Enbekshi QazaQ

Қоғам

ЖАСТАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 10.09.2026
Орталық Азия инновациялық университетінде кибергигиена және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ цифрлық сауаттылық саласының сарапшылары, полиция қызметкерлері және заңгерлер қатысты.Ауқымды түсіндіру кездесулері мегаполистің барлық аумағында «Кибермәдениет айы» қалалық айлығы аясында ұйымдастырылуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалардың негізгі мақсаты – жастардың цифрлық алаяқтардың айла-тәсілдеріне қарсы иммунитетін қалыптастырып, жеке деректерін қорғауды үйрету.Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Қырғызбаевтың айтуынша, тиімді алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында басқарма құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты жолға қойған.«Полиция департаменті мен біздің басқарма арнайы жұмыс тобын құрып, белсенді жұмысқа кірісті. Басты мақсатымыз – оқушылар мен студенттерге заң талаптарын түсіндіру, қазіргі таңда кездесетін қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру, қателіктерге жол бермеуге көмектесу және алаяқтардың арбауына түсуден сақтандыру. Жастарды күмәнді схемалардан аулақ болуға шақырамыз», – деді Ернұр Қырғызбаев.Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ауқымына тоқталған басқарма басшысының орынбасары профилактикалық іс-шаралардың білім берудің әртүрлі деңгейлерін қамтып отырғанын атап өтті.«Бүгінде біз бес университетті, үш колледжді және үш мектепті қамтыдық. Бұл түсіндіру жұмыстарын қаланың барлық білім беру ұйымдарында жалғастырамыз. Қазіргі таңда интернет-алаяқтық кең таралған. Сондықтан біздің міндетіміз – нақты мысалдар арқылы цифрлық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын түсіндіру. Цифрлық технологиялар кеңінен қолданылатын заманда жастардың алаяқтардың арбауына түспеуі үшін барынша сақ болғаны маңызды», – деп атап өтті Ернұр Қырғызбаев.Ашық диалог барысында сарапшылар студенттерге кибергигиенаның негізгі ережелерін де еске салды. Атап айтқанда, күрделі әрі бірнеше таңбадан тұратын құпиясөздерді пайдалану, екі факторлы аутентификацияны қосу, күдікті сілтемелерді ашпау және құпия деректерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді.Сонымен қатар интернеттегі ойланбай жасалған әрекеттердің құқықтық салдарына, соның ішінде дропперлікке тартылу қаупіне ерекше назар аударылды.Мұндай кездесулер студенттермен қатар оқытушыларға да заманауи технологиялық және қаржылық қауіп-қатерлерден сенімді қорғану жолдарын түсінуге және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ШЫМКЕНТТЕ ЖАС САРБАЗДАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ 10.09.2026
Шымкентте мерзімді әскери қызметке аттанатын жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Маңызды шара әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, туған-туыстары мен жақындары үшін ерекше мәнге ие болды.Сап түзеу барысында жас сарбаздарға ақ жол тілектер айтылып, азаматтық борышын абыроймен атқаруға бағыт-бағдар берілді. Қала әкімдігінің, әскери бөлімдер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жас сарбаздарды өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтап, оларға мықты денсаулық, төзімділік, батылдық және әскери қызметте табыс тіледі.Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев және  №6506 әскери бөлімінің командирі, полковник Кенжебек Төкешов құттықтау сөздерінде әскери қызметтің жауапкершілік пен азаматтық кемелділікке баулитын маңызды өмір мектебі екенін атап өтті.Жиын барысында әскерге шақырылушылардың ата-аналарына да ерекше көңіл бөлінді. Әр отбасы үшін ұлын Отан алдындағы борышын өтеуге шығарып салу – толқыныс пен мақтаныш қатар жүретін есте қаларлық сәт. Ата-аналар әскери қызмет жастар үшін жақсы өмір мектебі болып, оларды жауапкершілікке, тәртіпке және өз күшіне сенуге тәрбиелейді деген сенімдерін білдірді.«Бүгін сіздер өмірлеріңіздегі маңызды кезеңді бастап отырсыздар. Әскери қызмет батылдықты, тәртіпті, өзара көмек пен жауапкершілікті талап етеді. Отбасыңыздың және туған қалаңыздың абыройын биік ұстаңыздар, жолдастарыңызды құрметтеңіздер және алдарыңызға қойылған міндеттерді абыроймен орындаңыздар», – деді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев.Әскерге шақырылушылар үшін бұл күн жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Алда оларды әскери өмір, оқу-жаттығу, дене шынықтыру және саптық дайындық, жаңа ортаға бейімделу, достық қарым-қатынас орнату және кәсіби дағдыларды меңгеру кезеңі күтіп тұр.Салтанатты шара соңында жас сарбаздарға ақ жол тілеп, аман-есен елге оралуына ізгі тілектер айтылды. Туған-туыстары мен жақындары жастарды мақтанышпен шығарып салып, әскери міндеттерін абыроймен атқарып, елге абыроймен оралуын тіледі.Бүгін әскери бөлімдерге аттанған шымкенттік жастар үшін бұл күн есте қалатын ерекше оқиға болмақ. Бұл – олардың ересек өмірге жасаған тағы бір маңызды қадамы.
В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДИЛИ МОЛОДЫХ ВОЕННОСЛУЖАЩИХ НА СРОЧНУЮ СЛУЖБУ 10.09.2026
В Шымкенте состоялась торжественная церемония проводов молодых людей, которые отправляются на срочную военную службу. Мероприятие стало важным и символичным событием для призывников, их родителей, родных и близких.В этот день на построении звучали слова напутствия и пожелания достойно выполнить свой гражданский долг. Представители городских властей, воинских частей и общественных организаций поздравили молодых военнослужащих с началом нового этапа в их жизни и пожелали им крепкого здоровья, выдержки, мужества и успехов в службе.Начальник департамента по делам обороны города Шымкент полковник Абдигабит Шегебаев и командир воинской части 6506 города Шымкент полковник Кенжебек Тукешов Жалелович в приветственном слове отметили, что военная служба остается важной школой ответственности и гражданской зрелости.Особые слова были адресованы родителям призывников. Для каждой семьи проводы сына в армию — волнительный и памятный момент. Родители выразили надежду, что служба станет для молодых людей хорошей школой жизни, поможет воспитать ответственность, дисциплину и уверенность в собственных силах.«Сегодня вы начинаете важный этап своей жизни. Военная служба требует мужества, дисциплины, взаимовыручки и ответственности. Берегите честь своей семьи и родного города, уважайте своих товарищей и достойно выполняйте поставленные перед вами задачи», — отметил председатель Шымкентского городского филиала РОО «Ветераны Вооруженных сил РК», полковник в отставке Серикбай ОнбаевДля самих призывников этот день стал началом нового пути. Впереди их ждут армейские будни, обучение, физическая и строевая подготовка, новые знакомства и приобретение профессиональных навыков.Торжественная часть завершилась традиционными пожеланиями счастливого пути и благополучного возвращения домой. Родные и близкие проводили молодых ребят с надеждой и гордостью, пожелав им достойно пройти службу и вернуться домой здоровыми.Для молодых шымкентцев, отправляющихся сегодня в воинские части, этот день навсегда останется памятным событием — днем, когда они сделали еще один шаг во взрослую жизнь.
Astana International Exchange биржасында тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының листингі рәсімі өтті 10.09.2026
Astana Finance Days шеңберінде AIX биржасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының салтанатты листингі рәсімі өтті.Қазақстанның Қытай капитал нарығында болуының табысты тарихын жалғастыра отырып, жалпы көлемі 6,6 млрд. юань болатын панда облигацияларының екінші шығарылымы жүзеге асырылды.Тәуелсіз панда облигациялардың екінші шығарылымы екі траншпен сәтті орналастырылды: 1,82% мөлшерлемемен 3 жылға 5 млрд. юань және жылдық 1,95% мөлшерлемемен 5 жылға 1,6 млрд. юань.Панда облигациялары нарығында тәуелсіз шығарылымдар арасында рекордтық төмен болған қол жеткізілген кірістілік деңгейі ерекше маңызға ие. Бұл ретте өтінімдер кітабындағы сұраныстың жалпы көлемі ұсыныстан 2,5 есеге асып түсті.Сәтті орналастырылуы және жоғары қызығушылық танытылуы Қазақстанға деген сенімнің нығаюын және елдің кредиттік сапасына жоғары бағаны растайды.Орналастырылған үш жылдық және бес жылдық транштар Қазақстанның Қытай юаніндегі тәуелсіз кірістілік қисығын кеңейтті және Қазақстандық эмитенттердің болашақ шығарылымдары үшін кірістіліктің жаңа бағдарларын қалыптастырды.Салтанатты рәсімге Қаржы министрлігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), AIX биржасының басшылығы, сондай-ақ China International Capital Corporation Limited (CICC) қоса алғанда, мәміленің жетекші андеррайтерлері мен серіктестерінің өкілдері қатысты. Бірлескен жетекші ұйымдастырушылар China Construction Bank Limited (CCB), Industrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC), The Export-Import Bank of China и Bank of China Limited (BOC), «Teniz Capital Investment Banking» АҚ болды.Қазақстан және Қытай тараптарының өкілдері қаржы нарықтарындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің және ынтымақтастықтың жаңа құралдарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.Салтанатты рәсімнің өткізілуі Astana International Exchange алаңында сауда-саттықтың іске қосылуын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1289588?lang=ru
Қазақстан мен Лихтенштейн екіжақты ынтымақтастықты дамытуда 10.09.2026
Вадуц, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Лихтенштейн Князьдігіне жұмыс сапарымен барды.Лихтенштейн Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер, қоршаған орта және мәдениет министрі Сабине Монаунимен кездесуде тараптар екіжақты саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетін атап өтіп, басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды сындарлы негізде одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.Қазақстандық дипломат сондай-ақ Лихтенштейннің Сыртқы істер басқармасының директоры Мартин Фрикпен келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды нығайту жолдарын, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және негізгі өңірлік алаңдардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және өзара мүддеге сай ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1289570?lang=ru
Сұрақ-жауап форматында кездесу 10.09.2026
9 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы Достық үйінде салық төлеушілерге арналған Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты кездесу өтті.Іс-шараны ашқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ахметжан Хасенов Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкеновті таныстырып, бұл кездесу мемлекеттік орган мен бизнес қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болатынына сенім білдірді.Сұрақ-жауап форматында өткен шара барысында салықтық және кедендік әкімшілендірудің негізгі аспектілері, соның ішінде келесі сұрақтар қарастырылды: * салықтық есептілік нысандарын толтыру; * ҚҚС-ты есептеу және төлеу; * электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру; * тауарларды жіктеу; * салықтық шегерімдерді қолдану; * еркін қоймалардың жұмысы.Шараға қатысушылар  кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар  ашық сұхбатқа оң баға берді.Кездесу соңында іс-шара модераторы  Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді ұсынды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1289572?lang=ru
Қазақстан-Корея мәдени ауылы: мәдениет пен достық тоғысқан мереке 10.09.2026
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі баршаңызды «Kazakhstan-Korea Cultural Village» мәдени іс-шарасына шақырады.Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылатын бұл мәдени мереке Қазақстан мен Корея халықтарының бай мәдени мұрасын, дәстүрлері мен достығын дәріптеуге арналған.Бағдарламада танымал қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен ұлттық музыка, классикалық шығармалар мен заманауи туындылар ұсынылады. Қонақтар Ұлы дала мәдениеті мен қазақ халқының бірегей өнерімен жақынырақ таныса алады. 16 қыркүйек 2026 жыл 12:00-14:00 Yeouido Hangang Park, Seoul Кіру тегін. Баршаңызға есік ашық!Тіркелу және іс-шараның нақты орналасқан жері туралы ақпаратты афишадағы QR-код арқылы алуға болады.Қазақстан мен Корея арасындағы достықты бірге атап өтейік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1289576?lang=ru
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 6 күн қалды! 10.09.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы  15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялау  шеңберінде декларацияны тапсырудың мерзімі аяқталатынын еске салады! Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).       Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (knp.kgd.gov.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) сервистерінің көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, сонымен қатар Halyk, Kaspi және т.б. екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1289577?lang=ru
Риядта Қазақстанның «Expo 2030 Riyadh» халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері талқыланды 10.09.2026
Рияд, 2026 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Expo 2030 Riyadh Company» Бас атқарушы директоры Талал Әл-Марримен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында Қазақстанның «Expo 2030 Riyadh» халықаралық көрмесіне қатысуына қатысты негізгі ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ қазақ пен сауд тараптары арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі алдағы қадамдар талқыланды.М.Меңілбеков Қазақстанның іс-шараға белсенді әрі мазмұнды қатысуға мүдделі екенін, сондай-ақ көрменің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибемен алмасу, инновациялық шешімдер мен технологияларды ілгерілету үшін маңызды халықаралық алаң ретіндегі маңызын атап өтті.Өз кезегінде, Талал Әл-Марри Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, көрмеге дайындықтың барлық кезеңдерінде қазақ тарапына қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ұйымдастырушылық және практикалық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1289565?lang=ru
Астанада жас сарбаздарды ҰҚК-нің Шекара қызметіне шығарып салды 10.09.2026
«Ел қорғау – ерлердің ісі» акциясы аясында елордадағы «Жастар» сарайында медициналық комиссиядан және психологиялық тестілеуден сәтті өткен 15 астаналықты әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, ҰҚК Шекара қызметінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, ардагерлер, әскерге шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары, сондай-ақ әскери кафедралардың 700-ден астам студенті мен мектеп оқушылары қатысты.– Әскер жас азаматтардың мінезін шыңдап, дене төзімділігін арттырады. Сонымен қатар жастарды достыққа, бір-біріне қолдау көрсетуге үйретеді. Жігіттер барлық сынақтан абыроймен өтіп, заманауи техника мен әскери мамандықтарды меңгеретініне сенімдіміз. Ұлдарын туған жерін, отбасын және Отанын қорғауға даяр азамат етіп тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтамын, – деді Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров.Іс-шара барысында әскерге шақырылушылар, мектеп оқушылары мен студенттер заманауи қару-жарақ түрлерімен, байланыс құралдарымен және ҰҚК Шекара қызметінің әскери киім үлгілерімен танысты. Қатысушылар алдында қызметтік ит те өз өнерін көрсетті. Кинологтың жетекшілігімен ол әр түрлі иіс үлгілері салынған заттарды тез әрі қателеспей тауып, көпшілікті тәнті етті. Әскерге шақырылушылар үшін Абай облысы Мақаншы ауданындағы Шекара қызметі бөлімшесінде абыроймен әскери борышын өтеген сарбаздармен кездесу де тағылымды болды. Салтанатты шара барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов үш күн бұрын үйлеріне оралған әскери қызметшілерге «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісін табыстады. Жаңа шақырылым Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшесінде әскери борышын өтейді.– Бүгін шекараны қорғауға бірден екі немерем – Әлтайыр мен Жомартты шығарып салып тұрмын. Олармен мақтанамын. Әскерде шыңдалып, жауапкершілігі артып, нағыз достықтың қадірін түсінеді деп сенемін. Барлық жігіттерге Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, аман-есен үйлеріне оралуын тілеймін, – деді Өмірзақ Жолмағамбетов.Айта кетейік, биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны барысында еліміз бойынша шамамен 23 мың азамат әскери қызметке шақырылады. Астанадан әскер қатарына 1400 жас аттанады. Оның 190-ы ҰҚК Шекара қызметінде әскери борышын өтейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1289549?lang=ru
Алматыда гендерлік зорлық-зомбылықты медиада этикалық жариялау мәселелері талқыланды 10.09.2026
 Алматы, 2026 жылғы 8 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев «БҰҰ Плаза»-да өткен «Бұқаралық ақпарат құралдарында гендерлік зорлық-зомбылықты дұрыс әрі этикалық тұрғыда жариялау» тақырыбындағы тренерлерге арналған өңірлік тренингтің ашылуына қатысты.Іс-шараға Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Елдік кеңсесінің өкілі Джерен Гювен Гюрес, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен келген журналистер, редакторлар және медиа-сарапшылар қатысты.Өз сөзінде СІМ өкілі гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.Іс-шара өңірдің медиа қоғамдастығында жауапты әрі кәсіби стандарттарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1289550?lang=ru
Салалық кеңес отырысы 10.09.2026
Бүгін 10  қыркүйекте Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша Кәсіпкерлердің салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Кездесу барысында кәсіпкерлерді толғандыратын бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Атап айтқанда, 2027 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын міндетті лицензиялау мәселесі қаралды. Осы тақырып бойынша «Қазақстандық «DARA URPAQ» қауымдастығы» ЗТБ заңгері Сайкен  Айсин баяндама жасады.Сонымен қатар кәсіпкерлердің салық салу саласындағы проблемалық мәселелері және «Astana Hub» қатысушыларына арналған салықтық преференциялар жүйесі талқыланды. Бұл мәселелер бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Мусина Шынар Мусылманбекқызы және «Astana Hub» АКҚ-ның Көкшетау қаласындағы филиалының өңірлік менеджері Әсель Абдрахмановағ баяндама жасады.Бұдан бөлек, сотталғандар үшін жұмыс орындарын ұйымдастыра отырып, арнайы контингентті бөлшек сауда арқылы қамтамасыз етудің автономды каталогтық жүйесін құру жобасы таныстырылды. Жобаны «Секербаева Г.У.» ЖК жетекшісі Бахытгүл Уалиева таныстырды.Сондай-ақ Қызылжар ауылында «Ананың жүрегі» қоғамдық бірлестігінің ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және дамыту орталығын құру жобасы таныстырылды. Жоба туралы орталықтың жетекшісі Жазира Сексембаева  баяндады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1289538?lang=ru
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді 10.09.2026
Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады.2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен.«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр.Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды.Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1290255?lang=ru
Дебрецен қаласының әкімімен кездесу өтті 10.09.2026
Будапешт, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі А.Бақытбекқызының Дебрецен қаласының әкімі Л.Папппен кездесуінде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы муниципаларалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланып, Шымкент пен Дебрецен қалалары арасында тығыз байланыстар орнатуға ерекше назар аударылды.Екі қала арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өте отырып, тараптар тікелей байланыстарды нығайтуға және экономика, инвестициялар, қалалық инфрақұрылым, су ресурстарын басқару, көлік, білім, мәдениет және туризм салаларында практикалық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.Тараптар Дебрецен қаласы делегациясының Л.Папптың басшылығымен Шымкентке алдағы алғашқы сапарына ерекше назар аударды. Аталған сапар екі қала арасындағы қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болатыны және нақты өзара іс-қимыл бағыттарын айқындауға, бірлескен бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ екі қаланың муниципалдық органдары, іскер топтары, білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.Кездесу барысында Дебреценнің ірі халықаралық инвестицияларды тарту және қаланың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы Дебреценнің инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, білікті кадрлар даярлау және өнеркәсіптік экожүйені дамыту жөніндегі тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты. Тараптар тәжірибе алмасуға және екі елдің бизнес өкілдері арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесуге дайын екендерін білдірді.Сондай-ақ, су ресурстарын тиімді басқару мәселелері бойынша пікір алмасты. Қаланың өсіп келе жатқан қалалық және өнеркәсіптік жүктеме жағдайында тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету және су ресурстарын басқару саласындағы тәжірибесінің маңыздылығы атап өтілді. Қазақстан тарапы осы салада практикалық тәжірибе алмасуға және Дебрецен қаласында қолданылатын шешімдерді зерделеуге қызығушылық білдірді.Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын да талқылады. Дебрецен университетінің маңызды рөлі атап өтіліп, қазақстандық жоғары оқу орындарымен академиялық және студенттік алмасулар, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары арқылы ынтымақтастықты жандандыру ұсынылды. Сонымен қатар, Дебреценде білім алып жатқан қазақстандық студенттер санын арттыру мүмкіндігі атап өтілді.Дебрецен Мажарстан экономикасында маңызды орын алады. Қала елдің шығыс бөлігіндегі ең ірі экономикалық және өнеркәсіптік орталық әрі қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі болып табылады. Қолайлы географиялық орналасуы, дамыған инфрақұрылымы, елеулі білім беру және кадрлық әлеуеті, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған жүйелі саясатының арқасында қала заманауи өнеркәсіптік база қалыптастырып, ірі халықаралық инвестициялық жобаларды іске асыру алаңына айналды. Дебрецен Мажарстанның логистика, жоғары технологиялық өндірістер, автомобиль жасау және өнеркәсіптің басқа да салаларын дамытуда маңызды рөл атқарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1289446?lang=ru
Көңіл айту 10.09.2026
Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы салық саласының ардагері Абдыманан Махметұлы Илимжановтың қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, шынайы көңіл айтамын.Абдыманан Махметұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі, Салық қызметінің  III дәрежелі мемлекеттік  кеңесшісі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, еліміздің салық және қаржы жүйелерін қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосқан, білім мен тәжірибені ұштастырған көрнекті тұлға еді. Оның мол мұрасы мен еңбегі әріптестері мен шәкірттерінің жадында мәңгі сақталады.Марқұмның жаны жәннатта, рухы шат болсын.Отбасы мен жақындарына сабыр, күш-қуат тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1289437?lang=ru
Алматыдағы «БҰҰ Плаза»-да Даму бойынша жаңа серіктестердің Үшінші отырысы өтті 10.09.2026
 Алматы, 2026 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «БҰҰ Плаза»-да Даму бойынша жаңа серіктестерінің дамушы елдерге көрсетілетін көмектің тиімділігін мониторингілеу тақырыбына арналған, БҰҰ-ның Оңтүстік–Оңтүстік ынтымақтастығы күніне орайластырылған Үшінші отырысының ашылуына қатысып, сөз сөйледі.Іс-шараны Қазақстанның халықаралық даму агенттігі (KazAID) және БҰҰ Азия және Тынық мұхиты бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орталық Азия жөніндегі субөңірлік бөлімшесімен (БҰҰ АТМЭӘК) бірлесіп ұйымдастырды.Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстанның халықаралық даму стратегияларын іске асыру мақсатында экономиканы әртараптандыру, көлік-транзиттік инфрақұрылымды дамыту және цифрлық трансформация салаларында бірлескен бастамалар мен әріптестік қатынастарды жандандыруға бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің мақсаттарын бірлесіп ілгерілетудің маңыздылығына тоқталды.Елші Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының рөлін де атап өтті.Іс-шараға Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхиты өңірі және Латын Америкасы елдерінің халықаралық даму агенттіктерінің өкілдері қатысты.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1289426?lang=ru
Елорда кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты 10.09.2026
Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кәсіпкерлердің қатысуымен кезекті абаттандыру және көгалдандыру іс-шарасы өтті. Бұл жолы елордалық кәсіпкер өз нысанына іргелес аумаққа ағаш көшеттерін отырғызып, қаланы көгалдандыруға үлес қосты.Акцияның негізгі мақсаты — кәсіпкерлерді өз нысандарының айналасын таза әрі көрікті ұстауға ынталандыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және елорданы абаттандыру ісіне жұмылдыру.Іс-шара Жеңіс көшесінде орналасқан грузин мейрамханасының маңында өтті. Акция барысында кәсіпкерге нысанға іргелес аумақты күтіп-ұстауға арналған маусымдық түбіртек-парақ табысталды. Онда аумақты уақтылы тазалау, жасыл желектерді күтіп-баптау, тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі негізгі ұсынымдар қамтылған.Кәсіпкер Исадин Азаматов «Таза Қазақстан» бастамасын қолдайтынын айтып, өзге кәсіп иелерін де қаланың көркеюіне үлес қосуға шақырды.«Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында мейрамханамыздың айналасын абаттандырып, ағаш көшеттерін отырғызып жатырмыз. Қала әкімдігі тарапынан іргелес аумақты таза әрі көрікті ұстау жөнінде ұсынымдар берілді. Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Барша кәсіпкерлерді қаламыздың тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз», — деді ол.Астана қаласының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Шухрат Жораевтың айтуынша, қаланың келбетін жақсартуда бизнес өкілдерінің белсенділігі маңызды.«Бүгінде кәсіпкерлердің өз бизнесін дамытып қана қоймай, қаланы абаттандыруға да белсенді атсалысуы маңызды. Күзгі ағаш отырғызу маусымы енді басталды. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы аясында іргелес аумақтарды көгалдандыру және кәсіпкерлерді экологиялық бастамаларға тарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады», — деді Шухрат Жораев.Мұндай шаралар кәсіпкерлердің қалалық ортаға деген жауапкершілігін арттырып, елорданың таза, жасыл әрі жайлы қала ретінде дамуына ықпал етеді. Дереккөз: https://www.astana-akshamy.kz/news/elorda-kasipkerleri-taza-qazaqstan-akciiasyna-atsalysty Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1289409?lang=ru
ҚОБДА АУДАНЫНДА ЖАСТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ ӨТТІ 10.09.2026
Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы Қобда ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан жастарының қатысуымен ашық сұхбат өткізді.Кездесуге Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев қатысты.Ашық форматтағы кездесуде жастардың өзекті мәселелері, білім алу, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік жастар саясаты және жастарға арналған мүмкіндіктер кеңінен талқыланды.Кездесу барысында жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын бастамалар мен жобалар жөнінде ой бөлісілді.Жастар – ел болашағы, қоғамның қозғаушы күші!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1289394?lang=ru
Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы халықаралық саммиті өтіп жатыр 10.09.2026
Астанада «Тұрақты болашаққа арналған әлеуметтік инвестициялар» тақырыбында әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы халықаралық саммиті өтіп жатыр.Саммитке Қазақстаннан және шетелден, соның ішінде Германиядан, Канададан, Малайзиядан және ТМД елдерінен 700-ге жуық адам қатысады деп күтіліп отыр. Іс-шара әлеуметтік кәсіпкерлерді, инвесторларды, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және даму институттарының өкілдерін бір алаңға жинайды.10 қыркүйекте саммиттің шетелдік қонақтарына арналған мәдени бағдарлама жоспарланған. Негізгі іскерлік бағдарлама 11 қыркүйекте Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтеді.Іскерлік бағдарлама сағат 10:00-де басталады. Кіру тегін. Алдын ала тіркелу қажет.Саммитте әлеуметтік инвестициялар, тұрақты бизнес-модельдер және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланады. Саммиттің мақсаты –мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайту, әлеуметтік кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейту және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қажетті ресурстарды тарту.Шетелдік қонақтар Қазақстанның мәдениетімен және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы тәжірибесімен танысады. Сондай-ақ елордадағы әлеуметтік кәсіпорындарға бару жоспарланған. Бұл сапарлар жергілікті жобалармен танысуға және кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік береді.Саммит аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ / EBRD), Дүниежүзілік банктің (World Bank), БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ / UNDP), Жапония мен Канаданың дипломатиялық миссияларының, Catalyst Now халықаралық желісінің, Senior Expert Service (SES) ұйымының және басқа да халықаралық серіктестердің өкілдері сөз сөйлейді деп күтілуде.Арнайы панельдік сессия әлеуметтік кәсіпорындарды қаржыландыру, олардың әлеуетін арттыру және қызмет ауқымын кеңейту мәселелеріне арналады. Қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың халықаралық тәжірибесін, гранттық қаржыландыру тетіктерін, трансшекаралық ынтымақтастықтың келешегін және Орталық Азия елдерінде озық шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндіктерін талқылайды.Саммиттің маңызды іс-шараларының бірі – «Үздік әлеуметтік кәсіпкер-2026» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі. Байқау лауреаттарына марапаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері табыстайды.Іскерлік бағдарлама аясында мына іс-шаралар да өтеді:Ethnic Heritage Fair – әлеуметтік кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылатын этножәрмеңке;Information Fair – мемлекеттік даму институттары мен халықаралық ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын таныстыратын ақпараттық көрме;«Әлем айнасы» – жаһандық әлеуметтік сын-қатерлерге және оларды еңсерудің тиімді тәсілдеріне арналған фотокөрме.Саммиттің ұзақ мерзімді мақсаты – тәжірибе алмасуға, әріптестікті дамытуға және әлеуметтік кәсіпкерлікке инвестиция тартуға арналған тұрақты халықаралық алаң қалыптастыру. Сондай-ақ саммит Қазақстанның әлеуметтік инновациялар мен тұрақты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық орталығы ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған.Саммитті ұйымдастырушы – Әлеуметтік инновациялық хаб. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің, Әлеуметтік инвесторлар қауымдастығының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1289389?lang=ru
Взломы WhatsApp: как защитить свой аккаунт от мошенников 10.09.2026
В последнее время участились случаи кражи аккаунтов в мессенджере WhatsApp. Всего один полученный злоумышленниками код из SMS может открыть им полный доступ к вашим личным перепискам и данным.Как мошенники получают доступ?Запрашивают код подтверждения из SMS под различными предлогами. Отправляют фишинговые ссылки.Представляются вашими знакомыми или сотрудниками технической поддержки.Убеждают срочно «подтвердить номер».Как обезопасить себя прямо сейчас?1. Включите двухшаговую проверку: зайдите в Настройки → Учетная запись → Двухшаговая проверка, установите надежный PIN-код и привяжите электронную почту для восстановления.2. Регулярно проверяйте раздел Настройки → Связанные устройства. Если вы видите незнакомый сеанс - сразу завершите его.3. Главное правило: никому и никогда не передавайте код из SMS, PIN-код WhatsApp и данные для входа.Что делать, если аккаунт уже взломали?Повторно зарегистрируйте свой номер в WhatsApp, введя код из пришедшего SMS.Проверьте «Связанные устройства» и завершите все незнакомые сеансы. Срочно предупредите близких и коллег о взломе, чтобы они не переходили по ссылкам и не отправляли деньги.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1289395?lang=ru