Заң және тәртіп: Астанада прокурорлар еңбек құқығын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізді

Заң және тәртіп: Астанада прокурорлар еңбек құқығын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізді

24.12.2024 21:52:43 1104

Елорданың Байқоңыр ауданы прокуратурасының қызметкерлері аудан әкімдігі және еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп, жұмысшыларға еңбек құқықтарын түсіндіру мақсатында жергілікті ұйымдар мен кәсіпорындарды аралады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара барысында қала тіршілігін қамтамасыз ету және санитарлық жағдайына қатысты «Астана Тазалық» ЖШС, «Стройконструкция» АҚ, «12 ай – Астана» ЖШС жұмысшылар ұжымдарымен кездесу өткізілді.
Жиын барысында жұмысшыларға бейбіт жиналыстар мен митингілерді өткізу тәртібі, еңбек дауларын заңнамалық негізде келіссөздер арқылы шешу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс ұжымдарымен байланыс орнатылып, қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан заңдылықты қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданатыны баса айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/907520