Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыратын кәсіпорындар үшін ҚҚС-тан босату

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыратын кәсіпорындар үшін ҚҚС-тан босату

12.07.2026 20:50:58 186

Жеңілдікті қолдану үшін қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51%-ын мүгедектігі бар адамдар құрауы және олардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жалпы еңбекақы қорының кемінде 51%-ын құрауы туралы талапты сақтау жеткіліксіз.

Сонымен қатар, бір мезгілде тағы екі шарт орындалуы тиіс:

мүгедектігі бар қызметкерлердің саны кемінде 10 адам болуы тиіс;

тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер олардың тікелей қатысуымен өндіріліп (көрсетіліп) отыруы қажет.

Аталған талаптардың барлығы тек іске асыру тоқсанында ғана емес, сондай-ақ одан бұрынғы төрт салықтық кезең ішінде де сақталуына ерекше назар аудару қажет. ҚҚС бойынша салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылатындықтан, шарттар тиісті тоқсандардың әр айында орындалуы тиіс.

Егер осы кезеңдердің кез келгенінде мүгедектігі бар қызметкерлердің саны 10 адамнан аз болса, ҚҚС-тан босату құқығы берілмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250114?lang=ru