Қоғам
Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығына барды 26.12.2025
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келіп, БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығына барды.Сапар барысында Министр Орталық ғимаратында орналасқан БҰҰ мекемелері өкілдіктерінің қызметімен, олардың ағымдағы басымдықтары мен перспективалы жобаларымен танысты. Ол практикалық нәтижеге бағытталған жұмыстың маңыздылығына назар аударды.Е.Көшербаев Алматы қаласында БҰҰ Өңірлік орталығын құру және оның тиімді қызмет атқаруы Қазақстанның көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібін ілгерілетуге қосқан маңызды үлесі екенін атап өтті.СІМ басшысы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтың әмбебап алаңы ретінде БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуға деген өзгермейтін бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1134544?lang=kk
ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ! 26.12.2025
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Жаңа жыл мерекелері қарсаңында Шымкенттегі Қазымұқан орталық стадионында жергілікті тауар өндірушілер, шаруа қожалықтары және көтерме саудагерлер қатысатын азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке 30 желтоқсанда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін өтеді. Келушілерге жеміс-жидек пен көкөніс, ет және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер және басқа да азық-түлік түрлері қолжетімді бағамен ұсынылады. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, қолжетімді бағамен қажетті азық-түлік сатып алу және Жаңа жыл мерекелеріне дайындалуды бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Сіздерді жәрмеңкеге шақырамыз – кең таңдау және тамаша бағалар кепілдендірілген!
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 2025 ЖЫЛЫ 25 КӨШЕДЕ АЯҚ ЖОЛ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ 26.12.2025
Еңбекші ауданы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды инфрақұрылым жұмысы жүргізілуде.2025 жылы аудан аумағында жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын 25 көшеге жаңа аяқ жол төселді. Сайрам көшесінің екі қапталындағы 2,8 шақырым бүлінген аяқ жол қалпына келтіріліп, ескі 162 бағананың орнына жаңа жарықшам бағаналары орнатылды.Айта кету керек, 2024 жылы ауданда 23 көшеге 10,3 шақырым жүргіншілер жолы салынған болатын.Бұл жұмыстар аудан инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді.
Мониторинг жұмыстары жүргізілді ✅ 26.12.2025
Мониторинг жұмыстары жүргізілді ✅2025 жылдың 23 желтоқсан күні Қызылтөбе ауылдық округі аумағында орналасқан шағын дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілді.Мониторинг барысында кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның үстеме ақысы 15%-дан аспауы тиіс екені және тауар бағаларының көрнекі түрде көрсетіліп тұруы қажет екені жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1133146?lang=kk
2800 теңгеден бастап: Астанада ет жәрмеңкесі 5 күнге ұзартылды 26.12.2025
Астанада Әр сенбі-жексенбі күндері өтетін «Соғым Fest» ет жәрмеңкесі 27 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін 5 күнге ұзартылды. Елордалықтар ет жәрмеңкесінен жаңа жылдық үстелге ең арзан ет өнімдерімен қоса ауылшаруашылық өнімдерін де сатып ала алады. Жәрмеңкеге Ақмола, Түркістан, Павлодар, Абай және Қарағанды облысының шаруалары ет өнімдерін тікелей жеткізеді. Сәйкесінше баға әдәуір төмен болады. Мәселен жылқы еті келісіне 2800 теңгеден, сиыр еті 3000 теңгеден бастап, қой еті 3000-3200 теңге аралығында, қаздың еті келісіне 2500 теңгеден бастап саудаланады. Ет жәрмеңкесі Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрағында өтеді. Картаға сілтеме - https://2gis.kz/astana/geo/70000001039704047/71.489403,51.206573 Сонымен қатар аталған сауда орталығында осы күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де өтеді. Мұнда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады. Айта кету керек, картоп, пияз, сәбіз және жеміс-жидектер осы базарда ең төмен бағада сатылады. Жәрмеңке таңғы 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1133105?lang=kk
«Қазақтелеком» АҚ техникалық жұмысы 26.12.2025
Құрметті пайдаланушылары! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 27 желтоқсанда сағат 02:00-ден 05:00-ге дейін «Қазақтелеком» АҚ техникалық жұмыстар жүргізетінін хабарлайды. Осыған байланысты, көрсетілген уақыт аралығында «СӘИЖ», «ЭШФ», «Астана-1», «Кеден» ақпараттық жүйелері қолжетімсіз болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1133095?lang=kk
Үндістандық туроператорлар үшін ақпараттық тур 26.12.2025
Ағымдағы жылдың 7–8 қазан аралығында Ақмола облысының «Бурабай» курортында Ақмола облысының туризм басқармасының жанындағы «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы» КММ мен «Аstana Tourism» туризм даму орталығы» ЖШС бірлесіп Үндістаннан келген туроператорлар үшін ақпараттық тур ұйымдастырды.Іс-шараның негізгі мақсаты – шетелдік қонақтарды аймақтың туристік әлеуетімен, атап айтқанда гольф және MICE туризмінің (іскерлік туризм) мүмкіндіктерімен таныстыру болды.Екі күндік бағдарлама аясында қатысушылар өңірдің жетекші қонақ үй кешендері мен туристік нысандарын аралады. Олардың қатарында «Rixos Borovoe», «Wyndham Garden Burabay», «Forest Camp» және «Burabay» гольф клубы.Бірінші күні туроператорлар Абылай хан алаңы мен Мультимедиялық интерактивті кешенге барып, шолу экскурсиясына қатысты. Содан кейін «Wyndham Garden Burabay» қонақ үйінің нөмірлік қорымен, конференц-залдарымен және мейрамханасымен танысты. Экскурсия соңында қонақтарға «TAU» мейрамханасында түскі ас ұйымдастырылды.Бірінші күннің соңында шетелдік қонақтар «Burabay» гольф клубына барып, кешеннің мейрамханасымен, қонақ үйімен және жақсы күтімдегі гольф алаңдарымен жан-жақты танысты. Келесі күні шетелдік қонақтар гольф ойынын өздері ойнап көріп, алаңның сапасы мен қызмет көрсету деңгейін жоғары бағалады.Екінші күнгі бағдарлама аясында қатысушылар «Rixos Borovoe» және «Forest Camp» қонақ үйлеріне шолу жасап, жайлы демалыс пен іс-шаралар өткізуге арналған заманауи жағдайлармен танысты.Үндістаннан келген қонақтар «Бурабай» курортына ерекше қызығушылық танытып, оның табиғи сұлулығын, туризмнің кең мүмкіндіктерін атап өтті. Ақпараттық турдың қорытындысы бойынша қатысушылар өңірдің халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор әлеуеті бар екенін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1133057?lang=kk
Партия активі отырысы өтті 26.12.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «AMANAT» партиясының актив жиыны өтті.Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай,«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, аудандық мәслихаттың, партияның аумақтық филиалының төрағасы, партия ардагерлері, БПҰ жетекшілері қатысты.Актив отырысында аудан әкімі партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалуы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.Ағымдағы жылдың 30 қазанында Президентіміз облысымызға жұмыс сапарымен келіп, аймақтың дамуымен танысып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Жыл басында аудан бюджеті 10 млрд. теңгені құраса, бүгінде 13,2 млрд. теңгеге жетті.Барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылды.Ауданның өнеркәсіп орындары 93,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсіпі 13,1 млрд. теңгені құрады.Аудан экономикасына өткен жылы 75 млрд. теңге инвестиция тартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 83,3 млрд. теңге болды.Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 25,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 101,2 пайызды құрады.Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар аясында 5,4 млрд. теңгеге 189 жоба бойынша қаржылай қолдау көрсетілді. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша биыл Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасына облыстық бюджеттен 661,4 млн. теңге бөлініп, елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны 490,5 млн. теңгені құрайтын Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жұмыстары атқарылып, көрсеткіш 62 пайызға төмендеді.Ауданды абаттандыру жұмыстары бюджет көздерінен және бюджеттен тыс демеушілік арқылы қарқынды жүргізілуде.Тереңөзек кентінде 15 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды. Жалпы құны 350 млн. теңгеге 8 елді мекенде ойын алаңдары салынса, Бесарық пен Н.Ілиясов ауылының кіреберістері түнгі жарықпен қамтылды, Іңкәрдария мен Сәкен Сейфуллин ауылында орталық алаң абаттандырылған болатын.Бұл бағытта «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жобаларды жүзеге асыруды Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен, жетекші партия мүшелерімен бірлесе отырып жалғастыратын боламыз деді,-Берік Әбдіғаппарұлы.Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай партия активі алдына сайлауалды уәделердің орындалуын қатаң бақылауға алу, қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің оң шешілуіне ықпал ету туралы айтты. Сондай-ақ партиялық жобаларды жүзеге асыру барысында сайлаушылармен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейтіп, олардың рөлін арттыру қажеттігіне назар аударды. Партия атынан ұсынылған ауыл әкімдерінің жауапкершілігін күшейтіп, сайлауалды уәделерінің орындалуына жұмыс жасау жөнінде міндеттер қойды.Өз кезегінде партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекші Ақтөре Ибрагимұлы баяндама жасап, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Сонымен қатар партия ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Балшекер Өтегенова сөз сөйледі.Жиында партия қатарына жаңадан қабылданып жатқан азаматтарға партия билеті табысталып, белсенділер Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1133062?lang=kk
Гидтер мен экскурсия жүргізушілеріне арналған үш күндік оқу семинары өтті 26.12.2025
2025 жылғы 1 – 3 желтоқсан аралығында Бурабай курортының аймағында Ақмола облысы туризм басқармасының жанындағы «Visit Aqmola» Туристік ақпараттық орталығы» КММ гидтер мен экскурсия жүргізушілеріне арналған үш күндік оқу семинарын ұйымдастырды. Оқыту іс – шарасы «Insar» қонақ – үйінде өткізілді.Семинарға Ақмола облысы мен Астана қаласынан келген шамамен 60 гидтер мен экскурсия жүргізушілері қатысты. Семинар экскурсияны жүргізу қызметі, туристермен коммуникация орнату және тарихи-мәдени ақпаратты беру бағыттары бойынша құзыреттерді дамытуға бағытталған теориялық және практикалық білім беру блоктарын қамтиды. Семинардың мақсаты – өңірдегі гид-экскурсоводтардың кәсіби біліктілігін арттыру, олардың практикалық және әдістемелік дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ Ақмола облысы аумағында экскурсиялық қызмет көрсетудің бірыңғай стандартының қалыптасуына ықпал ету.Семинардың бірінші күнінде лектор ретінде этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Артықбаев Жамбыл Омарұлы сөз сөйледі. Лекция тақырыбы: «Бурабай курортының тарихи мұрасы»: тас және қола дәуірінен бастап Ұлы Даланың ерте көшпенділері, сақ-скиф өркениеті және Абылай хан кезеңіне дейін. Спикер өңір аумағының дамуының негізгі кезеңдеріне, сондай-ақ оның мәдени және табиғи маңыздылығына шолу жасады.Ақанова Сәуле Раушанқызы, ҰТ «Арман-тур» 3-санаттағы экскурсия жүргізушісі, Астана – Бурабай бағыты бойынша экскурсиялық ақпараттың ерекшеліктері туралы материалмен бағдарламаны жалғастырды. Қатысушылар маршрут құрылымын қалай қалыптастыру, нақты ақпаратты аңыздармен, статистикалық мәліметтермен, географиялық деректермен, көркем бейнелер мен өлең жолдарымен үйлестіру арқылы экскурсияны мазмұнды, динамикалық әрі тартымды ету жолдарын үйренді.Келесі сөз Архипов Евгений Владимировичке, «Бурабай» МҰТП ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкеріне берілді. Ол ұлттық парктің флорасы мен фаунасына арналған баяндамасын ұсынды. Қатысушылар парк аумағының табиғи алуан түрлілігі, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің тән түрлері туралы жаңа мәліметтер алды.Соңғы лекция Бурабай курортының аңыздарына арналды. Лектор — өлкетанушы және қоғам қайраткері Жақыпова Марал Қашкенқызы. Оның баяндамасы қатысушыларды өңірдің атақты аңыздарымен таныстырды: Ақылбай асуының тарихы, Абылай ханның алаңы, Ақбура, Оқжетпес және Жұмбақтас жартастары, Айнаколь көлі, сондай-ақ дала өркениетінің рухын сақтаған балбал тастар туралы қызықты деректермен бөлісті.Семинар аясында қатысушыларға Бурабай курортының жаңа және жаңғыртылған шолу алаңдарына экскурсия ұйымдастырылып, нысандардағы экскурсия жүргізу мүмкіндіктері көрсетілді. Сонымен қатар, «Nomadius» этнографиялық мұражайына және Соколовтар ірімшік өндірісіне бару бағдарламаның бір бөлігі болды.Іс-шара туризм саласындағы тәжірибе алмасу, жаңа кәсіби байланыстар орнату, кадрлардың кәсіби өсуіне жағдай жасау және өңірдің туристік әлеуетін кеңейту алаңына айналды. Алынған білім, Щучинск–Бурабай курорттық аймағында туристерге көрсетілетін экскурсиялық қызметтердің сапасын арттыруға маңызды ресурс бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1133063?lang=kk
«Drive Forum Burabay 2025» автотуризм, белсенді демалыс және саяхатқа арналған фестиваль 26.12.2025
20–22 маусым аралығында Бурабайдағы Aqmaral орман фермасында автотуризм, белсенді демалыс және саяхатқа арналған халықаралық Drive Forum Burabay фестивалі өтті. Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Қырғызстан, Ресей, АҚШ және басқа да елдерден келген 200-ге жуық қатысушы жиналды.Drive Forum Burabay — авто- және мото саяхатшылардың, караванерлердің және белсенді демалысты жақсы көретін жандардың жыл сайын өтетін халықаралық кездесуі. Фестивальдің мақсаты — Еуразия жол саяхатшыларының қауымдастығын нығайту, кэмпингтер, глэмпингтер және туристік бағыттар желісін дамыту, сондай-ақ қазақстандықтарды туған елін зерттеуге шабыттандыру.Фестиваль барысында танымал саяхатшылар мен сарапшылар тәжірибелерімен бөлісті: Nomad 105 клубының президенті Ғалым Бейсенбин, Nissan March көлігімен саяхаттаушы Людмила Гвоздева, тревел-блогер Азамат Сулайманов, агротуризм жөніндегі сарапшы Камилла Маратқызы және тағы басқалар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1133039?lang=kk
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартайды қабылдады 26.12.2025
Кездесу барысында ауданда партияның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ Президент жүктеген міндеттерді орындау мәселелері талқыланды. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында Сырдария ауданына белгіленген шаралардың орындалу барысы туралы жан-жақты ақпарат берді.Атап айтқанда, 2025 жылға жоспарланған 48 іс-шараның бүгінгі күнге 38-і толық орындалып, 10-ы жүзеге асырылу үстінде екені жеткізілді. Сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның ішінде Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасының жүзеге асырылуы, электр желілерін жаңғырту және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерді электрмен қамту мәселелері атап өтілді.Өз кезегінде облыстық филиал төрағасы Жандос Базартай партияның алдағы кезеңге арналған жоспарлары мен негізгі басым бағыттарын таныстырып, аудандық филиал тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды атап айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1133042?lang=kk
Pikeman жаппай ашық судағы жүзу жарысы өтті 26.12.2025
2025 жылғы 26 шілдеде Щучинск–Бурабай курорттық аймағындағы Шортанды көлінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам қатысушыны жинаған Pikeman жаппай ашық судағы жүзу жарысы өтті. Іс-шара Акмола облысының туризм басқармасының жанындағы «Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығы КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.Бұл бірегей іс-шара спорттың адамдарды біріктіріп, ішкі туризмді дамытуға және табиғатты қорғау мәселелеріне назар аудартуға мүмкіндік беретінінің жарқын үлгісі болды.Жарыс барлық қатысушылар үшін тегін өткізілді. Бұл оның барынша қолжетімді болуына, тәжірибелі спортшыларды ғана емес, әуесқойларды, балалармен келген отбасыларды және Бурабайда демалып жүрген туристерді де тартуға мүмкіндік берді.PIKEMAN жарысы Қазақстанның көркем аймақтарында белсенді демалысты насихаттауға бағытталған жазғы спорттық іс-шаралар сериясының бір бөлігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1133044?lang=kk
Aqbura Bay Trail – 5 халықаралық трейл-жүгіру жарысы өтті 26.12.2025
2025 жылғы 2 тамызда Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск-Бурабай курорттық аймағында, Үлкен Шабақты мен Текекөлдерінің арасындағы «Ақбура» демалыс аймағында AQBURA BAY TRAIL – 5 халықаралық трейл-жүгіру жарысы өтті. Бұл бірегей спорттық шара жүгіру мен белсенді өмір салтын ұстанатын жандарды біріктіріп, қатысушыларға экстремалды жағдайда өз мүмкіндіктерін сынауға мүмкіндік берді.Осы жылғы жарыста жалпы қатысушылар саны 1500 адамға жетті. Жарысқа Қазақстан азаматтарымен қатар Ресей, Қырғызстан, Испания, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Беларусь, Италия және басқа да елдерден келген шетелдік қонақтар да қатысты.Ұйымдастырушылар балалар мен ересектерге арналған түрлі қашықтықтар мен велосипед жарысын дайындады:Kids 500 мKids 1 кмKishi – 11 кмСкандинавиялық жүріс – 11 кмOrta – 23 кмUly – 53 кмAqbura Bike – 51 км веложарысОсындай форматтағы Aqbura Bay Trail – 5 сынды іс-шараларды өткізу — ішкі туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және өңірдің табиғи-мәдени әлеуетіне назар аударту тұрғысынан аса маңызды.Мұндай бастамалар экологиялық туризмге тұрақты қызығушылық қалыптастырып, Қазақстанның қайталанбас табиғи ландшафттары мен ашық аспан астындағы спорт түрлеріне қолайлы жағдайлары бар ел ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етеді.Сонымен қатар, Aqbura Bay Trail – 5 халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тиімді алаң, түрлі елдерден келген спортшыларды біріктіре отырып, оқиғалық және спорттық туризмді дамытуға және өңірдің халықаралық деңгейдегі туристік беделін арттыруға үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1133046?lang=kk
Халықаралық ашық судағы жүзу жарысы X-Waters Kazakhstan 2025 26.12.2025
2025 жылғы 9–10 тамызда Бурабай курорттық аймағында жаһандық X-WATERS сериясына кіретін ауқымды халықаралық ашық судағы жүзу жарысы X-WATERS KAZAKHSTAN 2025 өтті. Іс-шараның негізгі алаңы Wyndham Garden Burabay болды.Жарыс Қазақстанның ең көркем өңірлерінің бірінде өтіп, 1000-нан астам қатысушыны және 2000-нан аса көрерменді жинады. Спортшылар географиясы Қазақстанның 30-дан астам қаласын қамтыды — Астана мен Алматыдан бастап Атырау мен Қостанайға дейін. Сонымен қатар, жарысқа Бельгия, Ұлыбритания, Беларусь, Өзбекстан, Ресей, Испания, АҚШ және басқа да елдерден жүзушілер қатысты.Қатысушылардың жасы 7-ден 70+ жасқа дейін болды, олардың қатарында жаңадан бастаушылар да, тәжірибелі спорт шеберлері де бар. Жүлде қоры 2,5 млн теңгені құрады.Жеңімпаздар жас ерекшеліктері бойынша марапатталды, ал «Мастерс» санатындағы спортшылар ресми спорттық разрядтар алу мүмкіндігіне ие болды. Ең үздік жүзушілер халықаралық X-WATERS TOP-100 рейтингіне енді.Бұл іс-шара бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық туризмді ілгерілетуге және Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға маңызды үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1133050?lang=kk
Аңызға айналған жауынгер – Бауыржан Момышұлы 26.12.2025
Аңызға айналған жауынгер – Бауыржан Момышұлы 24-желтоқсан күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Ы. Алтынсарин ат. ЖББМ-да 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Аңызға айналған жауынгер – Бауыржан Момышұлы» әдеби қонақ бөлмесін өткізді. Іс-шара ҰОС қатысушысы, Кеңес Одағының батыры және «Халық қаһарманы» орденінің кавалері Бауыржан Момышұлының туғанының 115 жылдығына орай өткізілді.Бағдарлама аясында тақырыптық таныстырылымдар және бейнероликтер көрсетілген болатын. Мұрағаттық кадрлар және көрнекті материалдар оқушыларға қолбасшының өмірлік жолын айқын түрде зерделеуге және оның Мәскеу түбіндегі шайқастағы Жеңіске қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар кітапханашы батырдың жеке қасиеттеріне – оның айырықша ар-намысына, тәртібіне және сөзіне берік болуына ерекше назар аударды. «За нами Москва» және «Ұшқан ұя» шығармаларының мысалында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмірлік ұстанымдарын, сондай-ақ оның шығармашылығының ерекшеліктерін талдады. Іс-шара жазушының негізгі еңбектері ұсынылған тақсөреге шолумен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1132985?lang=kk
"Жаңа жылдық ғажайыптар өрісі" 26.12.2025
25-желтоқсан күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Федоров АӘҚКО «Жаңа жылдық Ғажайыптар алаңы» мерекелік-ойындық бағдарламасын өткізді. Ойын төрт кезеңде көңілді және жайдары өтті. Финалисттер сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара көңілді әндермен және викториналармен сүйемелденді, ал барлық қатысушылар бірге Эдуард Хильдің «Зима» өлеңін орындады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1132989?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының әкімі MNALRC W.L.L. компаниясымен жұмыс кездесуін өткізді 26.12.2025
2025 жылғы 26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы Корольдік Бахрейннің Манама қаласында тіркелген MNALRC W.L.L. халықаралық компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының аумағында өнеркәсіп және металлургия саласындағы ірі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Компания өкілдері заманауи технологияларды қолдана отырып, экологиялық стандарттарды қатаң сақтайтын ферросилиций өндіретін зауыт салу тұжырымдамасын таныстырды.MNALRC W.L.L. – өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыруға маманданған халықаралық сауда-консалтингтік компания. Компания халықаралық қаржы институттарымен және стратегиялық серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, жобаларды қаржыландыруды, технологиялық сараптаманы және басқарушылық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.Жоба аясында қалдық жылуды кәдеге жарату жүйелері, десульфурация және денитрификация жүйелері, суды жабық циклде пайдалану, сондай-ақ шығарындыларды автоматтандырылған бақылау жүйелері сияқты заманауи экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу көзделген. Жобаны іске асыру қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға, циркулярлық экономика қағидаттарын енгізуге және ресурстарды кешенді пайдалануға бағытталған.Зауыт құрылысы тек Шығыс Қазақстан облысының аумағында жүзеге асырылатыны ерекше атап өтілді.Жобаны іске асыру нәтижесінде 660 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, бұл өңір үшін елеулі әлеуметтік-экономикалық тиімділік әкеліп, оның өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1132956?lang=kk
Ереванда Қазақстан мен Армения арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды 26.12.2025
Армения астанасында «Қазақстан – Армения: туризм саласындағы диалог» тақырыбында екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне арналған гибридті форматта дөңгелек үстел өтті. 2024 жылы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Kazakh Tourism» Ұльтық компаниясы» АҚ мен Армения Туризм федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен іс-шара Қазақстан мен Арменияның салалық мемлекеттік органдарының басшыларын, туркомпаниялар өкілдерін, сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін біріктірді.Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға Қазақстанның туристік инфрақұрылымы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылып, тәжірибе алмасуды қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды.Өз сөзінде Елші Б.Иманбаев 2025 жылы қазақ-армян қатынастары стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шыққанын, туризм саласындағы ынтымақтастықты тереңдету экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі ел азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін маңызды бағыт екенін атап өтті.Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Н.Кәріпбаев туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен екіжақты өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде туристерді тарту және ұлттық туристік брендтерді халықаралық нарықтарда ілгерілету мәселелерін таныстырды. «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің таныстырылымдарында Қазақстанның туристік әлеуетіне және шетелдік әріптестермен серіктестік байланыстарды дамыту тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан туризм саласын тұрақты экономикалық өсудің қозғаушы күштерінің бірі және халықаралық өзара іс-қимылдың маңызды құралы ретінде жүйелі түрде дамытып отырғаны атап өтілді.Өз кезегінде армян тарапының өкілдері туризм саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің көрікті жерлерін насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды қалыптастыру арқылы кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.Армения Республикасы Экономика министрлігі Туризм комитетінің төрайымы Л.Геворгян ведомствоаралық байланыстарды тереңдетуге қызығушылық білдіре отырып, армян тараптың 23-ші Қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесіне (KITF 2025) қатысуы жөніндегі әсерлерімен бөлісті. Ол туроператорлар арасында тікелей байланыстар орнатудың маңыздылығын атап өтіп, бұған Қазақстан мен Арменияда өткізілетін мамандандырылған іс-шаралар мен көрмелерге белсенді қатысу ықпал ететінін айтты.Армения Туризм федерациясының президенті М.Апресянның пікірінше, қолайлы көлік-логистикалық жағдайлардың болуы екі елдің әлеуетін тиімді іске асырудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.Eрекше қызығушылық «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты шетелдік журналистерге арналған 10-шы мерейтойлық халықаралық байқаудың «Туризм» номинациясы бойынша лауреаты, «АрмИнфо» ақпарат агенттігінің тілшісі М.Мкртчянның Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы пікірлері тудырды.Пікірталас барысында қатысушылар туризм алмасуын кеңейтудегі көлік қолжетімділігі мен цифрлық құралдардың негізгі рөлін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделерге сай келетін және Қазақстан мен Армения арасындағы байланыстарды кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатын әріптестікті одан әрі тереңдетуге мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1132959?lang=kk
Таңғы белсенділік – үлгілі бастама 26.12.2025
Бүгін аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде салауатты өмір салтын берік ұстанып жүрген Жосалы кентінің тұрғындарын аудан әкімі жаңа жыл қарсаңында арнайы барып, құттықтауын жеткізді. Таңғы уақытта өткен кездесуде аудан басшысы ұжым мүшелерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.Кездесу барысында аудан әкімі белсенді жандардың таңғы жаттығу арқылы тұрғындарды, әсіресе үлкен буын өкілдерін салауатты өмір салтына баулып жүрген игі бастамасын жоғары бағалады. Мұндай жүйелі бастамалар қоғам үшін маңызды екенін де атап өтті.Белсенді өмір салтын ұстанып жүрген азаматтардың игі істері жастар үшін үлкен өнеге екенін жеткізген Жандос Еркінбек ұжым мүшелеріне жемісті бастамаларының алдағы уақытта да жалғасын таба беруіне тілектестік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1132973?lang=kk
15 желтоқсан күні «Жастар» АМҮ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған аудандық патриоттар форумы өтті 26.12.2025
15 желтоқсан күні «Жастар» АМҮ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған аудандық патриоттар форумы өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1132974?lang=kk