Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қостанай облысы Қазақстан мен Ресей форумында өңірдің индустриялық даму тәжірибесін ұсынды 13.11.2025
11–12 қараша күндері Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, екі елдің Үкімет мүшелері, өңір басшылары, сондай-ақ бизнес және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.Форумда Қостанай облысының атынан өңір әкімі Құмар Ақсақалов сөз сөйлеп, пленарлық отырыста баяндама жасаған жалғыз облыс әкімі болды. Өз сөзінде ол өңірдің индустриялық даму тәжірибесін таныстырып, экономикалық өсудің негізгі бағыттарына тоқталды.Индустрияландыру және жаңа технологияларӨңір басшысы жаңа индустрияландыру дәуірінде жұмысшы мамандықтарының қайтадан экономиканың қозғаушы күшіне айналып отырғанын атап өтті.«Қазақстан мен Ресейді біріктіретін ортақ мақсат – еңбекті мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыру, еңбек адамының беделін арттыру.Біздің халықтарды еңбектегі ерлік, өндірістік дәстүрлер мен еңбексүйгіш жандарға деген құрмет біріктіреді. Бүгінде жаңа идеология қалыптасуда – «Еңбек – елдің тірегі», яғни «Еңбек адамы – елдің мақтанышы», – деді Құмар Ақсақалов.Экономикалық өсім және инвестицияларӘкімнің айтуынша, Қостанай облысы бүгінде елдің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып табылады. Өткен жылы өңір экономикасының өсімі 8,3%-ды құрады, биыл бұл көрсеткіш 7%-дан асады деп күтілуде. Соңғы он жылда еңбек өнімділігі төрт еседен астам артқан.Бұл жетістіктер инвестицияларды белсенді тартудың нәтижесінде мүмкін болды. Соңғы үш жылда өңірге 3,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған, оның ішінде 1,5 млрд АҚШ доллары – тікелей шетелдік инвестициялар.Ірі жобалардың қатарында жүк көліктеріне арналған қозғалтқыш блоктары мен цилиндр бастарын өндіретін «KamLitKZ» зауыты, жүк көліктеріне арналған жетекші көпірлер шығаратын кәсіпорын (инвестиция көлемі – 300,1 млн доллар, 650 жұмыс орны), сондай-ақ биыл іске қосылған KIA автозауыты, онда 1 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Барлық өндірістер заманауи, жоғары технологиялық, автоматтандырылған және цифрлық басқару жүйелерімен жабдықталған.Көлік және өндірістік инфрақұрылымӨңірде инфрақұрылымдық жобалар белсенді жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттардың бірі – жылына 400 мың контейнер немесе 11 миллион тонна жүк өткізуге қауқарлы көлік-логистикалық кешеннің құрылысы. Бұл нысан еліміздегі үшінші халықаралық порт және теңізге тікелей шығуы жоқ екінші «құрғақ» порт болмақ.Сонымен қатар, тау-кен және агроөнеркәсіптік салаларда жалпы құны 4 млрд АҚШ долларынан асатын ірі жобалар іске асырылуда. Жалпы, облыста 5,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 76 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.Кадр даярлау және жастар бастамаларыҚұмар Ақсақалов өз баяндамасында инженерлік және техникалық кадрлар даярлауға ерекше назар аударылатынын айтты.Облыстың жоғары оқу орындарында әлемнің жетекші университеттерімен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламалары, сондай-ақ машина жасау, металлургия, энергетика және ақпараттық технологиялар салаларындағы жоғары мектептер ашылған.Жаңа өндірістерде еңбек ететіндердің 60%-дан астамы – 35 жасқа дейінгі жастар. Оларды қолдау мақсатында өңірде «Қостанай жастары» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында жас мамандарға 6% жеңілдетілген ипотекалық несие беріледі.«XXI ғасырдың еңбек адамы – бұл болашақтың адамы: білімді, ойлы және шығармашыл тұлға. Жұмысшы болу – өз еліңнің болашағын құру деген сөз. Еңбек – Отанға қызмет етудің, ұлттық мақтаныш пен қоғамның тірегінің нышаны», – деп қорытындылады өз сөзін Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1104418?lang=kk
Қазақстанда жылу электр станцияларындағы сарқынды суды тазарту және қайта пайдалану жөніндегі ұлттық стандарт бекітілді 13.11.2025
Тұщы су тапшылығы жаһандық деңгейде күшейген тұста Қазақстан энергетика саласының тұрақты дамуы мен экологиялық жауапкершілігін арттыру бағытында маңызды қадам жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті СТ РК ISO 4789:2025 «Жылу электр станцияларындағы сарқынды суларды тазарту және қайта пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар» ұлттық стандартын бекітті. Бұл құжат халықаралық ISO 4789:2023 стандартымен бірдей және елімізде алғаш рет енгізіліп отыр. Жаңа стандарт энергетика секторында су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануға жаңа бағыт береді. Қазіргі таңда су тапшылығы – әлемдік деңгейдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Халық санының өсуі, урбанизация және өнеркәсіптің қарқынды дамуы тұщы суға деген сұранысты күрт арттырып отыр. Зерттеулерге сәйкес, жылу электр станциялары әлемдегі өнеркәсіптік су тұтынудың шамамен жартысын құрайды. Демек, энергетикалық өндіріс көлемінің өсуі су ресурстарына түсетін жүктемені де күшейтуде. Жаңартылатын энергия көздерінің дамуы қарқын алғанымен, 2020 жылы әлемдегі электр энергиясының 64 пайызы әлі де қазба отындарынан өндірілді. Бұл ретте жылу электр станциялары суды көп қажет ететін және құрамында түрлі химиялық әрі органикалық ластаушы заттары бар сарқынды суды шығаратын негізгі кәсіпорындар болып қала береді. Мұндай суды тазартусыз ағызу экожүйе мен су айдындарының экологиялық тепе-теңдігіне елеулі қауіп төндіреді. Жылу электр станцияларында тазартылған сарқынды суды қайта пайдалану тек технологиялық жаңалық емес, сонымен қатар су ресурстарын үнемдеуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған стратегиялық шешім. Қазіргі таңда көптеген елдер осы бағытта нақты шаралар қабылдап отыр. АҚШ, Қытай, Жапония және Халықаралық энергетикалық агенттікке мүше бірқатар мемлекет сарқынды суды қайта өңдеу және нөлдік сұйықтықты ағызу (Zero Liquid Discharge) жүйелерін енгізу арқылы суды тиімді пайдалану тәжірибесін дамытып келеді. Қазақстанда қабылданған СТ РК ISO 4789:2025 стандарты да осы жаһандық үрдіске толық сәйкес келеді. Ол су ресурстарын тиімді пайдалану, сарқынды судың құрамын жіктеу және талдау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ мембраналық, биологиялық және химиялық әдістерге негізделген заманауи тазарту технологияларын енгізу арқылы өндірістік циклдерде суды қайта пайдалану мүмкіндігін арттыруды көздейді. Аталған стандартты енгізу энергетика саласында суды тұтыну көлемін азайтып қана қоймай, өндірістің экологиялық тұрақтылығын күшейтеді. Бұл бастама – өнеркәсіптің дамуы мен табиғи ресурстарды сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етудің маңызды қадамы. Осылайша, Қазақстан ХХІ ғасыр энергетикасындағы экологиялық жауапкершіліктің жаңа деңгейін қалыптастырып, жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сай келетін елдердің қатарына қосылып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1104419?lang=kk
Қырағылық танытқан ұландық 10 телефонды колонияға кіргізу әрекетінің жолын кесті 13.11.2025
ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары шеңберінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің күзетін күшейтті.2025 жылдың басынан бері ҚАЖ мекемелеріндегі бақылау-өткізу  пунктерінде тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан 36 дерек анықталды. Оперативтік жағдай көрсеткендей, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің полиция департаменттерімен және ҚАЖ департаменттерімен бірлескен тәулік бойғы патрульдік қызметі мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарына тосқауыл қоюда оң нәтижесін көрсетуде.Осылайша, аталған кезеңде тыйым салынған заттарды өткізудің 128 әрекеті анықталды. Оның ішінде 7 дерек ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы іске асырылмақ болған.Бұл тұста №55 мекемесін күзету барысында әскери қызметші тарапынан көрсетілген жоғары сақтықты ерекше атап өткен жөн.2025 жылғы 11 қарашада, сағат 15:00 шамасында, Ленгер қаласында орналасқан мекеменің аумағына кіріп келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде бақылау тобының сарбазы қатардағы Әділет Нұрланұлы әдейі цемент салынған қапта жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады.Тексеру нәтижесінде:10 ұялы телефон;11 SIM-карта;2 қуаттау құрылғысы тәркіленді.Айта кетсек, күн сайын шамамен мыңға жуық ұландық мекеме аумағына тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермеуде.Бұл жағдай Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қырағылығының мен кәсіби дайындығының жоғары деңгейде екенін дәлелдейді. Олар күнделікті қызметте ҚАЖ  бөлімшелерімен тығыз өзара әрекеттесе отырып, мекемелердегі қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етеді. #ЗАҢМЕНТӘРТІП ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1104420?lang=kk
Неліктен дәнді дақылдардың тұқымдарын фитопатологиялық талдау қажет 13.11.2025
Егінжинауаяқталғаннан кейін келесімаусымғадайындықуақытыкеледі.Маңыздыкезеңдердіңбірі-тұқымныңқаншалықтысауекенінтексеру.Олүшінфитопатологиялықталдаужүргізіледі.        Фитопатологиялықталдау-бұлтұқымдардыауруларғатексеру.Сарапшылартұқымдардаболашақөсімдіктергезиянкелтіретінпатогендердіңбар-жоғынтексереді.       Неліктенбұлкүздежәнеқыста жасалады?Өйткенідәлосыуақыттабарлықтексерулердіжүргізугежеткіліктіуақыт бар.       Есепті кезеңде 4150 тонна дәнді дақылдар тұқымы зерттелді: бидай — 3590 т, арпа — 460 т, сұлы — 100 т.      Талдау барысында келесі аурулар анықталды: гельминтоспориоз, фузариум, пеницилий.      Егертұқымдаржұқтырылса,олардыміндетті түрде өңдеукерек—бұл маринадтау деп аталады.Сондай-ақ, ауруғатөзімдісорттардытаңдап, тұқымдардысақтаужағдайларынқадағалап отыру керек.    Неліктен бұл маңызды? Өйткені сау тұқымдар жақсы егіннің кілті болып табылады. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы  МинистрлігіАгроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»  Денисов ауданың республикалық мемлекеттік мекемесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/1104429?lang=kk
Астанада Қарулы күштердің ардагерлері әлеуметтік қолдау мен патриоттық тәрбие мәселелерін талқылады 13.11.2025
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың төрағалығымен «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің пленумы өтті.Жиынға ұйымның Орталық кеңесі мен Президиум мүшелері, Қорғаныс министрлігінің басшылығы, өңірлік филиалдардың төрағалары және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Отырысты ашқан Мұхтар Алтынбаев елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы ардагерлердің маңызды рөлін атап өтіп, олардың белсенді еңбегі үшін алғыс білдірді.– Ардагерлер – армияның сенімді тірегі. Олар жастардың патриоттық рухта тәрбиеленуіне атсалысып, әскери қызметтің ең үздік дәстүрлерін жаңа буынға жеткізіп келеді, – деді ол.Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев ведомствода әскери қызметшілер мен ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру және әскерге дейінгі жастарды даярлау деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғасып жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол әскери қызметшілер мен ардагерлердің әлеуметтік қорғалуы министрліктің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.– Біз Отан қорғаушыларын әлеуметтік тұрғыдан қолдауға ерекше мән береміз. Әскерилер мен ардагерлерге қамқорлық – аса маңызды міндет. Өйткені олардың болашаққа деген сенімі армиямыздың тұрақтылығы мен жауынгерлік қабілетіне тікелей әсер етеді, – деді вице-адмирал.Пленум барысында Орталық кеңестің есептік кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылды. Кеңес төрағасының орынбасары, «Қарулы күштер ардагерлері мен әскери қызметшілердің отбасылары қоры» қоғамдық қорының төрағасы запастағы генерал-майор Марат Нағұманов баяндама жасады.Жиынға қатысушылар Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен ардагерлер көтерген өзекті мәселелерді талқылады. Әскерилер мен олардың отбасы мүшелеріне көмек көрсету, зейнетақымен және медициналық қамтамасыз ету, санаторлық-курорттық ем алу мен өзге де әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қарастырылды.Сонымен қатар, әскери зейнеткерлердің әлеуетін тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды. Пленум соңында ардагерлер «Әлия Молдағұловаға – 100 жыл» естелік медалімен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1104402?lang=kk
Михайлов  ауылдық округінің  тұрғындарымен кездесуі 13.11.2025
          Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Михайлов ауылдық округінің  тұрғындарымен  кездесуі 2025 жылғы 10 желтоқсанда  сағат 15:00- де өткізіледі.Өткізілетін орны: Михайловка  ауылы, мәдениет үйінің  ғимараты.Халықпен  кездесу аясында тұрғындардан сұрақтар мен ұсыныстар қабылдау жүргізіледі.  Өз өтініштеріңізді  8-705-162-80-87 нөмірі бойынша  WhatsApp  арқылы жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1119363?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтердің 98%  цифрлық форматта іске асырылған 13.11.2025
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (Қор/БЖЗҚ) қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады. 01.01.2025ж. мен 30.09.2025ж. аралығында халыққа шамамен 33,7 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 20 млн-ы электрондық форматта, 12,6 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 97,9%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға 724,4 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 708,9 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,2 млн жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 21,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 18,3 млн-ы – электрондық, ал 2,9 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 56,4 мың өтініш қабылданып, оның 53,9 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған.   2025 жылдың басынан бастап 9 ай ішінде деректемелерді өзгертуге 104,2 мың өтініш қабылданды. Оның 98,3 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 38,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 781,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 32,1 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 395,2 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1104226?lang=kk
Ұлттық ұланда Астана гарнизонының әскери бөлімдері арасында мини-футбол турнирі өтті 13.11.2025
Елордада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімі командирінің Кубогіне арналған Астана гарнизоны әскери бөлімдері арасындағы мини-футбол турнирі ұйымдастырылды.Турнирге Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметі, Астана қаласы бойынша Шекара бақылау басқармасы, сондай-ақ «Гвардеец» құрама командасы қатысты. Барлығы 12 команда өзара бақ сынады.Жарыстың қорытындысына сәйкес жеңімпаздар келесідей анықталды:I орын — 3656 әскери бөлім командасыII орын — 5573 әскери бөлім командасыIII орын — 6636 әскери бөлім командасы Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:Үздік қақпашы — аға сержант Тимофей Кифору (3656 әскери бөлімі)Үздік шабуылшы — майор Нұрлан Ибрагимов (5573 әскери бөлімі)Үздік қорғаушы — Нұржан Өтегенов («Гвардеец»)Үздік бомбардир — қатардағы Сұлтанбек Кучкаров (3656 әскери бөлімі)Турнирдің үздік ойыншысы — қатардағы Аңсар Игенов (3656 әскери бөлімі) Турнир әскери қызметшілердің спорттық шеберлігін арттырып, бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға мүмкіндік берді. Осындай жарыстар жеке құрамның жігерін, табандылығын және жоғары нәтижеге деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1104210?lang=kk
Баға белгілеу бойынша мониторингтік топтың жұмысы 13.11.2025
Миролюбовка ауылдық округінде тұрақты негізде, апта сайын, төменде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізіміне баға мониторингі жүргізіледі, оларға өндіруші немесе өнім берушінің бағасына үстемеақы 15% - дан аспауға тиіс.1 ақ қант-түйіршіктелген қант2 күнбағыс майы3 бірінші сұрыпты бидай ұны4 тауық еті (іргелес еті бар жамбас және жіліншік)5 бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны6 сиыр еті ((пішінді) сүйектері бар скапулярлы кеуде бөлігі)7 мүйіздер (салмақ)8 пастерленген сүт 2,5% май жұмсақ қаптамада9 қарақұмық жармасы (ядро, салмақ)10 айран 2,5% май жұмсақ қаптамада11 ұнтақталған күріш (дөңгелек дәнді, таразы)12 сары май (тұздалмаған, кем дегенде 72,5% май, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ)13 картоп14 асханалық сәбіз16 тауық жұмыртқасы (1 санат)17 пияз 18 ас тұзы ("Экстрадан" басқа)19 ақ қырыққабат 20 сүзбе 5-9% май.Дүкен иелері бақылау тобының мүшелеріне аталған өнімдерге жүкқұжаттарды ұсынады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы туралы ақпарат аудандық кәсіпкерлік және туризм бөліміне жіберіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1104183?lang=kk
Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағында көлік-логистикалық байланысты нығайтуда 13.11.2025
Бангкок, 2025 жылғы 12 қараша - БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігі ұйымның Бангкок қаласындағы штаб-пәтерінде өткен "Құрғақ порттар" жөніндегі жұмыс тобының алтыншы отырысына қатысты.Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс тобы қазақстандық тараптың екі қазақстандық логистикалық терминалды АзТМЭӘК-ға мүше мемлекеттер үшін халықаралық маңызы бар "құрғақ порттар" тізбесіне ресми енгізу туралы ұсынысын қолдады."Dostyk TransTerminal" ЖШС және "Global CITY" сауда-логистикалық кешені "Альфарух" ЖШС Азия мен Тынық мұхитының өңірлік көлік дәліздеріне кіретін терминалдар үшін белгіленген халықаралық стандарттарға сәйкестіктің жоғары деңгейін растады.АзТМЭӘК құрғақ порттарын желіге қосу осы логистикалық орталықтарды БҰҰ-ның ресми карталарында және дерекқорларында көрсетуге мүмкіндік береді, бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және ұлттық көлік-логистикалық инфрақұрылымға инвестициялар тарту үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1104186?lang=kk
«Менің Отаным – Қазақстан!»Көрме 13.11.2025
     «Өнеріміз саған, Қазақстан!» көркемөнерпаздар байқауының аудандық кезеңі аясында 11-қараша күні Пешков ауылдық клубында кітапханашы 2025 жылдың маңызды естелік күндері мен мерейтойларына арналған әдебиет ұсынған «Менің Отаным – Қазақстан!» кітап көрмесін ұйымдастрыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1104194?lang=kk
Көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалі «Өнеріміз саған, Казақстан!» 13.11.2025
12 қараша күні Чистый Чандак ауылдық клубында аудандық мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушыларының шығармашылық есептерінің I кезеңі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXIV аудандық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1104198?lang=kk
ХХIV аудандық "Өнеріміз саған, Қазақстан!» 13.11.2025
12 қараша күні Баннов ауылдық клубында аудандық мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушыларының шығармашылық есептерінің I кезеңі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXIV аудандық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1104200?lang=kk
Қазақстан мен Оман ауыл шаруашылығында ынтымақтастықты нығайтуда 13.11.2025
Масқат, 2025 жылғы 12 қараша – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сұлтандығының Ауыл шаруашылығы, балық өсіру және су ресурстары министрі Сауд бин Хаммуд Әл-Хабсимен кездесуі өтті.Аграрлық саладағы ынтымақтастықты талқылау барысында Қазақстанның жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін Оман нарығына тұрақты жеткізуді жолға қою мүмкіндіктері аталған.Бұл ұсыныс оман тарапының қызығушылығын тудырды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларын ескере отырып, Таяу Шығыстағы бұл ел үшін ол өте өзекті.Атап айтқанда, Оманның тиісті  компанияларымен іскерлік қарым-қатынас орнату үшін азық-түліктің шетелге экспортымен айналысқан қазақ компаниялардың тізімі сұралды. Сұлтандық теңіз порттарындағы қоймалар инфрақұрылымының азық-түлік тауарларын ұзақ уақыт бойы үлкен көлемдерде сақтауға мүмкіндігінің бар екені айтылған.Оманнан жаңа ауланған теңіз балықтары мен теңіз өнімдерінің басқа да түрлерін Қазақстан нарығына жеткізу мүмкіндіктерін зерделеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Кездесу соңында оман тарапы осы елге импортпен кіретін ауыл шаруашылығының өнімдеріне әкелу ережелері мен ветеринарлық-санитариялық талаптар бойынша түсініктеме берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1104159?lang=kk
Қазақстан Тұрақты өкілі өз міндеттерін атқаруға кірісті 13.11.2025
Женева, 2025 жылғы 12 қараша – Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваяға өз уәкілеттілігін табыс етіп, міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.Әңгімелесу барысында Елші Е.Қазыхан Т.Валоваяға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің жұмысын одан әрі қолдайтынын қуаттады. Т.Валовая өз кезегінде Қазақстанның БҰҰ аясындағы белсенді жұмысын құптап, Тұрақты өкілді Бөлімше қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.Сонымен қатар, тараптар бірлескен жобалар мен көпжақты іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін, БҰҰ-ның Женева алаңында Қазақстанның ірі халықаралық бастамаларын одан әрі ілгерілету перспективаларын талқылады. Алматыдағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының жұмысы мен келесі жылы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1104163?lang=kk
Nata Holding өңірге инвестиция салуға ниетті 13.11.2025
Түркияда Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Самат Ахилбеков Nata Holding компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және негізін қалаушысы Намық Таникпен кездесті. Кездесуде жаңа қала салу және өңір инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.Намық Таник ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, Алматы облысына келіп, инвестициялық мүмкіндіктермен танысуға ниетті екенін жеткізді.«Қазақстан – зор әлеуеті бар ел, ал Алматы облысы ерекше маңызға ие. Біз өңірге келіп, заманауи қала құрылысына үлес қосуға дайынбыз», — деді Намық Таник.Кездесу барысында облыс делегациясы құрылыс, туризм және логистика салаларындағы жобаларды және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін таныстырды.Nata Holding — Түркияның жетекші девелоперлік компанияларының бірі, VEGA брендімен жүзеге асырылған Vega AVM İstanbul (190 мың ш.м.) сияқты жобаларымен танымал. Компаниямен әріптестік өңірдің инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық сапа стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1104169?lang=kk
Қазақстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Брюссельге жұмыс сапарымен барып келді 12.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 12 қараша – Қазақстан Республикасының Президентінің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Еркін Тұқымов Ауғанстан бойынша Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің арнайы өкілдері мен елшілерінің жетінші кездесуіне қатысу үшін Брюссельге жұмыс сапарымен барып келді.Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Жиль Бертран мен Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Эдвард Стипрайс қатысты.Кездесу барысында қатысушылар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды талқылап, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырудың және бұл елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік күш-жігерді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Ауғанстанда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен орнықты дамуға қол жеткізудің қажеттілігін атап өтіп, Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ауған халқына көрсетіліп жатқан қолдауды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.2021 жылы құрылған «Ауғанстан бойынша ЕО мен Орталық Азияның арнайы өкілдері мен елшілерінің кездесулері» атты диалог алаңы Ауғанстан тақырыбы бойынша пікір алмасу мен тәсілдерді үйлестірудің маңызды тетігі болып табылады.Негізгі кездесуге дейін Е.Тұқымов Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі және Конрад Аденауэр қоры Брюссельде ұйымдастырған «Ауғанстан және климаттық дағдарыс: жергілікті шындықтар, өңірлік жолдар, жаһандық маңызы» атты дөңгелек үстелге қатысты. Талқылау барысында климаттың өзгеруінің Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері және орнықты даму мен климатқа бейімделу саласындағы өңірлік өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері қарастырылды.Жұмыс сапары аясында Е.Тұқымов сондай-ақ Еуропалық Одақтың Ауғанстан және Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілдері Ж.Бертран және Э.Стипрайспен жеке кездесулер өткізіп, ЕО-ның Кабулдағы делегациясының, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының (UNAMA), Ауғанстандағы Ага Хан қорының, Швецияның Гётеборг университетінің «Ауғанстан сарапшылары желісі» мен Ауғанстан және Оңтүстік Азияны зерттеу орталығының өкілдерімен пікір алмасты.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1104112?lang=kk
Қазақстан мен Иордания арасындағы парламентаралық диалогты кеңейту Хашимит Корольдігінің Парламенті Сенатында талқыланды 12.11.2025
Амман, 2025 жылғы 12 қараша – Иордан Хашимит Корольдігі Парламентінің Сенатында Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Қазақстан-Иордания Достық комитетінің төрағасы Махмуд Әл-Фрейхатпен кездесті.Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын талқылап, оның саяси және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралы ретіндегі рөлін атап өтті.Елші ү.ж. 1 қазанда Иордания Сенатының төрағасы Фейсал Әл-Фаизбен өткен кездесуін еске салып, парламенттік дипломатия жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың пәрменді тетігі ретінде қызмет ететініне назар аударды. Тараптар Қазақстан мен Иордания парламенттері арасындағы байланыстарды әрі қарай тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.Сонымен қатар, Елші Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша шолу жасап, тұрақты оң динамиканы, өнеркәсіптік және аграрлық секторлардың өсуін, сондай-ақ экономиканың әртараптандырылуын жеткізді.Сұхбат барысында екі ел парламенттері жанындағы достық топтарының отырыстарын онлайн-форматта өткізу, сондай-ақ парламенттік ынтымақтастықты жандандырудың ықтимал нысандары талқыланды.Төраға М.Әл-Фрейхат тұрақты парламентаралық байланыстар идеясына қолдау білдіріп, Қазақстан мен Иорданияның заң шығарушы органдары арасындағы диалогты әрі қарай кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу екіжақты қарым-қатынастарды дәйекті түрде нығайтуға деген жалпы көзқарасты растай отырып, сенім мен өзара түсіністік рәуіште өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1104105?lang=kk
Тбилисиде грузин дипломаты күні мерекелді 12.11.2025
Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин грузиялық дипломат күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.Іс-шара барысында жиналғандарға Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе, Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвили, Грузия Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвили сөз сөйледі.Грузиялық дипломаттардың отансүйгіштігі, қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігі Грузияның сыртқы саяси мақсаттарына қол жеткізуге, елдің халықаралық аренадағы ұлттық мүдделерін қорғауға және оның егемендігін нығайтуға ықпал ететіні атап өтті.Қазақстан Республикасының Елшілігі осы мүмкіндікті пайдаланып, грузиялық достары мен әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақ-береке, Грузияның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1104107?lang=kk
Алматы облысы мен Aller Aqua компаниясы аквакультура саласындағы ынтымақтастықты нығайтады 12.11.2025
Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Данияның аквакультураға арналған жем өндіру бойынша әлемдік көшбасшыларының бірі – Aller Aqua компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңір аумағында балық жемін өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады.Кездесуге Aller Aqua компаниясының бас директоры Андерс Биллинг, TMT Group компаниясының құрылтайшысы Марлен Тұрсынәлі және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов қатысты.Рустам Исатаев өз сөзінде Алматы облысының табиғи және логистикалық мүмкіндіктері мұндай жобаларды жүзеге асыруға қолайлы екенін атап өтті.– Облыс үшін инновациялық технологияларды тарту – басым бағыттардың бірі. Aller Aqua компаниясымен әріптестік орнату арқылы біз аквакультура саласының өндірістік әлеуетін арттырамыз және өңір экономикасына жаңа серпін береміз, – деді әкім орынбасары.Өз кезегінде Андерс Биллинг компания қызметі туралы ақпарат беріп, Aller Aqua өнімдерінің бүгінде 70-тен астам елге экспортталатынын атап өтті.– "Біздің зауыттар қай елде орналасса да, сапа стандарттары бірдей. Қазақстан аквакультураны дамытуда айтарлықтай әлеуетке ие, сондықтан біз бұл үдеріске өз үлесімізді қосуға дайынбыз", – деді ол.Марлен Тұрсынәлі компанияның он жылдан бері Aller Aqua-ның ресми дистрибьюторы екенін және қазақстандық жүзден астам балық шаруашылығы дат өнімін пайдаланатынын айтты.– "Еуропалық технологиялар мен жергілікті жағдайлардың үйлесімі жоғары нәтижелерге жеткізді. Өңірде зауыт іске қосылса, импортқа тәуелділікті азайтып, саланың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді ол.Серік Сермағамбетов жобаны қолдай отырып, еліміздегі балық шаруашылығының даму әлеуетін атап өтті.– "Қазақстанда су ресурстары мол және ішкі нарықтағы сұраныс артып келеді. Осы бағытта жем базасын нығайту – маңызды міндет. Aller Aqua секілді тәжірибелі инвесторлардың келуі саланың технологиялық деңгейін арттырады", – деді комитет төрағасы.Кездесу соңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті, Алматы облысының әкімдігі, Aller Aqua және TMT Group арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат инвестициялық жобаны бірлесіп іске асыруды, инфрақұрылымды дамытуды және тәжірибе алмасуды көздейді.Рустам Исатаев меморандум жаңа кезеңнің бастауы екенін атап өтті.– "Бұл келісім аквакультура саласына тың серпін береді, шетелдік инвестиция тартуға және мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әріптестігін қалыптастыруға жол ашады", – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1104101?lang=kk