану деңгейіне мониторинг жүргізу тақырыптарын жария ету, абаттандыру және эковолонтерлікті дамыту жөнінде конкурстар өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Тұжырымдаманың негізгі бағыты – азаматтардың белсенді қатысуына жағдай жасау. Өз тиімділігін дәлелдеген @TazaQazBot секілді цифрлы платформаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Одан бөлек, экологиялық нормалардың сақталуына және экологиялық стандарттардың енгізілуіне бақылау күшейтілуде. Сонымен қатар келесі жылы тұрақты экологиялық басқару жүйесін құру үшін тұрақтандыру қорларының жұмысын күшейту көзделген. Аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды республикалық акциялар өткізу жоспарланған. Бұған қоса, шығарындылар көлемін азайту және экологиялық стандарттарды бақылау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіледі. Цифрлы технологиялар мен медиа ресурстарды қоса алғанда, халыққа экологиялық білім беру бағдарламаларын дамыту көзделген. «Таза Қазақстан» бастамасы аумақтарды тазалаудан әлдеқайда ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұл – азаматтардың, бизнестің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіретін, экологиялық тұрғыдан саналы өмір салтын насихаттайтын қозғалыс.Кешенді шаралар мен инновациялық технологияларды енгізудің арқасында Қазақстан экологиялық саулыққа, орнықты дамуға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта құруға маңызды қадамдар жасап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/907202
Облыста цифрландыру мен байланыс инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр 24.12.2024
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 605 елдімекен бар, оның 333 оптикалық-талшықты байланыс желілеріне қосылған. «Қолжетімді интернет» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін тағы 243 ауылдық елдімекенді қосу жоспарланған.Облыс орталығы Көкшетау қаласында 5G желісі белсенді түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта 11 базалық станция орнатылған, ал 2027 жылға дейін олардың саны 56-ға жетеді.Ақкөл, Жақсы және Ерейментау аудандарының республикалық жолдарында үш антенна-мачталық құрылыс салынады, бұл жүргізушілер мен жолаушылар үшін байланыс сапасын жақсартады.Мемлекет басшысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту бойынша берген тапсырмалары аясында Абылай хан алаңына жақын орналасқан маңызды туристік нысандарды қоса алғанда, алты антенна-мачталық құрылыс орнатылды.Сонымен қатар Бурабай ауданында және Савинка ауылында байланыс инфрақұрылымын жақсарту үшін оптикалық-талшықты GPON желілері салынып жатыр. GPON технологиясы облыстың басқа да аудандарында, мысалы Жақсы, Ерейментау, Ақкөл, Атбасар аудандарында және Степногорск қаласында енгізілуде. 49 тұрғын үйді қосуға арналған жабдықтар орнатылды.Кокшетау қаласындағы Застанционный ауылында MagicPole қосарлы мақсаттағы тіректерін орнату бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл әдіс шетелде танымал болып, алғаш рет Қазақстанда қолданылмақ.Ауданның шалғай ауылдарындағы мектептерде жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 264 Starlink спутниктік терминал орнатылды.Қауіпсіздік саласындағы модернизация аясында 50 білім беру мекемесінде 1000 бейнебақылау камерасы жаңартылды.Президенттің Жолдауына сәйкес «SmartGeoHub» жобасы іске қосылды, ол тұрғындарға жол инфрақұрылымының жағдайын геоақпараттық портал арқылы бақылауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар полиция департаментімен әріптестік туралы меморандумға қол қойылып, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің 25 бірлігі орнатылды. 2025 жылға дейін олардың саны 98-ге дейін артады.Табиғи монополиялар субъектілерімен өзара әрекеттесу ыңғайлылығын арттыру үшін өңірлік геоақпараттық жүйе арқылы 48 цифрлық қызмет енгізілді. Мысалы, Кокшетау тұрғындары қазір «Көкшетау Су Арнасы» және «Көкшетау Жылу» қызметтерін қашықтан ала алады.Цифрландыру мен байланыс инфрақұрылымын жаңғырту өңір тұрғындарына, оның ішінде шалғай ауылдар мен туристік аймақтардағы тұрғындарға сапалы интернет қызметтері мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/907383
Облыстың көркемөнерпаз ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атағы берілді 24.12.2024
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің биылғы жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары берілді. «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары – шығармашылық ұжымдардың өз жұмысында жоғары кәсібилік пен шығармашылық белсенділікті көрсеткені үшін берілетін ерекше құрмет. Бұл атақ көркемөнерпаздардың еңбегін ынталандырып, олардың мәдениет саласындағы еңбегін бағалау мақсатында тағайындалады. Егіндікөл ауданындағы «Сазды әуен» ансамблі үшін бұл атақ маңызды жетістік болып табылады. Ансамбль 14 жыл бұрын құрылып, осы уақыт аралығында аудандық және облыстық деңгейде танылып, көрермендерінің жүрегін жаулап алды. Құрамында әртүрлі сала қызметкерлері бар. Ұжымның жұмысын Амангелді Райхан басқарады. Оның жетекшілігімен ансамбль көптеген мәдени шаралар мен мерекелік концерттерге қатысып, халыққа жақсы таныс болды. «Сазды әуен» ансамблі «Халықтық» атағы берілгеніне қуанышты екендерін жасырмады. Олар мәдениет басқармасы мен аудан әкімдігіне алғыстарын білдіріп, осы атақтың олар үшін үлкен мәртебе екенін айтты. «Бұл оқиға Егіндікөл ауданындағы мәдениет саласы үшін үлкен қуаныш болып табылады, себебі бұрын соңды ауданнан «Халықтық» атағын ешкім алмаған . Ұжымның бұл жетістігі аудан мәдениетінің дамуына тың серпін беріп, болашақта жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік ашады», -дейді ансамбль жетекшісі. Айта кету керек, салтанатты шарада 8 өнер ұжымы «Халықтық» және 8 ұжым «Үлгілі» куәлігіне ие болды. Бұл атақ - шығармашылық ұжымдардың көп жылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі және олардың мәдениет саласындағы жетістіктерінің айғағы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/907423
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының бастықтары кездесті 24.12.2024
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов және Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы Беларусь Республикасы Қарулы күштері Бас штабының құрылу күніне арналған іс-шараға қатысты.Сапар аясында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері 1941 жылдың маусым-шілде айларында неміс-фашист басқыншыларының алғашқы соққысын қабылдаған Брест бекінісінің қаһарман қорғаушыларын еске алды.Минск қаласында Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Беларусь әріптесі генерал-майор Павел Муравейкомен кездесті.Тараптар ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастық аспектілерін қозғап, өңірлік қауіпсіздік пен екіжақты қатынас мәселелерін талқылады.– Биылғы жылы Қазақстан мен Беларусь аумағында екі ел бөлімшелерінің қатысуымен бірнеше іс-шараларды өткізуге мүмкіндік туды. Оның барлығы сапа мен сындарлы тәсілмен ерекшеленеді. Біздің әскери қызметшілер екінші рет қатысып отырған «Ерлік пен шеберлік» сынақтарын ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғыс білдіремін, – деп нақтылады ол.Беларусь жоғары оқу орындарында біздің әскери қызметшілерімізді даярлау сапасын атап өткен Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара алмасуды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Кездесуде Қазақстан Қарулы күштері қолбасшылығының өкілі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар туралы хабардар етті. Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Беларусь суворовшыларының жақсы дайындығын атап өтіп, оларды 2025 жылы «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысуға шақырды.Тараптар жауынгерлік, кадрлық және бітімгерлік дайындық желісі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/907465
Астанада І қалалық әскери-патриоттық сайыстың жеңімпазы анықталды 24.12.2024
«Тәуелсіз елдің қырандары» байқауының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайы болды.Шараға Жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Еуразия гуманитарлық институтының колледжі, Астана техникалық колледжі және Шипагер медициналық колледжі, Астана IT университетінің колледжі, Құрылыс-техникалық колледжі, Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі.– Әскери-патриоттық сайысқа елордалық колледждердің алғашқы әскери дайындық пәнінің студенттері мен оқытушылары шақырылды. Шараның басты мақсаты – тарихи мұраны сақтау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, қаза тапқан жауынгерлерді мәңгілік есте қалдыру, Отан қорғаушылар мен ардагерлерге құрметпен қарауды қалыптастыру», – деді ҰҚК бастығының орынбасары, майор Дәулет Қадыров. Әскери-патриоттық орталық – Әскери тарих мұражайының меңгерушісі. Ойын бес раундтан тұрды. Қазылар алқасы сыртқы келбетін, сәлемдесу, маршпен жүру қабілетін ескерді. Сондай-ақ АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу мен құрастыру және противогазды кию жылдамдығы да бағаланды. «Мен – Отан қорғаушымын» викторинасы барысында сайыскерлер Қазақстанның және Қарулы Күштердің әскери тарихы туралы білімдерін көрсетті. Қазылар алқасы студенттердің техникалық шеберлігі мен тарих пәнінен білімдерін ғана емес, әскери тақырыптағы музыкалық нөмірлерді орындау арқылы көрсеткен актерлік шеберлігін де бағалады.Әскери тарих мұражайы кубогының иегері атанды. Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің командасы. Екінші орын Астана IT университеті колледжінің студенттеріне бұйырса, үшінші орынды Шипагер құрылыс, техникалық және медициналық колледжінің командалары бөлісті.Шара Ұлттық әскери-патриоттық орталық ансамбльдің мерекелік концертімен аяқталды. Орталық. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/907474
Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 633,4 млрд теңге төленді. 24.12.2024
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 188,3 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 101,1 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал шамамен 67,2 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7%-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 7%-ға артты.Осылайша жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 95 496 теңгені, 2-топ үшін – 76 397 теңгені, 3-топ үшін 52 089 теңгені құрайды.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 59 826 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 64 619 теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/907205
Астанада қар тазалау жұмыстарына 2,6 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылған 24.12.2024
Елордада толассыз жауған қарға байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған түні коммуналдық қызметтер. Елордадан 3033 рейс 42 мың текше метрден астам қар шығарды.22 желтоқсанда күндізгі ауысымда 2603 жол жұмысшысы және 1 595 арнайы техника.Қысқы кезең басынан бері барлығы 105 695 рейспен қаладан полигондарға 1 миллион 336 мың текше метрден астам қар тасымалданды.Ережеге сәйкес, Ең алдымен, қаладағы көлік кептелісі болмас үшін көлік қозғалысы өте көп аумақтар тазартылады. Сондай-ақ қар орташа қарқындылықтағы аумақтардан – алаңдардан, вокзал аумақтарынан, тротуарлардан, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдардан және т.б. тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі бағыттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалауға басымдық беріледі.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвалдардың нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жол жүруден бас тартуды сұраймыз. дауылды ескерту кезінде ұзақ сапарлар.Төтенше жағдай кезінде 112 қоңырауы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/907123
Архив, кітап ісі салаларындағы жетістіктер 24.12.2024
22 желтоқсан Қазақстанда Мұрағатшылар күні ретінде аталып өтеді. 1998 жылы дәл осы күні Ұлттық мұрағат қоры туралы заң қабылданды.2024 жыл Қазақстан үшін мұрағат ісін, кітап шығару мен әдебиетті дамытуда айтулы жыл болды. Мұрағаттардың нәтижелі жұмысы, заңнамалық өзгерістер, халықаралық бастамалар мен ірі мәдени іс-шаралар ұлттық мәдени мұраның нығаюына және еліміздің рухани дамуына ықпал етті.Биылғы жылы мемлекеттік мұрағаттардың қатары 2 облыстық мұрағатпен толықты: Марқакөл облыстық мұрағаты және Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық мұрағаты. Мәселен, бүгінгі таңда елімізде тарихи ақпараттың маңызды көзі болып табылатын 231 мемлекеттік мұрағат жұмыс істейді.Заңды және жеке тұлғалардан 219 862 сақтау бірлігі қабылданып, Ұлттық мұрағат қорының көлемін 74,7 мың бірлікке дейін ұлғайтты. Жалпы Қазақстан бойынша мұрағат қорының көлемі 27,5 млн сақтау бірлігін құрайды. Қоғамның мұрағат құжаттарына деген қызығушылығы артып келеді: 2024 жылдың 9 айында 12 187 ғылыми қызметкерге 73 704 сақтау бірлігі берілді.Мұрағат материалдарын насихаттау мақсатында 5 021 іс-шара өткізілді, оның ішінде фотоқұжаттық көрмелер, дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар және мұрағат құжаттары жинақтарының тұсаукесері.Маңызды жетістік мұрағат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болды. Соңғы үш жылда мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың 498 қызметкері оқу курсын аяқтады.2024 жылы халықаралық ынтымақтастық аясында жұмыс жалғасты. Петропавлда Түрікменстан Республикасымен келісімге қол қойылып, мұрағат саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының V отырысы өтті.Сонымен қатар Халықаралық архивтер күніне орай «Архив күндері Қазақстандағы Өзбекстан Республикасы» атты көрме ұйымдастырылып, екі мемлекеттің мұрағат қорларына арналған 5 көрменің тұсаукесері өтті.Кітап шығару және әдебиет саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Соның бірі – Қазақстанның Франкфурт кітап көрмесіне қатысуы. Бұл қазақстандық авторлар мен басылымдардың халықаралық деңгейде ілгерілеуіне ықпал етті.23 сәуірде атап өтілетін жаңа мереке – Ұлттық кітап күнін бекіту маңызды оқиға болды. Бұл бастама Мемлекет басшысының үшінші Ұлттық Құрылтай сессиясында кітап оқуды насихаттау және қоғамда кітап оқудың жоғары мәдениетін нығайтуға бағытталған тапсырмасына байланысты жүзеге асырылды.Сонымен қатар, 2025 жылы «Ұлттық кітап» түрлі номинациялар бойынша үздік кітаптарды анықтайтын және авторларды, аудармашылар мен баспаларды қолдайтын байқау өткізіледі.Министрлік жанынан жас жазушыларға арналған «Алқа» әдеби клубы құрылды. Жас авторлар Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығы мен Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби турға қатысты.Үшінші рет өткізіліп отырған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. , да орын алды. Биылғы жылы сыйлыққа 7 номинация бойынша 176 өтінім берілген.Министрлік Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп, «Стратегиялық әріптестік» аясында 3 жаңа жобаны жүзеге асырды. Олар – «Жазушылар әдеби шеберлігі мектебі», «Жаңа Қазақстанның әдеби-ағартушылық панорамасы» және «ТМД елдері мұрағатындағы қазақ жазушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары».Сонымен қатар бірқатар жазушылардың мерейтойлары өтті. Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығы, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, Секен Сейфуллиннің 130 жылдығы, Әбішаның 85 жылдығы сияқты кең көлемде аталып өтілді. Кекілбаева, 85 жаста Фариза Оңғарсынова және 80 жаста Герольд Бельгер.Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыған орай дарынды авторларды қолдауға және қоғамдағы жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын ашуға бағытталған «Ерлік пен еңбек дастаны» жас қаламгерлер байқауы жарияланды.Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы (ҚазҰЭК) айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Кітапхана қоры көркем, ғылыми және сирек әдебиеттерді қоса алғанда, 78 149 құжатқа дейін кеңейді. Бұл нәтижелер ҚазҰЭК-тің халықаралық аренадағы танымалдылығының артып келе жатқанын және оның жаһандық ақпараттық кеңістікке қосқан елеулі үлесін көрсетеді.Осылайша, 2024 жыл Қазақстан үшін мұрағат ісі, кітап шығару және әдебиет саласындағы елеулі жетістіктер жылы болды. Іске асырылып жатқан бастамалар ұлттық мәдени мұраны нығайтып, әдебиеттің дамуына жәрдемдеседі және азаматтардың маңызды тарихи-мәдени ресурстарға қолжетімділігін арттырады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/907122
Асхат Шахаров жаңа пәтерлі болған Мәртөктегі отбасылардың қуанышын бөлісті 24.12.2024
Күні кеше Мәртөк ауылында 54 отбасы жаңа қоныс иелері атанып, баспаналарының кілтін алды. Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына сапары аясында жаңа баспана иелеріне құтты болсын айта барды. Баспана алған отбасылардың бірі - Өзбекстаннан көшіп келген қандас Кәмшат Кукамбаеваның отбасы. Олар бірнеше жыл Достық ауылында тұрған. 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы баспана кезегін 3 жылдай күткен.«Біздің үй кең, жарық және жылы. Отбасымыз үлкен, бөлме жеткілікті. Баспана алғанымызға өте ризамыз. Бұл біз үшін үлкен көмек», - деді отанасы. Кәмшаттың үлкен ұлы әскерде Отан алдындағы борышын өтеуде. Екінші ұлы – студент. Қалған балалары мектепке және балабақшаға барады. Отбасының қорасында малы бар.Әкім қараған екінші үй - Динара Уналбаеваға тиесілі. Енді екінші топтағы мүгедектігі бар бойжеткен 60 шаршы метрлік үйде анасымен бірге тұрады. «Бұл үй - отбасымыз үшін нағыз сыйлық. Біз мұндай жайлылықта өмір сүреміз деп армандамаған едік. Көрсетілген қолдау үшін көп рахмет», - деді Динара. «Ел Президентінің тапсырмасы бойынша біз мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Бүгін Сіз көптен күткен баспанаға қол жеткіздіңіз және бұл мемлекеттің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Біз кезекте тұрған әрбір адамның жайлы өмір сүруіне жағдай істейміз. Сіздерге жаңа үйлеріңізде қуаныш көп болсын, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді әкім. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/907097
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Самарқанд су қоймасының бетон беткейіне күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады 24.12.2024
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Самарқанд су қоймасының бетон беткейіне күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады. Бұл нысанның қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырады, сондай-ақ су тасқынынан қорғайды. Бұдан бөлек, филиал су қоймасын саз-балшықтан, қамыс және бұталардан тазартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/907089
Ақсу, Көксу қант зауыттарына бүгінгі күнге 600 мыңдай тонна өнім өткізілді 24.12.2024
Жетісу облысында биыл қант қызылшасынан рекордтық өнім алынып, 635 мың тонна қант қызылшасы жиналды. Бүгінгі күнге соның 600 мыңдай тоннасы Ақсу, Көксу қант зауыттарына өткізілді. Қос кәсіпорында қабылдау жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірдегі ұсақ шаруашылықтар өз өнімдерін зауыттарға өткізіп біткен. - Облыстағы ұсақ шаруашылықтар өнімдерін қант зауыттарына өңдеуге өткізіп болды. Бүгінгі күнге тек 12 ірі шаруашылық қалды, олар өз көліктерімен және көлік жалдап, өнімдерін тасымалдап жатыр. Жалпы облыс бойынша бүгінге дейін өткізілген өнімнің ластығы 7,6% болған, қар жауғаннан кейінгі екі күнде бұл көрсеткіш 11,2% көлемінде тұр. Жалпы биылғы жылы қант қызылшасынан 635 мың тонна өнім алдық. Біз тұқым себуден өнімді жинап, өткізуге дейінгі барлық процесте шаруашылықтарға қажетті қолдау көрсетіп келеміз, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.Ақсу қант зауыты бүгінге дейін 340 мыңнан астам, ал Көксу зауыты 254 мың тонна өнім қабылдаған. Екі кәсіпорында да қабылдау әлі де жалғасып жатыр.Ақсу қант зауытының директоры Самат Надирбаевтың айтуынша, өз өңіріміздегі өніммен қатар Жамбыл облысынан да қант қызылшасын қабылдауда.Ал Көксу қант зауыты биыл 260 мың тоннаға дейін қызылша қабылдауды жоспарлап отыр.- Бүгінгі таңда 254 мың тонна қант қызылшасы қабылданып, соның 164 мың тоннасы өңделді. Зауыт белгіленген қуатында жұмыс істеп тұр. Жалпы осы жылға дейін 200 мың тонна қызылша қабылдайтынбыз, биыл өнім мол болғандықтан, оған қосымша тағы 60 мың тонна қосылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күні шаруашылықтармен есептесіп, 2,5 млрд. теңге төлем жасадық. Өнім өткізгеніне қарай уақытылы есеп айырысамыз, - дейді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов.Мәселен, «Арман» шаруа қожалығының жетекшісі Арман Бекбасов биыл қызылшаның тез пісетін гибрид тұқымын сеуіп, өнімді уақытылы жинап алғанын айтады. «Ауа райының жайын бағамдадық, өз мүмкіндіктерімізді сараладық, оның үстіне тез пісетін тұқым сепкендіктен, өнімді уақытылы жинап алдық. Ақсу қант зауытына қызылша тапсырғаннан кейін бір аптаның ішінде зауыттан берілетін тиісті төлемді, он күннің ішінде мемлекеттен берілетін субсидияны алдық», - дейді А. Бекбасов.Еске салсақ, биыл қант қызылшасының егіс алқабы Жетісу облысында 1,7 есеге ұлғайып, 13,7 мың гектарға жеткізілді, одан 635 мың тонна тәтті түбір жиналды. Екі қант зауытында 94 мың тонна қант өндіру жоспарланған, оның 64 мың тоннасы қант қызылшасынан шығарылады. Сол сияқты қызылша өсіретін 5 ауданда 8 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылып, 30 шаруа қожалығына құны 2,5 млрд. теңгеге қант қызылшасы өндірісіне қажетті 62 бірлік техника сатып алынды. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай (фотосуреттер архивтен алынған)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/907092
Қарағандының бас шыршасының шамдары жағылды 24.12.2024
Қарағандыда жаңа жылдық мерекелер басталды – Тәуелсіздік алаңында басты шырша жағылды.
Жүздеген балалар мен ересектер мерекенің басты нышанының маңына жиналды.
Сахнадан қарағандылықтарды Аяз Ата, Ақшақар және 2025 жылдың символы – Жасыл жылан Жаңа жылмен құттықтады.
Мереке шыршаны жағу рәсімімен
және түрлі-түсті отшашумен аяқталды.
Қарағандылықтар бір-біріне жағымды және жақсы көңіл-күй сыйлады.
– Біз жыл сайын бүкіл отбасымызбен шыршаны жағуға келеміз. Бұл әрқашан әдемі, балаларда тек жағымды эмоциялар қалады. Бағдарламалар қайталанбайды: әр түрлі қойылымдар, костюмдер, әртістер жоғары деңгейде өнер көрсетеді. Бізге ұнайды. Баршаңызға жаңа жылда сәттілік, бақыт, амандық және бар жақсылықты тілеймін, – дейді қарағандылық Жансая Қалиақпарова.
– Ал біз мұнда бірінші рет келдік. Мен немерелеріме жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайын деп шештім. Атмосфера керемет! Ұйымдастырушыларға мың алғыс, балалар қуанып қалды! Баршаңызға зор денсаулық, жаңа бастамаларыңызға сәттілік және бейбіт аспан тілеймін, – деп толықтырды Айнұр Қанатова.
Шырша жағылғаннан кейін сахнада жергілікті музыканттар өнер көрсетіп, көрермендерге мерекелік музыкалық нөмірлер ұсынды.
Қарағандылықтар ән айтып, би билеп қана қоймай, шырша мен шамдармен безендірілген фигуралардың фонында суретке түсті.
Қарағандының орталық саябағында да мерекелік атмосфера қалыптасты.
Жаңа фотоаймақтар қойылған, жарқыраған фигуралар орнатылды.
Бүгін мұнда да шыршаның түрлі-түсті шамдары жанып, мұз айдыны ашылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/907093
Астанада бір түнде 1200-ден астам арнайы техника қар күреу жұмысына шығарылады 24.12.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Қар тазалау үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.21 желтоқсан күні коммуналдық қызметтер елордадан 34 мың текше метрден астам қарды 2 833 рейспен алып шықты.22 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына 343 жол жұмысшы мнн 1 264 арнайы техника жұмылдырылды.Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға қаладан 102 654 рейс арқылы 1,3 млн текше метрге жуық қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/907101