Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ұлттық ұлан оркестрінде қос мерейтой 15.12.2025
Биыл ҚР ІІМ Ұлттық ұланы оркестрлері үшін ерекше жыл. Себебі бір мезетте екі маңызды белес тоғысып отыр: Ұлттық ұланның Әскери-оркестр орталығына – 10 жыл, ал 5573 әскери бөліміндегі оркестрдің құрылғанына – 60 жыл толды.Тәуелсіздік жылдары әскери-оркестр қызметі жаңа деңгейге көтерілген. 2015 жылы құрылған Ұлттық ұланның Әскери-оркестр орталығы осы саланың дамуына серпін берді. Бүгінде Ұлттық ұлан сапында өнер мен әскери тәртіпті үйлестірген 17 әскери оркестр құрылған. Бұл ұжымдарда 320-дан астам келісімшарт негізінде қызмет ететін кәсіби музыканттар мен офицерлер ел игілігі жолында еңбек етуде. Ал рухани әрі салтанатты орталықтың тізгінін қазіргі уақытта майор Олжас Құдайқұлов ұстап келеді.Осы үлкен құрылымның ішінде тарихы терең, жолы даңғыл ұжымдардың бірі – 5573 әскери бөліміндегі оркестр. Тарихы терең оркестр жарты ғасырдан астам уақытты артта қалдырды. 60 жыл бойы ұжым саптық алаңдарда да, үлкен сахналарда да Ұлттық ұланның айбынын әуенмен асқақтатып келеді.«Бұл оркестрдің орындауындағы әр маршта – өткеннің ізі, әр салтанатты әуенде – бүгінгі сарбаздың рухы, ал әр концертте – болашаққа деген сенім бар. Бірнеше буын музыканттарының еңбегі тоғысқан оркестр әлі күнге кәсіби биігінен түскен емес», – деді майор Олжас Құдайқұлов.Айта кетейік, Ұлттық ұлан оркестрлері жыл сайын 7 мыңнан астам іс-шараны музыкамен әрлейді. Сондай-ақ құқықтық тәртіп әскерінің оркестрлері «Амур толқындары», «Қазан фанфары», «Астана самалы», «Бейбітшілік трубасы», «Виват, Санкт-Петербург!» сынды беделді халықаралық фестивальдерде өнер көрсетіп, Қазақстанның мәдени әрі әскери беделін асқақтатты. Ал елімізде жыл сайын Ұлттық ұлан оркестрінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Әскери керней» фестивалі өтіп тұрады.Осылайша Ұлттық ұлан жауынгерлік қызметпен қатар өнерді де қатар ұстап келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1125626?lang=kk
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жылжыту кезінде рұқсат құжаттары 15.12.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жылжыту кезінде рұқсат құжаттарын алдын ала алудың қажеттілігі туралы еске салады.Қазақстан Республикасындағы өзіндік ерекшелігі бар тауарларға бақылау Қазақстан Республикасының «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығымен бекітілген «Спецификалық тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» (бұдан әрі – Бақылау тізімі) бұйрықпен белгіленген.Осы ретте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың жылжуына бақылау жасау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген (Заңның 9-бабының 2-тармағы).Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес, экспорт, реэкспорт, импорт, транзит жүзеге асыруға немесе тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияларға) қатысты экстерриториялық брокерлік қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниетті Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары тауарларды Бақылау тізіміне сәйкес сәйкестендіруге міндетті.Заңның 11, 12 және 13-баптарында өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, импорты және транзиті лицензиялар мен рұқсаттар негізінде жүзеге асырылатыны айқындалған.Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті орган және лицензиялаушы орган болып Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ӨҚМ) табылады.Осыған байланысты, сәйкестендіру жөніндегі қорытындыны және (немесе) лицензияны, рұқсатты алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы «Электрондық үкімет» порталы – www.elicense.kz, www.egov.kz арқылы ҚР ӨҚМ-ге жүгіну қажеттігін Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1128103?lang=kk
ТМД елдерінің Мемлекеттік аудит стандарттары жөніндегі жұмыс тобының ХХVI отырысы өтті 15.12.2025
Жоғары аудиторлық палата бейнеконференцбайланыс форматында ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдарына (ЖАО) арналған Мемлекеттік аудит (қаржылық бақылау) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ХХVI отырысын өткізді. Отырысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.Отырыс барысында экологиялық аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдеріне (Қазақстан Республикасының ЖАО) және сәйкестік аудитінде аудиторлық іріктемені қалыптастыруға (Ресей Федерациясының ЖАО) арналған құжаттар қаралды.Отырыс барысында Жұмыс тобының 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары мақұлданды. Жоспарда екі әдіснамалық ұсынымды қарастыру көзделген:– бірлескен және (немесе) қатарлас бақылау және (немесе) сараптамалық-талдамалық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (қаржылық бақылау) органдары әзірлеген ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу тәртібі бойынша;– аудиторлық басымдықтарды айқындау бойынша.Сонымен қатар ЖАО-лар қолданатын тәжірибелер мен тәсілдерге арналған қысқаша шолуларды келесі бағыттар бойынша талқылау жоспарлануда: мемлекеттік аудиторлардың уәждемесін қалыптастыру және арттыру; сыртқы мемлекеттік аудит мақсатында әлеуметтанулық сауалнамалар жүргізу; мемлекеттік аудит үдерістерін цифрлық трансформациялау; ЖАО-дағы сапаны басқару; сондай-ақ мемлекеттік аудит әдіснамасын қолданудың қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер еткен тәжірибелері.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1125570?lang=kk
«Туған жер – алтын бесігім» 15.12.2025
«Туған жер – алтын бесігім» акциясын іске асыру аясында Өскемен қаласында «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында Алтай ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға жергілікті тауар өндірушілер қатысып, қолжетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін ұсынды. Жәрмеңке отандық өндірушілерді қолдауға, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-chapaev/press/news/details/1125536?lang=kk
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды 15.12.2025
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметіне Еркебаев Тимур Асқарұлы тағайындалды. Тимур Асқарұлы 1987 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2010 жылы Төтенше Жағдай Министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде аға инженер болып бастаған. Әр жылдары Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде аға инженер, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі бас маман қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1125455?lang=kk
Президент Жолдауын іске асыру: «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің 1700 жобасына қолдау көрсетілді 15.12.2025
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Үкімет ЕҚДБ-мен бірлесіп компаниялардың терең диагностикасын жүргізуде, олардың инвестициялық әлеуетін бағалай отырып, жеке-жеке өсу жоспарларын әзірлеуде. Қазірдің өзінде 20 кәсіпорынмен жұмыс басталды, ал 2030 жылға дейін бағдарламаға қатысушылардың саны кемінде 70-ке жетпек, бұл – өсуге дайын компаниялардың мықты тобын қалыптастырмақ.Елде бизнесті реттеу қайта іске қосылуда. «Таза парақтан» реттеу қағидаты бойынша талаптар қайта қаралады, ескірген нормалар алынып тасталады және мемлекеттік бақылау жүйесі жаңартылады. Нәтижесінде Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жағдайлар айтарлықтай жеңілдетіледі.Осы жылы «Өрлеу» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. 482 млрд теңге сомасына 1 700-ден астам жоба қаржыландырылды, бұл осы құралдың жоғары сұранысы мен тиімділігін көрсетеді. «Даму» Қорының базасында кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтетін екі кепілдік қоры құрылды:Кепілдік қоры - 1 кепілдіктерді портфельдік әдіспен береді, несиелеу қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта Қор 417,7 млрд теңгеге 2 384 жобаны қолдап, 229,9 млрд теңгеге кепілдік берді;Кепілдік қоры - 2 ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған. КҚ-2 бойынша құны 7,1 млрд теңге болатын алғашқы ірі жобаны жүзеге асырып, 2,8 млрд теңгеге кепілдік берді. Тағы бір жоба қол қою кезеңінде дайын тұр.Болашақта салалық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, неғұрлым атаулы және нақты бағытты қолдауға көшу жоспарлануда, бұл бизнестің әртүрлі сегменттерінің әлеуетін тиімді ашуға мүмкіндік береді.Осылайша, кәсіпкерлікті қолдау үздіксіз дамып және идеяның пайда болуынан кеңейтуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. «Өрлеу» бағдарламасы және басқа да шаралар өндіріс көлемінің өсуі үшін берік негіз қалыптастырады. Өз кезегінде бизнестің белсенділігі Қазақстанның кәсіпкерлік ортасы анағұрлым жетілген, тұрақты және серпінді болып келе жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1125468?lang=kk
Әкімдік отырысы өтті 15.12.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.Бірінші мәселе – аудандық қоғамдық даму бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы бөлім басшысы Б.Смайлов хабарлама жасады. Баяндама барысында аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты екендігі айтылды. Биыл аудан бойынша қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 71 іс-шара енгізіліп, өткізілген. Ауданда барлығы 157 дана көрнекі үгіт-насихат құралдары орналастырылып, Президент Жолдауындағы басымдықтар, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» бағыттарын, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын, мемлекеттік қызмет көрсетуді, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірулерді, еңбек адамдарын насихаттауға бағытталған. Бөлім басшысы Мемлекеттік Рәміздердің талапқа сай болуы, ҮЕҰ-дардың жұмыс туралы да баяндады.Аудан басшысы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына, әлеуметтік-саяси шиеленістердің алдын алу бағытында нақты іс-шараларды жүргізудің маңыздылығын жеткізді. БАҚ және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстарды күшейту бойынша кент және ауылдық әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына тапсырма берді.Күн тәртібіндегі екінші мәселе – аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм саласында атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысы М.Ерташов баяндады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданда оқушылар және тұрғындарды қоса есептегенде 16 675 спортшы, яғни халықтың 44,04 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысуда. Ауданда спортты жаппай дамыту мақсатында 488 спорттық секция жұмыс істейді. Аудан әкімі спорттық инфрақұрылымды дамытуды, тұрғындар мен жастардың спортпен шұғылдануына барлық жағдайды жасауды, спорт нысандарының тазалығына қарауды тапсырды. Әкімдік отырысында С.Сейфуллин ауылдық округінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ауылдық округ әкімі Б.Қыдырбаев хабарлама жасаса, күн тәртібінен тыс көлік-транзит саласын дамыту мен цифрландыру, МӘМС, санитарлық тазалыққа байланысты ескертулер, әскерге азаматтарды жөнелту мәселелері қаралды.Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне атқарылар жұмыстардың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен бірге ақпараттық жұмысты күшейту, әлеуметтік салалардағы өзекті мәселелерді жедел шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1125476?lang=kk
Қызмет көрсетушілер мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығы мен жеңілдігін арттыру 15.12.2025
          Мемлекеттік кірістер комитеті қызмет көрсетушілер мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығы мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған үшінші тұлғалардың бірыңғай дерекқорын енгізеді.          2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағында және Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 554 бұйрығымен белгіленген талаптар күшіне енеді, олар үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер нысанын және оларды ұсыну қағидаларын бекітті.          Жаңа тәртіп шеңберінде салық төлеушінің кабинеті арқылы мәліметтерді электрондық нысанда ұсыну мүмкіндігі іске асырылды, бұл нысанның беру процесін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді.          Мәліметтер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей беріледі. Мәселен, 2026 жылғы 1 тоқсандағы мәліметтерді 2026 жылғы 10 сәуірге дейін ұсыну қажет.          Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдарға жаңа талаптармен алдын ала танысуға және қажет болған жағдайда қолжетімді консультациялық сервистерді пайдалануға кеңес береді. Бұл белгіленген нысан бойынша мәліметтерді уақтылы және қиындықсыз ұсынуға мүмкіндік береді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1125427?lang=kk
Президенттің ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді 15.12.2025
Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру – Үкіметтің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары елімізде ШОБ субъектілерінің ел экономикасына қосқан үлесі тұрақты түрде артып келеді. Primeminister.kz редакциясы еліміздің 2025 жылғы дамуы туралы жарияланымдар топтамасын жалғастыруда.Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті экономикалық өсудің қозғаушы күші болуы тиіс екенін айқындап берді. Ұлттық статистика бюросының деректері бүгінде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейтінін, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы жалпы қосылған құнының үлесі қазірдің өзінде 40%-ға (39,8%) жақындағанын растайды. 2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі орта бизнестің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9%-ды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. Бұл – орта бизнес секторының нығайып, құндылық құруға қосқан үлесін арттыру деген сөз. 2022-2024 жылдар аралығында бойы орта бизнестің ЖҚҚ 6,7%–6,9% деңгейінде тұрақты болып қалады, ал кәсіпорындар саны 3 мыңнан астам деңгейде сақталады, бұл орта буынның жетілгендігі мен тұрақтылығын көрсетеді.Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектісінің 99,9%-ы – микро және шағын компаниялар. Олар экономиканың «тірі тінін» қалыптастырады және 4,4 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 3,9%-ға артық. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орны пайда болды деген сөз. ШОБ еліміздегі барлық экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын құрайды – 45,5%, бұл саланың азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және еңбек нарығының тұрақтылығын сақтаудағы маңыздылығын көрсетеді.Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау шараларын дәйекті түрде кеңейтуде. Кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға, технологияларды жетілдіруге, экспортты кеңейтуге және қаржыландыру көздерін тартуға мүмкіндік беретін 117 құралдан тұратын тізілім құрылды. Вaqylauda.qoldau.kz қызметі қолдау шараларына қол жеткізудің әмбебап нүктесіне айналды, оны қазірдің өзінде 222 мыңға жуық адам пайдаланған, бұл – аталған құралдардың қажеттілігі мен қолжетімділігінің дәлелі.Елімізде 2024 жылдан бері бизнес жасауға тең жағдай туғызу, компанияларды ірілендіруге ынталандыру және орта бизнестің рөлін күшейту бағытында кешенді саясат жүзеге асырылуда. Мақсат – кәсіпкерлер үшін болжамды және әділ орта құру.Бұған қосымша бизнеске қойылатын барлық талаптарды цифрландырып, бір ретке келтірген Міндетті талаптар тізілімі пайда болды. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, кәсіпкерлерге міндетті нормаларды орындауды жеңілдетіп отыр. Нәтижесінде Қазақстанда ШОБ-ты қолдау бизнес-қоғамдастық үшін жүйелі әрі түсінікті бола түсті.Соның ішінде:біліктілік талаптары қайта қаралуда және рұқсат беру процедуралары оңтайландырылуда, бұл бизнесті бастау мен жүргізуге кедергілерді азайтады;ірі кәсіпорындар ШОБ-пен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға міндетелді, бұл шағын және орта бизнес үшін кепілді өткізу нарықтарын ашады және өсуге жаңа мүмкіндіктер туғызады;жаңа Салық кодексінде арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды. Бұл тәсіл ұсақталу схемаларын шектейді және компанияларды дамуға және кең ауқымда қанат жая түсуге ынталандырады.Орта бизнесті күшейту және ірілендіру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ЕҚДБ-мен бірлесіп кәсіпорындарды дамытудың нақты жоспарын әзірлеуде, ол өндіріс көлемін 2-3 есеге арттыруға бағытталған. Бұл кең ауқымда қанат жаю процесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге және экономикадағы жоғары өнім шығаратын компаниялардың үлесін арттыра түсуге батыл қадам жасалып жатқанын білдіреді.Осылайша, орта бизнес біртіндеп өңірлердің ғана емес тұтастай еліміздің де тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1125443?lang=kk
Бейрезиденттің еңбекші көшіп келушінің табысына салық салу 15.12.2025
       Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекші көшіп келушіге жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге берілген рұқсаттың негізінде еңбек шартын жасасқан бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі мынадай кірістерден тұрады:      1) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 40 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ең аз салық салынатын кірісінің сомасынан;      2) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынуға жататын кірістің, осындай асып кету болған кезде – осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кірістен асып кету сомасы. Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы:      еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері:      алу      дәл осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кіріс сомасы      алу      дәл осы кезеңдегі жұмыстар орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.Жеке табыс салығының сомасын есептеуді еңбекші көшіп келушілер дербес жүргізеді:1) салық салынатын ең төменгі табыс сомасынан – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы АЕК-тің 4 еселенген мөлшерінде, жұмыстарды орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін;2) табыс және мүлік туралы декларацияда салық кодексінің 363 – бабының 1) тармақшасында белгіленген ставканы қолдану арқылы осы кезеңдегі ең төменгі салық салынатын кіріс сомасынан асып кету түріндегі табыс сомасынан.       Бейрезидент – еңбекші көшіп келушінің салық салынатын ең төменгі табыс сомасынан есептеген жеке табыс салығын төлеу бейрезидент – еңбекші көшіп келушінің тұрған жері бойынша – еңбекші көшіп келушіге рұқсат алынғанға (ұзартылғанға) дейін жүргізіледі.       Бейрезидент – еңбекші көшіп келушінің салық кезеңі үшін асып кету түріндегі табысының салық салынатын сомасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент – еңбекші көшіп келуші кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – болу орны бойынша жүргізеді.       Ең төменгі салық салынатын табыс сомасынан есептелген төленген жеке табыс салығының сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда, мұндай асып кету артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайтынын және қайтаруға немесе есепке жатқызуға жатпайтынын атап өту маңызды.Жеке табыс салығының сомасы ең төмен салық салынатын табыстан төленген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент – еңбек иммигранты табыс етеді.Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент – еңбекші көшіп келуші есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей болатын жері бойынша салық органына табыс етеді.Бұл ретте бейрезидент еңбекші көшіп келуші салық кезеңі ішінде ҚР шегінен тыс жерге кеткен жағдайда декларация осындай адамның ҚР шегінен тыс жерге кеткен күніне дейін табыс етіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1125444?lang=kk
Электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырып бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің нысандарын бекіту туралы 15.12.2025
       Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексін іске асыру, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жаңғырту шеңберінде салық әкімшілендіру жүйесінің ашықтығы мен болжамдылығын арттыру мақсатында электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырып бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары қолданатын шешімдердің стандартты нысандарын әзірледі.       Аталған нысандар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 573 бұйрығымен «Электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырып бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің нысандарын бекіту туралы» бекітілді. Құжат 2025 жылғы 8 қазанда Әділет министрлігінде № 37084 тіркеліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.      Біріздендірілген шешім нысандарын енгізу қосарлы түсіндіру тәуекелдерін төмендетуге және салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы коммуникацияны жеңілдетуге ықпал етеді.     Бизнес үшін негізгі тиімділіктер:Болжамдылық — бірыңғай шешім нысаны түсінбеушіліктерді жояды және коммуникацияны жеңілдетеді.Ашықтық — кәсіпкерлер салыстырып бақылау бойынша шешімдердің негіздері мен мазмұнын нақты түсінеді.Процестерді жеделдету — стандарттау бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасуды жылдамдатады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1125407?lang=kk
Алматы облысында сотталғандар үшін жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылуда 15.12.2025
«Ендігі мақсат 100% нәтижеге қол жеткізу». 2025 жылдың 12 желтоқсанында Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Болатұлы Есболатов, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті басшысының орынбасары, әділет полковнигі Тоқтамысов Нұржан Жалғасұлы, облыстың прокуратура өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.Жиынның басты мақсаты – түзету мекемелерінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту деңгейін арттыру, олардың әлеуметтік маңызды қызметке тартылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік беру болды.Сонымен қатар, шара барысында мекемелер аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің өнімдері таныстырылып, жазасын өтеушілерді кәсіби оқыту, жұмыспен қамту және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мәселелері көтерілді.Кәсіпкер Мұрат Құсайынов жазасын өтеушілерді оқыту және жұмыспен қамту жобасы аясында қазіргі уақытта 40 адамға мүмкіндік жасағанын жеткізді: «Біз оларға шұжық өндірісінде жұмыс беріп отырмыз. Сол уақытта олар оқу арқылы да тәжірибе жинайды. Оқыған соң, біздің басқа зауыттарымызға жұмысқа кіріп, кәсіби дағдыларын ары қарай жетілдіреді. Қазіргі таңда 20 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, ал тағы 20 адамды оқытамыз. Барлығы 40 адам. Сұраныс көбейген сайын жұмысқа тартылатын адамдар санын арттырамыз», - деді кәсіпкер.Айта кетейік, жазасын өтеушілерді оқыту нәтижелері бойынша, кәсіпкерлер палатасының бастамасымен №12, №14, №57 және №10 мекемелерінде кәсіби оқыту ұйымдастырылды. Оның ішінде:• «Azamatsha.KZ» ҚҚ - 384 адам• Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық - 100 адам• Шаштараз ісі - 15 адам• Визаж – 20 адам• Сыртқы жарнама орнатушы - 55 адам• Жиһаз жинау шебері - 194 адам• «Зияткер» ЖШС - №10 мекемеде «Бизнес негіздері» бағыты бойынша 48 адам оқу курсынан өтті.Бұл курстар сотталғандардың мамандық алуына және бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов сотталғандарды жұмыспен қамту - әлеуметтік маңызы зор бағыт екенін атап өтті.«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы бір жарым ай ішінде төрт түзеу мекемесінде 351 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгін облыс әкімінің қатысуымен жазасын өтеуші әйелдерге арналған 100 жұмыс орнының ашылу салтанаты өтті. Жалпы, атқарылған жұмыстардың 70 % орындалды. Ендігі мақсат - барлық түзеу мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамтуды 100 % жеткізу. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді ол.Тапсырманы орындау мақсатында кәсіпкерлермен ашық форматтағы диалог нәтижесінде түзету мекемелерінде бизнес жүргізу мүмкіндіктері қарастырылып, кәсіпкерлердің туындаған мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Әкімдік пен құзырлы органдар өкілдері қажетті қолдау тетіктерін түсіндіріп, көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1125362?lang=kk
Мейірім мен тең мүмкіндіктерге негізделген «Жүректен жүрекке» фестивалі өтті 15.12.2025
Фестиваль Алматы қаласының әкімдігі және «Ерекше балалардың ата-аналары одағы», «Qazaq Community Development» қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырды.Шараның бас демеушісі «Project Stroy and Controls» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау көрсетті. Сонымен қатар, игі бастамаға Ерсай Дәулетқызы мен Елдос Накипов демеушілік жасап, ерекше балаларға арналған мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.Сонымен қатар, жиында елімізге танымал блогерлер Алия Байтугаева (@super.mamasita), Серікжан Тлеулесов (@superpapa_serik), Марат Жапаров (@marat_djaparov) және Ерсай Дәулетқызы (@yersay_hanym) қатысып ерекше қолдау көрсетті.Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов фестивальдің маңыздылығына тоқталды.«Бүгін барлығымызды ортақ қуанышқа бөлеп отырған «Жүректен жүрекке» инклюзивті шығармашылық фестивалі – мейірім мен бірлікке, өзара қолдауға және мүмкіндіктер теңдігіне арналған ерекше мереке. Осы игі бастаманы жүзеге асыруға үлес қосқан Алматы қаласының әкімдігіне, Республикалық Қоғамдық Бірлестік “Ерекше балалары ата-аналар одағы” (@srodkz) және төрайымы Рауана Сагадиеваға (@rauana_psycholog), «Qazaq Community Development» қоғамдық қорына, барлық еріктілер мен серіктестерге шынайы алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, шараға ерекше үлес қосқан бас демеуші - «Project Stroy and Controls» ЖШС-не, Накипов Елдос Қазыбекұлына және Ерсай Дәулетқызына зор алғыс айтамын. Осындай игі бастамалар арқылы біз түсіністікке, мейірімге және тең мүмкіндіктерге негізделген қоғам құрып келеміз. Алдағы уақытта бұл шараны республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Қанат Есболатов.Сондай-ақ, Қанат Болатұлы ерекше балаларға гүл шоқтарын табыстап, фестивальге қатысушыларға қолдау көрсетті. Шара аясында өнер көрсеткен әрбір балаға Алматы қаласы әкімінің орынбасары атынан арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар, сондай-ақ «TAMGA HOLDING» компаниясы атынан естелік сыйлықтар табысталды.Өз кезегінде Республикалық Қоғамдық Бірлестік “Ерекше балалары ата-аналар одағы” төрайымы Сағадиева Рауана Бақтыбекқызы фестивальдің маңыздылығына тоқталды:«Бұл іс-шараны ерекше отбасыларға, соның ішінде ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында төртінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Фестиваль 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылды. Біз осы арқылы қоғамда ешқандай алалау мен теңсіздік жоқ екенін көрсеткіміз келеді. Біздің балалар өздерінің ерекшеліктеріне қарамастан олимпиадаларға, шығармашылық шараларға белсенді қатысып, өнерлерін паш етіп жүр. Бүгін соның айқын дәлеліне куә болып отырмыз. Әрбір қолдау мен қошемет олар үшін өте маңызды», – деді ол.Фестиваль қонақтарының бірі, блогер Серікжан Тлеулесов іс-шарадан алған әсерімен бөлісті:«Осындай маңызды әрі жүрекке жылу сыйлайтын шараға шақырғандарыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Фестивальге ұлыммен бірге келдім, ол да бұл жердегі ерекше атмосфераны, балалардың өнерін көріп қатты қуанды. Әрбір баланың сахнаға шығуы – үлкен ерлік. Балалардың көзіндегі қуаныш пен сенімді көріп, ерекше әсер алдым. Барша ерекше балаларға мықты денсаулық, жарқын болашақ тілеймін. Осындай шаралар көп болса екен», – деді ол.Сахнаға шыққан әрбір бала көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Олар батылдықтың, талпыныстың және өнерге деген шынайы құштарлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Әр баланың жүрегінде үлкен арман, ерекше талант пен шексіз қуат бар екені айқын сезілді. Ұйымдастырушылар мен қонақтар балалардың өнеріне сүйсініп қана қоймай, олардың жарқын болашағына зор сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1125348?lang=kk
Жас отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеуге 28,25 млн АҚШ долларын пайдаланды 15.12.2025
Жас отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту жәнебілім алу ақысын төлеуге 28,25 млн АҚШ долларын пайдаланды  2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша уәкілетті оператор жалпы сомасы 28,25 млн АҚШ долларына 188 242 өтініш орындады. Қаражат уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін аударылды. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 17,60 млн АҚШ долларына 116 579 өтініш, білім алу ақысын төлеуге шамамен 10,65 млн АҚШ долларына 71 663 өтініш орындалды.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыруға 17,23 млн АҚШ долларына 113 944 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге 126,70 мың АҚШ долларына 899 өтініш және азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) 86,29 мың АҚШ долларына 643 өтініш орындалды. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (9,81 млн АҚШ долларына 64 877 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (580,04 мың АҚШ долларына 4 776 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (214,72 мың АҚШ долларына 1 633 өтініш орындалды).           Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағындағы қаражат 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. 2025 есепті жылдағы нысаналы талаптар, сондай-ақ инвестициялық кіріс нысаналы талаптарға қатысушыларға 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей есептелетін болады.2008 жылы туылған және 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтары да олардың нысаналы жинақтау шоттарына 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей есептелетін болады. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша есептер enpf.kz сайтына тұрақты түрде жарияланып отырады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1140221?lang=kk
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні! 15.12.2025
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!16 желтоқсан – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етіп, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, береке-бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Отанымыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты, Тәуелсіздігіміз тұғыры биік болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/1125290?lang=kk
Қазақстанның Гонконгтағы экспорттық әлеуеті 15.12.2025
Гонконг, 2025 жылдың 12 желтоқсаны – Гонконгта Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулдығы қазақстандық экспортты Гонконг нарығына ілгерілету үшін ұйымдастырды.Іс-шараға Гонконгтың ресми өкілдері, кәсіпкерлер және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері қатысты. Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулы Б. Досманбетов өз алғысөзінде Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.Бағдарламаның негізгі бөлігінде гонконгтық тарапқа қазақстандық нарықтың мүмкіндіктеріне арналған презентация ұсынылды. Қатысушылар қазақстандық өнімдердің, әсіресе азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және фармацевтика сектордағы жоғары әлеуетін атап өтті.Бұдан бөлек, Ли Кин-кей мырза (Гонконгтың Кеден және акциздер департаменті комиссарының орынбасары) өз ұстанымын білдіріп, аймақтар арасындағы сауда және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті. Талқылау барысында табысты экспорт үшін сапа стандарттары, өнімнің қауіпсіздігі және логистикалық инфрақұрылымды дамыту сияқты негізгі аспектілер айқындалдыҚорытындысында Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар қазақстандық экспорттаушыларды қолдау және олардың өнімдерін Гонконг нарығында ілгерілету үшін бірлескен іс-шараларды жалғастыру туралы келісті және екі аймақ арасындағы сауда қатынастарын жақсартуға маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1125298?lang=kk
Иранның Сыртқы істер министрлігінің Киш аралындағы өкілдігінің басшысымен кездесу 15.12.2025
2025 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстанның Бәндәр Аббастағы (Иран)  консулдығының  басшысы Д.Дүйсебай Иранның Сыртқы істер министрлігінің Киш аралындағы өкілдігінің басшысы Е.Текиесадатпен кездесті.Кездесу барысында  Қазақстан  мен Иран өңірлері арасындағы туризм, мәдени, оқу-білім, сауда және тағы да басқа салалар бойынша екіжақты қатынастарды нығайту жолдары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1125260?lang=kk
Скопьеде инвестициялар мен экспорт саласындағы ынтымақтастық талқыланды 15.12.2025
Скопье, 2025 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Шетелдік инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету агенттігінің директоры Рефик Джемайлимен кездесті.Македон тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстандағы реформалардың үдемелі барысымен, Қазақстан-Македония дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай саяси диалогтың жаңа деңгейге шығарылуымен танысты.Атап айтқанда, Президент Гордана Силяновска-Давкова мен Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Астанаға жұмыс сапарлары барысында маңызды уағдаластықтар атап өтілді. Ең алдымен, бұл іскерлік кеңес құру, бизнес-форум өткізу, екіжақты сауданы ұлғайту.Агенттік басшылығы Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі елшіліктің тұсаукесерімен қызығушылықпен танысып, сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында жоғары деңгейде қол жеткізілген өзара уағдаластықтарды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1125265?lang=kk
Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының басшылығымен кездесті 15.12.2025
Рияд, 2025 жылғы 14 желтоқсан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Мемлекеттік инвестициялық қорының Аға директоры Мулхам Әл-Бакримен келіссөздер жүргізді.Сұхбат барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Осы тұрғыда, М.Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат беріп, елдің басым экономикалық салалардағы инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.Өз кезегінде, Қор басшылығы ҚР-дың жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтіп, қазақстандық тараппен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ықпалдастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы келісті.«Sovereign Wealth Fund Institute» бағалауына сәйкес, 1971 жылы құрылған Мемлекеттік инвестициялық қордың жалпы активтері шамамен 1 трлн. долл. құрайды және Қор әлемдегі егеменді қорлар арасында активтер көлемі бойынша 6-шы орынға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1125273?lang=kk
Тәуелсіздік күні қарсаңында 15.12.2025
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымыздағы Желтоқсан оқиғасының ардагерлерін арнайы шақырып, құрмет көрсетіп, жүректен шыққан жылы лебізімізді жеткіздік. Кездесу достық пен ықыласқа толы рухани атмосферада өтті. Ардагерлер сол бір тарихи кезеңнің естеліктерімен бөлісіп, ел тәуелсіздігі жолында төгілген тер мен қайсарлықтың мәнін тағы бір мәрте терең сезіндірді. Сондай-ақ ауданымызда жүзеге асырылып жатқан игі бастамалар мен алдағы жоспарлар жөнінде де пікір алмасып, мазмұнды әңгіме өрбіді. Бұл кездесу бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын тағылымды шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1125277?lang=kk