Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесті 14.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясыныңпрезиденті Франсиско Гомес Нетомен кездесті2025 жылғы 23 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласыБразилиялық Embraer авиа құрылыс компаниясы жетекшісімен кездесуде жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Президент еліміздің Еуразия кеңістігіндегі негізгі көлік-логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын жеткізді.Әңгімелесу барысында Қазақстанда «Embraer» ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін өңірлік сервистік орталық ашу перспективасы қарастырылды.Франсиско Гомес Нето Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне жоғары баға беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1073224?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағына тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салынды 14.10.2025
2025 жылғы 21 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін көліктің барлық түрлерімен әкелуге 3 ай мерзімге тыйым салу енгізілді (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығы) Тыйым салу өнімнің келесі түрлеріне таратылады: - тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа) (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6801000000);- ескерткіштер немесе құрылысқа гранит және олардан жасалған, кесілген немесе жанап кесілген, беті тегіс бұйымдар үшін (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6802230000)- гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6802931000);- ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит (ЕАЭО СЭҚ ТНК 6802939000). Уақытша тыйым салу отандық кәсіпорындардың жүктелуін қамтамасыз етеді және ішкі нарықты қорғайды. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1073235?lang=kk
Президент ExxonMobil корпорациясының басшысын қабылдады 14.10.2025
2025 ж. 23 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Президент ExxonMobil корпорациясының басшысын қабылдады.Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсқа ілтипат білдіріп, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі серіктестерінің біріне айналған коммерциялық ұйыммен ынтымақтастыққа жоғары баға берді.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Даррен Вудс компанияның Теңіз және Қашаған кен орындарындағы перспективасы жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074480?lang=kk
Павлодарлықтардың назарына! Салық төлеушілерді қабылдау енді СуперХҚО-да 14.10.2025
Құрметті Павлодар қаласынын тұрғындары! Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 80 мекен-жайы бойынша орналасқан халыққа  қызметтер көрсету Суперорталық ғимаратында (СуперХҚКО) төменде көрсетілген сұрақтар бойынша күнделікті қабылдауды іске асырады:         - мемлекеттік қызметтерді көрсету;         - көлік құралдарына, мүлік, жер салығын төлеу және басқа да сұрақтар.         Жұмыс уақыты: 08:30-дан 18:00-ге дейін.   Павлодар облысы бойынша МКДмемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1073243?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясының басшысымен кездесу өткізді 14.10.2025
2025 ж. 22 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясының басшысымен кездесу өткізді.Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарының іскер топтары өкілдерімен кездесуі Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдаумен жалғасты.Мемлекет басшысы корпорация еліміздің экономикалық дамуына зор үлес қосқанын айтты. Тәуелсіздік жылдары Chevron Теңіз, Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарын игеруге атсалысып, Қазақстанға 55 миллиард долларға жуық инвестиция құйды. Қазір әлемдегі ең ірі энергетикалық компания өндіретін жалпы өнімінің 25 пайызы Қазақстанға тиесілі.Кездесуде келешекте Теңіз кенішінің аясын кеңейту жобасын іске асыру мәселелеріне, Қарашығанақта газ өндіру мен қайта өңдеу перспективасына, сондай-ақ әлемдік нарыққа көмірсутегін тасымалдау ісін дамытуға, соның ішінде Орта дәліз арқылы жеткізуге баса мән берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074472?lang=kk
Сауда және интеграция министрлігі сиыр еті бойынша жедел желіні іске қосты 14.10.2025
Сауда және интеграция министрлігі ет нарығындағы мәселелер бойынша жедел желінің іске қосылғанын хабарлайды. Жедел желі республика бойынша жұмыс істейді және азаматтар мен бизнес өкілдері үшін қолжетімді.Жедел желіге ет бағасының деңгейіне, сауда нүктелеріндегі сауда үстемесіне, сондай-ақ өнімді жеткізуге байланысты мәселелер бойынша жүгінуге болады.Бұл жедел желі халықпен, бизнеспен кері байланысты күшейту, азық-түлік нарығындағы ашықтықты арттыру және жергілікті жерлерден келіп түсетін сигналдарға уақтылы әрекет ету мақсатында құрылды.Байланыс деректері ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықығын қорғау комитетінің жедел желі телефондары (Астана): +7 (7172) 74-98-32 +7 (7172) 75-06-49 +7 (7172) 74-98-36Өңірлер бойынша жедел желілер: Астана қаласы 8 (7172) 57-64-02 Алматы қаласы 8 (727) 392-21-54 Шымкент қаласы 8 (7252) 53-07-06 Абай облысы 8 (7222) 35-37-43 Ақмола облысы 8 (7162) 50-29-89 Ақтөбе облысы 8 (7132) 54-81-26 Алматы облысы  8 (7272) 72-50-083 Атырау облысы 8 (7122) 52-03-91 Батыс Қазақстан облысы  8 (7112) 50-00-44 Жамбыл облысы 8 (7262) 54-21-69 Жетісу облысы 8 (7282) 41-56-10 Қарағанды облысы  8 (7212) 21-42-08 Қостанай облысы 8 (7142) 53-46-80 Қызылорда облысы 8 (7242) 71-15-30 Маңғыстау облысы: 8 (7292) 43-14-34 8 (7292) 43-01-17 Павлодар облысы 8 (7182) 55-10-70 Солтүстік Қазақстан облысы 8 (7152) 46-81-33 Түркістан облысы: Абдусаттаров Нұрдаулет +7 707 111 6501 Әшімханов Асқар +7 771 322 82 82 Ұлытау облысы 8 (7102) 76-30-10 Шығыс Қазақстан облысы 8 (7232) 26-72-07Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1073248?lang=kk
Сабина Есимбекова – білікті мемлекеттік қызметшінің заманауи үлгісі 14.10.2025
Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесінде тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, жаңа тәсілдерді дамытып, саланың дамуына айтарлықтай үлес қосатын мамандар ерекше бағаланады. Осындай жарқын мысалдардың бірі – Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаментінің Экспорттық қызметті мониторингтеу және талдау басқармасының басшысы Сабина Ержановна Есимбекова.Сабина Ержановна 1990 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласында дүниеге келген. Ол берік академиялық базаға ие – Т. Рыскулов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавриатын және магистратурасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік саясат және құқық» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған. Осылайша ол экономика, мемлекеттік басқару және стратегиялық жоспарлау саласында кешенді түсінік қалыптастырды.2022 жылдың ақпанынан бастап Сауда және интеграция министрлігінде жұмыс істей отырып, Сабина Есимбекова қысқа мерзім ішінде стратегиялық ойлайтын басшы ретінде танылды. Оның жалпы еңбек өтілі – 17 жыл, ал саладағы тәжірибесі – 3,5 жылдан астам. Осы уақыт ішінде ол қазақстандық экспортты қолдауда ұзақ мерзімді тәсілдерді қалыптастыратын әрі ағымдағы міндеттерді шешетін команданы құра алды.Сабина Ержановна әлеуметтік осал топтарды қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге, қазақстандық өнімді импорттаушылардың кредиттерінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын жасауға, сондай-ақ баға белгілеудегі делдалдық сызбаларды анықтау жұмыстарына белсенді қатысты. Ол пандемиядан кейінгі кезеңде «Қорғас» ХШҮО ашуға дайындықты үйлестіріп, бейтарап экспортты қолдау желісі бойынша бюджеттік жоспарлау мәселелерінде қаржы блогымен тиімді өзара іс-қимыл орнатты.Мемлекеттік жоспарлау құжаттарын жетілдіру бойынша оның үлесі ерекше атап өтуге тұрарлық. Сабина Есимбекова тек талдамалық материалдар әзірлеп қана қоймай, олардың практикалық қолданылуына қол жеткізетін мамандардың бірі. Оның жүйелі жұмысының арқасында Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігімен ынтымақтастық күшейіп, экспорттаушыларды қолдау тетіктері жетілдірілуде және елдің халықаралық нарықтағы позицияларын нығайтатын жаңа бастамалар қалыптасуда.Әріптестері Сабина Ержановнаның адамдарды тыңдай білу және оларды ести білу қабілетін, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік органдармен диалогқа ашықтығын атап өтеді. Ол бастамашылдық танытып, жанжалсыздық пен мейірімділік көрсетеді, бұл жұмыс процесінде сындарлы өзара әрекеттесуге ықпал етеді.Сабина Есимбекова – кәсібилік, стратегиялық ойлау және жеке қатысу мемлекеттік қызметтің жағымды имиджін қалыптастыра алатынының үлгісі. Оның қызметі қазіргі мемлекеттік қызметшінің тек әкімші емес, сонымен бірге саланың дамуына әсер етіп, ұлттық экономиканың өсуі үшін жағдай жасай алатын көшбасшы екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1073250?lang=kk
"Altai Invest-2025" халықаралық инвестициялық форумы 14.10.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады. «Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумыныңБАҒДАРЛАМАСЫ 2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8 2025 жылғы 26 қыркүйек  08.00-09.00Тіркеу/Кәсіпорындардың көрмесі – 1-қабат.09.00-09.45Салтанатты ашылу. 3-қабат.09:45 – 11:00Пленарлық отырыс. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан облысын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы» Тақырып: 2030 жылға дейін ШҚО дамыту стратегиясының негізгі бағыттары Тақырып: «Өнеркәсіп – ШҚО экономикасының негізі» Тақырып: «Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының 500 ірі компаниясы картасында» Тақырып: ШҚО-ның инвестициялық артықшылықтары мен перспективалары11:00 – 11:15Кофе-брейк. 11:15 – 12:30№ 1 панельдік пікірталас. ШҚО іскерлік кеңесі. 3-қабат.Тақырып: «ШҚО дамуына жергілікті бизнес көшбасшыларының көзқарасы» Пікірталас қатысушылары:-«Қазцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры – Лазарев Андрей Павлович-«AITAS» компаниясының өкілі-«Шығыс-Сүт» ЖШС-нің бас директоры – Сайлаубаев Сейілжан Жіренұлы-«Эмиль» ЖШС-нің басшысы – Аберле Анна Эрвинқызы-«Бес жұлдыз» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы – Тойбазаров Мұхтар Серікұлы- ЕДҚБ / IFC / Eurobak өкілі14.00 – 14.102023–2024 жж. «ШҚО-дағы үздік инвестициялық жоба» жеңімпаздарын ШҚО әкімінің марапаттау рәсімі.14.10-14.25Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі. 3-қабат.14:30 – 15:15№ 2 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан — тұрақты өсім аймағы» Тақырып: ШҚО-ның өңірлік ерекшеліктері мен артықшылықтары Тақырып: Аймақтың перспективалық инвестициялық жобалары Тақырып: Май және майлы өнімдер саласының инвестициялық мүмкіндіктері Тақырып: «Шетелдік қатысуы бар компанияларға преференциялар»15:15 – 15:30Кофе – брейк. 15:30 – 16:45 № 3 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: Аймақтың болашақ өсуінің практикалық мәселелері Панель қатысушылары: CRC, жергілікті бизнес, университет/сарапшы, СПК Ертіс АҚ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік центрі  Инвестиция тарту құралдары мен әдістері. Мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар: қатынасы, басымдықтары мен маңызы. ШҚО еңбек ресурстары: мүмкіндіктері мен тәуекелдері. Шағын бизнес: аймақ дамудағы маңызы мен рөлі.15:30 – 16:45№ 4 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: Шығыс Қазақстанның салалық басымдықтары Тақырып: Майды терең өңдеудің перспективалары. Тақырып: Гастротуризм және элиталық туризм. Шаңғы туризмі мүмкіндіктері. Тақырып: ШҚО су және орман ресурстары – өсу мүмкіндіктері ретінде. Тақырып: Шетелдік қонақтың көзқарасымен күтулер мен мүмкіндіктер.15:30 – 16:45B2B кездесулер. 3-қабат.17:00 – 17:15Қорытынды сөз. Форум нәтижелері.  Форумның демеушілеріМедиа серіктестіктер                            Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1073266?lang=kk
Алматы облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды 14.10.2025
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Ельнар Тулегенович Калназаров 2025 жылғы  27 тамызынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.Ельнар Тулегенович 1987 жылы туылған, білімі жоғары, 2012 жылы Қытай Халық Республикасы Бейжің тілдер және мәдениет университетін «Тілдер және әдебиет» мамандығы, 2020 жылы М.В. Ломоносов атыңдағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Іскерлік басқару шебері» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2015 жылы "МАКИРА" ЖШС-нің бас директорының қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары болып  бастаған.Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Адам ресурстары департаментінің сарапшысы, талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің талдау және статистика басқармасының сарапшысы, Шет елдердегі мекемедегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің өкілі лауазымдарын атқарған.2025 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті талдау және статистика басқармасының сарапшысы лауазымында қызмет етті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1072969?lang=kk
Қазақстан мен Армения сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. 14.10.2025
2025 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Армения вице-премьері Мгер Григорянның төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-армян комиссиясының 11-отырысы өтті.Бейнеконференция форматында тараптар сауда-экономикалық әріптестікті дамыту, инвестициялық өзара іс-қимыл, көлік, коммуникация, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастық сияқты көптеген мәселені талқылады.Армения – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды серіктесі. Екі ел арасында берік саяси диалог орнатылып, гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Мемлекетаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған басшылық саясаты екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп отыр.2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы шамамен $36 млн-ға, ал биылғы қаңтар–шілде айларында $28,7 млн-ға жетті.«Біз сауда көлемін одан әрі арттыруға айтарлықтай әлеует бар екенін көріп отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша, Арменияға экспорттың қосымша мүмкіндіктері ең алдымен, металлургиялық, мұнай-химия, химиялық және тамақ өнімдерін жеткізу есебінен шамамен $350 млн болуы мүмкін», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Көлік саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Армения әуе компанияларына қолданыстағы «ашық аспан» режимі аясында «әуе еркіндігінің» 5-ші деңгейін пайдалану құқығымен Қазақстанға тікелей рейстер орындау ұсынылды. Қазақстан тарапы Еревандағы әуежай алымдарының құнын төмендетуге қызығушылық білдірді.Инвестициялық салада Қазақстан Атырау және Маңғыстау облыстарында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және оларды әрі қарай Арменияға экспорттауға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ ынтымақтастықтың Жол картасына енгізілген зергерлік өнеркәсіпті дамыту жөніндегі армян тарапының бастамасы да қолдау тапты.Мгер Григорян Арменияның Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Армения бағыты бойынша мультимодальды жүк тасымалдарына арналған көлік дәлізін құру жобасын қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол Қытай – Қазақстан – Өзбекстан – Түрікменстан – Иран – Армения бағыты бойынша тасымалдардың қатар жүргізіліп жатқанын, бұл екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсететінін айтты. Оның сөзінше, бұл тасымалдар, әсіресе армян кәсіпкерлерінің «Қорғас» ШЫХО мүмкіндіктеріне деген қызығушылығын ескере отырып, тұрақты сипатқа ие болуы мүмкін.Бұдан бөлек, астық жеткізу мәселесі талқыланды. Қазақстан өсіп келе жатқан көлем мен географияны ескере отырып, Арменияға бидай жеткізуге дайын екенін растады.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-армян комиссиясының 11-отырысының хаттамасына қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ekonomika-karzhy/press/news/details/1072985?lang=kk
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 22 қыркүйек – Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді. Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұйымға алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісінде жетекші рөл атқара беруіне белсенді түрде атсалысатынын айтты.Кездесу аясында Мемлекет басшысының және Бас хатшының қатысуымен Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1073004?lang=kk
Ұлттық ұланның қоғамдық қауіпсіздік жағдайындағы рөлі талқыланды 14.10.2025
ІІМ басқару академиясындағы Ұлттық ұлан аудиториясында алғаш рет полиция департаменттері бастықтарының орынбасарларына арналған сабақ өтті.Дәрісті Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері генерал-майор Бауыржан Әбжанов өткізді.Сабақ "Ұлттық ұланның қоғамдық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлі мен орны және қазіргі жағдайдағы даму бағыттары" тақырыбын кең қамтыды.Өз сөзінде Бауыржан Садықұлы Ұлттық ұланның алдында тұрған стратегиялық міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның құқық тәртібін қамтамасыз етудегі және полиция органдарымен өзара іс-қимылдағы шешуші рөлін атап өтті. Сондай-ақ жеке құрамды кәсіби даярлау, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және қазіргі заманғы сын-тегеуріндер жағдайында бірлескен жұмыстың жаңа форматтарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сабақ тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Полиция департаменттерінің өкілдері аталған тәсілдердің жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1073012?lang=kk
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа форматтағы түсіндіру жұмыстарын бастайды 14.10.2025
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа форматтағы түсіндіру жұмыстарын бастайдыЕнді салықтарға қатысты ең жиі қойылатын сұрақтар мен өмірлік жағдайларды біз кейс түрінде Instagram парақшасында жариялаймыз.Кейстер – бұл Налог кодексінің нормалары әртүрлі жағдайларда қалай қолданылатынын қарапайым тілмен түсіндіретін нақты мысалдар: пәтер сату, резидент еместен жалға алу, ҚҚС бойынша тіркелу және басқа да тақырыптар.Мақсат – салық заңнамасын баршаға түсінікті әрі қолжетімді ету.Жаңалықтарды жіберіп алмау үшін жазылыңыздар#ҚостанайМКД #Қазақстансалықтары #кейстер #түсіндіру #СалықкодексіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1073043?lang=kk
Бас штаб бастығы «Айбалта-2025» оқу-жаттығу ауданын тексерді 14.10.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы өтіп жатқан ауданда болды.Жұмыс сапары барысында ол оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысып, басқару пункттерін, тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын және жеке құрамның орналасу жағдайларын тексерді. Әскерлерді басқару, байланыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі мен алдағы іс-қимыл жоспарлары туралы командирлердің баяндамалары тыңдалды.Тексеру нәтижесінде әскерлер мен әскери инфрақұрылымның тактикалық міндеттерді орындауға дайындығының жоғары деңгейде екені расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1073052?lang=kk
Ескельды ауданында жаңа Салық кодексі бойынша "Ашық есік күні" өтті 14.10.2025
Ескельды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты — қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру.Өткізілген "Ашық есік күні" салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытында дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1073055?lang=kk
Алматы облысында өртті сөндіруге қатысқан мамандар марапатталды 14.10.2025
Алматы облысында Алатау қаласының маңындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге қатысқан мамандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан Алатау қаласы маңындағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге атсалысқан мамандарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Құрметке өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, әскери қызметшілер, волонтерлер және коммуналдық қызмет мамандары ие болды. Олар бірнеше тәулік бойы күрделі әрі қауіпті жағдайда жұмыс атқарды.Өрт 34 гектар аумақты шарпыды. Оның ерекшелігі — жалынның ашық беткі қабатта ғана емес, тереңдігі он метрге дейін жеткен түнектегі тұтануларда болуы. Қоқыс массасында жиналған метан жалынды күшейтіп отырды. Сонымен қатар бос әрі тұрақсыз топырақ, опырылып кету қаупі және желдің бағытының өзгеруі жағдайды қиындатты.Алғашқы сағаттардан бастап облыстық және Алматы қаласының ТЖД күштері, МЧС-тің арнайы бөлімшелері, полиция, әскери бөлімдер, әкімдіктер мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Кейбір күндері апат аумағында 1,5 мыңға жуық адам мен 500-ден астам техника жұмыс істеді. Жәрдемге Абай, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстары, Жетісу өңірі мен Шымкент қаласының бөлімшелері қосылды. Ортақ күшпен өрт полигон аумағынан тысқары кетпеуі қамтамасыз етілді.Тлінняның таралуына жол бермеу үшін аумақ бірнеше учаскеге бөлініп, жыртылды, үстіне топырақ пен қиыршық тас төселді. Тереңқара өзенінен су айдау станциялары орнатылып, ондаған өрт сөндіру құбырлары арқылы магистральді желі жүргізілді. Бұл қажетті су көлемін және қысымды қамтамасыз етті. Жұмыс тәулік бойы, ауысыммен үздіксіз атқарылды.Барлық қатысушылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Жергілікті кәсіпорындар су, азық-түлік және арнайы киім жеткізді. Құтқарушылар үшін тамақтану және тынығу шатырлары құрылып, тәулігіне төрт мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды.Алматы облысы ТЖД бастығы Даурен Оразбеков мамандардың аса қауіпті жағдайда еңбек еткенін атап өтті:– Ерлік дегеніміз – апат жағдайында тапсырманы мүлтіксіз орындау. Жылу, түтін мен тұрақсыз топыраққа қарамастан, біздің қызметкерлер тактиканы үнемі өзгертіп, ошақтарды қабат-қабатпен сөндіріп отырды. Әрқайсысына алғыс айтамын, – деді ол.Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Асқар Тойчубеков те мамандардың кәсібилігі мен жауапкершілігін жоғары бағалады.Алатау қаласының әкімі Аркен Утенов көрші облыстар мен аудандардың айрықша қолдау көрсеткенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1073085?lang=kk
«Архив – өткен мен болашақтың арасындағы байланыс» 14.10.2025
          «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында 2025 жылдың 19 қыркүйегінде Рудный қалалық мемлекеттік архивінде Ашық есік күні өтті.  Архившілер өз қонақтарына — Рудный қаласының № 13, 17, 18 және 21 мектептерінің оқушыларына алға қойған мақсаттар туралы айтып берді. Архив қызметінің міндеттері және жеке құжаттардың қалай жиналып, мемлекеттік сақтауға қабылданатындығы, олар тұрақты, жеке құжаттардан тұратын және тақырыптық «Өткенге саяхат» көрмесін көрсетті. Архив құжаттарының сақталуын түсіндіріп, көрсетіп, архивке экскурсия жасалды. Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты Қазақстан мен туған жерінің тарихын зерттеуге тарту, сонымен қатар архив құжаттарын насихаттау және архив қызметінің имиджін арттыру болды. Іс-шараға барлығы 53 адам қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1073092?lang=kk
Алакөл ауданында өзекті мәселелер бойынша Ашық есік күні өтті 14.10.2025
2025 жылы 22 қыркүйекте Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің өзекті мәселелері бойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында салық төлеушілерден сауалнамалар алыну арқылы және жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша ашық есік күні өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1073107?lang=kk
Өңірдің тұрғындары мен қонақтарын «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында көрмеге қатысуға шақырамыз 14.10.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек«Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады. «Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумыныңБАҒДАРЛАМАСЫ2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/82025 жылғы 26 қыркүйек  08.00-09.00Тіркеу/Кәсіпорындардың көрмесі – 1-қабат.09.00-09.45Салтанатты ашылу. 3-қабат.09:45 – 11:00Пленарлық отырыс. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан облысын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы» Тақырып: 2030 жылға дейін ШҚО дамыту стратегиясының негізгі бағыттары Тақырып: «Өнеркәсіп – ШҚО экономикасының негізі» Тақырып: «Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының 500 ірі компаниясы картасында» Тақырып: ШҚО-ның инвестициялық артықшылықтары мен перспективалары11:00 – 11:15Кофе-брейк. 11:15 – 12:30№ 1 панельдік пікірталас. ШҚО іскерлік кеңесі. 3-қабат.Тақырып: «ШҚО дамуына жергілікті бизнес көшбасшыларының көзқарасы» Пікірталас қатысушылары:-«Қазцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры – Лазарев Андрей Павлович-«AITAS» компаниясының өкілі-«Шығыс-Сүт» ЖШС-нің бас директоры – Сайлаубаев Сейілжан Жіренұлы-«Эмиль» ЖШС-нің басшысы – Аберле Анна Эрвинқызы-«Бес жұлдыз» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы – Тойбазаров Мұхтар Серікұлы- ЕДҚБ / IFC / Eurobak өкілі14.00 – 14.102023–2024 жж. «ШҚО-дағы үздік инвестициялық жоба» жеңімпаздарын ШҚО әкімінің марапаттау рәсімі.14.10-14.25Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі. 3-қабат.14:30 – 15:15№ 2 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан — тұрақты өсім аймағы» Тақырып: ШҚО-ның өңірлік ерекшеліктері мен артықшылықтары Тақырып: Аймақтың перспективалық инвестициялық жобалары Тақырып: Май және майлы өнімдер саласының инвестициялық мүмкіндіктері Тақырып: «Шетелдік қатысуы бар компанияларға преференциялар»15:15 – 15:30Кофе – брейк. 15:30 – 16:45 № 3 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: Аймақтың болашақ өсуінің практикалық мәселелері Панель қатысушылары: CRC, жергілікті бизнес, университет/сарапшы, СПК Ертіс АҚ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік центрі  Инвестиция тарту құралдары мен әдістері. Мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар: қатынасы, басымдықтары мен маңызы. ШҚО еңбек ресурстары: мүмкіндіктері мен тәуекелдері. Шағын бизнес: аймақ дамудағы маңызы мен рөлі.15:30 – 16:45№ 4 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: Шығыс Қазақстанның салалық басымдықтары Тақырып: Майды терең өңдеудің перспективалары. Тақырып: Гастротуризм және элиталық туризм. Шаңғы туризмі мүмкіндіктері. Тақырып: ШҚО су және орман ресурстары – өсу мүмкіндіктері ретінде. Тақырып: Шетелдік қонақтың көзқарасымен күтулер мен мүмкіндіктер.15:30 – 16:45B2B кездесулер. 3-қабат.17:00 – 17:15Қорытынды сөз. Форум нәтижелері. «Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумының БАҒДАРЛАМАСЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1073108?lang=kk
Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайларын сақтау. 14.10.2025
Электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауын қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі.Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сыымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалпында) тіктүзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.Күзет аймақтары белгіленеді, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электр желілерін пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жер учаскелері бөлінеді.Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін иемдемей, белгіленеді.Ауыл және қала құрылыс шектерінде әуе және кабель желілері өткенде жергілікті атқарушы органдарға ауданның құрылысын рұқсат беру кезінде электр желілерінің күзет аймақтарының құрылысын тыйым салады.Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:Кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе желілері үшін – 2 метрден (бұдан әрі - м);Кернеуі 1 кВ-қадейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес;35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес;110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес;220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес;330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес;1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес.Қарамағында электр желілері бар ұйымның келісімінсіз электр және жылу желілері жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатылуына байланысты іздеу жұмыстарын жүргізуге, алаңдарды, автомобиль көлігі тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдіргіш коррозиялық заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтаған кезде осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етушараларын қабылдайды және бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымынан немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.Жеке және заңды тұлғалар электр желілерінің күзет аймақтарындағы қарауында электр желілері орналасқан ұйымдардың электр желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды. Қарауында электр желілері бар ұйымдар электр желілерінің күзет аймағында жеке және заңды тұлғалар жұмыстар жүргізу кезінде адам өміріне қауіп төнген жағдайда бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұрады.Электр желілерін жеке және заңды тұлғалардың кінәсі бойынша зақымдаған кезде ұқсанды өтеу қарауында осы желілер бар ұйыммен жасалған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындаушы ұйымдардың келісілген сметасы бойынша толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.ҚР ӘҚБтК-нің 305-бабына сәйкес, құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізгені, алаңдарды, автомобиль көлігі тұрақтарын жайластырғаны, базарларды, құрылыстарды орналастырғаны, материалдарды жинағаны, қоршаулар мен қоршаулар салғаны, каустикалық коррозиялық заттар мен жанармай құю және төгу үшін - электр және жылу желілері желілерінің, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында ғимараттар мен материалдарын ұйыммен келіспей-ақ, қарауында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бар жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.Қолда бар мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 ғимарат, № 320 кабинет мекенжайы бойынша +7 (7142) 50 02 60 телефоны арқылы немесе «E –Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жүгіне алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1073117?lang=kk