Қоғам
Президент: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс 13.09.2025
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында Қазақстанды үш жылдың ішінде цифрлық елге айналдыру міндетін қойды. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері цифрлық даму арқылы өздерінің экономикасын нығайтып қана қоймай, халықтың білімін, мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп отыр. Біздің еліміз де осы көштен қалмауы керек. Президенттің «Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс» деуі – осы жауапкершілікті сезінуден туған сөз.Кітапхана саласына келсек, цифрландыру біз үшін ерекше маңызды. Көпшілік кітапхана тек кітап сақталатын орын деп ойлайды. Ал іс жүзінде ол – білім мен мәдениеттің қазынасы. Бүгінде біз оқырмандарға тек қағаз кітап ұсынумен шектелмейміз, электронды кітаптар қорын дамытып, түрлі онлайн платформалар арқылы адамдарға кез келген уақытта, кез келген жерден ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін беруге тырысамыз. Егер мемлекетіміз цифрлық елге айналса, бұл процесс әлдеқайда жылдам жүреді. Мысалы, жасанды интеллект арқылы оқырманға жеке-жеке кітап ұсыныстары берілсе, әр адам өзіне сай бағытта дамуға мүмкіндік алады. Бұл – болашақ кітапхананың бейнесі.Президент айтқандай, тұрақты даму мен қауіпсіздік – тек экономикаға қатысты нәрсе емес. Ол халықтың ой-санасына, мәдениетіне де тікелей байланысты. Ұлттық құндылықтарымызды да ұмытпауымыз керек. Қазақ әдебиетін, мәдениетін, тарихын цифрлы форматқа көшіру арқылы біз оны келер ұрпаққа сақтап қана қоймай, бүкіл әлемге таныта аламыз. Сондықтан, Президент Жолдауында айтылған мақсаттарды толық қолдаймыз. Кітапхана саласының жанашыр ретінде цифрлық дәуірге сай қызмет етуге, оқырмандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға дайынбыз. Ең бастысы – технология халыққа қызмет етіп, білім мен мәдениеттің дамуына үлес қосуы тиіс. Сол кезде ғана біз «цифрлық Қазақстан» боламыз».Анар ЖАППАРҚҰЛОВА, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры
Кәсіпкерлерге түсінікті заң, тиімді қолдау қажет 13.09.2025
Президент Жолдауда өңірлерді дамыту мен инвестиция тарту мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл бағыттағы жауапкершілік жергілікті басшыларға жүктелуі тиіс екенін, тек орталыққа қарап отырмай, өңір әкімдерінің белсенді жұмыс істеуі қажеттігін айтты. Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтарды тиімді пайдалану арқылы жұмыс орындарын ашу, терең өңдеу өнеркәсіптерін дамыту қажеттігін баса жеткізді. Бұл бастамаларды мен өте дұрыс деп санаймын.Сонымен бірге, тексерістерге қатысты айтылған ұсыныстар да көңілге қонымды. Салық және мемлекеттік органдар тарапынан бақылау шаралары жазалау емес, ескерту түрінде жүргізілгені кәсіпкерлер үшін әлдеқайда тиімді болар еді. Өйткені көптеген кәсіпкерлердің жалдамалы есепшілері тәжірибесіздіктен немесе білместіктен қате есеп тапсыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден айыппұл салып, жазалау әділетсіздікке әкеледі. Керісінше, ескерту жасалса, ол әрі сабақ, әрі келесі жолы мұндай қателікке жол бермеудің тиімді тәсілі болар еді. Сондықтан кәсіпкерлерді қателік үшін бірден жазаламай, түсіндіру арқылы бағыт-бағдар беру бизнестің дамуына зор серпін береді деп ойлаймын.Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңірлерді дамыту, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бастамалары кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау әрі бағыт-бағдар болып отыр. Президент атап өткендей, әрбір өңірдің басшылығы тек орталыққа қарап отырмай, өздері белсенді жұмыс атқаруы тиіс. Индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді.Талғат Исхаков,Мәслихат депутаты
Қостанай облысының туристік инфрақұрылымы қалай дамып келеді 13.09.2025
Бүгінгі таңда туризм саласы – сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қонақ үй қызметін көрсету сияқты экономикаға қатысты өзге де салалардың дамуына тікелей ықпал ететін, болашағы зор қызмет түрлерінің бірі болып отыр.Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 2,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 33,2%-ға артқан.Өңірге келген қазақстандық азаматтардың саны – 121,9 мың адамды, шетелдік туристердің саны – 6,0 мың адамды құрады. Нөмірлік қор 6331 төсек-орыннан тұрады.Жалпы облыс аумағында 2 шипажай, 1 оңалту орталығы, 94 қонақ үй, 2 мотель, 4 хостел, 14 демалыс базасы жұмыс істейді.Туристердің ерекше қызығушылығын тудыратын негізгі нысандар – «Сосновый бор» шипажайы, Наурызым қорығы және «Термопарк» кешені. Бұл нысандар қажетті инфрақұрылыммен қамтылған және көлік қатынасы да қолжетімді.Туризмді дамытудың маңызды буыны – санаторий-курорттық демалыс. Бүгінде облыста 2 шипажай мен 14 демалыс базасы қызмет көрсетуде.Емдеу-сауықтыру бағытындағы негізгі нысандар Алтынсарин ауданының курорттық аймағында орналасқан. Олардың қатарында «Сосновый бор» шипажайы, «Жайляу» сауықтыру-ойын-сауық кешені, «Мюнхен», «Бордағы ауыл» демалыс базалары бар.Аймақта сауықтыру туризмін дамытуға қолайлы әрі қызықты өзге де орындар бар екендігін атап өту қажет.Солардың бірі – Мендыкарин ауданындағы Қарабаев атындағы оңалту орталығы. Ол күрделі жөндеуден кейін өз қызметін қайта жалғастырды.Аймақта туризмнің әлі де аса кең танымал болмауына қарамастан, бұл сала біртіндеп дамып келеді: жаңа әуе рейстері ашылуда, инвестициялық жобалар іске асырылуда, экскурсиялар ұйымдастырылуда.Қазіргі уақытта облыста туризм саласында бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішіндегі ең ауқымдысы – Амангелді ауданында көпфункционалды туристік кешеннің құрылысы. Оның аумағында Үндістандағы Тәж-Махалдың, Мексикадағы Чичен-Ица ғимаратының, Эйфель мұнарасының көшірмелері тұрғызылған.Сонымен қатар, бұл жерде әлемде теңдесі жоқ 200 белгілі қазақстандық тұлғаның есімі жазылған Ұлттық жады қабырғасы орнатылған.Туристердің ыңғайы үшін аумақта қонақ үй, мейрамхана, жазғы амфитеатр, спорт және балалар алаңдары салынған. Жобаның жалпы құны – 3,5 млрд теңге, құрылысты ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.Аталған туристік нысан алдағы уақытта Торғай өңірінің басты туристік орталығына айналып, тек хабқа ғана емес, жақын аймақтардағы өзге де тарихи-мәдени және табиғи орындарға туристерді тартуға мүмкіндік береді.Аудан аумағында ғылыми қауымдастық пен туристердің зор қызығушылығын тудырып отырған бірегей ескерткіштер – Торғай геоглифтері орналасқан («Торғай свастикасы» Амангелді ауылынан 22 км, «Үштоғай шаршысы» 125 км қашықтықта).Сондай-ақ аудан кіреберісінде орналасқан «жүретін» Құмкешу бархандары да қонақтар үшін ерекше қызық.Күнделікті күйбеңнен алшақтап, тынығу үшін Денисов ауданында «Шаңырақ» демалыс базасының құрылысы жүріп жатыр. База Тобыл өзенінің бойында, Жоғарғы Тобыл су қоймасының аумағында орналасқан. Жобаның бірінші кезеңі аяқталып, екі жайлы жағажай, катамаран жалдау бекеті бар пирс, көлеңкелі және балалар алаңдары, «Балықшы ауылы» тұрғын кешенінде жыл бойы тұруға арналған 6 жайлы үй және 8 гриль-аймақ салынды.Облыс аумағында жыл бойғы «Баден Баден» атты жаңа термалды кешеннің құрылысы да жоспарланған. Жобаға франшиза сатып алынып, жер телімі бөлінген, болжамды құны – 3,5 млрд теңге. Жоспар бойынша ол 2028 жылға дейін іске асырылмақ.Сонымен қатар, Тобыл қаласында халықаралық «Courtyard by Marriott Kostanay» қонақ үй кешенінің құрылысы қолға алынуда. Жобаның құны – 9,8 млрд теңге, кешен 9 қабаттан, 141 нөмірден тұрады.Қостанай қаласында халықаралық «Holiday Inn» қонақ үй кешенінің құрылысы да жоспарланған. Жобаның құны – 9,0 млрд теңге, 100 нөмірден тұрады.Қостанай әуежайы аумағында бұрынғы жатақхана ғимараты қайта жөнделіп, қонақ үйге айналдырылуда, жоба құны – 600 млн теңге.2024 жылы Алтынсарин ауданында «MUNCHEN» демалыс базасының құрылысы жүзеге асырылып, оған 700 млн теңге жұмсалды.Ағымдағы жылы Арқалық қаласында бұрынғы автовокзал ғимараты қайта жөнделіп, қонақ үй кешеніне айналды. Жоба құны – 200 млн теңге.Жыл соңына дейін Алтынсарин ауданында «Green House» демалыс аймағының құрылысы аяқталады деп күтілуде, құны – 150 млн теңге.Сонымен бірге, Қостанай қаласында туристердің бос уақытын қызықты өткізу үшін «Осминог» аквапаркін қайта құру жобасы басталды. Жобаның құны – 11,2 млрд теңге, сыйымдылығы – 1200 адам. Жоспар бойынша жоба 2026 жылы аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1067260?lang=kk
«The Arts Stage» қазақ театры Лондонда «Қара шекпен» спектаклінің премьерасын ұсынады 13.09.2025
2025 жылғы 13 қарашада сағат 19:00-де Лондондағы Shaw Bernardo Theatre сахнасында Қазақстанның The Arts Stage жеке театрының қойылымы – «Қара шекпен» спектаклінің Ұлыбританиядағы алғашқы премьерасы өтеді. Махаббат, адалдық, опасыздық және ар-ұждан туралы терең философиялық шығарма көрерменге бүгінгі адамзат пен қоғамның шынайы бейнесін ұсынады.Автор адам табиғаты мен моральдық құндылықтарды бейнелеу үшін аң-құстарды кейіпкер етіп таңдап, терең астарлы мағына мен психологиялық шиеленісті бір арнада тоғыстырған. Жалғыз адам бейнесі ретінде сахнада малшы пайда болады, ол өзіне адал қызмет еткен ит Тұзарды тек «жұмыс құралы» ретінде ғана көреді. Осы тұжырым спектакльдің негізгі философиялық өзегін құрайды.Қойылымның режиссері — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының PhD докторы, Құрмет орденінің иегері, ҚазҰӨУ профессоры Асхат Маемиров. Режиссер қойылымға актерлерді жан-жақты дайындау үшін бір айлық психологиялық тренинг өткізді. Бұл әдіс әрбір кейіпкерге жануар табиғатын адам санасымен үйлестіріп жеткізуге мүмкіндік берді.Басты рөлдерде Қазақстанның үздік әртістері өнер көрсетеді: Максат Сабитов – адал ит Тұзар, Еділ Рамазанов – айлакер қасқыр Көкжал, Шынаргүл Қабышева – түлкі Сылан, жас және прагматикалық қасқыр (Ақкенже Әлімжан), тәкаппар қоян Косурей (Лидия Каденова), дана қарға Көкар (Ерлан Кәрібаев) және басқалар.Жобаның продюсері – Шынаргүл Қабышева, театр және кино актрисасы, ұлттық және халықаралық сыйлықтардың иегері, театр режиссурасы бойынша магистр. Театрдың көркемдік жетекшісі – Ақкенже Әлімжан, АҚШ пен Қазақстанда білім алған, халықаралық өнер фестивальдерінің лауреаты, тәжірибелі актриса және өнертанушы.Бұл мәдени жоба Red Square агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуды мақсат етеді.«Бұл спектакль – бір жылдық еңбектің нәтижесі. Біз үздік актерлерді жинадық, әсерлі және терең мағыналы пьеса таңдадық, халықаралық деңгейдегі режиссермен жұмыс істедік. Енді біз Ұлыбритания көрерменімен жүздесуге дайынбыз. Бұл премьера қазақ және британ театрлары арасындағы мәдени диалогтың бастауы болады деп сенеміз,» – дейді продюсер Шынаргүл Қабышева мен театр жетекшісі Ақкенже Әлімжан.«Қара шекпен» – тек қойылым емес, бұл – айна. Әр көрермен онда өз бейнесін көре алады.Қазақстанның заманауи театр өнерімен танысып, рухани әсер алғыңыз келсе – осы ерекше кешті өткізіп алмаңыз!Билеттер келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.eventbrite.co.uk/e/the-black-cloak-double-bill-tickets-1587389317179Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1067234?lang=kk
Digital Bridge 2025 халықаралық IT-форумы 2-4 қазан аралығында өтеді 13.09.2025
Биыл халықаралық Digital Bridge 2025 IT-форумы 2025 жылғы 2-4 қазан аралығында Астанада өтеді. Форумның тақырыбы «Generative Nation» - бұл Қазақстанның озық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген білім қоғамын құруға бағытталған стратегиялық бағытын бейнелейді.Digital Bridge 2025: Generative Nation – бұл жай ғана пікір алмасу алаңы емес, бұл – Қазақстанның жаһандық цифрлық экономикадағы жаңа болашағын құру жолында технология көшбасшыларын, кәсіпкерлерді және мемлекеттік институттарды біріктіретін өзгерістер катализаторы.Форум алаңы әлемдік IT-сарапшыларды, технологиялық алпауыттардың өкілдерін, табысты өнімдер мен стартаптардың авторлары мен негізін қалаушыларын, сондай-ақ осы саланың инвесторлары мен жаһандық көшбасшыларын жинайды.Форум аясында 2 қазан күні халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығында AI жобаларының тұсаукесері өтеді. Ең үздік жобалар өз жұмыстарын Мемлекет Басшысының және жасанды интеллект саласындағы беделді тұлға – IT-кәсіпкер, информатика ғалымы, инвестор және жазушы Кай-Фу Лиге таныстыру мүмкіндігіне ие болады.AI Movement шарасының алдын ала іріктелген қатысушылары өз идеялары мен инновациялық әзірлемелерін ұсына алады. Бұл сессия тек технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған платформа ғана емес, сонымен қатар ұлттық және жаһандық деңгейде шешімдерді кеңейтуге қолдау алуға мүмкіндік болады.Alem.ai жасанды интеллект саласындағы зерттеулер, стартаптар мен халықаралық ынтымақтастық үшін басты платформаға айналады. Орталық қазақстандық AI шешімдерінің экспортын арттырып, технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын бастайды, Астананы Орталық Азиядағы зияткерлік орталыққа айналдырады.Digital Bridge форумы – бұл IT саласындағы ең ірі оқиғаға айналды. Оны Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің IT-қоғамдастығы асыға күтеді. 6 жыл ішінде Форумды 100 елден 67 мыңнан астам адам тамашалады, оның алаңында 550 қатысушы мен 1000-нан астам спикер сөз сөйледі.Форум жыл өткен сайын қаражатсыз коммерциялық тұрақтылыққа ие болуда. Биылдан бастап форумға қатысуға ниеттілер үшін билет сатылымы іске қосылады. Форум билеттері мына сайтта қолжетімді: https://digitalbridge.kz/kz/Форумның ұйымдастырушылары: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі.Іс-шара «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1067235?lang=kk
Нью-Делиде Қазақстан Президентінің Жолдауы аясында Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастары талқыланды 13.09.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау аясында Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастарына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Үндістан сарапшылар қауымдастығы мен осы елдің Сауда-өнеркәсіп палаталарының федерациясы өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауындағы негізгі басымдықтарды атап өтіп, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы қатысушыларға ақпарат берді.Қатысушылардың назарына Жолдаудың негізгі бағыттары таныстырылды. Олардың қатарында, жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселелері, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы қолдау және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, Парламенттік реформа.Қазақ дипломаты Жолдаудағы мәселелер Қазақстан-Үндістан арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Дөңгелек үстел қатысушылары Президент Жолдауындағы мәселелердің өзектілігін ерекше атап өтті.Панкаж Сингх мырза, Ресей мен ТМД бойынша Үндістанның Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының директоры, Жолдаудағы цифрландыру мен адам капиталын дамытуға жасалған басымдықтар бірлескен білім беру және инвестициялық жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін беретінін мәлімдеді.Доктор Правеш Кумар Гупта, Vivekananda Халықаралық Қорының Еуразия өңірі бойынша ғылыми, Жолдаудағы мәселелер Қазақстан мен Үндістан арасындағы ақпараттық технологиялар, көлік-логистика, банк, білім беру салалардағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Дипанджан Рой Чаудхури мырза, Үндістандағы The Economic Times газетінің дипломатиялық мәселелер жөніндегі редакторы, банк саласы, көлік дәлізі, маңызды шикізат көздері, агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Ол аталған салалар екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің маңызды бағыты бола алатынын айтты.Іс-шара соңында қатысушылар Президент Жолдауындағы басымдықтар Қазақстан мен Үндістан арасындағы серіктестікке жаңа серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар экономика, білім беру және инновациялар салаларындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүмкіндік беретіні туралы айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1067246?lang=kk
ШЫМКЕНТТІК ЕГЕН ШАРУАШЫЛАРЫ АСТЫҚ ОРЫНДАУЫН АЯҚТАСТЫРДЫ. 12.09.2025
2025 жылы Шымкентте дәнді дақылдарға 10,9 мың гектардан астам жер бөлінді, оның 10,3 мың гектарын бидай, 0,6 мың гектарын арпа алып жатыр. Жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 66 мың тоннаға жетті – бұл облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосылған қомақты үлес. Фермерлер нәтиженің жақсаруы үшін жергілікті ғалымдардың жетістіктеріне үміт артады. Жас зерттеушілердің жұмыстары арасында үздік деп танылған жергілікті шикізаттан тыңайтқыштар өндіру бойынша стартап жобасы жағдайды айтарлықтай жақсартуға уәде береді. Олардың ашылуы құнарлылығы төмен топырақ дәстүрлі түрде егін өнімділігін шектейтін аймақ үшін бетбұрыс нүктесі болуы мүмкін. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Сағдат Маханов атап өткендей, астық шығымының төмендеуін жергілікті шаруалар арасында сұранысы артып келе жатқан мақсары сияқты жоғары кірісті дақылдар да өтеу жоспарлануда. Айтпақшы, астық жинау науқаны аяқталғаннан кейін шымкенттік диқандар бірден мақсары жинауға көшті. 2025 жылы облыста майлы дақылдар 3 мың гектар алқапқа егілді, ал қазіргі мақсары өнімі соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болмақ. Шаруа Қамысбай Тойшыбековтің айтуынша, биылғы жылы мақсары тұқымының келісінің бағасы 130 теңгеге жетіп, былтырғы көрсеткіштен жоғары. Бұл шаруа қожалықтарына тек шығындарды жабуға ғана емес, сонымен қатар техниканы жаңартуға, соның ішінде заманауи комбайндар мен тракторларды сатып алуға инвестициялауға мүмкіндік береді. Мақсары өнімі бірнеше мың тоннаны құрайды деп күтілуде, бұл Шымкенттің Қазақстанның майлы дақылдар өнеркәсібіндегі орнын нығайтады. Егін жинау науқаны күшейтілген режимде жүргізілуде: техника таңнан кешке дейін жұмыс істеп, диқандар жылдамдық пен сапа жарысында. Бұл тәсіл тиімділікті арттырып қана қоймайды, сонымен қатар саладағы прогресті ынталандыратын достық бәсекелестік атмосферасын қалыптастырады. Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетілуде. 2025 жылы көктемгі дала және күзгі егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 919 тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық бағадан айтарлықтай төмен. Жалпы көлемнің 616 тоннасы көктемгі жұмыстарға, 303 тоннасы астық жинауға арналған. Бұл шара шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайтып, өнімділікті арттыруға ден қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2026 жылдың қаңтарында күшіне енетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын салықты азайту туралы заңға қол қоюы да басты қолдау болмақ. Шымкентте шаруалар үшін салық мөлшерлемесі гектарына 91 мың теңгеден шамамен 1 мың теңгеге дейін төмендейді. Бұл шара қаржылық жүктемені азайтуға және ауыл шаруашылығына инвестицияны ынталандыруға бағытталған, бұл тұрақсыз ауа райы жағдайында жұмыс істейтін шаруалар үшін аса маңызды. Орақ науқаны аяқталған соң шымкенттік диқандар келесі маусымға дайындықты бастайды. Мал шаруашылығына қажетті жем-шөп сатып алу маңызды аспект: бүгінгі таңда 307 мың тонна шөп пен жем жиналды, бұл жоспардың 93 пайызын құрайды. Бұл мал шаруашылығында тұрақтылықты қамтамасыз етеді, мұнда мал басы өсуде. Шымкенттік диқандар облыс пен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді. Құрғақшылыққа қарамастан, шаруашылықтар жаңа технологияларды енгізу және егінді әртараптандыру арқылы төзімділік танытуда. Дәнді дақылдарды жинаудың сәтті аяқталуы, мақсары дақылының рекордтық өнімі, мемлекеттік қолдау және инновациялық әзірлемелер одан әрі дамуға берік негіз жасайды.
Агенттік басқарманың бірқатар қаулыларын бекітті 12.09.2025
Агенттік басқарманың келесі қаулыларын бекітті: 11.09.2025 ж. №57 қаулы «Болат Жәмитұлы Өтемұратовқа «Home Credit Bank» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы»;11.09.2025ж. №54 қаулы «Nova Лизинг» акционерлік қоғамына «Home Credit Bank» акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін алуға келісім беру туралы»;11.09.2025ж. №55 қаулы «ForteBank» акционерлік қоғамына «HomeCreditBank» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру туралы»;11.09.2025ж. №56 «ForteBank» акционерлік қоғамына «HomeCreditBank» акционерлік қоғамының капиталына елеулі қатысуға рұқсат беру туралы».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1067206?lang=kk
2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы 12.09.2025
12.09.2025 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлері қатысуымен медиа-жоспар шеңберінде Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде, 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізілді.Іс-шараға қатысушылар – мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Жалпы семинарға 220 тындаушы қатысты.Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.Келесі семинар 15.09.2025ж. Сарысу ауданында.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1067192?lang=kk
Латвияда Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды 12.09.2025
Рига, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшілігі жергілікті қоғамдық-саяси орта, бизнес қауымдастығы және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауына арналған дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараны аша отырып, Елші Дәурен Кәріпов Жолдаудың негізгі бағыттары туралы баяндап, елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен саяси трансформацияға баса назар аударды. Мемлекет басшысы барлық салаларды жедел цифрландыру бойынша бірқатар ауқымды міндеттер қойғанын және олардың негізінде жасанды интеллект пен IT саласындағы серпінді технологияларды енгізу екенін атап өтті. Бұл бағытта ірі инновациялық жобаларды іске асырып, IT-агломерация мен жоғары технологиялар орталықтарын қалыптастыру көзделуде.Қазақстандық дипломат экономиканы әртараптандыру, атом электр станцияларын және жаңа генерациялық қуат көздерін салу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша қойылған міндеттерге назар аударды.Осыған байланысты Елші Жолдауды іске асыру шетелдік әріптестер мен инвесторлар үшін кең мүмкіндіктер ашатынын атап, латвиялық бизнес өкілдерін аталған салалар бойынша бірлескен жобалар арқылы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға шақырды. Бұл Қазақстан мен Латвия үшін басым салалар – ең алдымен көлік, логистика және IT салаларындағы ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді.Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы өзгерістерге жоғары қызығушылық танытып, Президент көтерген мәселелердің өзектілігі мен дер кезінде қойылғанына мән берді. Өз кезегінде Көлік және коммуникациялар институтының профессоры Юрий Маклаков Қазақстанның цифрландыру саласындағы қол жеткізген табыстарына ерекше тоқталды. Қазақстанның цифрлық экожүйелерді қалыптастырудағы тәжірибесі Латвиялық серіктестерімен академиялық алмасуға пайдалы болуы мүмкін, – деді профессор.Латвиялық кәсіпкерлер елімізбен сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты нығайтуға қызығушылықтарын білдіріп, Президент Жолдауының негізгі тұжырымдарына үндес бірқатар бизнес-идеялар ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1067185?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактиканың бөлігі ретінде тергеу изоляторына Экскурсия 12.09.2025
2025 жылғы 12 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторына барды.Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1067100?lang=kk
Салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтарды талқылаймыз 12.09.2025
Успен ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.Іс-шаралар барысында мынадай мәселелер қамтылды: арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформалау, салық мөлшерлемелері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық салу, кәсіпкерлік қызметті ашу және тоқтату тәртібі, салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері.Аумақтық МКБ мамандары өз түсіндірмелерінде салықтық әкімшілендіру ыңғайының өзгерістері туралы атап өтті: салық қызметінің негізгі міндеті қадағалау және жазалау шаралары емес, салық төлеушілерге көмек пен қолдау көрсету болады. Іс-шараға қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1105689?lang=kk
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінен маңызды ескерту! 12.09.2025
270.00 СЕН декларациясын 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін азаматтардың мынадай санаттары тапсыруға тиіс:- мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;- 10%-дан астам үлесі бар заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, қатысушылары және олардың жұбайлары;- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (қосымша 250.00 СЕН). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1067129?lang=kk
«Отбасы – бақыт мекені!» көпбалалы отбасымен кездесу. 12.09.2025
12 қыркүйек Отбасы күніне орай кітапханашының ұйымдастыруымен Бастаушы ауылдық кітапханасыда 11 қыркүйек күні «Отбасы – бақыт мекені!» атты «Асылмұра» қоғамдық бірлестігі және ауылдың тұрғыны көпбалалы отбасы А. Смагулованың отбасымен кездесу өтті. Кездесу барысында сұхбат,әңгіме және сұрақ, жауаптар болды.Отбасының мектеп жасында үш баласы бар және балалары білімді, өнегелі, өнерлі ата-анасының қуаныштары. Отбасы ол адам өмірінде ерекше орын алады. Кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды отбасында біліп өседі. Ата-аналар балаларына баға жетпес өмірлік тәжірибе береді, қиындықтарды еңсеруге үйретеді, бойындағы қабілеттер мен таланттарды дамытуға көмектеседі, ұлттық дәстүрлермен таныстырады. Отбасы күні құтты болсын! «Асылмұра» қоғамдық бірлестігінің мүшелері барша қазақстандықтарға бақыт пен амандық, өзара түсіністік пен бірлік тілей отыра Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Бейбіт өмір болсын деп тілектерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1067062?lang=kk
Қостанай қаласында электр энергиясын уақытша өшіру туралы 12.09.2025
«МПК-Форфайт» ЖШС 2025 жылғы 15–19 қыркүйек аралығында қала электр желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Жұмыс кезеңінде қаланың кейбір тұрғын аудандары мен өндірістік аймақта электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылады.Өшіру кестесі2025 жылғы 15–18 қыркүйек, сағат 10:00–18:00ТП-264 (әуе желісінде жұмыстар):Жеке сектор: Хакимжанов к-сі 19–23, 64–88, 64/1–64/21; Кооперативная к-сі 66–86, 78/1–78/9, 86/2–86/8, 68/1–68/6; Комаров к-сі 12–46, 19/1–19/20, 40/1–40/11; 5 Желтоқсан к-сі 72–90, 82/2–82/12, 64/12–64/18, 62/1–62/10.2025 жылғы 15 қыркүйек, сағат 09:30–11:00РП-10 №2 (өнеркәсіптік аймақ, Уральская к-сі, әуе желісінде жұмыстар):«Агрокомпания» ЖШС, ЖК Кобак, «Баян-Сулу» СТ, ЖК Жанабильев, «Раскуль» ЖШС, «Бест» ЖШС, «AGRINET Development» ЖШС.2025 жылғы 15 қыркүйек, сағат 10:00–18:00ТП-103 (ТП-дегі жұмыстар):Колледж жатақханасы, 1 Мамыр к-сі, 90/1; тұрғын сектор: 1 Мамыр к-сі, 88.2025 жылғы 16 қыркүйек, сағат 10:00–13:00ТП-37 (әуе желісінде жұмыстар):ЖК Мизанбаева, «Аладдин» дүкені, «Контакт Центр» ЖШС, «Банк Хоум Кредит» АҚ (Каирбеков к-сі, 75/1); тұрғын сектор: Әл-Фараби д-лы, 32, 36а.2025 жылғы 16 қыркүйек, сағат 10:00–18:00ТП-417 (ТП-дегі жұмыстар):Тұрғын сектор: Павлов к-сі 74, 76; 1 Мамыр к-сі 62, 65; Гоголь к-сі 113, 115; Чехов к-сі 94.2025 жылғы 17 қыркүйек, сағат 10:00–18:00ТП-567 (өнеркәсіптік аймақ, Карбышев к-сі, ТПУ-дегі жұмыстар):«№7 Гелиос» ЖК, ЖК Пономарев, «Виитор» ЖШС, ЖК Стальмаков, «Аском и К» ЖШС, «Астық-Трейд» ЖШС, МЕК «Ветеран», «Приречная» ЖК, «Промводсервис» ЖШС, «Транс МВА» ЖК, «СтройСервис» ЖШС.ТП-236 (ТП-дегі жұмыстар):Тұрғын сектор: Абай д-лы, 36/1, 38.2025 жылғы 19 қыркүйек, сағат 09:30–11:00РП-10 №2 (өнеркәсіптік аймақ, Уральская к-сі, әуе желісінде жұмыстар):«Агрокомпания» ЖШС, ЖК Кобак, «Баян-Сулу» СТ, ЖК Жанабаев, «Раскуль» ЖШС, «Бест» ЖШС, «AGRINET Development» ЖШС.Жұмыстар аяқталған соң электрмен жабдықтау толық көлемде қайта қалпына келтіріледі.«МПК-Форфайт» ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындар мен ұйымдардың түсіністікпен қарауын өтінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1067094?lang=kk
Құқықбұзушылықтардың профилактикасы бойынша 12.09.2025
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің еңбек ұжымымен дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы заңнаманы түсіндіру, сондай-ақ «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заңға енгізілген түзетулерді түсіндіруге арналған кездесу өткізілді. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін, бетті толық жабатын киім киюге қатысты шектеулер талқыланды. Бұл өзгерістер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Шақырылған спикерлер: “Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы” КММ-нің дінтанушысы Метревели К.В., «Жусан» операциясы аясында қарулы қақтығыс аймақтарынан елге қайтарылған азаматша Ахмедова Д.А. сөз сөйледі. Спикерлер дін саласындағы құқықтық аспектілерге тоқталып, жеке тәжірибелерінен нақты мысалдармен бөлісті. Кездесу қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1067007?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Roca Group» басшылығымен кездесу өткізді 12.09.2025
Астана, 2025 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Roca Group» испандық компаниялар тобының бас атқарушы директоры Альберто Магранспен кездесу өткізді.Тараптар Қызылорда облысындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында заманауи санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын зауыт салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін талқылады. Жоспар бойынша жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың бұйымға дейін жетпек – олардың қатарында инсталляциялық жүйелер мен басқа да компоненттер бар. Өнім Қазақстанның ішкі нарығына да, Орталық Азия елдеріне экспорттауға да бағытталатын болады. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 70 млн еуроны құрайды. Жобаны іске асыру өңірде 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.М.Нұртілеу Қазақстан өңірлеріне жетекші жаһандық компаниялардың келуіне ерекше мән беретінін атап өтті. Ол Үкіметтің бұл жобаны жан-жақты қолдайтынын, оның индустриялық дамудың қозғаушы күшіне айналып, Қызылорда облысының экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.Өз кезегінде А.Магранс компанияның Қазақстанды Орталық Азиядағы бизнесін дамыту үшін стратегиялық алаң ретінде қарастыратынын айтты. Оның сөзінше, елдің тиімді өнеркәсіптік және логистикалық әлеуеті, сондай-ақ қолайлы іскерлік ахуалы Қазақстанды компанияның өңірлік қатысуын кеңейту үшін қисынды таңдау етеді.«Roca Group» – санитарлық-техникалық өнімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания әлем бойынша 78 зауытты және 20 мыңнан астам қызметкерді біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1067182?lang=kk
Білім бөлімінің басшысы мектеп директорларымен онлайн жиналыс өткізді. 12.09.2025
Жиналыс барысында келесі мәселелерге тоқталды1. ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды2. Тегін тамақтанатын балаларды НОБД базасына еңгізуді аяқтау;3. Бюджеттің уақытында игерілуін қамтамасыз ету;4. Оқушылар мектеп формасын сақтау туралы;5. Мектептегі тазалық жұмыстары мен оқушыларға үнемі қауіпсіз орта құру;6. Жылыту маусымына қазандықтардың дайын болуы мен қатты отынды толық қамтамасыз етуін аяқтау және т.б. ағымдағы мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1067017?lang=kk
Ағымдағы жылы салықтық тексерулер қалай жүргізіледі? 12.09.2025
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылы салықтық тексерулер салық органдары тарапынан кәсіпкерлердің қызметін бақылаудың негізгі нысандарының бірі болып қалады деп хабарлайды.Қолданыстағы Салық кодексі шеңберінде тексеру жүргізу тәжірибесі жалғасуда. Еске сала кетейік, салықтық тексеру - бұл біздің Республикамыздың салық органы жүзеге асыратын салық заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру.2025 жылы салықтық тексерулердің екі негізгі түрі қарастырылған: мерзімді және жоспардан тыс.Мерзімді салықтық тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Олар салық есептілігін, мемлекеттік көздерден алынған деректерді және салық төлеушінің қызметі туралы басқа да ашық ақпаратты талдауға негізделген. Егер салық төлеуші жоғары тәуекел аймағына түссе, мұндай тексерулерге бастамашылық жасалады.Жоспардан тыс салықтық тексерулер шағымдар, өтініштер түскен кезде, бизнес таратылған жағдайда, сондай-ақ ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.Салық кодексінің 140-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай нысанда жүргізілуі мүмкін: •кешенді, •тақырыптық, •қарсы, •хронометраждық зерттеу.Тексеру кезінде шаруашылық операциялар фактісін растайтын бастапқы құжаттаманың толық жиынтығын ұсыну қажет. Бұл талап Салық кодексінің 155-бабында көзделген. Барлық құжаттардың болуы және олардың ашықтығы - кез келген тексеру кезінде бизнестің мүдделерін қорғаудың негізі.Салықтық тексеру жүргізу мерзімі нұсқама тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспауға тиіс.Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық тексерулерді жүргізу кестесін қадағалауды және құжаттаманы дұрыс ресімдеуді қамтамасыз етуді сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1066995?lang=kk
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАУМДАСТЫҚҚА ПОПУЛАРЛАНДЫРУ 12.09.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында 12 қыркүйекте Шымкент қаласындағы «Қоғамдық Келісім» ғылыми-сараптамалық тобы жанынан құрылған «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, М.Әуезов атындағы «Тарих және этнология» ғылыми орталығының жетекшісі, «AQT-AQT» журналының докторанты, Шолпан Торғауытова шетелдік ғалымдармен «Гуманитарлық саладағы жаңа ғылыми-әдістемелік жобалар: білім беру саласына ықпалы» атты ғылыми тағылымдамасы аясында «Ғылым мен білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары – мемлекет идеологиясында ұлттық сананы қалыптастыру» атты ғылыми семинар өткізді. Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев ғалымдар мен педагогтардың ұлттық құндылықтарды сақтау мен әлем қауымдастығына насихаттаудағы еңбегі мен үлесін ерекше атап өтті. Семинарда 2025 жылы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, «Қарамол жарлығының» 140 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына ерекше көңіл бөлінді. Семинар барысында Өзбекстан Республикасы Жиззах политехникалық университетінің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының тарих, философия және дінтану бағытындағы профессорларына «Қазақтың құрметті жағдайы» атты монографиясындағы 74 мақаланың ұлттық идеологияда тарихи сананы қалыптастыру, қоғамдық-саяси және ұлтаралық татулықты нығайту туралы идеялары ұсынылды. Қарамола» 1885 (аударма және ғылыми талдау)», сонымен қатар М.Әуезов атындағы Жизақ политехникалық университетінің «QAZAQTANÝ» журналының «Қазіргі Қазақстанның этносаяси және этномәдени процестері», «тарих», «этнология», «әлеуметтану» рубрикаторында отандық ғалымдармен, аспиранттармен және докторанттармен бірге жариялауға шақырылды.