Enbekshi QazaQ

Қоғам

Орта дәліз: Қазақстан мен ЕО Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстарды нығайтады 14.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 12 қараша – Бельгия астанасында Берлин еуразиялық клубының 44-ші кезекті отырысы өтті. Іс-шара «Орта дәліз және Ғаламдық қақпа (Global Gateway)» тақырыбына арналды. Талқылаудың барысында Еуропа мен Азия арасындағы өзара көлік байланысының жаңа архитектурасын қалыптастырудағы Қазақстанның өсіп келе жатқан рөлі сөз болды.Отырысқа Қазақстан мен Еуропалық одақтың мемлекеттік органдарының өкілдері, бизнес қауымдастықтар, сарапшылар мен ғылыми орта, сондай-ақ логистикалық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.Германиядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов өз сөзінде Қазақстанның Еуропалық одақтың тасымалдау тізбегі географиясында маңызды орынға ие болып келе жатқанын атап өтті.«Бұл уақытша құбылыс емес, экономикалық әлеуетіміздің серпінді өсуіне және құрлықтар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамуына негізделген ұзақ мерзімді үрдіс. Біз Еуропалық одақпен және Германиямен, әсіресе көлік пен логистика салаларында әріптестікті нығайтып келеміз», – деді Елші.ЕО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Роман Василенко Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қатынастардың маңызды тарихи кезеңі – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығы қарсаңында бұл шараның ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Келісім екіжақты және өңірлік өзара іс-қимылдың 29 бағытын қамтиды.Сонымен қатар, Қазақстан мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастардың серпінді дамып келе жатқанын және көлік байланысын нығайту мәселесі көпқырлы ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі факторына айналғанын айтты.Р.Василенко Еуропалық одақтың Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға үлкен қызығушылық танытып отырғанын, осы мақсатқа шамамен 20 млрд. еуро бөлуді жоспарлағанын атап өтті. Сондай-ақ еуропалық институттарды Орта дәліздегі «тар тұстарды» еңсеруге бағытталған практикалық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс өз сөзінде «Global Gateway» бастамасы тек Қытай мен Еуропаны байланыстырумен шектелмейтінін атап өтті.М.Хармстың сөзінше «Бұл сонымен қатар өңіраралық сауданы дамыту және ЕО-ның көршілік саясатын нығайту — Орталық Азияны, Кавказды және Еуропалық одақты заманауи, орнықты көлік және цифрлық дәліздер арқылы байланыстыру бастамасы. Сауданың нығайуы инвестициялардың келуіне жол ашады. Сенімді логистика - тауарлардың нарыққа уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етіп, жаңа құн тізбектерін және өнеркәсіптік серіктестікті қалыптастырады. Көлік инфрақұрылымынсыз, маңызды шикізатқа қол жеткізудің де мәні жоғалады».Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов көлік саласын дамытудың негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.Панельдік пікірталас барысында нақты салалар бойынша ынтымақтастықтың келешегі, сондай-ақ неміс және еуропалық логистикалық компаниялардың Қазақстан аумағындағы қызметін кеңейту тәжірибесі мен жоспарлары талқыланды.Отырыс қатысушылары көлік инфрақұрылымын дамыту, бағыттарды әртараптандыру және экологиялық тұрғыдан орнықты шешімдерге көшу Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестіктің басты бағыттарына айналып отырғанын атап өтті.Берлин еуразиялық клубының кезекті отырысы - Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы көлік байланыстарының жаңа жүйесінде негізгі буынына айналуы арқылы, Орталық Азияның әлемдік экономикадағы рөлін нығайтып отырғанындығын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1105572?lang=kk
Қорғаныс министрлігі азаматтарға әскери қызмет ережелері мен әлеуметтік кепілдіктерді түсіндіруде 14.11.2025
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы азаматтарға әскери қызмет, әлеуметтік кепілдіктер және жастарға жаңа мүмкіндіктер туралы айтып, ел өңірлерінде ауқымды науқанды жалғастыруда. «Біртұтас ел – біртұтас жер» әскери-патриоттық акциясы Қарағандыдан Қостанайға дейінгі ондаған елді мекендерді қамтыды.Қорғаныс министрлігі әскери қызметтің ашықтығына, сеніміне және беделін арттыруға баса назар аудара отырып, халықпен жұмысты күшейтуде.Әскери қызметшілер мерзімді қызмет өткерудің, әскери жоғары оқу орындарына түсудің және әлеуметтік кепілдіктер алудың негізгі мәселелерін түсіндіріп, әртүрлі жастағы азаматтармен, оқушылардан бастап аға буын өкілдеріне дейін кездесулер өткізуде.«Біртұтас ел – біртұтас жер» акциясы осы науқанның басты бөлігіне айналды. Қарағанды облысында кездесулер облыс орталығында, Қарқаралы, Шахтинск және Теміртауда өтті. Қостанай облысында әскерилер Қостанайға ғана емес, Рудный, Тобыл қалаларына да барып, жастар мен еңбек ұжымдарына ерекше назар аударды.Бағдарламаны Жеңістің 80 жылдығына арналған көшпелі көрмелер, одан өзге Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық ансамблі әртістерінің концерттік қойылымдары толықтыруда. Мұндай іс-шаралар жауынгерлік дәстүрдің атмосферасын жеткізуге, патриотизм сезімін нығайтуға және Отан қорғаушы рөлінің маңыздылығын көрсетуге септігін тигізеді.Отбасылық құндылықтарға да ерекше назар аударылуда. Балалардың бойында жауапкершілік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратын белсенді азаматтық ұстанымын көрсететін ел тарихын құрметтейтін ата-аналар. Акция аясында мамандар отбасының Қазақстанның болашақ қорғаушыларын тәрбиелеуге қалай әсер ететінін түсіндіруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1105104?lang=kk
Қарашада Ослода Қазақ кино күндері өтеді 14.11.2025
Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі "Altin Adam Society" қауымдастығымен бірлесе отырып, сіздерді Ослода өтетін Қазақ киносы күндеріне құрметпен шақырады. Шара Cinemateket кинотеатрында (Dronningens gate 16, 0105 Oslo, Танкрет залы) өтеді.Бағдарлама аясында үш танымал қазақстандық фильм көрсетіледі:🎬 «Жаужүрек Мың Бала» – 19 қараша, 17:30 (көрсетілім 17:45-те басталады)XVIII ғасырдың бірінші жартысы. Қазақ халқы мен жоңғарлар арасында қанды соғыс өрбиді. «Мың Бала» атанған жас жауынгерлер ержүрек Сартайдың жетекшілігімен атамекенін қорғауға аттанады.🎬 «Ананың аралы» («Сказ о матери») – 25 қараша, 18:15 (көрсетілім 18:30-да басталады)Екінші дүниежүзілік соғыс кезі. Бұл жүрек толқытарлық оқиға сауатсыз ананың майдан жаңалықтарын білу үшін оқып, жазуды үйренуі туралы. Ол басқалардың хаттарын жеткізіп, талай ананың үміті мен қайғысын бірге бөліседі.🎬 «Аудандар» ("Районы") – 30 қараша, 15:45 (көрсетілім 16:00-де басталады)1980-жылдардағы Алматыда өтетін жасөспірімдер туралы драма. Фильм достық, бәсеке және ар-намыс секілді сындардан өтетін жас жігіттер туралы баяндайды. Олардың күресі өзгеріп жатқан Қазақстандағы бүкіл ұрпақтың өзіндік болмысын іздеуін көрініс табады.📩 Қатысатыныңызды төмендегі Google формасын толтыру арқылы  растауыңызды сұраймыз:👉 https://forms.gle/fouNhGPPsWisGSEEAОрын саны шектеулі, тіркелу реті бойынша беріледі.Сіздерді қазақ киносы мен мәдениетінің мерекесінде қуана қарсы аламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-oslo/press/news/details/1105077?lang=kk
Қазақстан БҰҰ ЕЭК-мен ынтымақтастығын нығайтуда 14.11.2025
Женева, 2025 жылғы 12 қараша – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан БҰҰ Еуропа үшін экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық пен Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарын талқылады.Елші Е.Қазыхан Қазақстан БҰҰ ЕЭК Бюросы Төрағасының орынбасары ретінде Комиссия қызметіне тұрақты түрде қолдау көрсететінін, сондай-ақ көлік, экология, трансшекаралық су ресурстары, энергетика және критикалық минералдар салаларындағы бірлескен жобалардың  кезең-кезеңмен жүзеге асырылуын атап өтті.Сонымен қатар, тараптар БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы (СПЕКА) аясындағы басым бағыттарды, Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін кешенді дамытудың жаңа әлеуетті бастамаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1105086?lang=kk
Мемлекеттік басқару академиясында фискалдық және монетарлық саясаттағы жаңа тәсілдер талқыланды 14.11.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қаржыгер күніне орай "Қазақстан Республикасының фискалдық және монетарлық саясатындағы жаңа тәсілдер" атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара "Экономист"пікірталас клубының алаңында сараптамалық сессия форматында жүргізілді.Оған ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының талдау және есептілік департаментінің директоры Нұрлан Төренов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Күлекеев, қаржы талдаушысы Расул Рысмамбетов, "Астана" халықаралық университетінің профессоры Серік Жұмабаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, сараптамалық және ғылыми қоғамдастық өкілдері, Академия магистранттары мен докторанттары қатысты.Қатысушылар бюджеттік ережелерді жетілдіру және ұзақ мерзімді жоспарлау мәселесін қарастырды. Осы тақырыпта ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин баяндама жасады.Ол осы жылғы наурызда жаңа Бюджет кодексіне қол қойылғанын еске салды. Оны әзірлеу алдында 2008 жылғы Кодекстің Халықаралық валюта қорының стандарттарына сәйкестігі сарапталды."Халықаралық мамандардың ұсынысын жаңартылған Бюджет кодексіне негіз етіп алдық. Оның нормалары 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру мен дамудың он жылдық болжамын әзірлеу кезінде қолданылған болатын. Шығыстардың өсу қарқыны экономиканың әлеуетімен және инфляцияның мақсатты деңгейімен тығыз байланысты: бюджеттік ережелер бойынша олар 2026 жылы 108,7%, 2027 жылы 109,1% және реформаға дейінгі 121%-ға қарсы 2028 жылы 109,3%. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2026-2028 жылдары жыл сайын 2,77 трлн теңге деңгейінде тіркелді. Нысаналы трансфертті тарту көзделмейді", - деді Азамат Әмрин.Ол мақсатты трансферттерден бас тарту бюджет түсімдерінің өсуін қамтамасыз ететін және Ұлттық қор қаражатына тәуелділікті төмендететін жаңа Салық кодексінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Бұл ретте бюджеттік саясат мемлекеттік борыш бойынша белгіленген шектеулерді сақтай отырып құрылады.2026 жылғы республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 2,5% деңгейінде жоспарланып, 2028 жылы кезең-кезеңімен 0,9% - ға дейін төмендетілген. Бір мезгілде даму бюджетінің өсуі көзделген: оның көлемі 2025 жылы 2,0 трлн теңгеден 2026 жылы 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл қаражат мемлекеттік органдар мен өңірлердің даму жоспары, сондай-ақ олардың экономикалық өсуге қосқан үлесі негізінде іріктелетін басым жобаларға бағытталады.Бюджетті орындау тәсілі өзгертілді. Егер бұрын қаражатты толық игеру негізгі міндет болса, енді нақты нәтижеге қол жеткізуге және тиімділігін бағалауға назар аударылады.Игерілмеген қаражатты келесі қаржы жылының басынан бастап бюджетті нақтыламай пайдалану мүмкіндігі енгізілді. Бұл қаржыны басқарудың икемділігі мен жеделдігін арттырады.Сонымен қатар, бюджет қаражатының өтімділігін басқару құқығы берілген қазынашылық мәртебесі көтерілді. Енді жергілікті бюджеттер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының бос қалдықтарын сол жыл ішінде қайтарумен уақытша тартуға болады.Бірінші вице-министр атап өткендей, барлық қабылданған шаралар мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыруға, бюджеттік процестің ашықтығына және мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1105088?lang=kk
Қазақстан мен Чехия діни диалог саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 14.11.2025
Прага, 2025 жылғы 13 қараша – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов бастаған қазақстандық делегация 2025 жылғы 12-13 қарашада Прагада өткен Дін және наным-сенім бостандығы жөніндегі Альянстың жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясына қатысты.Чех Республикасының Президенті Петр Павелдің қолдауымен өткен іс-шара әлемнің әр түкпірінен діни қауымдар мен конфессиялардың өкілдерін біріктірді.Конференция бағдарламасына, басқа да іс-шаралармен қатар, «Еуразиядағы діни бостандық: өзгермелі өңірдегі діни еркіндік пен тұрақтылық» тақырыбындағы панельдік сессия енгізілді. Оған Грузия, Қазақстан, Молдова және Өзбекстан өкілдері қатысты. Өз сөзінде Қ.Ысқақов көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан қоғамындағы келісім моделінің мазмұны мен ерекшеліктерін таныстырды. Бұл модельдің негізі қазақ халқының бай тарихи-мәдени мұрасынан бастау алатыны атап өтілді. Сонымен бірге, Қазақстанның халықаралық деңгейде дінаралық диалогты ілгерілету жөніндегі жұмыстары да көрсетілді. Атап айтқанда, делегация басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 20 жылдан астам тарихында төзімділік, өзара түсіністік және конфессиялар арасындағы толеранттылықты ілгерілетудің жаһандық алаңына айналғанын мәлімдеді.Биыл Чех Республикасы Съезд жұмысына алғаш рет қатысып, өз атынан холокост мәселелері, дінаралық диалог және діни бостандық жөніндегі арнайы өкіл Роберт Ржехакты жіберді. Чеш өкілі Съезддің әртүрлі дін өкілдерін бір үстелге жинаған бірегей платформа ретіндегі маңызын ерекше атап өтті.Конференция делегаттары діндер мен конфессиялар арасындағы диалогтың адамзаттың тұрақты дамуы үшін аса маңызды шарт екендігін тағы да қуаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1105090?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Аустрия Елшісін қабылдады 13.11.2025
Астана, 2025 жылғы 13 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Аустрия Республикасының Елшісі Андреа Бахерді қабылдады.Сұхбат барысында тараптар екіжақты серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасып, қазақ-аустриялық ынтымақтастығын саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.Екі елдің сауда-инвестициялық серіктестігін күшейтудегі Экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының және Іскерлік кеңестің маңызды рөлі аталып өтті.Осы тұрғыда Қазақстан СІМ басшысы энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің перспективаларына ерекше назар аударды.Өз кезегінде А.Бахер Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауға мүдделілік білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар өзара тиімді серіктестікті нығайтуға және алдағы өзара сапарлар мен бірлескен іс‑шаралар шеңберінде сындарлы диалогты жалғастыруға ниетті екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1105054?lang=kk
Қазақстан мен Франция СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті 13.11.2025
Астана, 2025 жылғы 13 қараша – Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барромен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты және өзара құрмет, сенім мен сындарлы диалогқа негізделген қазақ-француз қатынастарын одан әрі нығайту маңыздылығын атап өтті.Министрлер өзара қызығушылық тудыратын ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын қарастырып, Астана мен Париж арасындағы серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.Сұхбаттастар саяси диалогты тереңдетуге, тұрақты байланыстарды сақтауға және ведомствоаралық ынтымақтастықты жандандыруға бейілділігін растады. Атап айтқанда, 2024 жылғы қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары мен 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында Нью-Йоркте өткен мемлекет басшылары кездесуінің барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды.Қорытындылай келе, Е.Көшербаев Парижге ресми сапармен баруға дайын екенін мәлімдеді және француз әріптесін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.Франция – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің және ірі инвесторларының бірі. 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,22 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 2,89 млрд долл., импорт – 1,33 млрд долл.), ал инвестициялардың жалпы көлемі 20,4 млрд АҚШ долларынан асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1105005?lang=kk
Кезектегілер арасында жер учаскелерін бөлу механизмі 13.11.2025
Қостанай қаласының «Қонай» шағын ауданында бюджет қаражаты есебінен салынған дайын жеке тұрғын үйлерді жер учаскелеріне кезекте тұрған адамдар арасында бөлу  жұмысы  басталды.Шағынаудан аумағында ЖТҚ үшін 1792 жер учаскесін бөлу жоспарлануда, оның 1668-і бос, ал 124-і бір қабатты және екі қабатты тұрғын үйлер ретінде салынған.  Осы жоба аясында  кезекте тұрғандардың көбісін барынша  тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, сондай-ақ үй салуға жұмсалған бюджет қаражатын қайтару мүмкіндігін жедел іске асыру мақсатында, барлық кезек бойынша тұрғын үй алуға үміткерлер тобын - 43 287 кезек нөміріне дейін кеңейту туралы шешім қабылданды (10.11.2025 ж.жағдай бойынша жаңартылған кезекте тұрғандар саны).Барлық үйлер инженерлік коммуникациялармен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жер учаскелерінің ауданы 0,08 га (8 сотық).Сатып алуға болады:  —  қолма-қол есеп айырысу арқылы;  — тұрғын үй кредит беру механизмі бойынша Екінші деңгейдегі банктер арқылы.Үйлерді бөлу кезектілік нөмірін ескере отырып жүргізілетін болады.2025 жылғы 11 қарашадан бастап 1-ден 43 287 нөмірге дейінгі кезекте тұрған  азаматтар жер қатынастары бөліміне (Қайырбеков көшесі, 75) немесе +7 7142 54 00 97 телефоны арқылы жүгінуі қажет. Өзіңізбен бірге алынбалы тасығышта электрондық-цифрлық қолтаңба және жеке куәлік болуы қажет.Үйлерді қарап шығу мүмкіндігі:  — жұмыс күндері — сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас 13:00-ден 14:00-ге дейін);— сенбі күні — сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, Қонай ш.а., 17 квартал, 1 үй мекенжайы бойынша құрылыс бөлімінің қызметкері кезекшілік етеді.  Үйді таңдағаннан кейін және төлем қабілеттілігін бағалауды жүргізгеннен кейін (несие берілген жағдайда) азаматтар қала әкімдігіне өтініш беру керек (Пушкин көшесі, 98, 107 кабинет).Бөлу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың  өтініштерін қарап, үй сатып алатын азаматтардың тізімін қалыптастыру мақсатында,  жұртшылық өкілдері және депутаттардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Әкімдік қаулысы қабылданғаннан кейін азаматтарға құрылыс бөлімінде тұрғын үй мен жер учаскесін сатып алу-сату шартын рәсімдеп, төлемді бюджетке енгізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1104915?lang=kk
Алматы облысындағы елді мекеннің 95 пайызына кең жолақты интернет қол жетімді 13.11.2025
Өңірдегі 373 елді мекеннің 355-і кең жолақты интернетпен қамтылса, соның 352-і мобильді интернетті емін – еркін қолдана алады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл айтты. Ауылды жерлер енді интернеттен таршылық көрмейді.Жыл басынан бері облыстағы бірқатар ауылдар мобильді интернетпен қамтылды. Бұл қатарда, Еңбекшіқазақ ауданының Көкпек, Ұйғыр ауданының Рахат, Балқаш ауданының Қоскүмбез, Кеген ауданының Ақай Нүсіпбеков ауылдары бар. Аталған жұмыстар мұнымен тұралап қалмайды. Жыл соңына дейін Қарасай ауданының Көктөбе ауылында 4G іске қосылып, Кеген ауданының Талды ауылында интернет жылдамдығы арта түспек.- «Қолжетімді интернет» жобасы бойынша OneWeb спутнигі Қарасай ауданының Айқым, Кұрқұдық, Жыңғылды, Кеген ауданының Жіңішке, Балқаш ауданының Қасқаөгіз ауылдарына орнатылды. Жыл соңына дейін Жамбыл ауданының Қарабастау, сондай-ақ Қарасай ауданының Көктөбе ауылдары қосылады,-дейді спикер.Ендігіде үйлер мен мемлекетітк мекемелер былай тұрсын, қоғамдық орындарда да тегін Wi-Fi-ға қосылуға мүмкіндік болады.Ғаламторды кедергісіз қолдануға қолайлы жағдай жасалған соң да аймақта жасанды интелекттіні дамытуға басымдық берілуде. Қазіргі таңда 9 425 бейнабақылау камерасы ЖИ арқылы жұмыс істеп тұр. Олар тұлғаларды тану, қалдырылған қауіпті заттарды анықтау, сондай-ақ адамдардың шоғырлануын анықтау сияқты функционалмен қамтылған.Бүгінгі күні облыста республика бойынша алғашқы жасанды интеллект жүйесі – Qonaev AI пилоттық режимде іске қосылған. Жаңа жүйе әкімдіктер мен басқармалардың деректерін біріктіріп, тиісті шешімдер ұсынады.Айта кетейік, өңірдің цифрлық трансформация картасы әзірленген еді. Қазіргі уақытта бұл стратегиялық құжат Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде қаралуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1104930?lang=kk
«Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілмек 13.11.2025
Еңбекшіқазақ ауданында биылғы жылдың соңына дейін «Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілмек.Бүгінде Сатай ауылында 900 орындық және Ащысай ауылында 600 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Негізгі құрылыс кезеңдері толық орындалып, қазір нысандардың ішкі әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру жүргізілуде.Мектептерді пайдалануға беру биылғы жылдың соңына жоспарланған. Жаңа оқу орындары іске қосылған соң, оқушылар үшін үшінші тоқсаннан бастап заманауи әрі қолайлы жағдайда білім алу мүмкіндігі жасалады деп күтілуде.Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері «Келешек мектебі» бағдарламасы аясында ауданда екі мектеп салылып, пайдалануға берілген болатын. Бұл өз кезегінде ауданның білім беру инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартып, үш ауысымда оқитын оқушылар санын азайтуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1104945?lang=kk
Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласында рекорд жаңартты! 13.11.2025
Құс еті өндірісі бойынша республикада – 1-орын, сиыр еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша – 2-орын, ал сүт өндіру көрсеткіші бойынша Алматы облысы елімізде 3-орында тұр.2025 жылдың  10 айының қорытындысы бойынша Алматы облысында мал шаруашылығы саласында тұрақты өсім сақталып отыр. Өңірде шаруашылықтарда сойылған және тірідей салмақта өткізілген мал мен құстың жалпы еті 218 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға жоғары.Республикалық жалпы көлемдегі облыстың үлесі 14%, бұл Алматы облысына ел бойынша бірінші орынды қамтамасыз етті.Соның ішінде:• Құс еті өндірісі – 113 мың тонна (республикалық көлемнің шамамен 30%-ы);• Сиыр еті өндірісі – 67 мың тонна, бұл көрсеткіш бойынша облыс Қазақстанда екінші орында.Сиыр сүтінің жалпы сауымы 265 мың тоннаны құрады. Өсім көлемі – 5,2%.Бұл көрсеткіш Алматы облысына сүт өндіру бойынша елдің үздік үш өңірінің қатарына енуге мүмкіндік берді.Өңірде 412 миллион дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл да облыстың елдегі ТОП-3 өңірдің қатарында екенін көрсетеді.«Бүгінде Алматы облысында мал шаруашылығын қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде ет, сүт және жұмыртқа өндіру көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл – ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың жемісі. Алдағы уақытта да өндіріс көлемін ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу және өнім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады», – Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Олжас Молдатаев.Жалпы алғанда, оң көрсеткіштер мал шаруашылығының тұрақты дамуын және Алматы облысының ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды үлесін айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1104888?lang=kk
Қазақстан Ауғанстан мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда 13.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 12 қараша – Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі – Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Тұқұмов Ауғанстан бойынша Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерінің арнайы өкілдері мен уәкілдерінің жетінші кездесуіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Брюссельге барды.Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ Еуропалық одақтың Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Жиль Бертран мен Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Эдвард Стипрайс қатысты.Кездесу барысында қатысушылар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды талқылап, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырудың және бұл елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік күш-жігерді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Ауғанстанда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен орнықты дамуға қол жеткізудің қажеттілігіне тоқтала келе, Орталық Азия елдері мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ауған халқына көрсетілудегі қолдауды жалғастыруға дайын екенін растады.Негізгі кездесуге дейін Е.Тұқұмов Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі және Конрад Аденауэр қоры Брюссельде ұйымдастырған «Ауғанстан және климаттық дағдарыс: жергілікті шындықтар, өңірлік жолдар, жаһандық маңызы» атты дөңгелек үстелге қатысты. Талқылау барысында климат өзгеруінің Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері және орнықты даму мен климатқа бейімделу саласындағы өңірлік өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері қарастырылды.Жұмыс сапары аясында Е.Тұқұмов сондай-ақ Еуропалық одақтың Ауғанстан және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілдері Ж.Бертран және Э.Стипрайспен жеке кездесулер өткізіп, Еуроодақтың Қабылдағы делегациясының, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының (UNAMA), Ауғанстандағы Ага Хан қорының, Швецияның Гётеборг университетінің «Ауғанстан сарапшылары желісі» мен Ауғанстан және Оңтүстік Азияны зерттеу орталығының өкілдерімен пікір алмасты.2021 жылы құрылған «Ауғанстан бойынша ЕО мен Орталық Азияның арнайы өкілдері мен уәкілдерінің кездесулері» атты диалог алаңы ауған тақырыбы бойынша пікір алмасу мен тәсілдерді үйлестірудің маңызды тетігі ретінде қызмет атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1104843?lang=kk
Бизнесті қолдау және ақпараттандыру: Өскемен қаласында жаңа Салық кодексі бойынша конференция өтті 13.11.2025
2025 жылғы 12 қараша күні Өскемен қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (әрі қарай – Департамент), Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросымен, сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ШҚО филиалымен бірлесіп офлайн және онлайн форматтарда конференция өткізді.Іс-шараның мақсаты – өңір кәсіпкерлерінің уәкілетті органдарға қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес есептілікті дұрыс және уақтылы тапсыру мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру.Конференция барысында Департамент өкілдері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Аталған өзгерістер әділ салық салу қағидатын қамтамасыз етуге, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және салықтық бақылауды цифрландыруға бағытталған. Сонымен қатар, қатысушыларға салық есептілігі нысандарын қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет, оларды тапсыру мерзімдері мен тәсілдері туралы толық ақпарат берілді.«Даму» қоры Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ұлттық статистика бюросының аумақтық органдарымен бірлесіп Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері үшін түсіндіру іс-шараларын өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.Мұндай бірлескен жұмыс бизнесті жүргізудің ашықтығын арттыруға, адал салық мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік құрылымдар мен өңір кәсіпкерлік қауымдастығы арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1104730?lang=kk
Қазақстан ЮНЕСКО-ның 43-ші Бас конференциясына белсенді қатысты 13.11.2025
Самарқанд, 2025 жылғы 13 қараша – Қазақстан делегациясы ЮНЕСКО-ның 2025 жылғы 30 қазан мен 13 қараша аралығында Самарқандта өтіп жатқан 43-ші Бас конференциясына қатысуын аяқтау үстінде. 180 жуық мүше-мемлекеттен 4500-ден астам өкіл жинаған іс-шара Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, ақпарат және коммуникациялар салаларындағы халықаралық ынтымақтастығының стратегиялық басымдықтарын айқындаған аса ірі оқиға болды.Қазақстан Бас конференция бюросына сайланды әрі ЮНЕСКО-ның 2025-2029 жылдарға арналған Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасы кеңесінің құрамына қайта енді. Сондай-ақ Қазақстан Дүниежүзілік мұра туралы конвенцияға қатысушы мемлекеттердің 25-ші Бас ассамблеясының вице-президенті болып сайланды (2023-2027 жж. Дүниежүзілік мұра комитеті құрамындағы жұмысы жалғасқан жағдайда), ол еліміздің ЮНЕСКО жұмысына белсенді қатысушы және сенімді серіктес ретінде танылғанын айқындайды.Бірқатар қарарлар мен бастамаларға авторлық және тең авторлық жасаған Қазақстан конференцияның нәтижелілігіне айтарлықтай үлес қосты.Қазақстанның бастамасы бойынша және 70 мемлекет тең авторлық жасаған «ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялармен және олардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы» қарардың қабылдануы басты жетістіктердің біріне айналды. Құжат Ұлттық комиссиялардың ЮНЕСКО мандатын іске асырудағы орталық рөлін айқындап, олар мен Ұйым хатшылығы, мемлекеттік құрылымдар, кәсіби қауымдастықтар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің нақты шараларын бекітіп берді.Бас конференцияның 31 қазандағы пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин сөз сөйледі. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары жайлы айтып, цифрландырудың, білім мен инновацияның орнықты дамудағы маңыздылығын атап өтті. ЮНЕСКО-ның жасанды интеллектті қолданудың этикалық қағидаттарын ілгерілетудегі жетекші рөлі және осы тақырып бойынша ЮНЕСКО әдістемесі («Readiness Assessment Methodology – Дайындықты бағалау әдістемесі») негізінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан кешенді зерттеу туралы ерекше айтылды.Е.Қарин ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азулемен кездесіп, оған Қазақстан мен Ұйым арасындағы көпжылғы нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. Серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін оған Қазақстан Президентінің шешіміне сәйкес берілген ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыстады.4 қарашада Қазақстан делегациясы Түркі мәдениеті және мұрасы қорының жаңа басылымдарының, атап айтқанда, «Түркі әлемінің мәдени коды» каталогы және «Түркі фольклорының мұрасы» антологиясының Бас конференция алаңында өткен тұсаукесеріне қатысты. Іс-шара шеңберінде ЮНЕСКО-ның 43-ші Бас конференциясының қарарымен бекітілген дүниежүзілік Түркі тілі тобының күні салтанаты өтті, ол күн жыл сайын 15 желтоқсанда, көне түркі жазуының ең ежелгі ескерткіші – Орхон жазбаларының мазмұны оқылған күні аталып өтетін болды. Бұл шешім түркі халықтарының әлемдік мәдени және тілдік әртүрлілікке қосқан үлесін мойындаудың нышанына айналды. Қазақтың «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі шара барысында қазақ, қырғыз, әзербайжан, өзбек, түрік, түрікмен және мажар тілдерінде орындаған тамаша музыкалық бағдарламасы ЮНЕСКО Бас конференциясы делегаттарының көңілінен шықты.Қазақстан Бас конференцияның Көшпенділер мұрасының халықаралық күнін жариялау туралы қарарының тең авторы болды. Ол көшпенді халықтардың әлемдік мәдени мұраға қосқан елеулі үлесінің мойындалғаны ретінде жыл сайын 22 қыркүйекте – табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті бейнелейтін күн мен түннің күзгі теңелуі уағында аталып өтетін болды.ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов жоғары білім саласындағы Біліктіліктерді тану жөніндегі жаһандық конвенцияға арналған сессияда сөз сөйлеп, академиялық ұтқырлық пен ғылыми алмасуды, сондай-ақ Қазақстанның ЮНЕСКО білім беру бастамаларына белсенді қатысуын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.Бас конференция 2026-2027 жылдары ЮНЕСКО-ның қатысуымен аталып өтетін мерейтойлар тізімін бекітті. Қазақстан тарапынан бұл тізімге әйгілі опера әншісі Ермек Серкебаевтың және көрнекті кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойлары енді.Бас конференция 6 қараша күні Мысырдың бұрынғы туризм және ежелгі мұра министрі Халед әл-Энаниді ЮНЕСКО-ның жаңа Бас директоры етіп сайлады. Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов оған еліміздің басшылығы атынан жолданған құттықтау хатты табыс етіп, конструктивті ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1106079?lang=kk
1500-ден аса жас десантшы әскери ант берді 13.11.2025
Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында орналасқан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде әскери ант қабылдаудың салтанатты рәсімдері өтті. Қарулы күштердің элиталық бөлімшелерінің қатарын күзгі әскерге шақыру науқанында толықтырған 1500-ден аса азамат әскери борышын абыроймен өткеруге, өз халқына және әскери бауырластыққа адал болуға ант берді. Салтанатты шараны көруге әскери бөлімдерге құрметті қонақтар, әскерлер басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары келді.– Әскери ант беру – бұл жай ғана салтанатты рәсім емес, Отан қорғаушының саналы қадамы. Осы сәттен бастап Сендердің әрбірің Қазақстанның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі үшін жауапкершілік аласыңдар. Өз міндеттеріңді абыроймен өткеріп, десантшылардың даңқты дәстүрлерін жалғастыратындарыңа сенімдімін, – деді полковник Ерлан Әлиқұлов.Бір ай бойы жас десантшылар жалпы әскери жарғыларды, қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйренді, саптық әдістер мен қару-жарақты қолдану дағдыларын жетілдірді. Жауынгерлердің төзімділігін арттыруға бағытталған дене шынықтыруға да ерекше назар аударылды. Көктемде әскерге шақырылған 11 десантшыны 10 күндік демалыспен көтермелеу ант берушілерді ынталандырды. Мұндай шешімді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев қабылдады.Еңбекқорлығы, тәртібі және қызметке деген адалдығы үшін көтермелеу лайықты марапат түрі. Салтанатты рәсімнен кейін жас жауынгерлердің қоян-қолтық ұрыс элементтерінің, қару-жарақпен және қарусыз саптық әдістерінің көрсетілімдері өтті. Командирлер ата-аналармен кездесулер өткізіп, оларға қызмет өткеру тәртібі, тұрмыстық жағдайлар, күн тәртібі және әскерге шақырылушыларды бөлімшелерге бөлу жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.Салтанатты рәсімнен және туыстарымен сөйлескеннен кейін жас сарбаздар алғашқы демалыстарын алды. Алда жас жауынгерлер әскери-есептік мамандықтарды игеріп, әуе-десанттық, дене шынықтыру және жауынгерлік даярлықтан өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1104645?lang=kk
Елші екі күндік «Маргала диалогы 2025» халықаралық форумына қатысты 13.11.2025
Исламабад, 2025 жылғы 12 қараша – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабадтың Саяси зерттеулер институты (IPRI) ұйымдастырған екі күндік халықаралық «Margalla Dialogue 2025» форумына қатысып, өңірлік қауіпсіздік, өзара байланыс және экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне арналған сессияда сөз сөйледі.Форумға Қазақстан, Пәкістан, АҚШ, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Иран, Ұлыбритания, Катар және Португалия елдерінің жетекші дипломаттары, сарапшылары, ғылыми және іскер топтарының өкілдері қатысты. Қатысушылар өңірлік тұрақтылықты нығайту, көлік-логистика дәліздерін дамыту және Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту жолдарын талқылады.Қазақстан тарапынан ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Мұхит Асанбаев қатысып, өңірлік экономикалық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның рөлі туралы баяндама жасады.Өз сөзінде Елші Е.Қыстафин Қазақстанның стратегиялық көзқарасын айқындап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларының маңыздылығын ерекше атап өтті.Осы тұрғыда ол Пәкістанмен ынтымақтастыққа ерекше мән берілетінін, бұл өз кезегінде Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ Еуразия, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Парсы шығанағы елдерін байланыстыратын дәнекер болуға ықпал ететінін атап өтті.Негізгі шарт ретінде Елші өңірдегі қауіпсіздікті нығайту қажеттігін және осы мақсатта терроризммен, экстремизммен, радикализммен, есірткі айналымымен, заңсыз көші-қонмен және басқа да қауіптермен күресте құқық қорғау органдары арасындағы тікелей өзара іс-қимылды жолға қою арқылы ұжымдық жүйелі шараларды әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1104650?lang=kk
Мүліктік табысты төмендету фактілері бойынша камералдық бақылау хабарламалары 13.11.2025
Әр азамат білуі тиіс!Мемлекеттік кірістер органдары азаматтардың салықтық міндеттемелерін қаншалықты орындап жатқанын үнемі тексереді.Бұл тексерістер барысында МКК салық декларацияларындағы мәліметтерді басқа мемлекеттік органдардан алынған ақпаратпен салыстырады.2024 жылдың нәтижелері бойынша: мүлікті сату кезінде табыстарды төмендетіп көрсету жағдайлары анықталды.Нәтижесінде жеке тұлғаларға хабарламалар жіберілді.Не істеу қажет:• есеп тапсырып, салықты төлеу;• немесе, егер келіспесеңіз, түсіндірме ұсыну.Хабарламаны орындау мерзімі — 30 жұмыс күні.МКК еске салады: табыс алынған жағдайда, соның ішінде мүлікті сату кезінде де, салық төлеу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1106427?lang=kk
Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» өткізілді 13.11.2025
Іс-шара барысында азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, онда басқарма мамандары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің басты бағыттары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.Кездесу кезінде қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты енгізілетін негізгі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, шағын және орта бизнес субъектілеріне жасалатын жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік ауыртпалықты азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру шаралары туралы ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1104584?lang=kk
Оралда Қазақстан мен Ресей $61 млн-дық келісім жасады 13.11.2025
ҚР СИМ жанындағы QazTrade Татарстанда сауда-көрме алаңын ашып, отандық өнімдерді ресейлік бөлшек сауда желілеріне шығарады. Бұл туралы Орал қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды. Шара екі елдің 100-ден астам компаниясын жинап, жалпы сомасы $61 млн болатын келісімдерге қол қоюмен аяқталды. Сондай-ақ, QazTrade Ресейдің “БОЛАШАК” компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжат Қазан қаласында қазақстандық өндірушілерге арналған сауда-көрме алаңын ашуды көздейді. Жаңа алаң отандық экспорттаушыларға Ресейдің орталық өңірінде өз өнімдерін таныстыруға және бөлшек сауда желілеріне жүйелі шығуға мүмкіндік береді. «Біз қазақстандық өндірушілердің жаңа нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдай жасап, елдің экспорттық белсенділігін арттырып келеміз. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық нақты нәтиже беріп жатыр», - QazTrade атқарушы директоры Берік Ахметов. «QazTrade-пен серіктестік қазақстандық тауарларды Ресей нарығына тұрақты жеткізуге үлкен мүмкіндік. Қазақстаннан келетін сапалы өнімге Ресейде сұраныс бар. Біз ол өнімдерді елдің негізгі өңірлеріне ұсынуға дайынбыз», - деді өз сөзінде “БОЛАШАК” ЖШҚ директоры Рустам Сафиулиннің айтуынша, Алаңда тағы бір маңызды құжатқа қол қойылды. Ол QazTrade пен Ресейдің «Караван» компаниясы арасындағы меморандум. Құжат қазақстандық тауарларды ресейлік бөлшек сауда желілеріне жеткізуге бағытталған. QazTrade экспортты дамыту жөніндегі ұлттық оператор өкілі Алмас Ихсановтың айтуынша, бұл меморандумның арқасында, отандық өндірушілер ресейлік супермаркеттер сөрелеріне белсенді шыға бастайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1104609?lang=kk