Қоғам
Digital Shield: қорғалатын аймақ 28.10.2025
2025 жылғы 23 қазанда Digital Shield: қорғалған аймақ іс-шарасына қатыстық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094175?lang=kk
Кәсіпкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді 28.10.2025
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасының алаңында кәсіпкерлермен бизнес объектілерін терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094179?lang=kk
ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Д.У. Мұсалиевтің Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі өтті 28.10.2025
2025 жылғы 23 қазанда ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Д.У. Мұсалиевтің Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094181?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу: 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 28.10.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 716,69 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 047,64 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 594,85 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 74,20 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,08%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,33%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,66%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,95%, МҚҰ - 1,23%, ҚРҰБ депозиттері – 0,87%. 2025 жылғы 1 қазандағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 56,75%, АҚШ долларымен – 43,25%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 450,29 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс – 235,62 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен – 661,64 млрд теңге, өзге кірістер - 5,30 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды. 2024 жылдың қазанынан бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 3,11 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 14,11%, инфляция мөлшері – 12,90%.2025 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 98,53%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,86%, ҚРҰБ депозиттері – 0,61%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 8,44% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 74,20 млрд теңгеден асады.01.10.2025ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 13,29 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 16,60%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 15,87%, РЕПО – 13,15%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,01%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,99%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,99%, МҚҰ – 5,75%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,75%. Атап кетейік, портфельдің 75,31% теңгемен, 23,27% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 11,99% болды."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,98 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 42,57%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,99%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,13%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,13%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,30%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,90%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,64%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 77,54%, АҚШ долларымен 22,46% тең.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,02% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.10.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 8,51 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,69%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,63%, РЕПО – 14,44%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,04%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,81%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,74%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,04%, АҚШ долларымен 24,96%.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,22% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.10.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 3,33 млрд теңге.ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 17,40%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,20%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,73%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 14,43%, РЕПО – 13,78%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,45%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 3,35%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 3,30% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,34%, АҚШ долларында – 31,66% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 18,19% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 42,09 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 21,39%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 21,38%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,07%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,95%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,64%, МҚҰ – 7,50%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,14%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,03%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 2,38%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,80%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,92%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,62%, АҚШ долларында – 38,38% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,81% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1106816?lang=kk
"Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстаным"атты мерекелік іс шара. 28.10.2025
2025ж 24 қазан күні Бастаушы ауылдық округінің клуб үйінде 25 қазан Республика күніне орай "Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстаным"атты мерекелік іс шара өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1094163?lang=kk
Роттердам қаласында Республика күніне арналған мерекенің символына айналған Alma-Ata мейрамханасының таныстырылымы 28.10.2025
Қазақстан Республикасының Елшілігі Роттердам қаласында ұлттық тағамдар ұсынатын ерекше Alma-Ata мейрамханасының салтанатты ашылуына шақыруды ризашылықпен қабыл алды. Іс-шара Қазақстанның басты мерекесі - Республика күніне, сондай-ақ халықтың мемлекеттік егемендікке, бірлік пен ұлттық жаңғыруға жол ашқан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай өткізілді.Жобаның бастамашылары Нидерландтағы қазақ диаспорасының белсенділері Жанна Адамбекова мен Алейна Буянқара болды. Олар ұлттық дәстүрлерді, заманауи стильді және ашық мәдени диалог рухын үйлестірген pop-up мейрамхана тұжырымдамасын жүзеге асырды. Көшпелі қонақжайлық дәстүріне сай мейірімді иелер қонақтарға бауырсақ пен бешбармақты қоса алғанда, қазақ асханасының бірегейлігі мен алуан түрлілігін бейнелейтін кеңінен танымал тағамдардан, тіскебасарлар мен десерттерден дәм татуға мүмкіндік ұсынды. Залдың атмосферасын Ұлы дала елінің халықтарына тән фольклорлық музыка мен ұлттық киімдер айшықтай түсті.Іс-шара қатысушыларына жаңа ашылған Нидерландтың Fenix Museum of Migration залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылып, этностар мен дін өкілдерінің өзара толеранттылық пен бейбіт қатар өмір сүруі ерекше бағаланатын көпқырлы қоғамдардың қалыптасу жолдары көрсетілді.Қазіргі уақытта мейрамхана Роттердамда өтіп жатқан әлем халықтары асханасы айлығының аясында уақытша режімде жұмыс істеуде. Өз идеяларын табысты жүзеге асырып, Қазақстан мен Нидерланд арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға сүбелі үлес қосып жүрген отандастарымызға зор табыс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1094164?lang=kk
Қазақстан мен Корея арасындағы парламентаралық байланыстар тереңдеуде 28.10.2025
Сеул, 2025 жылғы 27 қазан — Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың келешегін талқылады.Сұхбат Кореяның ұлттық батыры, генерал Хон Бом Доның рухына арналған іс-шара және оның өмірі мен мұрасына арналған деректі фильмнің тұсаукесері аясында өтті.Іс-шара барысында Елші Арыстанов генерал Хон Бом До тұлғасының символдық мәнін атап өтіп, оны Қазақстан мен Корея халықтары арасындағы достықтың тарихи көпірі ретінде сипаттады. Сондай-ақ, ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Сеулге жасаған мемлекеттік сапары кезінде генералдың сүйегін Оңтүстік Кореяға тапсыру туралы саяси шешімінің маңыздылығын атап өтті.Қазақ дипломаты парламентаралық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстан мен Корея депутаттық достық топтарының белсенді өзара іс-қимылын және түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге зор әлеует бар екенін атап өтті. Ол Ұлттық Ассамблея Төрағасы У Вон Шик пен Қазақстан–Корея парламентаралық достық тобының Төрағасы Пак Хон Гынге екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін ризашылығын білдірді.Өз кезегінде Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шик Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді.Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан Samsung Electronics компаниясының Президенті Пак Сын Хи Қазақстанда смарт-теледидарлар мен кір жуғыш машиналарды шығаратын жаңа зауыттың табысты іске қосылғанын атап өтті. Бұл жоба екі ел арасындағы өнеркәсіптік және технологиялық серіктестікті нығайтудың маңызды қадамына айналды.Тараптар парламентаралық дипломатияны дамыту, гуманитарлық және іскерлік байланыстарды кеңейту арқылы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.Бұл іс-шара Қазақстан мен Корея арасындағы өзара табысты ынтымақтастықтың кезекті дәлелі болып, екі халықтың игілігі жолындағы жемісті серіктестікке жаңа мүмкіндіктер ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1094166?lang=kk
Қазақстанда балаларды еңбекке баулу балабақшадан басталады 28.10.2025
2025–2026 оқу жылында елімізде «Балаларды ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» атты пилоттық жоба бастау алады. Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе балалардың ұқыптылық, жауапкершілік және еңбекқорлық қасиеттерін ерте қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба сәтті жүзеге асса, алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде енгізілмек.Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды. Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленуде. Кішкентай тәрбиеленушілер күнделікті ойын және тәжірибелік сабақтар арқылы түрлі мамандықтармен танысып, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.Алматы облысы бойынша бұл пилоттық жобаға 5 балабақша қатысады.Олардың қатарында:* Еңбекшіқазақ ауданындағы «Келешек» балабақшасы (мемлекеттік),* Қонаев қаласындағы «Ақдидар» балабақшасы (мемлекеттік),* Іле ауданындағы «Әдемі» балабақшасы (мемлекеттік),* Талғар ауданындағы «Еркем-Ай Алматы» (жекеменшік) және «Жақсылық» (жекеменшік) балабақшалары бар.Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі — еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету.Жоба аясында балалардың еңбекке деген қызығушылығы артады, ұжымдық жұмыс пен еңбек ету қабілеті дамиды, сондай-ақ болашақ кәсіби бағдардың алғашқы қадамы жасалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1094169?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу: 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 28.10.2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу: 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 716,69 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 047,64 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 594,85 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 74,20 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,08%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,33%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,66%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,95%, МҚҰ - 1,23%, ҚРҰБ депозиттері – 0,87%. 2025 жылғы 1 қазандағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 56,75%, АҚШ долларымен – 43,25%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 450,29 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс – 235,62 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен – 661,64 млрд теңге, өзге кірістер - 5,30 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды. 2024 жылдың қазанынан бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 3,11 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 14,11%, инфляция мөлшері – 12,90%.2025 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 98,53%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,86%, ҚРҰБ депозиттері – 0,61%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 8,44% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 74,20 млрд теңгеден асады.01.10.2025ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 13,29 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 16,60%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 15,87%, РЕПО – 13,15%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,01%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,99%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,99%, МҚҰ – 5,75%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,75%. Атап кетейік, портфельдің 75,31% теңгемен, 23,27% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 11,99% болды."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,98 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 42,57%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,99%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,13%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,13%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,30%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,90%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,64%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 77,54%, АҚШ долларымен 22,46% тең.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,02% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.10.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 8,51 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,69%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,63%, РЕПО – 14,44%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,04%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,81%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,74%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,04%, АҚШ долларымен 24,96%.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,22% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.10.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 3,33 млрд теңге.ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 17,40%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,20%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,73%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 14,43%, РЕПО – 13,78%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,45%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 3,35%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 3,30% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,34%, АҚШ долларында – 31,66% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 18,19% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 42,09 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 21,39%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 21,38%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,07%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,95%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,64%, МҚҰ – 7,50%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,14%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,03%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 2,38%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,80%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,92%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,62%, АҚШ долларында – 38,38% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,81% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1106853?lang=kk
2025 жылғы 31 қазанда сағат 16.00 Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. 28.10.2025
Акция аясында әрбір азамат азаматтық, еңбек, отбасылық құқықтық қатынастар мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес ала алады, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің оны қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндірмелерін ала алады.Қосымша ақпарат алу, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарды тіркеу үшін аудан әкімі аппаратының заң қызметіне 8(71436)3-70-31 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1094087?lang=kk
Ұлы ағартушыны ұлықтаған жеңіл атлетика мерекесі 28.10.2025
Қостанай қаласында ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің құрметіне арналған дәстүрлі жеңіл атлетикалық жарыс өтті 🏃🏃♀️.Жарысқа Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков қалаларынан, Қостанай және Қарасу аудандарынан келген 500-ге жуық спортшы мен әуесқой жүгірушілер қатысты.Пробег үш қашықтықты қамтыды:1,2 км — 2013–2015 жылы туған қатысушылар арасында,1,2 км — 2010–2012 жылы туған қатысушылар арасында,12 км — барлық жастағы қатысушылар үшін.Жарыс қорытындысында әр жас санаты бойынша жеңімпаздар анықталып, олар лайықты түрде грамоталармен, медальдармен, массажға сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Абсолюттік біріншілікте үздік шыққандарға ақшалай сыйлықтар табысталды.Абсолюттік біріншіліктің нәтижелері:Ерлер арасында:🥇 орын — Доспулов Даур🥈 орын — Ковалев Владислав🥉 орын — Каримов РинатӘйелдер арасында:🥇 орын — Нерознак Татьяна🥈 орын — Хажиева Аида🥉 орын — Алдамуратова ЭльмираБарлық қатысушыларға белсенділік танытқандары, спорттық рухы және тамаша көңіл күй үшін алғыс айтамыз! 👏Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1094065?lang=kk
Республика күні,Алтын күз мерекесіне орай Сырдариялықтар марапатталды 28.10.2025
Сырдария ауданында Республика күні мен қазақтың көрнекті ақыны Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы мен облыс әкімінің орынбасары Зебешев Ардақ Темірханұлы құттықтау сөз сөйлеп, барша жұртшылықты мерекемен құттықтады. Өз сөздерінде олар ел бірлігі мен ынтымағының маңыздылығына тоқталып, ауданның дамуына зор үлес қосқан азаматтарға алғыстарын білдірді. Мерекелік концертте ауданның белсенді азаматтары мен түрлі сала қызметкерлеріне облыс әкімі Н.Нәлібаевтың және аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың “Құрмет грамотасы”, “Алғыс хаттары” табысталып, еңбек озаттары мен үздіктері мапапатталды. Бұл марапаттар олардың еңбегі мен қоғам өміріне қосқан үлестерінің жоғары бағаланғанын айғақтады. Концерт барысында аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, би және терме жанрларында өнер көрсеттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1094004?lang=kk
Республика күні,Алтын күз және ақын Ұлбике Жангелдіқызының 200 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті 28.10.2025
Сырдария ауданында Республика күні, Алтын күз және қазақтың көрнекті ақыны Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, ардагерлер, шаруашылық төрағалары мен аудан меймандары және тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев құттықтау сөз сөйлеп, барша жұртшылықты мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ел бірлігі мен ынтымағының маңыздылығына тоқталып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Құттықтауын жеткізіп, ауданның дамуына зор үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді. Мерекелік концертте ауданның белсенді азаматтары мен түрлі сала қызметкерлеріне облыс және аудан әкімінің “Құрмет грамотасы”, “Алғыс хаты” және еңбек адамдарына медальдар табысталды. Салтанатты іс-шарада ауыл шаруашылығы саласының үздіктері мен озаттары марапат тұғырынан көрінді. Мереке барысында аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, би және терме жанрларында өнер көрсетті. Сондай-ақ, ақын Ұлбике Жанкелдіқызының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық композициялар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік шара аясында стадион аумағында ұлттық нақыштағы алтыбақандар, сәндік безендірулер мен фотозоналар орнатылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балаларға арналған ойындар, қолөнер көрмесі және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтар көтеріңкі көңілмен уақыт өткізді. Бұл мереке Сырдария ауданының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болып, тұрғындардың бірлігі мен елге деген сүйіспеншілігін арттырды. Республика күні мен Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдық мерейтойы аудан өміріндегі айшықты мереке ретінде есте қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1093964?lang=kk
Сырдария ауданында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті 28.10.2025
Сырдария ауданында Республика күні мерекесіне орай салтанатты түрде Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат депутаттары және зиялы қауымдары, мемлекеттік қызметкерлер, полиция қызметкерлері, білім саласы қызметкерлері қатысты. Рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, Мемлекеттік Ту биікке көтерілді. Бұл сәт барша қатысушыларға зор рух пен мақтаныш сезімін ұялатты. Іс-шарада аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің басты құндылықтарының бірі — Тудың тәуелсіздік, бірлік және елдік рухтың символы екенін атап өтті. Ол сондай-ақ барша тұрғындарды Республика күнімен құттықтап, ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1093954?lang=kk
Самар ауданының тұрғыны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды 28.10.2025
Көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін Самар ауданының тұрғыны, «Мәмбет» шаруа қожалығының механизаторы Руслан Чункуров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.Руслан Нұрланұлы – туған жердің нағыз жанашыры, маңдай терімен нан тауып, еңбектің қадірін ұғынған жан. 12 жылдан астам уақыт бойы ол туған топырағында табан аудармай еңбек етіп, ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Егін ору науқаны кезінде өзінің шеберлігі мен жауапкершілігінің арқасында жоғары көрсеткіштерге жетіп, әр науқанды абыроймен аяқтайды.Жұмысқа деген ықыласы мен техникаға деген ұқыптылығы оны әріптестері арасында ерекше құрметке бөлеген. Қасындағылар Русланды өз ісінің хас шебері, адалдық пен еңбекқорлықтың үлгісі деп біледі.Салтанатты сәтте ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов марапатты табыстай отырып, Руслан Чункуровтың өңірдің өркендеуіне қосқан еңбегін жоғары бағалап, оған зор ризашылығын білдірді.Самар өңірінің тұрғындары еңбекті серік еткен жерлестерімен мақтанады. Руслан Чункуров үшін жер – тек тіршілік көзі емес, рух пен шабыттың бастауы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1093926?lang=kk
«Ұлттық мереке - ұлы күн» 28.10.2025
Республика күні – елдік пен бірліктің, тәуелсіздіктің көрінісі. Осы ұлттық мереке аясында бүгін Қармақшы ауданында Республика күніне және ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттауға арналған «Ұлттық мереке – ұлы күн» атты салтанатты шарасы өтті.Ш.Төлепова атындағы аудандық Мәдениет үйінде өткен мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов арнайы келіп, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының мерекелік құттықтауын жеткізді.Сондай-ақ аудан әкімі Жандос Еркінбек жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістер мен жетістіктерді атап өтті.– Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған – Қармақшы ауданы қашан да бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп келеді.Биыл мерейлі мерекеге ауданымыз жақсы жетістіктермен жетіп отыр. Аймақ басшысының ерекше қолдауының арқасында аудан экономикасы қарқынды дамып, ауқымды инфрақұрылымдық жобалар белсенді жүзеге асырылуда.Жүргізіліп жатқан жобалар нәтижесінде ауданымызда халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы мәселелер өз кезеңімен шешілуде, – деді аудан басшысы өз сөзінде.Мерекелік жиында ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарын, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында жоғары жетістіктерге жетіп, жыл қорытындысымен озат деп танылған еңбеккерлер де марапатқа ие болды.Мерекелік көңіл-күйді жалғастырған концертте аудан өнерпаздарымен қатар елімізге белгілі танымал әнші Кеңес Әлімжан ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ұлттық мерекенің құрметіне ұйымдастырылған бұл іс-шара аудан тұрғындарына ерекше әсер мен рухани шабыт сыйлап, елдік пен бірліктің мерекесіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1093867?lang=kk
Төребай би - тарихы терең, еңбегі ерен ауыл! 28.10.2025
Киелі Қармақшы топырағында орналасқан Төребай би ауылы биыл өз тарихының 60 жылдық мерейлі белесін тойлауда. «Жосалым көк табанның сабатында» атты салтанатты шара елді мекеннің құрылу тарихын бейнелеген әсерлі көрініспен ашылып, сахна төріне шыққан ардақты тұлғалар ауылдың өткені туралы тағылымды ой толғады.Мерекелік шара ауыл тарихын, рухани байлығын айшықтайтын ұлттық нақышта безендіріліп, түрлі көрмелермен өрнектелді.Тағылымды кешке аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудан ардагерлері, ауыл тұрғындары мен жастар белсене қатысты.Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзді Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек сөйлеп, ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға ізгі лебізін білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хаты мен ауылдың 60 жылдық мерейлі мерекесіне арналған төсбелгілерін табыстады.Сондай-ақ, ауылдың алғашқы іргетасын қалаған азаматтар – Қазиев Орныққан, Байшораев Пахреддин, Ысқақов Қуаныш, Ұзақов Мәлік және Амантаев Ахмет сынды тұлғалардың есімдері ерекше ілтипатпен еске алынды.Мерекелік концерт «Шуақ» әжелер ансамблінің әуезді әнімен басталып, жастар мен ауыл өнерпаздарының орындауындағы туындылармен жалғасты.Елді мекеннің мерейлі мерекесі ұлттық спорт түрлерімен де айшықталды. Кеше ауыл алаңында қазақ күресі, қол күрес, арқан тартыс, гір тасын көтеру секілді спорттық сайыстар өтсе, бүгін бәйге жарысы ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлауда.Жарты ғасырдан астам тарихы бар Төребай би ауылы бүгінде бірлігі жарасқан, еңбегімен еленген елді мекенге айналып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1093889?lang=kk
Қармақшыда берекелі «Алтын күз – 2025» жәрмеңкесі өтті 28.10.2025
Бүгін Қармақшы ауданының Т.Рысқұлов көшесінің бойында «Республика күні» мен «Алтын күз – 2025» мерекелеріне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымды жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Молшылық мерекесіне айналған шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары, ардагерлер қатысып, жергілікті шаруалардың өнімдерімен танысты.Жәрмеңкеге ауданның барлық ауылдық округтері мен кенттерінен келген диқандар 38 автокөлікпен 114 тонна өнім жеткізді. Оның ішінде 25 тонна күріш, 50 тонна жеміс-жидек, көкөніс пен бақша өнімдері, 2 тонна сүт, ет және балық өнімдері, сондай-ақ 37 тонна жем-шөп тұрғындарға нарық бағасынан 15–20 пайыз төмен бағамен ұсынылды.Береке мен еңбектің мерекесіне айналған шара барысында жергілікті өнерпаздар әсем ән мен күйден шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Айта кетейік, өткен аптада облыс орталығында өткен «Алтын күз – 2025» жәрмеңкесіне де Қармақшылық шаруалар 51 жүк көлігімен 100 тоннаға жуық өнім жеткізіп, сапалы өнімдерімен жоғары бағаланған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1093851?lang=kk
Республика күні аясында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті 28.10.2025
Бүгін киелі Қармақшы ауданында ұлттық мереке – Республика күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды.Ауданымыздың басты рухани орталықтарының бірі Рәміздер алаңында өткен салтанатты іс-шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталып, еліміздің көк байрағы биікке көтерілді.Рәсімге ауданның ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдерімен қатар, полиция, төтенше жағдай қызметкерлері де қатысты.Салтанатты жиында мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар өздерінің адалдық антын қабылдап, елге қызмет етуге серт берді.Патриоттық рухтағы шара жергілікті өнерпаздардың жалынды орындауларымен жалғасып, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.Бұл игі шара – ел тәуелсіздігін ұлықтап, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді арттыруға бағытталған маңызды мерекелік дәстүрдің жалғасы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1093838?lang=kk
Электрондық сауда тауарлары – кедендік реттеудің жаңа тәртібі 28.10.2025
Жаңа реттеудің күшіне енуі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сыртқы электрондық сауда мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Хаттама, Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы аталған Хаттаманы ратификациялау рәсімін ағымдағы жылдың қазан айының басында аяқтады.Сонымен қатар, жаңа кедендік реттеу күшіне енуі үшін Комиссия электрондық сауда тауарларына қатысты бірқатар актілерді қабылдауы қажет, ал ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ұлттық кеден заңнамасын Хаттама ережелеріне сәйкестендіруі тиіс. Аталған рәсім Қазақстан Республикасында да жүргізілуі қажет. Бұл жұмыс Комиссия мен жекелеген мүше мемлекеттер тарапынан әлі толық аяқталған жоқ, әрі қазіргі уақытта Комиссиядан электрондық саудаға қатысты кедендік реттеудің нақты енгізілу күні жөнінде ақпарат алынған жоқ.Жаңа реттеу аясындағы тауарлар және оларды кім декларациялайдыМаңыздысы – жаңа кедендік реттеу ЕАЭО елдерінен тыс орналасқан шетелдік онлайн-дүкендерден жеке тұлғалар сатып алатын тауарларға ғана қатысты болады. Яғни, бұл шетелдік интернет-платформалар арқылы жасалатын сатып алуларға қолданылады. Мысалы, Қытайдан, АҚШ-тан немесе Еуропалық одақ елдерінен жасалған тапсырыстар.Ал егер сатып алулар ЕАЭО елдерінің интернет-платформаларында –мысалы, Wildberries, Ozon және басқа да осындай сайттарда жасалса, онда жаңа ережелер оларға қолданылмайды.Қазіргі уақытта жеке тұлғалар шетелдік интернет-платформалардан сатып алып жүрген тауарлар халықаралық пошталық жөнелтілімдермен не тасымалдаушы арқылы жеткізілетін жеке пайдалану тауарлары санатынан «электрондық сауда тауарлары» санатына ауыстырылады. Сонымен бірге, жаңа реттеу тәртібіне көшу пошта сәлемдемелерін алушылар үшін барынша аз өзгерістермен және елеулі қолайсыздықтарсыз өтеді деп күтілуде.Жаңа ұғымдар – «электрондық сауда тауарлары», кедендік декларацияның жаңа түрі, жаңа алым және тіпті нарықтың жаңа қатысушысы – «электрондық сауда операторы» енгізілгеніне қарамастан, қарапайым азаматтар үшін сәлемдемелерді алу үдерісі айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.Барлық кедендік рәсімдерді алушылардың орнына электрондық сауда операторлары орындайтын болады – бұл көпшілікке таныс компаниялар, мысалы, «Қазпошта» АҚ, DHL, FedEx және басқалары. Олар қажетті декларацияларды тапсырып, жеке тұлғалар атынан сәлемдемелерді рәсімдейді.Қазақстанда электрондық сауданы кедендік реттеу тетіктерін сынақтан өткізу мақсатында пилоттық жоба (эксперимент) жүргізіліп келе жатқанына бір жылдан асты. Эксперименттің мақсаты – ықтимал проблемалық мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын айқындау. Экспериментке «Қазпошта» АҚ мен «DHL Қазақстан» ЖШС қатысуда, олар Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп осы бағытта ауқымды жұмыс атқарды. Айта кету керек, эксперимент барысында жүргізілген кедендік операциялар, соның ішінде жаңа декларация түрін ұсыну, жеке тұлғалардың сәлемдемелерді алу үдерісіне айтарлықтай әсер еткен жоқ.Электрондық сауда тауарларын декларациялау кезінде төленетін төлемдерКомиссия электрондық сауда тауарлары үшін де жеке пайдалану тауарларындағы сияқты 200 еуро мөлшеріндегі бажсыз әкелу шегін сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Осылайша, егер сатып алынған тауардың құны 200 еуродан аспаса, жеке тұлғалар кедендік баж бен салық төлеуден босатылады.Егер тауардың құны 200 еуродан асатын болса, сатып алушылар «электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж» төлейтін болады. Аталған баж мөлшері тауардың құнының 5%-ын құрайды деп жоспарлануда. Сондай-ақ 12% мөлшерінде ҚҚС төленуге тиіс.Қазіргі уақытта жеке пайдалану тауарлары үшін 200 еуро шегінен асқан жағдайда, құндық нормадан асқан бөлігіне бірыңғай мөлшерлеме бойынша 15% мөлшерінде (оның құрамына кедендік баж бен ҚҚС кіреді) төлем алынады, бірақ салмақтық нормадан асқан әрбір килограмм үшін кемінде 2 еуро мөлшерінде төленеді. Яғни, қазіргі уақытта мұндай тауарларға құндық бажсыз әкелу шегімен қатар салмақтық шек те қолданылады – ол 31 кг-ды құрайды.Көріп отырғанымыздай, төлемдерді төлеу тәртібінде түбегейлі өзгерістер көзделмеген, айырмашылық тек баж мөлшерінде (5% және 15%) және оның қандай құннан алынатынында (толық құннан немесе шектен асқан бөлігінен) ғана бар. Сондай-ақ бажсыз әкелудің салмақтық шегі алынып тасталады, себебі жеке тұлғалар сатып алатын тауарлардың өте аз бөлігі ғана 31 кг салмаққа жетеді.Айта кету керек, «Қазпошта» АҚ мәліметтері бойынша, жеке тұлғалар шетелдік интернет-платформалардан сатып алатын тауарлардың 90%-дан астамы 200 еуро шегінен аспайды. Сондықтан жоғарыда аталған өзгерістер Қазақстандағы сатып алушылардың басым бөлігіне әсер етпейді, өйткені құны 200 еуроға дейінгі тауарлар үшін төлемдер төлеу көзделмеген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1094314?lang=kk