Enbekshi QazaQ

Қоғам

Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің, Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, сондай-ақ Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бюджет жобаларын қарау жөніндегі уақытша комиссиясының отырысы өтті. 01.12.2025
Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің, Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, сондай-ақ Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бюджет жобаларын қарау жөніндегі уақытша комиссиясының отырысы өтті.Қарау қорытындысы бойынша ішкі саясат бөліміне жастарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, жастарға тұрақты көшпелі жиындар өткізуге қосымша шығындарды есептеу, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің жалақысын арттыру туралы мәселеге бастамашылық жасау ұсынылды.Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қаланың шағын аудандарында жаңа серуендеу аймақтарының аумақтарында тұрақты мәдени іс-шараларды өткізуге қаражат қарастырып, шығармашылық дарынды өскемендіктердің бос уақытын және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1116548?lang=kk
«Бәріміз зорлық– зомбылықсыз әлем үшін» дөңгелек үстел. 01.12.2025
Бүгін «Бәріміз зорлық– зомбылықсыз әлем үшін» 16 күн белсенді әрекет республикалық акциясы аясында құқық қорғау органдары, «Асылмұра» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Смагулова Э.Н, «Асылмұра» қоғамдық бірлестігінің хатшысы Кумарова Ж.А Бастаушы ауылдық кітапханасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел барысында қатысушылар зорлық-зомбылықтың қандай формалары болатынын, қорғану және қолдау жолдарын, сондай-ақ жәбірленушілерге көмектесу тетіктерін талқылады.Ерекше назар жас ұрпақтың рөліне аударылды. Белсенді, бастамашыл жастар қауіпсіз орта қалыптастыруда негізгі қатысушыға айналып, агрессияға, қысым мен немқұрайдылыққа жол бермеуге ықпал етеді.Талқылау нәтижесінде қатысушылар:зорлық-зомбылықтың қандай түрлерге ие болатынын жақсырақ түсінді;көмекке қайда жүгінуге болатынын білді;достар мен топтастарды қолдау тәсілдерін талқылады;жастардың зорлық-зомбылықтың алдын алудағы маңызды рөлін көрді.Дөңгелек үстелде ұйымдастырушылары түрлі құрылымдардың ынтымақтастығы құрмет пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1116466?lang=kk
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларға тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдардың назарына! 01.12.2025
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларға тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдардың назарына! Мүгедектігі бар адамдар жеке абилитация және реабилитация бағдарламасына сәйкес Әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметерімен қамтамасыз етіледі.Әлеуметтік қызметтер порталының мақсаты – мүгедектігі бар адамдар мен жеткізушілер арасында тікелей өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді дербес таңдау құқығын беру.Портал арқылы тауарлар мен қызметтерді алушыларынан алынған тауардың сипаттамаларына (маркасы, функционалдық мүмкіндіктері) және жарамдылығына назар аудару талап етіледі.Егер жеткізілген тауар тапсырыс берілген тауарға сәйкес келмесе, қызмет алушы оны қабылдаудан бас тартуға құқылы.Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының нормаларына сәйкес, пайдалану барысында тауардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, қызмет алушы тауарды 14 күнтізбелік күн ішінде қайтаруға құқылы.Бұдан бөлек, мүгедектігі бар адамдарға берілген ОТҚ және арбалар жаңа болуы, бұрын пайдаланылмаған болуы тиіс және оларды басқа тұлғаларға сатуға немесе беруге болмайды (Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларының 9-тармағына сәйкес).Осыған байланысты, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарын алған мүгедектігі бар адамдар аталған талаптарды сақтауға міндетті.Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру және алу кезінде осы мәселелерге назар аударуды, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білуді сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1116443?lang=kk
2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер 01.12.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 827,24 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 105,71 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 641,00 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 80,53 млрд теңге.  ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 қарашада МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,08%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,33%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,29%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,23%, ҚРҰБ депозиттері – 2,10%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,94%, МҚҰ - 1,24%,. 2025 жылғы 1 қарашадағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 57,50%, АҚШ долларымен – 42,50%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 628,93 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс – 64,57 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен – 610,06 млрд теңге, өзге кірістер - 5,35 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.    2024 жылдың қарашасынан бастап 2025 жылдың қазанына дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,82 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 12,58%, инфляция мөлшері – 12,60%.2025 жылғы 1 қарашадағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 97,59%, ҚРҰБ депозиттері – 2,16%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,25%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 7,51% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 80,53 млрд теңгеден асады.01.11.2025ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 13,95 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 16,93%, РЕПО – 16,37%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 16,29%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 15,17%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,63%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,63%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,77%, МҚҰ – 5,47%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,59%. Атап кетейік, портфельдің 76,19% теңгемен, 22,51% - АҚШ долларымен, 1,30% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,04% болды."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.11.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 7,51 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 53,87%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 15,12%, ҚР ЕДБ облигациялары – 7,65%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 6,67%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,58%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,36%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 3,58%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,03%,Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 86,79%, АҚШ долларымен 13,21% тең.2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,26% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.11.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 9,41 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 21,50%, ҚР ҚМ МБҚ – 18,41%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,49%, РЕПО – 14,87%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,27%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,51%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 71,87%, АҚШ долларымен 28,13%.2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,23% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.11.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 3,74 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 21,44%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 15,34%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,08%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 12,95%, РЕПО – 11,50%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,20%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,14%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 3,13% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 69,93%, АҚШ долларында – 30,07% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 18,20% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 45,92 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 26,55%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,77%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,42%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,01%, МҚҰ – 6,67%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,44%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,97%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 5,63%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,90%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,85%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,69%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,46%, АҚШ долларында – 34,54% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,15% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126320?lang=kk
Мұнайлы ауданында аялдамалар орнатылады 🚌 01.12.2025
Аудан көлемінде, Дәулет ауылы әкімінің орынбасары және Мұнайлы ауданы Пб полиция инспекторының қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар мен жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы көше-жолдарға тексеру жұмыстары жүргізілді.Тексеру барысында талапқа сай емес аялдамалар мен мүлде орнатылмаған аймақтар анықталды.Аудан бойынша бөлінген қаражатқа сәйкес, алдағы уақытта аудан және ауыл әкімдіктері тарапынан жаңа аялдамалар орнатылатындығын хабарлаймыз.👉 Құрметті тұрғындар, жаңа орнатылатын аялдамаларды таза ұстауға және заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз!#МаңғыстауоблысыПолициядепартаменті #ДепартаментполицииМангистаускойобласти #АяғановСағындық #СағындықАяғанов #ДПМО #МОПД #ҚРІІМ #МВДРКАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1116424?lang=kk
Бішкекте цифрлық және жасыл трансформация мәселелері бойынша семинар өтті 01.12.2025
Бішкекте цифрлық және жасыл трансформация мәселелері бойынша семинар өтті2025 жылғы 28 қарашада Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы - Қ.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінде цифрлық және жасыл трансформация мәселелері бойынша семинар өтті, оны KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігі жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA), қырғыз-жапон адами даму орталығымен (KRJC) және ҚҰАУ бірлесіп ұйымдастырды.Іс-шара ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға және цифрлық технологияларды енгізуге заманауи көзқарастарға мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, оқытушылар мен студенттерді жинады.Ниигата университетінің (Жапония) профессоры Хидео Хасэгава ауыл шаруашылығында экологиялық таза технологияларды, соның ішінде терең тыңайтқыштар мен топырақты тұрақты басқару әдістерін енгізді. "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ Басқарушы директоры және Басқарма мүшесі Аманат Үмбетбаев табиғи ресурстарды мониторингілеу және пайдаланылмайтын жерлерді анықтау үшін спутниктік деректерді пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті.Семинар тәжірибе алмасу, озық технологияларды талқылау және орнықты даму саласындағы ынтымақтастықты кеңейту алаңына айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1116426?lang=kk
Солтүстік Македония Президенті Скопьедегі дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесінде Қазақстан стендін тамашалады 01.12.2025
Скопье, 2025 жылғы 30 қараша – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшілігі македон мәдени орталығының қолдауымен жыл сайынғы Дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты. Скопьеде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мәдени-танымдық стендтер ұйымдастырып, келушілерді ұлттық дәстүрлер мен тағамдармен таныстырды.Қазақстан Елшілігі түрлі кәдесый, кітап және аспаздық өнімдер ұсынды. Келушілердің ерекше қызығушылығын қазақтың зергерлік бұйымдары, киіз және кондитерлік бұйымдар тудырды. Жәрмеңке қонақтары бауырсақ, самса, ірімшіктің дәмін татты.«Kazakhstan: Born Bold» атты қазақстандық павильонның көрнекі орталығына домбыра, ұлттық тұрмыс заттары және алуан түсті этникалық костюмдер қойылып, олардың фонында көптеген келушілер естелік суреттерге түсті. Іс-шара барысында көпшілікке Қазақстан туралы имидждік бейнероликтер көрсетілді.Іс-шараға мәдени орталықтардың, Солтүстік Македонияның қайырымдылық ұйымдарының оқушыларының қатысуымен Балалар музыкалық концерті мерекелік атмосфера сыйлады.Дәстүр бойынша жәрмеңкеде Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова түрлі елдердің мәдени әртүрлілігімен танысты. ҚР Елшілігінің стендінде ол ұлттық мәдениет пәндеріне терең қызығушылық танытты. Қазақстан Елшісі жоғары қонақты еліміздің өнерімен және бай мәдени-тарихи мұрасымен таныстырды. Президент павильонның мазмұны мен көркемдік безендірілуін жоғары бағалады.Қазақстандық стенд жәрмеңкедегі ең көрнекті орындардың біріне айналып, Скопье тұрғындары мен дипломатиялық корпус өкілдерінің назарын аударды.Соңында жәрмеңке ұйымдастырушылары қазақстандық стендке бірауыздан жоғары баға беріп, іс-шараға қатысқаны үшін Елшілікке ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1116388?lang=kk
Сербияның Оңтүстік-Шығыс бөлігінде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды 01.12.2025
Предеяне, 2025 жылғы 29 қараша – Сербия Республикасының Ябланички және Пчински округтерінде (Сербияның Оңтүстік-Шығысы) Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға Сербия Сыртқы істер министрінің орынбасары Наташа Рашевич, Лесковац пен Вранье қалаларының басшылары, түрлі ведомстволар мен дін өкілдері, сондай-ақ, болу елінің академиялық және іскер топтарының мүшелері қатысты.Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов өз сөзінде Солтүстік Македония және Болгария сияқты мемлекеттермен жалғастыратын Сербияның стратегиялық маңызды көлік дәлізінде Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуы екіжақты экономикалық байланысты нығайтуға қосымша серпін беретінін атап өтті.Өз кезегінде Н.Рашевич, Шығыс пен Батыстың тоғысқан нүктесінде орналасқан жаңа Қазақстан өкілдігі  елдің бизнес өкілдерін өзара тиімді байланыс орнатуға ынталандыратынына сенім білдірді.Предеяне қаласындағы Құрметті консул қызметіне белгілі серб кәсіпкері Кристина Стоянович тағайындалды.Предеяне қаласындағы ҚР өкілдігі осымен Сербиядағы үшінші Құрметті консулдығы болды. Бұған дейін, 2023 жылы, Ужице қаласында ашылды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1116329?lang=kk
Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу 01.12.2025
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Серікұлы Олжабеков 4 желтоқсан сағат 10.00-де Достық үйі ғимаратында (мекен-жайы: Ақтау қаласы, 34-ші шағын ауданы, 9) Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 11:00-де Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.Жеке қабылдауға жазылу және сауалдар мен ұсыныстар: 8 (7292) 46-21-91 (жұмыс уақытында) телефон нөмірі арқылы қабылданады.Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1116338?lang=kk
Облыстық шақыру пунктінде Ұлттық ұланға әскерге шақырылушыларды жасақтау бойынша кеңес өтті 01.12.2025
2025 жылғы 1 желтоқсанда облыстық шақыру пунктінің ғимаратында ҚР ІІМ Ұлттық ұлан қатарына шақырылушыларды жасақтау мәселесі бойынша ДДҰ, ПД, облыс әкімдігі және т.б. өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңесте шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру мәселелері және медициналық комиссиялардың жұмысы қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша нарядты толық орындау және әскерге шақырылушыларды сапалы іріктеу туралы тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1116339?lang=kk
Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді 01.12.2025
2025 жылдың 28 қарашасында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Д.С.Жиенбаевтың төрағалығымен және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.Аталған комиссия отырысына Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің, Қарағанды қаласының мемлекеттік кірістер басқармаларының, Қарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығының өкілдері, кәсіпорындар мен кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты.   Отырыста Қарағанды қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі, Қарағанды қаласының кәсіпорындарында қызметкерлерді босату жағдайы, Қарағанды қаласының кәсіпорындарында міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша берешекті өтеу туралы мәселелер қаралды.  Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге өндірістік жарақаттануды азайтуға, босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша берешектерді өтеуге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1116353?lang=kk
Оңтүстік Кореяда Астананың туризм саласын таныстыруға арналған роуд-шоу өтті 01.12.2025
«Astana Tourism» компаниясы Оңтүстік Кореяда Астана мен Сеулдің туристік саласындағы жетекші мамандарды жинап, тәжірибе алмасу, туристік өнімдерді таныстыру және іскерлік байланыстар орнату үшін бірегей алаң ұсынды.Корея Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов пен Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев іс-шараның қатысушыларына құттықтау сөз арнады. Олар екі ел арасындағы туристік байланыстарды дамытудың маңызын және Астананың Орталық Азиядағы болашағы туристік бағыт ретінде маңызды орын алатынын атап өтті.«Мен корейлік әріптестеріміздің елімізге туризм саласында көрсетіп келе жатқан тұрақты қолдауы мен қызығушылығы үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл іс-шара екі ел арасындағы байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып саналады», – деді Кореядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов.«Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығының басқарма төрағасы Артем Квашук Астананың туристік әлеуеті туралы презентация ұсынып, қаланың негізгі туристік өнімдерімен, инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен және даму перспективаларымен таныстырды.«2024 жылы Қазақстанға келген Оңтүстік Корея туристерінің саны 40 мыңнан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының Кореяға сапарлары 8%-ға артып, шамамен 53 мың адамды құрады.2025 жылғы қаңтар-шілде айларында Кореяға 38 мың қазақстандық барса, елімізге 17 мыңнан астам корей азаматы келді. Біз түрлі санаттағы туристерге арналған бағыттарды ұсынамыз. Оның ішінде мәдени және оқиғалық туризмнен бастап, іскерлік сапарлар мен белсенді демалысқа дейін бар», – деді Артем Квашук.Роуд-шоу бағдарламасы Корея Республикасының туристік қауымдастығымен B2B-кездесулерді қамтыды. Іс-шараға 70-тен астам туриндустрия өкілдері, сондай-ақ жетекші туроператорлар мен туристік агенттіктер қатысты. Қазақстан тарапынан Air Astana, «Astana Opera» опера және балет театры, SkyWay, Shef Tour, Kompas, Tyран Азия, TOP Line туроператорлары таныстырылды.2024 жылы Кореядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бүгінде елімізде корейлік капиталдың қатысуымен 890 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.«Осындай роуд-шоу іс-шаралары инвестициялық климаттың дамуына және астана экономикасына корей инвестицияларын тартуға елеулі үлес қосады деп сенемін», — деді Астана қаласының Инвестицияларды дамыту қалалық орталығы «Astana Invest» Басқарма төрағасының орынбасары Сабит Мухамеджанұлы.Іс-шара аясында екі елдің туристік қауымдастықтары арасында бірқатар меморандум мен келісімдерге қол қойылды.Атап айтқанда, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы мен Tourism Promotion Organization арасында, сондай-ақ Орталық Азия – Корея Республикасы Ынтымақтастық форумының хатшылығымен ынтымақтастық туралы меморандумдар рәсімделді.Іс-шараға қатысушылар роуд-шоудың іскерлік байланыстарды нығайтуға, серіктестік мүмкіндіктерін кеңейтуге және Астананы туристік әрі бизнес-бағыт ретінде ілгерілетуге ықпал еткен тиімді алаң болғанын атап өтті. Толығырақ: https://www.youtube.com/watch?v=TFCoxucKeGQАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1116296?lang=kk
Салыққа берешегі бар азаматтарға ескерту. 01.12.2025
Бүгін Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және Дәулет ауылдық округі әкімі аппараты мамандарының ұйымдастыруымен рейдтік шара өткізілді.Рейдтік шарада төленбеген салықтық берешегі бар тұрғындарға түсіндіру және бірқатар ескертулер берілді. Құрметті Дәулет ауылдық округінің тұрғындары салық төлемдерін уақытылы төлеу қажеттігін қаперге береді.Қандайда бір салық төлемдерді мерзімінде төленбеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы ( салық кодексі) 25 желтоқсан 2017 жылдың № 120-VI заңына сәйкес өсімпұл жүргізілетіндігін хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1116305?lang=kk
Бүгін Дәулет ауылдық округінің ауылішілік көшелерін автогрейдрмен күреу, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес, жалғасын табады 01.12.2025
Бүгін Дәулет ауылдық округінің ауылішілік көшелерін автогрейдрмен күреу, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес, жалғасын табадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1116288?lang=kk
Желтоқсан: нарықты азық-түлікпен толықтыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту және жаңа жыл алдындағы жәрмеңкелер 01.12.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған қолданыстағы және желтоқсан айына жоспарланған шаралар қаралды.Қарашаның алғашқы үш аптасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі 0%-ды құрады. Желтоқсан – дәстүрлі түрде  тұтынушылық сұраныс артатын кезең. Жиынға қатысушылар супермаркеттер мен базар сөрелерінде сұранысы жоғары тауарлардың жеткілікті болуы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті шаралар кешенін талқылады.Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейтуСауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін уақытша кеңейту туралы жобаны әзірледі. Тізім бағасы жиі құбылатын тауарлармен толықтырылды. Құжат келісу сатысында. Жақын күндері бизнес-қоғамдастықпен және «Атамекен» ҰКП-мен егжей-тегжей талқылаулар өткізіледі.Өңірлердегі жәрмеңкелер және «Береке fest» акциясыӨңірлерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда: биыл 5 мыңнан астам жәрмеңке өтті және олар демалыс сайын ұйымдастырылып отырды.Желтоқсан айында сауда желілерімен бірлесіп, республикалық «Береке fest» акциясы қайта өткізілмек. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер тауарлардың кең таңдауын қолжетімді бағамен ұсыну мақсатында жаңа жыл алдында жәрмеңкелер ұйымдастырады.Азық-түлік импорттаушыларымен жұмысИмпорттық азық-түлікке деген маусымдық жоғары сұранысты ескере отырып, Сауда комитеті ірі импорттаушылар мен азық-түлік жеткізушілерінің пулын қалыптастырды. Жақын уақытта олармен желтоқсан айында сұранысы жоғары тауарлардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесулер өтеді.Баға мониторингі кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Сауда және интеграция министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, баға мониторингін тұрақты жүргізуді және жағдайға жедел әрекет етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1116263?lang=kk
Қарағандыда әлеуметтік тауарға сауда үстемесін негізсіз көтерген 5 сауда желісі мен 32 көтерме жеткізуші жазаланды 01.12.2025
Қарағанды облысына көтерме тауар жеткізушілер Milk Group ЖШС және Деп Плюс ЖШС сары майдың сауда үстемесін 22,6% және 26,3% - ға асырған. Ал Сұлтан Камал ЖШС майлылығы 2,5% айранды 43,2% сауда үстемесімен, Кадомец ЖК 1-санаттағы тауық жұмыртқасын 25% сауда үстемесімен сатқан. Ал Ер-Ай 2012 ЖШС қарақұмық жармасына белгіленген сауда үстемесін сауда үстемесін 12 пайызға арттырып жіберген. Өңірге көкөніс өнімдерін жеткізушілер ЖК Надиров және ЖК Марш сауда желілеріне картопты сатқанда сауда үстемесін 5% және 20% - ға асырған. Нәтижесінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті барлық сауда субъектілерін ҚР ӘҚБтК 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.Жалпы Қарағанды облысында мемлекеттік бақылау шеңберінде жыл басынан бері 155 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 142-сi әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда үстемесін негізсіз асырған, 10 субъектіде баға көрсеткіштерінің сәйкес болмауы фактілері анықталған, 3 субъект сауда объектілерінің жұмыс регламентін сақтамаған. Жалпы алғанда 40 кәсіпкерге ескерту берілді, ал 115 кәсіпкерге 5,0 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және өнімсіз делдалдық тізбектерді болдырмау мақсатында облыста делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді. Комиссия алгоритміне сәйкес сауда департаменті басқа мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.«Бағаның негізсіз өсуін анықтау үшін Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп негізгі нарық субъектілерінің электрондық шот-фактураларын тұрақты түрде талдау жүргіземіз және бірлескен жұмыс аясында өндірушіден супермаркет сөресіне дейінгі тауар қозғалысы тұрақты бақылауда ұстаймыз», - деді Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Абзал Рахымбаев.Жыл басынан бері комиссияның 57 отырысы өткізілді. Нәтижесінде 5 ірі сауда желісі және 32 көтерме жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент мониторингі бойынша, қарағандылық кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінен ең көп бакалея өнімдеріне сауда үстемесін негізсіз арттырады. Депаратмент бұл өнімдер бойынша жыл басынан бері 81 факт анықтады. Одан кейін ең көп көкөніс өнімдеріне сауда үстемесін негізсіз қосқан (51 факт)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1116230?lang=kk
Сауда департаменті қарағандылықтарға 10 айда 84 млн теңгесін кері қайтарды 01.12.2025
Жыл басынан Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне тұтынушы құқығының бұзылу фактісі бойынша 2528 өтініш түскен. Өңірдегі тұтынушылардың шағымдары тұрмыстық қызметтер, яғни косметикалық, жиһаз дайындау, автокөлік жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу қызметтеріне және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге қатысты.«Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша 2025 жылдың басынан бері аумақтық департамент 36 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде тұтынушылардың құқығын бұзған кәсіпкерлерге 16 әкімшілік айыппұл, 10 ескерту берілді. Жалпы жыл басынан тұтынушылардың пайдасына қайтарылған қаражат көлемі 84 241 047 теңгені құрады», - деді Қарағанды облысы борйынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшы Абзал Рахымбаев.Сонымен қатар 2025 жылдың 10 айында Департамент тұтынушылар құқығын қорғау бойынша 24 сот процесіне үшінші тарап ретінде қатысты. Биыл қарашада департамент қала тұрғындарының подъезді жинау қызметінің сапасына және қызмет көрсетуші жеке кәсіпкердің әрекеттеріне қатысты ұжымдық шағымын қарады. Тексеру барысында департамент мамандары тұтынушыларға қызметтің нақты орындаушысы туралы дұрыс ақпарат берілмегені, шартты бұзу тәртібінің сақталмағаны анықталды.10-нан астам азаматтың құқығы бір мәселе бойынша бұзылғандықтан, Департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 5-бабы 8-тармағына сәйкес сотқа дейінгі талап жолдады.4 қарашада қызмет көрсетушіге шартты бұзу, қызметтен бас тартқан тұрғындар үшін есептеулерді тоқтату, қызмет көрсетуші туралы нақты ақпарат беру талаптары жіберілді. 6 қарашадағы ресми жауапқа сәйкес, шарт бұзылды, яғни 1 желтоқсаннан бастап барлық есептеулер тоқтатылды. Осылайша департамент тұрғындардың құқықығын сотқа дейін толық қалпына келтірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1116235?lang=kk
«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат 01.12.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) мен Business FM іскерлік радиостанциясының бірлескен жобасы іске асырылды. Бағдарлама жүргізушілері Рустам Мақсұтов пен Ерланби Дәулетияр БЖЗҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сарапшыларымен бірге елдің зейнетақы жүйесіне қатысты ең өзекті тақырыптарды аудио және бейне подкаст форматында талқылады. Радио тыңдаушылар мен көрермендерге осы саладағы әлемдік үрдістер туралы баяндап, күрделі нәрселерді қарапайым және түсінікті тілде түсіндірді.  Сұхбат барысында жаһандық демографиялық трендтер, әлем бойынша жинақтаушы құрамдас бөлікке көшу, зейнетақыны ұзақ мерзімді жоспарлау, қызметкерлерді жинақтарды қалыптастыруға ынталандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, зейнетақы активтерін басқару тақырыптары, жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мүмкіндіктері, инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың жаңа ережелерін енгізу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің түрлері және зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістер қозғалды. Жоба қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі саласындағы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама кәсіпкерлерге, бизнесмендерге, сондай-ақ өздерінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және тиімді басқаруға мүдделі барлық адамдарға арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне "Зейнетақы навигаторы" бағдарламасының бейне подкасттарын көріп шығуға кеңес береміз. Бұл – Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы шынайы, объективті және кәсіби материалдар дайындауға қажетті өзекті ақпаратты қайнар көзден алудың таптырмас тәсілі. Төмендегі тақырыптар бойынша түсірілген 2025 жылғы бейнеподкасттарды тиісті сілтемелерден табасыздар:Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Сәуле Егеубаева, "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=FdqbJ0_3fnM Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Мұрат Шәріпов, "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=vw24C2CQTMA&t=64s Инвестициялық қызмет (Нұржан Нұрғазин, ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=IYo6Yh2Pmog Зейнетақыны жоспарлау және оны ұлғайту жөніндегі шаралар (Айжан Темірлан, "БЖЗҚ" АҚ Стратегиялық даму департаменті Стратегия және талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=EyRFcdyWXlk Зейнетақы капиталын басқару мүмкіндіктері (Ләззат Әмірғалиева, "БЖЗҚ" АҚ Инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=9-Jc4pG5iAo БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері (Гүлнұр Ағайдарова, "БЖЗҚ" АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті Төлем әдістемесі басқармасының бастығы) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=Eq_wL_G-02M "Зейнетақы навигаторы" бағдарламалары Business FM және БЖЗҚ YouTube арналарында, сондай-ақ Google, Yandex және iTunes подкасттарында қолжетімді. Қазақстанның зейнетақы жүйесін қалыптастыру және дамыту туралы диалогтар БЖЗҚ YouTube-каналында дәстүрге айналды. Мұнда Григорий Марченко, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова және т.б. сияқты танымал қазақстандық қаржыгерлер, сондай-ақ белгілі халықаралық мамандар өз пікірлерімен бөліседі. Жаңалықтарды бірінші болып білу және сарапшылардан эксклюзивті ақпарат алу үшін БЖЗҚ-ның YouTube-арнасына жазылыңыздар. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126301?lang=kk
Ауылдық мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 01.12.2025
2025 жылғы 25–29 қараша аралығында Астана қаласында ауылдық мектептердің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға қатысқан «№9 гимназия базасындағы тірек мектеп (ресурстық орталық)» КММ-нің 11-сынып оқушысы Курманов Расул информатика пәні мұғалімі Зубрин С.В.-ның жетекшілігімен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, III орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1116210?lang=kk
«Бір шаңырақ астында» көрмесі Семей қаласында 01.12.2025
Семей қаласындағы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени  және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Бір шаңырақ астында» атты көрменің салтанатты ашылуы болды. Көрме XIX-XX ғасырлар тоғысында жасалған күнделікті және мерекелік халық костюмдерін және Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамасынан алынған тұрмыстық заттардың кейбір түрлерін ұсынады. Көрменің жәдігерлері Қазақстан халқының дәстүрлі мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. Көрменің ашылуында өткізілген экскурсия барысында музей қызметкерлері күнделікті тұрмыста және салт-дәстүрлерде халық костюмінің маңыздылығы жөнінде айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1116197?lang=kk