Қоғам
«Altai Invest-2025» 16.09.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек«Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады. «Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумыныңБАҒДАРЛАМАСЫ2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1073799?lang=kk
Инвестициялар, диалог және перспективалар: кездесу Мажарстан Ұлттық экономика министрлігінде 16.09.2025
Будапешт, 2025 жылғы 9 қыркүйек – Мажарстан Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстанның Елшісі Абзал Сапарбекұлы халықаралық қаржы қатынастары және сыртқы экономикалық инвестициялық саясат жөніндегі мемлекеттік хатшы орынбасары мырза Мартон Бокаймен кездесті.Тараптар қазақ-мажар экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Атап айтқанда, бірлескен инвестициялық қор құру және «Астана» халықаралық қаржы орталығының платформасын пайдалану арқылы қаржы саласындағы әріптестікті дамытуға өзара мүдделілік расталды.Кездесу барысында Қазақстанда өткізілуі жоспарланған Қазақстан–Мажарстан Үкіметаралық комиссиясының келесі отырысына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар іс-шараның ықтимал мерзімдері мен форматы бойынша ұсыныстармен алмасты.Қазақстан Елшісі Қазақстанда бизнес жүргізуге қызығушылық танытқан мажар компанияларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде, мажар тарапы елдің инвестициялық климаты мен АХҚО инфрақұрылымын жоғары бағалап, Kazakh Invest арқылы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068316?lang=kk
Амман қаласында Қазақстан Президентінің Жолдауы және астаналар арасындағы әріптестіктің дамуы талқыланды 16.09.2025
Амман, 2025 жылғы 15 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Амман қаласының мэрі Юсеф Аш-Шауарбехпен кездесті.Тараптар астаналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мен Иордания Королі Абдалла II-нің Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.Кездесу барысында өзара сапарлар ұйымдастыру мен Бауырлас қалалар туралы келісімнің 20-жылдығына орай бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелері қарастырылды.Елші астаналар арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан мен Иордания арасындағы саяси диалогтың кемелдігі мен мәдени құндылықтардың ортақтығын көрсететінін, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Қазақстандық дипломат сұхбаттасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны цифрлық трансформация арқылы шешу» атты ү.ж. 8 қыркүйектегі Жолдауының негізгі тезистерімен таныстырды.Өз кезегінде, Амман мэрі мәдени, іскерлік және цифрлық әріптестікті дамытуға мүдделі екендігін білдіріп, Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, ол Король Абдалла II-нің ү.ж. 26-27 тамызда жүзеге асқан Қазақстанға ресми сапарын оң бағалап, иорданиялық делегацияға көрсетілген жылы қабылдау үшін ризашылығын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстар ұстануға және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1068318?lang=kk
Кунсентмиклошта қыпшақша қуырдақтың иісі бұрқырады 16.09.2025
2025 жылғы 13 қыркүйекте Мажарстанның Кишкуншаг өңірінің жүрегі - Кунсентмиклош қаласы қалың халыққа ерекше мереке сыйлады. Мұнда жыл сайын өтетін дәстүрлі қой етінен қуырдақ жасау фестивалі биыл өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті.Фестивальдің басты ерекшелігі - қыпшақша қуырдақ. Оның дәмі мен әзірлеу тәсілі қазақтың ұлттық ас мәзіріне өте жақын. Әсіресе қой басын тағамға қолдану дәстүрі – Еуропада тек мажар халқында ғана сақталған таңғажайып құбылыс. Бұл екі халықтың ортақ тарихи тамырын еске салып тұрғандай әсер қалдырады.Биылғы байқауға алғаш рет Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі қатысып, жүлделі орынға ие болды. Елшілік ұсынған ұлттық тағамдар мен қонақжайлылық фестиваль қонақтарының ыстық ықыласына бөленді.Мерекелік шараға 100-ден астам қатысушы және 15 мыңға жуық тұрғын жиналып, қала бір күнге үлкен дастархан басындағы ағайын-туыс секілді әсер қалдырды. Жеңімпаздарды марапаттау кезінде қала мэрі Арпад Леши Қазақстан Елшілігінің қатысуы фестивальдің мәртебесін көтеріп, оған халықаралық сипат бергенін ерекше атап өтті. Ол Кунсентмиклош тұрғындарының көбі қыпшақтардың ұрпағы екенін, Қазақстанға әрқашан айрықша құрметпен қарайтынын айтты.Фестиваль аясында Қазақстанның жаңа туристік мүмкіндіктері де таныстырылды. Елшілік BornBold бренді аясында және Scat әуе компаниясының жаңадан ашылған Шымкент–Будапешт тікелей рейсін насихаттады. Қатысушыларға Шымкент қаласының туристерге арналған қызметтері туралы кітапшалар ұсынылып, мажар достарына Қазақстанның жаңа қырлары таныстырылды.Осылайша, Кунсентмиклоштағы мерейтойлық фестиваль дәм мен дәстүрді тоғыстырып қана қоймай, қазақ-мажар достығының тағы бір жарқын көрінісіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068319?lang=kk
Қазақстан мен Мажарстан банк секторын цифрландыру перспективасын талқылады: «Cardinal» компаниясымен жаңа ынтымақтастық көкжиектері 15.09.2025
2025 жылғы 25 тамыз, Будапешт – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде «Cardinal Számítástechnikai Kft.» компаниясының даму жөніндегі басшысы мырза Роберт Немшичпен кездесу өтті. Келіссөздердің басты тақырыбы – Қазақстанда онлайн-банкинг саласында озық шешімдерді енгізу мәселесі болды.«Cardinal» компаниясы Мажарстанның финтех нарығында 30 жылдан астам уақыт бойы көш бастап келеді. Оның негізгі өнімі – Electra платформасы – елдегі B2B онлайн-банкинг нарығының 90%-дан астамын қамтып, жетекші банктер тарапынан кеңінен қолданылады.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның қаржы секторының цифрлық трансформациясы бағытындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылады. Әсіресе, «Cardinal» шешімдерін Қазақстанда жергіліктендіру, жұмыс орындарын құру және технологияларды беру әлеуетіне баса назар аударылды. Бұл қадам елдің банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.Қазақстан Республикасының Елшісі атап өтті: «Қазақстандық банктер заманауи цифрлық сервистерді белсенді түрде енгізіп жатыр. Жарқын мысал – Kaspi Bank жетістігі, ол бүкіл өңір үшін инновация үлгісіне айналды. Біз Electra сынды шешімдерге қызығушылықтың артып келе жатқанын байқап отырмыз. Мұндай технологияларды Қазақстанда жергіліктендіру қаржы қызметтерінің сапасын арттырып қана қоймай, елімізді өңірлік финтех хабына айналдыруға мүмкіндік береді».Келіссөздер барысында «Cardinal» компаниясының «Astana Finance Days» форумына қатысуы және Қазақстан мен Орталық Азияда қаржы технологияларын дамытуға бағытталған бірлескен инвестициялық бастамаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.«Cardinal» өз кезегінде қазақстандық банктермен және қаржы институттарымен ықтимал ынтымақтастық форматтарын зерделеуге, сондай-ақ Қазақстан нарығында өз өкілдігін ашу мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068303?lang=kk
Қазақстан мен Мажарстан бірлескен инвестициялық қор құрудың негізгі параметрлерін талқылады 15.09.2025
Будапешт, 2025 жылғы 25 тамыз - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде Қазақстан-Мажар бірлескен инвестициялық қорын құру бастамасын ілгерілетуге арналған Мажарстан Ұлттық экономика министрлігінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында қордың құрылымына қатысты негізгі элементтер, оның ішінде юрисдикция мәселесі талқыланды. Бұл тұрғыда қорды тіркеу және басқару алаңы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығына (AIFC) ерекше назар аударылды. Мажар тарап өздерінің Қазақстанға алдағы сапары аясында AIFC ұсынатын мүмкіндіктермен жан-жақты танысуға дайын екендігін білдірді.Мажарстан Ұлттық экономика министрлігінің делегациясының Астанаға сапары 2025 жылғы 2–5 қыркүйекке жоспарланып, Astana Finance Days халықаралық форумы аясында өткізілмек. Сапар барысында мажар делегациясы форумның іс-шараларына қатысып, қазақстандық әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізеді.Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі екі елдің салалық ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастыра отырып, қорды іске қосу және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізуге ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068306?lang=kk
Білім-ғылым саласы ынтымақтастықтың перспективалы бағыты 15.09.2025
Будапешт, 2025 жылғы 5 қыркүйек – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Мажарстанға сапары өтуде. Ж.Түймебаев Сегед университеті ұйымдастырған «Алтай қауымдарының халықаралық симпозиумына» қатысып, Сегед, Обуда және ЕЛТЕ университеттерінің басшылығымен екі жақты ынтымақтастық орнату туралы келіссөздер өткізді.Сонымен қатар, Ректор және ҚР Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Вице-спикері Шандор Лежактың қабылдауында болып, екі жақты мәдени-гуманитарлық және білім-ғылым салаларындағы перспективалық жобалар туралы пікір алмасты. Келіссөздер соңында, Ж.Түймебаев Ш.Лежактың түркі дүниесіне сіңіріп келе жатқан еңбегін, бауырлас халықтардың арасындағы қатынастарды дәріптеудегі белсенді рөлін атап өтіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдығына орай мерейтолық төсбелгісімен марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068307?lang=kk
Газ желісінен ажырату жұмыстары туралы хабарлама 15.09.2025
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес қауіпсіздік талаптарын бұзған және техникалық қызмет көрсету шарты жасалмаған тұтынушыларды газ желісінен ажырату жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1068308?lang=kk
Қазақстан Елшісінің Будапешт әуежайының бас директорымен кездесуі: ынтымақтастықты нығайту және туристік әлеуетті ілгерілету 15.09.2025
Будапешт, 2025 ж. 13 тамыз – Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Лист Ференц әуежайының бас директоры Франсуа Берисоның кездесуі өтті. Келіссөздер барысында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған ынтымақтастық пен бірлескен бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды.Тараптар жолаушыларды Қазақстанның мәдени және туристік мүмкіндіктері туралы хабардар ететін Елшілік пен әуежай арасындағы ықтимал жобаларды, сондай-ақ туристерді тартуға және елдер арасындағы алмасуды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды талқылады.Сондай-ақ тараптар жақында ашылған Шымкент пен Будапешт арасындағы тікелей әуе рейсінің маңыздылығын және болашақта Будапешттен Алматыға тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін талқылады. Будапешт әуежайының бас директоры да қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін атап өтті.Анықтама: Елордадан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км жерде орналасқан Ференц Лист халықаралық әуежайы Венгрияның ел астанасы Будапештке қызмет көрсететін ең үлкен әуежайы болып табылады. Ұшулар әуежайдан Азияға, Таяу Шығысқа, Солтүстік Америкаға және Еуропаға ұшады. Ол бұрын Ферихеги әуежайы ретінде белгілі болған. 2024 жылғы деректерге сәйкес, әуежай 17,6 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068285?lang=kk
Қазақстан Елшісі Людовика университетінің түркітану орталығының өкілдерімен кездесті: академиялық және мәдени ынтымақтастықты нығайту 15.09.2025
Будапешт, 2025 ж. 15 тамыз – Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Людовика университетінің түркітану орталығының өкілдері Давид Биро және Лилиана Смихпен кездесті. Кездесуде академиялық және мәдени ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілету мәселелері талқыланды.Келіссөздер барысында тараптар бірлескен бастамалардың ықтимал бағыттарын, оның ішінде Қазақстан және жалпы түркі әлемі туралы білімді тереңдетуге бағытталған мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруды талқылады.Анықтама: Университет 2011 жылы Венгрия Ұлттық қорғаныс университеті мен Венгрия Корольдік академиясының бірігуі нәтижесінде құрылды. Оқу орнының ізашары 1808 жылы Ұлттық Ассамблеяның шешімімен құрылған Венгрия Корольдік Әскери Академиясы «Лудовика» болып саналады. Университетте мемлекеттік басқару және халықаралық зерттеулер, әскери ғылымдар мен офицерлерді даярлау, құқық қорғау қызметі және су ғылымдары сияқты факультеттер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068286?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 19,04 млн АҚШ долларын пайдаланды 15.09.2025
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап (2025 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша) 19,04 млн АҚШ долларына 139 774 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 12,25 млн АҚШ долларына 87 841 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 6,79 млн АҚШ долларына 51 933 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (11,98 млн АҚШ долларына 85 735 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 92,13 мың АҚШ долларына 700 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 62,27 мың АҚШ долларына 514 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (6,08 млн АҚШ долларына 45 901 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (499,07 мың АҚШ долларына 4 309 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (174,03 мың АҚШ долларына 1 411 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1086614?lang=kk
Еуразия жүрегінен шыққан табиғи бал: Қазақстан мен Aranynektár Kft ынтымақтастығын нығайтуда 15.09.2025
2025 жылғы 18-19 тамызда мажарлық «Aranynektár Kft» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры мырза Ференц Фулмер бастаған делегация жұмыс сапарымен Астана қаласына келді.Сапардың мақсаты - Қазақстандағы ара шаруашылығы саласының инвестициялық әлеуетін зерделеу, отандық бал өндірушілермен байланыс орнату және ел аумағында өңдеу өндірісін жергіліктендіру мүмкіндіктерін қарастыру. Сапар аясында «Aranynektár Kft» өкілдері бірнеше өңірді аралап, жергілікті омарташылармен кездесті және өндірістік жағдайлармен танысты.Астанадағы ресми бағдарлама аясында делегация Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Республикалық омарташылар палатасымен және QazTrade ұлттық компаниясымен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында АӨК-ті мемлекеттік қолдау шаралары, экспорттық өнімді ілгерілету құралдары, қазақстандық балдың сапасын арттыру және халықаралық нарықтарға бағытталған бірлескен өңдеу өндірісін құру мәселелері талқыланды.Ерекше назар өнімнің халықаралық сапа стандарттарына, оның ішінде Еуропалық одақ талаптарына сәйкестігіне аударылды. 2025 жылдың басында Қазақстан балының ЕО елдеріне экспортталуына арналған ветеринариялық сертификаттың келісілгені жаңа экспорттық мүмкіндіктерге жол ашты және «Made in Kazakhstan» брендімен балдың сыртқы нарықтағы позициясын нығайтты.«Aranynektár Kft» компаниясы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, соның ішінде қазақстандық омарташыларға арналған білім беру бағдарламаларын іске асыруға, бірлескен маркетингтік бастамаларға және экологиялық таза әрі өнімнің бақылануын қамтамасыз ететін тұрақты экспорттық тізбек құруға мүдделі екенін растады.Аталған сапар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды. Бұл тараптардың өңдеу және экспорттық жобаларға инвестиция тарту арқылы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге деген ұмтылысын көрсетеді.Сапар шетелдік өндірістерді жергіліктендіру мен экспортқа бағытталған жобаларды дамытуға жан-жақты қолдау көрсететін «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының белсенді қатысуымен ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068291?lang=kk
Братиславада Қазақстан-Словакия арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды 15.09.2025
Братислава, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Президентінің сыртқы саясат және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ян Кубишпен кездесті.Кездесу барысында екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Ж.Сағынова әңгімелесушіні 2025 жылғы маусым айында Словакия Премьер-министрі Р.Фицоның Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті. Энергетика, ауыл және су шаруашылығы, көлік және логистика, цифрландыру, білім беру мен мәдениет, туризм және спорт салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзектілігі ерекше атап өтілді.Кездесу барысында Президент Кеңесшісі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі қағидаларымен танысты.Я.Кубиш Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына бағытталған түбегейлі реформаларды жоғары бағалап, Словакия басшылығының Қазақстанмен жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екендігін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1068297?lang=kk
Қазақстан мен «Protecta» Қазақстан энергетикасы үшін релейлік қорғау технологияларын жергіліктендіру мәселесін талқылай бастады 15.09.2025
Будапешт, 2025 жылғы 27 тамыз - Қазақстан Елшісі «Protecta Electronics Ltd.» компаниясының Будапешттегі штаб-пәтеріне барды. «Protecta» - энергетикалық жүйелерді қорғау, басқару және автоматтандыруға арналған зияткерлік электронды құрылғыларды өндірудегі жетекші компаниялардың бірі.Компания басшысы мырза Чаба Радванскимен өткен келіссөздер барысында тараптар энергетика саласындағы ықтимал ынтымақтастықты, соның ішінде релейлік қорғау технологияларын Қазақстанда жергіліктендіру мүмкіндіктерін талқылады.Елші Қазақстанның энергетикалық жүйесі белсенді түрде жаңғыртылып жатқанын және елімізде өндіріліп, қызмет көрсетілетін озық технологиялық шешімдерге қызығушылық бар екенін атап өтті.Өз кезегінде Protecta компаниясы жақын арада Қазақстанға сапармен барып, мемлекеттік органдармен және әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру үшін қажетті жағдайларды жан-жақты зерделеуге ниетті екенін білдірді.Тараптар мұндай бастамалар цифрлық энергетика саласындағы құзыреттерді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанды Орталық Азиядағы өңірлік өндірістік базаға айналдыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068299?lang=kk
Жаңа Салық кодексі ШОБ қызметін жеңілдетеді 15.09.2025
2026 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Аталған реформаны түсіндіру үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, еліміз бойынша ақпараттық іс-шараларды өткізіп келеді. Осы жұмыс аясында Атырауда кезекті семинар өткізіліп, онда бизнеске салық салу үрдісіндегі инновациялар мен өзгерістер жайлы түсіндіріліп, кәсіпкерлер салықтық реттеудің жаңа жағдайына дұрыс бейімделудің жолдарына қанықты.Атырау облысында мұнай-газ саласы, көлік инфрақұрылымы мен өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыған. Сондықтан да бұл өңір Қазақстан экономикасында маңызды орын алады. Аталған аймақта ірі мұнай кен орындары – Теңіз және Қашаған орналасқан. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін өндіруші компаниялар қажетті жабдықтар мен көрсетілетін қызметтерді орындайтын (мердігерлік жұмыстарды іске асыратын) шағын және орта бизнеске сүйенеді. Сол себепті семинарда ШОБ салық салу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жаңа заңға сәйкес декларация негізінде жеңілдетілген арнайы салық режімі (АСР) енгізіледі. АСР табысы 600 мың АЕК (шамамен 2,4 млрд теңге) дейінгі ШОБ субъектілеріне арналып, әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталған: есеп тапсыру жеңілдеп, аталған режімге ЖК ретінде міндетті тіркеусіз ауысуға мүмкіндік беріледі.Бұдан басқа ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі - 10 000 АЕК (шамамен 40 млн теңге) дейін азайтылды, бұл төлеушілердің шеңберін кеңейтеді. Сондай-ақ реформа есептілік көлемін 30% және салықтарды 20% дейін азайтуды көздейді. Кодексте кәсіпкерлерден берешекті өндіріп алудың неғұрлым икемді және жұмсақ тәртібі қарастырылып отыр. Егер де қарыз мөлшері аз болса, компаниялардың шоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Бұл бизнеске операцияларды тоқтатпай қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Қатаң шаралардың орнына алдын ала ескертулер мен хабарламалар жіберу тәсілі қолданылады. Кемшіліктер тек жүйелі түрде байқалған жағдайда ғана кезең-кезеңімен өндіріп алу тетігі енгізіледі. Бұл амал шағын және орта бизнеске қысымды төмендетіп, кәсіпорындарға орнықты жұмысты істеуге жол ашады.Салық реформасы жүйені жаңартумен бірге оның әділдігін арттырып, бизнеске дамуға мүмкіндік береді. Келесі семинар 17 қыркүйекте Талдықорған қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1068301?lang=kk
Қостанайда «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік жобасы басталды 15.09.2025
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде «MART» сауда-ойын-сауық орталығының алаңында Қостанай облысының прокуратурасы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Құқықтық дәріхана» жобасы басталды.Бастама «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» қағидатын ілгерілету шеңберінде іске асырылады.Жоба барысында өңір тұрғындары түрлі құқықтық мәселелер бойынша заңгерлік кеңес алды. Сондай-ақ прокуратура қызметкерлері «e-Otinish» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып өтініштерді қарау тәртібін түсіндірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық буклеттер таратты.Жобаның мақсаты-адамдарға, әсіресе мемлекеттік органдарға сирек жүгінетіндерге немесе құқықтық мәселелермен күресетіндерге жақын болу.Сонымен бірге прокурорлар халықтың жиі кездесетін құқықтық мәселелері туралы деректерді жинайды және талдайды. Бұл бізге жүйелік мәселелерді анықтауға және оларды шешудің тиімді шараларын жасауға көмектеседі.«Құқықтық дәріхананың» келесі қабылдауы 13 қыркүйекте «MART» СОО-да сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1068251?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ 15.09.2025
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы мен экономикалық дамуына, сондай-ақ, Қазақстанның болашағына қатысты өте өзекті мәселелерді қозғады. Президентіміздің Қазақстанды толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи бастамасы – ел болашағын айқындайтын маңызды стратегия.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүргізілгені мәлім. Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіре түсу үшін парламенттік реформа жүргізуге бастамашы болып отыр. Әрине, ел болашағына қатысты осынау маңызды шешімді халқымыз референдум арқылы қабылдайды.Менің ойымша, Парламенттің бір палаталы болуы Қазақстан секілді біртұтас, унитарлы мемлекет үшін өте орынды. Бұл отандық заң шығару жүйесін жетілдіруге, депутаттардың саяси салмағы мен ықпалын арттыруға жол ашады. Бір палаталы Парламенттің Үкіметті жасақтау мен оның жұмысын қағалаудағы рөлі арта түседі. Ал, оның құрамының партиялық жүйе арқылы жасақталуы саяси бәсекелестіктің, плюрализмнің артуына мүмкіндік береді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Қазақстан демократиялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басудың қарсаңында тұр.Бұдан бөлек, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретінде, Жолдаудағы аймақтарға инвестиция тарту мәселелеріне айрықша назар аудардым. Қасым-Жомарт Кемелұлы инвестиция тарту — орталық атқарушы органдардың ғана емес, жергілікті биліктің де міндеті екеніне тоқталып, әкімдердің өңірдегі инвестициялық ахуалға тікелей жауапты болуы тиістігін айтты.Осы орайда, Шымкентте инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстың біршама оң нәтижесі бар екенін атап өткім келеді. Нақты айтар болсақ, биыл қаңтар-маусым айларында қала экономикасына 359,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 31 пайызға өсті. Дегенмен, қол жеткізілген жетістіктерге тоқмейілсіп отыруға болмайтыны анық. Әсіресе, Президенттің арнайы экономикалық аймақтарды басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі нұсқауы өте орынды деп есептеймін.Талғат БАЛТАБАЕВ,Шымкент қалалық мәслихатының депутаты
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ҚҰРАЛЫ 15.09.2025
Қазақстан Республикасының Президенті халыққа арнаған Жолдауында жасанды интеллект технологиясының ел дамуына тигізер әсерін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұл бағытта әлемдік үрдістен қалыс қалмай, Қазақстан да жаңа технологияны күнделікті өмір мен экономикаға кеңінен енгізуі қажет екенін айтты.Жасанды интеллект тек өндіріс пен білім беру саласында ғана емес, мемлекеттік басқаруда, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қызмет көрсетуде де кең қолданыс табатынын жеткізді. Президенттің айтуынша, бұл технология уақытты үнемдеуге, адам ресурстарын тиімді пайдалануға және шешім қабылдау сапасын арттыруға жол ашады.Мемлекет басшысы атап өткендей, жасанды интеллекттің ең үлкен пайдасы – денсаулық сақтау саласында көрінеді. Қазіргі таңда әлемде жасанды интеллект рентген, КТ, МРТ нәтижелерін автоматты талдап, ауруды ерте анықтау ісінде кеңінен қолданылып келеді. Бұл әдіс дәрігер жұмысына қолдау көрсетіп қана қоймай, науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар жасанды интеллект дәрігерлердің уақытын тиімді пайдалануға көмектеседі. Қағазбастылық пен мәлімет енгізу сияқты жұмыстарды автоматтандыру арқылы дәрігер пациентке көбірек көңіл бөле алады.Жасанды интеллект шалғай ауылдағы медицина үшін де үлкен мүмкіндік. Қарапайым емханада отырған дәрігер күрделі жағдайға тап болғанда, жасанды интеллекттің көмегімен дұрыс шешім қабылдай алады. Бұл – ауыл мен қаладағы медициналық қызмет сапасының арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған нақты қадам.Президенттің Жолдауда айтқан бастамасы – денсаулық сақтау жүйесіне тың серпін беретін маңызды міндет. Жасанды интеллект дәрігердің орнын баспайды, бірақ оған сенімді көмекші бола алады. Білікті маман мен жаңа технологияның үйлесімі қазақстандықтарға қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететіні сөзсіз.Бақытжан ПОЗИЛОВШымкент қалалық мәслихатының депутаты
ЗАҢДАР БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕУІ ТИІС 15.09.2025
Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауында бірқатар мәселе көтерілді, тағы да тапсырмалар берілді. Солардың ішінде екеуіне тоқталуды жөн көріп отырмын.«Қазір елімізде 21 кодекс, 300-ден астам заң бар. Оларға тым көп түзету енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы келіп жатады. Түптеп келгенде, осының бәрі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр. Заңнаманы түгел тексеріп, зерделеп шыққан жөн. Жасанды интеллект технологиясы мұны жылдам, әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді Қ. Тоқаев бүгінгі Жолдауында.Елімізде екі миллионнан астам шағын бизнес субъектісі болса, соның алты пайызға жуығы ғана өнім өндіреді. Бұл – болмашы көрсеткіш екені аз айтылып жүрген жоқ. Сол себепті, «Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жанынан Интеллект арқылы реттеу орталығы құрылады. Бұл орталық заңнаманы ретке келтірумен, түсінікті әрі тиімді ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Заңды күрделендіре бермеу қажет. Қайта оны кәсіпкерлердің қажетіне қарай бейімдеп, министрлер мен әкімдердің нақты нәтиже үшін жеке жауапкершілігін күшейткен жөн. Мемлекеттік органдар бизнес өкілдеріне ескерту жасаудың орнына, әлі күнге дейін тым қатаң әкімшілік шешімдер қабылдайды деген мәлімет маған да жетіп жатады. Мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайды», – деді Мемлекет басшысы. Зәуре ОРАЛБАЕВА,қоғам белсендісі, журналист
«Altai Invest-2025» халықаралық инвестициялық форум 15.09.2025
Өңірдің тұрғындары мен қонақтарын «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форум аясында көрмеге қатысуға шақырамызӨтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады. «Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумыныңБАҒДАРЛАМАСЫ 2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8 2025 жылғы 26 қыркүйек 08.00-09.00Тіркеу/Кәсіпорындардың көрмесі – 1-қабат.09.00-09.45Салтанатты ашылу. 3-қабат.09:45 – 11:00Пленарлық отырыс. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан облысын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы» Тақырып: 2030 жылға дейін ШҚО дамыту стратегиясының негізгі бағыттары Тақырып: «Өнеркәсіп – ШҚО экономикасының негізі» Тақырып: «Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының 500 ірі компаниясы картасында» Тақырып: ШҚО-ның инвестициялық артықшылықтары мен перспективалары11:00 – 11:15Кофе-брейк. 11:15 – 12:30№ 1 панельдік пікірталас. ШҚО іскерлік кеңесі. 3-қабат.Тақырып: «ШҚО дамуына жергілікті бизнес көшбасшыларының көзқарасы» Пікірталас қатысушылары:-«Қазцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры – Лазарев Андрей Павлович-«AITAS» компаниясының өкілі-«Шығыс-Сүт» ЖШС-нің бас директоры – Сайлаубаев Сейілжан Жіренұлы-«Эмиль» ЖШС-нің басшысы – Аберле Анна Эрвинқызы-«Бес жұлдыз» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы – Тойбазаров Мұхтар Серікұлы- ЕДҚБ / IFC / Eurobak өкілі14.00 – 14.102023–2024 жж. «ШҚО-дағы үздік инвестициялық жоба» жеңімпаздарын ШҚО әкімінің марапаттау рәсімі.14.10-14.25Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі. 3-қабат.14:30 – 15:15№ 2 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан — тұрақты өсім аймағы» Тақырып: ШҚО-ның өңірлік ерекшеліктері мен артықшылықтары Тақырып: Аймақтың перспективалық инвестициялық жобалары Тақырып: Май және майлы өнімдер саласының инвестициялық мүмкіндіктері Тақырып: «Шетелдік қатысуы бар компанияларға преференциялар»15:15 – 15:30Кофе – брейк. 15:30 – 16:45 № 3 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: Аймақтың болашақ өсуінің практикалық мәселелері Панель қатысушылары: CRC, жергілікті бизнес, университет/сарапшы, СПК Ертіс АҚ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік центрі Инвестиция тарту құралдары мен әдістері. Мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар: қатынасы, басымдықтары мен маңызы. ШҚО еңбек ресурстары: мүмкіндіктері мен тәуекелдері. Шағын бизнес: аймақ дамудағы маңызы мен рөлі.15:30 – 16:45№ 4 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: Шығыс Қазақстанның салалық басымдықтары Тақырып: Майды терең өңдеудің перспективалары. Тақырып: Гастротуризм және элиталық туризм. Шаңғы туризмі мүмкіндіктері. Тақырып: ШҚО су және орман ресурстары – өсу мүмкіндіктері ретінде. Тақырып: Шетелдік қонақтың көзқарасымен күтулер мен мүмкіндіктер.15:30 – 16:45B2B кездесулер. 3-қабат.17:00 – 17:15Қорытынды сөз. Форум нәтижелері. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zher/press/news/details/1068164?lang=kk