Enbekshi QazaQ

Қоғам

2025 жылғы 24 қазан күні Алтай ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. 28.10.2025
Баяндамалармен келесі тұлғалар сөз сөйледі:Хамитов Р.Ш., экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/2-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Алтай ауданының бюджеті туралы» Алтай ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша;Шидыч Т.Ю., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII «Алтай ауданында тұрғын үй көмегінің мөлшерін және оны көрсету тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және әлеуметтік осал топтар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі әлеуметтік қолдау шаралары мәселелері бойынша;Гаврилов Ю.А., сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы – мемлекеттік қызметтер көрсету және Алтай қаласының сәулеттік келбетін жақсарту саласындағы бөлім жұмысы туралы мәселе бойынша.Отырыс барысында депутаттар аудандық бюджетке және Алтай қаласының сәулеттік келбетін жетілдіруге қатысты сұрақтар қойып, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады.Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, тиісті қаулылар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1094459?lang=kk
Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті 28.10.2025
 2025 жылғы 24 қазанда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXXIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына 10 депутат, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі, қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері, басқармалар мен дербес бөлімдердің басшылары, Алтай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мен Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды:2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/2-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Алтай ауданының бюджеті туралы» Алтай ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Хамитов Рафаэль Шариполлинович – «Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.Алтай ауданы әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп. Баяндамашы: Курмамбаев Ренат Тлеуханович – Алтай ауданының әкімі.Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен тұрғын үй қорының 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы. Баяндамашы: Жуанғанов Қуат Айдынұлы – «Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.Алтай ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің аттестация нәтижелері туралы. Баяндамашы: Канафина Бақытгүл Қалибекқызы – «Алтай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII «Алтай ауданында тұрғын үй көмегінің мөлшерін және оны көрсету тәртібін айқындау туралы» Алтай ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Баяндамашы: Шидыч Татьяна Юрьевна – «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/4–VIII «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Отырыс барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, әрбір мәселе бойынша ұсыныстар мен сындарлы ескертпелер енгізді.Қабылданған шешімдер ауданның одан әрі дамуына, коммуналдық меншікті басқару жүйесін жетілдіруге және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.Барлық шешімдер талқылаудан кейін бірауыздан қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1094465?lang=kk
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді 28.10.2025
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді2025 жылғы 28 қазанМемлекет басшысы Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббқа сый-құрмет көрсетті.Жоғары деңгейдегі келіссөздерге дейін Ақорда резиденциясында Финляндия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Протокол тәртібіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұрандары орындалғаннан кейін президенттер шағын құрамда кездесу өткізді.– Сіздің сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан мен Финляндия арасында достыққа әрі өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнаған. Екі елдің ортасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Дегенмен инвестиция және сауда салаларында бірқатар мүмкіндік бар. Сіздің бастамаңызбен өтіп жатқан бизнес-форумның орны ерекше. Бүгін аталған жиынға қатысамын. Бұл кәсіпкерлеріміздің іскерлік байланыстарды өрістетуіне зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Қазақстандықтар Финляндияны, сіздердің салт-дәстүрлеріңіз бен мәдениеттеріңізді құрметтейді. Көптеген отандасымыз Сіздің елге турист ретінде жиі барады. Сапарыңыз мемлекеттер арасындағы серіктестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Александр Стубб қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, бұл сапарды асыға күткенін айтты.– Бұл менің Қазақстанға үшінші мәрте келуім. Алғаш рет 2008 жылы мен Сыртқы істер министрі, ал сіз Сенат спикері лауазымын атқарған кезде жүздескен едік. Бұл жолы екі бағытқа баса назар аударамыз деп ойлаймын. Бірінші – өзара қарым-қатынас және іскерлік байланыстар. Бүгін Финляндиядан үлкен делегация келді. Оның құрамында 20-дан астам ірі компанияның өкілдері бар. Астана көшелерінен Isku және Honkarakenne сияқты танымал фин брендтерін көрдім. Бұл бізді қуантады. Келіссөздің екінші бағыты – сыртқы саясат және қауіпсіздік. Біршама мәселе бойынша ұстанымдарымыз ортақ, күрделі халықаралық жағдайлардың шешімін табуға бірлесе ұмтыламыз, – деді Финляндия Президенті.Бұдан кейін Қазақстан мен Финляндия президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен одан әрі жалғасты.Президенттің айтуынша, Финляндия Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропа Одағындағы басты сауда серіктесі саналады.Мемлекет басшысы Финляндияның таза энергетика, технология, цифрлық инновация, экологиялық жауапкершілік, басқару, білім беру және адам капиталы бағыттарындағы жоғары стандарттары әлемдік деңгейде мойындалғанын атап өтті.Аталған салалардағы Финляндияның жетістіктері көптеген елге, соның ішінде Қазақстанға да үлгі.– Сіздің басшылығыңызбен Финляндия Еуропада, сондай-ақ әлемде сындарлы рөл атқарады. Мемлекеттік ұстанымыңыз бен құндылықтарға беріктігіңіз Финляндияны дүние жүзіне үлгілі ел ретінде танытып отыр. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Қазақстан Финляндиямен достық қарым-қатынасқа баса мән береді. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға әзірміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының пікірінше, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар. Бұл ретте Үкіметаралық комиссиясының жұмысы маңызды рөл атқарады.Президент фин делегациясының құрамында бизнес өкілдерінің болуы Хельсинкидің өзара серіктестікті тереңдетуге шынайы мүдделі екенін көрсетеді деп санайды.Еліміз Финляндия компанияларымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қасым-Жомарт Тоқаев фин бизнесмендерін Орталық Азияның кең нарығына шығу үшін Қазақстанда шетел инвесторларына жасалатын қолайлы жағдайды пайдалануға шақырды.Александр Стубб фин компаниялары Қазақстан нарығындағы қызметін кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді– Бүгінгі кездесулерге дайындық барысында делегациядағы кәсіпкерлердің бірі «Қазақстандағы өзгерістің бәрі жедел жүріп жатқанын түсіну керек. Сондықтан баяу қимылдап, бюрократияға жол беруге болмайды» деді. Бұл дамудың даңғылына түскен елдеріміз үшін қуанарлық жағдай, – деді Финляндия Президенті.Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Бірлескен мәлімдеме қабылдады.Құжатта тараптардың ортақ ұстанымдары мен бүгінгі келіссөз барысында айтылған бастамалары көрініс тапты.Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды.Олардың арасында:Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Финляндия Республикасының Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасы (STUK) арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсаттарға пайдалану бағытындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Финляндия Республикасының Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі арасындағы су ресурстарын басқару мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Фин су форумы (Finnish Water Forum) және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті арасындағы су ресурстарын цифрландыру және басқару бағытындағы зерттеушілік және білім беру әлеуетін қалыптастыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;«Бурабай» курортында туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;Қазақстанда экологиялық ауылды дамыту жобасы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;«Теңіз жасағы» АҚ мен «Lamor Corporation Plc» компаниясы арасындағы мұнайдың апаттық төгілуін жою және теңіз операцияларын қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум секілді басқа да келісімдер бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1095114?lang=kk
🔰Құрметті орман шаруашылығы саласының қызметкерлері! 28.10.2025
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Орман – табиғаттың баға жетпес байлығы, ел экологиясының тірегі және келешек ұрпаққа қалатын асыл мұра. Осы байлықты қорғау, көбейту және ұқыпты пайдалану жолындағы еңбектеріңіз зор құрметке лайық.Табиғатты аялап, орман алқаптарын сақтап, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша сала мамандарына зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!Еліміздің орман қоры молайып, жасыл желегі жайқала берсін!Құрметпен, Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұжымы!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1094436?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 25,73 трлн теңгеден асты 28.10.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 25,73 трлн теңгеден асты 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,73 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға артты.2025 жылдың 1 қазанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,40 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,94 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 15,6%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 32,8% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі – 9,47 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қазанына 596,18 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.2025 жылдың 9 айында салымшылардың шоттарына 2,37 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,8%-ға немесе 356,75 млрд теңгеге артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қазанына дейін 1 937,66 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,97%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,69 млрд теңге (өсім – 19,1%), ЕЗЖ – 1,82 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 9 айында ЖМЗЖ 326,02 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 368,27 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 508,31 млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 823,82 млрд теңге.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 23,43% ұлғайып, 01.10.2025ж. 181,81 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 691 теңге.   Жыл басынан бері 01.10.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 50,49 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 32,60 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,33 млрд теңге, жерлеуге – 8,03 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 269,19 млрд теңге аударылды. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,97 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,17 млн бірлік немесе 7,0%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қазанына 12,66 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,25 млн - МЗЖ бойынша, 752,27 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,13 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 9 айында МЗЖ 6,91 млн ЖЗШ-ға түсті, бұл осы жарналар енгізілуі мүмкін 10,04 млн ЖЗШ-ның 68,8% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шоттарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі керек басқа да санаттағы салымшылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,32 млн бірлік.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1095699?lang=kk
Қазақстан делегациясы Түркі әлемінің II Жастар форумына қатысты 28.10.2025
Бішкек қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастыруымен өткен Түркі әлемінің II Жастар форумы өтті. Форумға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдерінің жастары мен түрлі түркі ұйымдарының өкілдері қатысты.Ашылу рәсіміне дипломаттар, ғалымдар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және жастар делегациялары жиналды.Форум «Болашақ – сенсің» деген үндеумен өтті. Жиын барысында панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.Форум аясында алғаш рет ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің симуляциялық сессиясы өтті. Қатысушылар өз елдерінің атынан сөз сөйлеп, өзекті мәдени мәселелерді талқылап, дипломатия мен шешім қабылдаудың негізін меңгерді.Форумның басты мақсаты – жас өкілдер бірлік, ынтымақ және ортақ мәдени болмыс идеясын дәріптеп, түркі дүниесі жастары арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға ықпал ету. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1094442?lang=kk
📍Мойынқұм ауданында Қызыл кітапқа енген аңды заңсыз ату фактісі тіркелді. 28.10.2025
2025 жылғы 23 қазан күні түнгі сағат 02:15 шамасында Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары рейд барысында мотоцикл мінген азаматты ұстады. Тексеру кезінде оның көлігінен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген бір дана Қарақұйрыққа ұқсас жануардың ұшасы табылды.Аталған дерек бойынша Мойынқұм ауданының полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.⠀🌿 Табиғатты қорғау – ортақ міндет!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1094407?lang=kk
Қазақстандағы сертификаттау ережелері жетілдірілуде 28.10.2025
025 жылдың 15 қыркүйегіндегі №263-НҚ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы №433-НҚ «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы бекітілді. Бұйрық 2025 жылғы 6 желтоқсанда күшіне енеді. Негізгі жаңалықтар: – сәйкестікті растау кезінде декларациялау схемалары әзірленді; – міндетті түрде сәйкестікті растауға (сертификаттауға) жататын нысандарды сәйкестендіру тәртібі актімен рәсімделе отырып реттелді; – табиғи тастан жасалған бұйымдарға берілетін сертификаттарда қосымша мәліметтерді (кен орны, сарапшы-аудитордың болуы, кен жынысының беріктігі және т.б.) көрсету нормалары көзделген; – сынақ хаттамалары техникалық реттеу тізілімінде толық нұсқасымен тіркелетін болады; – өнімге сәйкестікті бағалауды өткізбестен сертификат немесе сәйкестік туралы декларацияны қайта рәсімдеу негіздері кеңейтіледі. «Ұсынылған шаралар сәйкестікті бағалау рәсіміне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінде. Сондай-ақ, техникалық реттеу саласында Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасы нормаларымен үйлестіру, соның ішінде органикалық және Халал өнімдері өндірісінің дамуын ескере отырып, сәйкестік сертификаты нысанын бейімдеу көзделген. Аталған түзетулерді қабылдау оң әсерін тигізіп, сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіруге және бизнес пен аккредитация субъектілері арасындағы өзара тиімді өзара іс-қимылды құруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1094414?lang=kk
Үйлер, мектептер және өндіріс орындары: Алматы облысында инфрақұрылым қарқынды жаңарып жатыр 28.10.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды нысандардың құрылысымен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында ол су жүйелерінен бастап тұрғын үйлер мен мектеп, сондай-ақ жануарларға арналған жем өндірісіне дейінгі жобаларды аралап көрді. Әр нысанда мерзім, сапа және нақты нәтижелер талқыланды.Талғардағы магистральды су құбыры – өңірдің маңызды жобасыСапардың алғашқы нысаны – Талғар қаласындағы селден қорғау бөгетінен №2 учаскеге дейін тартылып жатқан магистральды су құбыры болды. Оның ұзындығы – 22,5 шақырым, жалпы құны – 4,6 млрд теңге, бүгінде шамамен 1,3 млрд теңге игерілген.Қазір магистральдық құбырларды монтаждау және резервуарларды гидрооқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын. Алайда соңғы кезеңді толық бітіру үшін қосымша қаржы қажет. Тексеру барысында ішкі инженерлік желілерді қосу және зертханалық жабдықтар жеткізу мәселесі талқыланды.“Су – өмірдің негізі. Бұл жобаны дер кезінде және сапалы аяқтау өте маңызды”, – деді Марат Сұлтанғазиев.Жаңа тұрғын үйлер – Талғарлықтар үшін көптен күткен баспанаКелесі нысан – Талғар қаласында бой көтерген жаңа тоғыз қабатты тұрғын үйлер. Үш үйдің құрылысы толық аяқталған, пәтерлер қоныстануға дайын: әр үйде ішкі әрлеу, сантехника мен жылыту жүйелері орнатылған. Тағы екі үйдің құрылысы соңғы сатыда жүріп жатыр.Бұл жоба көптеген тұрғындар үшін өз баспанасына қол жеткізу мүмкіндігін бермек.Еңбекшіқазақ ауданындағы өндіріс: отандық жем өндірісі дамып келедіСапар барысында облыс әкімі Еңбекшіқазақ ауданының Қойшыбек ауылындағы Asia Pets зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын Mascot брендімен үй жануарларына арналған жем өндіреді. Зауытта 25 адам еңбек етуде.Өндіріс неміс технологиясы негізінде ет қалдықтарын өңдеуге және кептіруге бағытталған, бұл дайын өнімнің пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.“Біз әдетте кәдеге жарамайтын шикізатқа екінші өмір береміз. Ал біздің өнім мыңдаған үй жануарының денсаулығына пайдасын тигізеді. Болашақта қызметтік иттерге арналған жем шығаруды да жоспарлап отырмыз”, – деді зауыт директоры Руслан Іргебаев.Есік қаласында жаңа тұрғын үй кешені салынып жатырКелесі нысан – Есік қаласындағы жаңа тұрғын үй кешені. Мұнда үш 60 пәтерлі және бір 40 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны – 3 млрд теңге, оның екіден үш бөлігі игерілген. Құрылыс 2026 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.⸻Абылай хан атындағы мектепке – жаңа тынысСапардың соңғы нүктесі – Есік қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектеп болды. 1938 жылы салынған бұл тарихи ғимарат алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта жұмыстардың 90%-ы аяқталған, ал кешігу тек рұқсат құжаттарының рәсімделуіне байланысты болған.Мектепті жыл соңына дейін толық ашу жоспарланып отыр. Әкім оқу сыныптары мен спорт залын аралап, аула аумағында қосымша волейбол және баскетбол алаңдарын салуды ұсынды.Нәтиже мен жоспарӘр нысанда қаржыландыру көздері, субсидия қажеттілігі және келісімшарттарды жеделдету мәселелері қаралды.“Басты назар – нақты жұмыс пен нәтиже. Әр тиынның қайда жұмсалып жатқанын көріп, нысандардың дер кезінде пайдалануға берілуін қадағалау қажет”, – деп түйіндеді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.Сапар қорытындысы бойынша нақты міндеттер белгіленді:• тұрғын үйлердегі әрлеу жұмыстарын аяқтау;• мектеп пен су құбырына арналған жабдықтарды уақытылы жеткізу;• барлық нысандардың іске қосылу кестесін нақтылау.Алматы облысында жүзеге асып жатқан бұл жобалар өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1094334?lang=kk
Халықаралық анимация күні: Ұлттық ұлан сарбазы әскери мультфильм жасап шықты 28.10.2025
Қатаң тәртіп пен нақты күн тәртібі үстемдік ететін әскери өмірде де шығармашылыққа орын бар. Мұның жарқын үлгісі – 5573 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Айдын Рахымов. Ол әскери қызметін өтей жүріп, мультфильм арқылы патриотизм мен достықты бейнелеуде. Бұл еңбегі 28 қазан – Халықаралық анимация күнімен үндесіп, жастарға рух береді.Ақмола облысының тумасы Айдын Отанға қызмет ете жүріп, анимациялық фильмдер жасауда. Сол арқылы әскер өмірінің шынайы сәттерін өнер тілімен жеткізуде. Ол жуырда «АЛЖИР» музейіне барған сарбаздар туралы алғашқы мультфильмін жасап шығарды. Бұл туынды көрермендердің ықыласына бөленуде.Айдын үшін анимация – тек хобби емес, патриоттық сезім мен рухани құндылықты дәріптейтін құрал. Қаруластары оның жобаларына атсалысып, кейіпкерлерді дыбыстауға, идея ұсынуға көмектеседі. Ал командирлері сарбаздың шығармашылығын қолдап, мұндай бастамалар әскери рухты көтеріп, ұжымның бірлігін арттыратынын атап өтті.— При создании мультфильма я старался максимально проработать визуальную часть, использовал современные программы для анимации и монтажа. Это позволило сделать работу более выразительной, реалистичной и современной. Но есть ещё моменты, которые хотелось бы доработать, — поделился Айдын.Қызмет пен шығармашылықты қатар алып жүру оңай емес. Дегенмен Айдын бұл тепе-теңдікті сақтай біледі. Сөзінше, әскердегі міндет әрқашан бірінші орында, бірақ бос уақыт табыла қалса, ол шығармашылыққа көңіл бөлуге тырысады.Айдын Рахымовтың еңбегі – Халықаралық анимация күні қарсаңында жастарға үлгі боларлық бастама. Ол, осылайша, патриотизм мен өнерді үйлестіріп, әскери қызметтің жаңа қырын көрсетіп жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1094337?lang=kk
2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсыны 28.10.2025
2025 жылғы 23 қазанда 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңін өткізілді.Конкурсқа 12 секция бойынша 29 бала қатысып, жобаларын қорғады.Байқау қорытындысы бойынша:Секция: Иформатика, работотехника, STEM инженерия1-орын Апсаликов Искандер, Бочков Егор «Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебі»КММСекция: Математика, қосымша математика2 – орын Жольмырз Назира «Қоянбай орта мектебі»КММ3-орын Кадыркулова Аиша «Семеновка орта мектебі»КММСекция: Физика, космос3– орын Айтбекова Айзейнеп «Бөдене орта мектебі” КММСекция: Химия, биология2– орын Мергембаева Амиля «Долон негізгі мектебі” КММ2– орын Елемесов Алемхан, Елемесов Асылхан «Сосновка орта мектебі” КММСекция: Қазақ тілі мен әдебиеті3 – орын Саматқызы Дария “№1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММСекция: Орыс тілі мен әдебиеті2 – место Жолудев Даниил, Сысоев Андрей “Глуховка орта мектебі” КММ3 – орын Мырзалы Мадина “№1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММСекция: Тарих, өлкетану3 – орын Мантаев Қыдырхан, Мантаева Айару «Канонерка орта мектебі»КММСекция: Этномәдениеттану3 – орын Жақсылықова Ақерке, Болатова Жанайым «Канонерка орта мектебі»КММСекция: Туризм және спорт2 – орын Байдюсенова Айзере “№1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММБақбер Саян “№1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ және Шаймарданова Азель Н.Баймұратов атындағы орта мектебі КММ оқушылары белсінді қатысқан ұшін мадақтама қағазымен марапатталды.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1094317?lang=kk
Ернұр Жәутікбаев Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды 28.10.2025
Ернұр Бөкенбайұлы Жәутікбаев ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің бұйрығымен Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол осыған дейін Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Ернұр Жәутікбаев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығын, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. ХҚКО жүйесінде үш жылдан астам қызмет етіп, Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО директорының орынбасары қызметіне дейін жеткен. 2011 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратына жұмысқа ауысып, Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы болып ауысты. 2012 жылы Алматы қаласы аумақтық жер инспекциясының мемлекеттік инспекторы. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде Персоналды басқару қызметінің бас сарапшысы болды. 2014 -2016 жылдары – Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы. 2016-2018 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Кадрлық ресурстарды дамыту басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары. 2019-2021 жылдары - Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2021-2023 жылдары - Павлодар облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысы.2023 жылдан осы уақытқа дейін ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1094325?lang=kk
Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр. Аймақта жаңа мектептер, тұрғын үйлер мен өндіріс орындары салынып, мыңдаған жұмыс орны ашылуда 28.10.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле және Қарасай аудандарындағы құрылыс нысандарын аралап, өңірдегі инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Сапар барысында аймақ басшысы жаңа мектептердің, тұрғын үйлердің және өндіріс алаңдарының құрылысын тексерді.Іле ауданында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақынАлғашқы нысан – Іле ауданы Н.Тлендиев ауылында 900 орындық жаңа мектеп. Білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекованың айтуынша, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін облыстағы үш ауысымды мектептер саны 53-тен 23-ке дейін азаяды.– Іле ауданында бүгінде 18 үш ауысымды мектеп бар. Н.Тлендиев ауылындағы мектеп 600 балаға арналғанымен, онда 1800-ден астам оқушы оқиды. Жаңа мектеп ашылған соң бұл мәселе шешіледі. Ғимарат заманауи стандарттарға сай салынып жатыр: кең сыныптар, зертханалар, акт және спорт залдары, 250 орындық асхана қарастырылған, – деді ол.Құрылыс учаскесінің бастығы Жалын Ынтықбаевтың мәліметінше, нысанның жалпы аумағы 5 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыста 140 адам еңбек етуде. Мектептің құрылысы 2023 жылғы қыркүйекте басталып, биыл қараша айының соңында аяқталады деп жоспарланған.Әкім Марат Сұлтанғазиев құрылыс барысын тексеріп, «Самұрық-Қазына» қоры мен мердігер компания Qazaq Stroy-мен сапа және мерзім мәселесін талқылау бойынша кеңес өткізуді тапсырды.Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салынып жатырКелесі нысан – Қараой ауылында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған екі пәтерлі үйлердің құрылысы. Жоба жеке инвестор есебінен жүзеге асуда. Маусым айында басталған құрылыс аясында барлығы 114 үй бой көтереді. Әр үйде екі- төрт бөлмелі пәтер болады, әрқайсысының жер телімі – 4 сотықтан.Жеке инвестор Ұлан Сұлтанбековтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр, инженерлік желілер жүргізілген, фасадтық және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған. Үйлер жылу мен дыбыс оқшаулауы жоғары сапалы материалдардан салынуда.Аудан әкімдігі өкілдері қазіргі таңда 30 үйдің 50%-ы төленгенін, жобаны жалғастыру үшін келер жылы қосымша қаржыландыру қажет болатынын айтты. Инвестор әлеуметтік жауапкершілікті де назардан тыс қалдырмаған – жергілікті мешітке автокөлік сыйлап, балалар алаңын өз қаражаты есебінен салуды жоспарлап отыр.Қарасай ауданында жаңа өндірістік аймақ қалыптасудаЕлтай ауылдық округінде индустриялық-логистикалық аймақ пен үш зауыттың құрылысы басталды. Мұнда сэндвич-панельдер, алюминий бұйымдары және кабель-өткізгіш өнімдері өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ ірі көтерме-тарату орталығы салынады.Жобаның жалпы құны – 50 млрд теңге, іске асыру мерзімі – 2025–2027 жылдар. Іске қосылған соң мұнда 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өндірістік кластер өңірдің логистикасы мен өнеркәсібін дамытып, ішкі нарыққа және ТМД мен Қытай бағытындағы саудаға серпін бермек.Тағы бір жаңа мектеп – Қарасай ауданындаСапар соңында облыс әкімі Қарасай ауданындағы Бұлақ ауылында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылысымен танысты. Бұл да «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында іске асуда.Нысанда 110 адам екі ауысыммен еңбек етуде. Құрылыстың негізгі бөлігі аяқталған, тек электр желісіне қосылу мәселесі қалды. Бұл трансформаторлық подстанцияны көшіруге байланысты.– Мұндай жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Марат Сұлтанғазиев. Ол жауапты қызметтерге электрмен жабдықтау мәселесін жедел шешуді тапсырды.Аймақ дамуы – жүйелі жоспардың нәтижесіЖұмыс сапары Алматы облысында инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетті. Жаңа мектептер, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп нысандары бой көтеріп, өңірдің экономикалық және әлеуметтік әлеуеті артып келеді.«Келешек мектептері» ұлттық жобасы білім беру жүйесін жаңғыртудың басты тетігіне айналса, жаңа нысандар – өңірдің тұрақты дамуы мен тұрғындарға тең мүмкіндік жасаудың кепілі болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1094264?lang=kk
Әскери қызмет және жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі 28.10.2025
Патриотизмді қалыптастыру, жастардың әскери қызметке және әскери оқу орындарына түсуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қарулы күштердің ардагері запастағы подполковник Д. Досов, Қостанай облысы әкімінің көмекшісі полковник А. Қарақұзиев, жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Мусин және лейтенант Т. Майхайдаровтан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы Қостанай индустриялық- педагогикалық колледжінің оқушыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094269?lang=kk
Қазақстанның Бас консулы Медина қаласындағы САК СІМ бөлімшесінің басшылығымен өзара іс-қимылды талқылады 28.10.2025
Медина, 2025 жылғы 26 қазан – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Медина қаласындағы Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрлігі бөлімшесінің Бас директоры Ибрахим Әл-Субхимен кездесті.Кездесу барысында сауда-экономикалық, туристік және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Консулдық өзара іс-қимылға, сондай-ақ Медина қаласында тұратын және оқып жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.Бас консул Медина Ислам университетінде білім алып жүрген қазақстандық студенттердің, қажылардың және әртүрлі себептермен күрделі жағдайға тап болатын жекелеген азаматтардың жағдайына байланысты бірқатар мәселелерді атап өтті.Өз кезегінде саудиялық дипломат екі ел арасындағы қарым-қатынастардың оң даму серпінін атап өтіп, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың нығая түскенін атап көрсетті. Ибрахим әл-Субхи қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, әрі қарай да конструктивті ынтымақтастық жалғасады деген үмітін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1094296?lang=kk
«Ақберен» 28.10.2025
«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі табысты өтті! «Көркем сөз оқу» номинациясында 2 орын – Әлема Шаймарданова, «Жыланды негізгі мектебі» КММ.«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясында 2 орын – Асанәлі Мейірханов, «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММЖас таланттарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!Олардың өнер жолындағы жетістіктері жалғаса берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1094301?lang=kk
Қазақстанның әскери жоғары оқу орындары академиялық ұтқырлық пен қос дипломды бағдарламаларды енгізуде 28.10.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаевтың қатысуымен 2025 жылғы оқуға қабылдау науқанының қорытындылары мен әскери білім беру жүйесінің дамуына арналған брифинг өтті.Спикердің айтуынша, әскери білім ұлттық қауіпсіздіктің негізгі элементі болып табылады. Қорғаныс министрлігі құрылымында тоғыз әскери оқу орны жұмыс істейді. Оның ішінде үш әскери институт, Ұлттық қорғаныс университеті және бес әскери колледж бар. Дайындық 20 мамандық және 43 біліктілік бойынша жүргізіледі. Оқу үдерісі әскердің жауынгерлік даярлығымен ұштасқан. Курсанттар «Айбалта», «Жауынгерлік достастық», «Қаратау» және «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуларына қатысады.– Армияның қажеттіліктерін ескере отырып, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, радиоэлектрондық барлау және күрес, ақпаратты қорғау, криптология, логистика және әскери құрылыс секілді жаңа бағыттар ашылды. Азаматтық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық кеңейіп келеді. Соның арқасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Логистика және көлік академиясы, Қазақ спорт және туризм академиясы және басқа серіктестермен қос дипломды бағдарламалар жүзеге асырылуда, — деп атап өтті полковник Мұрат Олжабаев.2020-2025 жылдар аралығында Астана, Шымкент, Алматы және Қарағанды қалаларындағы төрт республикалық «Жас ұлан» мектебі әскери колледждерге айналды. Сержанттарды даярлау бес мамандық және 11 біліктілік бойынша жүргізіледі. Олардың ішінде «Әскери істегі дене мәдениеті және спорт», «Барлау және десанттық-шабуылдаушы бөлімшелерді басқару" секілді жаңа бағыттар бар.2025 жылы әскери институттар мен колледждерге 3 899 талапкер құжат тапсырды. Нәтижесінде 1 761 талапкер оқуға қабылданды. Оның ішінде 837 адам институттардың, 924 адам колледждердің курсанты атанды. Қабылдау науқаны алғаш рет мемлекеттік қызметтер порталы арқылы цифрлық форматта өткізілді. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, делдалдықты жойды. Іріктеу кезеңіне медициналық тексеріс, дене дайындығы нормативтері және психологиялық тестілеу енгізілді.Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытуда. Қазақстандық әскери оқу орындарында Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның әскери қызметшілері білім алуда. Ал 400-ден астам қазақстандық курсант шетелдік әскери жоғары оқу орындарында оқып жүр.Мерзімді әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауға да ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға білім гранттарын беру жобасы іске асырылуда. Екі жыл ішінде 8 100 грант, оның ішінде 2025 жылы 2 710 грант бөлінді. Таңдау «Sarbaz 2.0»  118 мың әскери қызметшіні қамтитын ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Жүйе гранттарды рейтинг нәтижесі бойынша автоматты түрде бөледі. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.Полковник Мұрат Олжабаевтың айтуынша, әскери жоғары оқу орындарының түлектері тек сұранысқа ие мамандық қана емес, сонымен қатар кепілді жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау және тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие. Қорғаныс министрлігі кадр даярлау жүйесін жетілдіруді, оқыту сапасын арттыруды және әскери мамандықтың беделін көтеруді жалғастыра береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1094248?lang=kk
Шал ақын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. 28.10.2025
 Шал ақын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдіктерді сақтау;- Оңайлатылған режим үшін қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді ме;- ЕАЭО-ға тауарлар импорты бойынша қызмет үшін салық салу өзгерді ме;- салық төлеушінің ескі кабинетін қанша уақыт фнкциялау керек;- 2026 жылғы ЖШС құрылтайшылары үшін ЖТС есептеу тәртібі.- арнаулы салық режимдерін қолдану шарттары;Спикерлер: СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Мейрамов С.Ж., аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы Белоусов А.О.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1094253?lang=kk
Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатыстық 28.10.2025
2025 жылғы 24 қазанда Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатыстық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094260?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН АРАЛ ТЕҢІЗІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ КАСПИЙ ТЕҢІЗІН САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА. 28.10.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында Қазақстан Арал трагедиясынан терең сабақ алғанын және жиырма жылдан астам уақыт бойы оны қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Осы шаралардың арқасында Солтүстік Арал теңізі сақталды: оның беті 36%-ға ұлғайды, су көлемі екі есеге жуық артты, бұл минералдану деңгейін төмендетті. Мемлекет басшысы Арал теңізінің су деңгейін көтеру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Елбасы Каспий теңізінің тағдыры бір елдің емес, бүкіл өңірдің ісі екенін атап өтті. Осы орайда ол әріптес елдермен тығыз ынтымақтастықта Каспийдің су ресурстарын сақтаудың мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. #Қазақстан #ПрезидентЖолдау #ҚасымЖомартТоқаев #Арал #Каспий #Экология #СуРесурстар #ТұрақтыДаму #ТабиғаттыҚорғау