Enbekshi QazaQ

Қоғам

ТЖМ құрама командасы «Қорғаныс министрінің кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының Финалына дайындалуда 19.11.2024
ТЖМ құрама командасы «Қорғаныс министрі Кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының Финалына қатысу алдындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Турнир 2024 жылғы 21-23 қараша аралығында елордада Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтеді.Жиындарда спортшылар дене шынықтыруға ғана емес, командалық өзара іс-қимылды дамытуға да назар аудара отырып, қоян-қолтық ұрысы техникасын белсенді түрде жетілдіруде. Жаттығулар бірлік пен өзара көмек рухын нығайтуға бағытталған, бұл қатаң бәсекелестік жағдайында сәтті өнер көрсету үшін өте маңызды.ТЖМ құрамасы лайықты өнер көрсетуге, біздің қызметіміздің негізі болып табылатын ерік-жігерді, адалдық пен әділдікті көрсетуге дайын. Табандылық пен жеңіске деген ұмтылыс турнирде жоғары нәтиже беретініне сенімдіміз.Спортшыларымызға сәтті өнер көрсетулерін тілейміз! ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885978
Қазақстанның Канада бастамасына қатысуы 19.11.2024
Қазақстанның Канада бастамасына қатысуы СОР29-ның екінші аптасында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен қазақстандық делегация өкілдері Канаданың «Көміртекті шығарындыларына баға белгілеудің жаһандық проблемасы және климаттық амбициялар» тақырыбындағы іс-шараға қатысты.Атап айтқанда, Қазақстан көміртегі шығарындыларына баға белгілеуге және оның дамушы нарықтардағы құндылықтарына қатысты мәселелерді атап өтті.Бұл жоғары деңгейдегі пікірталасқа Global carbon pricing challenge (GCPC) жаңа және қолданыстағы серіктестері, министрлері мен аға шенеуніктері, сондай-ақ көміртегі бағасын белгілеуге мүдделі әртүрлі елдер қатысты. Жоғары деңгейдегі өкілдер көміртегі бағасының дамушы экономикалардағы рөлін және GCPC көміртегі бағасының қалыптасып келе жатқан саясатын қалай қолдайтынын талқылады.Естеріңізге сала кетейік, биыл өткен жылдағы СОР28 қорытындысы бойынша Қазақстан Канаданың GCPC бастамасына қосылды.Бастама туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша білуге болады https://www.globalcarbonpricingchallenge.org/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885968
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Сербияда кездесулер өткізді 19.11.2024
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сербияға жасаған жұмыс сапары барысында ақпараттық технологиялар, цифрландыру және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді.Маңызды кездесулердің бірі Сербияның ақпарат және телекоммуникациялар министрі Деян Ристичпен өтті. Тараптар GovTech саласындағы бірлескен жобаларды дамыту, жасанды интеллект, телекоммуникациялар және инновациялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Astana Hub-пен бірлесе жұмыс істеу, Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) артықшылықтарын таныстыру және Сербияның IT қызметтер экспортындағы тәжірибесін зерттеу бойынша келісімге қол жеткізілді.Министр Крагуевац қаласындағы Мемлекеттік деректерді өңдеу орталығына (МДӨО) барды, ол тиімді цифрлық инфрақұрылымның жарқын үлгісі болып табылады. МДӨО Еуропалық Tier IV стандарты бойынша сертификатталған, бұл оның сенімділігі мен қауіпсіздігін көрсетеді. Орталық мемлекеттік басқару үшін ғана емес, Oracle, IBM және Huawei сияқты ірі IT-компаниялар үшін де қызметтер ұсынады, бұл Сербияның технологиялық беделін нығайтады.Сондай-ақ, Сербияның CERN ғаламдық есептеу желісіне интеграциялау тәжірибесі талқыланды. Сербия Еуропада жетінші және әлемде оныншы болып бұл желіге қосылды. МДӨО өңдеген деректер халықаралық ғылыми зерттеулер үшін қолданылады, бұл Қазақстан үшін де қызықты бағыт болуы мүмкін.Сербия тарапы Қазақстанның цифрлық жетістіктерін, атап айтқанда, жасанды интеллектті дамыту бойынша делегация ұсынған ауқымды жоспарларды жоғары бағалады.IT саласының өсуін (2024 жылы IT-қызметтер экспорты шамамен 4 миллиард еуроны құраған) көрсеткен Сербия Қазақстан үшін перспективалы серіктеске айналды. Цифрландыру, ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы байланыстарды нығайтып, екі жаққа да жаңа технологиялық даму мүмкіндіктерін ашады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/885887
АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 19.11.2024
Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды. Мегаполис басшысы ең алдымен жылыту маусымында тұрғындардан келіп түскен проблемаларға тез арада кері байланыс орнату керек екенін айтты. Сондай-ақ азаматтарға құбырларды тазалау бойынша түсіндірме жұмысын тұрақты жүргізу қажет деді. Күн тәртібіне сәйкес кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев өнеркәсіп саласының дамуына қатысты баяндама жасады. Айтуынша, жыл басынан бері кәсіпорындар 913,9 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұдан бөлек жыл соңына дейін 78,2 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 1 693 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Биыл 1 шілдеде ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына қол қойды. Жиында Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқарма басшысы А.Абаев аталған заңдағы өзгерістер туралы баяндады. Қазіргі таңда жаңа Заңға сәйкес жұмыс жүргізу үшін басқарманың құрылымына өзгерістер енгізілген. Шағымдарды қарау мақсатында жаңа бөлім ашылды және 1 штаттық бірлікте басшы орынбасары лауазымымен толықтырылды. Өйткені, басқармаға жыл басынан бері 2430 шағым келіп түскен. «Мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар заңсыздықтар бар екенін рас. Мұны тоқтату керек. Біз мемлекеттің ақшасын жымқыратындар үшін емес, халық үшін жұмыс істейміз. Сондықтан, барлық басқармаларды қатаң тексеріп, тиісті шара қолданыңыздар. Өнім берушілерден келіп түскен шағымдарды да ескеру керек. Қабылданған заң ашықтықты қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған»,-деді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/885845
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 16 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ 28 ЖЕДЕЛ САТЫ (ЛИФТ) ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛАДЫ 19.11.2024
Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша 16 көпқабатты тұрғын үйде, 29 жедел саты (лифт) қондырғылары ауыстыру жоспарланға. Қазіргі таңда, 12 көпқабатты тұрғын үйдің 22 жедел саты (лифт) қондырғыларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін қосымша 4 көпқабатты тұрғын үйге 6 жедел сатыны (лифт) ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Нұрсат шағын ауданындағы № 128, 132, 135В, 135Б, 135А тұрғын үйлердің пәтер иелері жедел саты (лифт) қондырғыларын ауыстырылуы қажет екендігі туралы өтініш білдірген болатын. Осыған орай, көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіліп, заңнама талаптары толық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттама берілді. Айта кетейік Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау, жедел саты (лифт) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен жағдайда қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/885852
ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ 19.11.2024
Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау 2024 жылдың 27 қараша күні сағат 9:00-ден 29 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі. «Жастар» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: -Жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген 35 жасқа толмаған (34 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының азаматы; − ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен (147 680) кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі); − өтініш берушінің Шымкент қаласында өтінім берер алдында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы; − өтініш берушінің отбасы мүшелерінің Шымкент қаласында тұрақты тіркеуінің болуы; − өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), балалары (бар болса) апатты жағдайда тұрған, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы; − тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы. Пәтер саны – 900.1 бөлмелі – 2382 бөлмелі – 4123 бөлмелі – 250 Пәтерлер Шымкент қаласы, Абай және Қаратау аудандарында орналасқан. Жастар бағдарламасына қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/885856
Қарағандының Бейнелеу өнері музейінде суретші әрі педагог Бекен Мұқышевтің көрмесі ашылады 19.11.2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 20 қараша күні сағат 16:00-де қарағандылық суретші және педагог Бекен Мұқышевтің жеке көрмесі ашылады. "Мәңгілік туралы ойлар" деп аталатын экспозицияда шебердің философиялық ізденістері мен шығармашылық көзқарасын бейнелейтін 70-тен астам кескіндеме және графикалық жұмыстар ұсынылады.Бекен Мұқышев 1978 жылы Алматыдағы Н. В. Гоголь атындағы өнер училищесін бітірген. Дария теміржол станциясында жалпы орта білім беретін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.Шығармашылық жол 1991 жылы Қарағанды кафелері мен мейрамханаларының интерьер дизайны жобаларынан басталды. Қалалық және облыстық көрмелерге қатысқан.2016 жылы суретші Қайрат Кэй-Кэйдің тәуелсіз MonARBAT өнер галереясымен ынтымақтастықта болды. Галереямен бірлесіп қала мен республиканың салтанатты және мерекелік іс-шараларына қатысты. Осы уақыт ішінде ол балалар мен ересектерге сурет салуды үйретті.Көрме 30 қарашаға дейін жалғасады.Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.Анықтама телефоны (8-7212) 475-475.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884983
Қарағанды облысында NEET-жастардың үлесі қалай төмендетілмек 19.11.2024
Қарағанды облысында жастар жұмыссыздығын төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері жұмыспен 13 мыңнан астам жас қамтылды. NEET-жастарға ерекше назар аударады. Бұл санатқа әрқайсысына жеке көзқарас принципі бойынша көмект беріледі.Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев кеңес өткізіп, басқарма басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері нәтижелер туралы баяндады.– Облыста NEET-жастармен атаулы жұмыс жүргізу үшін "Мүмкіндіктер марафоны" жобасы жүзеге асырылуда. 10 айда 39 мыңға жуық адам қамтылды, 297 түрлі іс-шара өткізілді: бос орындар жәрмеңкелері, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, жұмыс орындарына экскурсиялар және т. б., – деп хабарлады жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дүйсетаева.Жастар заңгерлер мен психологтардан тегін кеңес ала алады. Сондай-ақ білім алуда, жұмысқа орналасуда, өз ісін ашуда мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылады. Мобильді топтар адамдар көп жиналатын жерлерге барады: базарларға, сауда-ойын-сауық орталықтарына, саябақтарға.Шығармашылық идеяларды іске асыруға және креативті индустрияны ілгерілетуге көмектесу үшін облыс орталығында жастар комунити-орталығы ашылды.Өңірлік жұмыспен қамту картасы өзінің тиімділігін көрсетеді, деп атап өтті кеңесте.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетекшісі Әсем Жүніспекова "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары жастарды жұмысқа орналастыруға қалай көмектесетінін нақты мысалдармен айтып берді.Сонымен қатар, облыста "JUMYS TAP" жобасы іске асырылуда, ол бойынша қысқа мерзімді курстарда кез келген адам жаңа мамандықты тегін меңгере алады.Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту "Бастау Бизнес" жобасы бойынша жүргізіледі. Биыл әлеуметтік осал санаттағы 67 жас өз ісін ашуға грант алды.Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбековтың айтуынша, моноқалада NEET-жастар санын екі есеге азайтуға мүмкіндік туды.– Бұған аула аралау, деректер базасын өзектендіру мақсатында қоңырау шалу, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, Әлеуметтік және ақпараттық қолдау, оқыту және бос уақытты тиімді өткізу іс-шараларын ұйымдастыру ықпал етті, – деп атап өтті ол.Ермағанбет Бөлекпаев NEET-жастарға атаулы қолдауды жалғастыру жөнінде тапсырма берді. Бұл ретте ғылымды тарту қажет деп санайды. Ғалымдардың зерттеулері ықтимал олқылықтарды және қандай бағыттарда қолдау қажет екенін көрсетеді.– Бұл мәселемен белсенді айналысамыз. Белгілі бір нәтижелер бар. Кідіруге болмайды! Жергілікті жерлерде әкімдердің белсенді жұмысы қажет – сіздер қолдамасаңыздар, алға жылжу болмайды, – деп атап өтті облыс әкімі. – Мұны көріп, көмек сұрауы үшін жастарға табысты мысалдар көрсету, көбірек түсіндіру қажет. Ресурстар бар, мүмкіндіктер бар, жұмыс істеу керек!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885525
Қарағандылық колледж студенті Даниядағы EuroSkills байқауының әлемдік кезеңіне қатысады 19.11.2024
WorldSkills Kazakhstan – 2024 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Қарағанды облысының құрамасы сегіз медаль жеңіп алып, үшінші орынға ие болды. Команда қоржынында бір алтын, төрт күміс және үш қола бар. Сайысқа аймақтық кезеңдерден өткен 550-ден астам колледж студенттері қатысты. Олар 30 құзыреттілік бойынша жарысты, оның ішінде кондитерлік өнімдер, плиткалармен қаптау, кірпіш қалау, веб-дизайн және басқалар.Жұмысшы мамандықтарының студенттері арасындағы чемпионат Астанада өтті. Қарағанды облысының атынан 28 студент қатысты. Жоғары Теміртау политехникалық колледжінің үшінші курс студенті Евгений Евсеев аймақ құрамасы үшін "прототиптеу" құзыреттілігінде жалғыз алтын медальді жеңіп алды.– Байқауда біз дрондардың прототиптерін үш түрлі жолмен жасауымыз керек еді: 3D принтерде, ТПУ фрезерлік станокта және бұрғылау, жонғы, кескіштер сияқты қол құралдарының көмегімен. Бұл жағдайда прототипті құрастыру оңай болуы керек, ал бөлшектердің максималды қателігі 0,2 см-ден аспауы керек еді, – деді Евгений.Ол байқауға екі айдан астам уақыт дайындалды. Алда оны одан да мұқият дайындық күтіп тұр: 2025 жылы Евгений Даниядағы EuroSkills байқауының әлемдік кезеңіне қатысады.– Әрине, мен үшін жаңа әлеует ашылды. Мен өзімді көрсеттім, үлкен тәжірибе алдым, ең бастысы әлі алда. Әзірге жұмыс туралы нақты ұсыныстар жоқ, өйткені мен кеше ғана жеңдім. Жалпы, мен конструкторлық бюрода немесе өз мамандығым бойынша өндірісте жұмыс істегім келеді, – дейді студент.WorldSkills байқауы жыл сайын өтеді. Ол жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және оқытуда жоғары стандарттарды қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885726
Қарағанды облысында шұғыл хабарландыру жүйесінің жұмысы тексеріледі 19.11.2024
Қарағанды облысында 21 қарашада сағат 11:00-де хабарландыру жүйелерін жоспарлы тексеру өтеді. "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде бүкіл өңір бойынша сиреналар іске қосылатын болады."Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар департаменті аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде 2024 жылдың 21 қарашасында сағат 11:00-де "Баршаның назарына!" барлық қол жетімді дыбыстық электр сиреналары іске қосылады", – делінген хабарламада.Аймақтың ТЖД тыныштық сақтауды және дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрайды.@112_krg Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885724
Qarmet меткомбинатында күрделі жөндеуден кейін тағы бір конвертер іске қосылды 19.11.2024
Qarmet металлургиялық комбинатында жабдықтарды жаңғырту жалғасуда. Кәсіпорын тарихында алғаш рет бір жыл ішінде екі конвертер корпусы ауыстырылды, бұл өте қиын және уақытты қажет ететін міндет. Қазір үш қондырғы жұмыс істейді.Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады."Біз №1 конвертерді күрделі жөндеуді аяқтадық және оны сәтті іске қостық. Бұл жаңарту конвертер цехының, әсіресе балқыту учаскесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырады. 11 ай бұрын біздің жұмысымызда бір ғана толық жұмыс істейтін №3 конвертер болған, ал қалған екеуінің әбден тозығы жеткен еді. Енді қазір үш конвертер жұмыс істеп тұр, олардың екеуі биыл жөнделді", – деп түсіндірді болат департаментінің директоры Андрей Берг.№1 конвертердің жаңа корпусының көлемі ұлғайып, балқыту салмағын арттыруға және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ, конвертерде газ тазарту жүйесінің бөлігі болып табылатын жаңа кессон бар. Бұл экологиялық қауіпсіздікті жақсартуға және өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.11 айда 3 млн тонна болат өндірілді, деп хабарлайды компания. Бұл 2023 жылдың қорытынды көрсеткішімен бірдей.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885819
СИМ бір уақыт белдеуінің артықшылықтары туралы баяндады. Үкімет UTC+5 қолдайды 19.11.2024
Бесінші уақыт белдеуі географиялық тұрғыдан еліміздің көп бөлігін қамтиды. Олжас Бектенов СИМ мен МАМ-ға неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырдыҮкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтары туралы баяндады.Министр шешім қабылдау кезінде Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті органдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, институттар мен қоғамдық бірлестіктер кіретін уақытты есептеу тәртібі бойынша арнайы құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының есебінде көрсетілген ғылыми негізделген дәлелдер пайдаланылғанын атап өтті. Табиғи уақыт жақтаушыларының халықаралық альянсы (IANT) Үкіметтің Қазақстанның орталық және шығыс облыстары үшін географиялық бойлыққа сәйкес келетін және халық үшін оңтайлы шешім болып табылатын UTC+5 уақыт белдеуін белгілеу туралы шешіміне оң қорытынды берді.«Қазақстанда уақыт есептеу жүйесінің қалыптасу тарихы алдыңғы уақыт белдеуі UTC+6 алғаш рет 1930-1931 жылдары декреттік, яғни “бұйрықтық” уақытты ("уақыт белдеуі+бір сағат") қолдану арқылы енгізілгенін көрсетеді. Аумақтардың көп бөлігі іс жүзінде 5-ші уақыт белдеуінде жатқанына қарамастан. Жалпы, советтік кезеңде Қазақстанда командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи уақыт белдеуі бұйрық тәртібімен 8 рет өзгерді. Нәтижесінде Қазақстан табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде тұрды. Осылайша, UTC+5 біздің еліміз үшін жаңа белдеу емес, тарихи негізделген уақытқа оралу болып саналады», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.UTC+5 уақыт белдеуі еліміздің халқының 76%-дан астамы тұратын (15 млн 240 мың адам) Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықтарды қамтиды. Бүгінгі таңда әлемнің 195 елінің 117-сі географиялық уақытты стандартты уақыт белдеуіне мүмкіндігінше жақын етіп таңдады, өйткені адамның циркадты ырғағы табиғи күндізгі кезеңмен синхрондалады. Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды саналады, деді министр.Премьер-министр сауда және интеграция министрі қолданыстағы уақыт белдеуінің пайдасына барлық жан-жақты дәлелдер келтіргеніне тоқталды.«Үкімет бұл шешімді қолдайды. Еліміздің аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан, сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Дереккөз: https://primeminister.kz/ru/news/mti-dolozhilo-o-preimushchestvakh-edinogo-chasovogo-poyasa-pravitelstvo-podderzhivaet-utc5-29342 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/885829
Ақтөбе облысында 800 басқа арналған СТФ құрылысы аяқталды 19.11.2024
«АЙС» ЖШС 800 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруда. Жобаның қуаттылығы жылына 9,6 мың тонна сүтті құрайды. Жобаның құны-5,1 млрд. теңге.Жобаны іске асыру кезінде ЖШС мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолдануда: 3,2 млрд. теңге. «Ақтөбе» ӘКК арқылы 2,5% мөлшерлеме бойынша қарыз қаражаты түрінде алынды.Қазіргі уақытта компания құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2025 жылдың сәуір айының басында ірі қара малды әкелуге кіріседі.Мәртөк ауданы Саржансай ауылында орналасқан «АЙС» ЖШС сүт фермасы 2010 жылы ашылып, 1100 ірі қара малға есептелген. Қуаты-күніне 36,5 тонна сүт.Жемшөп дайындау мақсатында 2024 жылы 100 га құмай-суданка, 230 га күздік қара бидай шөп пен пішенге, 285 га жүгері егілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885848
Астанада жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған кезекті 8 тұрғын үй кешені аяқталады 19.11.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жыл соңына дейін аяқталатын құрылыс кешендері туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған тағы 9 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың арасында 13 жылдан бері баспанасының құрылысы аяқталғанын күтіп жүргендер де бар!«Араби 2 - Гранитный 2» тұрғын үй кешенінің құрылысымен таныстым. Бұл тұрғын үй кешені 11 жыл бұрын проблемалы деп танылған. «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-ға тапсырар кезде тұрғын үй кешенінің тіпті жер учаскесі де болмаған. Жер телімін бөлу, барлық қажетті рәсімнен өту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі уақытта Б блогы бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр.«Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталған. ЕҚК-ге тапсырар алдында қадалары мен шұңқыры ғана болған. Қазіргі уақытта екінші белгі бойынша бесінші-алтыншы блоктарда пәтерлердің ақауларын жою және оларды абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Төртінші белгі бойынша жалпы пайдалану орындарын әрлеу, еден төсеніштерін құю, әлсіз желілерді монтаждау және т.б. бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Соңғы жылдары құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталды. 15,5 мыңға тарта үлескер отбасы көптен күткен пәтерінің кілтін алды.Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/885669
Астанада қар тазалауға 2 600-ден астам жол жұмысшысы мен 1300-ден астам арнайы техника шығарылды 19.11.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы атқарып жатыр. Өткен түнде олардың күшімен полигондарға 21 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.19 қарашадағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 1 300-ден астам арнайы техника және 2 600-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.18-19 қараша аралығында қар полигондарына 21 мың текше метрден астам қар 1 615 ауыр жүк көлігімен шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 463 мың текше метрден астам, 37 мыңға жуық рейс қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/885716
«Заң керуені» акциясы: Астанада Мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтарды қабылдайды 19.11.2024
22 қараша күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында "Заң керуені" акциясы өтеді. Іс-шара аясында прокуратура, полиция және қала әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты."Заң керуені" акциясы аясында Астана тұрғындары елорданың мемлекеттік органдарының уәкілетті тұлғаларына сұрақтар қоя алады.Іс-шара 22 қараша күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында өтеді.Жеке қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі, өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/885796
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Ерейментау ауданы әкімдігіндегі лауазымға тағайындалды 19.11.2024
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Еркенов Жанұзақ Талғатұлы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.Жанұзақ Еркенов 1998 жылғы 28 сәуірде Ақмола облысы Ерейментау ауданында дүниеге келген.2019 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын жастар практикасынан бастап, Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде келісімшарт бойынша маман қызметін атқарды. 2020 – 2022 жж. аралығында осы бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.Осыған дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданының Мансап орталығының маманы болып істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885737
Макинск қаласының су құбыры желілерін қайта құру жобасының бірінші кезеңі аяқталды 19.11.2024
Бұланды ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілетін су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту шеңберінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.«Ағымдағы жылдың маусым айында Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңда жұмыс қаланың 33 көшесінде аяқталды, ұзындығы 45,012 метр су құбырлары төселді, 524 құдық орнатылды. Келесі жылы қаланың екінші бөлігі темір жолдың арғы бетінде жұмыстар жалғасады. Жоба аяқталғаннан кейін Макинск қаласының тұрғындары таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті Бұланды ауданының құрылыс бөлімі басшысының м.а. Гүлнар Жақыпова.«Жұмыс кезінде келтірілген қолайсыздықтарға қарамастан, біздің қоршауларымызға дейін су құбыры тартылғанына өте қуаныштымын. Бізде 4 кішкентай бала бар, біз суды құдықтардан, кейде бұлақтан алып келетінбіз. Бұл біз үшін өте қиын болатын. Мен мемлекетке көмек көрсеткені үшін, ел тұрғындарына қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамын», - деп бөлісті Макинск қаласының тұрғыны Жазира Балтабаева.Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауданда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Тастыөзек, Айнакөл, Қараөзек және Новодонецк сияқты 4 ауылда жүргізілді. 3 ауылда су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ, ауданның Шұбарағаш, Мат, Иванковка және Аққайн ауылдарында суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдері орнатылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885791
Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті 19.11.2024
15 қараша басталған республикалық біріншілік Ақтөбе қаласында «Қоныс» спорт кешенінде өтті. Чемпионаттың жекелей сынына барлығы Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 510 дзюдошы қатысты. Жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде 3 алтын, 1 қола жүлдемен Ақтөбе облысының спортшылары көш бастады.Қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 2 қоласы бар Абай облысы медаль кестесінде екінші орынға жайғасса, 2 алтын, 1 қола жүлдемен Астана қаласының құрама командасы үздік үштікті түйіндеді.Сондай-ақ, ел чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар бойынша үздіктер анықталды. Өте тартысты өткен финалдық кездесуде Алматы қаласының спортшылары Алматы облысының дзюдошыларын 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Финалист Алматы облысы екінші күміске қол жеткізсе, Атырау және Қарағанды облысының дзюдошылары командалық жарыстың қола жүлдегері атанды.Айта кетерлігі, Чемпионатта барлығы 12 IJF Халықаралық дәрежедегі төреші төрелік етті. Жарыстың әділ әрі жоғары дәрежеде өтуіне шетелдік мамандар, халықаралық дәрежедегі төрешілер Владимир Востриков, Евгений Рахлин мен Владимир Нутсубидзе бақылаушы-төреші қызметін атқарды.Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы жасақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/885729
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты 2025 жылы іске қосылады 19.11.2024
Үкімет отырысында Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет шаралар кешенін іске асыруда. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты құрылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына Институттың биыл толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті рәсімдердің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды. Инновациялық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамыту үшін әлемдік тәжірибені қолдануға ерекше назар аударылады.«Мемлекет басшысы 2028 жылы отандық тұқым қорының көлемін 80%-ға, оның ішінде элиталық тұқым көлемін кемінде 15%-ға дейін жеткізуді тапсырды. Бізде әлеует жеткілікті. Ғылыми институттар қазірдің өзінде астықтың өнімділігін арттыратын тұқым сорттарын шығарып жатыр. Біз үздік әлемдік практикаларды қолдана отырып, агрономия ғылымын одан әрі дамытатын боламыз. Ауыл шаруашылығы және Ғылым және жоғары білім министрліктері аталған мәселе бойынша жүйелі шешімдер дайындауы керек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.https://t.me/KZgovernment Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/885758