Қоғам
Шымкентте Жаңа Конституция жобасы кітапханашылар қатысуымен талқыланды 09.02.2026
Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана бүгінде тек кітап пен білімнің ғана емес, қоғамдық ой мен азаматтық пікірдің ашық алаңына айналып келеді. Мұнда әдеби-мәдени іс-шаралармен қатар, ел өміріндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталған бастамалар жүзеге асуда.Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі ретінде кітапхана қабырғасында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған келелі кеңес өтті. Жиынға кітапхана ұжымы қатысып, ел болашағын айқындайтын басты құжатқа қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.Руханият ордасында өткен басқосуда айтылған әрбір пікірдің салмағы бөлек болды. Мемлекет тағдыры мен ұлттың ертеңі сөз болған жиында кітапханашылардың азаматтық ұстанымы айқын көрінді.Кітапхана директоры Анар Жаппарқұлова өз сөзінде Ата Заңның тарихи маңызына тоқталып, жаңа Конституцияның басты ерекшеліктерін атап өтті.– Конституциямыздың ана тілімізде жазылуы – үлкен рухани жетістік. Ең бастысы, бұл құжат халықтың тікелей қатысуымен талқыланып, ел болып қабылдануда. Әр азаматтың ұсынысы ескеріліп, пікірі тыңдалуы – шынайы демократиялық үдерістің көрінісі, – деді ол.Сондай-ақ, жаңартылған Ата Заңның тек құқықтық нормалар жиынтығы емес, мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Осыған орай, оны талқылауға қоғамның барлық өкілінің белсенді қатысуы аса маңызды екеніне назар аударды.Жиын барысында Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар қолданыстағы нұсқамен салыстырыла отырып таныстырылды. Мемлекеттің дамуына негіз болатын мызғымас қағидаттар мен құндылықтардың нақты айқындалғаны айтылды. Әсіресе, егемендік пен тәуелсіздікті қорғау мәселесіне ерекше мән берілді.Кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Алпысбаева Конституциядағы өзгерістер қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталғанын жеткізді.– Тәуелсіздікті қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы. Жаңа Конституция осы жауапкершілікті заңдық деңгейде бекітіп отыр. Бұл мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыратын маңызды қадам, – деді ол.Пікірталас барысында көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының маманы Мейіржан Жақып та сөз алып, Ата Заңның ағартушылық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Конституция азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамның саяси белсенділігін күшейтуге ықпал етеді.– Конституция – әр азамат білуге тиіс, күнделікті өмірде басшылыққа алатын басты құжат. Жаңа Ата Заңды тек заңгерлердің ісі деп емес, халықпен бірге талқылау – оны шынайы халықтық құжатқа айналдырады, – деді ол.Сарапшылардың пікірінше, 2026 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның тәуелсіздігін сақтау мен нығайтуға бағытталған құқықтық тетіктерді жүйелеп, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды. Жаңартылған Конституция елдің орнықты дамуын, ұлттық бірегейлігі мен мемлекеттік тұтастығын қорғауға қызмет ететін стратегиялық бағдар болмақ.Кітапхана қабырғасында өткен бұл жиын бір шындықты айқын көрсетті: Ата Заң – тек мемлекеттік биліктің құжаты емес, бүкіл халықтың ортақ келісімінің нәтижесі. Ал оны талқылау – азаматтық сананың, ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
ЖАНДЫ ДЫБЫС SOUNDTRACK КОНЦЕРТІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ! 09.02.2026
Құрметті өнерсүйер қауым!Сіздерді әлемге әйгілі фильмдер мен композициялардың керемет әуендеріне толы Soundtrack концертіне шақырамыз!13 ақпан18:30 Өтетін орны: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы(Абылай хан көшесі, 153) Орындаушылар:Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестріЖанды дыбыста Билет бағасы: 2000 тенгеБайланыс телефондары:8-747-787-88-818-701-567-48-07Музыканың сиқырлы әлеміне бірге саяхаттайық!Сіздерді асыға күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1157708?lang=kk
Қатар Мемлекетінде Қазақстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтті 09.02.2026
Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Ауқымды мәдени іс-шараның өтуі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың нәтижесінде жүзеге асырылды.Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Мәдениет күндері аясында Премьер-Министрдің орынбасары Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі шейх Әбдірахман бен Хамад бен Джасим Әл Тәнимен екіжақты кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар мәдениет пен өнер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.«Қазақстан Республикасының Мәдениет күндерінің Қатар Мемлекетінде өтуі біз үшін зор мәртебе. Қазақстан мен Қатар халықтарын жақындастыратын ортақ тарихи және рухани құндылықтар бар. Екі ел де бай көшпелі өркениет мұрасын сақтап, дәстүрлі мәдениетті қадірлеуге айрықша мән береді. Осы ортақ құндылықтар алдағы уақытта да халықтарымызды одан әрі жақындастырып, жаңа бірлескен мәдени жобаларды іске асыруға берік негіз болады деп сенемін», – деді Аида Балаева.Өз кезегінде Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі шейх Әбдірахман бен Хамад бен Джасим Әл Тәни екі ел қарым-қатынастарының даму әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, бірлескен мәдени жобалар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің берік негізіне айналатынына сенім білдірді.Кездесу барысында креативті сектордағы өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды. Аида Балаева Қатар Мемлекетінде креативті индустриялардың қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстанда да бұл бағыттың басымдыққа ие екенін атап өтті. Республикада Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылған. Осыған байланысты қазақстандық тарап бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және аталған салада практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.Сонымен қатар өзара ықпалдастықтың өзге де перспективалы бағыттары айқындалды. Атап айтқанда, бірлескен кітаптар шығару, екі ел авторларының шығармаларын қазақ және араб тілдеріне аудару, сондай-ақ суретшілерді қолдау тетіктері бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.Практикалық қадам ретінде аталған бағыттардың барлығын қамтитын Ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына қол қою ұсынылды.Кездесу соңында делегация басшылары Қазақстан өнер шеберлерінің мерекелік гала-концертін тамашалады. Концерт бағдарламасында қазақ халқының классикалық музыкалық мұраларынан бастап, халық күйлері мен әндері, симфониялық өңдеудегі заманауи туындылар, сондай-ақ араб әндері орындалды.Сондай-ақ делегация басшылары Мәдениет күндерінің негізгі іс-шаралары өтіп жатқан Доха қаласындағы «Дарб Аль-Саги» мәдени-тарихи орталығына барды. Мұнда тақырыптық концерттер, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, ұлттық нақышты заманауи үлгіде танытатын дизайнерлердің туындылары ұсынылған.Бағдарламада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі дайындаған экспозицияға ерекше орын берілді. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауға айрықша мән беріліп, оның ішінде дәстүрлі садақ ату өнері, саятшылық, сондай-ақ тазы итпен аң аулау түрлері таныстырылды.Айта кетейік, Қазақстанның мәдениет күндерінің төрт күндік бағдарламасы Қазақстан – Қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға және елдің ұлттық мәдениетін халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстанда Қатар Мемлекетінің мәдениет күндері өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1157722?lang=kk
Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС бойынша шегерім қолдану тетігі анықталды 09.02.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің төртінші отырысында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырған ұйымдардың өтініші қаралды. Көтерілген мәселе – жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты осындай қызметкерлерге салық салу тәртібі.Парламенттегі салық реформасын талқылау барысында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыратын барлық ұйымдардағы тең жағдайды қамтамасыз ету тәсілі өзгертілді. Атап айтқанда, депутаттардың ұсынысы бойынша, корпоративтік табыс салығы бойынша салық жеңілдігін қолдану мақсатында 2026 жылдан бастап мүгедектігі бар қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорының 51% бірыңғай үлесі қолданылады. Яғни, есту, сөйлеу, көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда бұрын қолданылған 35%-дық үлес нормасы өзгерді. Қабылданған норма салық төлеушілерге ішінара таңдау тәсілін жойып, жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанға қарамастан, мүгедек адамды жұмыспен қамту мүмкіндігін арттырады. Бұл ретте мүгедектігі бар қызметкерлердің өздері үшін жеке табыс салығы бойынша жеңілдік толықтай сақталады. Норманың негізгі мақсаты – жұмыс берушіні жұмыс орнын құруға және сақтауға ынталандыру.Сонымен қатар алғаш рет Салық кодексіне мүгедектік тобына байланысты ЖТС бойынша әлеуметтік салық шегерімін саралау нормасы енгізілді. Егер бұрын жұмыс істейтін мүгедектігі бар адам үшін шегерімнің жалпы шегі 882 АЕК болса, жаңа түзетуде бұл шама үшінші топтағы мүгедектік үшін сақталған. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкер үшін шегерім мөлшері 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.Сонымен бірге мемлекеттік органдарға осы норманы қолдану бойынша өтініштер түсе бастаған. Атап айтқанда, егер күнтізбелік жыл ішінде қызметкердің денсаулық жағдайы нашарласа, үшінші топтағы мүгедектік бірінші немесе екінші болып өзгерсе немесе мүгедектік тобы төмендеген жағдайда бір жылға ЖТС есептеу тәртібі мәселесі туындайды. Салық кодексінің 404-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуметтік салық шегерімі үшін негіздеме туындаған немесе бұрын болған күнтізбелік жыл қолданылады. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1157723?lang=kk
2026 жылы 250.00 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім ұсынады? 09.02.2026
1)"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық Заңына және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы"ҚР заңдарына сәйкес осындай декларацияны ұсыну міндеті жүктелген адамдар;2) кәмелетке толған азаматтар, ҚР резиденттері ҚР шегінен тыс жерде меншік (талап) құқығында мынадай мүлік болған жағдайда:құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған барлық банк салымдары бойынша АЕК-тің 1000 еселенген мөлшерінен жиынтығында асатын сомадағы шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;инвестициялық алтын;Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген Бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері;Салық кодексінің 423-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс басқа тұлғалар алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);Салық кодексінің 423-бабының 3-тармағында көрсетілген басқа да мүліктер. Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация тұрғылықты жері бойынша ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынылады.Декларацияны электронды түрде "САЛЫҚ төлеушінің ISNA Кабинеті", "Электрондық үкімет" веб-порталдары, "e-salyqAzamat", Halyk, Bank Centercredit, kaspi мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы, ХҚКО арқылы не келу тәртібімен мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынуға құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1157661?lang=kk
Облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша полиция департаментімен бірлескен кеңейтілген кеңес өтті 09.02.2026
2026 жылғы 9 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша полиция департаментімен бірлескен кеңейтілген кеңес өтті.Кеңеске құқық қорғау органдарының өкілдері, білім бөлімдерінің басшылары, мектептер мен колледждердің директорлары қатысты.Іс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылық пен қараусыз қалудың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілік алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылға, білім беру ұйымдарының оқушылардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Заң мен тәртіп — қауіпсіз және әділ қоғамның негізі» деген сөзі кеңестің басты бағытын айқындай түсті.Кеңес қорытындысы бойынша профильдік ведомстволарға және білім беру ұйымдарының басшыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1157637?lang=kk
Риддер қаласында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері әзірлеген студенттер мен жоғары сынып оқушылары арасында Болашақ сайлаушылар үшін тестілеу ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, саналы азаматтық ұстаным мен сайлау процесіне қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған. «Сайлау құқығы лабиринттерінде» зияткерлік ойынының командалары — «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ «Риддер колледжі» КМҚК студенттері қатысты. Сонымен қатар, тестілеуге Риддер колледжінің 2-3 курс студенттері қатысты. Іс-шара сайлау құқығы саласындағы білімді тексеруге және елдің қоғамдық өміріне белсенді және саналы түрде қатысуға тағы бір сенімді қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды. 09.02.2026
Риддер қаласында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері әзірлеген студенттер мен жоғары сынып оқушылары арасында Болашақ сайлаушылар үшін тестілеу ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, саналы азаматтық ұстаным мен сайлау процесіне қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.«Сайлау құқығы лабиринттерінде» зияткерлік ойынының командалары — «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ «Риддер колледжі» КМҚК студенттері қатысты. Сонымен қатар, тестілеуге Риддер колледжінің 2-3 курс студенттері қатысты.Іс-шара сайлау құқығы саласындағы білімді тексеруге және елдің қоғамдық өміріне белсенді және саналы түрде қатысуға тағы бір сенімді қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1157639?lang=kk
Рудный қаласында 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылды 09.02.2026
Рудный қаласында "Келешек мектептері" ұлттық жобасының аясында 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын №8 жалпы білім беретін жаңа мектеп ашылды. Осы айтулы күнді оқушылар және олардың ата-аналары асыға күткен болатын. Жаңа мектепте оқушылардың қабілеттерін ашуға барлық жағдайлар жасалған. Кіші, орта және жоғары буын үшін жеке блоктар қарастырылған. Химия, биология, физика, информатика, робототехника пәндік кабинеттері, сондай-ақ STEAM-зертхана оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқу кабинеттері компьютерлік жабдықтармен, интерактивті тақталармен, шет тілдер кабинеттері - лингафондармен жарақталған. Мектепте қажетті құралдарымен 3 спорт залы, хореография залы, жайлы асхана бар. Еңбекке баулу шеберханаларында станоктар және тігін жабдықтары қойылған.Аулада оқушыларды жан-жақты дамыту үшін қозғалыс ойындарға және демалуға арналған алаңдар орнатылған.Мектеп Қостанай облысы бойынша Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының өңірлік үйлестірушісі қызметін атқарып, осы салада халықаралық тәжірибе алмасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Кеншілер қаласы үшін мектепте 62 жаңа жұмыс орнының ашылуы маңызды. Оның 34-і педагогтер, оларға сапалы білім беру және оқушылардың зияткерлік, спорттық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жасалған қолайлы жағдайларды толығымен пайдалану міндеті қойылып отыр.Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық жоба аясында 4500 орындық 6 мектеп ашылды: Арқалық қаласында (300 орын), Қостанай ауданының Заречный ауылында (900 орын), екі мектеп Қостанай қаласында (1200 және 900 орын), Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында (300 орын) және Рудный қаласында (900 орын).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1157603?lang=kk
Зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлемдері: қашан және қайда жүгіну керек? 09.02.2026
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған адамдарға (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас), сондай-ақ мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.Зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Мұны зейнет жасына дейін 10 күн қалғанда жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Егер алушы өтініш берген күні зейнет жасына толып қойған болса, өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-ға тіркелген күні өтініш берілген күн болып есептеледі. Ал азамат зейнетақы төлемін алуға зейнет жасына толғанға дейін, ертерек жүгінген болса, зейнет жасына толған күн – өтініш берілген күн болып есептеледі. Өткізіп алған уақыт үшін мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемі тағайындалмайтынын есте ұстаған жөн. Сондай-ақ, бюджеттен зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін де уақытылы жүгіну маңызды, өйткені оларды тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру қажет.Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша белсенді қызмет көрсету мақсатында зейнет жасына толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ зейнетақы төлеміне өтініш бермеген тұлғалар бойынша Қор жыл сайын Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп осы азаматтардың жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдерінің және бюджет есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің болуы тұрғысынан салыстырып тексеруді жүргізеді. Жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша бюджет қаражаты есебінен тағайындалған зейнетақы төлемдері бар адамдар анықталған жағдайда, БЖЗҚ алушыларға мемлекеттік корпорациямен жасасқан тиісті келісім шеңберінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ХҚКО-ға ұсынған банктік деректемелері бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру проактивті (өтінішсіз) қызметін көрсетеді.Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы жинақтары төлемін алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (enpf.kz) немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы жүгіну қажет.БЖЗҚ-да мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін көшпелі қызмет көрсетудің ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда бармай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады.ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасы басталғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Бұған қоса, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері белгіленген мүгедектік тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдарға да беріледі.Жасы бойынша немесе мүгедектікке байланысты ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте онлайн-форматта беруге болады. Төлемдерді алу кестесін салымшы дербес белгілейді.Айта кету керек, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.enpf.kz сайтындағы "Қызметтер – Зейнетақы төлемдері – Кесте бойынша төлемдер" бөлімінде зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды беру тәсіліне, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарға байланысты құжаттардың тізбесі, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған."БЖЗҚ" АҚ қауіпсіздік және салымшыларға қатысты алаяқтықтың алдын алу мақсатында төмендегілерді еске салады:Зейнетақы төлемдерін ресімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүргізіледі;БЖЗҚ қызмет көрсету кезінде ақы алмайды, барлық төлемдер қатаң түрде заң бойынша жүзеге асырылады;Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты сұратпайды;Егер қоңырау шалушылар Сіздің аты – жөніңізді атап, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, бұл олардың ресми тұлға екендіктерін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын әртүрлі тәсілдермен алуға болады.БЖЗҚ қатаң ескертеді! Ақпаратты ресми көздерден алыңыздар және тек заң шеңберінде әрекет етіңіздер. Жақындарыңызды, әсіресе қарт туыстарыңызды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстырыңыздар.Сақтық шараларын алдын ала қабылдаңыз, осылайша сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің берік қорғалуын, қауіпсіздігін және құпиялылығын қамтамасыз етесіз.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1163502?lang=kk
Қазақстан Токиода өткен халықаралық конференцияда климаттық есептілікте спутниктік деректерді пайдалану тәсілдерін ұсынды 09.02.2026
Қазақстан делегациясы Жапонияның Токио қаласында өткен Hybrid Approaches to Standards for BTR Development: Trust and Transparency in National GHG Inventories атты халықаралық конференцияға қатысты. Конференция Париж келісімі аясында Екіжылдық ашықтық есептерін (BTR) әзірлеуде гибридті тәсілдерді дамытуға арналды. Іс-шара барысында Қазақстан климаттық есептіліктің дәлдігін, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында ұлттық парниктік газдар (ПГ) түгендеуіне спутниктік деректерді интеграциялау бойынша өз тәсілдерін таныстырды.Конференция аясында Қазақстанның спутниктік деректерді және «жоғарыдан төмен» (top-down) тәсілдерді БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) шеңберінде қолданылатын дәстүрлі түгендеу әдістерін толықтыратын қосымша құрал ретінде пайдалану жөніндегі ұлттық ұстанымы ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық түгендеудің негізі ретінде КӨНК әдіснамасына толық сәйкес профильдік мемлекеттік органдар қалыптастыратын жерүсті мониторингі деректері мен ресми статистика қалатыны атап өтілді.Климаттық есептілік пен көміртекті реттеу саласындағы ұлттық оператор болып табылатын «Жасыл даму» АҚ парниктік газдар ұлттық түгендеу жүйесінің әдіснамалық және институционалдық негіздерін қалыптастыру мен дамытуға, соның ішінде сапаны бақылау және қамтамасыз ету (QA/QC) рәсімдерін күшейтуге және заманауи аналитикалық құралдарды енгізуге белсенді түрде қатысуда.Соңғы ұлттық парниктік газдар түгендеуінің деректеріне сәйкес:«Ауыл шаруашылығы» секторы ұлттық ПГ шығарындылары құрылымында екінші орында тұр;«Жерді пайдалану, жер пайдаланудағы өзгерістер және орман шаруашылығы» (LULUCF) секторы қазіргі уақытта таза шығарындылар секторы болып табылады;бұл сектор деректері жайылымдардың, ауыл шаруашылығы және орман алқаптарының ауқымды аумақтарын қамтиды және елдің климаттық саясатын іске асыруда шешуші мәнге ие.Қазақстанның жоғары табиғи-климаттық әртүрлілігіне ерекше назар аударылды. Ел аумағы құрғақ және шөлейт аймақтарды, далаларды, таулы өңірлерді және кең ауыл шаруашылығы жерлерін қамтиды. Бұл парниктік газдар шығарындылары мен сіңірілімдерінің кеңістіктік таралуына елеулі әсер етіп, әсіресе LULUCF секторында бағалау белгісіздігін арттырады.Спутниктік бақылауларды қолдану жерді пайдалану карталарын тұрақты жаңарту, жер санаттары арасындағы ауысуларды бақылау, табиғи өрттердің салдарын және экожүйелердің қалпына келуін бағалау, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы метан шығарындыларының үрдістерін талдау және мал басының динамикасы мен өсімдік қалдықтарын өртеу тәжірибесіне байланысты аномалиялық өзгерістерді анықтау үшін аса өзекті болып табылады.Талқылаулар барысында атмосфералық ағындар мен түгендеудегі шығарындылар көздерінің санаттары арасындағы айырмашылықтарды қоса алғанда, әдіснамалық және институционалдық сын-қатерлер де белгіленді. Осыған байланысты Қазақстан жерді пайдалану деректерін жетілдіру мен сәйкестендіруді, «Ауыл шаруашылығы» және LULUCF секторларында пилоттық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ спутниктік деректерді ұлттық QA/QC жүйесіне кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін кезеңдік әрі байыпты тәсілді ұстанады.Конференцияда ұсынылған тәсіл Қазақстанның ғылыми негізделген, орнықты және ашық климаттық есептілік жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ климаттық саясат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл бастамалар 2026 жылы Қазақстанда өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындықтың бір бөлігі болып табылады. Саммит өңірлік климаттық бастамалар мен шешімдерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналады.Анықтама: Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) – Орталық Азия елдері мен басқа мемлекеттерді климаттың өзгеруі, су ресурстарының тозуы, табиғи ресурстарды тұрақты басқару және басқа да өзекті экологиялық мәселелерді шешу үшін біріктіруге бағытталған халықаралық іс-шара. RES 2026 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында (Қазақстан) өтеді. Саммитке мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, бизнес және ғылым өкілдерінен тұратын 1500 делегаттың қатысуы күтілуде. RES 2026-ны БҰҰ-мен әріптестік аясында өткізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында жариялаған болатын. RES 2026 туралы ақпарат https://res2026.kz/ сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1157610?lang=kk
Казахстанский павильон на «OTM-2026» в Мумбаи получил международное признание 09.02.2026
Мумбаи, 2026 жылғы 5-7 ақпан - қазақстандық делегация Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің біріне қатысты: «Outbound Travel Market (OTM) - 2026».Ұйымдастырушылардың мәліметінше, өткен көрме оның тарихындағы ең ірісі болды: оған 60-тан астам елден, сондай-ақ Үндістанның 30 штаты мен одақтас аумақтарынан 2200-ден астам өкіл қатысты. Іс-шараға қатысушылар арасында үкіметтік құрылымдардың, ұлттық туристік ұйымдардың, әуе компанияларының, қонақ үй желілерінің жоғары лауазымды өкілдері және әлемдік туризм индустриясының жетекші ойыншылары бар.Қазақстандық делегация құрамына Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері кірді. Сонымен қатар іс-шараға жетекші қазақстандық туристік компаниялардың басшылары, сондай-ақ «Air Astana» әуекомпаниясы, «Ritz-Carlton Kazakhstan» қонақүйлер желісі және басқа да бейінді компаниялар сияқты ұйымдардың өкілдері қатысты.Қазақстандық павильон заманауи дизайнерлік шешімде көрініс тапқан еліміздің бай және үйлесімді мәдени мұрасын ұсынды. Экспозиция Қазақстанның ұлттық шеберлігін, мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін айқын көрсетіп, Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.Ұсынылған экспозиция кәсіби қоғамдастықтың айтарлықтай назарын аударды және көрме қорытындысы бойынша «Қалалық туризмді үздік насихаттағаны үшін» беделді марапатқа ие болды.Мумбайдағы көрме аясында қазақстандық делегация жетекші туроператорлармен, авиатасымалдаушылармен және халықаралық қонақүй желілерімен 100-ден астам мақсатты В2В кездесулер өткізді. Келіссөздер кіріс туризмін дамытуға, жаңа туристік өнімдерді құруға және серіктестікті кеңейтуге бағытталған, әсіресе болашағы зор үнді нарығына баса назар аударылды.Көрменің соңғы күнінде Қазақстан «OTM-2026» көрмесімен бірге өткізілген тақырыптық нетворкинг кешін ұйымдастыру арқылы Үндістанның туристік саласымен үнемі дамып келе жатқан өзара іс-қимылын нығайтты.Кездесу форматы туристік бағыттардың таныстырылымын және пәндік салалық диалогты үйлестірді, бұл Қазақстан мен Үндістан арасындағы туризм, авиация және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың тұрақты даму динамикасын айқын көрсетті.Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде қазақстанның үндістандағы елшілігінің өкілі екіжақты қарым-қатынастар дамуының қазіргі кезеңінде туризмнің стратегиялық рөлін атап өтті.«Біз Үндістан Үкіметінің Қазақстан азаматтарына туристік және медициналық мақсатта 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру туралы шешімін құптаймыз. Бұл қадам екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосады және азаматтар деңгейіндегі тереңірек байланыстарды дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті ол.Өз сөзінің соңында Елшілік өкілі Үндістан компанияларын Қазақстан Республикасы аумағында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1157614?lang=kk
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы 09.02.2026
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссияның) кезекті отырысы өтеді.Іс-шара әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі:— consot_kz— constcouncil.kz— «Конституциялық реформа – 2026»Тікелей эфир сағат 16:00-де басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1157577?lang=kk
Әулиекөл тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды 09.02.2026
Әулиекөл ауданына барған жұмыс сапары барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға жаңа пәтер кілттерін табыстады.Әулиекөлде өрттен кейін салынған тұрғын үйлерді есептемегенде, ұзақ жылдардан кейін алғаш рет жаңа көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.Баспаналар мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру аясында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілді. Осылайша, барлығы 24 пәтер жаңа қоныстанушыларға табысталып отыр. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған жобаның жалпы құны 356,3 млн теңгені құрады. Мердігер – «Елорда Инвест Строй» ЖШС.Облыс әкімі тұрғын үй құрылысының дамуы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ баспаналар салу тек қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қарқынды дамып келе жатқанын, бұл олардың өмір сүруі мен еңбек етуіне қолайлы жағдай екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысы саласына ерекше көңіл бөлуде. Қостанай облысында бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді, баспана тапсыру көлемі жыл сайын артып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 63,7 мың шаршы метрі – ауылдық жерге тиесілі. Бұл 5,4 мыңнан астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деді өңір басшысы.Жаңа пәтерлердің жалпы ауданы 1 228,8 шаршы метрді құрайды. Үш қабатты тұрғын үйде ауданы 37-ден 64 шаршы метрге дейінгі 9 бір бөлмелі және 15 екі бөлмелі пәтер бар. Дайын күйінде тапсырылған пәтерлерде барлық инженерлік коммуникациялар тартылған.Салтанатты рәсімді қорытындылай келе, облыс әкімі жаңа қоныстанушыларды құттықтап, оларға амандық пен береке тіледі.Өңірде жастарды қолдауға да ерекше назар аударылып жатқанын айта кету керек. «Қостанай жастары» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда 340-тан астам жас отбасы баспаналы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1157583?lang=kk
Жас қазақстандықтар тұрғын үй мен білім алуға 35,20 млн АҚШ долларын пайдаланды 09.02.2026
2024 жылғы 1 ақпан мен 2026 жылғы 1 ақпан аралығында жалпы сомасы 35,20 млн АҚШ долларын (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды) құрайтын 223 785 өтініш орындалды.Олардың ішінде:- тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 22,09 млн АҚШ долларынан астам сомаға 139 759 өтініш орындалды;- білім беру ақысын төлеу үшін 13,11 млн АҚШ доллары сомасына 84 026 өтініш.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады. Қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыру (21,61 млн АҚШ доллары сомасына 136 490 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу – 164,71 мың АҚШ доллары сомасына 1 108 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 119,36 мың АҚШ доллары сомасына 819 өтініш. Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (шамамен 12,15 млн АҚШ доллары сомасына 76 643 өтініш орындалды), білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (645,10 мыңнан астам АҚШ доллары сомасына 5 134 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (252,49 мың АҚШ доллары сомасына 1 827 өтініш орындалды). Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісінде білім алуға ақы төлеу мақсатында НЖ төлемдері туралы толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық әр балаға 130,71 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде кезекті есептеу жүргізілді.18 жасқа толмаған балаларға жыл сайын Ұлттық қордан алынған сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялауды жалғастырады. Одан әрі инвестициялаудың арқасында жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы келесідей (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық табысты қоса алғанда):- үшінші жыл қатысып отырған балада 370 доллар 56 цент;- екінші жыл қатысып отырған балада 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысқан балада 130 доллар 71 цент. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы дербес алуы тиіс, содан кейін АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін НЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін уәкілетті операторға жүгінуі тиіс. Бүгінде уәкілетті оператор ретінде келесі банктер тіркелген:- "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім беру бойынша),- "Халық банкі" АҚ (білім беру бойынша),- "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім беру бойынша). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және кәмелетке толған нысаналы жинақтарды алушылар бойынша, сондай-ақ тұрғын үйге және (немесе) білімге арналған нысаналы жинақтарды пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады. Бағдарламаның шарттарын зерделеуге, нұсқаулар, қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасында тақырып бойынша келесі бейне түсініктемелермен және нұсқаулықтармен танысуға болады: "БЖЗҚ" АҚ Төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 "БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0 «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауаптар:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша кәмелетке толған қазақстандықтардың жинақтарды қалай тексеруге болатыны туралы нұсқаулық:https://youtu.be/lP1JQ0CuCrs?si=rZV0_mziIQR1MAgLhttps://youtu.be/qkBLyBVUzGY?si=7fjzS5O_ylBQvVyHАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1164676?lang=kk
Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр 09.02.2026
Күрделі жөндеуден кейін Әулиекөл ауданы Аманқарағай станциясының вокзалы қайта пайдалануға берілді.Президенттің тапсырмасы бойынша республикада теміржол вокзалдарын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Қостанай облысында Қостанай, Арқалық, Рудный қалалары, Тобыл, Аманқарағай және Құсмұрын елді мекендеріндегі алты вокзал қайта жаңартылуда.Аманқарағай станциясының вокзалы күрделі жөндеуден кейін өз жұмысын қайта бастады. Ғимаратты жаңарту жұмыстары «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Бас мердігер – «СЕРВИССТАЛЬ» ЖШС.Әулиекөл ауданына жұмыс сапары барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Аманқарағай теміржол вокзалы маңызды көлік қатынасы нысандарының бірі екенін атап өтті.«Вокзал ғимараты жаңартылып, оның аумағы 403 шаршы метрден 435 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Инженерлік желілер, күту залдары мен касса аймақтары, санитарлық тораптар толықтай жаңғыртылды, сондай-ақ заманауи қауіпсіздік жүйелері орнатылған. Реконструкция барысында кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға және балалары бар жолаушыларға барлық қажетті жағдай жасалды. Жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен жайлылық деңгейі едәуір артты», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Реконструкция кезеңінде жолаушылар мен қызметкерлер электрлік орталықтандыру постының ғимаратына уақытша орналастырылды. Бұл ғимарат 40 орындық күту залы және жылыту жүйесімен жабдықталып, күзгі-қысқы кезеңде қолайлы жағдай қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1157568?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатында қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша тиімді шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, оған қалалық мәслихат депутаттары, құзыретті мемлекеттік органдардың, зооқорғау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қаланың қоғам белсенділері қатысты. 09.02.2026
Отырыста қаладағы қараусыз қалған жануарлармен туындаған проблемалық жағдайды шешу бойынша тұрғындардан келіп түскен жолданымдар мен ұсыныстар талқыланды.Отырыс барысында заңнамаға сәйкес қараусыз қалған жануарлар проблемасын кешенді шешу қажеттігі атап өтілді.Жұмыс тобының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға келесі ұсынымдар жіберілді:қараусыз қалған жануарларды аулау, зарарсыздандыру, сәйкестендіру және уақытша ұстау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шеңберінде шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейту;заңнама талаптарына сәйкес үй жануарларын ұстауды тексеру үшін қаланың жеке секторы бойынша рейдтер жүргізу;үй жануарларын жауапкершілікпен ұстау қажеттілігі туралы ақпараттық науқан жүргізу;қараусыз қалған жануарларды аулауға, ұстауға, сәйкестендіруге және зарарсыздандыруға қосымша бюджеттік өтінім дайындау.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне үй жануарларын жауапкершілікпен ұстауға қатысты заңдар мен заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолданды.Жұмыс тобы мемлекеттік органдардың, депутаттар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіре отырып, өз қызметін жалғастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1157458?lang=kk
Қазақстан республикасының жаңа конституциясының жобасын талқылау бойынша кеңес отырысы өтті 09.02.2026
Облыс әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысуымен жаңа Конституция жобасы талқыланды. Аталған алқалы отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары және қоғамдық құрылымдардың жетекшілері қатысты.Кеңес барысында Марат Әзілханов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның жұмысына жан-жақты тоқталып, жаңа заң жобасының ел дамуындағы маңыздылығын атап өтті.- «Ынтымақ пен бірегейлік – мемлекеттілікті қалыптастырып, нығайтудың, дамытудың маңызды тетігі. Мұны татулық пен келісім саясаты дәлелдеді. Ассамблея құрылғаннан кейінгі алғашқы жылдарда ел этностарының мүдделерін білдіруді көздесе, қазір ол мақсат пен міндет тұтастығын көздейтін азаматтық қағидатында, сондай-ақ ортақ біріктіруші құндылықтар негізінде этностарды біртұтас халық ретінде одан әрі интеграциялау жұмысын жалғастырып келеді. Жалпы, елімізде татулық пен келісім саясатын іске асыруға Ассамблеямен қатар барлық орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес бірлестіктер тартылған. Осы жылдар ішінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың заңнамалық, мемлекеттік-басқарушылық, қоғамдық және басқа да институционалдық тетіктері құрылды. Бұл тұрғыда Алматы облысы өте өнімді жұмыс атқарды. Ал жаңа Конституциялық жобадағы «Халық кеңесі» секілді алаңның құрылуы қоғамдағы өзекті мәселелерді кең ауқымда талқылауға, консенсусқа негізделген шешімдер қабылдауға және түрлі этностар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін институционалдық деңгейде ескеруге мүмкіндік береді» – деді Марат Алмасұлы.Кеңес отырысында жаңа Конституция жобасын өңірдегі этномәдени бірлестіктер бірлесе талқылап, қоғамдық ұйым өкілдері өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қоса қатысушылар жаңа Конституция жобасындағы Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы бойынша бірқатар ұсыныстар және қоғамдық келісімді нығайтуда ел азаматтарының ортақ жауапкершілігі екенін айтысты. Кеңеске қатысқан өңіріміздің этномәдени бірлестік жетекшілері жаңа заң жобасын қолдайтындықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1157407?lang=kk
АҢДАТПА! «Арнаулы салық режимдерінің өтпелі ережелері» 09.02.2026
АҢДАТПА! «Арнаулы салық режимдерінің өтпелі ережелері»2026 жылғы 10 ақпанда сағат 11:00-де mkd_aqmol Instagram парақшасында «Жаңа Салық кодексі бойынша оңайлатылған декларация негізінде жаңартылған арнайы салық режиміне көшу»тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер - Назгүл Аюпова өңдірістік емес төлемдер басқармасының басшысыМодератор – Шынар Мусина түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1157358?lang=kk
"ASTANA TECH CUP-2026" республикалық чемпионатына қатысу 09.02.2026
7-8 февраля 2026 года прошёл Республиканский чемпионат «ASTANA TECH CUP-2026». Учащиеся КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) имени А.Бокейхана» Охан Нұрасыл, Делегат Таңжарық, под руководством педагогов Муратбек А. и Болат Б., в категории «Autonomous Car Racing» заняли III место и получили путевку на Fibonacci Internation Robot Olympiad Туркия в Турции (г.Анталия).Желаем дальнейших побед!#ASTANATECHCUP2026 #FibonacciOlympiadАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1157301?lang=kk
Алматыда биологиялық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды 09.02.2026
2026 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Орталық Азиядағы биологиялық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік оқыту тренингіне қатысып, сөз сөйледі.
Іс-шараны Қазақстан СІМ қаржылық және ұйымдастырушылық қолдауымен Біріккен Ұлттар ұйымының терроризмге қарсы басқармасы (UNCCT) ұйымдастырды.
Өз сөзінде Өкілдік басшысы Қазақстанның өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ төтенше сын-қатерлер мәселелері бойынша UNCCT-мен белсенді ынтымақтастықты атап өтті.
Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру бастамасына ерекше назар аударылды.
Соңында қатысушылар қауіпсіздік және тұрақты даму саласындағы халықаралық бастамаларға үлес қосуға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1157305?lang=kk