Қоғам
Ермағанбет Бөлекпаев Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықтың даму жоспарын әзірлеуді тапсырды 04.12.2024
Келесі жылы Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдыққа ерекше назар аударылады. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды тұрғындарымен кездесуде келесі жылды осы аудандарды дамытуға арнауды ұсынды және қала әкіміне абаттандырудың нақты жоспарларын әзірлеуді тапсырды. Және барлық жобаларды жұртшылықпен келісу қажеттігі айтылды.– Мен бірнеше рет айттым, бүгін тағы да қайталаймын, біз Қарағандының тек орталығы ғана емес, шеткері аймақтарының дамуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз шеті жоқ қала салуымыз керек. Сондықтан келесі жылды Оңтүстік-Шығыс және Майқұдықтың даму жылы деп жариялауды ұсынамын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Оңтүстік-Шығыста құрылыс жүмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Мұнда тұрғын үйлерден басқа әлеуметтік нысандар да салынуда. Бірінші қыркүйекке қарай екі жаңа мектеп ашылды, олардың бірі “Жайлы мектеп” жобасы аясында салынды. Тағы бір жайлы мектеп аяқталуда.Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыста бүкіл отбасымен демалу үшін ірі сауда-ойын-сауық орталығын салу үшін жер бөлінген, мұнда кітапхана да болады. Инвестор қазірдің өзінде ЖСҚ әзірлеуде.Ол Қарағандыда жылу қуатының тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. Соңғы 30 жылдағы ТКШ саласындағы ең ірі жобасы - үшінші жылу құбыры салынды. Қазіргі уақытта магистральдық желілер орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылған. Келешекте жеті жыл ішінде үшінші жылу шығару 1,2 млн шаршы метр тұрғын үйді, яғни 20 мыңнан астам пәтерді жылумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жылумен жабдықтауды жақсарту үшін ұзындығы 4 км 15 учаскеде жылу желілері жөнделді.Облыс әкімі қаланың басқа да аудандарының мәселелері де шешілетінін атап өтті. Мәселен, Ермағанбет Бөлекпаев Каскад алаңы мен Н. Назарбаев даңғылының жай-күйін көрсетіп, оларды абаттандыру жобасын әзірлеуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/896013
Қарағандыда жаңа орамішілік жолдар салу жалғасады 04.12.2024
Қарағандыда Ғарышкерлер көшесіндегі автожолды жаңарту жалғасуда. Бұқар жырау даңғылынан Камск көшесіне дейін асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Жарықтандыру тіректері, гранит шекарасы орнатылды. Гогольден Штурман көгесіне дейін екі қабат асфальт төселген. Өткелді кеңейту үшін "Гоголь – Ғарышкерлер" қиылысы қайта құрылды.Ірі жобалардың қатарында Мұқанов көшесінде автомобиль жолдарын салу, Университет көшесін Гапеев пен Сарыарқа көшелеріне шығатын жолға дейін жөндеуды жалғастыру, сондай-ақ "Күнгей 1, 2, 3" ш/а магистральдық автожолдарын салу қарастырылған.Атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тұрғындармен кезекті кездесуінде айтылды.Биыл Қарағандыда барлығы 100 шақырымнан астам автожол жөнделді. Бұл қаланың автожолдарының жақсы және нормативтік жағдайдағы үлесін 79%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.– Орташа жөндеу жұмыстары 94 шақырымға жүргізілді, барлығы 309 қала көшесі, 210 жол және әлеуметтік нысандарға кірме жолдар жақсартылды, – деді Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов. – Пичугин – Новоселов және Четская көшелеріндегі жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, Камали Дүйсембековке орамішілік жол салу және Бөкетов көшесіндегі автожолды жалғастыру жұмыстары басталды. Негізгі жұмыстар 2025 жылы аяқталуы керек.Келесі жылы автожолдардың 43 учаскесіне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда.Орамішілік жолдар мен кірме жолдарды жөндеу бойынша жобалар да маңызды болып табылады. Биыл 100 мың шаршы метрден астам жол жөнделді. Тұрғындардың өтініштері бойынша 27 мың шаршы метрден астам жаяу жүргіншілер тротуарлары төселді.Жеке секторда және орамішілік жолдарда қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін екі мыңнан астам жарықтандыру тіректері орнатылды.Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне де көп көңіл бөлінеді. Негізгі магистральдарда "ақылды бағдаршамдар" жүйесін енгізу жолдардың өткізу қабілетін едәуір арттырды. 15-ші магистраль мен ДСК-дегі, сондай-ақ Гоголь жол өтпесіндегі тосқауыл қоршаулары ауыстырылды. Алалықин көшесінде көлік қозғалысы ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/895949
Қарағанды қаласының шетінде жаңа су құбырларын салу жоспарлануда 04.12.2024
Қарағандыда Төреқұлов пен Оңдасынов көшелерінде, сондай-ақ Сахалин кентінде жаңа су құбыры желілері салынды. № 6 су құбыры қайта жаңартылды. Тұрғындарды сумен жабдықтауды жақсарту үшін басқа да жобалар жүзеге асырылуда.Алдағы жоспарлар туралы қала әкімі Мейрам Қожухов облыс әкімінің тұрғындармен кездесуінде мәлім етті.– Келесі жылы жаңа және ескі Тихоновкада, Линейная, Литвин көшелерінде, 2-ші орам ауданында су құбыры желілерінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз, – деді ол.Су бұру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Мұнай базасы ауданындағы жеке секторда нөсер кәрізінің құрылысы аяқталды. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде су басу мәселесін шешеді."Қарағанды Су" инвестициялық бағдарламасы аясында Әлихан Бөкейхан ауданындағы № 2 сорғы станциясы мен кәріз желілерін қайта жаңарту жүргізілуде.2025 жылға № 19 кәріз коллекторларын және Совхозная көшесін қайта жаңартуды бастау жоспарланған. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жоба бар.Мейрам Кожухов газдандыру қарқыны туралы да баяндады.– Бүгінгі таңда 300 шақырымға жуық желі салынды. Газ тарату желілері 10 мыңға жуық жеке тұрғын үйге жеткізілді, жеке тұлғалар үшін қосылуға 4 мыңнан астам техникалық шарт берілді, 3139 үй қосылды, оның ішінде 86 отбасы мемлекеттің көмегіне ие болды. 2025 жылға көмек алу үшін тағы 170 отбасы өтініш берді, – деді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/896020
Алматы облысында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі күніне арналған салтанатты шара өтті 04.12.2024
Қонаев қаласында Алматы облысы Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі күні мерекесі аталып өтті. Іс-шараға 200-ден астам ауыл шаруашылығы қызметкері мен мамандар қатысты. Мереке ауыл шаруашылығының маңызын насихаттап, сала қызметкерлерінің еңбегін бағалауға арналды.Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиев салтанатта өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің жетістіктерін атап өтіп, ауыл шаруашылығының ел азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін ерекше көрсетті. Ол аймақтағы егін және мал шаруашылығы саласында да ілгерілеу бар екенін айтты.Мереке барысында үздік мекемелер мен шаруа қожалықтары марапатталды. Үздік қызметкерлер мен ұйымдар мемлекеттік наградалармен және арнайы сыйақылармен марапатталды:- *«Парасат» ордені* – 1 адам- *«Құрмет» ордені* – 1 адам- *«Ерен еңбегі үшін» медалі* – 3 адам- *«Еңбек ардагері» медалі* – 5 адам- *«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі* – 7 адам*Үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:*- *Қайта өңдеу кәсіпорындары*:1 орын – «Адал» АӨК ЖШС (800 000 теңге)2 орын – «Дәулет Бекет» ЖШС (700 000 теңге)3 орын – «Көк Теңіз» ЖШС (500 000 теңге)- *Заңды тұлғалар*:1 орын – «Владимир» ЖШС (YTO 804-8 тракторы)2 орын – «Агрофирма «Керуен» ЖШС (900 000 теңге)3 орын – «Фирма Алтай» ЖШС (600 000 теңге)- *Шаруа қожалықтары*:1 орын – «Олжас» ШҚ (YTO 804-8 тракторы)2 орын – «BeeQueen» ШҚ (900 000 теңге)3 орын – «Ислам» ШҚ (600 000 теңге)*Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастырудағы белсенділігі үшін*:- Аудандар арасында:1 орын – Кеген ауданы (700 000 теңге)2 орын – Еңбекшіқазақ ауданы (500 000 теңге)3 орын – Қарасай ауданы (400 000 теңге)- Ауылдық округтер арасында:1 орын – Құйған ауылдық округі, Балқаш ауданы (600 000 теңге)2 орын – Айдарлы ауылдық округі, Жамбыл ауданы (500 000 теңге)3 орын – Панфилов ауылдық округі, Талғар ауданы (300 000 теңге)Шараның соңында өңір басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне алғыс айтып, саланың дамуына қосқан үлестерін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/896402
Жарма ауданында спорт залы ашылды 04.12.2024
Жарма ауданында тұрғындар қажеттігі үшін бой көтерген нысандар қатары артып келеді. Олардың ішінде баспана және әлеуметтік-мәдени, спорттық-сауықтыру мекемелері бар. Мәселен, ауданға қарасты Әуезов кентінде жаңа спорт залы ашылды.Ангар типтегі модульдық спорт залы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысына салынды.Жергілікті халық спорт залдың ашылуы кент өміріндегі елеулі оқиға екенін айтып, ризашылықтарын білдіруде. Сонымен қатар денсаулықты нығайтып, спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң әсер ететініне сенімді.Нысанның ашылуына орай шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.Бүгінгі танда Жарма ауданында 125 спорт нысаны бар. Екі спорт кешені, 1 күрес, 1 бокс залы, ипподром, 6 хоккей корты, 82 ашық спорт алаңы мен 23 мектепте спорт залы жұмыс істейді. Аудан тұрғындарының 40,3% спортпен шұғылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/896394
Абай ауданында инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыс жүріп жатыр 04.12.2024
Абай ауданына басқарма басшыларымен бірге жасаған жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев білім, мәдениет және спорт нысандарын аралады.1965 жылы салынған Қарауыл гимназиясын қайта жаңғыртуға «Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында «Қазақстан халқына» қоры 250 миллион теңге бөлді. Нәтижесінде STEM-зертханасы, робототехника, АRT-студиясы, телестудия, спорт залы және акт залын қосқанда 26 кабинет жаңартылды.«Гимназиядағы жасалған жағдай жоғары стандарттарға сай. Біз барлық оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін мектептерді жаңғыртуды жалғастырамыз», - деді Жасұлан Сәрсебаев.Қазір гимназияда 291 мектеп оқушысы білім алса, мектеп жасына дейінгі 38 бала тәрбиеленіп жатыр. Аудан атқамінерлері іргелес аумақта жаңа спорт кешені мен балалардың жазғы лагерін салуды да жоспарлап отыр.Сапар ауданда 2023 жылдың маусым айынан бері құрылысы жүріп жатқан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған орталықта жалғасты. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан әкім орынбасары нысанды мерзімінде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды.Жасұлан Сәрсебаев 500 орындық аудандық мәдениет үйінде де болды. Мекеме халық шығармашылығын дамыту, олардың бос уақытын тиімді өткізу және мәдени шараларды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Көкбай ауылында спорт модулінің құрылысы жүргізілуде. Аумағы 0,319 гектарды құрайтын нысанның аяқталуы 2025 жылға жоспарланған. Кеңгірбай би ауылдық округіне қарасты Қарашоқыда 1,4 гектарға балалар лагерінің құрылысы жүріп жатыр. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп көзделген.Жұмыс сапарын қорытындылаған Жасұлан Сәрсебаев тиісті басқармаларға нысандардың құрылыс барысын қадағалауды, сондай-ақ жұмыстардың мерзімі мен сапасын қатаң сақтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/896396
Ұлттық музей базасында итальяндық сарапшылардың қатысуымен Реставрация орталығы құрылады 04.12.2024
Бүгін, 4 желтоқсанда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италия делегациясымен кездесу өткізді. Делегация құрамында Италия Мәдениет министрлігінің Орталық реставрация институтының директоры Олива Луиджи, Қазақстан Республикасындағы Италия елшісі Альберти Марко және Италияның мәдени-ағартушылық мекемелерінің өкілдері болды.Кездесуде тараптар мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Атап айтқанда, ҚР Ұлттық музейі базасында Реставрация орталығын құру жайы айтылды. Министр бұл орталықтың реставрациялық қызметтің дамуы мен ұлттық мұраны сақтауға ықпал ететін ынтымақтастықтың негізгі бағыты болатынын атап өтті.Аида Балаева осы саладағы тәжірибе алмасудың маңызына тоқталып, Италияның тәжірибесі музей ісін, әсіресе реставрация бағытын дамытуға елеулі үлес қосатынын айтты.«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Италия арасындағы қарым-қатынас жаңа жоғары деңгейге көтерілді. Бірлесіп атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдіремін. Бұл екі ел арасындағы берік байланысты көрсетеді. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – ҚР Ұлттық музейінің базасында Реставрация орталығын құру. Бұл осы саланың дамуына жасалған маңызды қадам деп білеміз. Еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтау – біздің борышымыз. Реставрация біз үшін барлық бағытта маңызды. Қазақстанда Реставрация орталығының табысты жұмыс істеуі үшін тиісті нормативтік-құқықтық база жасау қажет. Ұлттық музей практикалық дағдылардың орталығына айналуы тиіс. Музейде қалпына келтіруді қажет ететін қызықты артефактілер мен экспонаттар бар. Біз бұл іспен кәсіби мамандар айналысуын және өз тәжірибелерін шәкірттерге жеткізгенін қалаймыз. Сіздердің ұсыныстарыңыз Қазақстандағы музей ісінің дамуына үлкен әсер етеді. Осы бағытта Қазақстанға шын ниетпен көмектесуге деген қызығушылықтарыңыз бен ұмтылыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жоба біздің ортақ тарихымыздың келесі беті болатынына сенемін», – деді Аида Балаева.Кездесу барысында теориялық және практикалық дайындықты қамтитын бағдарламалар әзірлеу мүмкіндігі де қарастырылды. Қазақстандық реставраторларды итальян орталықтарында оқытуға баса назар аударылды. Бұл тәжірибе алмасу мен тағылымдамаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Луиджи Олива Италияның реставрация саласындағы жетістіктерін таныстырып, қазақстандық мамандарды даярлау ісінде ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.«Біз түрлі бағыттарды дамытып, Қазақстанмен тығыз ынтымақтасқымыз келеді. Италиядағы Орталық реставрация институты 80 жылдан бері жұмыс істеп келеді және көптеген бағытты қамтиды. Қазақстанда толық жабдықталған реставрация орталығын құру қажет. Біздің институт үш негізгі бағытқа баса назар аударады: мәдени мұраны сақтау, ғылыми зерттеулер жүргізу және мамандарды оқыту. Біз Ұлттық музейді және ондағы зертханаларды аралап көрдік. Консервация және қалпына келтіру қызметімен, шеберханалармен және музей экспозициясымен таныстық. Сіздерде жұмыс үшін кең ғимараттардың болуы – үлкен артықшылық. Біз бұл саланы дамытуға, курстар мен тәжірибелер ұйымдастыруға, сондай-ақ жаңа технологиялар мен әдістерді енгізуге әрдайым көмектесуге дайынбыз», – деді ол.Тараптар мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылап, орталық үшін нормативтік база құру және реставраторларды оқытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын дайындау бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты.Аида Балаева мен Луиджи Олива бірлескен ынтымақтастық ұзақ мерзімді нәтижелер беріп, Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896019
Ислам ынтымақтастығы ұйымының жастары Әзербайжандағы жылды қорытындылады 04.12.2024
Әзербайжанда «Шуша – Ислам ынтымақтастығы ұйымының жастар астанасы 2024» бағдарламасының жабылу салтанаты өтіп жатыр. Іс-шараға ИЫҰ-ға мүше елдерден 300-ге жуық делегат, оның ішінде креативті жастар, ғалымдар мен Қазақстанның жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда.Кездесудің мақсаты – ислам әлемі жастарының дипломатиялық дағдылары мен ынтымақтастығын дамытуға ықпал ету.Бағдарламада іскерлік және шығармашылық алаңдар: SINA – жас ғалымдар форумы, жастар фестивалі, шығармашылық шеберхана, классикалық музыка бағытындағы жас орындаушыларының фестиваль-байқауы, шығармашылық марафон, ойын технологиялары бойынша G-Hub саммиті.Басты отырыста қатысушылар 2024 жылғы ынтымақтастықты қорытындылады. Сондай-ақ Әзербайжан эстафетаны Мароккоға тапсырды. 2025 жылы ИЫҰ-ның жастар астанасы осы елде болады.Айта кетейік, ИЫҰ елдері арасында қарар мен ұйым жастарын дамытуға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896344
Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды 04.12.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстандағы Польша Елшілігінің өкілімен мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында кездесу өткізілді.Кездесуге ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова мен Польша мемлекетінің Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда қатысты.Кездесу барысында екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Айзада Құрманова өз сөзінде Қазақстан мен Польша мемлекеттері арасында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша қажетті шаралардың іске асырылып жатқананын атап өтті.Сонымен қатар, вице-министр тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау, кинематография, бейнелеу, эстрадалық, музыкалық және театр өнері мен мәдени қызметтің басқа да салалары бойынша бірлесіп өткізілген іс-шаралар туралы айтты.Өз кезегінде Михал Лабенда 2027 жылы пианиношылардың Фредерик Шопен атындағы халықаралық байқауына 100 жыл толатынын атап өтті. Осы орайда конкурс қорытындысы бойынша Қазақстанда гала-концерт өткізу ұсынылды.Сонымен қатар, екі елдің Мәдениет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде мәдениет бағыты бойынша бірқатар іс-шаралар іске асыру жоспарланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896367
Астанада Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған халықаралық форум өтті 04.12.2024
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында аса көрнекті жазушы, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Кемел тұлға келбеті» атты халықаралық форум өтті.Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.ҚР МАМ қолдауымен ұйымдастырылған форум қатысушыларына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.«Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмірі тек жазушылықпен шектелмейді. Ол – мемлекетшіл қайраткер, ел болашағына адал қызмет еткен саясаткер, парасаттылық пен жауапкершіліктің символы. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушылардың қатарында тұрып, ол өз бойындағы асқақ рух пен терең білімді ел игілігі үшін сарп етті. Әбіш Кекілбаев бізге болмысы биік тұлғаның қандай болуы керектігін көрсетті. Оның қалдырған өнегесі – мәңгілік. Ендігі міндет – осы мұраны сақтап, дамыту, Әбіш әлемін жаңа заманмен үйлестіру», – делінген құттықтау хатта.Халықаралық форум аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Әбіш Кекілбаев әлемі» атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының қолжазбалары, публицистикалық мақалалары, кітаптарынан 150-ге жуық еңбек, шығармашылық жолын бейнелейтін 20-дан астам фотосурет қойылды.Іс-шара барысында қаламгердің «Дәурен кешкен» кітабының және түрік тіліне аударылған «KUY» кітабының таныстырылымы өтті.Форум соңында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық театры Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесінің желісімен қойылған спектакльді тамашалады.Айта кетсек, биыл еліміздің әр түкпірінде заңғар жазушының мерейтойына арналған кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр.Кейінгі төрт айдың өзінде әдеби кештер, кеңейтілген кітап көрмесі, әдеби сағаттар, т.б. сияқты 40-тан астам іс-шара өткізілген.Айталық, 27 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен Халықаралық «Әбіш оқулары» конференциясы, «III Халықаралық Әбіш Әлемі театр фестивалі» өтті. Театр фестиваліне отандық 5 театр мен шетелдік 5 театр ұжымы қатысып, Әбіш Кекілбаев шығармаларының сахналық нұсқасын қала тұрғындарына ұсынды.Сондай-ақ, 6 желтоқсанда «Qazaqstan» телеарнасында Әбіш Кекілбаевтың өміріне арналған «Дәуір даналары» бағдарламасы, «Abai TV» «Жәдігер» бағдарламасы эфирге шығады.8 желтоқсанда «Хабар» телеарнасында «Әбіш Кекілбаевтың замана лебі» атты деректі фильм көрсетіледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896386
Жетісу облысы Ескелді ауданының өткен он айдағы ауыл шаруашылығының өсімі 110,6 % құрады 04.12.2024
Биылғы жылдың он айында Ескелді ауданының ауыл шаруашылығындағы өсімі 110,6%-ды құрады. Агроөнеркәсіп кешеніне 1,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Биыл Ескелді ауданында ауыл шаруашылығы дақылдары жалпы көлемі 51,8 мың гектарға себілген. Қазіргі уақытта қант қызылшасын жинау жұмыстары аяқталуда, бүгінгі күні екі қант зауытына ауданнан 117 мың тонна қант қызылшасы тапсырылды. Масақты дәнді дақылдар толық жиналып, 59 мың тонна астық бастырылды, өнімділік гектарына 23 центнерді құрады.- Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру – бірінші кезекте заманауи агротехнологияларды пайдалануға, ауыспалы егістікті сақтауға, сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалануға байланысты. Сондай-ақ суармалы жерлердің өнімділігін арттыру және тиімді пайдалану үшін облыста су шаруашылығы объектілерін салуға, ирригациялық желілерді қалпына келтіруге ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, Ескелді ауданында «Бәйбіше» және «Алмалы» каналдарын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамалардың қорытындысы алынды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 530 гектардан астам жер суармалы сумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ауданның 8 фермасы 877 га жерде жаңбырлату әдісін қолданады. Бұл жұмысты одан әрі жалғастыру керек, - деп атап өтті облыс әкімі Б.Исабаев.Сол сияқты өңір басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге үлес қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған бірқатар озық шаруашылықтарды атап өтті. Олардың қатарында кешенді бағытта жұмыс істеп, диірмен жүргізу, ет өңдеу, макарон өнімдерін және мал азығын өндірумен айналысып жүрген «Хильниченко В», «Дюсенбинов А», «Нам Г», «Есімжанов М» шаруа қожалықтары бар. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Жеңіс Ысқабай Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/895989
Жетісудың Ескелді ауданында мал саны 13% өсті 04.12.2024
Жетісу облысының Ескелді ауданында осы жылдың он айында ірі қара, ұсақ мал, мен жылқы саны ұлғайды. Сонымен бірге ет, сүт өндірісі артып, мал бордақылау алаңдарының жүктемесі өткен жылғы көрсеткіштен 1,6 есеге өсті. Бұл туралы бүгін Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Атап айтқанда, ірі қара 41,2 мың басқа, ұсақ мал 145,7 мың басқа, жылқы 13,4 мыңға жеткен.- Ауданда жобалық қуаты 2350 басқа арналған 9 тауарлы сүт фермасы, 1900 басқа арналған 4 мал бордақылау алаңы бар, олар бүгінгі күні 82%-ға жүктелген. Сол сияқты биыл ауданның ветеринариялық қызметін жақсартуға 341 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы Бақтыбай, Жалғызағаш, Қоңыр ауылдарына модульді ветеринариялық пункттер, биыл Қайнарлы, Жетісу және Ақын Сара ауылдық округтерінде осындай пункттер қолданысқа берілді. Оған қоса соңғы екі жылда 4 арнайы автокөлік алынып, саланың материалдық-техникалық базасы жаңартылды, - деді аймақ басшысы Б. Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Жеңіс Ысқабай Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/895998
Жетісу облысының Ескелді ауданында шағын, орта бизнесте 7 мың адам жұмыс істейді 04.12.2024
Жетісу облысының Ескелді ауданында 10 айдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 мыңға жуықтады, онда 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жайында бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Ескелді ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аудандағы бизнес субъектілерінен бюджетке 1,4 млрд. теңге салық жиналып, бұл көрсеткіш былтырғыдан 30%-ға артқан. Ал өткен 10 айда мұндағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,6 млрд. теңгені құрады, жыл соңына 3% өсіммен 8,4 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осы орайда саланы мемлекеттік қолдау аясында биыл ауданда 653 млн. теңгеге 16 жоба субсидияланып, 10 жобаға кепілдік берілді.Жыл басынан ауданға 25,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 1,8 есеге артық, тартылған инвестициялардың20,4 млрд. теңгесі немесе 80%-ы бюджеттен тыс көздерге тиесілі. Биыл ауданда 10,3 млрд. теңгеге жоспарланған, 5 жобаның 3-еуі жүзеге асырылды.- Қалған 2 жобаны жылдың аяғына дейін іске асыру көзделген. Олардың ішіндегі ірісі – құны 10,2 млрд. теңгені құрайтын Қора су электр станциясы. Сонымен қатар 2025-2027 жылдары Қора өзенінде қуаттылығы жылына 18,5 млн. кВт/сағ болатын тағы бір ГЭС құрылысы жоспарланып отыр, - деді Б. Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/896007
Ескелді ауданы 2025 жылдың соңына дейін толық газдандырылады 04.12.2024
Жетісу облысының Ескелді ауданында соңғы екі жылда 39 мыңның астам тұрғынның көгілдір отынға қол жеткізуіне мүмкіндік жасалған, яғни газдандырылуға жататын 21 елді мекеннің 12-сіне газ құбыры тартылды. Бұл туралы бүгін Ескелді ауданының халқымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Тағы 7 елді мекенде – Көкжазық, Теректі, Қаратал, Абай, Шымыр, Жастар, Ақтасты ауылдарында газ тарату желілерін салу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 5 елді мекеннің жұмыстары жылдың соңына дейін бітеді. Ал Көкжазық, Теректі ауылдарында келесі жылы аяқталады, - деді өңір басшысы Б. Исабаев.Оған қоса Қайнарлы мен Жалғызағаш ауылдарына газ тарту үшін республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Соның нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін жалпы саны 48 мың адам тұратын 21 елді мекен газға толық қол жеткізіледі. Осылайша 2025 жылы Ескелді ауданы толық газдандырылады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/896010
Биыл Жетісу облысындағы Ескелді ауданында 4 әлеуметтік нысан жөнделіп, 12 жаңа нысан іске қосылады 04.12.2024
Биыл Жетісу облысының Ескелді ауданында 4 мектеп пен балабақшаға жөндеу жүргізілді, сондай-ақ денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы 12 жаңа нысанды іске қосу жоспарлануда. Оның 5-і пайдалануға берілді, қалған 6-ын желтоқсан айының соңына дейін іске қосу көзделген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.М. Мәметова атындағы және Қоңыр ауылындағы орта мектептер мен М. Баисов ауылындағы балабақша күрделі жөндеуден өтті, ал Алдабергенов ауылындағы балабақшаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қаблиса жырау атындағы және Қайнарлы ауылындағы орта мектептерге автобус пен «Газель» автокөлігі сатып алынды. Аудандағы 11 мектептің кітапханасы жаңартылды.- Халықтың өтінішін ескере келе, Ешкіөлмес және Жаңалық ауылдарында 180 және 120 орынды екі жаңа мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Мемлекеттік сараптама қорытындысы жыл соңына дейін шығады деп күтілуде. Ал Қарабұлақ ауылындағы орта мектеп пен Елтай ауылындағы С. Сейфуллин атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Бюджетті нақтылау кезінде бұл екі жобаға да тиісті қаражат қарастырылады. Сонымен қатар аудандағы білім беру мекемелерін газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Қарабұлақ ауылындағы Шестаков атындағы мектеп бюджет қаражаты есебінен, ал Сырымбет ауылындағы Жақыпбаев атындағы мектеп демеуші көмегімен газға қосылды, - деп атап өтті Б. Исабаев.Денсаулық сақтау мәселесіне келсек, саланың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында биыл Екпінді және Жаңалық ауылдарында 2 блокты-модульді медициналық пункт орнатылды, Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақешкі ауылында да іске қосылады. Сол сияқты «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданда 5 нысан салынады. Соның ішінде Шымырдағы дәрігерлік амбулатория мен М.Баисов ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы осы айда аяқталса, осындай нысандар Жастар, Қайнарлы, Жалғызағаш ауылдарында келесі жылы салынады. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы ауданның 8 ауылында жақсарады. Мәдениет саласы да назардан тыс қалмайды. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қаратал ауылында 100 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, Қоңыр және Жалғызағаш ауылдарында блокты-модульді клуб қолданысқа берілді. Тағы бір клуб Ақын Сара ауылында келесі аптада іске қосылады. Спорт саласында Елтай, Шымыр, Жетісу ауылдарында 3 блокты-модульды спорттық кешенінің құрылысы жүргізілуде, Тәуелсіздік күні қарсаңында қолданысқа беріледі.Жалпы, 2022-2024 жылдары ауданға инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 25,9 млрд. теңге бөлінген.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/896025
Жетісу облысында Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жол құрылысы келесі жылы басталады 04.12.2024
Жетісу облысының ең негізгі табиғи әрі туристік көрнекті жерлерінің бірі – Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Ескелді ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Осы жылдың 10 айында туристерді қабылдайтын нысандарда 41 мың адамға қызмет көрсетіліп, соның ішінде ақылы қызмет көрсету көлемі 25 млн. теңгеге жетті. Осы ретте Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 км автожолды жөндеу жұмыстары келесі жылы басталатынын атап өту керек. Бұл мақсатқа 2025 жылы республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Сондықтан туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартып, жаңа қонақ үйлер, демалыс базаларын салып, жолдарды жөндеу қажет. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрікті жерлерді кеңінен насихаттап, экотуризм мен агротуризм бағыттарын дамыту керек, - деп атап өтті өңір басшысы Б. Исабаев.Еске салсақ, Жетісудың туризм саласы 5 дестинацияның әлеуетін тірек етеді. Олар - Алакөл мен Балқаш көлдері, «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, Жоңғар Алатауының таулы алабы.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Жеңіс Ысқабай Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/896033
Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті 04.12.2024
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданына барған жұмыс сапары аясында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Халықпен кездесуде баяндама жасаған Бейбіт Исабаев әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған шараларға, облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы ауданның қосқан айрықша үлесіне назар аудара отырып, өңірдің алдағы жоспарларына, басқа да негізгі бағыттарға тоқталды. Аудан басшылығының алдына жер қатынастарына қатысты бірқатар міндеттер қойды, атап айтқанда жердің мақсатты пайдаланылуын бақылау, конкурстар мен аукциондар арқылы жер беру жұмыстарын жандандыру жүктелді.- Өткен он айдың қорытындысы бойынша Жетісу облысындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 112,6% құрады. Бұл - республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. Біз әлеуметтік-экономикалық дамудың қол жеткізілген оң қарқынын сақтап, биылғы жылды сәтті аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте халықты сапалы ауыз сумен, табиғи газбен, жолдармен, тұрғын үймен, әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Мысалы, соңғы 2 жылда тек бір Ескелді ауданының өзінде денсаулық сақтау, мәдениет, спорт сияқты әлеуметтік салаларда 18 блок-модульді нысан іске қосылды. Соңғы деректер бойынша Ескелді және шекара маңындағы Панфилов аудандары инфрақұрылымды дамуытуда көш бастап тұр, - деп атап өтті өңір басшысы Б.Исабаев.Инфрақұрылымды дамыту жайына тоқталған облыс әкімі келесі жылы Бақтыбай ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге және Қарабұлақ ауылында саябақ салуға қатысты мәселелер толығымен шешілетініне уәде берді. Бейбіт Исабаева газбен жабдықтау, сапалы ауыз сумен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жолдарды жөндеу мәселелеріне де назар аударды. Атап өтсек, 2022-2024 жылдары Ескелді ауданына әлеуметтік нысандарды салуға, реконструкциялауға және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 25,9 млрд. теңге бөлінген.Сонымен қатар Бейбіт Исабаев өткен жылғы кездесуде аудан тұрғындары көтерген проблемалық мәселелерге байланысты қабылданған шараларға тоқталды. Мәселен, бүгінгі таңда 2 мәселе толығымен шешілген. Атап айтқанда, балабақша ғимаратына күрделі жөндеу және М. Баисов ауылындағы спорт алаңына жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ Көктөбе ауылындағы жолдарды жөндеу және Шымыр ауылындағы Абай көшесін жарықтандыру үшін техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары бар, жұмыстар келесі жылы жүргізіледі. Ақын Сара ауылында арық жүйесін салу да 2025 жылға жоспарланған.Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, Көкжазық ауылының тұрғыны газдандыруды аяқтау, жолдарды жөндеу және ауылды жарықтандыру мерзімдері жайлы сұрады. Белгілі болғандай, қазіргі кезде көшелерді жарықтандырудың кейбір тіректері жұмыс істемейді, осыған байланысты кепілдік міндеттемесі аясында мердігер ұйым бұл мәселені қысқа уақыт ішінде реттеуге міндеттенеді. Газдандыру мен жол жөндеу жобалары өтпелі жоба қатарында, сондықтан келесі жылы аяқталады. Тағы бір тұрғын Қаратал ауылынан аудан орталығына – Қарабұлақ ауылына дейінгі жолдың сапасына алаңдайды. Осы мәселе бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.Атап өтсек, Қаратал ауылында биылғы жылы мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа блокты-модульді мәдениет үйі мен ауыл әкімдігі пайдалануға берілді. Облыс әкімі ауданға сапары аясында аталған жаңа нысандардың жұмысымен танысты.Жаңа 100 орындық мәдениет үйінде кітапхана, акт және спорт залдары, вокал, би, шахмат, бокс үйірмелер бар. Ауыл әкімдігіне келетін болсақ, 60-шы жылдардың соңындағы ғимарат апатты жағдайда болған. Енді қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі үшін жаңа ғимаратта қажетті жағдайлар бар. Еске салсақ, Қаратал ауылдық округінде 2400-ге жуық тұрғын тұрады.Сонымен қатар осы күні облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фототілші: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/896163
ХУБЭЙ ПРОВИНЦИЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ САУДА ӨКІЛДІГІНІҢ РЕСМИ АШЫЛУЫ ӨТТІ 04.12.2024
Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайту аясында бірлескен инвестициялық жобаларды талқылауға арналған маңызды G2B кездесу өтті. Түркістан облысы делегациясы атынан облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров келіссөз жүргізді.Келіссөздер кезінде экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету және Түркістан облысында бірқатар жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.Сонымен қатар кездесу аясында Хубэй провинциясы кәсіпорындарының халықаралық ынтымақтастық қауымдастығында Түркістан облысының Сауда өкілдігінің ресми ашылу салтанаты өтті.Екі тараптың өкілдері табысты ынтымақтастық экономикалық байланыстарды айтарлықтай жақсартып, дамуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895797
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ 04.12.2024
Бүгін Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті шаруалармен кездесіп, бірқатар мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады. Оларды жеке-жеке тыңдап, ұсыныс-пікірлерін ескерген облыс әкімі Сарыағаш ауданында өңірдің көкөніс өндірушілерінің көтерме-бөлшек сауда орталығын ашудың маңыздылығын айтты. Онда қажетті құжаттарды рәсімдеуге, өнімге тапсырыс берушілермен байланыс орнатуға, тауарды делдалдарсыз және алыпсатарларсыз арзан бағамен сатуға жағдай жасаудың қажеттілігін атап өтті. Бұл диқандар үшін өте маңызды. Жылыжай иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді.– Еңбек өнімділігіне, жаңа технологияларды енгізуге, сапалы тұқым мен заманауи техниканы сатып алуға ерекше назар аудару қажет. Үздік агроқұрылымдар тәжірибесін бөлісу мақсатында арнайы семинарлар өткізу, кеңселер жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды қолдаймын. Басты міндет – импортты төмендету және өңіріміз өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуге барынша қол жеткізу, – деді Дархан Амангелдіұлы.Республикада салынған жылыжайлардың 70%-ы Түркістан облысына тиесілі. Жылыжайдың жалпы көлемі 1640 гектардан асады. Өткен жылы 150 мың тонна өнім жиналып, республика халқының көкөніске деген қажеттілігінің 42 пайыздан астамы қамтамасыз етілді.Инвесторлар соңғы үш жылда субтропикалық банан, лимонды жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті.Жүйелі атқарған жұмыстың нәтижесінде фермерлік жылыжайлардың стандарты әзірленіп, 800-ден астам жылыжай сертификатталды. Жылыжай шаруашылықтарын субсидиялаудың жаңа ережесі бекітіліп, өндірушіден тікелей көмір сатып алу келісілді.Айта кетейік, шаруалармен кездесу Қабланбек ауылында орналасқан «Жабай ата» шаруа қожалығының жылыжайында өтті. Бұл жылыжайдың өнімдері облысымызбен қатар өзге қалаларға да жіберіледі. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895925
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН 2 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ 04.12.2024
Түркістан облысында мектеп тапшылығы мәселесін шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынуда. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданында бой көтеріп жатқан жайлы мектептердің жай-күйімен танысты. Жауапты басшыларға, мердігерге нақты тапсырмалар берді.– «Жайлы мектеп» жобасы – Президентіміздің тікелей қолдауымен және тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Жұмысты жауапкершілікпен атқарыңыздар. Құрылыс материалдары, оқу құралдары, парталар мен жиһаздары түгел талапқа сай болуы тиіс. Жергілікті өндірушілердің өнімдері қолданылуы қажет. Жұмысты жылдамдатыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды бірқатар түйткіл бойынша сын-ескертпелерін айтты. Олар бақылауға алынады.Сарыағаш қаласы, «Телемұнара» шағынауданында салынып жатқан жайлы мектептің құрылысы биыл сәуірде басталған. Оның конкурстық құны – 5,1 млрд теңге. Мердігер – «АРТ-Құрылыс» ЖШС. Бүгінде 900 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңында 45 адам жұмыс істеп жатыр. Қазір нысанның шатырын жабу жұмыстары атқарылуда. Ғимараттың ішкі сылақ жұмыстары аяқталып, әрлеу жұмыстары басталған. Ішкі электр, жылу, ауыз су, ішкі желдету жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Еденнің бетон құю жұмыстары аяқталған. Нысанның 1, 2, 3 қабаттарының терезелері орнатылған.Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округіндегі 900 орындық мектептің де құрылысын қадағалады. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы бой көтерген білім ұясының құрылыс нысанында 155 адам жұмыс істеуде. Бүгінде нысанның ішкі әрлеу, сантехникалық және электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Нысанның 1-ші қабатының сыныптарына жарықшамдары орнатылуда, сыртқы фасад, ішкі бояу, едендеріне линолиум төсеу, сыртқы қоршауын орнату жұмыстары қарқынды. Мектептің шатырын жабу жұмыстары толығымен аяқталып, сыртқы абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Балалар ойын алаңшасы салынуда. Нысанды осы жылдың соңына тапсыру жоспарланып отыр.Облыс әкімі бұл ғимаратты да аралап көріп, мердігермен пікір алмасты. Жауаптыларға анықталған кемшіліктерді реттеу, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу, нысанды уақтылы тапсыру жөнінде тапсырма берді. Жергілікті әкімдік пен басқарма басшыларына инфрақұрылымға қатысты мәселелер туындамауы керек екенін ескерттті. Мектептердің құрылысы қатаң бақылауда болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/896094