Қоғам
«Өнеріміз саған, Казақстан!» 26.12.2025
18 желтоқсан күні «Жастар» АМҮ-де Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты аудандық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығының байқау фестивалінің гала концерті өтті. Фестиваль қорытындысы бойынша Кенарал ауылдық клубы Арнайы жүлдеге ие болды. III орын — Новошумный ауылдық клубы, II орын — Баннов ауылдық клубы, I орын — Пешков ауылдық клубы,Бас жүлде — Первомай ауылдық клубы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1132979?lang=kk
Қорғаныс министрі Қатардағы халықаралық музыкалық фестивальге қатысушыларға алғысын білдірді 26.12.2025
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Дохада өткен I халықаралық әскери музыка және марштар фестиваліне қатысушылармен кездесті.Қазақстандық ұжымның түрлі алаңдардағы өнер көрсетулері Қатардың Ұлттық күні мерекесі кезінде көрермендердің жылы қабылдауына ие болып, мәдени іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан жоғары баға алды.– Фестиваль барысында Ұлттық әскери-патриоттық орталық қызметшілері мен Құрмет қарауыл ротасының жеке құрамы патриоттық әндер, сахналық көріністер және ұлттық нақыштағы өнер арқылы еліміздің рухани мұрасын шетелдік көрермендерге таныта білді. Бұл Қарулы күштеріміздің тек қауіпсіздіктің кепілі ғана емес, сонымен қатар ел мәдениетінің рухани айнасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай жетістіктер Қазақстан Қарулы күштерінің халықаралық аренадағы беделін арттыруға үлес қосады, – деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Іс-шара барысында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Әсенов пен Құрмет қарауыл ротасының командирі аға лейтенант Жеңісбек Рақымжан Қорғаныс министрінің алғыс хатымен марапатталды.Фестивальге елімізден Орталық әскери оркестр, би тобы, фольклорлық-этнографиялық ансамбль және Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы қатысты. Қазақстандық әскери қызметшілер концерттік бағдарламадағы репертуары мен ұлттық нақышы арқылы ерекшеленді. Онда Нұрғиса Тілендиевтің, Темірхан Қожабековтің, Бақытжан Желдербаевтың шығармалары, сондай-ақ «Allah Ya Omri Qatar» патриоттық әні орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1132926?lang=kk
Салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері бойынша семинар 26.12.2025
2025 жылғы 24 желтоқсанда «Атамекен» ҰКП ШҚОФ алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер, консалтингтік компаниялардың өкілдері, аудиторлар және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін онлайн және офлайн форматта семинар өткізді.Іс-шара барысында Департамент мамандары салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелеріне түсіндірме берді. Атап айтқанда, келесі тақырыптар қарастырылды:мемлекеттік кірістер органдарының экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыруы;арнайы салық режимі және оны қолданудағы негізгі өзгерістер.Семинар конструктивті жағдайда өтті. Қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1132909?lang=kk
Арнайы салық режимдерін және бизнесті жүргізу тәртібін түсіндіру 26.12.2025
2025 жылғы 25 желтоқсанда Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлердің қатысуымен семинар өткізді.Іс-шара барысында қатысушыларға арнайы салық режимдері, олардың түрлері мен қолдану шарттары, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі, кассалық тәртіпті сақтау талаптары, сондай-ақ көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімдері түсіндірілді.Семинар ашық диалог форматында өтті. Кәсіпкерлер салық заңнамасына қатысты өзекті сұрақтар бойынша толық түсіндірмелер алып, басқарма мамандарына сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1132879?lang=kk
«Жарқыра шаттық шыршасы» 26.12.2025
Сегодня на центральной площади Кармакшинского района состоялась церемония зажжения огней главной новогодней ёлки под названием «Жарқыра шаттық шыршасы». На долгожданное праздничное мероприятие собрались жители и гости района, окунувшись в атмосферу радости и приподнятого настроения.В торжественном мероприятии принял участие аким района Жандос Еркинбек, который поздравил собравшихся с наступающим Новым годом и отметил достижения района в социально-экономическом развитии.— Через считанные дни мы простимся с уходящим годом и вступим в новый. Это особый момент, который каждый человек встречает с особым настроением. Для нашего района этот год был плодотворным и богатым на успехи. Достигнутые сегодня результаты — это плод поддержки Главы государства, Правительства и акима области, а также упорного труда жителей, — отметил аким района.Также Жандос Еркинбек подчеркнул, что в 2025 году первоначальный бюджет района был утверждён в размере 12 млрд 176 млн тенге, и в результате трёхкратного уточнения в течение года бюджет района увеличился до 22 млрд тенге. На сегодняшний день за счёт эффективного планирования средств и привлечения дополнительных источников финансирования бюджет района вырос на 9,9 млрд тенге, или на 80,9 процента.— Уважаемые земляки! Предстоящий год станет для нашего района периодом новых задач и возможностей. Мы будем последовательно продолжать реализацию социальных и инфраструктурных проектов, а также работу по повышению качества жизни населения, — подытожил глава района.После этого с участием акима района и лучших представителей района состоялась церемония зажжения первого огня на ёлке накануне года Лошади. Праздничный вечер продолжился концертной программой районных артистов, подарив собравшимся яркие эмоции и праздничное настроение.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1132881?lang=kk
Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді 26.12.2025
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен қоғам белсендісі, «Сыр дидары» газетінің тілшісі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының аудандық өкілі Қуаныш Жақсылықұлы Төреевтің 70 жасқа толуына орай салтанатты қабылдау өтті.Шараға ауданның ел ағалары және ардақты азаматтарымен қатар, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ерғазы Қожақов арнайы келіп қатысты.Қабылдау барысында Жандос Еркінбек мерейтой иесінің қоғам өміріндегі белсенді қызметіне тоқталып, оның ұзақ жылдар бойы ауданның қоғамдық мәселелерін көтеріп, халық пен билік арасында алтын көпір бола білгенін атап өтті. Сонымен қатар «Сыр дидары» газетінде атқарған еңбегі мен саладағы азаматтық ұстанымы ерекше бағаланды.Салтанатты шарада аудан әкімі қоғам белсендісіне ауданның ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады.Сондай-ақ Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ерғазы Қожақов, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.Өз кезегінде Қуаныш Жақсылықұлы да жиналған қауымға ризашылығын айтып, ақжарма тілегін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1132865?lang=kk
Жарқыра, шыршамыз! Жылдағы дәстүр бойынша 25 желтоқсан күні ауданның Бас шыршасының шамдарын жағу салтанаты өтті 26.12.2025
Әйет ауылының орталық алаңы бұл күні балалардың күлкісіне, мерекелік ән-күйге, көңілді ойындарға ұласты. Сиқырлы мерекенің басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақар болды. Аудан орталығының тұрғындары мен қонақтарын Әйет ауылдық округінің әкімі Ерлан Назарбаев құттықтады. Ол жиналғандарға құттықтау сөз сөйлеп, келер Жаңа жылымыз бақытты жыл болып, елімізде бейбітшілік болсын деген тілектер білдірді. Алаңға жиналған үлкенді-кішілі əйеттіктермен бірге Аяз Ата және Ақшақар «Жарқыра, шыршамыз!» деген сиқырлы сөздерін айтқаннан соң, керемет шыршамыз жарқырап шыға келді. Әйет ауылының бас шыршасының ашылуы бүкіл аудандағы жаңа жылдық іс-шараларға бастау болары сөзсіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1132870?lang=kk
Еңбек адамдарына лайықты құрмет 26.12.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланған. Осыған орай бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мақсатында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен еңбек адамдарына арналған салтанатты қабылдау өтті.Қабылдау барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен жариялаған жылдың маңыздылығына тоқталып, еңбек адамдарының ауданымыздағы күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудегі қызметтерін атап өтті.Шара аясында ауданның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар еңбек адамдары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.Сондай-ақ қабылдау барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйлеп, еңбек адамдарын құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.Жиында Жандос Еркінбек:-Ауыл шаруашылығы, өндіріс, білім, медицина, мәдениет және кәсіпкерлік салаларында атқарылып жатқан жұмыстар – еңбек адамдарының күнделікті қызметінің нәтижесі. Әрбір жетістіктің артында жауапкершілік пен тынымсыз еңбек тұр. Әр жұмысшы – ауданның дамуына үлес қосып отырған азамат. Осы орайда барша еңбек адамдарына алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін,- деп шараны қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1132871?lang=kk
«Тәуелсіз елім» атты әдеби-танымдық дөңгелек үстел. 26.12.2025
15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай «Тәуелсіз елім» атты әдеби-танымдық дөңгелек үстел ҚР әнұранымен ашылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи маңызы мен ел дамуына үлес қосқан қайраткерлер еңбегін кеңінен түсіндіру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға құрмет пен отаншылдық рухын қалыптастыру.Кездесу барысында кітапханашы мен клуб меңгерушісі Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін талқылап, тарихи деректер мен танымдық мәліметтерді ортаға салды. Сонымен қатар, сұрақ-жауап және пікір алмасу ұйымдастырылды және Беколжастың орындауында «Желтоқсан желі» атты күйін орындады. Біз Тәуелсіздікті сақтайтын және дамытатын - білімді, саналы, патриот жастар екеніне сенеміз! Тарихты білу - болашаққа дұрыс қадам жасаудың негізі. Тарихымызды құрметтеп, болашаққа сеніммен қарайық!Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел болашағының берік негізі.Осындай әдеби-танымдық дөңгелек үстел қазақ тарихына деген құрметті одан әрі арттыра түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1132839?lang=kk
Алматы облысында ветеринария қызметінің автопаркі 68 пайызға жаңартылды 26.12.2025
Алматы облысында ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Облыс әкімі қолдауымен облыстық ветеринария басқармасы арқылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» ұсынған лизингтік бағдарлама аясында ауылдық округтердің ветеринария дәрігерлеріне 71 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды.Бұған дейін ағымдағы жылы ветеринария бөлімшелеріне 13 автокөлік берілген болатын. Соңғы жеткізілімдерді қоса есептегенде, өңірдегі ветеринария саласының автопаркі 68 пайызға жаңартылды.Жаңа автокөліктер ветеринария мамандарының жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге, профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуге, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі эпизоотиялық жағдайды бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.2025 жылы Алматы облысында ветеринария саласын дамытуға және оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл шаралар өңірдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1132813?lang=kk
Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер 26.12.2025
2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және азаматтардың мерзімді әскери қызметі жүйесінде цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырды.Жаңа технологиялар медициналық тексеруден өту, азаматтарды ақпараттандыру, шақыру тізімдерін қалыптастыру және қызметті ұйымдастыру сияқты бағыттарды қамтиды.Шақыру науқанын цифрландыру аясында «e-Медосмотр» ақпараттық жүйесі енгізілді. Жүйе Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысының Абай қаласында пилоттық режимде сәтті енгізілді. Ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен тікелей байланыс орнатып, медициналық тексеру процесін жеделдетуге және шақыруға жататын азаматтардың деректерін нақты уақытта алуға мүмкіндік береді.«e-Медосмотр» шақырушы азаматтың цифрлық медициналық картасын жасап, 100-ден астам медициналық параметр бойынша ақпарат ала алады. Дәрігер қорытындыларын енгізуге, құжаттарды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және QR-код арқылы бекітуге, қосымша тексерулерге жолдауға және олардың нәтижелерін электронды түрде алуға мүмкіндік береді. Жүйе зертханалармен, медициналық құрал-жабдықтармен және мемлекеттік ақпараттық ресурстармен интеграцияланған. Қазіргі уақытта «e-Медосмотр» Астана, Шымкент қалалары, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында енгізілген. Ақмола облысында жүйені қосу жұмыстары басталды.Азаматтарды әскери қызмет өткеру тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында Қорғаныс министрлігі ARMIA.KZ цифрлық сервисін іске қосты. Бұл сервиске жасанды интеллект енгізілген. Ол пайдаланушылардың сұрақтарына жедел жауап беруді қамтамасыз етеді. Платформа Қорғаныс министрлігінің жалпы цифрлық жүйесімен интеграцияланады.Шақыру жұмысына «Smart военкомат» жүйесі де енгізілді. Жасанды интеллект технологиясына негізделген бұл жүйе автоматты түрде шақыруға жататын азаматтардың тізімін жасап, медициналық тексеруден өту қажеттілігі туралы хабарламалар жібереді. Тізім жасалған кезде азаматтардың жасы, антропометриялық деректері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жүргізуші куәлігінің болуы және шақырудан кейінгі кейінге қалдыру немесе босатылу негіздері ескеріледі.Цифрлық тәсілдер мерзімді әскери қызмет барысында да қолданылады. Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде жүзеге асырылып жатқан Sarbaz+ пилоттық жобасы жауынгерлік және арнайы дайындықтың жаңарған тұжырымдамасын, заманауи тұрмыстық және оқу инфрақұрылымын, әскери қызметшілердің фитнес-браслеттер арқылы медициналық мониторингін және қызмет кезінде IT, телекоммуникация және дрондарды басқару саласындағы азаматтық мамандықтарды алу мүмкіндігін қамтиды.Цифрлық шешімдерді енгізудің мақсаты – шақыру рәсімдерін ашық әрі тиімді ету, даярлық сапасын арттыру және әскери қызметтің жағдайын жақсарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1132814?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Украина Елшісін қабылдады 26.12.2025
Астана, 2025 жылғы 24 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Украинаның Қазақстандағы Елшісі Виктор Майконы қабылдады.Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша Астана мен Киев арасында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы сындарлы диалогты тереңдетуге дайындық расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1132755?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының әкімі шетелдік делегациямен жұмыс кездесуін өткізді 25.12.2025
2025 жылғы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлының HONG KONG BBGO INVESTMENT HOLDING GROUP LTD. шетелдік компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының аумағында экологиялық рекультивациялау және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Компания өкілдері аумақтарды экологиялық сауықтыруға, ресурстарды кешенді пайдалануға және циркулярлық экономика қағидаттарын енгізуге бағытталған халықаралық тәжірибесі мен технологиялық шешімдерін таныстырды.Келіссөздер аясында жобаның экологиялық қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауына, сондай-ақ өңір үшін күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділікке, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру және салықтық түсімдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Өткізілген кездесу халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Шығыс Қазақстан облысына экологиялық бағыттағы инвестицияларды тарту жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1132742?lang=kk
ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісінің Балх провинциясына сапары 25.12.2025
2025 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасының делегациясы Мазари-Шариф қаласына жұмыс сапарын шекті. Делегацияны Ауғаныстандағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғазиз Акбасов басқарды.Балх провинциясының губернаторы Мохаммад Юсуф Вафамен өткен кездесуде ауған тарапы Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықтың басымдығын растады және ҚР-ның аймақтағы көшбасшылық рөлін атап өтті.Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды белсенді талқылады. Ауған тарапы ҚР Президентінің Ауғаныстан жөніндегі арнайы өкілі Еркін Түкімовпен болған кездесуде айтылған мектеп пен 200 орындық аурухана салу ұсыныстарын еске салды және Мазари-Шарифте муниципалдық кешен салу идеясын ұсынды.Қазақстан тарапы солтүстік провинциялармен тұрақты сауданы нығайтуды және «Хайратон» өткізу пункті арқылы логистиканы дамытуды қызығушылық танытты. Қазақстан Ауғаныстанда 200 орындық аурухана мен бірнеше мектеп салуға дайын екенін мәлімдеді.Губернатор Вафа Қазақстанға сапар жоспарын (ауған сауда делегациясының құрамында) айтып, қазақстандық бизнеске қолдау көрсететінін растады.Аймақтық тұрақтылық, гуманитарлық ынтымақтастық және іскерлік байланыстар мәселелері бойынша диалогты жалғастыру туралы келісімге келді.Кейін Елші Ғ.Акбасов Балх провинциясының Сауда-инвестициялық палатасының (СИП) төрағасы Мохаммад Ибрахим Газанфармен кездесті.Сауданың өсуі, ауған жемістерін ҚР-ға экспорттау, қазақстандық тауарларды жеткізу және бірлескен инвестициялар талқыланды - ерекше назар тау-кен өнеркәсібіне аударылды.Ауған тарапы Мазари-Шарифте Қазақстан Сауда үйінің бөлімшесін СИП базасында ашуды және «Газанфар» банкі қатысатын сәтті сауда платформасы моделін қолдануды ұсынды.Тараптар сауда-инвестициялық серіктестікті белсенді дамытуға жігерілік танытты.Сапар Қазақстанның Ауғаныстанмен экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған прагматикалық саясатының маңызды қадамы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/1132740?lang=kk
Алматыда Қызыл Крестпен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 25.12.2025
2025 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының Орталық Азия бойынша делегациясының Басшысы Севаль Гузелкилинчпен кездесу өткізді. Кездесу аясында тараптар денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және табиғи апаттарға ден қою саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу соңында тараптар белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға және гуманитарлық қауіпсіздік саласындағы жаңа жобаларды қолдауға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1132737?lang=kk
Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения мен өңірдің Alma Mater Europaea жетекші жеке университетінің басшылығымен кездесті 25.12.2025
Любляна, 2025 жылғы 24 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев екі ел арасындағы стратегиялық және инновациялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға бағытталған IZUM (Institut informacijskih znanosti, Maribor) басшылығымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты ақпараттық технологиялар, ғылым, білім беру және цифрлық зерттеулер саласындағы бірлескен жобалар болды.Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі Alma Mater Europaea университетінің басшылығымен жұмыс кездесуін өткізіп, білім, ғылым және бейбітшілік пен орнықты дамуды ілгерілету жөніндегі халықаралық бастамалар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.Тараптар білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және бірлескен жобалар, соның ішінде білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізу және жастар арасында инновациялық бастамаларды қолдау саласында тәжірибе алмасты. Қазақстандық студенттер мен зерттеушілердің Alma Mater Europaea халықаралық бағдарламаларына және бейбітшілікке, толеранттылыққа және мәдениетаралық диалогқа жаһандық жәрдемдесуге бағытталған The global Peace Offensive Center (GPOC) жобаларына қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Қазақстан елшісі ғылым мен білім беруді дамытуға ғана емес, Қазақстан мен Словения арасындағы академиялық әріптестікті нығайтуға ықпал ететін академиялық байланыстар мен бірлескен бастамаларды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде университет басшылығы белсенді ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және бірлескен білім беру және әлеуметтік жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1132721?lang=kk
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы сұрақ-жауап 25.12.2025
Сұрақ: Мен жасым бойынша зейнеттемін. 2026 жылы өз пәтерімді заңды түрде жалға беруді жоспарлап отырмын. Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимді қолдануға құқығым бар ма және бұл ретте қандай салықтар төленеді?Жауап: Иә, 2026 жылы Сіз өзіңізді жұмыспен қамтып, белгілі бір шарттар орындалған кезде пәтеріңізді, соның ішінде зейнеткер ретінде жалға бере аласыз. Бұл 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінде қарастырылған. Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін негізгі шарттар:- Сіз Қазақстан азаматы болуыңыз керек;- Жеке кәсіпкер (ЖК) болмауы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режим тек жеке тұлғаларға ғана қолжетімді;- Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілуге тиіс;- Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбау;- Ай сайынғы табыс 300 АЕК-тен аспауы тиіс, бұл шамамен 1 млн. 300 мың теңгені құрайды (2026 жылы 1 АЕК 4325 теңгеге тең болады).Салықтар қалай есептеледіӨзін-өзі жұмыспен қамтығандар табыс салығын төлемейді.Алынған табыстан әлеуметтік төлемдер төленеді - 4%, оған әлеуметтік аударымдар (1%), міндетті зейнетақы жарналары (1%), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (1%), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (1%) кіреді.Әлеуметтік Кодекстің 243, 248-баптарына, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңның 28-бабына сәйкес жасына байланысты зейнеткерлер әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады. Осылайша, Сіз әлеуметтік төлемдерден босатыласыз.Қалай рәсімдеуге боладыӨзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «e-Salyq Business» арнайы қосымшасын пайдалануды көздейді.- Мобильді қосымшаға өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелу;- Фискалдық чектерді міндетті түрде соғасыз. Режимді қолданудың басталу күні - бірінші чектың соғылуы.- Әлеуметтік аударымдар ай сайын автоматты түрде есептеледі.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінің қолданылуы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 77-тарауының 718-721-баптарымен реттеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1132699?lang=kk
Қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 25.12.2025
2025 жылғы 25 желтоқсанда Арман Оразалиевич Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыс барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жергілікті бюджеттің орындалу барысы, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды тыңдап, ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Отырыс конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1132654?lang=kk
📌Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және арнайы салық режимдеріндегі өзгерістерге байланысты, қазіргі уақытта: 25.12.2025
• оңайлатылған декларация негізінде, • бөлшек салық режимінде, • тіркелген шегерім қолданылатын режимде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет. 🗓 МерзімдерОңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейін (өтпелі кезең) ұсыну қажет.Хабарламаны тапсырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы режимді қолданушы болып есептеледі. 📲 Хабарламаны беру жолдары (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап): • Салық төлеушінің кабинеті (ИСНА) арқылы → «Құжаттарды тапсыру» → «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» (ЭЦҚ-мен); • E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы; • ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы; • қағаз түрінде — орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына. 🔔 Хабардар ету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық төлеушінің кабинетіне қадамдық нұсқаулықпен бірге push-хабарлама жібереді. ⚠️ МаңыздыЕгер өтпелі кезеңде салық салу режимі таңдалмаса және хабарлама ұсынылмаса, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне автоматты түрде көшіру мүмкін. 📞 Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіру көмегін, соның ішінде колл-орталықтар арқылы көрсетеді. ✅ Қиындықсыз көшу үшін оңтайлы салық режимін алдын ала таңдап, хабарламаны уақтылы ұсыну ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1132630?lang=kk
Парыгино ауылдық округінің әкімі Төлеков Гани Әлібекұлының құттықтауы 25.12.2025
2025 жылдың 25 желтоқсанында Жаңа жыл қарсаңында Парыгино ауылдық округінің әкімі Г.А. Толеков «Лад» коммерциялық емес қайырымдылық мекемесі мен «Живая вода» қайырымдылық үйінің ұжымдары мен тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.Парыгино мәдениет үйінің ұжымы мерекелік жаңа жылдық концерт өткізді. Өнерпаздар келген қонақтарға жылы атмосфера, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1132462?lang=kk