Қоғам
Облыс әкімі Shengsong компаниялар тобы өкілдерімен кездесті 25.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ағаш тақтайшаларын өндіруге арналған технологиялық желілерді жобалауға маманданған Shengsong компаниялар тобы өкілдерімен кездесті. Осы салада он жылдан артық тәжірибесі бар компания Қытайдың жетекші өндірушілерімен тығыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, келіссөзге Beijing ZHAOSHANG Technology Co., LTD өкілдері де қатысты.Shengsong - Қытайдағы ағаш тақтайшаларын өндіруші ең ірі кәсіпорындардың бірі. Өнімдер қатарында ДСП, МДФ/ХДФ сияқты өте жұқа бөлшекті тақтайшалар бар. Компания E1, EO, CARB-P2 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін экологиялық өнімге назар аударады. Сонымен қатар формальдегидсіз тақтайшалар шығарады. Жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы 1 млн текше метрге жетеді.Алдағы жылдары Shengsong ағаш тақтайшаларын өңдеу, қаржылық қызметтер және жылжымайтын мүлік салаларында өз қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр. Компанияның стратегиялық мақсаты-Қытайдың ағаш өңдеу саласының көшбасшысы болу.Кездесуде компания өкілдері бөлшекті тақтайшаларды шығаруға бағытталған өндірістік желіні салуға ниет білдірді."Біз өңіріміздің ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік беретін озық тәжірибелер мен технологияларды тартуға мүдделіміз. Жаңа өндіріс желісін салу жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканы нығайтуда маңызды қадам болары сөзсіз. Біз жобаны қолдаймыз", - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.Кездесу Абай облысында ағаш өңдеуге инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған перспективалы ынтымақтастыққа бастама болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889525
Болашақ стипендиаты Рахат-Би Әбдісағин Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының Күміс медалін иеленді 25.11.2024
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Рахат-Би Әбдісағин 2024 жылы Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының беделді Күміс медалін алған алғашқы қазақстандық атанды. Бұл Ұлыбританияның ең көне және маңызды марапаттарының бірі. Салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының ортасында Ұлыбритания астанасында өтті.1889 жылы негізі қаланған Күміс медаль жыл сайын Ұлыбританияның жетекші консерваторияларының ең үздік жас музыканттарына беріледі.2024 жыл Рахат-Би Әбдісағиннің шығармашылық мансабындағы айтулы жыл болды. Ақпан айында ол Ұлыбританияның төрт соборында The Bruce операсының әлемдік премьерасын ұсынды. Бұл опера Рахат-Бидің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шотландияның Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеуінің маңызды бөлігі болып табылады.Сонымен қатар, Рахат-Бидің «Кванттық механика және авангардтық музыка» атты кітабы немістің беделді Springer баспасынан жарық көрді. Физика мен эксперименталды музыканың тоғысқан жеріндегі бұл бірегей зерттеу ғылыми және музыкалық ортада үлкен қызығушылық тудырды. Автор кітабын Нидерланд пен Германияның жетекші университеттерінде, соның ішінде Гейдельберг пен Амстердамда таныстырды. Бұдан бөлек, кітап Ұлыбританияның ең танымал және ірі кітап дүкендерінің бірі — Оксфордтағы басты кітап дүкенінің сөрелерінен орын алды.«Математика, физика және музыканың арасындағы терең байланысты көрсете алғаныма қуаныштымын. Бұл өнер мен ғылымдағы жаңа идеяларға шабыт береді», — деді композитор таныстыру барысында.Рахат-Би Әбдісағин — Еуропа, Азия және Америкадағы әйгілі концерт залдарында орындалатын 150-ден астам музыкалық шығармалардың авторы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/889539
Қаржы саласындағы ашық деректерге қажеттілік туралы сауалнама 25.11.2024
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2024 жылдың 18-29 қараша аралығында қаржы саласындағы ашық деректерге қажеттілік туралы сауалнама өткізіп жатыр. Осыған орай іс-шараға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!Сауалнаманың сілтемесі:https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=5896Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/889535
Болашақ жұмысшы мамандықтардың қолында: Қарағандыда "Enbek.Bolashaq.Damu" жастар слеті өтті 25.11.2024
Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен жұмысшы мамандарына қандай мүмкіндіктер бар – бұл мәселелер Қарағандыда өткен "Enbek.Bolashaq.Damu" жастар слетінде басты мәселелерге айналды. Форумға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 600-ден астам қатысушы-делегаттар жиналды.Слетті ұйымдастырушылар – Amanat партиясының Қарағанды облыстық бөлімшесі және "Жастар Рухы" жастар қанаты – осындай ірі іс-шараны алғаш рет өткізіп отырғанын атап өтті.– Келесі жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды және бұл біздің слетіміздің негізгі жолдауы болды. Жастарға біздің облыста көптеген жұмыс орындарын ұсынатын ірі кәсіпорындар бар екенін көрсеткіміз келді. Ол үшін оқу, еңбекқорлық және өзіне сену қажет. Біз мұндай іс-шараларды жыл сайын жастарға пайда әкеліп, кері байланыс алуға мүмкіндік беретіндей етіп жасауды жоспарлап отырмыз, – дейді Қарағанды облысындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитов.Слет аясында жастар Саран индустриалды аймағына барды, онда КamaТyreskz, Silk Road Electronics, QazTehna зауыттарында экскурсия өтті,сондай-ақ жастар кәсіптік бағдар беру бойынша кеңестер алды.Слеттің маңызды бөлігі форсайт-сессия болды, онда өзекті тақырыптар талқыланды: киберқылмыс, синтетикалық есірткі, лудомания және т. б. Ашық диалог барысында әрбір қатысушы сұрақтар қойып, сарапшылардан толық жауаптар ала алды.Слет панельдік отырыспен аяқталды, онда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сөз сөйледі. Ол өңірдегі жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған елеулі күш-жігерді атап өтіп, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартудың, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау бағдарламаларын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Тұрғын үй мәселелерін шешуге көмектесетін жас мамандарға арналған жеңілдікті ипотекаға ерекше назар аударылды.– Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақстан-талантты жастар елі. Ертең сіздер мемлекетіміздің абыройын асқақтатасыздар. Ал бүгін біз сіздердің дамуларыңызға барлық жағдай жасауымыз керек" деді. Бұл жай сөздер емес, бірлесіп жүзеге асыратын іс-қимыл жоспары. Біздің облыс жұмыс күшін белсенді түрде жұмылдыруда, бізге басқа өңірлерден мамандар келеді. Бізде Саран қаласында ірі индустриялық аймақ және Қарағандыда "Сарыарқа" аймағы бар. Жұмыстан қорықпаңыздар! Ең бастысы – ниет, ал бос орындар бізде жеткілікті, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Отырысқа жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастар да қатысты. Олар студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісті және еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне назар аударудың қаншалықты маңызды екенін айтты.– Мен ірі кәсіпорындар туралы көп нәрсе білемін деп күткен жоқпын. Біздің облыста мұндай зауыттар бар деп ешқашан ойлаған емеспін. Мен сондай-ақ көптеген қызықты адамдармен таныстым. Мұндай слеттер жастардың қолдауын сезінуі және даму мүмкіндіктерін көруі үшін өте маңызды, – деп атап өтті слетке қатысушы КарУ төртінші курс студенті Диана Мұстафина.Слет соңында әр түрлі салада өзін танытқан бес белсенді қатысушы меценат – Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Асқар Оразбековтен 100 мың теңгеге ақшалай сертификат алды.Слет қорытындысы бойынша Қарар қабылданды, онда өңірдегі жастар саясатын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/889183
Сержан Аймақов мемлекеттік қызметтегі көп жылдық жұмысын аяқтады 25.11.2024
Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сержан Аймақов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты атқарып отырған қызметін босатты.Бұл туралы өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте мәлімдеді.– Мемлекеттік қызметте Сержан Жаңабекұлы Аймақов 37 жыл адал еңбек етті. Облысымыздың дамуына елеулі үлес қосты, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ол Сержант Аймақовқа жұмысы үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыс етті.Естеріңізге сала кетейік, әр кезеңде Сержан Аймақов Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау аудандарының, Шахтинск қаласының әкімі болған. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының МСҚБ басқармасын басқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/889286
Қарағанды облысында жыл басынан бері 197 отбасы "қандас" мәртебесіне ие болды 25.11.2024
Жыл басынан бері Қарағанды облысына Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Ресей, Қырғызстаннан 462 этникалық қазақ келді, олардың 197-сі "қандас" мәртебесіне ие болды.Қазақстанға келгендер ресми түрде жаңа мәртебеге ие болғаннан кейін бірден бейімделу және интеграциялық қызметтерді ала алады. Олар ЭЦҚ ресімдеуге, жұмысқа орналасуға, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарына, сондай-ақ медициналық ұйымдарға тіркелуге, жер учаскесін беруге, отбасының цифрлық картасында тіркеуге және т. б. жәрдем алуға құқылы.Қандастарға жергілікті деңгейде көмек көрсету үшін тізімдерді қалалар мен аудандарға жіберетін еңбек ұтқырлығы орталығы жетекшілік етеді.Этникалық қазақтардың негізгі бөлігі отбасыларымен қауышу үшін аймаққа келеді. Олар тұрғылықты орын ретінде Теміртау, Қарағанды, Саран, Шахтинск, сондай-ақ Абай, Бұқар Жырау және Осакаров аудандарын таңдайды.Айта кету керек, Қарағанды облысы қоныстандыру үшін қандастарды қабылдау жөніндегі өңірге кірмейді. Этникалық қазақтар квотадан тыс өз бетінше келеді.Сонымен қатар, Қарағандыда құқықтық және консультациялық сипаттағы қызметтер көрсететін қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы жұмыс істейді. Орталық 10 төсекке арналған. Онда жұмыс істейтін мамандар Қазақстан азаматтығын алуға құжаттарды тапсыруға көмек көрсетеді, білім беру және денсаулық сақтау мәселелерімен айналысады, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі және т. б.Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/889290
Қарағанды облысында интернетті жақсарту үшін атқарылып жатқан шаралар 25.11.2024
Қарағанды облысында 106 шалғайдағы ауылдық мектептерде жоғары жылдамдықты интернет мәселесі шешілді. Спутниктік байланыс орнатудың арқасында сегіз мың бала білім беру ресурстарына қол жеткізді. Өңірде ауылдық елді мекендердің 91%-ы интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 4G мобильді интернеті Қарқаралы және Ақтоғай аудандарының тағы 13 ауылына тартылуы тиіс.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы қабылданған "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасының іске асырылуы туралы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Константин Ильницкий аппараттық кеңесте баяндады.– Қарағандыда бесінші буын мобильді байланысы енгізілуде. Бүгінде қала бойынша 43 базалық станция орнатылған. Олар сынақ режимінде жұмыс істейді, сондықтан байланыс жылдамдығы мен сапасы мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл жұмыс келесі жылдың соңына дейін аяқталады, осы мерзімде қалған 15 антеннаны орнату жоспарлануда, – деді ол.Республикалық және облыстық автожолдар бойында 5G интернетпен қамтамасыз ету үшін 14 антенна-діңгек құрылысын орнату жоспарлануда. Келесі трассалар қамтылады: Астана – Алматы, Қарағанды – Аягөз, Қарағанды – Баянауыл, Қарағанды – Павлодар, Теміртау – Нұра және Ақшатау – Ағадыр. Осы жобалардың жартысына мемлекеттік сараптамасы бар жобалық құжаттама бар.Ұлттық жоба бойынша белсенді жұмыс 2025 жылға жоспарланған, деп атап өтті басқарма басшысы. 73 ауылдық елді мекенді қамтуға тиіс.– 2027 жылдың соңына дейін облыстың 168 ауылына дейін талшықты-оптикалық кабель тарту жоспарлануда. Бұл 59 мыңнан астам ауыл тұрғындары үшін интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деді Константин Ильницкий болашақ жоспарлары туралы.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев туристік аймақтарда – Балқаш пен Қарқаралы қалаларында сапалы интернет мәселесін шешуді жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, трассалар бойында антенна-діңгек құрылыстарын орнату үшін ЖСҚ әзірлеуді аяқтау қажет.Басқарма басшысы өңірдің IT-саласының дамуы туралы да хабардар етті. Оның айтуынша, "Қауіпсіз қала" жобасы нәтиже береді. 10 ай ішінде цифрлық құралдардың көмегімен 186 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылық тіркелді, 260 қылмыстық және 14 918 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қарағандыда "Ақылды бағдаршамдар" жобасы енгізіле бастады.ТКШ саласында iqala электрондық қызметтер порталы іске қосылды, онда сегіз ірі қызмет көрсетушілердің қызметтері қолжетімді."Террикон алқабы" ІТ-хабы саланы дамытудың өзегіне айналды, деп атап өтті Константин Ильницкий. Бұл салық түсімдерінің өсуін, ал компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтердің көлемі екі есеге жуық – 6,5 млрд теңгеден 11,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/889474
Алға аудандық мәслихаты жаңа аудан әкімінің кандидатурасын қолдады 25.11.2024
Бүгін, 25 қараша күні Алға аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтіп, оған депутаттармен қатар, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов қатысты. Отырыс барысында өңір басшысы Алға ауданы әкімінің лауазымына Шүйіншалиев Асланбек Серікұлын тағайындауға ұсыныс білдірді, өмірбаянымен таныстырды. Мәслихат депутаттары облыс әкімін қолдап, ұсынысқа бірауыздан келісім берді.Облыс әкімі Асхат Шахаров, депутаттар жаңа аудан басшысының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.Ақпарат Алға ауданы мәслихатының сайтында жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/889390
Алға ауданының әкімі тағайындалды 25.11.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Алға аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Асланбек Серікұлы Шүйіншалиев Алға ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.Ол 1988 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Құқықтану», Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика», ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Өңірлік даму» мамандықтары бойынша бітірген. Литва Мемлекетінің Миколос Ромерис Университетінде мемлекеттік басқару бағдарламасы аясында халықаралық тағылымдамадан өткен.Еңбек жолын 2007 жылы Алға аудандық қаржы бөлімінің іс-қағаздарын жүргізуші заңгері болып бастаған.2007 – 2009 жж. «АБУ-ГРУПП» ЖШС менеджері; 2009 – 2012 жж. Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бас маманы; 2012 – 2016 жж. Қарғалы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Бадамша ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.2016 – 2021 жж. Алға аудандық қаржы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының облыстық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын үйлестіру және құқыққорғау органдарымен өзара іс-әрекеттесу бөлімінің басшысы, Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары болды.2021 – 2023 жж. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды.2023 жылдың қараша айынан бастап Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданының әкімі қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/889410
ІІМ жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады 25.11.2024
ІІМ азаматтарды жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.– Құрметті азаматтар! Жылыту маусымы басталғаннан бері елімізде пеш пен электр жылытқыштарын дұрыс пайдаланбаумен байланысты қайғылы оқиғалар орын алды.Қостанай облысында бір жағдайда бес бала, екіншісінде төрт адам қаза тапты, оның үшеуі кәмелетке толмаған. Ақмола облысында үш адам қаза тапты, оның екеуі балалар. Астана қаласында төрт бала көз жұмды.Осыған орай азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.Жылыту пешінің жағдайын тексеріңіз. Егер қандай да бір зақым немесе ақаулар анықталса, оларды дереу жою үшін шаралар қолданыңыз.Балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз. Есіңізде болсын, балалар қауіпті жағдайды дұрыс бағалай және туындаған мәселелерді өз бетінше шеше алмайды.Электр құралдарын қараусыз қосулы қалдырмаңыз. Тіпті оларды аз уақытқа бақылаусыз қалдыру өрттің шығуына әкеп соғуы мүмкін.Сізден жылыту құрылғыларын пайдалануға және үйіңізде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз! – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/889507
Қазақстан Баку-Супса бағыты бойынша мұнай жеткізу мүмкіндігін талқылауды жалғастыруда 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан;"Баку-Супса мұнай құбырының мүмкіндіктері қарастырылуда. Өткізу қабілеті жылына 5 млн. тонна, жеткізудің ықтимал көлемі жылына 3 млн. тоннаға дейін.Бұл маршрутты пайдалану пысықтау және талқылау сатысында".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889327
Қазақстан Энергетика министрі нарықтың отынға деген қажеттілігін толығымен жабуға көмектесетін шараларды айтты 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан;"Мұнай өнімдерін өндіруді одан әрі арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.Шымкент МӨЗ-де 2030 жылға қарай өндірістік қуаттылықты 2 есеге немесе 6-дан 12 млн. тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда. Зауыттың мұнаймен жүктелуін қамтамасыз ету үшін Атырау – Кеңқияқ, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту іске асырылатын болады.Павлодар МӨЗ-де 2026 жылға дейін қосымша 500 мың қысқы дизель отынын өндіру бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. 1-ші кезеңде бұл мұнайды бастапқы өңдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жылына 8 млн. тоннаға дейін мұнай өңдеу үшін Павлодар МӨЗ кеңейтудің 2-ші кезеңі басталады. Ағымдағы жылдың соңына дейін алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуші бойынша таңдау жоспарлануда.Атырау МӨЗ-де 2028 жылға дейін мұнайды қайта өңдеу қуатын жылына 5,5 млн.тоннадан 6,7 млн. тоннаға дейін ұлғайту есебінен ашық түсті мұнай өнімдерін өндіруді 66% - дан 77% - ға дейін ұлғайту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда.Бұл нарықтың бензинге, авиациялық және дизель отынына деген қажеттілігін 2035 жылға дейін қоса алғанда толық жабуға және артық жанар-жағармайды экспорттауға мүмкіндік береді.Ағымдағы жылдың 10 айында мұнай өңдеу көлемі 15,1 млн. тоннаны құрады. 2024 жылы мұнай өңдеу 17,9 млн.тонна деңгейінде, 2032 жылға арналған жоспар – 28 млн. тонна деңгейінде болады деп күтілуде.Ағымдағы жылдың 10 айында мұнай өнімдерін өндіру 11,1 млн. тоннаны құрады. А.ж. болжамы 14,5 млн. тонна деңгейінде, 2032 жылға арналған жоспар – 23,7 млн. тонна деп күтілуде".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889329
Қазақстан Энергетика министрі еліміздегі жаңа МӨЗ жобалау жоспарлары туралы мәлімдеді 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан;«2036 жылы күтілетін жеңіл мұнай өнімдерінің тапшылығына байланысты қуаттылығы жылына 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын жобалауды 2030 жылдан кешіктірмей және 2032 жылы салуды бастау қажет.Одан кейін 2030 – 2036 жылдары дизель отынына қажеттілік жылына қосымша 2 млн.тоннаға артады, бұл 2050 жылға дейін жыл сайын 0,3-0,35 млн. тоннаға өсетін 0,2 млн. тонна тапшылығына алып келеді.2028-2030 жылдар аралығында 2036-2040 жылдары жанар-жағармайдың ықтимал импортына байланысты өндіріс-тұтыну теңгерімдерін үнемі жаңартып отыру қажет.Жаңа МӨЗ құрылысы 2040 жылдан 2050 жылға дейін елдің жанар-жағармай қажеттілігін жабады және жанар-жағармайды Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889360
Қазақстанда битум өндірісі бойынша жаңа жобалар жоспарланған 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан;"Ішкі нарықты отандық битуммен қамтамасыз етудің маңыздылығын Мемлекет басшысы атап өтті.Бүгінгі таңда зауыттардың ағымдағы қуаты 1,2 млн.тоннаны құрайды, бұл ішкі нарық қажеттілігінің барлық көлемін қамтиды.Сонымен қатар битум өндірісін жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін арттыра отырып, «CaspiBitum» қуатын арттыру жобасы іске асырылуда. Аяқталуы - 2025 жылдың 1-ші тоқсаны.Осылайша, жол құрылысы саласына жылына 1 миллион тонна битум қажет болса:- қазақстандық битум өндірісінің қуаттылығы жылына 1,45 млн тоннаға жетеді;- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы индикативтік теңгерім шеңберінде ресейлік битум импорты – жылына 0,5 млн. тонна;Сонымен қатар, битум шығаратын 2 жаңа зауыт салу мәселесі қарастырылуда:- 2026 жылы Ақтөбеде Qazaq Bitum 700 мың тонна/жыл;- 2030 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында 770 мың тонна/жыл.Демек, 2032 жылы битум өндірудің жалпы қуаты жылына 2,5 млн тоннаны құрайды (Caspi Bitum – 0,75, Qazaq Bitum – 0,7, Шымкент МӨЗ – 0,77 және Павлодар МӨЗ – 0,3 млн тонна).Ішкі нарықта профицит болған кезде қазақстандық битумды экспорттау мәселесін пысықтау қажет.Сондай-ақ, өткен жылы біз Мәжіліс депутаттарына битумды ішкі нарыққа жеткізу кезінде өнімсіз делдалдарды алып тастау бойынша ұсыныстармен жүгінгенімізді атап өткім келеді (тікелей МӨЗ-ден жол-құрылыс компанияларына дейін немесе ең көбі 1-ші көтерме жеткізуші арқылы).Бұл тәсіл мұнай, бензин және дизельдік отын мысалында 2023 жылдың қаңтарынан бастап сәтті жұмыс істеп келеді.Егер қолдау білдірсеңіз, жақын арада «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңға тиісті өзгерістерді қабылдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889366
Автогаз және жеңіл мұнай өнімдері: Қазақстан Энергетика министрі тапшылық қаупін жою жөніндегі жоспарлар туралы айтты 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан;"Ағымдағы жылы жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 10,9 млн.тонна (автобензиндер – 5,1, авиаотын – 0,6 және дизель отыны – 5,2), битум өндірісінің болжамы – 0,8 млн. тонна деңгейінде жоспарлануда.Ішкі нарықта жанар-жағармаймен және битум тапшылығы тәуекелдерінің туындауының алдын алу үшін жыл сайынғы негізде болжамды деректерге сәйкес Қазақстан мен Ресейдің Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік теңгерім бекітіледі.Ағымдағы жылғы теңгерімге сәйкес шамамен 1,0 млн.тонна (автобензиндер – 0,285, авиаотын – 0,3, дизель отыны – 0,45) және битум – 0,5 млн. тонна көлемінде жеңіл мұнай өнімдерінің импорты көзделеді.2032 жылы жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 19,0 млн.тоннаға дейін (автобензиндер – 8,2, авиаотын – 1,5 және дизель отыны – 9,3) және битум өндіру 2,5 млн. тоннаға дейін ұлғаяды.Бұл жағдайда импорт тоқтатылады және артық жанар-жағармай экспорты басталады (өндірілетін көлемнің ең азы 10%).Сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) өндіру көлемі 2023 жылмен (2,4 млн.тонна) салыстырғанда 2,5 млн. тоннаны немесе 104%-ды құрады. 2024 жылға жоспарланған өндіріс көлемі шамамен 2,9 млн. тоннаны құрайды.Министрлік ай сайын ішкі нарыққа 130-140 мың тонна бөледі, қажеттілігі шамамен 164 мың тонна.. Министрлік СМГ нарығын тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауда – бұл СМГ-ын Қазақстан аумағынан әкетуге тыйым салуды енгізу (2023 жылғы қарашадан бастап), сондай-ақ жаңа кен орындарын іске қосу.Анықтама үшін: Рожсковское к/о - жыл басынан ай сайын 6 мың тоннаға ұлғайту және Теңізшевройлдан коммерциялық газ көлемін жылына 120-дан 240 мың тоннаға дейін ұлғайту (мерзімі 2026 жылға дейін).СМГ тұтынуының болжамды өсуін ескере отырып, жаңа қуаттарды енгізу және 2032 жылға қарай сұйытылған мұнай газын өндіру көлемін 4,2 млн.тоннаға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдануда.Анықтама үшін:«ҚазГерМұнай» ГӨЗ-де 2025 жылдан бастап СМГ өндірісін қосымша 60 мың тоннаға арттыру.2041 жылға дейін Қашаған СМГ-ды 700 мың тоннаға дейін қабылдау.Қашаған ГӨЗ құрылысы, 2026 жылы өндіріс көлемі жылына 115 мың тонна болатын 1 млрд.Қарашығанақ ГӨЗ құрылысы 2028 жылы 2,5 млрд және өндіріс көлемі жылына 200 мың тонна.Қашаған ГӨЗ құрылысы 2030 жылы 4 млрд. және өндіріс көлемі жылына 228 мың тонна".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889369
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛҒЫ 10 АЙДА 42 МЫҢ ТҰРҒЫН МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕЛГЕН 25.11.2024
Түркістан облысында биылғы 10 айдың есебімен 42 мың тұрғын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тіркелген. Жыл басында 400 мыңнан аса адам МӘМС жүйесімен қамтылмаған болатын. Осы және өзге де атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен кезекті штаб отырысында кеңінен талқыланды. Алда тұрған міндеттер пысықталды.– Өңірдегі МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету қажет. Осы бойынша арыз-шағымдар келіп жатады. Сонымен қатар ациентті қолдау қызметінің жұмысын күшейту қажет. Жалпы бұл мәселелер өңір басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Аудан, қала әкімдіктері жергілікті жауапты басқармамен бірлесіп, тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тоқтаусыз жүргізілуді тапсырған болатын. «Апта сайын – 3 пайыз, ай сайын – 12 пайыз» жобасын да қадағалаңыздар. Содан соң аудан, қала деңгейіндегі мобильді топ тұрғындар арасында қате төлемдерді қайтарып алуға байланысты тәртіп түсіндірілуі тиіс, – деді әкім орынбасары.Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мен жауапты басқарма басшылығы, медициналық ұйымдар мен аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты.Жиын барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахыт Исмаханбетов өңір халқын МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі атқарылған шаралар туралы баяндама жасады. Аудан, қала әкімдіктері деңгейінде құрылған мобильді топ күнделікті жұмыстарды ұйымдастырып, тұрғындардың мәртебесін анықтау шарасын ұйымдастырып жатқанын атап өтті.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Бауыржан Сатыбалды МӘМС жүйесі үшін төлемдерді өткен жылдарға төлем жасамаған 43 мыңнан аса адамға хабарлама жолданғанын айтты. Мемлекеттік кірістер департаментімен төлемдерді тұрақты төлемегендер борышкерлердің, шаруа қожалықтардың есеп шоттары бұғатталған. Әзірге 8 мыңнан аса азаматтардың қарызы өндірілген. Оның ішінде, 5 мыңға жуық шаруа қожалықтары бар. Қарызды төлемеген борышкерлер саны – 34 710 (80,5%) болса, оның ішінде, шаруа қожалықтар саны – 28 750 (82,8%).Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміскүл Мирова отбасының цифрлық картасында Д және Е санатындағы отбасылар санын төмендету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Осы санаттағы азаматтардың МӘМС жарналарын төлеуді жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен қаржы жоспарлануда.Айта кетейік, Түркістан облысының халқын МӘМС жүйесіне тарту жұмысы тұрақты жалғасып келеді. Өңірде жыл басынан облыстық штабтың 17 отырысы, ал аудан, қалаларда 11 көшпелі жиын өткізілген. 2 миллионнан аса тұрғын облыстағы емханаларға тіркелген. Оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылғандар саны өңір халқының 83%-ын құрап отыр. Сәйкесінше сақтандырылмағандар саны – 350 мың жобасында. Бұл өткен аймен салыстырғанда 23 пайызға азайып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889263
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 25.11.2024
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сайрам ауданына барып, бірқатар нысандарды аралады. Аудан әкімі Арман Сәбитов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес агроаймаққа бөлінген 90 га бойынша атқарылатын жұмыс жоспарын ұсынып, жобаларды таныстырды.Аралау барысында облыс әкімінің орынбасары «Gen Group Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенін кеңейту бағытында атқарылған тірліктермен де танысты. Банан өсіруді жолға қойған серіктестік қосымша 6 гектарға жылыжай салып, қызанақ және құлпынай өсіруді қолға алмақ.«Жоба толық іске асқан жағдайда жылына 3 мың тоннадан астам қызанақ, 130 тоннадан астам құлпынай жиналады дейді ЖШС басшысы», Тимур Утешев.«Korkem» сауда белгісімен танымал «Наурыз-5» ЖШС кәсіпорнын аралау барысында серіктестік басшысы Джурат Игамбеков жеміс қабылдау, көкөністерді өңдеу, қалбырлау және нарыққа шығару барысында кездесетін өзекті мәселелерді жеткізді.«Kaz Eco Meat» ЖШС ірі қара мал бордақылау және мал сою кешенінің құрылысын 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен арнайы қондырғылар сатып алынған. Ал «Nurym Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрама жем өндіретін зауытты жыл соңына дейін іске қоспақ.Нұрбол Тұрашбеков кәсіпкерлерге мәселелері мен ұсыныстарының заң аясында зерделенетінін атап өтті. Әкімдік тарапынан атқарылатын жұмыстар кезеңімен жүзеге асатынын айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889266
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ 25.11.2024
Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде «СОФТ ХАУС» цехының ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, ауыл ақсақалдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Жеке кәсіпкер Шавкатжан Искаков өз қаражаты есебінен осы кәсіпті бастаған. Бүгінде өндіріс орнын кеңейтіп, ашылып отырған цехтың аумағы 1,0 гектарды құрайды. Жобаның жалпы құны – 500 млн. теңге, заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 2 мыңға жуық жұмсақ жиһаз өнімдерін шығаруға қауқарлы.Бүгінде 15 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың жалақысы 150-200 мың теңге көлемінде. «СОФТ ХАУС» жиһазының өнімдері бүгінде сұранысқа ие. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарымен қатар, көршілес Қырғызстан еліне өткізіледі. Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды Қытай, Ресей, Түркия елдерінен алдыртады. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.– Жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңейуіне жол ашылуда, – дейді өндіріс орнының басшысы Шавкатжан Мамиржанұлы.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889268
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН ІС-ШАРА ӨТТІ 25.11.2024
Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен кезекті игілікті шара өтті. “Жігер” абилитациялық іс-шарасының мақсаты – ерекше қажеттілігі бар жандарды шабыттандыру, жаңа мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету.Іс-шараға қатысушылар пауэрлифтинг, пара күрес, шахмат, қол күресі және бочча спорт түрінен жарысты. Одан бөлек, жобаның екінші бөлімінде мүгедектігі бар өнерпаздар сахна төрінде ән шырқап, би билеп, өлең оқыды. Сонымен бірге мүгедектігі бар табысты тұлғалардың қатысуымен TEDx форматындағы сессия ұйымдастырылды.«Достық» үйінде өткен шарада Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашев қатысушыларға жылы лебізін арнады. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықпаев қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889271
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 105 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛҒАН 25.11.2024
Түркістан облысында биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 104 635 жұмыс орны құрылды.Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар, кемшіліктер мен өзге де түйткілді мәселелер Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның 2024 жылдың 10 айының қорытындысы туралы есебі тыңдалды. Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар негізінде инфрақұрылымдық жобаларда ашылған жұмыс орындарына жолданған азаматтардың міндетті зейнетақы жарнасының аударылуы бойынша республикада 4 орынға орналасты.Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру, Жастар практикасы, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту квотасы бағыттары бойынша төмен көрсеткіштер барын жасырмады. Облыс әкімінің орынбасары жоспарды тиісті деңгейде атқармаған Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, Отырар, Сауран аудандарының мәселелері жеке-жеке қаралып, кемшіліктерді түзетуге уақыт берді.Мәжілісте Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Еңбек мобильділігі орталығының директоры Абзал Казанкаповтың баяндама жасады. Биыл субсидияланатын жұмыс орындарына 31 208 адамды жұмысқа жолдау жоспарланып, нақты 32 578 адам жұмыспен қамтылған. Жаңа және бос жұмыс орындары бойынша 39,1 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Ұлттық жобалар аясында 2024 жылы 397 жобаны жүзеге асыру жоспарланса оның 362-сі орындалған. 3671 жаңа жұмыс ашу межеленіп, 3106 азамат жұмысқа орналасты.Бұдан бөлек, «Жастар практикасы» және «Күміс жас» жобалары, қоғамдық, әлеуметтік және алғашқы жұмыс орындарымен жергілікті тұрғындарды қамту, пробация есебінде тұрған немесе бас бостандығынан айырылған, тұл жетімдер мен мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бойынша аудан, қалалардағы жұмыстар сараланып, индикаторлардың орындалуы қаралды.Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мемлекеттік қайтарымсыз грант қаражатының нысаналы жұмсалуына тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 2023 жылы грантпен қамтылған 23 азаматтың қаржыны мақсатсыз пайдаланғаны анықталып, мемлекетке қайтару бойынша сот шешімі шықты. Қаражатты қайтару жұмыстары жүргізілуде.Ал ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жіберілген 575 азаматпен еңбек тәртібін сақтамағаны үшін келісімшарт біржақты тоқтатылды. Субсидияланған жұмыс орындарына жолданған 2517 азаматпен де келісімшарт үзілді.Бейсен Дәулетұлы «Мансап» орталықтарындағы кадрлардың біліктілігін арттыруға аса мән беруді, жұмысты жандандыру бойынша ұсыныс-пікірлерге ашық екенін жеткізді. Жоспарды тиісті деңгейде орындамаған жауапты басшыларға сын айтып, кемшіліктерге жол бергендерге тиісті шара көрілетінін ескертті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889272