Enbekshi QazaQ

Қоғам

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 19.11.2024
Жеңіс Шәдіұлы Қиянбеков 1986 жылы 9 мамырда туған. Мамандығы бойынша қаржыгер және заңгер. Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Алматы облысының қаржы басқармасында жетекші маман болып бастаған.Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасы бюджет атқарылуын мониторингілеу бөлімінің басшысы;Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің шоттар және түсімдер бөлімінің басшысы;Қарағанды облысы Ұлытау ауданы және Жезқазған қаласы қазынашылық басқармасының басшысы болған. Кейінгі жылдары ҚР Бас прокуратурасы ішкі аудит басқармасының және Ұлытау облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы болып қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/885913
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МҮМКІНДІК: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ІРІ КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫН САЛУҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ 19.11.2024
Өңірде көкөністер мен жеміс-жидектер сақтайтын қойманың жоқтығын ескере отырып, «Ұлытау» ӘКК» жылдық мөлшерлемесі 2.5 пайыздан аспайтын тиімді несие беруді қолға алды. Бұл – облыстағы баға деңгейін тұрақтандыру мақсатында аса қажет. Сонымен қатар кәсіпкерлік корпорация агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзге де бірқатар бағыт бойынша төмендегідей шарттармен жеңілдетілген несие береді.• Мерзімі – 10 жылға дейін• Ең жоғары сомасы 5 млрд. теңгеден аспайды• Жылдық мөлшерлемесі 2.5 пайыз Несие бағдарламасы бойынша толық ақпарат алу үшін «Ұлытау» ӘКК» АҚ-ға мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Жезқазған қаласы, Бейбітшілік көшесі 23ААқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/885916
ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды 19.11.2024
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында«Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуды орындау құқығына арналған қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15296636Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/886097
Көкшетау кәсіпорындарына мемлекеттік ынталандыру шаралары ұсынылды 19.11.2024
QazIndustry өкілдері Ақмола облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарына барып, жұмыс кездесулерін өткізді. Мамандар Көкшетау қаласындағы кәсіпорындардың өндірістік процестерімен танысып, Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының қызметтері туралы ақпарат берді.Атап айтқанда, QazIndustry қызметкерлері «Enki» және «Enki plus», «Блэк», «Kazrost Engineering», «Тұрмыстық химия зауыты», «Казделикатес», «Нәтиже» сүт фабрикасы», «Гормолзавод» және «Алдабергенова» ЖК компанияларының өндірістік алаңдарын аралады.Аталмыш кәсіпорындар кірпіш пен интерьер заттарын шығарудан бастап ауылшаруашылық техникасын өндіру және киім тігуге дейінгі түрлі бағытта жұмыс істейді.QazIndustry бизнесті ынталандыру және цифрлық трансформациялау дирекцияларының өкілдері «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп өнеркәсіпті ынталандыру шаралары және өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін цифрлық шешімдер бойынша семинар өткізді. Оған өңірдегі өнеркәсіп және АӨК және тамақ өнеркәсібі кеңестерінің мүшелері қатысты.QazIndustry серіктесі Welldone Company компаниясының IT-маманы өнеркәсіп саласына арналған онлайн оқыту түрлері туралы айтты. Кездесу қатысушыларына өндіріс қызметкерлерін оқыту кәсіпорынды дамытуда маңызды рөл атқаратыны туралы айтылды. Бұл мақсатта оқытудың үш түрі қолданылады: нақты уақыттағы (синхронды), өзіне ыңғайлы уақытта өтетін (асинхронды) және осы екі форматты біріктіретін (гибридті) қашықтан оқыту әдістері.«Қызметкерлерді қашықтан оқыту олардың біліктілігін арттыру үшін өте қолайлы, себебі бұл формат қолжетімді, арзан және прогресті икемді бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы симуляторлар мен тренажерларды қолдану қызметкерлерге дағдыларын қауіпсіз виртуалды ортада жетілдіруге, жұмыс сапасын арттыруға және өндірістік процестерді стандарттауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті цифрлық трансформациялау дирекциясының өкілдері.IT мамандар сонымен қатар қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі дағдыларын игеруге көмектесетін Wellbeing CS киберқауіпсіздік платформасы туралы айтты.Кәсіпорындарды аралау барысында бизнесті ынталандыру дирекциясының мамандары технологиялық процестерді жетілдіру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған шығындарды өтеу бойынша ақпаратты жеткізді. Кәсіпорындар мемлекеттік ынталандыру шаралары аясында аталмыш бағыттағы шығындарын өтей алады. Ал цифрлық трансформация дирекциясының қызметкерлері кәсіпорындардағы бизнес-процестерді талдап, цифрлық технологияларды енгізу үшін негізгі бағыттарды анықтады.QazIndustry өкілдерінің айтуынша, бұл көшпелі жұмыстардың нәтижесінде әрбір кәсіпорынға өндірістік процестерді оңтайландыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар беріледі.Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry өндірістерді жаңғырту үшін цифрлық стратегияларды әзірлеу және енгізу бойынша қызметтер көрсетеді. Цифрлық технологияларды енгізуге мүдделі өнеркәсіптік компаниялардың саны жылдан жылға артып келеді.Тағы бір айта кететіні, кәсіпорындар өз жұмысына отандық әзірлеушілердің IT-шешімдерін енгізген жағдайда, QazIndustry арқылы өтелетін шығындардың сомасы 40% емес, 50% құрайды. Бұл шара өнеркәсіпті ынталандырумен қатар, қазақстандық IT әзірлеушілерді қолдауға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/886033
Атырауда БАҚ өкілдері үшін «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты семинар өтеді 19.11.2024
2024 жылдың 28 қарашасында Атырауда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты семинар өтеді.Семинар өңірдің өзекті мәселелерін (мұнай-газ секторы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым және т.б.) жариялау кезінде журналистердің біліктілігін жақсартуға, БАҚ пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіруге бағытталған.БАҚ өкілдері мұнай-газ саласының негіздері және қалыптасу тарихы, энергостатистикамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады, мұнай-газ өнеркәсібіндегі оқиғаларды талдау дағдыларын меңгереді.Сонымен қатар, Министрлік өкілдері журналистерге «Масс-медиа туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіретін болады.Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Атырау қаласы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Студенттік даңғылы, 1, 2-ші қабат, Ғылыми кеңес залы.БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/hnjJWhNrtCV7iz1r5Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ баспасөз қызметтерінің өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады: https://us06web.zoom.us/j/87167441158?pwd=UvvsA5nPL5n16qdRjVftDldMyMZ5sK.1 (конференция идентификаторы: 871 6744 1158, кіру коды: 8050).Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 740186 нөміріне хабарласуға болады.Семинар бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885904
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды 19.11.2024
2024 жылдың 19 қарашасында Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Орталықтың ашылуына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды.Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.Абай атындағы ғылыми-әдістемелік орталықты ашудың мақсаты – Абай университеті, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі, «Абайтану академиясы» ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, музеймен шетелдердегі Абай орталықтары арасындағы байланысты нығайту, Абай мұрасын жастар арасында насихаттаудың инновациялық формаларын айқындау. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885986
Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 19.11.2024
Сыбайлас жемқорлық проблемасы қазіргі заманғы әлеуметтік дамудың маңызды факторларының бірі болып табылады, ал оған қарсы іс-қимыл -мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі азаматтардың бірлескен міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимыл шаралардың кешенді жүйесі негізінде ғана мүмкін болады.Осылайша ТЖМ аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша түрлі іс-шаралар өткізіледі.«Amanat» партиясының облыстық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, «Amanat» партиясы, Жетісу облысы ТЖД құрылымдық және аудандық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен «Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті превенция басқармасының аға офицері Бауыржан Бегімбек сөз сөйледі, ол қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қойылатын талаптар туралы, атап айтқанда бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық теріс қылықтары үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі туралы және бағыныстылар арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қажетті шараларды жүйелі түрде орындамағаны үшін хабардар етті.Көкшетауда Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шара өтті. Семинар-кеңеске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының өкілдері шақырылды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінің өкілі Абай Жаналинов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды жасау алғышарттарын жою туралы баяндама жасады.«Құтқарушылар – жемқорлыққа қарсы» республикалық акцияның аясында Атырау облысы ТЖД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында агенттіктің қызметкері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық үшін әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктерді жеткізді. Лауазымдық міндеттерін атқару кезінде адалдық танытып, халықтың мемлекеттік мекемелерге деген сенімін арттыру бағытында жұмыс жүргізуді тапсырды.Жамбыл облысы ТЖД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Айбек Ажибаев шақырылды, ол жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің алдын алу мен қалыптастыруды қамтамасыз етті. Аталған іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар жүйесіндегі заңнамалық өзгерістер, жазалау және жауапкершілік, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды қорғау шаралары.Ұйымдастырылған семинарлар соңында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасы, сыбайлас жемқорларды ұстаумен бейнематериалдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жеткізілді.ТЖМ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аударатынын атап өткен жөн. Оның көріністерінің алдын алу және оған жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдануда, сондай-ақ қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Жеке құраммен жеке-тәрбие жұмысына ерекше назар аударылады, осыған орай кадр және тәрбие жұмысы басқармасына жетекшілік ететін ТЖ департаменттің бастығының орынбасары лауазымы енгізілді. Қызметкерлерге құқықтық білім беру мақсатында жеке құрамды кәсіби даярлау шеңберінде Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері, сондай-ақ ҚР Президенттің Жолдауы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бірнеше рет талқыланды. Бұл бағытта тұрақты және мақсатты жұмыс жүргізілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/886133
«Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды 19.11.2024
Щучинск қаласында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды,-деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына сілтеме жасап.Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 19 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда. Барлығы аудандық, облыстық деңгейде іріктеуден өткен. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің еңбегінің беделін арттыру.Байқау үш кезең бойынша өткізіледі:I тур – «Креативті педагог»;II тур – «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы»;III тур – «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара».Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1,5 млн теңге. Сондай-ақ, арнайы номинациялардың иегерлеріне 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/886120
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДЕ 19.11.2024
5 мың сынама өнімді бақылау сатып алу және жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексерілген өнімнің 35%-ы ЕАЭО бірыңғай санитариялық талаптарына және техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады.Республика аумағында таратылатын өнімнің қауіпсіздігіне жүргізген сараптама нәтижесінде 439 жедел ден қою шарасы қабылданды, халықтың денсаулығына ықтимал қатер төндіретін 2 тоннадан астам өнім сатылымнан алынды.Ауыл шаруашылығы министрлігімен өзара іс-қимыл шеңберінде импорттық өнімнің 34 өндірушісіне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.Сондай-ақ, техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл кезінде 2023 жылы сүт өнімдерінің, құс етінің және парфюмерлік-косметикалық өнімдердің сәйкестігі туралы 200 декларацияның қолданылуы тоқтатылды және күші жойылды.Уыттылық деңгейін, зиянды заттардың құрамын, микробиологиялық және басқа да сипаттамаларды анықтайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптама облыстық және аудандық деңгейдегі Ұлттық сараптама орталығының 84 аккредиттелген зертханасында жүргізіледі.Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған заңнама аясында жұмысын жалғастыруда және нарықтағы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/885940
КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ 19.11.2024
Шымкент қаласының креативті индустрия өкілдерін қолдау және дамыту мақсатында арнайы жәрмеңке өтті. Шара қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Жалпы жәрмеңке қолөнердің ежелгі түрін сақтауға, талантты жас шеберлерді қолдауға және Шымкент қаласында креативті индустрия саласын дамытуға өз ықпалын тигізеді. Жәрмеңкеге қаланың 14 креативті индустрия өкілдері қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына әр түрлі зергерлік, киіз, тоқыма, былғары және т.б. өнімдерін ұсынды. Көрменің басты мақсаты креативті индустрия кәсіпкерлеріне өз өнімдерін монетизациялауға қолдау көрсету, Шымкент қаласының креативті өнімдерін қалыптастыру және қолөнерді насихаттау болып. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/886042
Алматы облысы 2024 жылы туристер саны бойынша жаңа рекорд орнатты 19.11.2024
2024 жылы Алматы облысы туризмнің қарқынды дамуы бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Қаңтар мен қазан аралығында аймаққа 1,6 миллион турист келген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық. Бұл көрсеткіштер Қазақстанның саяхатшылар үшін танымал бағытқа айналып келе жатқанын айқын көрсетеді.Ерекше назар аударатын жайт — шетелден келген туристер санының артуы. eQonaq жүйесінің мәліметінше, 2024 жылдың 10 айында Қазақстанға 111 352 шетелдік турист келген, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 73%-ға жоғары. Мұндай өсім елдің табиғи байлығы мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтың артуымен түсіндіріледі.Алматы облысының ұлттық парктері саяхатшыларды өзіне баурайтын негізгі нысандар болып табылады:- Көлсай көлдері ұлттық паркі — әсем табиғат аясындағы керемет таулы көлдер.- Іле-Алатау ұлттық паркі — ерекше флорасы мен тау жорықтарына таптырмас орын.- Шарын шатқалы — көріністерімен тәнті ететін, шағын Гранд-Каньон атанған мекен.Бұл табиғи қазыналар тек қазақстандық туристерді ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларды да тартуда.2024 жылғы жетістіктер Алматы облысының Қазақстанның басты туристік орталықтарының бірі ретінде мәртебесін нығайта түсуде. Табиғаттың қайталанбас көріністері, жоғары деңгейлі қызмет көрсету және елді дұрыс таныту саяхатшылардың жүрегін жаулап алып, Қазақстанды ерекше сапардың мекені ретінде танытуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/885892
Іле ауданының әкімі тағайындалды 19.11.2024
ҚР Президенті Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды.Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған.Әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеді:Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Сарыарқа» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті,Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімдерінің бас маманы мен басшысы,Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары,Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бастығы,Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары,Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары,Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/885895
Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасының JJ Studio бағдарламасында спорт саласындағы өзгерістер туралы сұхбат берді 19.11.2024
Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасының JJ Studio бағдарламасында спорт саласындағы өзгерістер туралы сұхбат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886004
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды тексеру мәселелері бойынша жиналыс өтті 19.11.2024
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі басшылығы тапсырмасымен Аппарат басшысы Е.Р. Мұқаевтың төрағалығымен оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруші өкілетті орган мен азаматтық авиация ұйымдарының өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс өтті.Жиынға Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті, Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның Авиация әкімшілігі» АҚ, «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК, «Қазавиақұтқару» АҚ, отандық авиакомпаниялардың және Қазақстан Республикасы әуежайларының қызметкерлері қатысты.Департамент директоры Н.С. Малаев өткізілген мәжіліс шеңберінде авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың саны, ұшулардың жиілігі мен мақсаты туралы статистикалық мәліметтерді ұсынды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 942 әуе кемесі тіркелген. Жылына орташа ұшу сағаты 250 000 сағатты қамтиды. Жалпы алғанда жыл сайын ұшақтардың саны да, ұшу сағаттары да өсу үстінде.Айта кететін жайт, 2022 жылдан бастап авиациялық оқиғалар саны азайып келеді. Екі жылда төмендеу көрсеткіші 34%-ды құрайды.Мәжілісте авиациялық оқиғалар туралы жедел хабарлауға, тергеу нәтижелері бойынша ұсынылатын түпкілікті есептердің сапасына, функционалдық жауапкершіліктер мен тергеуді ұйымдастыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуге, авиациялық оқиғалардың қайталанатын себептерін жою жөніндегі кешенді шараларды әзірлеуге және авиациялық оқиғаларды қасақана жасыруға жол бермеудің алдын алу шараларын күшейтуге аса көңіл бөлінді.Отырысқа қатысушылар Департаменттің құрамына отандық және шетелдік авиакомпаниялардың, әуежайлардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өкілдік ететін халықаралық ұйымдардың өкілдері кіретін авиациялық оқиғалар мен оқыс-оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша сарапшылардан құралған Жұмыс тобын құру туралы бастамасын қолдады. Жұмыс тобының платформасы мемлекеттік органдар мен азаматтық авиация саласы арасындағы тергеп-тексеруді ұйымдастыру кезінде өзара іс-қимылды жақсартуға көмектеседі.Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында Департамент Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенциясының 13-қосымшадағы авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша стандарттары мен ұсынылатын тәжірибелерін енгізу және қолдану міндетін алады, бұл өз кезегінде 2021 жылғы халықаралық ИКАО аудиторларының валидация миссиясының нәтижелері бойынша көрсетілген көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.Әлемдік тәжірибені зерделеу және авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Департамент 2025 жылдың шілдесінде ИКАО аясында өтетін авиациялық оқиғаны тергеу бойынша семинар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Семинарға МАК (РФ), NTSB (АҚШ), BEA (Франция), ATSB (Австралия), TSBC (Канада) және т.б. елдерінің авиациялық оқиғаларын тергеу бойынша жетекші халықаралық ұйымдары шақырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/885956
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясында жаңа казарма ашылды 19.11.2024
Жаңа казарманың ашылу салтанатында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков құттықтау сөз сөйледі.Аталған іс-шараға ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары Бауыржан Әбжанов пен Еркебұлан Хамидуллин, сондай-ақ “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Шекарбеков және өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.Дәстүрге сәйкес казарманың қызыл лентасын аймақ басшысы мен Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы кесті.– Казарманың жаңа түрі жайлы, заманауи, ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Бұл жай ғана ғимарат емес, оқу уақытына арналған жаңа үй. Мұның бәрі ізгі қамқорлықпен жасалды. Сіздерге өз ісіңіздің нағыз кәсіпқойы болу үшін оқуда сәттілік тілеймін. Біздің ел сіздерге сенім артады, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.– Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі болып табылатын болашақ офицерлер үшін жаңа казарманың ашылғанына куә болдық. Мұнда оқыту мен қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Академия курсанттары осы мүмкіндіктерді пайдалана алатынына және білімді тәртіппен үйлестіре отырып, Отанға адал қызмет ететініне сенімдімін, – деді Аңсаған Балтабеков.Осыдан кейін облыс әкімі мен Ішкі істер министрінің орынбасары бастаған құрметті қонақтар 27 жыл ішінде 4 мыңнан астам офицер дайындаған академияның казармалары мен оқу корпустарын аралады. Олар қолбасшылық және басқару кабинеттерінде, оқу орнының кафедраларында болды. Магистратура және қосымша білім беру факультетіне барып, білімдерін тереңдету, жаңа кәсіби дағдыларды алу және әскери мамандардың іскерлік қасиеттерін дамыту жөніндегі міндеттерді білді.Делегацияны ҚР ІІМ Ұлттық ұланы академиясының бастығы Артур Токушев алып жүрді.Айта кетсек, казармада жатын бөлмелері, жаттығу залдары, тұрмыстық бөлмелер, демалыс бөлмелері, киім ауыстыратын бөлмелер, заманауи жуынатын бөлмелер, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау бөлмелері және оқу сыныптары бар. Барлық үй-жай бірыңғай стильде салынған және барлық заманауи техникалық жабдықпен жабдықталған.Сондай-ақ қонақтар академия мұражайына барды, онда оның тарихы мен күнделікті өмірін бейнелейтін экспозицияларды тамашалады. Содан кейін қонақтар академияның басқа нысандарының құрылыс барысымен танысты.Ал әскери оқу орнының клубында Ансаған Балтабеков академияның қолбасшылығымен, профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді.Іс-шара соңында Бас қолбасшы академияның Ұлттық ұлан үшін маңыздылығын атап өтіп, еліміздің болашақ қорғаушыларын тәрбиелеуге қосқан үлесі және олардың білім беру міндетін абыроймен атқарып жүргені үшін жеке құрамға алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/885961
Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіне үш мыңға жуық мұрағат ісі сақтауға берілді 19.11.2024
Қорғаныс ведомствосының мекемесі Қарулы күштердің қызметіне қатысты мұрағаттық құжаттарды іздеу және сақтауға қабылдау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.Мемлекеттік және ведомстволық мекемелермен байланыстарды кеңейтудің арқасында Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіне Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінен 1952-1996 жылдар кезеңіндегі 2866 іс келіп түсті. Астанаға 21 әскери бөлім мен мекемеге қатысты құжаттар Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық көлігімен жеткізілді.Бұл материалдардың тарихи, ғылыми және әлеуметтік маңызы бар. Архив мамандары өтініштер санының артқанын атап өтті. Олар тек қазақстандықтардан ғана емес, сондай-ақ зейнетақыны ресімдеу үшін КСРО кезеңінде Қазақстан аумағында орналасқан әскери бөлімдерде қызмет өткергенін немесе еңбек қызметін растауы қажет жақын және алыс шетелдердің азаматтарынан келіп түседі.Мәселенің өзектілігін ескере отырып, қорғаныс ведомствосының Орталық мұрағаты Қарулы күштерге байланысты құжаттардың орналасқан жерін белгілеу және оларды мұрағаттық сақтауға қабылдау жөніндегі қызметті жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886013
Елордадан әскерге шақырылғандар Ақтөбедегі кіші авиация мамандарын даярлайтын орталықта оқиды 19.11.2024
Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті 40 әскерге шақырылушыны Әуе қорғанысы күштеріне мерзімді әскери қызметін атқаруға салтанатты түрде шығарып салды.Жас астаналықтар Қазақстанның бүкіл өңірінде орналасқан авиациялық бригадаларда әскери борышын өтеуі тиіс. Алайда бұған дейін олар Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты жанындағы кіші авиация мамандары орталығында жарты жылдық оқудан өтеді. Оқу орталығында полковник Жәнібек Қабдуәлиевтің басшылығымен 12 бағыт бойынша ұшуды жерүсті және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының 200-ден астам кіші маманы және басқалары білім алуда. – Бір ай бойы әскерге шақырылғандар жас жауынгер курсынан өтуі керек. Қызметтің негіздерін игергеннен кейін алты ай ішінде сарбаздар шектес мамандықтарды үйренетін болады. Бұл жерүсті қамтамасыз ету құралдарын пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі мамандар, электр және газ жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарьлар, жанар-жағармай материалдарының зертханашылары, радиоэлектрондық жабдықтарды монтаждаушылар, жол-құрылыс машиналарының машинистері, – деді кіші авиация мамандарын даярлау орталығының бастығы полковник Жәнібек Қабдуәлиев.Орталықта жарты жыл оқығаннан кейін оның түлектері Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде меңгерген әскери-есептік мамандығы бойынша тәжірибе жинайтын болады. Офицер бұл мамандықтар экономиканың азаматтық секторында сұранысқа ие екенін айтты. Белгіленген мерзімде қызмет етіп, таңдалған мамандыққа сәйкес сертификаттар алғаннан кейін жастар азаматтық авиация секторында жұмысқа орналаса алады. Қызметті аяқтағаннан кейін азаматтар осы алған мамандықтарын өзін дамытуға жан-жақты жүзеге асыра алады. Оларға келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына түсуге немесе азаматтық жоғары оқу орнына түсу үшін білім грантын пайдалануға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886027
Қарулы күштерде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қорытындыланды 19.11.2024
Елордадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтердің басшылары ағымдағы кезең үшін есеп беріп, 2025 жылға арналған жоспарды бекітті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілдері, Қарулы күштер түрлерінің, әскер тектері мен гарнизондар қызметінің басшылары қатысты.– Әскери отбасылар жиі қоныс аударады, әскери қызметшілер ұзақ мерзімді іссапарларға шығады. Мұның бәрі бірлескен уақыт пен отбасылық қарым-қатынас мүмкіндігін шектейді. Біздің міндетіміз – отбасына қиындықтарды жеңуге және жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесу. Біз балаларды білім беру мекемелеріне, әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесеміз, тұрмыс пен бос уақытқа байланысты басқа да мәселелерді шешеміз, – деп атап өтті Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тәттігүл Смағұлова.Т. Смағұлова атап өткендей, қызметтердің назарында көп балалы және жас отбасылар, сондай-ақ әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары бар. Оларға құқықтық, психологиялық және басқа да көмек көрсетіледі.Биыл қорғаныс және оқу-ағарту министрліктері арасындағы бірлескен жоспардың арқасында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында шалғайдағы гарнизондардағы әскери қызметшілердің 1100 баласы демалды.Отбасы мүшелері үшін театрларға, мұражайларға бару, жорықтар мен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Гарнизондарда жергілікті атқарушы органдардың, аналардың өңірлік кеңестерінің, отбасын қолдау орталықтарының өкілдерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Кездесулерге белгілі адамдар, тыл еңбеккерлері, еңбек ерлері және Қарулы күштердің ардагерлері шақырылды.Отырысқа қатысушылар есепті кезеңде әйелдер кеңесі жүргізген жұмыс әскери қызметшілердің отбасыларында салауатты моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға ықпал еткенін атап өтті. Жыл қорытындысы бойынша қызметтердің үздік басшылары Қорғаныс министрлігі қолбасшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886041
ҚР АШМ COP29-да халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда 19.11.2024
2024 жылғы 19 қарашада БҰҰ-ның Бакудегі климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференциясы (COP29) шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі климатқа тұрақты Ауыл шаруашылығын ілгерілетуге және азық-түлік жүйелерін климаттық сын-тегеуріндерге бейімдеуге өзінің міндеттемесін растады.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шараларға қатысып, онда негізгі бастамаларды көтеріп, елдің тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін таныстырды.Министрлік азық-түлік секторын трансформациялау үшін климаттық қаржыландыруды тартуға бағытталған Fast (Food and agriculture for Sustainable Transformation) серіктестігінің ресми қатысушысы болды.Сонымен қатар, министрлік Бакудегі «Гармония» бастамасына қолдау білдірді, бұл фермерлердің, соның ішінде әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.COP29 алаңында АШМ түркі мемлекеттері ұйымының климатқа төзімді ауылдары форумын құру туралы меморандумға қол қойды. Бұл форум тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологияларды енгізу және климаттың өзгеруінің салдарын азайту бойынша бірлескен стратегияларды әзірлеу үшін платформа болады.Вице-министр FAST, «Гармония» және климатқа төзімді ауылдар форумы сияқты бастамалар, ең алдымен, халықаралық қаржыландыруды тарту арқылы климаттық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.АШМ агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытуға және ауылдық аумақтардың климаттық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламаларды іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885969
Абай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық тексерілді 19.11.2024
ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы У.С. Тналиев ТЖ және су ресурстар министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп 2025 жылдың алдағы су тасқыны кезеңінде өңірдің халқы мен аумағын қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуын қарады. Тексеру Бородулиха, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында жүргізілді.Абай облысында су тасқынына қарсы жұмыстар елді мекендерді инженерлік қорғаудың әзірленген жоспары шеңберінде жүргізілуде. Жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу, өзен арналарын тазарту және түбін тереңдету, бөгеттер салу, көпірлерді жөндеу, су өткізу арналарын, қосымша су өткізу құрылыстарын орнату облыстың 6 ауданының 40 елді мекенінде тасқын судан қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Бұдан басқа жүргізіліп жатқан іс-шараның маңызды бөлігі облыс аудандарындағы су тасқынынан халықты және инфрақұрылымды қорғауда шешуші рөл атқаратын гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885967