Enbekshi QazaQ

Қоғам

Афинада Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы талқыланды 12.07.2026
Афина, 2026 жылғы 29 маусым – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин «Global Water Partnership Mediterranean» ұйымының Атқарушы хатшысы Вангелис Константианоспен кездесу өткізді.Кездесу барысында су қауіпсіздігі, су ресурстарын орнықты басқару, климаттық орнықтылық, сондай-ақ Қазақстан, Грекия және Жерорта теңізі өңірі елдері арасындағы су саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның 2026 жылғы сәуірде Астанада өткен Орнықты даму жөніндегі өңірлік конференция барысында жарияланған бастамасына ерекше назар аударылды.Елші аталған бастама қолданыстағы халықаралық су бағдарламаларын шоғырландыруға, су ресурстарын жаһандық басқарудағы бытыраңқылықты азайтуға, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы үйлестіруді нығайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеруі, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік сын-қатерлерін ескере отырып, халықаралық күн тәртібіндегі су қауіпсіздігінің рөлін арттыруға бағытталғанын атап өтті.Тараптар су ресурстарын интеграцияланған басқару, құрғақшылыққа бейімделу, ауыл шаруашылығында суды орнықты пайдалану және өңірлік су ынтымақтастығы саласында елеулі тәжірибесі бар Грекиямен және Жерорта теңізі елдерімен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында Қазақстан бастамасын Грекияның сарапшылық ортасында ілгерілету мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасып, су қауіпсіздігі және су ресурстарын орнықты басқару саласындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша практикалық қадамдар белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1250103?lang=ru
Қақтығыс аймақтарынан оралған қазақстандық әйелдердің үні БҰҰ мінберінен естілді 12.07.2026
2026 жылғы 29 маусым, Нью-Йорк – Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте 26 маусым мен 2 шілде аралығында өтіп жатқан БҰҰ-ның Терроризмге қарсы апталығының жұмысына белсенді қатысуда. Жоғары деңгейдегі конференция аясында Қазақстан Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймақтарынан қайтарылған азаматтарды елге қайтару, оңалту және қоғамға қайта бейімдеу саласындағы ұлттық тәжірибесін халықаралық қауымдастыққа таныстырды.Конференция қатысушыларының ерекше назарын Қазақстанға репатриацияланған азаматшалардың бірінің сөз сөйлеуі аударды. Ол Жоғары деңгейдегі конференцияның пленарлық отырысына арнайы қонақ ретінде қатысып, елге оралғаннан кейінгі өмірі, қоғамға қайта бейімделуі және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау туралы жеке тәжірибесімен бөлісті. «Мемлекеттің қолдауының арқасында менің өмірім қалыпты арнаға түсті. Балаларым білім алып жатыр, ал мен өзімнің шағын кәсібіммен айналысуға мүмкіндік алдым», – деп атап өтті ол. Бұл сөз Қазақстанның қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды қоғамға қайта кіріктіру жөніндегі кешенді тәсілінің нақты нәтижелерін айқын көрсетті.Терроризмге қарсы апта аясында Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясына тоғызыншы шолу жасаудың қорытынды құжатын әзірлеу жөніндегі келіссөздерге де қатысуда. Аталған құжат Жоғары деңгейдегі конференцияның қорытындысы бойынша қабылданады деп күтілуде.Іс-шара аясында Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесіп «Қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, оңалту және қоғамға қайта бейімдеу саласындағы Орталық Азия тәжірибесі» тақырыбында арнайы сайд-ивент өткізеді. Сонымен қатар, БҰҰ құрылымдарының өкілдерімен және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшылармен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.Қазақстан делегациясы сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен серіктес мемлекеттер, оның ішінде Ресей мен Ямайка ұйымдастыратын бірқатар тақырыптық сайд-ивенттерге спикер ретінде қатысуға шақырылды.Анықтама үшін: Қауіпсіздік мақсатында аты-жөні жарияланбайтын репатриант әйел және оның төрт баласы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен жүзеге асырылған «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Қазақстанға қайтарылды.«Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операцияларының нәтижесінде Қазақстанға 700-ден астам азамат қайтарылды. Олардың басым бөлігін әйелдер мен балалар құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1250104?lang=ru
Резидент еместерге маркетингтік қызметтер көрсету: ҚҚС қолдану ерекшеліктері 12.07.2026
Қазақстандық компания Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияға маркетингтік қызметтер көрсеткен кезде қызметті өткізу орны қызмет алушының орналасқан жері бойынша айқындалады.Егер маркетингтік қызметтер ресейлік компанияға көрсетілсе, онда олардың өткізу орны Ресей Федерациясының аумағы болып танылады. Бұл жағдайда мұндай айналым Қазақстан Республикасында ҚҚС салу объектісі болып табылмайды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін мәмілені сүйемелдеу жөніндегі қызметтер Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген болып есептеледі және жалпы белгіленген тәртіпте ҚҚС-қа жатады.Маркетингтік қызметтер бойынша Қазақстан Республикасында ҚҚС салынбайтын операциялар бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеу кезінде орындалған жұмыстар актісінде «ҚҚС-сыз» деген белгі қойылады. ҚҚС салынатын қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерлеме қолданылады.Қызметтерден түсетін табыстар салықтық есептілікте Салық кодексінің талаптарына сәйкес көрсетіледі, ал корпоративтік табыс салығы мақсатында олар жиынтық жылдық табыс құрамында ескеріледі. Мұндай табысты алуға байланысты шығыстар растайтын құжаттар болған жағдайда шегерімдерге жатқызылады.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250110?lang=ru
Қорғаныс министрінің орынбасары елдің шығысындағы гарнизондарға жұмыс сапарымен барды 12.07.2026
Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Джумакеев Шығыс Қазақстан өңіріне жұмыс сапарымен барып, Аягөз және Өскемен гарнизондарындағы әскери бөлімдердің қызметін тексерді. Шығыс Қазақстан облысындағы әскери лазаретте болған генерал-майор Алмаз Джумакеев емдеу процесінің ұйымдастырылуымен танысып, әскери қызметшілерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына ерекше назар аударды. Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде Қорғаныс министрінің орынбасары материалдық-техникалық базаның жай-күйін және жауынгерлік даярлық сабақтары өткізілетін оқу полигонындағы оқу-жаттығу нысандарын жан-жақты бағалады. Сонымен қатар әскери қызметшілердің тамақтануы, тұрмыстық жағдайы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілді.Аягөз гарнизонында ол 10810, 36376, 16443 әскери бөлімдері мен «Оңтүстік» әскери қалашығында болып, тұрғын үй қорының жай-күйімен танысты. Ал 97616 және 10181 әскери бөлімдерінде бөлімдерді қайта орналастыру мәселелері қолбасшылықпен талқыланды. «Майлино» полигонындағы казарма ғимаратын аралау барысында генерал-майор Алмаз Джумакеев оны күрделі жөндеуден өткізу жөнінде тапсырма беріп, нақты нұсқаулар жүктеді.Инспекция қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары гарнизон басшылығы мен әскери бөлім командирлеріне әскери инфрақұрылымды жетілдіру, тылдық қамтамасыз ету жүйесін нығайту және әскери қызмет өткеру жағдайларын жақсарту бағытында нақты міндеттер қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1249994?lang=ru
Алматыда журналистерге арналған «Әскери дискурс – 2026» практикалық семинары басталды 12.07.2026
Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге арналған «Әскери дискурс – 2026» экстремалды журналистика бойынша практикалық семинары өз жұмысын бастады.Төрт күн бойы қатысушылар Арнайы операциялар күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде оқу-жаттығудан өтеді. Бағдарлама аясында олар төтенше жағдайлар мен қарулы қақтығыстар кезінде журналистің жұмыс ерекшеліктерімен танысып, дағдарыс жағдайларында қауіпсіз қызмет атқаруға қажетті білім мен практикалық дағдыларды үйренеді. Семинар бағдарламасы теориялық дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтиды.Алғашқы күні қатысушылар Алматы қаласына келіп, әскери бөлім аумағына орналасып, кіріспе брифингке қатысты. Қорғаныс министрлігінің өкілдері семинар бағдарламасымен таныстырып, қауіпсіздік талаптары бойынша міндетті нұсқама өткізді.Семинар барысында журналистерді қарулы қақтығыс аймақтарында жұмыс істеуге даярлау, барынша қауіпті жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету, жаппай тәртіпсіздік кезінде жария ету ерекшеліктері, оған қоса экстремалды жағдайда әрекет ету, аман қалу және тұтқынға түскен кездегі мінез-құлық қағидалары төңірегінде сабақтар өткізілмек.Практикалық бөлім арнайы жабдықталған оқу алаңдарында ұйымдастырылып, имитациялық құралдар, әскери техника және тактикалық дайындық элементтері пайдаланылады. Қатысушылар тәжірибелі әскери нұсқаушылардың жетекшілігімен барынша шынайы жағдайға жақындатылған ортада іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайды.Семинар соңы қорытындылау рәсімімен аяқталып, белсенді қатысушылар марапатталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1250005?lang=ru
Мемлекеттік кірістер органдары республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті 12.07.2026
2026 жылғы 26 маусымда Петропавл қаласында Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында республикалық спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті.Жарысқа бес команда қатысты:* Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (орталық аппарат);* Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;* Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;* Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;* Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.Ашылу салтанатты рәсіміне өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары және мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Бауыржан Құлжанов қатысты.Би ансамблінің өнері қатысушыларға мерекелік көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйлады.Қатысушылар шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және киберспорт түрлері бойынша өздерінің спорттық шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетті.Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:Шағын футбол бойынша:* 1-орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы;* 2-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 3-орын – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Волейбол бойынша:* 1-орын – Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;Сонымен қатар, Ақмола командасы «Үздік шабуылшы» номинациясында - Нұрсұлтан Өмірзақ. «Үздік ойыншы» - Сергей Рудь, «Үздік байланыстырушы» - Қайрат Исимбаев марапатталды.* 2-орын – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 3-орын – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Шахмат бойынша:* 1-орын – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 2-орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы;* 3-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Dota киберспорты бойынша:* 1-орын – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 2-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 3-орын – Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Үстел теннисі бойынша:* 1-орын – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы;* 2-орын – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы;* 3-орын – Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы.Спартакиаданың барлық қатысушылары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!Жарыстар спорттың, достықтың және бірліктің нағыз мерекесіне айналып, қатысушыларға жарқын әсерлер, жаңа жетістіктер мен лайықты жеңістер сыйлады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1249976?lang=ru
«ЭШФ» АЖ-дағы биометриялық сәйкестендіру: қорғау мен ашықтықты қамтамасыз ететін қосымша шара 12.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті цифрлық технологиялар бүгінде күнделікті өмірдің түрлі салаларында, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу және банк секторында кеңінен қолданылатынын хабарлайды. Дербес деректерді қорғаудың және алаяқтық тәуекелдерін төмендетудің тиімді құралдарының бірі – биометриялық сәйкестендіру.Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру шеңберінде салық процестерінің ашықтығын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи шешімдер енгізілуде.2024 жылғы ақпаннан бастап «ЭШФ» ақпараттық жүйесінде тәуекел санатына жатқызылған салық төлеушілерге қатысты пилоттық режимде биометриялық сәйкестендіру қолданылды. Пилоттық жоба 2025 жылдың соңында аяқталып, аталған тетіктің тиімділігін растады.Осыған байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде салықтық әкімшілендіру шеңберінде биометриялық сәйкестендіруді қолдану мүмкіндігі көзделген.Биометриялық сәйкестендіруді қолдану қызметіне басшылары нақты бақылау жасамайтын компаниялардың жалған электрондық шот-фактураларды ресімдеу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тетік көлеңкелі айналымды қысқартуға, салық рәсімдерінің ашықтығын арттыруға және адал бизнесті сенімсіз контрагенттермен өзара іс-қимылдан қорғауға ықпал етеді.Сәйкестендіруден өту рәсімі қарапайым әрі ыңғайлы. Компания басшылары биометриялық сәйкестендіруден компьютер арқылы немесе мобильді қосымшаны пайдалану арқылы «ЭШФ» ақпараттық жүйесінде өте алады. Бұл ретте пайдаланушының орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде де сәйкестендіруден өтуге болады.Биометриялық сәйкестендіру тек тәуекел белгілері бар салық төлеушілерге ғана қолданылатынын атап өткен жөн. Адал салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін «ЭШФ» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу тәртібі өзгеріссіз қалады.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге өздері пайдаланатын ақпараттық жүйелердегі ақпаратты уақтылы бақылап, салық заңнамасының талаптарын сақтауды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1249964?lang=ru
Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қалай тапсыруға болады? 12.07.2026
Салық төлеушінің кабинетіне кіріңіз.- «Құжат тапсыру» бөліміне өтіңіз.-Іздеу жолағына «Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш» мәтінін енгізіп, тиісті өтініш нысанын таңдаңыз.- Ашылған нысанды таңдап, қажетті мәліметтердің барлығын толтырыңыз.- Мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, өтінішті жіберіңіз.- Өтініш жіберілгеннен кейін оның мәртебесін Салық төлеушінің кабинетінде бақылауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1250408?lang=ru
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру 12.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 723-бабында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы екенін хабарлайды.ЖЭҚТЖ 68201 «Өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару» қызмет түрі осы арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейді. Сондықтан өз меншігіндегі жылжымайтын мүлікті жалға беру, оның ішінде басқа елді мекенде орналасқан мүлікті жалға беру, өздігінен жалпыға бірдей салық салу тәртібіне көшуге негіз болып табылмайды.Мүлікті жалға беруден түсетін табыстар арнаулы салық режимі шеңберінде салық салынатын табыстар құрамында көрсетіледі және жеке кәсіпкердің тіркелген жері бойынша ұсынылатын 910.00 нысанындағы жеңілдетілген декларацияға енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1253165?lang=ru
📩 Ақпараттық-профилактикалық сипаттағы салық органының хабарламалары: нені білу маңызды? 12.07.2026
[15:29, 29.06.2026] .: 📩 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 82-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушілерге ақпараттық-ескертпелік сипаттағы хабарламалары жолдайды. Олардың негізгі мақсаты – салық төлеушілерді салық міндеттемелері, анықталған сәйкессіздіктер немесе белгілі бір әрекеттерді орындау қажеттілігі туралы уақтылы хабардар ету, сондай-ақ бұзушылықтарды өз бетінше жоюға немесе тиісті түсіндірмелер ұсынуға мүмкіндік беру.Мұндай хабарламаларға мыналар жатады:✅ есептелген мүлік салығының сомасы туралы;✅ салық органы есептеген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасы туралы;✅ қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін есептелген төлем сомасы туралы;✅ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы;✅ тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы;✅ салық органында тіркеу есебіне қою туралы;✅ оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы;✅ тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы.📌 Хабарламаларды орындау мерзімі.Ақпараттық-ескертпелік сипаттағы хабарламаларды орындаудың жалпы мерзімі, егер салық заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар табыс етілген күннен кейінгі 30 жұмыс күнін құрайды.✅ тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.Ал оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы хабарлама мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарламаның орындау мерзімі белгіленбейді, өйткені олар ақпараттық сипатқа ие.📌 Салық органының хабарламаларымен уақытылы танысып, оларды белгіленген мерзімде орындау салық берешегінің туындауына, салықтық әкімшілендіру шараларының қолданылуына және салық органдарымен туындауы мүмкін даулардың алдын алуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1249912?lang=ru
Кедендік декларациядағы қателерді түзетуге бола ма? 12.07.2026
Иә, заңнамада кедендік декларацияда көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға мүмкіндік қарастырылған.Тауарлар шығарылғанға дейін декларант кеден органының рұқсатымен декларацияға өзгерістер енгізе алады, егер кедендік бақылаудың жекелеген рәсімдері басталмаған болса. Сондай-ақ техникалық қателерді, грамматикалық қателерді түзетуге және тауардың орналасқан жері туралы мәліметтерді нақтылауға жол беріледі.Тауарлар шығарылғаннан кейін де заңнамада көзделген жағдайларда декларацияны түзету арқылы өзгерістер енгізуге болады.Маңызды: енгізілетін өзгерістер бұрын мәлімделген тауарды басқа тауармен ауыстыруға негіз болмауы тиіс.Егер кеден органы мәліметтерді түзетуді талап ететін бұзушылықтарды анықтаса, декларант белгіленген мерзімде тиісті өзгерістерді енгізуге міндетті.Мәліметтерді уақтылы түзету кедендік рәсімдеу кезіндегі кідірістердің алдын алуға және жауапкершілікке тартылу тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1254349?lang=ru
Абыз - баба Әлмерек 368 жыл, Қымызмұрындық 2026 өтті. 12.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1249909?lang=ru
Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелі бар салық төлеушілер үшін биометриялық сәйкестендіруді енгізді 12.07.2026
Цифрлық технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде биометриялық сәйкестендіру мемлекеттік қызметтерді алу кезінде және банк саласында кеңінен қолданылып, дербес деректердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді әрі алаяқтық тәуекелдерін төмендетеді.        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің ашықтығын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді.        2024 жылғы ақпаннан бастап «Электрондық шот-фактуралар» (ЭШФ) ақпараттық жүйесінде тәуекел санатына жатқызылған салық төлеушілер үшін биометриялық сәйкестендіру пилоттық режимде қолданылды. Пилоттық жоба 2025 жылдың соңында аяқталып, аталған тетіктің тиімділігін растады.       Осыған байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде салықтық әкімшілендіру шеңберінде биометриялық сәйкестендіруді қолдану мүмкіндігі көзделген.        Биометриялық сәйкестендіруді пайдалану қызметіне олардың басшылары іс жүзінде бақылау жасамайтын компаниялардың жалған электрондық шот-фактураларды рәсімдеу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл көлеңкелі айналымды қысқартуға, салықтық процестердің ашықтығын арттыруға және адал бизнесті жосықсыз контрагенттермен өзара іс-қимыл жасаудан қорғауға ықпал етеді.       Сәйкестендіру рәсімі барынша қарапайым әрі ыңғайлы. Компаниялардың басшылары оны компьютер арқылы «ЭШФ» ақпараттық жүйесінде немесе мобильді қосымша арқылы өте алады. Сәйкестендіру пайдаланушының орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде де қолжетімді.       Биометриялық сәйкестендіру тәуекел белгілері бар салық төлеушілерге ғана қолданылатынын айта кету қажет, . Адал салық төлеушілердің басым бөлігі үшін «ЭШФ» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу тәртібі өзгеріссіз қалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1251103?lang=ru
ҚР ҚМ МКК 2026 жылдың I тоқсаны бойынша банк операцияларында кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жеке тұлғаларға ақпараттық хаттар жолдай бастады. 12.07.2026
📩Хат келесі үш шарт бір мезгілде орындалған азаматтарға жолданады:🔹 қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында жеке банк шотына 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түскен;🔹 банк шоты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған;🔹 көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асқан.⚠️ Маңызды!Мұндай хатты алу жауапкершілікке тартылғаныңызды білдірмейді. Бұл – қызметіңізді салық заңнамасының талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпараттық-түсіндіру сипатындағы хабарлама.👨‍💼 Егер сіз іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыссаңыз, онда:✅ жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз қажет (егер әлі тіркелмеген болсаңыз);✅ алынған табысты тиісті салық есептілігінде көрсетуіңіз керек;✅ салық міндеттемелерін уақтылы орындауыңыз қажет.📑 Қандай салық есептілігін тапсыру керек?👤 Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болсаңыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдансаңыз (мобильді қосымшада чектер қалыптастырылмаған табыс бойынша):📄 2026 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру қажет.🗓️ Декларацияны тапсыру мерзімі:2027 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін.💰 Жеке табыс салығын төлеу мерзімі:2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін.🏢 Егер сіз жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер болсаңыз:📄 табыс 2026 жылға арналған кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясында (220.00-нысан) көрсетіледі.🗓️ Тапсыру мерзімі:2027 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін.💰 Салық төлеу мерзімі:2027 жылғы 10 сәуірге дейін.2 дн.📊 Егер сіз оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдансаңыз:📄 табысты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған 910.00-нысан бойынша декларацияда көрсету қажет.🗓️ Декларацияны тапсыру мерзімі:2026 жылғы 1 шілдеден 15 тамызға дейін.💰 Салық төлеу мерзімі:2026 жылғы 25 тамызға дейін.❓ Егер сіздің қызметіңіз кәсіпкерлік сипатқа ие болмаса немесе алынған хатқа қатысты сұрақтарыңыз болса, МКК келесі мекемелерге жүгінуді ұсынады:📞 1414 байланыс орталығына;🏛️ мемлекеттік кірістер органдарына.📌 Назар аударыңыз: салық міндеттемелерін уақтылы орындау салықтық әкімшілендірудің кейінгі рәсімдерін болдырмауға мүмкіндік береді.Егер салық заңнамасының талаптары орындалмаса, салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жолдануы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1249878?lang=ru
Тауарларды өткізу бойынша айналымның жасалу күні: нені ескеру маңызды 12.07.2026
Тауарларды өткізу бойынша айналымның жасалу күнін салық салу мақсатында айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 460-бабында белгіленген арнайы тәртіп қолданылады.Егер шартта тауарды жеткізу міндеттемесі сатушыға жүктелген болса, айналым жасалған күн болып тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға берген күн немесе тауарды сатушының көлік құралына тиеген күн танылады.Егер шартта жеткізу міндеттемесі көзделмесе, айналым күні тауарды беру фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн немесе азаматтық заңнамаға сәйкес тауарды сатып алушының иелігіне берген күн бойынша айқындалады.Шот-фактураны толтыру кезінде «Айналым жасалған күні» жолында Салық кодексінің 460-бабына сәйкес айқындалған күн көрсетіледі.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1249862?lang=ru
Қостанай облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді 12.07.2026
Қостанай облысында жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік білім алуға ынталандыру және кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты түрде төмендеп отыр.Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында елімізде «Әділетті Қазақстан – баршаға және әркімге арналған» жол картасы іске асырылуда. Құжатқа сәйкес 2030 жылға дейін республика бойынша 3,3 миллионнан астам азаматты жұмыспен қамту көзделген. Оның кемінде 2,2 миллионы жастар болуы тиіс.Қостанай облысында соңғы бес жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден де төмен. Өңірде жастарды еңбек нарығына бейімдеу, тұрақты жұмыс орындарына орналастыру және кәсіптік әлеуетін арттыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп 5 мыңға жуық жас жүгінген. Соның ішінде 3,5 мыңға жуығы жұмыспен қамтылды. Жастардың бір бөлігі субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілсе, енді бірі қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтті. Сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, өз ісін бастауға мүмкіндік алды.2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 2 653 жас жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның 430-ы белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысып жатыр, ал 1 246 азамат жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуда.Соңғы үш жылда 16–35 жас аралығындағы тіркелген жұмыссыз жастар саны екі еседен астам қысқарды. Егер 2022 жылы жұмыспен қамту органдарында 7 458 жас жұмыссыз ретінде тіркелсе, бүгінде олардың саны 3 482 адамға дейін азайды. Бұл еңбек нарығындағы оң өзгерістер мен мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін көрсетеді.Өткен жылы облыста 13,8 мың жас жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Олар әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, жастар практикасына қатысты, кәсіптік білім алып, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік негіздерін оқып, мемлекеттік гранттарға ие болған жастардың қатары артты.Алдағы кезеңде тұрақты жұмыс орындарын құруды жалғастыру, жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға дейін сапалы сүйемелдеу, сондай-ақ жастарды кәсіптік оқытуға, еңбек нарығының белсенді шараларына және кәсіпкерлікке кеңінен тарту жұмыстары жалғасады. Бұл шаралар жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың тұрақты жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1249845?lang=ru
Карцагша қой етінен қуырдақ жасау фестивалі туралы 12.07.2026
Карцаг, 2026 жылғы 27 маусым – Мажарстандағы қыпшақтардың «астанасы» - Карцаг қаласында дәстүрлі қой етінен қуырдақ жасау фестивалі өтті. Елшілік шараның құрметті қонағы ретінде қатысты. Елші Абзал Сапарбекұлы қала мэрі Тибор Сепешимен, Мажарстан Мемлекеттік жиналысының (Парламент) депутаты, «Мажар қыпшақтары одағының» төрағасы Шандор Ф.Ковачпен және Яс-Надькун-Солнок облыстық мәслихатының төрағасы Габор Фазекашпен сұхбаттасып, қазақ-мажар мәдени байланыстарының, әсіресе халықтық дипломатияның маңыздылығына тоқталып өтті. Мажарстан мен Қазақстан, әсіресе осы өңірде тығыз орналасқан қыпшақтар мен қазақтар арасындағы терең тарихи тамыры бар бауырластық байланыстардың маңызы аталып өтіліп, дәстүрлі байланыстарды одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екендерін білдірді.Фестиваль, 2009 жылдан бері «Куншаг қой еті бұқтырмасының карцагша дәстүрі» ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұралар ұлттық тізіміне енгізілген Мажарстанның Алфөльд (Жазық дала) өңірінің айрықша гастрономиялық шарасы. Қой етінен қуырдақ жасау фестивалі осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отыр. ҚР Елшілігі ұзақ жылдардан бері фестивальдің құрметті қонағы ретінде қатысып, фестиваль жеңімпаздарына Елшіліктің арнайы қоғамдық жүлдесі табысталып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1249832?lang=ru
Қазақстандық делегация сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Моңғолияға жұмыс сапарымен барды 12.07.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 17-19 маусым – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастаған қазақстандық делегация Моңғолияда жұмыс сапарымен болды.Сапардың мақсаты Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ инвестициялық және өнеркәсіптік әріптестіктің жаңа бағыттарын пысықтау болды.Сапар аясында Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаярмен, Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорын Дамдинняммен, Экономика және даму министрлігінің мемлекеттік хатшысы Идэшийн Батхүүмен кездесулер өтті.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, көлік-логистика бағыттарын дамытуды, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды, тауар айналымын арттыруды, бизнес үшін кедергілерді жоюды, сондай-ақ қаржы, өнеркәсіп және тау-кен салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1249833?lang=ru
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жаңа құралдары 12.07.2026
        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 24 - 26 маусым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жаңа құралдары» тақырыбына Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.         Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сервистік моделін құруда адамға бағытталған тәсілді дамыту.     Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.     Семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:     - Айымгуль  Кайратовна   Тургумбаева  - Комитеттің Цифрландыру департаменті  «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары;     - Гульжанат Жоламановна Жакаева – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы  басшысының орынбасары;     - Анар Нурлубековна  Есполова - Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы  басшысының орынбасары;    – Айгуль Дарбаевна Батырбекова – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас сарапшысы;     - Жанат Каркенқызы Айсекенова - Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас сарапшысы қатысты.      Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.     Іс-шара қорытындысы бойынша 206 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттар алды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1249836?lang=ru
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 12.07.2026
«Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ - табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар, қызметтік мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін,өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу, оларды қалпына келтіру болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесінің № 294 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қорықты құру мақсаты – Қазақстанның Оңтүстік-Батысындағы шөлдік аймақтың табиғи кешендерін табиғи күйінде сақтап қалу.Қорықтың жұмысы үш бағыт бойынша орындалады:- қорықтың аумағын қорғау, қорғалатын табиғи кешендердің табиғи күйінде сақталуын қолдау;- табиғат жылнамасын жүргізу арқылы экологиялық мониторинг жүргізу, ғылыми зерттеулер жүргізу;- жергілікті халыққа экологиялық ағарту жұмыстары арқылы табиғат қорғауды насихаттау;Қорық аумағы Үстірт платосының батыс шыңдарының бір бөлігін, платоның енсіз жолағын және кең ойысты (Кендірлі сор) алып жатыр. Әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша қорық Маңғыстау облысы Қарақия ауданының жерінде орналасқан. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Арал-Каспий суайырығының аумағындағы Үстірт жонының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның аумағы ендік бағытта ең жалпақ бөлігі 43 км-ге (шығыс бойлығы 54˚ 09' бастап, 54˚ 55' дейін), меридиандық бағытта – 95 км-ге (1942 ж. координаталар жүйесі бойынша солтүстік ендігі 42˚ 34' - 43˚ 23') созылған. Қорықтың жалпы ауданы 223 342 га құрайды. Ол Үстірттің Батыс шыңдарының оңтүстік бөлігін (солтүстік-батыста Мәмекқазған құдығынан бастап, оңтүстікте Қызылсай шатқалына дейін), оған жалғасып жатқан Үстірт жонының жіңішке шыңды жолағын, Қарынжарық – Кендірлі-сор ойпатының шығыс бөлігі мен Карынжарық құмды алқабының фрагменттерін, сонымен қатар, Қарамая тауын қамтиды. Қорықтың ең биік нүктесі Көкесем құдығы ауданындағы Үстірттің Батыс жонында (теңіз деңгейінен +340 м биіктікте), ең төменгі нүктесі Кендірлі сордың солтүстік бөлігінде (-52 м) орналасқан.Жер бедері мен топырақтың әртүрлілігінен қорықтың флорасы мен фаунасы алуан түрлі болып келеді: қазіргі уақытта оның аумағында өсімдіктердің 403 түрі, сүтқоректілердің 33, құстардың 174, бауырымен жорғалаушылардың 15, қосмекенділерден 1 түр тіркелген.Соның ішінде ҚР Қызыл кітабына: өсімдіктерден-майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, бор рияңы, құстардан – кішкене аққұтан, жалбағай, қарабай, қоқиқаз, жыланжегіш қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, сақалтай, жұртшы, ителгі, лашын, тазтырна, жекдуадақ, қарабас өгіз шағала, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, үкі; бауырымен жорғалаушылардан: Палассов қарашұбар жыланы; сүтқоректілерден: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, итаю, сабаншы, шұбар күзен, шағыл мысығы, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы, ақбауыр жарқанат енген.Қорықтың әкімшілік ғимараты Жаңаөзен қаласында орналасқан. Қорық әкімшілігіне ең жақын шекара нүктесі 130 км және облыс орталығы Ақтау қаласы 150 км жерде орналасқан. Қорық аумағына Жаңаөзен қаласынан Қызылсай ауылынына (22 км), әрі қарай Бекет Ата грейдерімен (94 км), содан кейін шығысқа қарай Балуанияз Ата қорымына дейін (40 км), қорымнан 1,5 км жерде Мәмекқазған кордоны орналасқан. Қорықтың оңтүстік шекарасына Жаңаөзен қаласынан Құланды ауылына (15 км), әрі қарай Кендірлі-Қаясан дөңі арқылы қорықтың кордоны орналасқан Өнере жеріне дейін (120 км). Қорық аумағына ең жақын орналасқан елді мекен Аққұдық ауылы(30 км).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1249837?lang=ru