Enbekshi QazaQ

Қоғам

Тарихта алғаш рет: Ұлттық ұлан Академиясының жас офицерлері қызметке кіріспей тұрып-ақ «аға лейтенант» шенін алды 06.07.2026
Петропавл қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Академиясы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Биыл еліміздің күштік құрылымдарының қатары 150-ден астам жас офицермен толықты. Олардың қатарында халықаралық ынтымақтастық аясында білім алған Тәжікстан Республикасының өкілдері де бар.Биылғы түлектер шығарылымы оқу орнының тарихына ерекше оқиға ретінде енді. Академия тарихында алғаш рет бірден бес түлек қызмет өткеру орнына аттанбай тұрып-ақ «аға лейтенант» әскери шеніне ие болды. Олардың үшеуіне офицерлік погондарды Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстаса, тағы бірі Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың қолынан алды. Ал Тәжікстан Республикасының өкіліне түлектер шығарылымы рәсімінде берілді.Салтанатты шараға құқықтық тәртіп әскерлерінің қолбасшылығы, ардагерлер, профессорлық-оқытушылық құрам, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.Биылғы рәсім әскери дәстүрлерді, заманауи технологияларды және ұлттық тарих элементтерін ұтымды үйлестірді. Іс-шараның ең әсерлі көріністерінің бірі қазақ даласының даңқты батырларына арналған театрландырылған қойылым болды. Көрініс Отан қорғаушылар сабақтастығын және әскери қызметтің рухани бастауларын айшықтай түсті.Мерекелік кештің ерекше сәнін «Ұлан рухы» әнінің тұсаукесері келтірді. Жаңа туындыны Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің солистері мен Академияның жеке құрамы бірлесіп орындады. Ән орындалған сәтте көкке Мемлекеттік Ту мен Ұлттық ұланның туын алып шыққан төрт дрон көтерілді. Бұл көрініс құқықтық тәртіп әскерлерінің қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының кеңінен пайдаланылып жатқанын айшықтады.Салтанатты рәсім құрама әскери оркестрдің және Құрмет қарауылы ротасы әскери қызметшілерінің өнер көрсетуімен сүйемелденді. Қару-жарақтың жарқылымен көмкерілген саптық дефиле барысында ұландықтар жоғары жауынгерлік машықтарын паш етіп, қойылымды Ұлттық ұлан рәмізінің әсерлі көрінісімен түйіндеді.Дәстүр бойынша мереке офицерлер вальсімен аяқталды. Вальс кезінде жас лейтенант Батырхан Абылденов сүйіктісіне көпшілік алдында үйлену туралы ұсыныс жасады. Осы қуанышты сәтке куә болған қаруластары, командирлері мен қонақтар жас офицердің батыл қадамын қолпаштады. Бұл махаббат оқиғасы түлектер үшін де, қонақтар үшін де ұмытылмас сәт болып қалды.Ұлттық ұлан Академиясы еліміздегі жетекші әскери жоғары оқу орындарының бірі болып қала береді. Осы уақытқа дейін оқу орны төрт мыңнан астам офицер даярлап шығарды. Бүгінде олар Ұлттық ұлан мен Қазақстанның өзге де күштік құрылымдары қатарында абыройлы қызмет атқарып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1245115?lang=ru
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, азот зауытын жаңғырту, кинологтар даярлау: Серік Жұманғарин Ауғанстанның ішкі істер министрі Сираджуддин Хакканимен кездесті 06.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кабулға ресми сапары шеңберінде Ауғанстанның ішкі істер министрі Сираджуддин Хакканимен кездесу өткізді.Ауғанстанның ішкі істер министрі Қазақстанға және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауған халқына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзара сенім мен құрметтің, сындарлы іс-қимылдың маңызды екенін атап өтті.Серік Жұманғарин де өз тарапынан Ауғанстан Қазақстанның Орталық және Оңтүстік Азиядағы маңызды әріптесі екенін жеткізді. Қазіргі уақытта екі елдің бейінді ведомстволары есірткі бизнесі мен экстремизм секілді трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін пысықтауда. Қазақстандық тарап тікелей байланыс орнатуда тиісті ынтымақтастық туралы меморандум жасауға дайын екендігін білдірді. Вице-премьердің айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сауда-экономикалық байланысты кеңейтудің, инвестиция тарту мен бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі факторының бірі.Тараптар кинологиялық қызмет мамандарын даярлау саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды. Серік Жұманғарин бұған дейін ауған тарапы екі елдің есірткіге қарсы бөлімшелері арасында тәжірибе алмасу жөнінде бастама көтергенін еске салды. Осыған байланысты Қазақстан ІІМ Алматыдағы ІІМ Кинологиялық орталығының базасында ауған кинологтарын оқытуды ұйымдастыруға дайын. Қазақстан биыл бес маман даярлап шығарса, келесі жылы ауған тарапына бес қызметтік ит беруді ұсынып отыр.Кездесу барысында Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің қарамағындағы Мазари-Шарифтегі азот өндіру зауытын жаңғыртуға қазақстандық мамандардың қатысуы талқыланды. Қазақстандық инженерлер кәсіпорынға барған болатын. Келесі кезеңде нысанға техникалық тексеру жүргізіледі. Жабдықты жаңғырту қажеттілігі анықталып, жұмыс құны бағаланады. Қазақстандық кәсіпорындар өндірісті технологиялық жаңарту, инжиниринг, жабдық жеткізу мен іске қосу, жөндеу жұмысын сүйемелдеу саласында қажетті құзыретке ие. Осыған байланысты тараптар жобаны қаржыландыру, міндеттемені орындау кепілдігі, сондай-ақ логистиканы, мамандардың өндірістік алаңға қол жеткізуі мәселесін талқылады.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендерін растап, қауіпсіздік кепілдігі, сенімді логистикалық қатынас, құқық қорғау органдарымен жедел өзара іс-қимыл ұзақмерзімді экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдай екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1245199?lang=ru
Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген салтанатты аттестат табыстау кешіне аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев қатынасып, мектеп бітірушілерді құттықтады. 06.07.2026
Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген салтанатты аттестат табыстау кешіне аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев қатынасып, мектеп бітірушілерді құттықтады.Аудан әкімі кеш барысында «Алтын белгі» иегері және «Үздік аттестат» иегерлерін арнайы марапаттап, мақтау қағазы мен естелік сыйлық табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1245178?lang=ru
Таза мекен! 06.07.2026
20 маусым күні «Таза мекен» тақырыбы аясында мемлекеттік қызметкерлермен экологиялық сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында қатысушылар белгіленген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты тазартуға атсалысты.Іс-шараның мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Аталған шараға Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының атынан мекеме қызметкерлері де қатысты. Экологиялық шараға қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті насихаттау маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1245213?lang=ru
Қазақстан Елшілігі Эфиопияның «Жасыл мұра» бағдарламасына қатысты 06.07.2026
Аддис-Абеба, 2026 жылғы 21 маусым – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі «Жасыл мұра» («Green Legacy») ұлттық бастамасы аясындағы ауқымды экологиялық акцияға қатысты.Іс-шараға елдің атқарушы билік өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, еріктілер мен БАҚ өкілдері қатысты.«Жасыл мұра» бастамасы қоғам мен халықаралық серіктестерді инклюзивтілік пен ортақ болашақ идеяларының төңірегіне жұмылдыра отырып, экологиялық тұрғыдан орнықты мемлекет құрудың қуатты қозғаушы күші ретінде танылуда.Қазақстан Елшілігі Эфиопия Үкіметіне аталған бағдарламаға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді. Бұл қадам тұрақты дамуға, халықаралық серіктестікті нығайтуға және планетаның болашағына бірлесе қамқорлық жасауға бағытталған маңызды серпін болып табылады.Анықтама: 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Эфиопияда шамамен 48 миллиард көшет отырғызылды, ал үстіміздегі жылы тағы 8 миллиард көшет егу жоспарлануда.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1245119?lang=ru
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты А.Сағитов және аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Сәуле ауылында салынып жатырған жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып, жобаны уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. 06.07.2026
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты А.Сағитов және аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Сәуле ауылында салынып жатырған жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып, жобаны уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.Сонымен қатар кездесу барысында ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелері талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1245158?lang=ru
2027 – 2029 жылдарға бюджеттік бағдарлама паспортына қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы 06.07.2026
Біз 2027 – 2029 жылдарға бюджеттік бағдарлама паспортына қоғамдық талқылау басталғанын жариялаймыз.«Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ.Көру және талқылау үшін Сізге бюджеттік бағдарлама паспорты бойынша   сілтемелер берілген:001 Жергілікті  деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерhttps://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=23360638&budgetId=4319033Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1245179?lang=ru
ҚР-ға тауарларды ЭСФ-сіз импорттау: бизнеске не қауіп төндіреді? 06.07.2026
Қазақстанда импорттық тауарлармен жұмыс істейтіндердің барлығы үшін маңызды:⚠️ Электрондық шот-фактураны (ЭСФ) жазып бермей импорттау — заң бұзушылықЭСФ қашан міндетті:✅ Үшінші елдерден (ЕАЭО-ға кірмейтін) импорттау кезінде тауарды сатқан жағдайда✅ ЕАЭО елдерінен импорттау кезінде (Тізбедегі тауарлар үшін)✅ Импорттық тауарды кез келген өткізу — барлық төлеушілер (ҚҚС-пен және ҚҚС-сыз) ЭСФ жазып беруге міндетті2019 жылдан бастап импорттық тауарларды өткізу тізбегінің кез келген кезеңінде ЭСФ қажет⚡ Заң бұзушылықтың салдары (ҚР ӘҚБтК-нің 280-1 бабы):Бірінші рет бұзылған жағдайда:ЭСФ жазып бермеу → ЕскертуЖазып беруді кешіктіру → ЕскертуҚайталап бұзылған жағдайда (бір жыл ішінде):Жазып бермеу → 40–150 АЕК айыппұлКешіктіру → 20–100 АЕК айыппұл💰 2026 жылғы айыппұлдар (АЕК = 4 325 ₸):БизнесЭСФ жазып бермеуКешіктіруШағын173 000 ₸86 500 ₸Орта432 500 ₸216 250 ₸Ірі648 750 ₸432 500 ₸🔴 Қосымша тәуекелдер:❌ Тауарды ЭСФ-сіз әкелуге тыйым салу❌ ҚҚС-тан жалтарғаны үшін салықтық тексерулер❌ Тауарға ілеспе құжаттармен туындайтын мәселелер✅ Не істеу керек:Импорттау кезінде ЭСФ-ні белгіленген мерзімде жазып беріңізИмпорттық тауарды ЭСФ-сіз сатпаңызТізбедегі тауарларды әкету кезінде — Мемлекеттік кірістер органдарында (МКО) ЭСФ көшірмелерін куәландырыңыз💡 Қайталанған заң бұзушылықты күтпеңіз — айыппұл 650 000 ₸-ге дейін жетуі мүмкін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1245156?lang=ru
«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет байқауы 06.07.2026
«Отандастар қоры» шетелде тұратын этникалық қазақ балалары арасында «Қазақстан – менің көзіммен» атты халықаралық онлайн сурет салу шығармашылық байқауын жариялайды.Байқаудың мақсаты – балалардың Қазақстан туралы көзқарасын, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген арман-тілектерін шығармашылық арқылы бейнелеу, сондай-ақ олардың тарихи Отанымен рухани байланысын нығайту.👦👧 Қатысушылар: 12–17 жас аралығындағы, шетел азаматы болып табылатын этникалық қазақ балалары.📅 Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 тамызға дейін.📩 Жұмыстарды жіберу: oqbaiqau@gmail.com🏆 Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.Қазақстанды өз көзіңмен бейнеле және шығармашылығыңмен бөліс!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1272833?lang=ru
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді 06.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) нәтижелерін жария талқылау өткізілді.Іс-шара барысында Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері ұсынылды. Жария талқылауға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ мүдделі тұлғалар қатысты.Талқылау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды төмендету және жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ Департамент қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар қарастырылды.Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамның сенімін нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің маңыздылығын атап өтті.Жария талқылау барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде ескерілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1245078?lang=ru
Актив отырысында облыс әкімінің орынбасары таныстырылды 06.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Нұриддин Аманқұл таныстырылды.Мұрат Нәлқожаұлы жаңа орынбасарына өңірдің кәсіпкерлік, туризм және аграрлық әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды тапсырды.Нұриддин Аманқұлұлы 1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының магистрі.Еңбек жолын 2007 жылы Халықаралық саясат институтында сарапшы ретінде бастап, кейін мемлекеттік және халықаралық инвестициялық-қаржылық ұйымдарда жауапты қызметтер атқарған.2012-2018 жылдары «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінде департамент директоры, басқарушы директор және Ыстанбұл қаласындағы инвестициялық өкіл болған.2018-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінде шетелдік инвестициялар тарту басқармасын басқарды, сондай-ақ Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшілігінде бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында еңбек етті.2023 жылдың маусым айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы қызметін атқарды.Мәжілісте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев, облыс прокуроры, өңірлік инвестициялық штабтың тең төрағасы Ризабек Ожаров сөз сөйлеп, облыс әкімі орынбасарының жауапты қызметіне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1245008?lang=ru
№ 4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағыты шеңберінде түсіндіру профилактикалық іс-шара 06.07.2026
Ағымдағы жылғы 18 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары бойынша «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты шеңберінде кезекті түсіндіру-профилактикалық іс-шарасын өткізді.Кездесу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, парасаттылық қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өтті.Мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерге, сондай-ақ жақын туыстарының және олармен байланысты өзге де тұлғалардың бірлескен қызметі кезіндегі шектеулерге ерекше назар аударылды.Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан тартыну, сондай-ақ діни сенімдерді таңбау, бағыныстыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу және т.б. мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1244990?lang=ru
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша Аналитикалық анықтама 06.07.2026
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша   Кіріспе бөлімі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда айқындалған тәртіпке сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2026 жылғы 2 сәуірдегі №388 бұйрығы негізінде Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Департамент қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық жүйелер базасының деректері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуға жол берілетін өзге де мәліметтер негізінде жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері ретінде Департамент басқармаларының басшылары ұсынған мәліметтер пайдаланылды.Ішкі талдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру басқармасы қызметі бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.Аталған тәуекелдер бойынша әзірленген ұсынымдар қарау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментіне жолданды.Алайда, қарау нәтижесі бойынша ұсынылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою жөніндегі ұсынымдар Кедендік бақылау департаментінің 2026 жылдың 11 маусымындағы  № КГД-13-2-11/14030-ВН хатына сәйкес қолдау таппай, қабылданған жоқ.                                            II.Сипаттама бөлімі          Департамент қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында анықталған бірқатар тәуекелдер:  Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Тұрақты кедендік бақылау аймақтарының (КБА) жұмыс істеуінің бірыңғай қағидаларының болмауы тұлғалар мен жүктерді еркін өткізуге және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға жағдай жасайды.Ұсыныс (жою жолы):ҚР ӘҚБтК-нің 521-бабына өзгерістер енгізіп, кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы тұлғаларды өткізу ғана емес, сондай-ақ заңды негіздерсіз бөгде тұлғалардың (жолаушылар болып табылмайтын) кедендік бақылау аймағында болуы үшін әкімшілік жауаптылық белгілеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Құқықтық айқынсыздық бақылау рәсімдерін айналып өтуге және КБА режимін бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді.Ұсыныс (жою жолы):ҚР ҰҚК Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы №42/қе бұйрығына өзгерістер енгізіп, кедендік бақылау аймағы арқылы өтетін лауазымды тұлғалардың кедендік бақылаудан міндетті түрде өтуін белгілеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Бөгде тұлғалардың кедендік бақылау аймағына рұқсатсыз кіруі лауазымды тұлғалармен сөз байласуға және тауарларды заңсыз өткізуге жағдай жасайды.Ұсыныс (жою жолы):ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 404-бабында уәкілетті органның тиісті нормативтік құқықтық актіні әзірлеуі және қабылдауы үшін сілтемелік норма көздеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Әкімшілік заңнамадағы олқылықтарға байланысты КБА-да заңсыз болған тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартудың мүмкін болмауы.Ұсыныс (жою жолы):ҚР ӘҚБтК-нің 521-бабына өзгерістер енгізу арқылы кедендік бақылау аймағында заңсыз болу фактісі үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:КБА-да заңсыз болу үшін жауаптылықтың болмауы қайталама құқық бұзушылықтарға жағдай жасайды.Ұсыныс (жою жолы):Бөгде тұлғалардың кедендік бақылау аймағында заңсыз болуы немесе болуы фактісін ӘҚБтК-нің 521-бабының қолданылу аясына енгізу.     Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Уәкілетті органдардың кедендік бақылау аймағына кіруі мен өту тәртібінің белгіленбеуі әртүрлі құқық қолдану тәжірибесі мен теріс пайдалануға жағдай жасайды.Ұсыныс (жою жолы):Кодекстің 404-бабына өзгерістер енгізіп, уәкілетті органдардың кедендік бақылау аймағынан өту тәртібін бекіту. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Лауазымды тұлғалардың КБА шекарасынан өтуі кезінде міндетті бірыңғай бақылаудың болмауы тауарларды заңсыз өткізуге жәрдемдесу тәуекелін арттырады.Ұсыныс (жою жолы):ҚР ҰҚК Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы №42/қе бұйрығына өзгерістер енгізіп, кедендік бақылау аймағы арқылы өтетін лауазымды тұлғалардың кедендік бақылаудан міндетті түрде өтуін көздеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Лауазымды тұлғалардың қасақана немесе салғырттықпен кедендік бақылауды айналып өтуге жәрдемдесуі мемлекеттік шекара арқылы тауарлардың заңсыз өткізілуіне алып келеді.Ұсыныс (жою жолы):Кедендік бақылау аймағынан өту тәртібін қатаң регламенттеу және барлық тұлғаларға қатысты міндетті кедендік бақылау рәсімдерін енгізу. Бұл тауарларды заңсыз өткізу әрекеттерінің алдын алуға және мемлекеттік шекарадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.             АРБ басшысы                                                 А.С. Жаумытбаева Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1244993?lang=ru
KazAID пен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда 06.07.2026
Ағымдағы жылғы 19 маусымда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асановтың Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰАҒБО) Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары М. Сутуламен кездесуі өтті.Әңгімелесу барысында өкілдер су ресурстарын басқару және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұдан бөлек, тараптар KazAID-тің ықпал етуімен Қазақстан Республикасы тарапынан серіктес елдерге көрсетілетін гуманитарлық көмек туралы, сондай-ақ ҰАҒБО-ның қызметі туралы ақпарат ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1244987?lang=ru
eGov Mobile қосымшасында енді газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға болад 06.07.2026
eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды. Сервис контролерді күтіп, қағаз құжат толтыру қажеттілігін жояды. Қосымша түрде жіберілген көрсеткіштердің дұрыстығын жасанды интеллект тексереді.Бұған дейін газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн тек QazaqGaz Aimaq қосымшасы арқылы жолдауға болатын. Енді бұл мүмкіндік eGov Mobile ішінде қолжетімді, бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ. Сервис уақытты үнемдеуге және нақты көрсеткіштерге сүйене отырып газ төлемін дәлірек есептеуге мүмкіндік береді.Сервистің негізгі ерекшелігі – көрсеткіштерді жасанды интеллект арқылы автоматты тексеру. Жүйе есептегіштің фотосын енгізілген деректермен салыстырып, сәйкессіздіктерді жібермей тұрып анықтайды. Бұл қолмен енгізу кезіндегі дәлсіздіктерді болдырмайды, пайдаланушыны қате есептеулерден қорғайды және контролер тарапынан қосымша тексеру қажеттілігін азайтады.Сервисті пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасына кіру;«Сервистер» бөліміне өтіп, «QazaqGaz Aimaq» сервисін таңдау;деректерді ұсынуға келісім беріп, көрсетілген мәліметтерді тексеру;жеке шот нөмірін енгізу, жүйе оған тіркелген есептегіштер тізімін көрсетеді;қажетті есептегіш бойынша өзекті көрсеткіштерді енгізу;әр есептегіштің фотосын жүктеу, жасанды интеллект деректерді салыстырады;«Көрсеткіштерді жіберу» батырмасын басу.Сервиске қосымшаның басты бетіндегі арнайы баннер арқылы да өтуге болады.Көрсеткіштер ай сайын 25-інен келесі айдың 5-іне дейін қабылданады. Онлайн жолдау қолмен енгізу кезіндегі қателіктерді азайтады, газ тұтынуды дәлірек есепке алуға мүмкіндік береді және деректердің мемлекеттік цифрлық платформа арқылы қауіпсіз берілуін қамтамасыз етеді.Сервис Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «QazaqGaz Aimaq» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1244906?lang=ru
Баспасөз хабарламасы. 2026 жылдың 26 маусымында 9:30,11:00, 14:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. 06.07.2026
Іс-шараның тақырыбы: «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау». Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.  Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуді сұраймызEvent-совещание/Event- жиналыс/Event meeting:Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Адрес совещания для регистрации/Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration:Регистрация (RU)Тіркелу (KZ)Registration (EN)Дата и время/Күні мен уақыты/Date and time:09:30 - 10:30 пятница, 26 июня 2026 г. (UTC+05:00) Астана11:00 – 12:00 жұма,   26 маусым 2026 ж. (UTC+05:00) Астана14:00 – 15:00 пятница,26 июня 2026 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number:2512 657 64402517 224 17642519 850 5069Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі/ Event meeting password:1267443453889548832  «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/1244886?lang=ru
Домбыра үні тербеген күн 06.07.2026
Бүгін таңертеңнен Шымкенттің әр бұрышын күмбірлеген домбыра үні тербеді. Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты мерекелік шара домбырашылар шеруімен басталып, қаланың қоғамдық орындарында жалғасын тапқан болатын. Ұлттық өнерді ұлықтаған шеру Shym City саябағына жетіп, кешкісін ауқымды мерекелік концертке ұласты.Қала тұрғындары мен қонақтары жиналған саябақта қазақтың күй өнері мен халық әндері шырқалып, ұлттық рухты дәріптеген мәдени кеш өтті. Биылғы мерекенің мазмұнын тереңдете түскен тағы бір жайт, Ұлттық домбыра күні Конституцияның күшіне енуімен тұспа-тұс келуі.Жиналған қауымды мерекемен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек домбыраның қазақ халқы үшін тек музыкалық аспап емес, ұлттың рухани жадын сақтап келе жатқан қастерлі мұра екенін атап өтті.– Домбыра – халқымызбен бірге ғасырлар бойы жасасып келе жатқан қасиетті аспап. Оның үнінде қазақтың тарихы, тағдыры, қуанышы мен қайғысы жатыр. Бүгінде ұлттық қорымызда 10 мыңнан астам күй сақталған. Әр күй – өткеніміздің шежіресі. Ерлік пен елдікті, қуаныш пен қайғыны, азаттыққа деген ұмтылысты күй арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген халықтың рухы домбыра үнінде сақталған. Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегенде біз осы қазақтың бойындағы барлық мінезді домбыраның қоңыр үнінен ести алатынымызды айтса керек. Биыл бұл мерекенің мәні өзгеше, наурыз айында жалпыхалықтық референдумда қабылдаған конституция 1 - шілде күні өз күшіне енді. Ал жаңа Конституция ұлттық құндылықтарды сақтауға, ғылым мен білімді дамытуға айрықша мән береді. Сондықтан бұл мереке – домбыраны ұлықтау ғана емес, ұлттық мұраны қорғауға деген ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі, – деді ол.Кештің шымылдығын Санат Әбілхан жетекшілік ететін «Қаратау» фольклорлық ансамблі Бауыржан Ақтаевтың «Арнау» шығармасымен ашты. Концертте Құрманғазының «Байжұмасы», Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйлері орындалып, «Бабалар мекені – Алтай», «Домбыра туралы баллада», «Мен де бір қазақпын» әндері шырқалды. Сондай-ақ халық әндері «Жариям-айдай» мен «Ахау, керім» орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Концертті тамашалаған қала тұрғындарының алған әсерлері ерекше. Олар демалыс күндерінің осындай мазмұнды мәдени шаралармен өрілгеніне ризашылықтарын білдіріп жатты. Домбыраның қоңыр үні кеш бойы саябақты тербеп, ұлттық өнердің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өміршең мұра екенін тағы бір мәрте сезіндірді.
«Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті 06.07.2026
«Өнер орталығында» Медицина қызметкерлері күніне арналған «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және сала ардагерлері қатысты.Аймақ басшысы ұлт саулығын нығайтуда қажырлы еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарды құттықтады.«Денсаулығымыздың қорғаны, адам жанының арашасы, мейірім мен ізгіліктің жаршысы болған ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда елеулі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені сөзсіз» деген болатын.Бүгінгі мерейлі мерекеге орай ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Сіздерге арнайы құттықтауын жолдады.Еліміздің денсаулық сақтау саласында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген сырбойылық дәрігерлерімізді ерекше мақтанышпен айтамыз.Қазақстанның Еңбек Ері, Сыр перзенті Юрий Владимирович Пя бес мыңнан астам ашық жүрек отасын жасады. Еліміздің бас хирургі, профессор, жерлесіміз Болатбек Баймаханов жетекшілік еткен мамандар тобы медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін трансплантациялау бойынша аса күрделі операцияны сәтті жүзеге асырды. Болатбек Бимендіұлы кеше Президентіміздің қолынан екінші дәрежелі «Барыс» орденін алды. Жерлесімізді жоғары марапатымен барша Сыр жұртшылығының атынан құттықтаймын!Былтыр облыс тарихында алғаш рет бауыр, 10 науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Отаның 6 жаңа түрі тәжірибеге енгізілді. Бұл – Сыр медицинасының мүмкіндігі мен мамандардың біліктілігін айқындайтын жарқын мысалдар. Дәрігер – ең ізгі, ең қастерлі мамандық иесі. Халыққа әрдайым адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар!», – деді аймақ басшысы.Рәсімде саланың дамуына елеулі үлес қосқан мамандар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағымен, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.Іс-шара соңында ардагерлерге гүл шоқтары тарту етіліп, мерекелік бағдарлама ұсынылды.Президенттің, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері аймағымыздың денсаулық сақтау саласына 625 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 41 медицина нысаны ел игілігіне берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медицина нысаны салынды.Облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың, 400 және 500 келушіге арналған емханалардың, 200 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы жүріп жатыр.Алдағы жылдары тағы бірқатар медицина нысаны қайта жаңғыртылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1244838?lang=ru
Самар ауданының медицина қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықталды 06.07.2026
Самар аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.Салтанатты шара барысында медицина саласының үздік өкілдері көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін медальдармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.Бүгінде Самар ауданында халыққа медициналық көмекті аудандық аурухана көрсетеді. Медициналық ұйым құрамында 38 төсек-орынға арналған тәулік бойғы стационар, 14 төсек-орындық күндізгі стационар, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт және 14 медициналық пункт жұмыс істейді. Ауруханаға барлығы 10 575 тұрғын тіркелген.2026 жылдың алғашқы бес айында ауданда 36 сәби дүниеге келді. Ана өлімі тіркелген жоқ. Нәресте өлімінің бір жағдайы тіркелді. Жедел медициналық жәрдем қызметі төрт мамандандырылған автокөлікпен қамтамасыз етілген. Барлық қызметкерлер халықаралық триаж жүйесі бойынша оқытудан өткен. Соның нәтижесінде жеделдіктің төртінші санаты бойынша шақыртулар саны айтарлықтай төмендеген.Ауданда тұрғындардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қан айналымы жүйесі аурулары, глаукома, қант диабеті, сүт безі обыры, жатыр мойны обыры және колоректальды қатерлі ісік бойынша скринингтік тексерулер жалғасуда. Сонымен қатар балаларды профилактикалық тексерумен қамту көрсеткіші де жоғары деңгейде сақталуда.Барлық 20 елді мекен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Самар ауылында төрт дәріхана жұмыс істейді, ал қалған елді мекендер дәріхана пункттері арқылы қажетті дәрілік заттармен қамтылған. Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар пациенттер тегін дәрілік препараттарды толық көлемде алады.Ауданның денсаулық сақтау саласында 27 дәрігер мен 95 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың басым бөлігі біліктілік санаттарына ие. Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.Дәрігерлер, мейіргерлер, фельдшерлер және денсаулық сақтау саласының өзге де қызметкерлері күн сайын халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау жолында аянбай еңбек етуде. Олардың жанқиярлығы, жауапкершілігі мен мамандыққа деген адалдығы зор құрметке лайық.Мереке барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары медицина қызметкерлеріне арнап концерттік бағдарлама ұсынып, әсем әндер мен шығармашылық нөмірлер арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Мерекелік іс-шара халық денсаулығын сақтауға өмірін арнаған ақ халатты абзал жандарға көрсетілген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1244821?lang=ru
Жиделі ауылында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі азаматтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 06.07.2026
Жиделі ауылында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі азаматтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға Жиделі ауылдық округінің әкімі Тұрлыбеков Алмат Мейірханұлы және ауылдық учаскелік полиция инспекторы Әбіл Абылай қатысты.Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, интернет-алаяқтықтан қорғану және жастар арасындағы тәрбие мәселелері талқыланды.Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігінің маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ауылдың қауіпсіздігі мен тыныштығын нығайту бағытында ұсыныстарын ортаға салды.Қоғамдық қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлескен іс-қимыл мен жауапкершілік қана қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға негіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-zhideli/press/news/details/1244799?lang=ru