Қоғам
Павлодар облысы бойынша МКД мамандары вице-министрдің бизнес-қоғамдастықпен кездесуіне қатысты 21.05.2026
Достық үйінде Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаевтың өңір кәсіпкерлерімен кездесуі өтті. Іс-шараға Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, сондай-ақ «Атамекен» палатасы мен бейінді ведомстволардың өкілдері белсенді қатысты.Талқылаудың басты тақырыптары мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген қаржыландыру және әкімшілік кедергілерді төмендету болды.Мемлекет пен бизнестің ашық өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында салықтық әкімшілендіру, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және сауда салаларындағы өзекті мәселелер көтерілді.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1224256?lang=ru
Президенттің қатысуымен Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады 21.05.2026
19 мамыр күні, Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу рәсімі өтті.19-20 мамыр аралығында ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан ауқымды халықаралық форум Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістердің қалыптасуындағы рөлін жан-жақты зерделеу мақсатында отандық және шетелдік жетекші ғалымдарды, сарапшылар мен халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді.Симпозиумның мақсаты – Қазақстан Республикасын Алтын Орда мұрасын зерттейтін жетекші халықаралық орталық ретінде таныту, сондай-ақ Жошы ұлысының саяси, экономикалық, мәдени және рухани мұрасын кешенді пәнаралық талдау арқылы Орталық Еуразия өркениеттерін зерттеу саласындағы елдің ғылыми әлеуетін көрсету және оның Еуразиядағы қазіргі интеграциялық үдерістер үшін маңызын айқындау.Симпозиум аясында Алтын Орданың дала өркениетінің моделі ретіндегі мұрасына арналған тақырыптық көрме де ұйымдастырылды. Экспозицияға археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған.Көрменің құрылымы бірнеше негізгі тақырыптық бөлімдерді қамтиды: мемлекет және билік, дала сәні мен киім үлгілері, әскери іс, дала және қала өркениеттерінің өзара ықпалдастығы, мәдениет, ғылым және өнер. Ерекше назар 70 археологиялық және сәулет ескерткішін қамтитын интерактивті картаға аударылған. Оның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация ұсынылған.Көрменің негізгі жәдігерлерінің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалары туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» қолжазбасы. Сонымен қатар Каталон атласы, хандардың генеалогиясы, теңгелер, жазба деректер және тұрмыстық бұйымдар қойылған. Жазба мұралар қатарында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат және 21 қолжазба бар. Олар түпнұсқа, факсимильді көшірме және электронды нұсқаларда ұсынылған.Экспозиция Қазақстан аумағындағы маңызды археологиялық ескерткіштердің материалдары негізінде жасақталған. Олардың қатарында көне Сарайшық, Сығанақ, Баршынкент қалалары және тарихи маңызы зор өзге де нысандар бар. Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау және оны зерттеуге деген ғылыми қызығушылықты арттыру.Пленарлық отырысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жүргізді. Ашылу рәсіміне ЮНЕСКО хатшылығының өкілдері, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, сондай-ақ Ресей, Қытай, Түркия, Иран, Моңғолия, Украина, Мажарстан, Болгария, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция және басқа да мемлекеттердің өкілдері қатысты.Форумға әлемнің 20-дан астам елінен келген 120 шетелдік зерттеушіні қоса алғанда 300-ден астам ғалым мен сарапшы қатысты. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Саясат Нұрбек Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиумның тарихи ғылымды дамыту мен тарихи өткенді жаңаша пайымдауда стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.«Бүгін біз тек өткенді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттілік, бірегейлік және Қазақстанның Еуразия тарихындағы орнын түсінудің негіздерін талқылап отырмыз. Тарихты қазіргі заман тұрғысынан қайта зерделеу жағдайында Алтын Орда Ұлы даланың саяси және мәдени дәстүрінің қалыптасуындағы маңызды кезең ретінде айрықша мәнге ие», - деді министр.Оның айтуынша, Алтын Орда Шығыс пен Батыс арасындағы өзара ықпалдастықты, идеялар, технологиялар мен мәдени тәжірибелер алмасуын қамтамасыз еткен еуразиялық интеграцияның бірегей үлгісі болды. Ал оның тарихы көшпелі және отырықшы өркениеттер синтезінің көрінісі саналады.«Қазақстан үшін Алтын Орданы зерттеу тек академиялық міндет емес. Бұл – тарихи сабақтастық мәселесі. Қазақстан өзін Жошы ұлысының мұрагерлерінің бірі ретінде санайды. Дәл осы кеңістікте кейін Қазақ хандығында жалғасын тапқан мемлекеттілік пен этногенездің негіздері қалыптасты», - деді Саясат Нұрбек.Симпозиумда сондай-ақ ЮНЕСКО-ның мәдениет жөніндегі Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығының директоры Элунду Лазар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Татарстан Республикасының мәдениет министрі Ирада Аюпова, «La France s’engage» қорының президенті Одрэ Азуле, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Содносамбуу Дэмбэрэл, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Шавкат Аюпов, сондай-ақ Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ш. Маржани атындағы Тарих институтының М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалиев құттықтау сөз сөйледі.Симпозиум барысында Алтын Орданың этносаяси тарихы, оның мұрасының қазіргі заманғы маңызы, болашақ зерттеу бағыттары, материалдық және рухани мәдени мұра, жазба және ауызша дереккөздер, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттік ықпалдастық мәселелеріне ерекше назар аударылады.Форум аясында Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын пәнаралық зерттеуге, археологиялық жаңалықтарға, тарихи жады мен бірегейлікті қалыптастыру мәселелеріне арналған мамандандырылған ғылыми секциялар өтеді.Халықаралық форумның маңызды қорытындыларының бірі – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, зерттеу бастамаларын біріктіруге және түрлі елдердің ғылыми орталықтары мен сарапшылық қауымдастықтары арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған Алтын Орда мұрасы жөніндегі Астана декларациясының қабылдануы болды.Симпозиумның мәдени бағдарламасы Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасының байлығын және Еуразия кеңістігіндегі рухани дәстүрлер сабақтастығын танытатын «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасын қамтиды.Қазақстанда халықаралық симпозиумның өтуі елдің Орталық Азия тарихы мен мұрасын зерттейтін жетекші орталықтардың бірі ретіндегі халықаралық беделін одан әрі нығайтуға, ғылыми диалогты кеңейтуге және еуразиялық өркениеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарған тарихи үдерістерді объективті зерделеуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1226344?lang=ru
Апталық азаматтарды қабылдау: тұрғындардың негізгі мәселелері қаралды 21.05.2026
Кездесу барысында тұрғындардың барлық өтініштері қаралды. Олар тұрғын үйлерді реновациялау, аулаларды абаттандыру, қоғамдық тәртіп, жер учаскелерін үшінші тұлғалардың пайдалануы, көлік жүретін жолдарды ұйымдастыру, сондай-ақ еңістерде және тұрғын аймақтарға жақын аумақтарда жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты болды. Қабылдауға салалық бөлімдердің басшылары қатысып, бұл әрбір мәселені жедел қарастыруға және нақты әрекет ету шараларын белгілеуге мүмкіндік берді.Қабылдау барысында аумақтарды тазалау, бос жерлерді санитарлық тазарту, ағаштарды кесу, сондай-ақ түнгі уақытта тыныштық сақтау талаптарының орындалуына қатысты өтініштер қаралды. Бірқатар мәселелер бойынша аумақтарды тексеру жүргізіп, қолданыстағы нормалар аясында тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.Өтініштердің жекелеген бөлігі ықтимал заңсыз қосымша құрылыстарға, инженерлік жабдықтарды орнатуға, жасыл желектерді көшіру және іргелес аумақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелеріне қатысты болды. Тұрғындарға тексеру жүргізу үшін өтініш беру тәртібі түсіндіріліп, тиісті қызметтерге өтініштерді пысықтау тапсырылды. Сонымен қатар жол белгілерін орнату және қайта орналастыру, автотұрақты шектеу, арық жүйесінің жай-күйі, су бұру және су басу мәселелері, сондай-ақ инженерлік желілерді (су құбыры, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау) қаланың балансына беру мәселелері көтерілді.Қосымша зерделеуді және оқиға орнына барып бағалауды талап ететін мәселелер бойынша аудан әкімі, уәкілетті мемлекеттік органдар мен салалық қызметтердің қатысуымен көшпелі тексеру ұйымдастырылып, нақты шешімдер қабылдау және алдағы қадамдарды айқындау жоспарлануда.Бостандық ауданының әкімдігі тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырып, кері байланыстың тиімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және қалалық ортаны дамыту мәселелерін жүйелі түрде шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.Еске саламыз, Бостандық ауданы әкімдігі күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде уақытша Абай даңғылы, 143 / Радостовец көшесі, 112 мекенжайында орналасқан. Қабылдау әр апта сайын сейсенбі күні өтеді. Қабылдауға жазылу үшін байланыс телефоны: 394 38 90.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1224283?lang=ru
Қазақстанның Кениядағы Елшісі Барлыбай Садықовтың «Қазақстан мен Кения байланысы жаңа деңгейге көтерілмек» атты сұхбаты 21.05.2026
Назарларыңызға Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында жарияланған Қазақстанның Кениядағы Елшісі Барлыбай Садықовтың «Қазақстан мен Кения байланысы жаңа деңгейге көтерілмек» атты сұхбатын ұсынамыз.https://egemen.kz/article/412989-barlybay-sadyqov-qazaqstan-men-keniya-baylanysy-dganha-denhgeyge-koterilmekАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1224296?lang=ru
Павлодар облысы бойынша МКД басшысы Ержан Тоқтархановтың өңір тұрғындарына мобильді аударымдар туралы үндеуі 21.05.2026
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Мобильді аударымдарды тексеру тақырыбы көп сұрақ туындатып жатыр. Сондықтан нақты түсіндіріп өтейін, алаңдауға негіз жоқ: жеке шоттар бірден бұғатталмайды.Естеріңізге саламын, мемлекеттік кірістер органдарының бақылауына мына үш жағдай қатар келгенде ғана ілігесіз:Біріншісі – сіздің шотыңызға жүзден аса түрлі адамнан ақша түссе. Екіншісі – бұл жағдай қатарынан үш ай қайталанса. Және үшіншісі – осы уақыт ішінде түскен жалпы сома 1 миллион 20 мың теңгеден асса.Көпшілік бұл сома қайдан шықты деп сұрайды. Түсіндіре кетейін: заң бойынша тексеру шегі ең төменгі жалақыға байланысты. Яғни, аударымдар сомасы 12 ең төменгі жалақыдан асуы керек. 2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Оны 12-ге көбейтсек, дәл сол 1 миллион 20 мың теңге шығады.Атап өткім келеді: отбасыңызға, достарыңыз бен әріптестеріңізге жіберген шағын аударымдар тексерілмейді. Біздің басты мақсатымыз – жасырын кәсіпкерлікті анықтау.Тіпті сіздің аударымдарыңыз осы шарттарға сәйкес келсе де, біз тек хабарлама ғана жібереміз. Түсініктеме беруге немесе жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуге 30 күн уақытыңыз болады. Шотты бұғаттау – ең соңғы шара.Ашық жұмыс істеңіздер, уайымдамаңыздар! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1224321?lang=ru
Африкадағы Эбола безгегіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады 21.05.2026
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.Эбола вирусы жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде, олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі.Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды. Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып алған жөн.Шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Егер қандай да бір белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды.Шетелге шығар алдында сақталуы тиіс негізгі алдын алу шаралары карточкаларда берілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1225778?lang=ru
Қостанайда санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жалғасуда 21.05.2026
Қостанай қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және дәстүрлі екі айлық тазалық жұмыстары аясында абаттандыру мен санитарлық тазарту шаралары жалғасуда.Қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің аумақтарына ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, аулаларды тазалау, тұрмыстық қоқыстарды шығару, іргелес аумақтарды ретке келтіру, сондай-ақ жасыл желектер мен балалар алаңдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Қала тұрғындарын атқарылып жатқан шараларға белсенді қолдау көрсетіп, тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Әрбір тұрғын сенбіліктерге қатысып, өз үйінің маңын таза ұстап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы үлес қоса алады.Бірлескен күш-жігердің арқасында Қостанайды барша тұрғындар үшін таза әрі жайлы қалаға айналдыра аламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1224515?lang=ru
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады 21.05.2026
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады:- өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды;- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады;- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;- мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;- бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1224536?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізді 21.05.2026
Рияд, 2026 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сауд Арабиясына жасаған жұмыс сапары аясында Корольдіктің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдурахман әр-Рассимен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, сондай-ақ «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» форматындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдауды жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бастамаларды ілгерілету маңыздылығы атап өтілді.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1224251?lang=ru
328.00 СЕН-де валюталық шарттың есептік нөмірін көрсету қажеттілігі туралы 21.05.2026
ҚР «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы экспорт және импорт бойынша валюталық операциялар уәкілетті банктердегі шоттарды пайдалана отырып, ұлттық және шетел валютасында жүзеге асырылады.ВШЕН-ді кім алуға міндетті? Валютаны репатриациялауға бақылауды қамтамасыз ету үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар банкте валюталық шарттың есептік нөмірін (ВШЕН) алуы қажет. Бұл талап сомасы 50 000 АҚШ доллары баламасынан асатын экспорттық-импорттық келісімшарттар үшін міндетті болып табылады.Мерзімдер және әкімшілік жауаптылық Заңнама резиденттерді валютаның уақтылы және толық репатриациялануын (экспорттық түсімнің түсуін, импорт бойынша аванстық төлемнің қайтарылуын) қамтамасыз етуге міндеттейді. Орындау мерзімдері шарттың өз талаптарымен айқындалады. Естеріңізге саламыз: репатриациялау мерзімдерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 251-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.СӘАЖ арқылы рәсімдерді оңайлату Валюталық бақылау құжаттарының бірі 328.00 салық есептілігі нысаны (СЕН) негізінде қалыптастырылатын тауарларды әкелу туралы өтініш болып табылады. Қазіргі уақытта 328.00 СЕН Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі (СӘАЖ) арқылы электрондық түрде беріледі.Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін нысанда жеке баған – «Валюталық шарттың есептік №» көзделген. Оны толтырған кезде ақпараттық жүйелердің интеграциялануының арқасында мәліметтер уәкілетті банктерге автоматты түрде беріледі. Бұл екінші деңгейдегі банктерге өтініштердің қағаз көшірмелерін ұсыну қажеттілігін толығымен жояды.Мемлекеттік кірістер комитетінің ұсынымы Валюта заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және валютаны репатриациялауды растау рәсімдерін барынша оңайлату мақсатында, банкте тіркелген шарт болған жағдайда салық төлеушілерге 328.00 СЕН-де әрдайым ВШЕН көрсетуді қатаң ұсынамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1226847?lang=ru
Голан жоталарынан Алматыға оралған екінші бітімгерлік контингентті салтанатпен қарсы алды 21.05.2026
Алматы халықаралық әуежайында Голан жоталарындағы БҰҰ миссиясы құрамындағы қызметін абыроймен аяқтаған Қазақстанның екінші ұлттық бітімгерлік контингенті әскери қызметшілерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.Әуе қорғанысы күштерінің А-400 әскери-көліктік ұшағы Алматыға 70 әскери қызметшіні жеткізді. Оларды құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестр сән-салтанатпен қарсы алды. Бітімгерлерді күтіп алуға Құрлық әскерлері қолбасшылығының, Бітімгерлік операциялар орталығының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, қарулас достары және сағына күткен ет жақындары мен туған-туыстары жиналды. Салтанатты шарада сөз алған Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев бітімгерлерді құттықтады.– Қазақстан әрқашан бейбітшілікті, тұрақтылықты және халықаралық қауіпсіздікті қолдайтын мемлекет. Бүгінде еліміздің БҰҰ аясындағы бітімгерлік қызметі жаңа деңгейге көтерілді. Голан жоталарындағы операцияға қатысу арқылы біз толыққанды бітімгерлік әлеуеті бар мемлекеттердің қатарына қосылдық. Бұл біздің әскери қызметшілеріміздің жоғары дайындығын және армиямыздың халықаралық талаптарға сай күрделі тапсырмаларды орындауға қауқарлы екенін дәлелдейді, – деп атап өз сөзінде.Бас қолбасшы, сондай-ақ, жауынгерлер елден жырақта жүргенде төзімділік танытып, тілеулес болған бітімгерлердің отбасыларына ерекше алғысын білдірді.Елге оралған топтың жетекшісі майор Әнуар Арынғазиевтің айтуынша, қызмет атқару кезеңінде екінші бітімгерлік контингент мыңнан астам тапсырманы сәтті орындаған. Атап айтқанда, 798 рет патрульдеу жүргізсе, 56 жаттығу жиынын өткізіп, 63 жарылғыш заттың көзін жойды. Сонымен қатар, ресми тұлғаларды 15 рет аман-есен алып жүруді қамтамасыз етіп, 57 уақытша бақылау бекетін құрды.Бітімгерлердің отбасыларымен қауышқан кезі салтанатты іс-шараның ең әсерлі сәті болды. Сағынысқан ағайын-туыстары жауынгерлерді зор қуанышпен және мақтаныш сезімімен құшақ жая қарсы алды. – Бүгін Голан жоталарындағы БҰҰ миссиясы құрамында күрделі әрі жауапты міндеттерді атқарған отағаларымыз үйге оралды. Олар үшін қатты уайымдап, тағатсыздана күттік. Сондықтан бүгінгі күн біз үшін ерекше, – деді ефрейтор Еркебұлан Қадиевтің жұбайы Перизат Қадиева.Қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуы еліміздің халықаралық беделін нығайтуға, жеке құрамның кәсіби даярлығын шыңдауға және шетелдік контингенттермен өзара іс-қимылды кеңейтуге зор үлес қосады. Осылайша, Қазақстан халықаралық қауіпсіздік, тұрақтылық пен ынтымақтастық қағидаттарына адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.Бітімгерлердің екінші тобы елге 28 мамырда келеді деп жоспарланғанын айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1224584?lang=ru
Қазақстан Алтын Орданың мұрасын Еуразия тарихының ажырамас бөлігі ретінде дәріптеуде 21.05.2026
19-20 мамыр күндері Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен және ЮНЕСКО қолдауымен «Алтын Орда және Ұлы дала өркениеті: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтуде.Форумға Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Таяу Шығыстың 20-дан астам елінен 350-ге жуық ғалым мен сарапшы қатысуда. Тарихшылар, археологтар, шығыстанушылар және мәдени мұра саласының мамандары Алтын Орданың Еуразия кеңістігінің қалыптасуындағы, сондай-ақ Ұлы Жібек жолының саяси, сауда және мәдени үдерістеріндегі тарихи рөлін талқылауда.Қазақстан үшін бұл симпозиум тек ғылыми іс-шара ғана емес, сонымен қатар Ұлы дала мұрасын заманауи тұрғыдан зерделеуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаң болып табылады. Қазақстан тарапы Алтын Орданың ортағасырлық Еуразиядағы басты интеграциялық кеңістіктердің бірі болғанын, көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы өзара алмасуға ықпал еткенін атап өтуде.Бағдарлама аясында Алтын Орда мәдениетіне арналған ірі тақырыптық көрме ұйымдастырылған. Экспозицияда қолжазбалар, археологиялық артефактілер, теңгелер, қару-жарақ, дәстүрлі киім үлгілері мен түрлі музейлер мен архивтерден алынған тарихи материалдар ұсынылған. Сонымен қатар көне қалалар мен сәулет ескерткіштерінің 3D реконструкциялары көрсетілуде.Пленарлық отырыстар барысында халықаралық сарапшылар Алтын Орда тарихын қазіргі заман тұрғысынан және тарихи стереотиптерден тыс зерттеудің маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – сол кезеңдегі саяси, экономикалық және мәдени үдерістердің қазіргі Еуразия кеңістігінің қалыптасуына қалай әсер еткенін тереңірек түсіну.Симпозиум қорытындысы бойынша Алтын Орда мұрасы жөніндегі Астана декларациясын қабылдау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсынымдарды бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ ғылыми материалдар мен баяндамалар ашық цифрлық архивтерде жарияланады.Қазақстан мұндай бастамалар халықаралық мәдени диалогты нығайтуға және елдің Еуразия тарихы мен Ұлы дала өркениетін зерттеудегі маңызды орталықтардың бірі ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етеді деп санайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1226202?lang=ru
«Қызмет алушылар күні» аясында жәрмеңке ұйымдастырылды 21.05.2026
20 мамыр күні Маңғыстау ауылындағы Ф.Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінде «Қызмет алушылар күніне» орай жәрмеңке өтті.Жәрмеңке барысында рұқсат құжаттарын рәсімдеу, лицензия алу, кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар, салық режимдері, сондай-ақ бизнесті қолдауға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамадағы жаңашылдықтар туралы кеңінен ақпарат берілді.Аталған саладағы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар қызмет алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нақты жауаптар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1224628?lang=ru
Қазақстан мен Нидерланд сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда 21.05.2026
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Шермерспен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы биылғы маусым айына жоспарланып отырған Қазақстанның Нидерландыға алғашқы сауда-экономикалық миссиясына дайындық мәселесі болды. Тараптар алдағы миссия екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтудегі маңызды қадам болатынын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанда екі елдің бизнес қауымдастықтары мен салалық компанияларының қатысуымен екіжақты бизнес-форум өткізу жоспары да талқыланды.Тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе инвестициялық әріптестік, логистика, агроөнеркәсіптік кешен және цифрлық экономика салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу барысында Арман Шаққалиев Нидерландының Қазақстанның Еуропадағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екіжақты қатынастар сауда және инвестиция бағыттарында тұрақты оң динамика көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 6,3 млрд АҚШ долларына жетіп, 11%-дан астам өскен. Ал Қазақстанның Нидерландыға экспорты 5,9 млрд АҚШ долларынан асты.Келіссөздер барысында практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық берілді. Қазақстан тарапы агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, Азия мен Еуропаны байланыстыратын заманауи логистикалық бағыттарды дамыту, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді еуропалық нарыққа ілгерілету бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жоғары әлеует бар екенін атап өтті.Сонымен қатар тараптар екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, алдағы сауда-экономикалық миссия жаңа серіктестік байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды талқылауға және қазақстандық компаниялардың Нидерланд нарығындағы қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады. Сондай-ақ Қазақстанның Нидерландқа алғашқы сауда-экономикалық миссиясы екіжақты сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ іскерлік байланыстарды нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1224632?lang=ru
Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! 21.05.2026
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы байланыс саласының үздік қызметкерлерін марапаттады.Өңірдің IT-инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталары табысталды. Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1224635?lang=ru
Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері 21.05.2026
Салық Кодекстің 175-бабына сəйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз сəйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді. 2 тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарларды импорттау жүзеге асырылған кезде акциз сомасы нақтылануға жатады жəне акцизделетін тауарларды импорттау күні қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1224651?lang=ru
Робототехника бойынша «Robotek Grand Tournamment Astana» халықаралық чемпионатына қатысу 21.05.2026
2026 жылғы 12-13 мамыр аралығында «Robotek Grand Tournament Astana» халықаралық робототехника чемпионаты өтті. Осакаров ауданының намысын Ә. Бөкейхан атындағы мектеп, №8 жалпы білім беретін мектеп және №9 гимназиядан құралған 4 команда қорғады. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша келесідей орындар иеленді:1-күн (12 мамыр) — «Роботек» санатында «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары Жаңабай Жандарбек пен Қизаев Алғыс жүлделі ІІ орынды иеленді (жаттықтырушысы — С.Т. Темірбай).2-күн (13 мамыр) — «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары Кенжебаев Диас пен Сағындық Сардар Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) білім грантын жеңіп алды (жаттықтырушысы — С.Т. Темірбай).Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1224680?lang=ru
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар қоғамымен онлайн кездесу 21.05.2026
2026 жылғы 15 мамырда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 25-тен астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі таңда "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен кәсіптік бағдар беру жұмысы"өзекті мәселесі қаралды. Кездесуде Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары – М.С. Зейникенов, Осакаров ауданы колледж-мектеп-интернаты директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары – В.А. Резван сөз сөйледі.Барлық сұрақтарға толық және толық жауаптар берілді. Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1224688?lang=ru
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының жаңа әкімі сайланды 21.05.2026
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының жаңа әкімі сайландыМаңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының сайланған әкімін тіркеу туралы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 мамырдағы №11 шешімінің негізінде, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының әкімі болып сайланған Ермуханов Амандык Келдибаевичті тіркеді.Ермуханов Амандык Келдибаевич - 1987 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады.Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1224691?lang=ru
01.05.2026 жылғы жағдай бойынша "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды 21.05.2026
2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 297 895 өтініш орындалып, жалпы сомасы 53,09 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 33,39 млн АҚШ долларына 187 597 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 19,70 млн АҚШ долларына 110 298 өтініш қанағаттандырылды.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (32,72 млн АҚШ долларына 183 436 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 232,77 мың АҚШ долларына 1425 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш.Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (18,51 млн АҚШ долларына 101 899 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (801,29 мың АҚШ долларына 5 796 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (308,59 мың АҚШ долларына 2 075 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".Ағымдағы жылы 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWUАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1228901?lang=ru