Қоғам
Перумен ынтымақтастық талқыланды 02.07.2026
Бразилиа, 2026 ж. 12 маусым - Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Болат Нүсіпов Перу Елшілігінде перулік әріптесі Елші Ромуло Акуриомен кездесті.Келіссөздер барысында екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, биыл Лимада екінші СІМ аралық консультацияларды өткізу, сондай-ақ Дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері үшін визалық талаптарды алып тастау туралы келісімге қол қоюға дайындық жұмыстары.Сондай-ақ, тараптар Перу Парламентінде Перу-Қазақстан парламенттік достық тобын құру мүмкіндігін талқылады. Екі тарап тау-кен өнеркәсібінде, әсіресе литий өндіру мен жеткізуде, сондай-ақ көлік және логистика саласында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық танытты.Перу тарапы Лимадағы Қазақстан Елшілігін тепе-теңдік негізінде ресми түрде аккредиттеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің дипломатиялық миссиялары арасында үздіксіз жұмыс байланыстарын сақтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Қазақстан Елшісі Перу тарапын елдегі президент сайлауымен құттықтап, Бразилиядағы дипломатиялық миссиясынның аяқталуына орай, Елші Ромуло Акулиоға тығыз және достық ынтымақтастық үшін алғыс айтты.Анықтамалық: Екі ел арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы 2018 ж. желтоқсанында Астанада Перу Сыртқы істер министрлігінің бас директоры Дж. Эскалоның сапары кезінде өтті. Перу әлемдегі ең ірі литий қорларының біріне, сондай-ақ Тынық мұхиты жағалауындағы порттары арқылы орасан зор көлік және логистикалық әлеуетке ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1240293?lang=ru
Қазақстан еуразиялық сауда-логистикалық архитектурасындағы негізгі буын ретіндегі позициясын нығайтуда 02.07.2026
Женева, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Швейцариядағы дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Женева қаласында «Kazakhstan Commodity Forum» форумы өтті. Іс-шараға мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, швейцариялық және халықаралық қаржы институттары, сондай-ақ Gunvor, Mercuria, Fracht Group, MSC, SOCAR, COFCO, ADM, Louis Dreyfus Company, Cargill және ESM Foundation секілді шикізат саудасы, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика салаларындағы жетекші халықаралық компаниялардың өкілдері қатарынан 200-ге жуық қатысушы жиналды.Форум аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «ҚазМұнайГаз» және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниялары, сондай-ақ Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының өкілдері жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы тәсілдерін таныстырды.Панельдік пікірталастарға қатысушылар Қазақстанның энергетика, логистика және стратегиялық ресурстар жеткізу салаларындағы сенімді серіктес ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, экспорттық әлеуетті арттыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және елді халықаралық өндірістік-логистикалық тізбектерге ықпалдастыру мәселелері үлкен қызығушылық тудырды.Форум энергетика, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен және көлік-инфрақұрылым салаларындағы сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша мазмұнды әрі сындарлы пікір алмасуға арналған тиімді алаңға айналды. Жетекші компаниялардың кеңінен қатысуы және форумға қатысушылардың оң пікірлері швейцариялық бизнес қауымдастықтың Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын тағы бір мәрте растады.Kazakhstan Commodity Forum форумын өткізудің бастамашысы Commodity Trading Club болды, ал іс-шараның қаржылық серіктесі ретінде «Harvest Agro» компаниясы қолдау көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1240881?lang=ru
Қазақстан ГРЕКО-мен өзара іс-қимылды нығайтуда 02.07.2026
Страсбург, 2026 жылғы 8-12 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 103-пленарлық отырысына қатысты.Іс-шара барысында ГРЕКО-ға мүше мемлекеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарды іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ұлттық тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті үрдістері мәселелерін талқылады.Отырыс аясында Агенттік өкілі шетелдік делегациялармен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Тараптар ГРЕКО ұсынымдарын іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдар қызметіндегі адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.Сонымен қатар, 2026 жылғы 19 маусымда Астанада өтетін «GovHR Forum 2026: People. Prospect. Public Value in the Age of Digitalization and Artificial Intelligence» халықаралық форумына қатысу мақсатында Қазақстанға алдағы сапарына дайындық мәселелері бойынша ГРЕКО Президенті Дэвид Мейермен және ГРЕКО-ның Атқарушы хатшысы Ливия Стойка Бехтпен консультациялар өткізілді.Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдерімен сараптамалық өзара іс-қимыл, озық тәжірибе алмасу және қазақстандық мамандардың Еуропа Кеңесінің бейінді іс-шараларына қатысу мәселелерін қоса алғанда, одан арғы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.Пленарлық отырысқа қатысу ГРЕКО-ға мүше мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және мемлекеттік сектордағы адалдықты қамтамасыз ету тетіктерін нығайту жөніндегі заманауи тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді жетілдіру және озық халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1240278?lang=ru
«Біздің таңдауымыз – денсаулық!» атты денсаулық фестивалі өтті 02.07.2026
Бүгін Қонаев қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы саябақта Халықаралық нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Біздің таңдауымыз – денсаулық!» атты денсаулық фестивалі өтті.Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, халықтың физикалық және психикалық денсаулықты сақтау жөніндегі білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұрғындардың денсаулығын нығайту бағытында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын күшейту.Фестиваль аясында денсаулық сақтау, білім беру, спорт және құқық қорғау саласы мамандарының қатысуымен тақырыптық алаңдар мен кеңес беру аймақтары жұмыс істеді. Қатысушылар дәрігер-наркологтар мен психологтардың кеңесін алып, скринингтік тексерулерден және экспресс-тестілеуден өтті. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыптарына арналған көрмелер мен ақпараттық материалдар ұсынылды.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов өз сөзінде мұндай шаралардың жастарды зиянды әдеттерден сақтандыруда және қоғамда денсаулық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.«Бүгінде нашақорлықтың алдын алу – денсаулық сақтау саласының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Біз жастарға дұрыс таңдау жасауға көмектесіп, олардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауымыз қажет. Осындай фестивальдер халықтың денсаулық туралы ақпараттануын арттырып, зиянды әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді. Біздің таңдауымыз – денсаулық, қауіпсіздік және жарқын болашақ», – деді Ержан Сүлейменов.Іс-шара барысында жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетіп, спорттық белсенділіктер, интерактивті викториналар, мотивациялық кездесулер, емдік-еңбек шеберханалары өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ Алматы облысының шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.Концерт барысында патриоттық бағыттағы музыкалық шығармалар орындалып, би ансамбльдерінің өнері көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар үшін жаппай сауықтыру жаттығуы өткізіліп, Наркотикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, салауатты өмір салты мен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында танымдық викторина ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.Фестивальдің маңызды бөлігінің бірі – «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз» атты символикалық акция болды. Мерекелік шара Алматы облыстық «Алатау әуендері» концерттік ұйымы әртістерінің қорытынды концертімен аяқталды.Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, медициналық ұйымдардың қызметкерлері, еріктілер, жастар және өңір тұрғындары қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1240257?lang=ru
«Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда 02.07.2026
2026 жылғы 8–12 маусым аралығында облыс аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Іс-шараның алғашқы төрт күнінде құқық қорғау органдары тарапынан барлығы 166 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша – 109 дерек;шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы бойынша – 38 дерек тіркелді.Сонымен қатар, сот шешімімен 4 шетел азаматын Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы шешім қабылданды.Іс-шара барысында іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды. Қазақстан Республикасының аумағынан 2 шетел азаматы мәжбүрлі түрде шығарылып, 8 шетел азаматының елімізде болу мерзімі қысқартылды.Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту бойынша 1 факт және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша 1 факт анықталды.Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларын сақтауын бақылау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1240261?lang=ru
Өз ісінің шебері және жаны жайсаң жан: Татьяна Ивановна Лахманға алғыс сөздер 02.07.2026
Әрбір ұжымның өмірінде ұжымның жаны мен сенімді тірегіне айналған жандармен қоштасу кезеңдері болады. Жақында біздің ұжым айтулы оқиғаны атап өтті: әріптесіміз, өз ісінің кәсіпқойы және аяулы жан Татьяна Ивановна Лахманды құрметті демалысқа шығарып салдық. Татьяна Ивановна мемлекеттік қызметке 28 жылдан астам уақытын арнады, ал оның жалпы еңбек өтілі 42 жылды құрайды. Банк жүйесіндегі хатшылық қызметтен бастап, Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өңдіріп алу бөлімінің басшысы лауазымына дейінгі жолдан өтіп, ол өз ісіне деген адалдықтың үлгісін көрсетті.Оның еңбек жолы – тұрақтылықтың, кәсіби өсудің және мамандыққа деген терең құрметтің айқын көрінісі. Банк секторында, қазынашылықта немесе салық органдарында болсын, әрбір кезеңде Татьяна Ивановна әрқашан сенім артуға болатын жауапты маман ретінде танылды. Әріптестері оны көпжылдық тәжірибесімен және салықтық әкімшілендірудің барлық қыр-сырын жетік білетін құзыретті маман ретінде жақсы біледі.Татьяна Ивановнаның бүкіл кәсіби қызметі Май ауданымен тығыз байланысты, ол жерде ол қажырлы еңбегінің арқасында өз саласының нағыз беделді тұлғасына айналды. Көп жылдық мінсіз қызметі үшін ол ең бастысы – әріптестерінің шынайы мойындауы мен салық төлеушілердің терең құрметіне ие болды.Құрметті Татьяна Ивановна! Жұмысқа арнаған әрбір күніңіз үшін, төзімділігіңіз бен тәлімгерлігіңіз үшін, мемлекеттік кірістер органдарын дамытуға қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін Сізге тағы да зор алғыс айтамыз. Сіздің жігеріңіз, адалдығыңыз бен кәсібилігіңіз біз үшін әрқашан үлгі болып қала береді.Құрметті демалыс уақытыңыз бұрын қол тимеген жоспарларыңызды жүзеге асыруға – отбасыңызға және сүйікті ісіңізге арналсын. Сізге зор денсаулық, амандық, сарқылмас оптимизм және қуанышты сәттер тілейміз. Сіз біздің жүрегімізде әрдайым тамаша әріптес және аяулы жан ретінде қаласыз! Құрметпен және алғыспен,Павлодар облысы бойынша МКД ұжымы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1240262?lang=ru
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады 02.07.2026
Астана, 2026 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сильван Гиогені қабылдады.Кездесу барысында тараптар қазақ-француз стратегиялық әріптестігінің өзекті бағыттарын талқылады. Саяси диалогты одан әрі ілгерілету, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қарастырылды.Екіжақты сауда көлемін ұлғайтуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірлескен инвестициялық және экономикалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері кездесу күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі болды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Париж арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1240263?lang=ru
Қазақстан делегациясы ШЫҰ-ның құрылғанына 25 жыл толуына арналған конференцияға қатысты 02.07.2026
Душанбе, 2026 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Орталық Азия – ШЫҰ-ның өзегі: бейбітшілік пен бірлескен даму кеңістігі» атты халықаралық конференцияға қатысты.Іс-шараны Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ТР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Тәжікстандағы ШЫҰ Достық және ынтымақтастық орталығы ұйымдастырды.Конференцияға Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ ТМД, ҰҚШҰ, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО), ЮНЕСКО, АӨСШК және ЭЫҰ халықаралық ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.Конференция қатысушыларына арналған сөзінде Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында Орталық Азия соңғы жылдары Еуразиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, өңір ШЫҰ-ның орнықты өзегін қалыптастырып, ұйымның одан әрі дамуына серпін беретін жүйеқұраушы рөл атқара бастады.Е.Қонысбаев өз сөзінде «Шанхай үдерісінің» бастауынан бері Орталық Азия мемлекеттері Ұйымның белсенді негізін қалаушыларының қатарында болғанын және оның дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан үшін ШЫҰ-ны тең құқықты әрі өзара тиімді ынтымақтастық алаңы ретінде одан әрі нығайтудың ерекше маңызға ие екенін айтты.Іс-шараға қатысушылардың басым бөлігі ШЫҰ-ның Еуразиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, оның беделді әрі ықпалды халықаралық және өңірлік бірлестіктер қатарындағы лайықты орнын ерекше атап өтті.Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің ШЫҰ-ның қалыптасуы мен дәйекті дамуына қосқан үлесіне, сондай-ақ өзара сенім, тату көршілік және тең құқықты серіктестік қағидаттарын нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды.Душанбе қаласына сапар аясында Е.Қонысбаев Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нигина Ализодамен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.Тараптар сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралардың кестесін, оның ішінде биік және жоғары деңгейлердегі кездесулерге дайындық мәселелерін қарастырып, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/1241053?lang=ru
Халықаралық волонтерлер жылы 200 мың қазақстандықты біріктірді 02.07.2026
2026 жылдың басынан бері Халықаралық волонтерлер жылы 200 мың қазақстандықты біріктірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.Атап айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда түрлі іс-шараларға қатысқан белсенді волонтерлер санының өсуі бойынша оң динамика байқалып отыр. Олардың саны 200 мың адамға жетті.Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық еріктілер жылы деп жариялаған болатын. Бұл бастама Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың дамуына маңызды серпін берді.Жыл аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі 23 сәуірде Астанада өткен өңірлік экологиялық саммит шеңберіндегі "Волонтерлік және экологиялық іс-қимыл" атты сессия болды. Аталған іс-шараға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сюй Хаолянь және Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Корея Республикасы, Жапония мен Ауғанстаннан келген 200-ге жуық қатысушы қатысты.Сонымен қатар волонтерлер қауымдастығының қатысуымен тарихи-мәдени нысандарды абаттандыруға бағытталған "Мәдени мұраны бірге сақтайық" акциясы, "Игі істер марафоны" ұлттық жобасының көктемгі кезеңі және халықаралық "Таза жағалаулардың бірыңғай іс-қимыл күні" акциясы өткізілді.Сондай-ақ жыл басынан бері шамамен 120 мың волонтер "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты.Бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2030 жылға дейінгі волонтерлік қозғалысты дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Осы мақсатта еліміздің ірі қалаларында 250-ден астам белсенді волонтердің қатысуымен көшпелі фокус-топтар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 120-ға жуық ұсыныс пен ұсыным жиналды. Сонымен қатар экологиялық волонтерлікті дамыту бағдарламасы дайындалу үстінде.Бұдан бөлек, биыл республикада Волонтерлікті дамытудың ұлттық индексі мен Волонтердің цифрлық паспорты енгізіледі.Қазіргі уақытта Қазақстандағы волонтерлердің жұмысын Ұлттық фронт-офис үйлестіреді. Сондай-ақ өңірлерде 20 фронт-офис, бірыңғай колл-орталық және 1200-ден астам жобаны және 3884 ұйымды біріктірген Qazvolunteer.kz онлайн платформасы жұмыс істейді. Қазіргі кезде 56 волонтерлік жоба мен әрқайсысы 1 миллион теңгеден болатын 60 шағын грант іске асырылып жатыр.БҰҰ Волонтерлер бағдарламасымен бірлесіп Алматы қаласындағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығы базасында "Азиялық волонтерлерді даярлау орталығын" құру мәселесі пысықталуда.Сондай-ақ толық қаржыландыру бағдарламасы аясында қазақстандық 5 волонтер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) миссияларына Аргентина мен Қытайға жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1248532?lang=ru
Қостанайда еліміздегі ең үлкен жабық аквапарк салынып жатыр 02.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Осьминог» аквапаркінің құрылыс жұмысымен танысуға барды. Аймақ басшысымен бірге өңіріміздің белсенді жастары да бой көтеріп жатқан еліміздегі ең үлкен жабық аквапаркте болды.«Облыс экономикасы барлық бағыттар бойынша дамып келеді. Бұл – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, шағын және орта бизнес. Өңдеу өнеркәсібі бойынша кәсіпорындар, фабрикалар, зауыттар салынуда. Биыл өңірімізде жеңіл автокөліктерге арналған автокомпоненттер шығаратын зауыт іске қосылады. 800 жаңа жұмыс орны құрылады. Дәл осындай жеңіл автокөліктерге арналған автокомпоненттер шығаратын тағы бір зауыт салу туралы шешім қабылданды, онда да 800 жаңа жұмыс орны ашылады», – деді аймақ басшысы.Алдағы уақытта сондай-ақ, «Кондитерлік астана» фабрикасы іске қосылады, онда да 260 жаңа жұмыс орны құрылады. Қостанай қаласында «Кайзен» зауытының базасында қуаттылығы 40 мың тонна ірі макарон фабрикасы салынады. Лисаков қаласында май экстракциялау зауыты салынып жатыр.Ауыл шаруашылығында тауарлы-сүт фермалар, бордақылау алаңдары, қайта өңдеу цехтары бар. Құрылыс өз қарқынымен жүріп жатыр. Биыл 520 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда.Үш жыл ішінде Қостанай қаласы халқының саны 13,2 мың адамға көбейді. Мұның бәрі экономиканың даму нәтижесі. Қалада жаңа қоғамдық орындар, жаңа демалыс аймақтары пайда болуда. Marriott, Novotel және Holiday Inn қонақ үйлері салынады. Жақын күндері әуежай-отель ашылады.«Экономиканың дамуымен және фабрикалар мен зауыттардың ашылуымен қатар, тұрғындар отбасыларымен бірге демалатын орындар да қатар ашылуы тиіс. Қонақтар үшін Қостанай облысының өзіндік ерекшеліктері болуы керек. Сондай ерекшеліктердің бірі – еліміздегі ең үлкен «Осьминог» жабық аквапаркі болмақ», – деді Құмар Ақсақалов.Мемлекет Басшысының бұқаралық спортты дамыту және ұлт денсаулығын нығайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аймағымызда спорт инфрақұрылымының саны артып келеді.Соңғы үш жылда өңірде 30-дан астам спорт нысаны пайдалануға берілді. 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 4 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат манежі және бассейн ашылды. Былтыр «Трудовые резервы» спорт кешені жаңғыртылды.Қазіргі уақытта «Осьминог» аквапаркін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Нысанның қасбетін әрлеу, инженерлік желілер тарту, еден төсеу және бассейндерді безендіру жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейін аквапарктің жалпы аумағы екі есеге кеңейіп, 9 мың шаршы метрден асады. Су айдынының көлемі үш есе өсіп, 1 мың шаршы метрден астам ұлғаяды. Демалыс нысаны 500 келушіні қабылдайды.Бірінші қабатта толқынды бассейн, ересектерге арналған джакузи бассейні, сырғанақтары бар бассейн және балалар бассейні бар аквааймақ, 100 адамға арналған фуд-корт орналасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1240251?lang=ru
Бүгін аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті 02.07.2026
Бүгін аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа аудан әкімі Е.Ихсанов, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.Отырыста қоғамдық кеңес мүшелері аудандық, қала және ауылдық округ бюджеттерін нақтылау мәселелерін қарап, қолдады.Бұдан соң «Достық ауылдық округі әкімі аппаратының атқарған жұмысы мен көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы» мәселе қаралып, назарға алынды.Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері өз сұрақтарын қойып, жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1240157?lang=ru
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы ОКҚ алаңында сөз сөйледі 02.07.2026
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын таныстырды.Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджетке мемлекеттік активтерді басқарудан 193,2 млрд теңге кіріс түсті. Оның ішінде мемлекеттік акциялар пакеттері бойынша дивидендтер, қатысу үлестерінен түскен кірістер және мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігі бар.Негізгі нәтижелердің бірі – 2021–2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарының аяқталуы болды. Бәсекелестік ортаға мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың 402 объектісі 977,2 млрд теңге сомасына берілді, тағы 68 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. Ең ірі мәмілелер қатарында жалпы сомасы шамамен 187 млрд теңгені құраған «ҚазМұнайГаз», «Эйр Астана» және KEGOC ұлттық компанияларының IPO лары бар.2026 жылдан бастап мемлекеттің экономикадағы үлесін одан әрі қысқартуды көздейтін 2026–2030 жылдарға арналған жаңа Оңтайландыру жоспары іске асырылуда. Жоспар мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың 500 объектісін қамтиды. Бүгінгі күні 42 объект бойынша іс-шаралар орындалды.Мемлекетке қайтарылған активтерді басқару жұмыстары жалғасуда. Арнаулы мемлекеттік қорға түскен қаражаттың жалпы көлемі 593,2 млрд теңгеге жетті. Осы қаражат есебінен еліміз бойынша денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау, спорт, көлік және энергетика салаларындағы жалпы сомасы 553,7 млрд теңгені құрайтын 483 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба қаржыландырылды.Мемлекеттік мүлікті басқару процестерін цифрландыру маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Жекешелендірудің барлық рәсімдері 54 мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланған және 368 мыңнан астам пайдаланушысы бар «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы ашық электрондық сауда форматында өткізіледі.2026 жылы Комитет Оңтайландыру жоспарын іске асыруды, процестерді цифрлық трансформациялауды және мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыруды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1240147?lang=ru
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды 02.07.2026
Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен Бейжің қаласындағы Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және AI-кино мен телевидение саласындағы ҚазақстанҚытай инновациялық алмасу форумы өтті. Іс-шара екі елдің жетекші технологиялық компанияларының, киностудияларының, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, инвесторларының, AI-әзірлеушілерінің және киноиндустрия өкілдерін басын қосты. Форум аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – Astana AI Film Festival қоры мен Beijing Zhongguancun Tongli Technology Service Co., Ltd. компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Құжат AI-кино, AIGC технологиялары, ғылыми-фантастикалық контент, инвестициялар және халықаралық дистрибуция бағыттарындағы бірлескен жобаларды дамытуды көздейді. Келісімге сәйкес қытайлық компания Қытай Халық Республикасындағы Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесі болады.«Қытай – жаһандық AI-кино экожүйесін дамытудағы негізгі серіктестердің бірі. Мұнда әлемдегі ең қуатты технологиялық компаниялар, талантты авторлар және цифрлық контенттің ең ірі нарығы шоғырланған. Бұл меморандумға қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы креативті индустриялар саласындағы жүйелі ынтымақтастықтың бастамасы болады», - деді Astana AI Film Festival фестивалінің негізін қалаушылардың бірі әрі директорлар кеңесінің төрағасы Алмас Жали. Таныстырылым барысында ұйымдастырушылар 1–3 қазан аралығында Astana AI Week аясында Астанада өтетін Astana AI Film Festival фестивалінің халықаралық тұжырымдамасын ұсынды.«Жасанды интеллект кино тілін өзгертіп, шығармашылықты шын мәнінде жаһандық деңгейге шығарып отыр. Бүгінде дарынды автор әлемнің кез келген нүктесінен халықаралық деңгейдегі фильм жасай алады. Сондықтан Astana AI Film Festival – жобаның шыққан еліне емес, идеяның қуатына, оқиғаның сапасына және оның жүзеге асырылу деңгейіне басымдық беретін ашық халықаралық алаң ретінде құрылып отыр. Қытаймен ынтымақтастық екі елдің авторлары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз», - деді Astana AI Film Festival фестивалінің негізін қалаушылардың бірі әрі креативті директоры Айзатулла Хуссейн.Іс-шара Қазақстан-Қытай AI-кино және телевидение саласындағы инновациялық алмасу форумымен жалғасты. Сараптамалық сессиялар мен панельдік пікірталастар барысында жетекші киностудиялардың, технологиялық компаниялардың және ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері кинематографияда жасанды интеллектті қолдану, AI-контентті дамыту, шығармашылық үдерістердің трансформациясы, халықаралық ынтымақтастық тетіктері және бірлескен жобаларды әлемдік нарыққа шығару мүмкіндіктерін талқылады. Пікірталастарға PixVerse AI, China Film Group жанындағы Жасанды интеллект ғылыми-зерттеу институты, Bauhinia Films (Shenzhen) Co., Ltd., Чжунгуаньцунь ғылыми-фантастикалық индустрия инновациялық орталығы және Қытайдың AIGC саласындағы басқа да жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты.Форум қорытындысы бойынша тараптар жасанды интеллект, киноиндустрия және цифрлық креативті технологиялар салаларында Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға ниетті екендерін растады. Еске салайық, Astana AI Film Festival 2026 жылдың күзінде Астанада өтіп, AI-кино саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналады. Фестиваль аясында жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын халықаралық байқау, конференция, жобалар питчингі, сондай-ақ жасанды интеллект, кино және цифрлық шығармашылық салаларындағы әлемдік жетекші сарапшылардың кездесулері өтеді.
Қостанай облысында шамамен 300 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. 02.07.2026
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан бері шамамен 300 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.Бұл жұмыстың ерекшелігі - бұзушылықтар тек азаматтардың өтініштері бойынша ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін қашықтан бақылау арқылы алдын ала анықталып, түзетіледі. Осы механизмнің арқасында 160-тан астам қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Тағы 130 азамат жоспарлы тексерулерден кейін өз құқықтарын қорғай алды.Ең көп бұзушылық жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы салаларында анықталды.Жер қатынастары саласында 205 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Мониторинг жер құқықтарын алуға рұқсат беру кезінде заңмен талап етілетін міндетті ақпараттың жоқ екенін көрсетті. Нақтырақ айтқанда, құжаттарда жер санаты, жер комиссиясының хаттамалық шешімінің нөмірі мен күні, бекітілген жерге орналастыру жобасының мәліметтері, жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы ақпарат немесе сатып алу-сату және жалдау шарттарының шарттары көрсетілмеген.Нәтижесінде қызмет алушыларға заңнамалық талаптарға сәйкес келмейтін құқықтық актілер берілді. Департаменттің араласуынан кейін анықталған кемшіліктер түзетілді, ал 205 азаматқа белгіленген талаптарға толық сәйкес келетін рұқсаттар қайта берілді.Сәулет және қала құрылысы саласында да айтарлықтай бұзушылықтар анықталды. «Нысандарды жобалау және қайта құру үшін бастапқы материалдарды беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде 89 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің міндетті бөлігі болып табылатын техникалық сипаттамалар берілмеген.Департамент жіберген хат бойынша бұзушылықтар жойылды, барлық 89 қызмет алушыға техникалық сипаттамалар берілді және олардың құқықтары қалпына келтірілді.Жүргізіліп жатқан жұмыс тек жеке бұзушылықтарды жоюға ғана емес, сонымен қатар болашақта осындай оқиғалардың алдын алуға, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.Егер сіздің құқықтарыңыз мемлекеттік қызмет алу кезінде бұзылған болса, сіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне 39-31-65 телефоны арқылы немесе eOtinish, EgovKzBot2.0 және Instagram аккаунты @elgeqyzmet_qostanai арқылы хабарласа аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1240087?lang=ru
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді 02.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды.– Сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді. Тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі 150 миллиард доллардан асып, аймаққа құйылған барлық қаржының шамамен 70 пайызын құрады. Осы экономикалық табыстарға негізінен саяси тұрақтылықтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Жалпыұлттық тарихи референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдадық, бұл құжат қазірдің өзінде халықтық Конституция ретінде танылды. Негізгі заңның бүгінгі отырыс қарсаңында күшіне енуі символдық мәнге ие. Жаңартылған конституциялық нормалар инвесторлар құқығын барынша жоғары деңгейде қорғайды, – деді Мемлекет басшысы.Президент халықаралық бизнес үшін тартымды заманауи институционалдық орта қалыптасқанына назар аударды. Сондай-ақ инвестициялық рәсімдерді жеңілдету үшін «бір терезе» қағидатына сай қызмет көрсететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды.– Инвестициялық штаб қызметі жедел шешім қабылдауға және инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Бизнеске институционалдық кепілдіктермен бірге ұзақмерзімді нақты ынталандыру тетіктерін ұсынамыз. Бүгінде шетелдік кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктер мен оңайлатылған көші-қон рәсімдері қарастырылған Altyn Visa бағдарламасының артықшылығын пайдалана алады. Дегенмен біз мұнымен ғана шектелмейміз. Алдымызда ауқымды жұмыс бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты. Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды.– Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды интеллект технологияларына мән беру – аса маңызды басымдық. Бұл қайталанбалы үдерістерден арылып, «ақылды сүзгі» қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы инвесторларға жедел, нақты әрі тиімді қызмет көрсетіледі. ЮНКТАД болжамы бойынша, 2033 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект экономикасының көлемі 5 триллион долларға жуықтайды. Аталған көрсеткіштің ондаған жыл ішінде шамамен 25 есе ұлғаюы жаһандық экономикадағы жасанды интеллектінің рөлі артып келе жатқанын байқатады. Еліміз осы бағытты белсенді қолға алуға ниетті. Былтыр халыққа арнаған Жолдауымда Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру бойынша нақты міндет жүктедім. Жұмысты жүйелі жүргізу үшін 2026 жыл Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы болып жарияланды. Болашақтың бағдарын айқындай отырып, біз азаматтардың цифрлық қауіпсіздігіне ден қоямыз. Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясы әр адамның дербес деректерін қорғауға кепілдік береді. Институционалдық негізді нығайту үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Сонымен қатар Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес өз жұмысын бастады, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес мүшелеріне заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғаш рет озық технологиялар негізінде екі суперкомпьютерді сәтімен іске қосты.– Инвестицияларға цифрлық дәуір талаптарына сай келетін заманауи нормативтік-құқықтық база кепіл болады. Жақында Парламентте қабылданған Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» заң және Digital Qazaqstan стратегиясы ел дамуының айқын технологиялық жол картасын түзеді. Бұл құжаттар инновацияға, инвестиция тартуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге де лайықты жағдай жасайды. Бұдан бөлек, Қазақстанның цифрлық экономикасының негізгі элементтерінің бірі саналатын Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құруға ниеттіміз. Бірегей жоба жаһандық капитал мен әлемнің жетекші технологиялық компанияларының басын қосатын қуатты орталыққа айналмақ. Amazon, G42 және басқа да салалық көшбасшылар осы экожүйеге қатысу мүмкіндігін қарастыра бастады, – деді Мемлекет басшысы.Президент Қазақстанның адами капиталды дамытуға дәйекті түрде инвестиция құйып отырғанын мәлімдеді. Alem.ai халықаралық орталығында TUMO және Tomorrow School жаңа буын мектептері ашылды.– Telegram және Presight секілді халықаралық серіктестермен бірге заманауи зертханалар құрылды. Жасанды интеллект Қазақстанның білім беру жүйесіне кеңінен енгізіліп жатыр. Мен жақында қол қойған Жарлыққа сәйкес, ЖИ орта білімді жаңғыртудың негізгі элементіне айналмақ. Әрине, бұл жоба педагогтерді алмастыра алмайды, бірақ ұстаздардың мүмкіндігін кеңейтеді. Жарлықта дербес оқыту тетігін құру, цифрлық инфрақұрылымды нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және білім беру стандарттарын жаңғырту қарастырылған. Біз пилоттық жобаны іске қостық, бұл тәжірибе кейін ел көлеміне таратылады. Аталған бастама қала мен ауыл мектептерінің білім алшақтығын қысқартып, ЖИ дәуірінде әр балаға жоғары сапалы білім беруді көздейді. Жасанды интеллект мемлекеттік басқару тиімділігінің шешуші факторына айналуда. Қазақстан жаңғыру үдерісінде көш бастау үшін алдын ала қимылдап, тиісті институционалдық ортаны қалыптастырып жатыр. ЖИ саласындағы әлемге әйгілі сарапшы, Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі доктор Ли Кай Фу жақында Астанадағы Alem.ai халықаралық орталығында мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды басшыларына оқу семинарын өткізді. Семинар жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда стратегиялық тұрғыдан пайдалану, ЖИ-ге бағдарланған операциялық модельдерді, ЖИ агенттерді қолдану және Қазақстандағы ұлттық технологиялық стекті дамыту мәселелерін қамтыды. Мемлекеттік қызметшілерді ұдайы оқыту жасанды интеллектіні жедел енгізуге ықпал етіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыра түседі. Бұдан бөлек, Қазақстанда өңіріміздегі алғашқы арнаулы жасанды интеллект университеті білім алушыларды қабылдайды. Бірегей жоғары оқу орны озық зерттеулердің, инновация мен жоғары білікті маман даярлаудың орталығына айналмақ. Білім мен технологияға қаржы құйып, дарындыларды қолдай отырып, жасанды интеллект ұлттық экожүйесінің берік негізін қалаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы логистика жүйесіне Smart Cargo цифрлық платформасы енгізілгенін атап өтті. Біртұтас байланыс қағидатына сай қызмет ететін бағдарлама арқылы негізгі көлік дәліздері цифрландырылады.– Қазақстанның мұнай-газ саласын цифрлық тұрғыдан трансформациялау айтарлықтай алға жылжыды. Көміртегін өндіру мен өңдеу нысандарының цифрлық көшірмесін құруға айрықша назар аударылып отыр. Сонымен қатар шикізат өндіруден бастап сатуға дейінгі барлық жеткізу тізбегін қамтитын мұнай мен мұнай өнімдерін кешенді бақылау жүйесі енгізілуде. Жабдықтардың істен шығуын болжау, өндірістік үдерістердің сенімділігін арттыру және кәсіпорындардың жұмысын оңтайландыру үшін жасанды интеллект негізіндегі шешімдер қолданылады. Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы жасанды интеллект саласындағы инновациялық шешімдерді сынақтан өткізуге арналған сенімді алаң қызметін атқарады. Орталық FinTech Lab реттеу алаңдары арқылы ағылшын құқығының артықшылықтарын және әлемдегі ең үздік деректерді қорғау жүйелерінің бірін ұсынады. Түптеп келгенде, АХҚО ашық бизнес ережелерін, сенімді құқықтық қорғауды және деректер қауіпсіздігін сақтаудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді, – деді Президент.Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық ынтымақтастықтың анағұрлым перспективті бағыттарына тоқталды. Президент аса маңызды материалдар саласында ашықтық пен технологиялық экожүйе қалыптастыруды басым міндет ретінде атады.– Аса маңызды пайдалы қазбалар жаңа индустриалдық дәуірдің негізгі стратегиялық ресурсы саналады. Жаһандық өзгерістерге жауап ретінде Қазақстан жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастыққа өте қолайлы жағдай жасай отырып, өзінің нормативтік-құқықтық базасы мен саланы қадағалау тетіктерін үнемі жетілдіріп келеді. Біз Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қостық. Бұл жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін лицензиялауға және бақылауға қатысты 22 мемлекеттік қызметті автоматтандырды. Бұрын тек қағаз және магниттік форматтарда ғана болған 4,7 миллионнан астам архивтік геология құжаттары мен материалдары бірыңғай ұлттық цифрлық қорға көшірілді. Бұдан бөлек, біз тарихи геологиялық деректерді заманауи, машина оқи алатын форматқа түрлендіруді жеделдету үшін жасанды интеллектіні қолдана бастадық. Астанада Сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығын ашу бастамасы аясында халықаралық инвесторларға жоғары дәлдікпен геологиялық деректер ұсынатын бірыңғай орталық құрылады, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін жеткізді.– Біз Қазақстанды Азия мен Еуропаны жалғайтын аймақтағы жетекші логистика торабына айналдыруды көздейміз. Еліміздің аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді. Бұл Қазақстанның құрлықаралық тасымал тізбегіндегі ықпалы зор екенін көрсетеді. Қытай мен Еуропа арасындағы темір жолмен тасымалданатын жүк көлемінің 85 пайызға жуығы Қазақстан аумағымен өтеді. Мұның өзі әлемдік сауда мен өзара көлік байланысында негізгі рөл атқаратынымызды растайды. Осы позицияны одан әрі орнықтыра түсу үшін көлік инфрақұрылымына, мыңдаған шақырым жаңа теміржол салуға, сондай-ақ Орта дәліз ретінде кеңінен танымал Транскаспий халықаралық көлік бағытын ары қарай дамытуға қомақты инвестиция құйып жатырмыз. Соңғы он бес жылда Қазақстан көлік-логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы жұмсады. Біз заманауи логистика сапалы инфрақұрылымды ғана емес, озық цифрлық шешімдерді де талап ететінін жақсы түсінеміз. Сол себепті бүкіл экожүйені цифрландыру шараларын қолға алдық, – деді Президент.Мемлекет басшысы өткен жылдың соңынан бастап кедендік, логистикалық және коммерциялық қызметтер ұсыну үшін «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін Smart Cargo бірыңғай цифрлық платформасы енгізіліп жатқанын айтты.– Платформа негізгі рәсімдердің бәрін бірыңғай цифрлық ортаға жинақтап, әкімшілік кедергілер мен транзит уақытын айтарлықтай қысқартады. Алғашқы кезеңнің өзінде Қытай – Өзбекстан бағыты бойынша транзиттік операциялар толық цифрландырылды, ал мемлекеттік шекарадан өту үдерістері электронды форматқа ауыстырылды. Бұл халықаралық жүк тасымалын жылдамдатып, ашықтықты қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде Еуразия кеңістігінде жұмыс істейтін халықаралық бизнес өкілдері үшін Қазақстан аумағымен жүк тасымалдау анағұрлым тиімді, үнемді әрі сенімді бола түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығының орнықты дамуын қамтамасыз ету – стратегиялық міндеттің бірі. Бүгінде жасанды интеллект пен заманауи автоматтандыру технологиялары жаңа аграрлық революцияның өзегіне айналып келеді.– Мұның бәрі егістік өнімін айтарлықтай арттырып, суды үнемдеп пайдалануға және қоршаған ортаға келетін зиянды елеулі түрде азайтуға мүмкіндік береді. Бұл үдерістердің маңызды екенін жақсы түсінеміз. Дәлме-дәл жоспарлау және болжамды сараптама үшін цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміз екінші жыл қатарынан 27 миллион тонна астық жинады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Осы нәтижені сақтап қалу үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын толық цифрландыруға кірістік. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды, жерсерік навигацияларын және автоматтандырылған метеорологиялық станцияларды жедел іске қоса бастадық. Мемлекеттік қолдаудың барлық шарасы және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беру ісі цифрлық форматқа көшірілуде. Бұл әкімшілік рәсімдерді едәуір қысқартады. Мал шаруашылығында да интеграцияланған цифрлық платформа іске қосылды. Соның арқасында қағаз жүзіндегі құжат айналымынан бас тартуға және деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бүгінде 200-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны «ақылды ферма» форматында жұмыс істей бастады. Яғни шаруашылықтар озық цифрлық технологияларды пайдалану мен деректерді талдау негізінде басқарылады. Бұдан бөлек, өндірушіден тұтынушыға дейінгі жеткізу тізбегінің толық ашықтығын қамтамасыз етіп, өнім қозғалысын бақылайтын цифрлық жүйе енгізіліп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, Қазақстанның түпкі мақсаты – тек ауыл шаруашылығын дамытып қоймай, елімізді агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін өңірлік орталыққа айналдыру.– Біз шикізат экспорттаумен шектеліп қалмай, ел ішінде қосылған құны жоғары өнім шығаруға ұмтыламыз. Ол үшін, ең алдымен, тамақ өнеркәсібін дамытуға, озық технологияларды енгізуге және орнықты өндірістік-нарықтық тізбекті қалыптастыруға басымдық беру өзекті. Аталған салада өндірістік циклдің барлық кезеңіне инвестиция салуға мол мүмкіндік бар. Біз жасанды интеллект, роботтандыру технологияларын және Индустрия 4.0 шешімдерін тамақ өнеркәсібіне белсенді түрде енгізе бастадық. ЖИ негізінде сапаны бақылау жүйесі, құрал-жабдыққа болжамды қызмет көрсету технологиясы, автоматтандырылған өндірістік желі және жеткізу тізбегін интеллектуалды басқару өнеркәсіп тиімділігін айтарлықтай арттырады, жоғары өнім сапасы мен қатаң сақталатын халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар интеллектуалды логистика жүйелеріне, автоматтандырылған қойма кешендеріне, мұздатқыш инфрақұрылымына және заманауи қаптама технологияларына инвестиция салу агроөнеркәсіп саласындағы бір-біріне толықтай кіріктірілген, яғни өндірістік-нарықтық цифрлық тізбекті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халықаралық инвесторларды, жетекші азық-түлік өндірушілерді, технологиялық компанияларды және ЖИ шешімдерін әзірлеушілерді осы ауқымды трансформацияға атсалысуға шақырамыз, – деді Президент.Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет деп санайды.– Бүгінде Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы құқықтық режимге ие, қарқынды дамитын аумақ болып бекітілді. Дүние жүзінен инвестиция тарту және Алатауды халықаралық іскерлік орталықтардың біріне айналдыру мақсатында нормативтік база жасақталды. Шаһарды Қазақстандағы толық цифрланған алғашқы орталық ретінде жобалап жатырмыз. Мұндағы аса маңызды инфрақұрылым, мемлекеттік қызметтер мен қала экономикасы үлкен дерекқор, озық технология және заманауи басқару моделі негізінде жұмыс істейтін біртұтас цифрлық экожүйеге біріктіріледі. «Digital by default» қағидатына сәйкес, мемлекеттік басқарудың барлық үдерісі әуел бастан тек цифрлық форматта жасалады. Алатау қаласы әкімшілігінің бірыңғай цифрлық платформасы арқылы тұрғындар мен инвесторлар мемлекеттік қызметтерге жүгініп, тиісті рұқсаттама құжаттарын рәсімдей алады, арнаулы құқықтық режимнің артықшылықтарын пайдаланады. Бұдан бөлек, қаладағы цифрлық активтер саласында криптовалюта биржалары мен активтерді токендеу қызметтерін реттейтін озық нормативтік-құқықтық база жұмыс істейді. Біз халықаралық инвесторларды осы бірегей юрисдикцияның артықшылықтарын жоғары технологиялық және табысты жобаларды жүзеге асыратын сенімді алаң ретінде пайдалануға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің пікірінше, жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық дербестікті нығайту экономикамыздың, тіпті мемлекеттің ұзақмерзімді орнықтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше мәнге ие.– Кеңес пен мемлекеттік органдардың тұрақты диалогы өте маңызды екенін атап өткім келеді. Тиімді шешімдер әзірлеп, қажетті реформалар жүргізу үшін барлық қатысушының тәжірибесі мен білімін, сарапшылық әлеуетін жұмылдырған жөн. Мемлекет пен бизнестің ұзақмерзімді әрі өзара тиімді серіктестігі цифрлық экономика мүмкіндіктерін толық пайдалануға және азаматтарымыздың игілігі үшін өркендеген мемлекет құруға ықпал ететін негізгі фактор болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар пленарлық отырыста Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков, Азия даму банкінің секторлар және тақырыптық бағыттар бойынша вице-президенті Фатима Ясмин, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон, CNPC вице-президенті Сун Даюн, Air Liquid компаниялар тобының Африка, Таяу Шығыс, Үндістан және Орталық Азия өңірлік кластерінің президенті Николя Пуаро сөз сөйледі.Президент Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы көп жылғы нәтижелі қызметі үшін Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды.ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Ислам даму банкінің төрағасы Мұхаммед Сулейман әл-Джассер, AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры және бас атқарушы директоры Мұхаммед Жума әл-Шамиси, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон,, Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старак, Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцель, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков марапатталды.«Құрмет» орденімен «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева наградталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1255192?lang=ru
Абай облысында Наурыз мейрамы аясында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтті 02.07.2026
Шестой день декады Наурызнама, символизирующий обновление и пробуждение природы, был отмечен в области Абай экологической акцией. Сотрудники женской колонии Департамента уголовно-исполнительной системы региона выступили с инициативой по озеленению и организовали посадку деревьев. Іс-шара Абай облысы Жарма ауданы кентінің орталық саябағында өтті. Акция барысында мекеме қызметкерлері жүзден астам көшет отырғызып, елді мекенді абаттандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға елеулі үлес қосты. Акцияға қатысушылар күш біріктіріп, жұмысқа белсенді араласып, жауапкершілік пен ұйымшылдықтың жоғары деңгейін көрсетті. Болашақта отырғызылған ағаштар тұрғындарды көлеңкемен қамтамасыз ететін және ауа сапасын жақсартуға ықпал ететін ауданның жасыл қорының бөлігі болады.Экологиялық акциялар ерекше маңызға ие, өйткені олар қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Бірлескен еңбек ұжымды нығайтады және адамдарды ортақ мақсатқа біріктіреді. Мұндай бастамалардың өскелең ұрпаққа оң үлгі көрсететіні ерекше маңызды. Көгалдандыру және табиғатты қорғау жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады, - деп атап өтті мекеме бастығы Уәлихан Жұмашев.Мұндай іс-шаралар біздің ауыл үшін өте маңызды. Бірлескен күш-жігердің арқасында біздің саябақ жайлы әрі жасыл болады. Қызметкерлердің шетте қалмайтынын және біздің елді мекеннің дамуына үлес қосып жатқанын көру өте қуанышты, - деп бөлісті Жарма ауданының тұрғыны. Өткізілген акция Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігінің және олардың Абай облысының дамуы мен абаттандырылуына үлес қосуға деген ұмтылысының тағы бір үлгісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1239968?lang=ru
Қостанайда өңірдегі алғашқы мамандандырылған падел-корт ашылды 02.07.2026
Қостанай қаласында өңірдегі алғашқы мамандандырылған падел-корт өз жұмысын бастады. Заманауи спорт нысаны тұрғындарға дене шынықтырумен айналысуға және белсенді демалыс өткізуге жаңа мүмкіндік береді.Падел – әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Ол үлкен теннис пен сквош элементтерін үйлестіріп, қарапайым әрі қолжетімді ойын форматының арқасында әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі адамдарға арналған.Қостанай Астана мен Алматыдан кейін елімізде падел-корт ашылған алғашқы өңірлердің бірі болды. Бұл өңірде жаңа спорттық бағытты дамытуға қажетті жағдайлардың жасалып жатқанын көрсетеді.Мамандардың айтуынша, бұл жоба – қаланың спорттық инфрақұрылымын дамытудағы алғашқы қадамдардың бірі ғана. Қазіргі уақытта инвесторлар тарапынан падел спортын одан әрі дамытуға қызығушылық бар. Сондықтан алдағы уақытта жаңа спорт алаңдары мен нысандарын салу жұмыстары жалғасады.Жаңа корт тұрғындар арасында сұранысқа ие болып, салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1239970?lang=ru
Кальцийленген сода өндіру зауыты құрылысына қатысты мәселелер талқыланды 02.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашевпен кездесті. Кездесуде Арал ауданында кальцийленген сода өндіру зауыты құрылысын салу мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы «Аралтұз» отандық тұз өндіру саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі екенін атап өтіп, жобаның өңір экономикасы үшін маңыздылығына тоқталды.Мемлекет басшысы 2019 жылы Қызылорда облысына жұмыс сапарында Арал қаласында кальцийленген сода өндіру зауытын салу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Бүгінде аталған жобаны Индустрияландырудың бірыңғай картасы шеңберінде «Арал сода» серіктестігі жүзеге асыруда.Өндіріс орнында жылына 330 мың тонна кальцийленген сода өндіріледі, іске қосылған кезде 699 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландыру рәсімінен өтуде. Биылғы 20 наурызда қаржыландырудың бірінші кезеңіне қажетті құжаттар тапсырылып, жоба мақұлданған. Қаңтар айында зауыт құрылысын салатын мердігерді анықтау үшін өткізілген тендердің қорытындысымен қытайлық China Tianchen Engineering Corporation компаниясы жеңімпаз болып танылған. Бүгінде тараптар келісімшарт жасап жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1239972?lang=ru
Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 02.07.2026
Астана, 2026 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жаңадан тағайындалған Корея Республикасының Елшісі Чжон Кихоннан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективаларын талқылап, биылға жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне ерекше назар аударды.Екіжақты сауда айналымының және Кореяның Қазақстанға тікелей инвестицияларының елеулі көлемін ескере отырып, тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттілігіне ерекше мән берді.Сонымен қатар дипломаттар көпжақты форматтардағы, ең алдымен БҰҰ және басқа да халықаралық алаңдар шеңберіндегі тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Кездесу соңында Корея Республикасының Елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1239961?lang=ru
ҚАЖ мекемелерінде отбасылық құндылықтарға арналған акция өтті 02.07.2026
Абай облысында сотталғандар жақындарына отбасылық байланыстарды қалпына келтіруге ризашылықтарын білдіріп, хаттар жазды.Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде наурызнамның мерекелік онкүндігінің төртінші күні отбасылық құндылықтарға, ұрпақтар сабақтастығына және үлкендерге құрметке арналған шынайы сезімдер мен терең сезімдерге толы ерекше іс-шара өтті.Сотталғандарға жақындарына - күтуді, қолдауды және сенуді жалғастыратындарға алғыс хаттар жазу ұсынылды. Бұл бастамаға отызға жуық адам жауап берді: олардың жолдарында жылы сөздер, мерекемен құттықтаулар және қашықтық пен сынақтарға қарамастан өшпеген махаббат үшін шынайы алғыс айтылды.Хат жазу кезінде сотталғандардың бірі көз жасын ұстай алмады. Эмоциялар оны басып озды және мекеменің психологтарымен сөйлескенде ол жанын ашты.-Алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқан және сегіз жылға бас бостандығынан айырылған 68 жастағы ер адам қызына хат жазды — ерекше азап пен нәзіктікпен. Онда ол оны отбасының құрылуымен құттықтап, өмірінің маңызды күндерінің бірінде болмағаны үшін кешірім сұрады.Менің төрт балам бар, олардың әрқайсысының өз отбасылары бар. Жақында және кіші қызы үйленді Али мен үйлену күні оның қолын ұстамағаныма, әкесінің басты сөздерін айтпағаныма қатты өкінемін. Екі жылдан кейін мен өзімді босатамын, мүмкін тағы немерелерім болады. Мен балаларым үшін үлгілі әке болған жоқпын, бірақ мен немерелерімнің сүйікті атасы боламын деп үміттенемін", - деп бөлісті сотталған.Бұл оқиға айналасындағылардың барлығына әсер етті. Онда өткенге өкіну, жоғалған сәттердің азабы және сонымен бірге болашаққа деген тыныш үміт бар.- Әрбір ата-ана балаларының қасында болуды армандайды-оларды қолдау, өмірдің маңызды сәттерімен бөлісу, олардың көздерінен бақытты көру. Әсіресе-қызының үйлену тойы сияқты күндерде. Мұндай іс-шаралар сотталғандарға тоқтауға, ойлануға, өз іс-әрекеттерін қайта қарауға, ең бастысы, оларды күтіп, сүйетіндермен байланысын жоғалтпауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті мекеменің психологы Құралай ИксановаБұл күні хаттар тек қағаздағы сөздерге айналмады-олар жүректер арасындағы көпірге айналды, олар қандай жағдай болмасын, бір-біріне қарай тартыла береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1239941?lang=ru