Enbekshi QazaQ

Қоғам

Камералдық бақылау хабарламаларын орындау бойынша салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы 12.07.2026
Сәйкессіздіктер анықталған кезде салық төлеушіге камералдық бақылау туралы хабарлама жіберіледі.Егер салық төлеуші аталған бұзушылықтармен келіссе, оларды жою міндетті:1)хабарлама бойынша тиісті салық есептілігін ұсыну;2)салық төлеушінің талабы бойынша бұрын қайтарылған қосылған құн салығының сомасын, сондай-ақ аударылған күннен бастап әрбір күн үшін есептелген өсімпұлды бюджетке төлеу;3)арнайы мобильді қосымшада деректерді көрсету және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтыған салық төлеушілердің салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуі;4)тиісті салық режиміне көшу үшін іс-әрекеттер жасау.Анықталған сәйкессіздіктермен келіспеген жағдайда салық төлеуші салық органына олардың туындау себептерін негіздей отырып, ҚР Салық заңнамасын бұзуға әкеп соқпайтын түсіндірмелер беруге құқылы. Сондай-ақ бұзушылықтар тек расталған бөлігінде жойылған кезде хабарламамен ішінара келісуге жол беріледі, ал қалған алшақтықтар бойынша түсініктемелер беріледі.Хабарламаны орындау кезінде салық органдары қосымша құжаттарды талап етуге құқылы емес.Камералдық бақылау хабарламасы орындалмаған жағдайда шектеу шаралары қолданылуы мүмкін, соның ішінде:1)банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;2)электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру;3)жеке интернет-ресурстарға қол жеткізуді шектеу.Ұсынылған түсіндірмелердің дұрыстығын тексеру үшін немесе хабарлама орындалмаған кезде салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер бойынша салықтық тексеру жүргізуге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250175?lang=ru
«Айбын – 2026» арнайы оқу-жаттығуы қорытындылануда 12.07.2026
Қармақшы ауданында өткен облыстық «Айбын – 2026» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталуда. Осыған орай №284 мамандандырылған мектеп-интернатында оқу-жаттығуға қатысушыларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, әскери бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Шара барысында алдымен әскери техникалар мен қару-жарақ көрмесі көрсетіліп, оқу барысында пайдаланылған арнайы құрал-жабдықтар тамашаланды.Жиында сөз сөйлеген Жандос Еркінбек барлық қатысушыларға өз алғысын білдірді:-Он күнге созылған оқу-жаттығу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ерекше маңызға ие, сондай-ақ мұнда қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүктелген міндеттерді абыроймен орындады. Бұл – сіздердің Отан алдындағы адал қызметтеріңіздің көрінісі. Ауданымызда Мемлекет басшысы мен Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен қорғаныс саласын дамытуға, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға тұрақты қолдау көрсетілуде. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасатын болады. Еліміздің тыныштығы мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді.Кездесуде өзінің кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, белсенділік танытқан азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.Сондай-ақ аудан өнерпаздары патриоттық әндер орындап, шара соңында аға буын өкілдері батасын берді.Айта кетсек жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін облыстық маңызы бар бұл шараға ауданымызда 100-ден астам қызметкер жұмылдырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1250176?lang=ru
Халықпен кездесу Ақжар мен Ақтөбе ауылдарында жалғасуда 12.07.2026
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес аудан әкімінің халықпен кездесулері жалғасуда. Бүгінге дейін ауданға қарасты 14 кент және ауылдық округтердің жетеуінде тұрғындармен кездесу өткізген аудан әкімі Жандос Еркінбек кезекті жиынын Ақжар және Ақтөбе ауылдық округтерінде жалғастырды.Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, ауылдық округтерде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар талқыланды.Ақжар елді мекенінде инфрақұрылымды жаңғырту бағытында облыстық бюджет есебінен Ораз ахун және Жалғасбай Тұяқбаев көшелеріне 283,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қасымтай Ізтелеуов көшесі бойына 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Ауыл шаруашылығы саласында да төрт ірі және шағын шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысуда.Ақтөбе ауылдық округінде де жаңа жобалар қолға алынуда. Атап айтқанда, «Оңталап» шаруа қожалығының демеушілігімен Ы.Сейтенов көшесінің кіреберісінен «Төтенше жағдай бекеті» ғимаратының құрылысы басталмақ.Сондай-ақ ауыл шаруашылығы – елді мекен экономикасының негізгі бағыты. Бүгінде «Ақтөбе и К» ЖШС, «Оңталап» және «Дөйт» шаруа қожалықтары биыл 3 310 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, егіс егуде. Оның ішінде 1815 гектарға күріш себіліп отыр.Кездесу барысында тұрғындар жүргізілген жұмыстарға алғысын білдірді. Сондай-ақ Жандос Еркінбек жеке қабылдау да өткізіп, ауыл шаруашылығы бағытында көтерген мәселелерге жауап беріп, сала басшыларына тиісті тапсырмаларын жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1250165?lang=ru
Жүйелі жобалар – ел игілігі үшін 12.07.2026
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес аудан әкімінің халықпен кездесулері жалғасуда. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек ІІІ Интернационал және Төребай би ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарларын атап өтті.ІІІ Интернационал ауылдық округінде салық түсімдері 104 пайызды құрап, жоспардан асыра орындалды. Ауыл толықтай орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Аудан әкімі биыл жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайтын төрт ауылдық округтің электр желілерін жаңғырту жоспарланып отырғанын, ауқымды жоба қатарында ІІІ Интернационал ауылдық округі де бар екенін жеткізді. Қазір Пак Чен Ир және Астана тұйығы көшелеріне 53,9 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары алдағы уақытта басталады.Төребай би ауылында да тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде іске асырылуда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2,9 млн теңгеге 4 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру аясында абаттандыру жұмыстарын бақылауға арналған арнайы планшет сатып алынды. Ауыл тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Келте арық» каналы мен ауылішілік арықтарға тазарту жұмыстары жүргізіліп, аяқ су уақытылы жеткізілуде. Бұдан бөлек елді мекенді абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Аудан басшысы тұрғындардың жақында көгілдір отын игілігін көретінін де айтып өтті.Кездесу барысында тұрғындар бірнеше мәселелерді көтеріп, аудан әкімі әрбір сауалға жауап беріп, ұсыныстар бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмаларын жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1250167?lang=ru
Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі 12.07.2026
Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінде қызмет ететін қатардағы Василий Мазурды алғаш көрген жан оның қазақ тілінде еш мүдірмей сөйлейтініне таңырқай қарайды. Ұлты белорус болғанымен, ол қазақ тілін ана тіліндей меңгерген.Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы дүниеге келген қасиетті Жуалы өңірінің тумасы Василий ауылдағы қазақ мектебінде білім алған. Қазақы ортада ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ол бала кезінен батырлар жырын тыңдап, Абайдың қара сөздерін оқып өсті.Бүгінде оның отбасы мүшелерінің барлығы күнделікті тұрмыста қазақ тілінде сөйлеседі. Василий үшін бұл тек қарым-қатынас құралы емес, өмір салтына айналған.– Қазақ тіліне деген қызығушылығым бала кезімнен басталды. Себебі қазақ халқының тарихы мен мәдениеті мені әрдайым қызықтыратын, – дейді әскери қызметші.Василий Отан алдындағы борышын Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінде өтеді.  Әскери қызмет ұнағаны сонша, сарбаз алты айдан кейін келісімшарт негізінде қызметте қалуға шешім қабылдайды. Қазіргі таңда ол туған жеріндегі 5513 әскери бөлімінің автомобиль взводында патрульдік көлік жүргізушісі болып қызмет атқарады.Қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде тіл білудің пайдасын күн сайын көріп жүр. Тараз тұрғындарымен еркін тіл табысып, қызметтік міндеттерін сапалы орындауға бұл үлкен мүмкіндік береді.Қатардағы Мазур үлгілі әскери қызметші, белсенді әрі жан-жақты азамат. Жыл басында әскери бөлімінде өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында жеңімпаз атанды. Қазір ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында өтетін келесі кезеңге дайындық үстінде.Бос уақытын да тиімді пайдаланатын сарбаз әскери бөлім кітапханасына жиі барып, қазақ поэзиясының жауһарларын оқиды. Әсіресе ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін ұнатады.Қазақ тілін құрметтеп қана қоймай, оны өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған қатардағы Василий Мазур – мемлекеттік тілдің мәртебесін  көтеріп жүрген әскери қызметшінің жарқын үлгісі. Оның өмір жолы тілге деген сүйіспеншілік ұлтқа бөлінбейтінін, ал шынайы құрмет нақты іспен дәлелденетінін көрсетеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1250172?lang=ru
Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге 12.07.2026
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге (немесе 18,6%).Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған қаражат құрайды. 12 айда олар 3,93 трлн теңгеге (немесе 18,0%) өсті.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 13,3%-ға ұлғайып, 754,69 млрд теңгеге жетті. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 маусымға оның көлемі 10,13 млрд теңге  болып, 12 айда 19,8% өсім көрсетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 маусымына 1097,48 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 5 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 487,96 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,4%-ға (немесе 186,95 млрд теңгеге) артық.  МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін 1 143,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 63,14 млрд теңге (өсім – 10,3%), ЕЗЖ – 815,51 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 280,19 млрд теңгені құрады.     Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.06.2026ж. жағдай бойынша 834,86 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 693,53 млрд теңгені құрады.   Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 115,37 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 890 теңге.   2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 307,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 47,55 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 17,54 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,48 млрд теңге, жерлеуге – 3,93 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 199,91 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,68 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,09 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 маусымында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,34 млн - МЗЖ бойынша, 781,88 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,21 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,34 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,90 млн бірлік.             Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1250161?lang=ru
Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері қаралды 12.07.2026
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның бірлескен отырысы өтті.Жиын барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, комплаенс қызметтердің қызметі, сондай-ақ өңірдің өрт қауіпті кезеңге дайындығы мәселелері қаралды.Өңір басшысы мемлекеттік органдар мен бағынысты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жұмыстарын күшейту, комплаенс қызметтердің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.Сонымен қатар,  Асхат Шахаров өңірдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жоспарланған өрт сөндіру пункттерін уақытылы іске қосу, оларды қажетті техника және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1250163?lang=ru
ШҚО бойынша МКД-де «Халық бухгалтері» акциясының қатысушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды 12.07.2026
2026 жылғы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Салық заңнамасын түсіндіру» тақырыбында Ашық есік күні өтті.Іс-шараға ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, салық төлеушілер, консалтингтік компаниялардың өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, блогерлер және қоғам қайраткерлері қатысты.Іс-шара барысында «Халық бухгалтері» акциясының қорытындылары шығарылып, оның қатысушылары, сондай-ақ халықтың салықтық және кедендік сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды.Семинар аясында қатысушыларға мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, акцизделетін өнімдерді лицензиялау тәртібі, салықтарды төлеу мерзімдеріндегі өзгерістер, салық міндеттемелері бойынша кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндіктері, сондай-ақ шектеулі мүлікті сауда-саттық арқылы өткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынылды.Анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламаларды орындау тәртібі мен камералдық бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, салық заңнамасы мен салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері бойынша мамандардан түсіндірмелер алды.Ашық есік күнін өткізу мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы ашық диалог үшін тиімді алаңға айналып, халықтың құқықтық және салықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250148?lang=ru
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?» 12.07.2026
Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі? Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ТЖШ) мөлшері салымшының жасына байланысты айқындалады. Салымшы неғұрлым егде тартып, зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын, оның болашақ зейнетақы төлеміне қойылатын талаптар да арта түседі. Себебі, оның еңбек қызметі аяқталғаннан кейін алатын зейнетақы табысы халықаралық стандарттарға барынша жақын деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс.  ТЖШ мөлшерін айқындау кезінде болашақтағы зейнетақы төлемдерінің келтірілген құнын есептеудің классикалық формуласы қолданылады. Басқаша айтқанда, жаңа формула арқылы салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) дәл қазіргі уақытта болуы тиіс зейнетақы жинағының ең төменгі мөлшері, яғни ТЖШ көлемі есептеледі. Бұл жинақ болашақтағы зейнетақы төлемдерін мақсатты деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Келтірілген құн формуласының қолданылуы өмір бойына төленетін зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті жинақ көлемін есептеудің халықаралық тәжірибесіне негізделген.  Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді? ТЖШ-ны есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған. Бұл өзгерістер болашақтағы зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыруды көздейді.Енді ТЖШ мөлшері әрбір салымшының жасына қарай келтірілген құнды есептеудің стандартты формуласы негізінде және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштерін ескере отырып айқындалады. Нақтыласақ, жаңа әдістеме «Болашақта лайықты деңгейдегі зейнетақы табысын алу үшін бүгін жеке зейнетақы шотында қандай ең төменгі сома қалуы тиіс?» деген сұраққа жауап береді.Формула ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер), қаржылық (табыстылық мөлшерлемелері мен зейнетақы төлемдерін индекстеу) факторларды, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді – жасына байланысты ең төменгі зейнетақы мөлшерін және ең төменгі жалақыны ескереді. Бұл болашақтағы зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, енді ТЖШ есептеу кезінде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейін түсетін болашақ міндетті зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Өйткені өмірлік жағдайларға байланысты жарналар толық көлемде аударылмауы немесе белгілі бір кезеңдерде мүлде түспеуі мүмкін. Мұндай тәсіл азаматтардың жинақтарының бір бөлігін пайдаланғаннан кейін болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.  Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді? 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларына тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу сияқты заңнамада көзделген балама мақсаттарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін зейнеткерлік жасқа дейін мерзімінен бұрын пайдалану құқығы берілді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін[1] әзірлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітті.Алайда кейінгі жылдары салымшылардың ТЖШ-дан асатын зейнетақы жинақтарын жеке зейнетақы шоттарынан жиі алуы олардың болашақта БЖЗҚ-дан алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің төмендеуіне себеп болу қаупі туындады. Осыған байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мәндерін қайта қарау туралы шешім қабылданды.Бұл өзгерістер халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес болашақтағы зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігін кезең-кезеңімен қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Сондықтан болашақ жинақтаушы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының сомасына және зейнетақы жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының еңбек табысын алмастыру коэффициентінің өсуіне қойылатын талаптар күшейтілді. Жаңа модельдің енгізілуі зейнетақы жүйесінің орнықтылығын нығайтуға және азаматтарды болашақта лайықты деңгейдегі зейнетақымен қамтамасыз етуге бағытталған.  Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма? Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін заңнамада көзделген баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар үшін сақталады.Сондай-ақ жоғалтқан еңбек табысының кемінде 40 пайызы мөлшерінде зейнетақы алатын зейнеткерлер, зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушылар да бұрынғыдай өз жинақтарын пайдалана алады. Бұл – өзін зейнетақымен қамсыздандыруды белгілі бір деңгейде қамтамасыз еткен азаматтар санаты.Десек те, зейнетақы жинақтарын пайдалану тәсілдері азаматтарды болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып одан әрі жетілдіріле береді.  Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ? 2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі демографиялық деректер халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық деңгейінің едәуір жақсарғанын көрсетеді. Мәселен, 1991 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 67,6 жасты құраса, 2001 жылы – 65,6 жас, 2011 жылы – 68,98 жас, 2021 жылы – 70,23 жас болды.Осылайша, соңғы үш жарым онжылдықта Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа ұзарды. Өмір сүру ұзақтығының артуы азаматтардың зейнеткерлік кезеңде бұрынғыдан да ұзақ уақыт өмір сүретінін білдіреді. Сондықтан еңбек қызметі аяқталғаннан кейін қалыптасқан өмір сүру деңгейін сақтау үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың маңызы арта түседі. [1] "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Үкімет қаулысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1250154?lang=ru
Шалғай ауылдардың дамуы – тұрақты назарда 12.07.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Тәйімбет Көмекбаев және Қуаңдария ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттерді талқылады. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берді.Ауылдық округтерде халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейту мақсатында аудан бойынша 11 елді мекенге бейнебақылау камераларын орнатуға аудандық бюджеттен 27 млн теңге қаржы бөлінді. Осы жоба аясында Тәйімбет Көмекбаев және Қуаңдария ауылдарына әрқайсысына 4 бейнебақылау камералары орнатылып, қоғамдық орындардағы бақылау жүйесі күшейтілді.Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округінде төртінші деңгейлі бюджет қаражаты есебінен Қаратай Қуаңбаев аллеясындағы жарық шамдары жаңартылды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының үй іргелік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдың шығыс және батыс бөліктеріндегі электр насостары тұрақты жұмыс жасауда.Шобанқазған және Кекірелі елді мекендерінде спутниктік технологиялар арқылы сымсыз желі негізінде кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету жобасы аясында кең жолақты интернет желісі орнатылды.Қуаңдария ауылдық округінде елді мекеннің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Жастар саябағы, өрт сөндіру бекеті, көшелерді жарықтандыру және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарға қажетті жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Бәйтерек көшесіне 9 млн-ға жаяу жүргіншілер жолы салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.Кездесу барысында тұрғындар жұмыссыздық, аяқ сумен қамтамасыз ету, мәдениет саласын дамыту және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан басшысы көтерілген сұрақтардың әрқайсысына заңнама аясында түсіндірме беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1250144?lang=ru
Ауылдардың әлеуетін арттыру - басты міндет 12.07.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықпен тұрақты кері байланыс орнату маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Алдашбай ахун және Дауылкөл ауылдық округтеріндегі тұрғындармен кездесуде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.Былтыр төртінші деңгейлі бюджет көлемі 21 миллион теңгеге ұлғайған Алдашбай ахун ауылдық округінде бүгінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 4 дана бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар жақында «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында өрт сөндіру бекеті салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.Кездесуде аудан басшысы аудан көлеміндегі төрт елді мекеннің электр желілерін жаңғыртуға 200 млн теңге бөлінгенін және бұл жобада Алдашбай ахун ауылы да бар екенін айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.Ал Дауылкөл ауылдық округінің жыл басында ауылдық клуб үйіне 5,5 млн теңгеге заманауи LED экран орнатылып, мәдени іс-шараларды жаңа деңгейде өткізуге мүмкіндік жасалып отыр. Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауыл орталығы Ешнияз Сал көшесіне 4 дана бейнебақылау камерасы орналастырылды. Сондай-ақ демеушілердің қолдауымен 2,3 млн теңгеге жаңа аялдама салынып, пайдалануға берілді. Қазір ауылдың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында демеушілік есебінен 3 көшені жарықтандыруға арналған жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстарды жеке-жеке айтып өткен аудан басшысы тұрғындардың спорт, мәдениет саласын дамыту және өзге де маңызды мәселелер бойынша сұрақтарына жауап беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмаларын жүктеді.«Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері әрдайым назарда болады»,- деді Жандос Еркінбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1250146?lang=ru
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің Ақай ауылында халықпен кездесуі басталды 12.07.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Ақай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын атап өтті.Кездесуде алдымен Ақай ауылдық округінің әкімі Батыржан Тұрғанов 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар бойынша баяндады.Бүгінде ауылдың бюджетіне жоспарланған 63,4 млн теңге толық игеріліп, бюджет қаражаты тиімді пайдаланылды. Сондай-ақ жер, мүлік, көлік және жеке табыс салығы бойынша жоспарлы көрсеткіштер 100%-дан жоғары артығымен орындалып отыр.Қазір 16 көше асфальтталып, 36 көшеге жарық шамдары орнатылған. Аяқ су жүйесін жетілдіру үшін жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 21 көше мен 421 тұрғын үй аяқ суға қосылған. Бұған қоса ауылдың көркін арттыру мақсатында Абай көшесі бойынан көгалдандыру жұмыстарына арналған арнайы жер телімі дайындалса, бүгінде ауылда 271 кәсіпкерлік субъектісі тұрақты жұмыс жасап келеді.Сонымен қатар аудан әкімінің қолдауымен Қонысов Сақыпжан көшесі бойынан 51 млн қаржыға футбол және балалар ойын алаңын салу жұмыстары аяқталды. Аудандық бюджеттен бөлінген 8,4 млн теңге есебінен округке 5 аялдама орнатылып, қазіргі таңда ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.Кездесу барысында аудан басшысы да аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы міндеттерге тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізіп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.Кездесу соңында Жандос Еркінбек ауылдың дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1250130?lang=ru
Аудан басшысының тұрғындармен кездесуі Төретам кентінде өтті 12.07.2026
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізіп, 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.Кездесу барысында кенттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталған кент әкімі Нұрлыбек Ізбасарұлы 12 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендежұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатқанын жеткізді.Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аясында бірқатар бастамалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 20,6 млн теңгені құрайтын екі жоба қолдау тапты.Жастарға жақсы жаңалық - аудандық бюджеттен аудан әкімінің қолдауымен 37 млн теңгеге Д.Байтөреев көшесінде заманауи футбол алаңының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ тұрғындардың бастамасымен «Түлектер аллеясы» мен «Орталық алаң» жобалары әзірленді.Инженерлік инфрақұрылым саласында да бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жарықтандыру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мақсатында арнайы қаржы бөлініп, 70 дана жарық шамы мен қажетті қосалқы бөлшектер ауыстырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ал орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған 1 946 абонентке ауыз су үздіксіз жеткізіліп келеді.Ауданның өркендеуі жолында жүргізілген жұмыстарды атап өткен Жандос Еркінбек тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1250131?lang=ru
Қармақшы ауылдық округінде жүйелі жұмыстар жалғасуда 12.07.2026
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің халықпен кездесуі Қармақшы ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында ауылдық округте атқарылған жұмыстар сараланып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы ауылының орталығына аудандық бюджет есебінен 2,5 млн теңгеге 4 дана бейнебақылау камерасы орнатылды.Сонымен қатар ауылдық округтің санитарлық тазалығын сақтау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтар алынып, тиісті жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.Экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдан 1 шақырым қашықтықта орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру жұмыстары қолға алынды.Инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауыл көшелеріндегі жарықтандыру жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 275 дана жарық бағанасы қалпына келтірілді.Кездесу барысында тұрғындар ауыз су, табиғи газбен қамту, электр желілерінің тұрақты жұмысы және өзге де сұрақтарын қойды. Аудан әкімі көтерілген мәселелерге қатысты түсіндірме беріп, жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1250133?lang=ru
Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Екатерина Баранова 101 жасқа толды 12.07.2026
Осыған орай Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері майдангерді арнайы барып құттықтады. Қорғаныс министрінің атынан ардагерге құттықтау хат табысталып, Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі мен Отан игілігі жолындағы жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдірілді.Екатерина Александровнаның өмір жолы – ерлік пен қайсарлықтың, елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Жеті сыныпты тәмамдағаннан кейін ол медицина техникумына оқуға түсіп, фельдшер мамандығын игере бастайды. Алайда бейбіт өмірді сұм соғыс үзді.1943 жылы Белгород облысындағы туған ауданы неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеннен кейін Екатерина Баранова әскер қатарына шақырылып, 1-Украина майданының әскери госпиталіне жіберілді. Ол жараланған жауынгерлерге медициналық көмек көрсетіп, олардың өмірін сақтап қалуға және қайта сапқа оралуына аянбай еңбек етті. Жеңіс күнін Екатерина Баранова Чехословакияның Карловы Вары қаласында қарсы алды.Соғыс жылдарындағы ерлігі мен батылдығы үшін Екатерина Баранова II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен және көптеген мерейтойлық наградалармен марапатталған.Құрметті жасына қарамастан, Екатерина Александровна өмірге деген құштарлығын, сергектігі мен рухының беріктігін сақтап келеді. Ол үшін әскери қызметшілер мен жас ұрпақтың құрметі мен қамқорлығы ерекше маңызды.Мұндай кездесулер – Жеңіс ұрпағына деген құрметтің белгісі әрі бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын аямаған ардагерлерге көрсетілген тағзым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1250134?lang=ru
Заң үстемдігі – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы 12.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.Күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және масаң күйде жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, зардап шеккендерді қорғауда атқарылған жұмыстар, өңірдегі сыбайлас жемқорлық ахуалы және алдын алу үшін қабылданған шаралар, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі» деп атап өтті. «Заң үстемдігін орнықтырып, құқықтық мемлекет құру үшін ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне тосқауыл қою керек» деген міндет қойды.Аймақ басшысы осы талаптар өңірдегі барлық мемлекеттік органның қызметінде бұлжытпай орындалуға тиіс екенін атап өтті.«Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды қызметкерлерге түсіндіріп, оның талаптарын мүлтіксіз сақтау керек. Медициналық ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қайта зерделеп, рәсімдерді кезең-кезеңімен автоматтандыруға қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.Денсаулық сақтау саласына халықтың сенімі бәрінен маңызды. Сондықтан басқармаға қарасты барлық медициналық ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды түбегейлі күшейтіп, әрбір бас дәрігердің жеке жауапкершілігін арттыру керек. Бірде-бір заң бұзушылық пен негізді шағым бақылаусыз қалмауы тиіс», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Сонымен қатар, масаң күйде жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алуда ведомствоаралық жұмысты жандандырып, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына бақылауды күшейту тапсырылды.Қылмыс деңгейі жоғары елді мекендерде «Ішімдіксіз ауыл» жобасын кеңейту үшін жергілікті ақсақалдар, қоғамдық кеңестер, учаскелік полиция инспекторлары және қоғам белсенділері нақты профилактикалық жұмыс жүргізуі тиіс.Отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар және әлеуметтік қызметтерге бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын қатаң бақылау маңызды. Бұл ресурстар қолайсыз отбасыларды ерте анықтап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталуы қажет. Осыған байланысты отбасын қолдау орталықтарының қызметін ведомствоаралық деңгейде қайта қарау жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1250136?lang=ru
2026 жылдан бастап салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша семинар 12.07.2026
2026 жылғы 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлеріне арнап ұйымдастырған семинарға қатысты.Семинар барысында Гүлмира Сабралимова «2026 жылдан бастап енгізілетін салық саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында дәріс оқып, 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.Ол жеке табыс салығы мен әлеуметтік салыққа қатысты тәжірибеде жиі кездесетін мәселелерге, атап айтқанда салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктеріне, шегерімдерге, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және арнайы салық режимдері мәселелеріне кеңінен тоқталды. Қатысушылар жаңа нормаларды қолдану бойынша практикалық ұсынымдар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Мұндай кездесулер мемлекеттік мекемелер мамандарының кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және салық заңнамасындағы өзгерістерді бірізді түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250124?lang=ru
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен инвестициялық жобалар талқыланды 12.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет қаражатының игерілуі, аграрлық шаруашылық каналдарын бетондау, пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарды теңгерімге қабылдау, инвестиция тартудағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер нақтыланды. Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына алты айлық инвестиция жоспарын орындауды, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды және инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды.Облыстық құрылыс басқармасына, қала және аудан әкімдіктеріне статистика департаментімен бірлесіп құрылыс нысандарының есебін жүйелеу, айлық, тоқсандық және жартыжылдық статистикалық есептерді толық әрі уақытылы ұсыну міндеті жүктелді.Бюджет қаражатын тиімді әрі толық игеру мәселесі де назардан тыс қалмады, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді. Жаңадан ашылған әлеуметтік нысандарды теңгерімге қабылдау және қабылдау актілерін рәсімдеуді бір апта ішінде аяқтау, аудандардағы спорт кешендерін заңнама талаптарына сәйкес аудан әкімдіктерінің теңгеріміне беру жайы да пысықталды. Бұл тұрғындардың сұранысына сай тиімді жұмыс кестесін, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүйелейді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1250125?lang=ru
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыратын кәсіпорындар үшін ҚҚС-тан босату 12.07.2026
Жеңілдікті қолдану үшін қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51%-ын мүгедектігі бар адамдар құрауы және олардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жалпы еңбекақы қорының кемінде 51%-ын құрауы туралы талапты сақтау жеткіліксіз.Сонымен қатар, бір мезгілде тағы екі шарт орындалуы тиіс:мүгедектігі бар қызметкерлердің саны кемінде 10 адам болуы тиіс;тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер олардың тікелей қатысуымен өндіріліп (көрсетіліп) отыруы қажет.Аталған талаптардың барлығы тек іске асыру тоқсанында ғана емес, сондай-ақ одан бұрынғы төрт салықтық кезең ішінде де сақталуына ерекше назар аудару қажет. ҚҚС бойынша салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылатындықтан, шарттар тиісті тоқсандардың әр айында орындалуы тиіс.Егер осы кезеңдердің кез келгенінде мүгедектігі бар қызметкерлердің саны 10 адамнан аз болса, ҚҚС-тан босату құқығы берілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250114?lang=ru
Қазақстан делегациясының «Біздің мұхит» (Our Ocean Conference) 11-ші Халықаралық конференциясына қатысуы туралы 12.07.2026
Момбаса, 2026 жылғы 18 маусым — Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Момбаса қаласында өткен «Біздің мұхит» (11th Our Ocean Conference) 11-ші Халықаралық конференциясына қатысты.Аталған конференция теңіз экожүйелерін сақтау, көгілдір экономиканы тұрақты дамыту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға арналған маңызды жаһандық диалог алаңдарының бірі болып табылады. Форум жұмысына қатысу еліміздің жаһандық экологиялық бастамаларға және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына деген бейілділігін айқындайды.Конференция аясында Қазақстан Елшісі халықаралық, сондай-ақ қазақстандық-кениялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.Атап айтқанда, БҰҰ Бас хатшысының Мұхит жөніндегі Арнайы Уәкілі Питер Томсонмен және Африка Одағы комиссиясының ауыл шаруашылығы, көгілдір экономика және тұрақты даму мәселелері жөніндегі Комиссары (Министрі) Мозес Вилакатимен кездесулер өтті. Тараптармен болған сұхбат барысында Қазақстан Елшісі конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ-80 реформасы шеңберіндегі БҰҰ-ң аясындағы мамандандырылған халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасымен таныстырды.Сондай-ақ Кенияның Тау-кен өнеркәсібі, көгілдір экономика және теңіз істері Министрі Али Хассан Джохомен (Ali Hassan Joho), Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп Министрі Ли Киньянджуимен (Lee Kinyanjui), сондай-ақ Кения порттары басқармасының (Kenya Ports Authority) Төрағасы Уильям Рутомен (W.Ruto)    кездесулер өтті. Тараптар Кения Президенті У.Рутоның 2026 жылғы 19-20 мамырда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Қазақстан Республикасы Елшісінің «Our Ocean» конференциясына қатысуы және өткізілген кездесулер Астана мен Найроби арасындағы екіжақты диалогты нығайту, сауда және транзиттік-логистикалық сектордағы ынтымақтастық перспективаларын айқындау, сондай-ақ форумға қатысушыларды Астананың халықаралық бастамаларымен таныстыруға мүмкіндік берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1250102?lang=ru