Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады 11.12.2024
ҚР Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған «100 медиативті мектеп» жобасын іске қосуда. Бастама шеңберінде еліміздің барлық мектептерінде қақтығыстарды тиімді шешуге және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алуға ықпал ететін мектеп медиациясы қызметтері жұмыс атқара бастайды.Осы қызметтердің жұмысына бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін Ы.Алтынсарин атындағы КЕАҚ әзірлеген әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Олар мектептегі медиация қызметтерін құру және олардың табысты жұмыс істеуі үшін қажетті теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. Бұл ұсынымдар білім беру ұйымдарында медиативтік практикаларды енгізу үшін негіз болады. «Негізгі мақсат - қиын өмірлік жағдайларда қолдау көрсету, балаларды дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Бұдан бөлек, мұнда отбасылық-құқықтық дауларды шешуге жәрдем көрсетіледі. Мектеп қызметтері қақтығыстарды реттеудің маңызды құралы болып табылады, ал медиативтік практикаларды пайдалану даулы жағдайлардың санын қысқартуға және оқу орындарындағы психологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Медиация қызметіне жоғары сынып оқушылары, педагогтер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестердің және аға ұрпақтың өкілдері кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/900691
Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін аралады 11.12.2024
Көрмеге өндіріс және теміржол саласына арналған жабдықтар, сондай-ақ медициналық қондырғылар мен дәрі-дәрмектер, арнайы киімдер, тұрмыстық химия, сантехника бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың өнімдері қойылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900596
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты 11.12.2024
Президентке Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Облыс басшысының айтуынша, биылғы 11 айда аймақ экономикасының өсімі 6 пайызды құраған. Ал өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артып, осы жылдың алты айында шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 175 миллион долларға жеткен. Президентке Ақтөбе қаласының әуежайын мультимодалды хаб ретінде дамыту үшін мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бұл жобаға 1,2 триллион теңгеден астам инвестиция тартып, 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан және 2025-2027 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалар туралы да айтты.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе қаласында салынатын жаңа құрылыс нысандарының макеті таныстырылды. Президент тапсырмасына сай, шаһарда 700 орындық драма театры және 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900606
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласындағы жедел басқару орталығына барды 11.12.2024
Мемлекет басшысы Ақтөбе қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығының ғимаратын аралап көрді.Нысан өңірдегі 15 мыңға жуық бейнекамера арқылы жергілікті жердегі ахуалды нақты уақыт режимінде тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.Орталықтың жедел залында 32 инспектор мен «102» шұғыл желісінің 3 операторы жұмыс істейді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов полиция қызметінде қолданылып жатқан цифрлық жобалар туралы баяндады.Қазір Ақтөбе облысында 5 жедел басқару орталығы жұмыс істеп тұр. Осы орталықтар арқылы өңірде 1,8 мың қылмыстық құқық бұзушылық ашылып, 187 мың жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталған.Сонымен қатар Президентке ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологиясы қолданыла бастағаны туралы мәлімет берілді.Аталған технология бақылау камераларындағы бейнеге талдау жүргізіп, жоғалып кеткен азаматтарды табуға көмектеседі. Сонымен қатар арнайы платформаға жүктелген фотосуреттер арқылы күдіктілердің бет-бейнесін танып, қажетті мәліметтерді де ұсынады. Бұдан бөлек жол жүру ережесін бұзу фактілерін тіркеп, көлік қозғалысын қадағалауға жәрдемдеседі.Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет екенін айтып, қоғамда заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етудің маңызына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900614
Президент Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты 11.12.2024
Медициналық нысанда жылына 8200 нәресте дүниеге келіп, 13 мыңнан астам адам ем алады. Сонымен қатар «Аңсаған сәби» жобасы аясында жылына 130 ЭКО жасалады. Ал ерте араласу орталығында 200 бала оңалту шараларымен қамтылады.Президентке орталықта туа біткен сырқаты бар нәрестелерге 50 кардиохирургиялық және офтальмологиялық ота жасалғаны туралы мәлімет берілді. Орталық ашылғанға дейін мұндай диагнозы бар сәбилер Астана қаласында емделген.Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекемеде жыл басынан бері жүзеге асырылып жатқан «Бір күндік клиника» жобасы таныстырылды. Аталған бастама қанмен берілетін ауруларды ерте бастан анықтауға көмектеседі. Осы жоба аясында бүгінге дейін 6 мың әйел медициналық тексеруден өткен.Мемлекет басшысы мекеме қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмысына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900618
Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футбол академиясын аралап көрді 11.12.2024
Президент Ақтөбе қаласындағы «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды.Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған. Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900624
ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды. 11.12.2024
ХАБАРЛАНДЫРУҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15340770 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/900538
ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ТҰРҒЫН АЛАБЫ МЕН КӘСІПОРЫНДАР ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ 11.12.2024
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов тұрғындармен бірге Қайнарбұлақ (екінші кезең), Тассай жәнеЕламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі шеңберінде бірқатар кәсіпорынды газға қосуға қатысты. Айта кетейік, Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандырудың бірінші кезеңі осы жылдың қазан айының соңында аяқталды.Қала әкімі тұрғындардың қуанышына ортақтасып, газды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Аталған шағын аудандарды табиғи газға қосу шаралары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақтылы аяқталуының нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы көгілдір отынға қол жеткізе алады.Тұрғын үйлерді газға қосу экологияға тиімді, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға да мүмкіндік береді. Нысандар қосылғаннан кейін Шымкенттегі газдандыру деңгейі 97,4% -. құрайды.Естеріңізге сала кетейік, қосылуды жеделдету үшін тұрғындар "QazaqGaz Aimaq"АҚ-на өтінім жолдап, құжаттар ұсыну қажет.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/900471
Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасында 93 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген 11.12.2024
Еліміздің кәсіпорындарында ықтимал еңбек тәуекелдерінің алдын алу тәсілдерін жетілдіру мақсатында осы жылдың сәуір айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы» (бұдан әрі – ЕТЦК) ақпараттық жүйесін іске қосты. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕТЦК-де 92,8 мың кәсіпорын тіркелген, олар бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі.Жүйе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен 80-нен астам көрсеткіштерді талдай отырып, скорингтік модель негізінде жұмыс істейді, ол әрбір көрсеткіш үшін салмақ коэффициенттерін ескереді, бұл еңбек тәуекелінің деңгейін объективті анықтауға көмектеседі.ЕТЦК енгізу нәтижесінде кәсіпорындарда әлеуметтік және еңбек заңнамасы нормаларының орындалуын дәлірек және уақтылы бақылау мүмкін болды. Бұл жұмыс берушілердің еңбекақы, жұмыс жағдайлары және жұмыс уақыты мәселелерінде бұзушылықтар жасау ықтималдығын азайтады. Еңбек жанжалдарының туындау қаупі бар кәсіпорындарда мемлекеттік еңбек инспекторлары алдын алу шараларын қолдана отырып, сын-қатерлерге жедел ден қоюды жүзеге асырады.Сонымен қатар тәуекелдерді автоматты түрде анықтау және талдау арқылы кәсіпорын басшылары оларды жою үшін алдын-ала шаралар қолдана алады, осылайша кәсіби аурулардың ықтималдығын азайтады. Жүйе сонымен бірге жұмыс берушілерге ықтимал проблемалар мен бұзушылықтарды тезірек жоюға көмектеседі, бұл өз кезегінде еңбек заңнамасын сақтамауға байланысты еңбек даулары мен сот процестерінің санын азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/900417
Биыл жаңа оқу жылында мектептерге 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды 11.12.2024
2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында педагогтер саны 406 мыңға жетті, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 8 мыңға көбейгенін көрсетеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жоғары көрсеткіші Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелген. Осылайша, өңірлердегі маман тапшылығы толығымен жойылды. Сондай-ақ мамандарға сұраныс педагог мамандығын бітірген түлектер есебінен толықтырылуда. Себебі, соңғы жылдары дарынды жастар арасынан педагогикалық мамандықтарға түсушілердің оң динамикасы байқалады. Мысалы, былтыр 1500 «Алтын белгі» иегері педагог мамандығын таңдаса, биыл 1800-і таңдады.«Жергілікті атқарушы органдар тарапынан педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру гранттарының саны артып келеді. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балдың 50-ден 75 балға дейін өсуіне қарамастан, мамандыққа деген қызығушылық жоғары болып қала береді. Биылғы жылы педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітірушілер саны 48 мың адамды құрады, оның 2 мыңға жуығы облыс әкімдерінің гранты бойынша білім алды. Жаңа оқу жылы басталғалы 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды», - деді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.Жалпы 2021 жылдан бастап білім беру жүйесіне жас мамандарды тарту бойынша бірқатар шаралар қабылданып келеді. Атап айтсақ, педагогикалық бағыттарға гранттар саны артты, осы мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері үшін стипендия мөлшері 58 мыңнан 67 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ретте педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлердің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы – 115-ті құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/900464
СҚО-да нан-тоқаш өнімдері мен донаттар зауытының құрылысы басталды 11.12.2024
Бүгін Петропавлда СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, «Bakerton» компаниясының басшысы Марина Баяндина мен "Bi Group" компаниясының акционері Айдын Майусовтың қатысуымен аймақтың тамақ өнеркәсібінде маңызды нысанға айналатын жаңа зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. "Qyzyljar" АЭА аумағында орналасқан зауыт нан-тоқаш өнімдері мен донаттар шығармақ. Қуаттылығы жылына 13 000 тонна өнімді құрамақ, ресейлік компания 37 млрд.тг инвестиция құймақ. 379 жұмыс орны ашылады.Жобаны салуға белгілі "Bi Group" құрылыс компаниясы кірісті. Зауыттың іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған. Бұл жобаны жүзеге асыру жергілікті экономиканы дамытуға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экспорттық әлеуетті арттыруға маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/900412
Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ пен Австралияда білім алады 11.12.2024
Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ пен Австралияда білім алады. Қазақстандық сушыларға шетелде оқуға мүмкіндік жасау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен келісім жасады.Келесі жылы министрліктің екі қызметкері Америка Құрама Штаттарында оқу тағылымдамасынан өтеді. Тағы бір маман «Болашақ» бағдарламасы бойынша Австралияда, магистратурада білім алады.Еске салсақ, Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасы бойынша биыл «Болашақ» бағдарламасына «Гидрогеология», «Су ресурстары» секілді оқу бағдарламалары қосылған болатын. Осының нәтижесінде, қазақстандықтар аталған мамандықтар бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.«Су шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ведомство Қытай, Нидерланды, Франция сынды мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу және бірлесіп маман дарялау жөнінде келісім жасады. Биыл Нидерланды сарапшылары Астана және Ақтөбе қалаларында су тасқыны қаупін басқару бойынша 3 мәрте оқу семинарын өткізді. Осының нәтижесінде су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын 50-ден астам қазақстандық маман біліктілік арттырды»,- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.Сонымен қатар, жазда «Қазсушар» мекемесінің мамандары Жапонияның Саппоро қаласында үш айлық оқу курсына қатысты. Ал, Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Оңтүстік Корея мемлекетіне барып, тәжірибе алмасып қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/900385
Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесу 11.12.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Оразбек Асхат Елубайұлы 13 желтоқсанда сағат 11:00 ден 13:00-ге дейін Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесу өткізіп министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды мекен-жайы: Шымкент қаласы, Түркістан к. 1 (Жастар ресурстық орталығы).Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +77252 24 75 50 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/900267
Алматы қалай өзгеруде: бірнеше жыл бойы қордаланған су мәселесінен жайлы скверлерге дейін 11.12.2024
Алматының Медеу ауданында биыл тұрғындардың өтінішімен жүзеге асырылған нысандарға арналған баспасөз туры өтті.Тур барысында ең әуелі жаңа сквер көрсетілді, оның аумағы 2,1 гектар. Бұл сквер бұрын қаңырап бос жатқан жердің орнына салынған. Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, бұл аумақ бұрын жеке меншікке тиесілі болған, онда қоршалған, құрылыс қалдықтары толы шұңқыр болатын. Осылайша, бұл жер екі жылдан астам уақыт бойы бос жатты. Жақын маңдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары балалармен серуендейтін демалыс аймағын ұйымдастыруды бірнеше рет сұраған.Меншік иесімен келіссөздер жүргізіліп, жер коммуналдық меншікке берілді. Бүгінде аумақ көріктендіріліп, ол жерде демалуға арналған жайлы сквер пайда болды. Скверде жаңа күркелер, ойын алаңдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және жарықтандыру тіректері орнатылды. 175 қылқан жапырақты ағаш отырғызылып, 1100 шаршы метр көгал төселді, оған автоматты суару жүйесі ұйымдастырылды.Жергілікті тұрғын Кенжегүл Исламжанова немерелерімен демалуға және көршілерімен кездесу үшін жаңа скверге жиі келеді.«Бұрын бос жатқан жердің орнына осындай жаңа сквердің пайда болғаны керемет! Ең бастысы, ешқайда барудың қажеті жоқ, үйден шықтың, міне, сквер. Біз немерелерімізбен күн сайын осында келеміз. Олар ойнап, жүгіріп мәз болады. Ересектерге арналған демалыс орындары да бар, немерелерді бақылап, өзіміз де жақсы уақыт өткізе аламыз. Кешкісін жарық шамдардың арқасында тіпті әдемі. Біздің ауданымыздың өзгеріп жатқанына өте қуаныштымын!», - деді ол.Келесі нысан – №98 жалпы білім беретін мектеп болды. Оның жобалық сыйымдылығы музыка мектебінің көшуі есебінен 300 орынға ұлғайды. №8 музыка мектеп Алматы әкімдігі сатып алған көрші ғимаратқа көшірілді.Босатылған бөлмеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып оқушылары оқи бастады. Балалары №98 мектепте оқитын көпбалалы ана Райхан Өскенбаева шешім қабылдауға белсенді қатысқанын айтты.«Біздің мектебіміз өте жақсы, балаларым осында оқығанды ұнатады. Бірақ жылдар өте келе мектеп шамадан тыс жүктеліп, орын жетіспеді. Сондықтан музыка мектебін көшіріп, 500 шаршы метрлік ғимаратты босату дұрыс шешім болды. Енді бастауыш сыныптар үшін жақсы жағдай жасалған. Қызым жаңа, жарық сыныпта оқиды, парталары мен интерактивті тақталары бар. Ол мектепке қуана барады!», - деді ол.Баспасөз турының соңында қатысушылар таза суға арналған жаңа «Балқаш» резервуарына барды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған бұл ауқымды жоба ауданның жоғарғы бөлігіндегі көпжылдық су мәселесін шешті. Бүгінде Каменск үстірті, Көлсай, Юбилейный және Мұзтау аудандарында тұратын 20 мыңнан астам тұрғын тұрақты сумен қамтылған.«Бұрын біз тау суын пайдаландық немесе су тасушылардан су алатынбыз. Екі жыл бұрын судың қысымы әлсіз болды, өйткені жеке үйлер бақшасын суаратын. 2023 жылы әкімнің халықпен кездесуіне қатысып, мәселені айттым. Ол уәдесін орындады, 2024 жылы біздің көшеге су берілді. Ладушкин көшесінің тұрғындары атынан тұрақты су үшін алғыс білдіреміз!», – деді тұрғын Лаура Құрманғалиева.Алматыда көріктендіру жобалары белсенді түрде қолға алынған. Бұл жұмысқа «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы үлкен үлес қосып отыр. Осы механизмнің арқасында әр тұрғын ауданын дамытуға тікелей әсер ете алады. Бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Алматы әкімі Ерболат Досаев оның қаржыландыруын 18,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге көп.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/899309
Алматының Медеу ауданында 38 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды 11.12.2024
Алматыда Құрманғазы көшесінің бойымен Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейін төселген құбыр ауыстырылды. Биыл қайта жөндеуден өткізілген учаскенің ұзындығы 305 метрді құрайды.Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген еді, ол 5 көппәтерлі тұрғын үй мен 4 басқа да нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.Жалпы, биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды.Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/899397
«Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты Алматы қаласының көрмесін Мажарстанда 12 000-нан астам адам тамашалады 11.12.2024
«Карчаг Кинче» өнер музейінде (Мажарстан) «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрме аяқталды. Экспозицияға қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасын танытатын 200-ден астам бірегей экспонат қойылды. Көрмеге келушілерге ұрпақтар сабақтастығының символына айналған Абай Құнанбайұлының домбырасы ұсынылды. Жалпы, көрмені 12 мыңнан астам адам тамашалады.«Жоба үлкен қызығушылық тудырды, бұл Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени алмасудың маңыздылығын көрсетеді. Бұған дейін осындай көрмелер Түркия, Оңтүстік Корея, Аустрия, Италия және Чехияда өткен. Енді 12 желтоқсанда Сербияда «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» атты көрме ашылады. Жалпы қала әкімі мәдениет саласы өкілдерін дамытуға ықпал ететін тағылымдамаға, білім алуға бағытталған және халықаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік жасайтын жобаларға ерекше көңіл бөледі және сала қызметкерлеріне үлкен қолдау көрсетуде. Мәселен, музей қызметкерлері әлемнің үздік мәдени орталықтарында, соның ішінде әйгілі Луврда білім алып қайтты», – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.Айта кетейік, көрмені Алматы қаласының музейлер бірлестігі Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900106
Алматы Condé Nast Traveller журналының назарында 11.12.2024
Танымал итальяндық Condé Nast Traveller журналы Алматы жайлы кең көлемді материал жариялады. Лючия Галлидің мақаласы мен Джакомо Брецельдің фотосуреттері қаланы бай мәдениет, табиғи сұлулық және заманауи динамика үйлескен ерекше саяхат бағыты ретінде таныстырады.Авторлар Алматыны Шығыс пен Батыс тоғысқан, дәстүр мен заманауи трендтер үйлесім тапқан орын ретінде сипаттайды.Мақалада Алматының таңғажайып табиғи көріністері ерекше аталып өткен: Іле Алатауының асқақ таулары, Алтын Емел ұлттық паркінің «ән салатын» құм төбелері, су астындағы орманымен әйгілі Қайыңды көлі, Көлсай көлдері және бірегей Шарын каньоны. Табиғи мұраны Панфилов көшесі, Көк базар және Көк-Төбе секілді қаланың көрікті жерлері толықтырады.Журнал мегаполистің гастрономиялық байлығын да ерекше атап өтеді. Дәстүрлі қазақ тағамдарынан бастап, жергілікті асхананы неономадтық интерпретацияда ұсынатын заманауи мейрамханаларға дейін көрсетілген.Алматы мақалада өз мәдени мұрасымен, сәулетімен және қонақжайлылығымен шабыт іздейтін әрі жаңа бағыт ашуды жан сүйетін туристер үшін тартылыс орталығы ретінде бейнеленген.Айта кетейік, бұған дейін Алматының туристік тартымды бағыт екені жайлы CNN Travel — әлемдегі ең ірі саяхат және туризм туралы ақпарат көздерінің бірі ауқымды мақала жариялаған еді. Бұл туындылар Алматының Орталық Азиядағы ең әлеуетті туристік бағыттардың біріне айналып, табиғи сұлулығы мен мәдени әралуандығымен бүкіл әлемнен саяхатшыларды қызықтырып жатқанын растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900123
Алматыда «Астана» мен «Челси» футбол командалары арасындағы матч күні Орталық стадионға трансферлер ұйымдастырылады 11.12.2024
12 желтоқсан күні сағат 20:30-да Алматы қаласының Орталық стадионында УЕФА Конференция лигасы аясында «Астана» мен «Челси» командаларының футбол матчы өтеді. Билеттер туралы ақпаратБилеттерге сұраныстың жоғары болуына және алаяқтардың жалған билеттер сатуының алдын алу мақсатында Алматының Спорт басқармасы жанкүйерлерге Zakazbiletov.kz сервисі арқылы билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынады. Делдалдардың қызметіне жүгінбеуіңізді өтінеміз. Спекуляция мен қайта сатудың алдын алу үшін сатып алынған билеттер жеке аты-жөні көрсетілген түрде рәсімделеді және матч күні электрондық поштаға жіберіледі. Стадион кассаларынан билеттерді сатып алу мүмкіндігі болмайды. Стадионға кіреберісте жанкүйерлерден билет пен билеттегі аты-жөннің сәйкестігі тексеріледі. Бұдан кейін жеке тексеру жүргізіліп, билеттің шынайылығын тексеру үшін штрих-код сканерленеді. Жолдардың жабылуы туралы ақпаратКіру кезінде кептеліс болмас үшін жанкүйерлерге Орталық стадионға ертерек келіп, қоғамдық көліктерді пайдалануға кеңес беріледі.Футбол жанкүйерлеріне стадионның есігі 18:00-де ашылады. Көлік кептелісін болдырмау мақсатында стадионға жақын аумақтарда 12 желтоқсан күні сағат 18:30-дан 00:00-ге дейін Абай даңғылының (Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін) қозғалысы шектеледі, Сәтбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін) толық жабылады. Жақын маңдағы көшелерде патрульдік полиция бекеттері қойылады. Жанкүйерлерге арналған ақпарат12 желтоқсан күні қалада минус температура болады деп күтілуде, сынап бағанасы шамамен -11 градус. Сондықтан жылы әрі ыңғайлы киім кию керек. Қауіпсіздік шараларына байланысты стадион аумағына термос алып кіруге тыйым салынады. Жанкүйерлер үшін стадион ішінде ыстық сусындар мен жеңіл тағамдар сатып алуға болатын сауда нүктелері жұмыс істейді. Стадион айналасында 60 биодәретхана, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретханалар орнатылады. Трансфер туралы ақпаратҚала әкімдігі жанкүйерлердің Орталық стадионға және кері қайтуына қолайлы болу үшін 8 тегін автобус маршрутын ұйымдастырады. Әр маршрутқа 10 автобустан бөлінеді. Жиналу нүктелерін 2GIS сервисі арқылы көруге болады:Қалқаман шағын ауданы (№7 қалалық аурухана аялдамасы) – Орталық стадион.Орбита шағын ауданы (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.Айнабұлақ шағын ауданы (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.«Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт) – Орталық стадион.Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион.«Райымбек батыр» метрополитен бекеті – Орталық стадион.Наурызбай ауданының ХҚКО аялдамасы – Орталық стадион.Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы аялдамасы – Орталық стадион. Автобустар сағат 16:00-ден бастап жүре бастайды және толуына қарай жолға шығады.Жеке көлік иелері мен қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900198
Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын растады 11.12.2024
2024 жылы 6 желтоқсанда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Алматы қаласының кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты». Бұл ретте, Алматы қаласының тәуелсіз кредиттік рейтингі «BBB+» деңгейінде расталды.Алматы қаласының жоғары тәуелсіз кредиттік рейтингі экономиканың динамикалық дамуы, жергілікті бюджеттің едәуір өсуі және бюджеттің төмен қарыз жүктемесімен негізделген, бұл «AAA» санатына сәйкес келеді.2024 жылдың 10 айында қаланың қысқамерзімді экономикалық көрсеткіші 5,2%-ға дейін жеделдеді. Өсу бизнестің және инвестициялық белсенділіктің артуымен қатар жүрді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 1,3 триллион теңгеге жетті. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің кірісі 21,2%-ға артып, 1 753 миллиард теңге болды.«BBB+» деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтинг Алматы қаласының әкімдігіне ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және дамыту үшін жасыл облигациялар шығаруға мүмкіндік береді.Fitch рейтингінің жарияланымын мына сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.fitchratings.com/research/international-public-finance/fitch-affirms-city-of-almaty-at-bbb-outlook-stable-06-12-2024. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900208
Алматыда кезекті заңсыз кафені бұзуға кірісті 11.12.2024
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша заңсыз деп танылған Айнабұлақ -1 6 «Б» ш/а кафені бұзудың басталғаны туралы хабарлады.Кафенің меншік иесі (жеке тұлға) АПЗ, эскиздік жобаны келісу, жобаны сараптау және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаса да құрылысты салған.Бұрын Басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берген болатын.2024 жылғы 7 ақпанда Басқарма Жетісу аудандық сотына объектіні бұзуға талап арыз берді. Сот шешімімен талап-арыздар қанағаттандырылды, қалалық соттың 2024 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 53 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «Khan», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900219