Қоғам
Киберқауіпсіздік журналы 15.12.2025
Киберқауіпсіздік журналы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1126215?lang=kk
KazAID қызметіне бес жыл: Қазақстанның жаһандық орнықты дамуға қосқан үлесі 15.12.2025
Астана, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстанның халықаралық даму жөніндегі KazAID агенттігіне бес жыл толды. Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен ресми даму көмегi саласындағы ұлттық оператор ретінде құрылып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы ұйым болып табылады.Осы кезең ішінде KazAID Қазақстанның жаһандық дамуға қосқан нақты үлесін іске асыратын тиімді құралға айналып, елдің халықаралық көмекті алушы мемлекеттен табысты тәжірибесін бөлісетін донор елге айналғанын көрсетті. Бүгінде KazAID цифрландыру, білім беру және медицина салаларында жобаларды жүзеге асырып, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның орнықты дамуы мен адами капиталын нығайтуға қолдау көрсетуде.KazAID Қазақстанның үздік тәжірибелерін ілгерілетіп, сарапшылар арасындағы білім алмасуды қамтамасыз етеді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді. Бес жыл ішінде 34 млн АҚШ долларынан астам сомаға гуманитарлық көмек көрсетілді, ал ресми даму көмегі жобаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 183 млн АҚШ долларына жетіп, 40-тан астам елді қамтыды.KazAID-тің миссиясы – нәтижеге бағытталған техникалық көмек көрсету арқылы серіктес елдерде орнықты және инклюзивті дамуға жәрдемдесу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1129103?lang=kk
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты 2025 жылғы 12 желтоқсан 15.12.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Президент Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы Түрікменстанның саяси ұстанымы тұтас Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен орнықты дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Аталған форумда көтерілген бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мән-маңызына жаңаша көзқарас қалыптастырады.Қазақстан Президенті Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымы түрікмен халқының сан ғасырлық мәдени дәстүрімен және рухани құндылықтарымен үйлесетінін айтты.– Түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыстың көрнекті ойшылы Мақтымқұлы Пырағы: «Тыныштық болса ел өседі, әділдік болса сенім күшейеді» деген. Ұлы данышпанның дүниені терең таныған идеялары қазіргідей алмағайып халықаралық жағдайда да өте өзекті бола түскені сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау туралы бастамасы ерекше мәнге ие болғанын жеткізді. Президент еліміз осы маңызды қарарды қуаттағанын айта келіп, бейбітшілік пен келісім Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының іргетасы саналатынына назар аударды.– Жекелеген кикілжіңдердің реттелгеніне қарамастан, әлемдегі жалпы ахуал әлі де ушығып тұр. Адамзат өзара сенім, толеранттылық, орнықты даму үшін бейбітшілік пен ынтымақтың маңызын түсіну секілді іргелі факторларға зәру. Сонымен қатар кейбір күмәнді ережелер алға шығып, халықаралық құқықтың әлсірей бастағаны, көпжақты құрылымдардың, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі мен тиімділігінің төмендегені өкініш тудырады. Стратегиялық теңгерімді қалпына келтірмей, әлемде әділ тәртіп орнату мүмкін емес. Сондықтан халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік сөз күйінде қалып, көпжақты форумдардың қарарлары мен келіссөздердегі ізгі тілек ретінде ғана көрініс табады. Сол себепті Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына жан-жақты реформа жүргізуді, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, Бас Ассамблеяның рөлін нығайтуды қолдайды. Бас Ассамблеяның 80-ші сессиясы аясында мен БҰҰ жүйесін реформалау жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу үшін пікірлестер тобын құру идеясын көтердім, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды. Мемлекет басшысы еліміз Түрікменстан Президентінің БҰҰ бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты.– Қазірдің өзінде жаһан жік-жікке бөлінуден, тіпті ядролық соғыстан бас тартып, бейбітшілік, сенім, ынтымақ секілді құндылықтарды басшылыққа алған кезде әлемде әділетті және орнықты тәртіп орнатуға болатыны белгілі болды. Осы орайда еліміз Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді. Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты, – деді Президент.Мемлекет басшысы өзге өңірлердегі қақтығысты реттеуге қатысты пікір білдірді.–Таяу Шығыстағы жағдай бойынша келісімге қол қойылуын құптаймыз. Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу жөніндегі шешімі аталған аймақтағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу ниетінен туындап отыр. Әйтсе де Қазақстан ұзаққа созылған әскери-саяси дағдарысты түбегейлі реттеудің маңызды факторы ретінде егемен Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайды. Әзербайжан мен Армения бейбітшілік туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Біз мұны тарихи шешім деп санаймыз. Өйткені осы арқылы аталған аймақта және одан тысқары жерлерде сан қырлы ынтымақтастыққа кеңінен жол ашылады. Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылыққа кепілдік беретін толық форматты бейбіт келісімшарт таяу арада жасалады деп үміттенеміз, – деді ол.Қазақстан Президенті аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыру қажет деп есептейді.– Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы осы бағыттағы ынтымақтастықты үйлестіретін маңызды платформаға айналды. Тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда Азиядағы өзара іс-қимыл сенім шаралары жөніндегі кеңес маңызды рөл атқарады. Бұл форум өзінің саяси тұрғыдан өзектілігін дәлелдеді. Осыған орай АӨСШК қызметіне, соның ішінде форумды толыққанды халықаралық институтқа айналдыруға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз дінаралық, этносаралық және және мәдениетаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады. Бұл орайда Президент Қазақстанда 20 жылдан астам уақыттан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ұйымдастырылып келе жатқанын еске салды.– Таяуда Астанада өткен VIIІ Съезде Қазақстан «Бейбітшілік қозғалысы» деп аталатын бастама көтерді. Бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, бітімге келу жолын іздеуге үндеу еді. Қазақстан ШЫҰ жұмысына белсене атсалысады. Бұл – Еуразиядағы қауіпсіздік пен сенім шараларын қамтитын, көпжоспарлы әрі конструктивті күн тәртібі бар беделді және табысты ұйым. Жаһандағы прогресс пен тұрақтылықтың негізгі кепілі – орнықты әлеуметтік-экономикалық даму. Геосаяси шиеленістің өршуі, халықаралық санкциялардың көбеюі, сауда тізбегінің бұзылуы, технологиялық бәсеке секілді көптеген фактордың салдарынан әлем экономикасы күрделі сын-қатерлерге тап болды. Жаһандық экономиканың қарқыны бәсеңдеді. Қуанышымызға орай, мұның әсері Орталық Азияға тие қойған жоқ. Барлық елде айтарлықтай өсім байқалады. Мысалы, Қазақстанның экономикалық өсімі биыл 6 пайыздан асты. Ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллар межесін еңсереді. Бұл жан басына шаққанда 15 мың доллардан артық, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері көлік-транзит әлеуетін күшейтіп жатқанына тоқталды. Ең алдымен, Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы байланысты нығайтуға баса мән беріледі. Президент Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктерін дәйекті түрде кеңейтіп, теміржол, порт, автожол инфрақұрылымын жаңғыртып жатқанын, осылайша біртұтас транспорт жүйесін қалыптастыруға кіріскенін жеткізді. Мемлекет басшысы еліміз Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуге белсенді атсалысып жатқанына назар аударды. Мақсат – орнықты логистика бағыттарын толық іске қосу.Президент су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беру қажет деп санайды.– Су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді. Бұл ресурсты сақтау әрі ұқыпты пайдалану – еліміз бен аймақтағы өзге де мемлекеттер үшін стратегиялық, тіпті өмірлік маңызы бар басымдық. Өзге елдерде де солай деп ойлаймын. Трансшекаралық суды пайдалану проблемасын, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық ахуалды уақыт оздырмай шешу мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажет. Біздің пікірімізше, өзара мәмілеге негізделген бірлескен әрекеттер арқылы Халықаралық Аралды құтқару қорының тиімділігін арттыруға болады. Ресей Қор жұмысына байқаушы ретінде атсалысса, бұл іске септігін тигізер еді. Каспий теңізі қазіргідей тартыла берсе, бұл қауіпті құбылыстың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тіпті саяси салдары ауыр болуы мүмкін. Қазақстан Каспий экожүйесінің бұзылуы мен теңіздің тартылуының алдын алуға бағытталған арнайы мемлекетаралық бағдарлама әзірлеу туралы бастама көтерді. Барша әлемдік қоғамдастықты осы бірегей су айдынын сақтап қалу жолындағы күш-жігерімізді қолдауға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Қазақстан Президентінің пайымдауынша, жаһандық су дипломатиясын дамытуда мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың маңызы зор.– БҰҰ жүйесінде тек су мәселесімен айналысатын арнаулы құрылым жоқ. Бұл түйткілді тез арада шешкен жөн. Қазақстан Халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Сол арқылы БҰҰ аясындағы түрлі ұйымдардың барлық мандатын бір мақсатқа жұмылдыруға болады. UN-Water ведомствоаралық тетігін БҰҰ-ның толыққанды арнаулы агенттігіне немесе ұйымына айналдыру оңтайлы шешім болар еді. Мұндай бастаманы іске асыру БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен барша халықаралық қоғамдастықтың мүддесіне сай келеді. Келесі жылы сәуір айында Астанада Аймақтық экологиялық саммит өтеді. Аталған жиында Қазақстан жаһандық су ұйымын құру туралы халықаралық консультация процесін бастауға ниетті. Ортақ саяси ерік-жігердің арқасында күн тәртібіндегі судың өзекті мәселелері жүйелі түрде шешіле бастайтынына сенімім кәміл, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті сөзін қорытындылай келе, Ашхабад форумы мүдделі мемлекеттердің жасампаз серіктестігін нығайтуға және әлемде әділетті тәртіп қалыптастыруды көздейтін халықаралық күш-жігерге тың серпін беретініне сенім білдірді.Жиында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Ресей Президенті Владимир Путин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Ирак Президенті Абдул Латиф Рашид, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Сан-Томе және Принсипи Президенті Карлуш Мануэл Вила-Нова, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Мьянма Премьер-министрі Ньо Со, Эсватини Премьер-министрі Рассел Дламини сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ashgabat/press/news/details/1126096?lang=kk
Алматы облысының логистика саласы қарқын алуда 15.12.2025
Алматы облысында логистика саласының қарқынды дамуы бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашып, өңірлік инфрақұрылымды нығайтып, заманауи тауар айналымы жүйесін қалыптастыруда. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Іле ауданында А санатты жоғары технологиялық қойма кешенінің бірінші кезегінің іске қосылуы болды.Жоспарланған 36 000 шаршы метрдің ішінде 10 000 шаршы метрі пайдалануға беріліп, толыққанды жұмыс істеп тұр. Алғашқы резиденттер ұсынылған алаңдарды белсенді қолданып, барлық логистикалық процестер тұрақты түрде орындалуда. Жоба осы кезеңнің өзінде айтарлықтай экономикалық нәтиже көрсетіп отыр, ал екінші және үшінші кезектері әлі алда.DSF Trading Co ЖШС-нің бас директоры Нурмат Сөркелов бірінші кезектің іске қосылуы өңірдегі заманауи логистикалық инфрақұрылымға деген жоғары сұранысты дәлелдейтінін атап өтті және өңір басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.«Кешеннің бірінші кезегі толық жүктемемен жұмыс істеп тұр, бұл нарықтың А санатты қоймаларға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін айғақтайды. Клиенттерімізге жүктерді сақтаудың және өңдеудің заманауи талаптарға сай жағдайлары қолжетімді, ал өңір үшін бұл – сауданың және e-commerce бағытының дамуына қосымша серпін. Алматы облысының әкімдігіне жобаны белсенді қолдағаны, соның ішінде инженерлік инфрақұрылымды жеткізу мәселелерін шешуге көрсеткен көмегі үшін ерекше алғыс білдіремін. Мұндай үйлесімді жұмыстар бізге жобаны сенімді түрде жалғастыруға мүмкіндік береді. Біз келесі кезектерді аяқтауға және кешенді жоспарға сәйкес кеңейтуге нық қадаммен жүріп келеміз», – деді Нурмат Сөркелов.Өз кезегінде, Алматы облысының өңірлік дамыту орталығының директоры Ақжол Исақов логистика секторын дамыту облыстың экономикалық саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін, және мұндай жобалар ұзақ мерзімді өсуге негіз қалатынын атап өтті:«Бұл жоба Алматы облысында заманауи логистикалық инфрақұрылымның қаншалықты сұранысқа ие екенін көрсетеді. Бірінші кезектің іске қосылуы – нарыққа берілген маңызды сигнал және өңірдің әлеуетінің айқын дәлелі. Мұндай жобалар сауданың, өндірістің және экспорттық операциялардың дамуына берік негіз қалыптастырып, облыстың басты логистикалық торап ретіндегі рөлін күшейтеді», – деді Ақжол Исақов.Құрылыс жұмыстарын келесі кезеңдерде аяқтау кешеннің қуатын айтарлықтай арттырып, өңірге жаңа резиденттер мен ірі логистикалық операторларды тартуға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуы Алматы облысының экономикалық инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып, қосымша жұмыс орындарын ашуға, ішкі және сыртқы сауданың өсуін ынталандыруға және өңірдің елдегі жетекші логистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1126115?lang=kk
Алакөл ауданында жаңа Салық кодексіне арналған Ашық есік күні өтті 15.12.2025
Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара аясында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері бойынша ақпараттық кездесу өтті. Кездесу барысында басқарма мамандары қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты енгізілетін маңызды өзгерістерге жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді оңайлату шаралары, шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік жүктемені төмендету және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру бағытындағы бастамалар туралы кең көлемде мәлімет берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1134392?lang=kk
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 15.12.2025
Құрметті отандастар!Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл күн – халқымыздың сан ғасырлық тәуелсіздікке ұмтылған арман-мұраты жүзеге асқан, еліміздің тарихындағы аса маңызды әрі тағдырлы күн. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қоғамдық-саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп, экономикасы дамыған, халықаралық аренада өз орны бар беделді мемлекетке айналды.Еліміздің бүгінгі жетістіктері – бірлік пен татулықтың, ортақ жауапкершілік пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып, мемлекетіміздің дамуы жолында жаңа белестерді бағындыра береріне сенім мол.Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, отбасыларыңызға амандық, ал Қазақстан Республикасына тұрақты даму мен өсіп-өркендеу тілейміз.Тәуелсіздігіміз мәңгі,Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1126081?lang=kk
"Үздік авиациялық пост" номинациясы бойынша жылдың жеңімпазы "Жетісу"кеден бекеті болды 15.12.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың үздік кеден бекеттерін атадыМемлекеттік кірістер комитеті «Үздік кеден бекеті» акциясының қорытындысын шығарды. Бағалау тиімділіктің негізгі көрсеткіштері бойынша жүргізілді: бақылау мерзімдері, рәсімдеу жылдамдығы, жұмыстың сапасы мен ашықтығы.«Үздік авиациялық кеден бекеті» номинациясы бойынша жылдың жеңімпазы – Алматы қаласы бойынша МКД-ның «Жетісу» кеден бекеті.Акция қорытындылары Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінің даму, инновация енгізу және жұмыс сапасын арттыруға ұмтылысын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1126065?lang=kk
Президент Ашхабад қаласына барды 15.12.2025
Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов келіссөз жүргізді.– Түрікменстан басшылығының осы маңызды іс-шараға шақыруын ерекше ықыласпен қабыл алдым. Ертең талқыға түсетін мәселелер қазіргідей алмағайып, бұлыңғыр жағдайда әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы аясында өте өзекті деп ойлаймын. Аталған форум табысты өтетініне сенімдімін. Бұл басқосу Түрікменстанның жаһандық ауқымдағы ахуалды тұрақтандыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы достық пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасты нығайтуға қосқан тағы бір елеулі үлесі болмақ, – деді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарына оң баға беріп, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына орайластырылған форумға қатысуға келгені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелеріне тоқталды.– Өзара қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда, Түрікменстан Президентінің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын айтпай кетуге болмайды. Сапар жоғары деңгейде өтті. Экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Екі ел ықпалдастығын дамытуға елеулі үлес қосқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Сондай-ақ барша бауырлас қазақ халқына ізгі тілегімді жолдаймын, – деді Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ashgabat/press/news/details/1125952?lang=kk
Инвестициялық жобаларды іске асыру: заманауи машина жасау кластерін қалыптастыру 15.12.2025
Өңірде индустриялық әлеуетті дамыту және толық циклді заманауи машина жасау кластерін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте инвестиция тарту, жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу және жаңа жұмыс орындарын ашу негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.2024 жылы облыста машина жасау саласындағы маңызды жобалардың бірі – «KamLitKZ» ЖШС-нің шойын құю зауыты іске қосылды. Жобаның инвестиция көлемі 78,2 млрд теңгені құрайды. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 45 мың тоннаға дейін шойын құю өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 500 тұрақты жұмыс орны құрылды. Аталған жоба жергілікті компоненттік базаны дамытуға және өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға елеулі үлес қосты.2025 жылғы ірі инвестициялық жобаларАғымдағы жылы облыста жалпы құны 312,1 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Солардың ішіндегі ең ауқымды жобалардың бірі – KIA автокөлік зауыты. Жобаның инвестиция көлемі 131,5 млрд теңге, жобалық қуаты – жылына 70 мың автокөлік.21 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Телемост барысында автокөлік өндірісіне ресми түрде старт берілді. Зауыттың өндірістік қуаттары KIA брендімен 13 модельге дейін автокөлік шығаруға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде Sorento (MQ4), Sportage (NQ5) және Cerato модельдерін шығару жоспарлануда. Жоба аясында 1 500 жаңа жұмыс орны ашылды.Аталған зауыттың іске қосылуы өңірдегі өңдеу өнеркәсібі көлемін 46,5%-ға арттыруға мүмкіндік береді.Компоненттік өндірісті дамытуАғымдағы жылы «KamLitKZ» ЖШС тағы екі ірі жобаны іске асыруда. Жүк автомобильдерінің жетекші көпірлерін өндіру зауыты, сондай-ақ балкалар өндірісін жергіліктендіру жобалары іске қосуға дайын. Бұл жобаларға салынған инвестиция көлемі 160,5 млрд теңгені құрайды, нәтижесінде 650 жұмыс орны ашылады.Сонымен қатар, жыл соңына дейін жеңіл автокөліктерге арналған автокомпоненттер зауытын пайдалануға беру жоспарлануда. Жобаның инвестиция көлемі 17,8 млрд теңге, өндірістік қуаты – жылына 60 мың комплект, құрылатын жұмыс орындарының саны – 800.Көлік-логистикалық инфрақұрылымҚазіргі уақытта инвестиция көлемі 63,8 млрд теңгені құрайтын көлік-логистикалық кешеннің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Кешеннің жобалық қуаты жылына 400 мың контейнер немесе 11 млн тоннадан астам жүк өңдеуге мүмкіндік береді.Ірі индустриялық және агроөнеркәсіптік жобаларды іске қосу кезеңінде көлік-логистикалық кешеннің маңызы ерекше. Ол шикізат пен дайын өнімді уақтылы жеткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, транзиттік жүк тасымалын дамытуға жол ашады. Кешенде жүктерді бір көлік түрінен екіншісіне ауыстырып тиеу, уақытша сақтау және әрі қарай тасымалдауға дайындау жұмыстары жүзеге асырылады. Аталған халықаралық кешен іске қосылғаннан кейін жүк тасымалы көлемі 20%-ға ұлғаяды.Кадрлық әлеуетті дамытуИндустриялық жобалардың табысты іске асуы білікті инженерлік-техникалық мамандарға тікелей байланысты. Осыған орай өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждері оқу бағдарламаларын кеңейтіп, заманауи инженерлік бағыттар бойынша кадрлар даярлауда.Бүгінде жаңа өндірістерде жұмыс істейтін мамандардың 55–70%-ын жастар, яғни жергілікті колледждер мен университеттердің түлектері құрайды. Олар күрделі жоғары технологиялық жабдықтарды басқарып, деректерді талдап, стандарттан тыс өндірістік міндеттерді инженерлер деңгейінде шешуде. Бұл өңірдегі кадр даярлау жүйесінің тиімділігін және тұрақты еңбек әлеуетін айқын көрсетеді.Инвестициялық жобаларды жүйелі іске асыру өңір экономикасын әртараптандыруға, машина жасау саласын дамытуға және облыстың өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1125877?lang=kk
Мерзімдер өткізіп алынған кезде салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру. 15.12.2025
2026 жылдан бастап салық есептілігін ұсыну процестерін оңтайландыруҚұрметті салық төлеушілер!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексі шеңберінде салық есептілігі мәселелеріне қатысты жаңа нормалардың енгізілгені туралы хабарлайды. Өзгерістер 2026 жылдан бастап күшіне енеді.Негізгі жаңалықтардың бірі – әкімшілендіру процестерін оңтайландыру. Егер салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаса, ақпараттық жүйе нөлдік көрсеткіштермен (есептелген салық сомасы нөлге тең) есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.Бұл тәсілдің артықшылықтары:Есептілікті ұсынбағаны үшін хабарлама жіберу алынып тасталады.Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарылмайды.ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту алынып тасталады, бұл бизнеске қатысты әкімшілік шараларды айтарлықтай төмендетеді.Маңызды шарт:Есептілікті автоматты түрде қалыптастыру салық төлеушінің «Жеке кабинетіндегі» (САЖ АЖ) досьесінде ұсынылуға тиіс салық есептілігінің нысандары алдын ала айқындалған жағдайда ғана мүмкін болады. Егер досьеде нысандар көрсетілмесе, жүйе есептілікті қалыптастыра алмайды.Осыған байланысты, автоматтандырылған жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін салық төлеушілерге өз досьелеріндегі мәліметтерді алдын ала өзектендіруді ұсынамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1125881?lang=kk
Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің сапасын арттыру мақсатында сауалнама іске қосылды 15.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және адамға бағдарланған тәсілді енгізу жұмысын жалғастыруда.«Еститін мемлекет» қағидаттарын іске асыру, азаматтар мен бизнес өкілдерімен ашық диалог орнату, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің сервистік моделін дамыту мақсатында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында сауалнама басталғанын хабарлаймыз.Аталған сауалнама салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларының қызметтің бүкіл өмірлік циклі бойынша тіркеуден бастап қызметін тоқтатуға дейінгі кезеңдердегі пікірін зерделеуге бағытталған. Ол мемлекеттік кірістер органдары үшін кері байланыстың маңызды құралы болып табылады және бизнес пен азаматтардың қажеттіліктерін уақтылы ескеруге, анықталған проблемаларды жедел жоюға, сондай-ақ қызмет көрсету процестерін одан әрі оңтайландыруға мүмкіндік береді.Құрметті салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылар, Сіздерді сауалнамаға белсенді қатысуға және мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын одан әрі жетілдіруге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!Сауалнамадан төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы өтуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1125926?lang=kk
«Тәуелсіздік жолы: Қазақстанның уақытпен үндестігі 15.12.2025
Федоров аудандық орталық кітапханасы кітапханасының кітапханашылары Федоров ауданының тұрғындары үшін "Жастар" АМҮ фойесінде 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік жолы: Қазақстанның уақытпен үндестігі» кітап көрмесі-панорамасына шолу өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1125813?lang=kk
Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті 15.12.2025
Вена, 2025 жылғы 11 желтоқсан - Вена қаласының тарихи Минориттер шіркеуінде «Qazaq soncert» Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің және Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі скрипкашы Айман Мұсаходжаеваның әлемдік және қазақстандық классиктердің туындыларын аңызға айналған Антонио Страдивариде ойнаған жеке орындауы өтті.Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Аустрияның ең көрнекті шіркеулердің бірінде Петр Чайковскийдің, Камиль Сен-Санстың, сондай-ақ Алмас Серкебаевтың туындылары орындалды, олар кеңістікті жанды эмоционалды күшпен және терең көркемдік көрініспен толтырды. Чайковскийдің, Сен-Санстың лирикалық және драмалық фрагменттері, сондай-ақ Алмас Серкебаевтың шығармалары солистің ерекше шеберлігін және Страдивари еркеше тазалығы мен мәнерлілігін үйлестіретін сирек кездесетін аспаптың бай тембрін ашты.Концерт Аустрияның дипломатиялық корпусы, БАҚ, іскерлік және мәдени ортасы өкілдерінің, сондай-ақ Венада тұратын қазақ диаспорасы мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1125774?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД-да мемлекеттік қызмет және этика мәселелері бойынша семинар өтті 15.12.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті басшысының қатысуымен семинар өтті.Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыру болды.Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелері қаралды. Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Марат Бейсенов семинарды аша отырып, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары заңдылық, кәсібилік, жауапкершілік, ашықтық және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлану болып табылатынын атап өтті.Өз сөзінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мадияр Әбілдин Әдеп кодексінің мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті, өйткені ол қызметтік мінез-құлық нормаларын, моральдық бағдарлар мен азаматтармен өзара іс-қимыл стандарттарын айқындайды. Ал әдеп нормаларын сақтау қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыруға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттік қызметші адалдық, бейтараптық, азаматтарға құрмет көрсетуді, мүдделер қақтығысына жол бермеуі және заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауы тиіс.Іс-шара соңында Мадияр Әбілдин Департаменттің қызметкерлеріне "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелерін, сондай-ақ Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауды ұсынды. Павлодар облысы бойынша МКД адам ресурстары басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1125787?lang=kk
Қазақстан Елшілігі «Түркі тілдер отбасы күні» іс-шарасына қатысты 15.12.2025
Амман, 2025 жылғы 13 желтоқсан - Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығында бауырлас халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтудың жарқын үлгісі болған «Түркі тілдер отбасы күні» мәдени-ағарту іс-шарасы өтті.Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі қонақжайлылық пен ұлттық бірегейліктің символы болып табылатын дәстүрлі қазақ киіз үйін, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық тағамдарын ұсынды. Қонақтарға қазақ гастрономиялық дәстүрінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның аспаздық мәдениетінің элементтері көрсетілді. Бұл іс-шара қатысушыларына түркі әлемінің алуан дәмдері мен дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді.Қонақтардың назарын Елшілік қызметкерлері ұйымдастырған қазақ халық аспабы - домбырада орындалған музыкалық қойылым, сондай-ақ қазақ мәдениетінің сұлулығы мен өзіндік ерекшелігін көрсететін қазақ ұлттық костюмдерінің көрсетілімі аударды. Бағдарламаның маңызды бөлігі - Иордания университетінің Шет тілдері факультетінің студенттері дайындаған түрлі түркі тілдеріндегі дыбыстарды салыстыра айту болды. Бұл түркі тілдері отбасының байлығы мен бірегейлігін айқын көрсетуге мүмкіндік берді.Іс-шараға Түркия мен Әзербайжан елшіліктерінің өкілдері, түрік бұқаралық ақпарат құралдары мен іскер топтардың өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1125752?lang=kk
МҚК МКД қызметінің сапасын арттыру мақсатында сауалнама іске қосады 15.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және адамға бағдарланған тәсілді енгізу жұмысын жалғастыруда.«Еститін мемлекет» қағидаттарын іске асыру, азаматтар мен бизнес өкілдерімен ашық диалог орнату, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің сервистік моделін дамыту мақсатында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында сауалнама басталғанын хабарлаймыз.Аталған сауалнама салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларының қызметтің бүкіл өмірлік циклі бойынша тіркеуден бастап қызметін тоқтатуға дейінгі кезеңдердегі пікірін зерделеуге бағытталған. Ол мемлекеттік кірістер органдары үшін кері байланыстың маңызды құралы болып табылады және бизнес пен азаматтардың қажеттіліктерін уақтылы ескеруге, анықталған проблемаларды жедел жоюға, сондай-ақ қызмет көрсету процестерін одан әрі оңтайландыруға мүмкіндік береді.Құрметті салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылар, Сіздерді сауалнамаға белсенді қатысуға және мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын одан әрі жетілдіруге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!Сауалнамадан QR-кодты сканерлеу арқылы өтуге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1126288?lang=kk
"Тәуелсіздік дәуірі" кітап көрмесі 15.12.2025
"Тәуелсіздік дәуірі"атты кітап көрмесіБүгін «Тәуелсіздік дәуірі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке жету жолы туралы мағлұмат берілді. Балалар ел тарихындағы маңызды оқиғалармен және тұлғалармен танысты. Кітаптар арқылы олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі артты. Іс-шара оқушылардың білімін кеңейтіп, ұлттық рухын нығайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-shaken/press/news/details/1125655?lang=kk
Бизнеске арналған салық жаңашылдықтары мен перспективалар 15.12.2025
Зеренді ауданында барлық деңгейдегі әкімдер форумы өтті. Оған 200-ден астам аудан, қала, ауылдық округтің әкімдері қатысты.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Маңызды өзгерістердің қатарында:ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған салық жеңілдіктерін сақтау мен кеңейту, оның ішінде төмендетілген мөлшерлемелер мен қосымша шегерімдер;арнайы салық режімдерінің қарапайым әрі түсінікті жүйесіне көшу – енді олардың саны - 3, есептілігі минималды;бірыңғай жер салығының күшін жою, бұл жер пайдаланудың ерекшелігін неғұрлым икемді етіп, фермерлердің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді;қашықтан қызмет көрсетуді енгізу – мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы декларация тапсыруға, есептіліктің мәртебесін қадағалауға және салықтарды мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ төлеу қызметін жолға қою;ҚҚС-тың қосымша есебін сақтау тетігі, оның үлесін 80% дейін арттыру – техника мен ресурстарды сатып алатын агроөндірістер үшін аса маңызды;көлікке қатысты жаңа жеңілдік – фермерлік шаруашылықтарға арналған АСР аясында бір пикапқа (жеңіл жүк көлігі) байланысты салықтан босату. Өз кезегінде семинарға қатысқан азаматтар жаңа нормаларды тәжірибеде қолдану, жаңа мөлшерлемелер бойынша салықты есептеу, цифрлы сервистерді пайдалану тәртібі және бұрын тапсырылған декларацияларды түзету мәселелеріне қатысты сұрақтарды қойды. Жаңа Салық кодексінің негізгі мақсаттарының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ салық жеңілдіктері жүйесі арқылы экономиканың басымдыққа ие салаларын ынталандыру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1125671?lang=kk
Бизнесті қолдау: 200 млн теңгеге дейінгі несиені субсидиялау 15.12.2025
«Даму» Қоры ЦентрКредит Банк, Halyk Bank және ТехноЛизинг, Эксперт лизинг, Merz Leasing Machinery секілді компаниялармен портфельдік субсидия жөнінде келісімге қол қойды.Бағдарлама экономиканың басымдық берілген салаларында жұмыс істейтін микро және шағын бизнесті қаржыландыруды көздейді. Ол: өңдеу өнеркәсібі, ауыл және балық шаруашылығы, көлік, қойма, туризм және қонақ үй қызметі, білім беру, денсаулық сақтау және баспа қызметі.Инвестиция және айналым қаражатын толықтыруға алынған қарыздар субсидияланады.Негізгі шарттар:✔️ қарыздың максимал сомасы - 200 млн теңгеге дейін;✔️ сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне +4%. Номинал мөлшерлеменің 40%-ын мемлекет субсидиялайды (кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме - кемінде 12,3%);✔️ субсидия мерзімі - 3 жылға дейін.Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлер осы серіктестерге тікелей жүгінуі керек.Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Қостанай облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, «СТИ Қостанай» бизнес орталығы, 2-қабат, 209-кабинет. Тел. 8 (7142) 990-305.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1125615?lang=kk
Ұландық ұшқыштардың дайындық деңгейі пысықталды 15.12.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінде ұшқыштар құрамының кәсіби шеберлігін арттыру бойынша кезекті кезең аяқталды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес еліміздің бірнеше өңірінде оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылды.Жаттығулар Астана, Көкшетау, Атырау, Қостанай және Ақтөбе қалаларының әуежайларында өтті. Мұндай географиялық ауқым түрлі метеожағдайларда және әртүрлі типтегі аэродромдарда тапсырмаларды орындауға толық мүмкіндік берді. Бұл құқықтық тәртіп әскерлерінің авиациялық бөлімшелерін кешенді даярлаудың маңызды бөлігі саналады.Жиын барысында ұландықтар маршруттар бойынша ұшуды пысықтады, экипаждар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдірді, күрделі жағдайларда әуе кемелерін басқару және штаттан тыс жағдайлар туындаған кездегі әрекеттерді орындады. Ұшу қауіпсіздігін сақтау талаптарына және әрбір әскери қызметшінің кәсіби дайындық деңгейін арттыруға ерекше мән берілді.Өткізілген іс-шаралар ұшқыштардың дайындық деңгейін бағалауға, олардың күшті тұстарын анықтауға және әрі қарай жетілдіру бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Жиын қорытындысы бойынша оқу тапсырмалары сапалы орындалып, жеке құрамның жоғары жауапкершілігі атап өтілді.Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы авиациялық құрамды дамыту қызметтің басты бағыттарының бірі екенін, ал жүйелі ұшу дайындығы құқықтық тәртіп пен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін табысты орындаудың кепілі болып қала беретінін атап өтті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1125621?lang=kk